Жердің құқықтық режимі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе.
1. Жердің құқықтық режимі.
2. . Жер учаскелерін нормалау.
3. Жер пайдалану құқығы туындау кезеңі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жердің құқықтық режимі.
Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауды байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институт.
Жер пайдалану құқығы бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.
Құқықтық режим - бұл субъектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нормалардың жиынтығына жерлердің нысаналы мақсаты, оларды нормалау және табиғат объектісі және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының объектісі ретінде қорғау, жер учаскесінің түрлері мен табыстау мерзімі енеді.
Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер учаскесін пайдалану құқығының туындауының негізі болып осындай құқықты, құқықты иеленуші құқық субъектісін және заңды фактіні белгілеу мүмкіндігін көздейтін заң нормасы табылады.
Жер пайдалану құқығы туындау кезеңі:
- жер пайдалану құқығын табыстау;
- жер пайдалану құқығын беру;
- жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы;
Жер пайдалану құқығы мына негіздер бойынша да туындайды:
- мемлекеттік органдар актілерінің;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;
- ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат ортасының біртұтас жүйелік де жер қойнауы жермен тығыз байланысты элемент болып табылады. Жер қойнауы дегеніміз - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - су бетінен және су қоймаларының түбінен төмен орналасқан, ғылыми - техникалық праристі ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы” жарлығында осындай анықтама берілген. Осы жарлықта қоршаған ортаның бөлігі ретінде жер қойнауын қорғау міндетері көрсетілген, Жер қойнауын және табиғи ортаны қорғау:
- халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау;
- пайдалы қазбаларды тиімді және кешенді пайдалану;
- табиғи ландшафтарды сақтау және бөлінген жерлерді, өзге де номорфологиялық құрылымдарды қалпына келтіру;
Жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстінгі бөліктерінің энергетикалақ жай-күйік сақтау бағыттарына негізделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық жүйелерді және басқа шараларды қамтиды.
Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;
2) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге;
3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi.
Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
Жер пайдалану құқығының субъектілері бұл жер құқығы қатынастарының субъектілері - жер құқығы қатынастарының қатысушысы болып табылатын және соған сәйкес жер пайдалану құқығы сапасында құқықтар мен міндеттерді меленетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекет.
Жер пайдалану құқығының субъектілері:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер;
- ұлттық және шетелдік субъектілер;
- жеке және заңды тұлғалар;
Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы Ә. “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995 ж.
2. Байділдинов Д. Л. “ҚР Экология құқығы” - Оқу құралы. 2005 ж.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz