Ақша эмиссиясының негіздері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1. АҚША ЭМИССИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ4

1. 1. Ақша айналымы, айналысы және жүйесі4

1. 2. Ақшаны эмиссиялау негіздері9

1. 3. Ұлттық банктің қызметінің нормативті-құқықтық негіздері14

2. ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭМИССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ21

2. 1 Ұлттық банктің эмиссиялық операцияларды жасау тәртібі21

2. 2. Ұлттық банкте құндылықтарға ревизия жүргізу тәртібі23

2. 3. Ұлттық валютаның банкноты мен монеталарын қалыптастыру және орау26

2. 4. Ұлттық банкте ақша белгілерінің сапартамасын ұйымдастыру28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ32

ҚОСЫМША33


КІРІСПЕ

Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері - (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді. “Ақша зат емес ол - қоғамдық қатынас”.

Ақшаны эмиссиялау - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялық тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі-кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес алмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық-айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.

Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер етеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақша түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жеткіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ақша-несие саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары-бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді шоттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге Ұлттық банк вексельдерді қайта есептеу арқылы банктердердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банкттерге кредит сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыру ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқа мерзімді инфляциялық күтулерін көрсетеді. Банк жүйесінде өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.

курстық жұмысының маңыздылығы - Ұлттық банктің Атырау филиалының эмиссиялық саясатының негізгі қозғалысын көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - ақшаны эмиссиялау негіздерінің теориялық құндылығын ашу және Ұлттық банктің Атырау филиалының эмиссиялық саясатын зерттеу болып табылады.

Жұмыста келесідей міндеттері шешілмек:

  • Ақшаны эмиссиялау негіздерінің теориялық тұрғыда анықтама беру;

Ұлттық банктің Атырау филиалының экономикалық сипаттамасы мен эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру тәртібі анықтау.

  • 2006-2008 жылдар аралығында Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын талдау.
  • Ұлттық банктің Атырау филиалының ақша саясатының құралымына талдау жасау.

1. АҚША ЭМИССИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Ақша айналымы, айналысы және жүйесі

Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.

Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын.

Ақша айналысы деп- қолма-кол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың халықтың ақшалай өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналымы деп тек қолма - қол ақша емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгілі бұл ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктерді енгізді.

Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:

  • Ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақа айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
  • Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
  • Ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді; ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
  • Қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды оған себеп - қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз юар.

Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретіне нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер (қағаз ақшалар) және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез-келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі - теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңда тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса ( өзара есептесу, негізінен, қолма-қол емес ақша белгілерімен жүргізіледі), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкірақы, сақтандыру қайтандыру қайтырымы, дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с. с. түрінде) беріледі.

Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы тыбысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерия сатып алуға, жалгерлік ақы, айып және т. с. с. төлеуге жұмсайды.

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) - ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шотттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және т. б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қазметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент - қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:

  • металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
  • несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

1. Биметаллизм - жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

2. Монометаллизм - бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.

Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4, 75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру - ең маңызды шаруалардың бірі болды.

1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заңдар қабылданды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.

Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі тәуекелдердің алдын алуда Ұлттық банк жағымды саясат жүргізіп отырды.

Президенттік басқару институты осындай нәтижелерге жетудің бірден бір тиімді жолы болғаны айқын.

Бірақ монетарлық емес факторлар әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Соның ішінде негізгісі - ауылшаруашылық, қайта өңдеу салалары сапасының төмендігінен, шығындылығынан олардың айтарлықтай тиімсіз жұмыс істеуі. Кедергі жасайтын факторларға әкімшілік-бюрократтық шаралардың салдарынан тежеліп отырған бәсекелестіктің ойдағыдай дамымауы, заңдылықтың бұзылуы жатады. Ол үшін ұлттық валютаны ел экономикасын басқаратын құрал деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8, 2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60, 3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды.

1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.

Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2, 7 пайызға өсуін, инфляция деңгейінің 17, 8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің 13, 1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде құрылған үш деңгейлі зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауымен ерекшеленді.

Сондықтан Ұлттық банк алдағы уақытта Қазақстанның БСҰ-ға кіруін ескере отырып, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1, 4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10, 5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

Елімізде дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847, 4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 56, 8 пайыздан 58, 7 пайызға өсіп отыр.

Бұлардың бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі. Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Банк кредиттеріне балама кредиттеу де дамып келе жатыр. Микрокредиттік ұйымдардың, пошталық жинақ ақша, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.

Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі банктік кредиттеудің баламасы бола алды. “Инвестициялық қорлар туралы” Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестицялық және пай қорларының институты болды.

Қазіргі уақытта құрылып отырған кредиттеудің үш деңгейлі жүйесі елдің түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйымдарды дамыту ерекше маңызды.

Қаржылық қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі де ықпал етті.

Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық кредиттеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық кредиттер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі - басты міндеті қайталама рынокта ипотекалық кредиттеуді жүзеге асыратын банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.

Ең қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды. Бұл - экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі институттық инвесторларға жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 540, 8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.

Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін жоғарылатады.

Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге барлық экономикалық кеңістіктерге АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады.

Қаржы рыногының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекеттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді және олардың номиналдық бағасы 116, 9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-нің 3 пайызын құрап отыр.

Сақтандыру рыногы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24, 4 миллиард теңге, жиынтық меншік капиталы 7, 8 миллиард теңге болып отыр.

Қаржы рыногының инфрақұрылымына мыналар кіреді: төлем жүйелері, Қазақстан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының талдауы
Валюталық саясат туралы
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері
Ақша – тауар қатынастарының дамыған формасы. Қазіргі экономикадағы ақшаның рөлі
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша - кредит саясаты. Ақша айналысын басқару
ҚР ақша жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша - кредит саясаты
Халықаралық бағалы қағаздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz