Білім беру жүйесінде шетелдік жоғары білім беру жүйесі мен педагогикалық технологияны қолдану



ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Білім және білім беру жүйесі
2. Жоғарғы білім беру жүйесінің қалыптасуы
3. Шетелдік жоғары білім беру жүйесі және педагогикалық технология ұғымы
4. Педагогикалық технологиялардың жіктелінуі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І.КІРІСПЕ

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялау мақсатына байланысты шетелдік жоғары білім беру жүйесі және педагогикалық технологиялар қарастырылады. Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық технология саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық технологияны жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Беспелько В.П. «Слагаемые педагогической технологии» Мәскеу,1989жыл
2.Щуркова Н.Е. «Педагогическая технология»
3 «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.
4.Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
5.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
6.Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы
6.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
7.Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
8.Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
9.Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.
10.Педагогика. - Алматы, 2003.
11.Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Білім және білім беру жүйесі
2. Жоғарғы білім беру жүйесінің қалыптасуы
3. Шетелдік жоғары білім беру жүйесі және педагогикалық технология ұғымы
4. Педагогикалық технологиялардың жіктелінуі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І.КІРІСПЕ

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялау мақсатына байланысты шетелдік жоғары білім беру жүйесі және педагогикалық технологиялар қарастырылады. Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық технология саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық технологияны жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Білім және білім беру жүйесі

Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎) - адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар, ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген. Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше тобы - дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мәдениетте Білім мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің әлеуметтік мәртебесі мен мәні отырықшы, техника-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философия ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дәлелдеудің айрықша түрлерін, негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия шеңберінде айрықша пән - ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда Білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның қажеттілігінен Білім беру институттары туындады. Платонның билеуші-философ идеалы - (білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі ақпараттық қоғамда өзінің көрінісін тапты, яғни билік Білімнің қазіргі формасы - ақпаратты иелену ретінде айқындалуда.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

2. Жоғарғы білім беру жүйесінің қалыптасуы

Жоғарғы білім - толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі.
Ежелгі Шығыс елдерінде (Қытай, Мысыр, Вавилон, Ассирия, т.б.) б.з.б. түрлі сатылы мектептер пайда болды.
Ежелгі Грекия философтары білім беру жүйесін жете зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлді. Платон (б.з.б. 428-348) өзінің үш сатылы білім беру жүйесінде абстракциялы ойлау қабілеті байқалған жастар үшін жоғары - үшінші сатыны ұсынды. Аристотель адамның табиғи қабілеті үш сатылы тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асатындығын және оның соңғы сатысы жоғары дәрежелі мектеп екендігін айтқан. Ежелгі Грекияда ғылымның сала-салаға бөлінуіне байланысты соңғы сатылы мектептерде философия, медицина, математика ғылымдары өз алдына жеке оқытылды.
Ғылымның, техниканың, мәдениеттің дамуына байланысты әр білім беру сатысының мазмұны, ғылыми дәрежесі артты. Алайда, "Жоғарғы білім" ұғымы орта ғасырларда ғана қалыптаса бастады. ХІ - ХІІ ғ-ларда оқыту мен ғылыми жұмыс тығыз байланыстырылып, бірыңғай оқу процесінде жүзеге асырылды. Оқу процесінде теориялық зерттеулермен бірге бақылау, тәжірибе, сынақ жұмыстары да жүргізілді. ХІІ - ХІІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде (Италия, Испания, Франция, Англия) дін иелерін, дәрігерлерді, заңгерлерді даярлайтын алғашқы ортағасырлық университеттер мен институттар (оқу мерзімі 5 - 6 жыл) пайда болды. ХІV - XVI ғасырларда Батыс Еуропада оннан астам университет жұмыс істеді. Қайта өркендеу дәуірінде математика, механика, астрономия саласында ірі жаңалықтардың ашылуы (Леонардо да Винчи, Н.Коперник, И.Кеплер, Г.Галилей, Р.Декарт, И.Ньютон, Г.Лейбниц) Жоғарғы білім беру ісінің шіркеу ықпалынан және қасаң түсініктерден арылуына жағдай жасады. Педагогтар, жазушы-гуманистер жастардың еркін ойлауын, зердесін, дағдыларын жетілдіру принципіне және табиғат заңдарын байыпты зерттеуге негізделген оқыту әдістемелерін ұсынды.
Ежелгі шығыстық білім беру жүйесінде Жоғарғы білім беру, негізінен, жеке ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы негізінде қалыптасты. Оның ішінде Конфуций, Будда ілімдеріне негізделген білім сатыларындағы Жоғарғы білім арнаулы мектептерден өткен шәкірттерге ғана берілді. Сондай-ақ, мұсылмандық оқу бағдарламаларына сүйенетін исламдық білім беру жүйесіндегі Жоғарғы білім беру ісіне де өзіндік ерекшеліктер тән болды. Жоғарғы білім беретін медреселерде араб тілі (лексика, этимология,синтаксис), риторика, тарих, дін (Құран Кәрім мен фикһ ілімін оқып үйрену, аяттар мен хадистерді талдау), философия, логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану негіздері оқытылды. Оларда ерте орта ғасырларда молла, халфелермен қатар астроном, тарихшы, лингвистер, т.б. сабақ берді. Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Наср әл-Фараби, Омар Һайям, Әлішер Науаи, Махмұт Қашқари, Әбу Абдаллаї әл-Хорезми, Ұлықбек тәрізді атақты ғалымдар негізгі білімді осы медреселерден алды.
Сонымен қатар діннің жекелеген салаларын терең білетін (шариат, фикһ, хадис, Құран тәпсірі) адамдар да Жоғарғы білім иелері қатарына жатқызылды. Оларға берілетін діни атақтар мен лауазымдар тікелей алған біліміне байланысты (қазы, қари, т.б.) болды. Қазақстандағы Жоғарғы білімді адамдар, негізінен, Қазақстанның өз ішіндегі оқу орындарынан өзге Орта Азия, Ресей медреселерінде даярланса, ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан университетінде Жоғарғы білім алған қазақ жастары айтарлықтай көбейді. Олар өз кезегінде қазақ даласында өркениетті білім үлгілерінің таралуына ықпал етті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда бірқатар жоғары оқу орындарының ашылуына байланысты Жоғарғы білім беру мәселесі нақтылы шешімін таба бастады. 1920ж Мәскеуде ашылған Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті мен 1923ж Ташкентте ашылған Орта Азия университеті Қазақстанға Жоғарғы білімді мамандар даярлауда үлкен рөл атқарды. 1928 ж Қазақстанда Жоғарғы білімді мамандар даярлайтын тұңғыш жоғары оқу орны - Алматы педагогикалық институты ашылды (Алматы мемлекеттік университеті). 1940 жылға дейін республиканың жоғары оқу орындары 14000, 1941 - 50ж. 23000, 1956 - 1960ж 148000 Жоғарғы білімді маман даярлады. 1960ж ЮНЕСКО конференциясының 2-сессиясы білім беру саласындағы кемсітушілікпен күресу жөнінде конвенция қабылдады, сондай-ақ осы ұйымның шешімі бойынша 1963ж Халықар. білім беруді жоспарлау ин-ты (Париж) құрылды. 1966 жылдан бастап мұнда осы ұйымға мүше мемлекеттердегі Жоғарғы білім мәселелері жөнінде кеңес өтіп тұрады. 1967ж Венада Жоғарғы білімді демократияландыру жөнінде Еуропа елдерінің конференциясы өтті.

3. Шетелдік жоғары білім беру жүйесі және педагогикалық технология ұғымы

Жоғарғы білім беру жүйесі әр елдің өз ерекшелігіне байланысты жолға қойылған. Мысалы, АҚШ-та Жоғарғы білім 3 кезеңнен тұрады. Инженерлік факультеттерде 1-кезеңде бакалавр, 2-кезеңде академиялық дәреже - ғылым магистрі атағы беріледі. Англияның Жоғарғы білім беру жүйесіне, негізінен, университеттер енеді. Инженер кадрлары университет құрамына енетін колледждерде, техникалық факультеттерде және дербес институттар мен колледждерде даярланады. Бразилия университеттерінде оқу мерзімі 5 жыл, дипломдық жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік сынақтан өткен соң ғана маман болады. Жапонияда Жоғарғы білім беру ісі университеттер мен салалық институттар негізінде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады.
Алайда, кез келген елдегі Жоғарғы білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген Жоғарғы білім мойындалады. Елімізде Жоғарғы білім берудің бес жылдық, жеті жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді. Бакалавр дәрежесіндегі Жоғарғы білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек ете алатын болса, жекелеген ғылым салаларын тереңдетіп оқытатын магистратураны бітірушілер докторантураға қабылдану мүмкіндігіне ие болады. Алайда, бұрынғы кеңестік жүйе кезеңінде қалыптасқан Жоғарғы білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып қалды.
Педагогикалық технология - адами және техникалық ресурстарды пайдалана отырып, оқыту және тәрбие процесін жүйелі түрде жоспарлау, қолдану және бағалау әдістері педагогикалық технология нәтижеге белгіленген максаттың жетістіктеріне көпшілік беретін деңгейде оқыту және тәрбиелеу процесін құру, ұйымдастыру болып табылады.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Мұндай ғылымдық ойды Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек.
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

4. Педагогикалық технологиялардың жіктелінуі

Оқыту барысында көптеген педагогикалық технологиялар қолданылады. Олар төмендегідей негізде жіктеледі.
Біліміне қарай саралап оқыту технологиясы. Оқытудық барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап оқытудық мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.
Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдасауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады.
Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, омда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.
Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар.
Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.
Қозғалыс іскерлігі дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.
Кейбір оқушылардың кеңістік туралы түсініктері дұрыс дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады.
Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және "тіректі" қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады.
Дисграфия - дыбысты әріппен жазғанда танымау, сөздерді ңүрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады.
Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда байқалады. Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн төртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет.
Әр түрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.
Жекелеп оқыту үшін сыньшта 20-30 оқушы болса, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Кәсіби технологияны таңдауы
Оқытудың қазіргі технологиялары
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
Пәндер