Философия тарихы.


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе.

1. Философия тарихы.

2. Философияның басты ерекшелігі.

3. Дүниетаным, дүниеге көзқарас

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Философия б. ғ. д. VI-V ғ. ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қалынған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.

Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі - Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан Кон-фу-Цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы. i ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.

Натуралистік философия - жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты.

«Философия» - грек сөзі (даналықты сүю), шығыс халықтарында арабшаланған түрде фәлсәфә деп аталады, біздің айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни, даналыққа құмарлық деген мағынаны білдіреді.

Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы - материалдыққа және идеалдыққа душар болады.

1. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады.

2. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады.

Философияның атқаратын функциялары:

1. Дүниетанымдық, дүниені танып білу;

2. Рационалды (заңдарды ашу) ;

3. Критикалық, сынға салы;

4. Болашақты болжау.

Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, III ғ. өмір сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді.

Д. Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері», С. Эмпириктің «Ғалымдарға қарсы» деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірибесінің ерекшелігін байқаймыз.

Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе тарихтағы болған ұлы философия еңбектеріне жасалған комментарийлер (түсініктер) арқылы көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын тек қана араб тіліне аударып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің кең түсініктемелерінде оларға баға беріп, басқа грек ойшылдарының еңбектерімен салыстырып, олардың бір-бірімен сабақтастығын көрсете білді.

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.

Философияның басты ерекшелігі.

Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.

Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда, Индияда, т. б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.

Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.

Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.

Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз - білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.

Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф.

Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э. Б. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:

1. Философиялық немесе түсіндірмелік;

2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;

3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;

4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;

5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философияның даму тарихы
Философия тарихында болмыс категориясы
Философияның мақсаты мен мәні
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Философия мен мәдениет
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Философия және философ қоғам мен адам өмірінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz