«Кәмелетке толмағадардың қылмыстық жауаптылығы».


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақрыбы: «Кәмелетке толмағадардың қылмыстық жауаптылығы».
Орындаған: Әбітай С.
Тобы: ЮМ12-1К1
Қабылдаған : Зиябекова Г.
Шымкент 2014 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауартылығының түсінігі.
2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
3. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы мәселелер арнайы, біріні рет ҚР Қылмыстық кодексінің тарауларының бірінде орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес 1990 жылы 15 қазанда БҰҰ Бас асамблеяссының келісімімен мақұлданған және күшіне енген.
Кәмелетке толмағандар деп - қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда мемлекет, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімлдерге кері әсер беру сияқты жайіттермен күресуде. Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы нормаларын жеке тарауға бөліп қарастыру, қылмыстық іс-жүргізу нормаларымен тығыз байланысты.
ҚК-тің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мынандай жаза түрлері тағайындалады:
- Айыппұл.
- Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- Түзеу жұмыстары.
- Қамау.
- Бас бостандығынан айыру.
Айыппұл - жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екінші жылға дейінгі мерзімге тағаындалады, және жазаның осы түрі олар заңда негізде белгілі бір қызметпен айналыса жүріп, қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын әрекеттерді істеген жағдайларда ғана қолданады
Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.
Түзеу жұмыстары - бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.
Қамау - бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза - бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Бас бостандығынан айыру - сотталушыны колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға бас бостандығынан айыру 10 жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін 10-12 жылдан сапайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді ересек адамдардан бөлек коллонияларда өтейді.
Кәмелетке толмағандарға мына аталаған жаза түрлері қолданылмайды:
- бас бостандығын шектеу
- өмір бойы бас бостандығынан айыру
- өлім жазасы және мүлікті тәркілеу.
Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған болса, арнайы заңдарға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік органнын қорытындысымен арнаулы құжаттар қылмыстық жауаптылыққа тартуға жібертіледі. Кәмелетке толмаған адамдардың арнаулы тәрбие және емдеу тәрбиелеу мекемесінде болуының тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленеді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату.
1. Кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
2. Кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкiн.
Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары.
1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн:
а) ескерту;
б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
в) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;
д) кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыру.
2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк әсерi бар бiрнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.
Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны.
1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды түсiндiруден және осы Кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсер ету және оның мiнез-құлқын бақылау жөнiнде мiндеттер жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайын және оның тиiстi еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледi.
4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу, белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құрамын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттiк органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеудi көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға бiлiм беру мекемесiне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттiк органның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе толық болып табылмайды.
5. Алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкiн. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетудi қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген тұжырымға келсе, мерзiмнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
6. Кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiнде болуды осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген мерзiм бiткеннен кейiн ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы бiлiм беретiн немесе кәсiптiк даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол берiледi, бiрақ ол кәмелетке толғанға дейiнгiсiнен аспауы керек.
7. Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесiнде болуының тәртiбi мен ережелерi заңдармен белгiленедi.
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz