Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар



Мазмұны:

Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық.анықтамалық материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Діни бірлестіктермен жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Учаскелік инспекторға жадынама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Жастарға арналған жадынама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Деструктивті діни ұйымдарға тартылудың кері салдары ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Сананы бақылаудың техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті діни ұйымдардың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Термин сөздіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар


«Секта» ұғымы туралы

Тоталитарлық секта — ең алдымен әлеуметтік және мәдени проблема, ал содан кейін ғана психиатриялық және заңды...Адамдар бұл туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым алдануы қиын болады.
Роберт Джей Лифтон

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.
Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамаларының шет елдерден айырмашылығы - Республикада діни ағымдар мен топтардың, олардың деструктивті бағыттағы қызметін көре тұра, «секта» ұғымының қандай да бір белгісіне анықтама бермеуінде. Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп тарту және алаяқтық жолмен физикалық және психологиялық қысым көрсететін діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында 2006-2011 жылдардағы азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі Концепцияда қолданылады.
БАҚ-да жарияланатын, әдебиеттерде, дін проблемасына арналған материалдарда «секта» ұғымының негативті мағынасы кеңінен қолданылады. Бірақ, БАҚ-да қолданылатын терминологияда бұлай деп тануға заңдық тұрғыда еш негіз жоқ. Сондықтан, аталмыш мақсаттағы діни ағымдарды деструктивті діни ұйымдар деп атап, бұларды 1985 жылы өткен Америкалық отбасылық Қорының (American Family Foundation) және «Новые религиозные организации Росси деструктивного и оккультного характера» анықтамасының авторын анықтауға мүмкіндік берді.
Деструктивті діни ұйымдар (миссия, шіркеу, діни бірлестіктер, одан әрі -ДДҰ) – бұл сананы әртүрлі әдістер арқылы бақылай отырып, тұлғаның физикалық және психикалық жағдайының бұзылуына әкеп соғатын, сондай-ақ, отбасының, қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын тоталитарлық ұйым.
ДДҰ жеке тұлға деңгейіне де аса қауіпті, яғни секта тұлғаның психикасын іштен улап, өздеріне тәуелді етіп алады.
ДДҰ отбасына да қауіпті, осының салдарынан отбасылардың ойрандауы жиі кездесетін құбылыс.
ДДҰ мемлекеттік деңгейде де қауіпті, өйткені секта өзінен-өзі бір мемлекет ішінде тағы да өз заңымен өмір сүретін және өте әлсіз, бірақ, өмір сүріп тұрған жүйеге дұшпандық көзқарастағы мемлекетін құра алады. -------

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы, Жайық деструктивтік
діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігі

Орал – 2010

Мазмұны:

Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі
туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Діни бірлестіктермен жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Учаскелік инспекторға
жадынама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Жастарға арналған жадынама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

Деструктивті діни ұйымдарға тартылудың кері салдары ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Сананы бақылаудың техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір
деструктивті діни ұйымдардың
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Термин
сөздіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі
туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

Секта ұғымы туралы

Тоталитарлық секта — ең алдымен әлеуметтік
және мәдени проблема, ал содан кейін ғана
психиатриялық және заңды...Адамдар бұл
туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым алдануы
қиын болады.
Роберт Джей Лифтон[1]

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген
сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және
сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен
өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен
адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу.
Секта сөзі латынның sekta сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада
қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. Sekta сөзінің
шығуына байланысты латын тілінде secare - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі)
және sequi - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу
жұмыстарында және басылымдарда көбіне тоталитарлық секта деген ұғым
қолданылады.
Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамаларының шет елдерден
айырмашылығы - Республикада діни ағымдар мен топтардың, олардың
деструктивті бағыттағы қызметін көре тұра, секта ұғымының қандай да бір
белгісіне анықтама бермеуінде. Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп
тарту және алаяқтық жолмен физикалық және психологиялық қысым көрсететін
діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында 2006-2011 жылдардағы
азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі Концепцияда қолданылады.
БАҚ-да жарияланатын, әдебиеттерде, дін проблемасына арналған
материалдарда секта ұғымының негативті мағынасы кеңінен қолданылады.
Бірақ, БАҚ-да қолданылатын терминологияда бұлай деп тануға заңдық тұрғыда
еш негіз жоқ. Сондықтан, аталмыш мақсаттағы діни ағымдарды деструктивті
діни ұйымдар деп атап, бұларды 1985 жылы өткен Америкалық отбасылық
Қорының (American Family Foundation) және Новые религиозные организации
Росси деструктивного и оккультного характера анықтамасының авторын
анықтауға мүмкіндік берді.
Деструктивті діни ұйымдар (миссия, шіркеу, діни бірлестіктер, одан әрі
-ДДҰ) – бұл сананы әртүрлі әдістер арқылы бақылай отырып, тұлғаның
физикалық және психикалық жағдайының бұзылуына әкеп соғатын, сондай-ақ,
отбасының, қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын тоталитарлық
ұйым.
ДДҰ жеке тұлға деңгейіне де аса қауіпті, яғни секта тұлғаның
психикасын іштен улап, өздеріне тәуелді етіп алады.
ДДҰ отбасына да қауіпті, осының салдарынан отбасылардың ойрандауы жиі
кездесетін құбылыс.
ДДҰ мемлекеттік деңгейде де қауіпті, өйткені секта өзінен-өзі бір
мемлекет ішінде тағы да өз заңымен өмір сүретін және өте әлсіз, бірақ, өмір
сүріп тұрған жүйеге дұшпандық көзқарастағы мемлекетін құра алады. -------
Сектаның деструктивті қызметі сондай-ақ қоғамға да ықпалы зор. Сіздің
назар салуыңыз арқылы Қазақстан Респбликасындағы дәстүрлі емес тоталитарлық
діни ұйымдардың, сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалының
артқаны жөнінде ақпарат тарата аламыз.

Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер

Бүгінгі Қазақстан аумағында мақсаты мен ұйымдастыру формасы
нақты айқандалмаған жаңа діни қозғалыстардың көптеп пайда болуы мен қызмет
етуі тән.
Дәстүрлі діндер – мемлекет және қоғам тарапынан ресми танылған,
нақты қоғамда әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие, сондай-ақ тарихи және
этномәдени негізі бар.
Қазақстандағы дәстүрлі емес бұл діни ағымдар біздің мемлекетіздің
аумағында ұзаққа созылған тарихи дерегі жоқ және өзге дәстүрлі
конфессиялардың белгілі күшіне ие. Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі емес
діндер мыналар табылады: Саентология (Дианетика) шіркеуі, Иегова
куәгерлері, Бахаи, Кришна санасы қоғамы, Бірлестік (Мун шіркеуі) шіркеуі,
Соңғы Өсиет шіркеуі (Виссариона ізбасарлары), Бахаи ілімі, Ахмад жамағат,
Мормоны (Иисус Христ әулиенің соңғы күні шіркеуі), Сахаджа йога..

Иегов куәгерлері

1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. Иегов
куәгерлері бірден-бір протестантық оқу болып табылады. Оның негізі -
Інжіл, ілімді кең түрде таратуда Інжіл библиялық ақиқаттың діңгегі ретінде
қолданылады. Иегов куәгерлері Троица туралы догматты жоққа шығарады, адам
жанының өлмейтініне сенбейді. Қасиетті сенім үлкен күшке ие, ол Иеговтан
таралады деп сендіреді. Бұл ұйым қазіргі таңда республикадағы саны жағынан
жылдам дендеп бара жатқан конфессия саналады. Қоғамда аталған ұйым бөгде
адамдардың Қазақстан азаматтарына сенім білдіре отырып, ауру адамға қан
құюға қарсы және әскери қызметке барудан бас тартумен көрініс табады.
Қазақстанда 2008 жылы Иегов куәгерлерінің 78 қауымдастығы тіркелген.
Польша, Ресей, Ұлыбританиядан миссионерлері бар оның өсімі де анық
байқалады. Иегов куәгерлері ізбасарларының саны 6000 сенім
білдірушілерге өскен. 37 діни ғимараты бар.

Кришна санасы қоғамы

Кришнаиттар ілімі – Шри Кришна үш аспектідан тұрады: Брахман, Парамата
және Бхагаван. Ұйымда діни өмірдің төрт этапы бөлінген: оқу, отбасылық
өмір, отбасылық өмірден кету, өмірден баз кешу. Кришнаиттар жабық қоғамда
өмір сүреді, жарыққа Иесін мадақтау үшін және жаңа сенушілерді өзіне тарту
үшін ғана шығады. Бүгінге дейін республикада Кришна санасы қоғамының 12
діни ұйымы және ізбасарлары, Кришнаға табынатын 3 Вайшнавы діни ұйымы
тіркелген. Қазіргі кезде еліміздегі Кришна санасы қоғамының шамамен
алғандағы адепті саны 1500 адам.

Саентология шіркеуі

Ол АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін салушы – жазушы – фантаст
Лафайет Рональд Хаббард. Қазақстан Республикасының территориясында
Саентология шіркеуімен байланысқан бес қауымдастық пен топ бар.
Саентологияның діни саясаты Хаббард шығармаларын насихаттаумен аяқталады,
психологиялық тесттер, тренингтер өткізу және т.б. Негізгі саентологиялық
процедура – одитинг құлшылық немесе психоанализ сеансы. Бұл процедурада
барлық айтылғандар жазылып алынады, тіпті ұйымда кез келген сапада
қолданылуы мүмкін
Ірісі саналатын Алматы қаласындағы Саентология шіркеуі, жетекшісі –
Қуанова Гүлжан Сағитқызы және Семей қаласындағы Шығыс Қазақстандағы
Саентология шіркеуі, жетекшісі – Фоминская Ольга Александровна. Бұл
шіркеудің табынушылары 5 000 адамнан 30 000 қазақстандыққа жеткен. Ақмола
облысының терриориясында саентологтардың орталығы ресми тіркеуден өткен
жоқ, алайда бұл табынушылардың жоқ екендігін білдірмейді.

Бірлестік шіркеуі (Мун қозғалысы)

1954 жылы Кореяда құрылған. Басқаша атауы - Ассоциация Святого Духа
за объединение мирового христианства, Церковь Объединения Мун Сан Мена.
1977 жылдан бастап Всемирная ассоциация семей за мир во всем мире деп
аталады. Мун Кореядағы екі әйел алушылыққа қарсы болды. Америкада Мун
салықтан бас тартқаны үшін сотталды. Мунның өзі және Бірлестік шіркеуі
АҚШ-тың заңын бұзды. Қазақстанда бұл шіркеудің екі қоғамы бар. Алматы
қаласында діни бірлестіктің жетекшісі - Ли Сергей Васильевич.

Соңғы өсиет шіркеуі ( Виссарион тобы)

Негізін қалаушы, соңғы өсит шіркеуінің басшысы - Сергей Анатольевич
Тороп (1961 ж.т.). Ізбасарлары балаларға егіс жасауға, антибиотик қолдануға
және дәрілер қолдануға қарсы, шөптен басқасын: ет, балық, жұмыртқа, сүт
тағамдарын жеуге болмайды. Қазақстан Республикасында бұл шіркеу Алматы
қаласында тіркеуден өткен, ағым жетекшісі - Дрогалин Юрий Николаевич,
өзімен бірге 20 ізбасары бар.

Миссия Грейс – Благодать

Кальвинизм ағымы, Шотландия мен Англиядағы Реформация кезінде пайда
болған. Негізгі діни білім Інжілде деп есетейді. Бұл доктринамен
келіскендер, адам және адамзат күнахар және олардың әрбірінің тағдыры
айқындалған деп түсінеді. ҚР-да бұл ағым алғашқыда шетелдіктердің
миссионерлік әрекетінің арқасында, соның ішінде америка-корейлық
уағызшылардың ықпалымен тарала бастады. Екі орталығы бар: Қарағандыда –
Миссионерлік Грейс христиандық шіркеуі және Алматы – Блогадатъ шіркеуі,
1991 және1993 жж тіркелген.

Бахаи

Қазіргі заманғы космосаяси дін, ХІХ ғасырдың ортасында (1863 ж.) Ирак
пен Иранда пайда боды. Негізін салушы – Мирза Хусейн Али Нури. Жалпы
қабылданған сенім символы - тоғызтармақты жұлдыз логотипі, тоғыз саны
алдыңғы қатарлы 9 діннің мағынасын білдіреді.

Ахмад Жамағат

Мұсылмандардың алғашқы діни қоғамы – ахмадий, 1889 жылы Үндістанда
Хазрат Мирза Гулмо Ахмад негізін салған. 1891 жылы ізбасарлары оны махди
(мессей) мұсылман деп таныды. Қоғамның атауы Мұхаммедтің екінші ұрпағы –
Ахмадтың атымен аталады. Олар Құранды оқиды. Хазрат Ахмадтың сунна және
оған түсінік берген 85 кітабы урды, араб, фарсы және ағылшын тілдерінде
жазылған

Мормондар

Басқаша атаулары: Церковь Иисуса Христа святых последних дней,
Церковь святых последних дней. Негізін салушы - Джозеф Смит 1805 жылы
Шаронде дүниеге келген. Ілім негізі – інжіл және Мормон кітаптары. Інжілден
басқа, мормондар үш қасиетті кітапты иеленген: Книга Мормон, Учения и
союзы және Драгоценная Жемчужина.
Өз догматиктарында мормондар христиандық терминологияны қолданады,
бірақ өз түсініктерін де беріп отырады. Мормон - өте тез өсіп келе жатқан
шіркеу.

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы
ақпарат

Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым
салынған террористік және экстремистік құрылымдармен бірге, мынадай діни
ұйымдар да қосылды:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі
негізінде:
1) Аль-Каеда,
2) Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс,
3) Өзбекстандағы исламдық қозғалыс,
4) Күрд Халық Конгресі (Конгра-Гел).
2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
1) Асбат аль-Ансар,
2) Братья-мусульмане,
3) Талибан қозғалысы,
4) Боз гурд,
5) Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар,
6) Лашкар-е-Тойба,
7) Әлеуметтік реформалар Қоғамы.
3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
1) АУМ Синрикё,
2) Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы.
4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
Түркістан ислам партиясы
5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:
Хизб-ут-Тахрир
6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22
желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы
шешімімен:
Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата),
ол Алла-Аят деген атауға ие
7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5
ақпандағы шешімімен:
Ата жолы және Ақ жол

1. Аль-Каеда - әртүрлі елдердің соғысқұмар адамдары қаржыландыратын
және қызметіне бағыт беретін халықаралық ұйым
Басқа атауы: (араб. - "база", "негізі", "платформа")
Құрылған күні мен орны: 1988 жылы, Ауғанстан
Негізін қалаушы: сауд исламисті Осама бен Ладен
Аль-Каеданың басты мақсаты: мұсылман елдеріндегі шіріген және
еретикалық басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату
болып табылады. Аль-Каеда антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және
Американы исламның басты жауы деп санайды. Ал, Америка болса "Аль-Каеданы"
және Осама бен Ладенды террорлық әрекеті үшін, соның ішінде Нью-Йорктегі
және Вашингтондағы 2001 жылғы 11 қыркүйек терактысы үшін кінәлі санайды.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15
қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

2. Алля - Аят - аккультті сипаттағы қауіпті ілім.
Басқа атауы: "Аят" Фархата ата, Фархата Ата тобы.
Құрылған жылы: 1990, 1995жж.
Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы
облысының колхоз шопыры Абдуллаев Фархат Мухамедұлы және оның әйелі
Негізгі методтарына үш бөлімді қосады:
Өмір формуласын тану:
ЭЛЛЭ Нина ана Создатель Фархат ата
ЭЛЛЭ Аят 37 40 6 8 10
ЭЛЛЭ ЛЭЗЗЭТ Селеннои
ЭЛЛЭ Уигур Аят ЭЛЛЭ ;
- Күн шапағымен емделу (күнге қарап ем алу)
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы
шешіміне сәйкес тыйым салынған.

3. Асбат аль-ансар - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым
Басқа атауы: “Партизан лигасы”
Құрылған күні мен орны: 1989 жылы, Эйн аль-Хильведе
Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди
Басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды
батыстық ықпалдан қорғау. Ол Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған
кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді. 2000 жылы Асбат-аль-Ансар Бейрутта
Ресей елшілігін гранатеметпен атып тастады. МакДональдс рестораны мен БАҚ
редакциясына шабуыл жасады.
Қазақстан Республикасы Ұйымның қызметіне Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15
наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

4. Аум-Синрике (Алеф) – антиәлеуметтік бағытты ұстанған қауіпті
тоталитарлық экстремистік дін,
Басқа атауы: "Движение истины Аум", Алеф.
Құрылған күні мен орны: 1984жыл, Жапония.
Көшбасшысы: - Секо Асахара (қазіргі таңда - Тидзуо Мацумото)
Басты мақсаты: биліккке ұмтылу. Әскерилендірілген ұйым. Дін өте құпия,
эзотериялық сипатта құрылған.
Қылмыстық әрекеттері:
1995 жылы 20 наурыздағы Аум Синрике Асахараның тікелей бұйрығымен
Токиоға газбен шабуылы, (12 адам өліп, 5000 адам зардап шекті).
1995 жылы 22 наурызда Аум ғимаратында 50 адам қоршалып, ессіз күйінде
табылды.
1995 жылы 16 мамырда жапон полицейлері Секо Асахараны тұтқындады. 2004
жылы сот Асахараны кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.
2006 жылы 15 қыркүйекте Жапоняның Жоғарғы соты соңғы аппелациядан бас
тартты. Қазіргі таңда үкім орындалған жоқ. Әлі күнге дейін 17 бап бойынша
тексеру жұмыстары жалғастырылуда.
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы
шешіміне сәйкес тыйым салынған.

5. Боз Гурд - түрік әскерилендірілген ұйымы.
Басқа атауы: (азерб. Boz Qurd, тур. Boz Kurd), “Серые волки”.
Құрылған күні мен орны:1965-70 жж
Негізін қалаушы: полковник Альпарслан Түркеш
Басты мақаты: туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру.
Бүгінгі таңда Европа, араб елдері, ТМД-да – 30 000 мың мүшесі мен 80
филиалы бар.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15
наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

6. БРАТЬЯ МУСУЛЬМАНЕ - халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация.
Басқа атауы: (араб. الإخوان المسلمون‎‎, Аль-Ихван аль-Муслимун)
Құрылған күні мен орны:1928жыл наурыз, Исмаилия (Египет)
Негізін қалаушы: оқытушы Хасан аль-Банна
Негізгі мақсаты: исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта Ұлы
Ислам халифаты деп аталатын билікті құру.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15
наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

7. Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар - халықаралық терроистік
ұйым.
Басқа атауы: Исламдық джихад тобы
Негізін қалаушылар: Өзбекстанның исламдық қозғалысы жауынгерлері
Басты мақсаты: Өзбекстан территориясында террористік акциялар
ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысын қирату.
2004 жылы қазақстандық құқық қорғау органдары Орталық Азия джамаат
моджахедтар террористік тобын ұстап, оны жойды. Бұл халықаралық ұйым
Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей территорияларына тән.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15
наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

8. Шығыс Түркістанның исламдық партиясы - халықаралық террористік
ұйым.
Басқа атауы: "Исламское движение Восточного Туркестана", "Партия
Аллаха", "Революционный фронт народов Восточного Туркестана"
Құрылған жылы: 1998
Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань
Басты мақсаты: Қытайды террористік әдіспен қирату, Шынжан аумағында
біріккен Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін құру болып табылады. Бұл
ұйымның жақтастары Алматы ауданынан табылды, осы ұйымның мүшелері 2000 жылы
Алматыда екі полицейді өлтірді, оларды ұстағаны үшін қарулы қақтығыс
көрсетті, нәтижесінде жойылуына әкеп соқты.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы
15 қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

9. Өзбекстандағы исламдық қозғалыс - бірден-бір қауіпті халықаралық
террористік ұйым.
Басқа атауы: Исламское движение освобождения Узбекистана, Партия
исламского возрождения
Құрылған жылы: 1996
Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев
Басты мақсаты: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар "Аль-
Каеда", "Талибан", "Хизб ат-Тахрир", "Братья-мусульмане" және т.б.
ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің
конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді.
Қазақстанды экстремистік әрекет жасаудың плацдармы ретінде қолдануды
қарастырған, мысалы, 3 жыл бойы (1999-2002) біздің елімізде Өзбекстанның 13
іздеу салынған адамы ұсталып отырды.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15
қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

10. Күрд Халық Конгресі
Басқа атауы: Конгра Гел, Рабочая партия Курдистана
Құрылған күні мен орны: 27 қараша 1978
Қозғалыс көшбасшысы: Абдулла Оджалан
Негізгі мақсаты: Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында күрд
мемлекетін құру. 1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының көшбасшылары
мен белсенділері антитүріктік бағытқа экстремистік акция ұйымдастырды. Одан
кейін мұндай акция 2006 жылы өтті.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15
қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

11. Лашкар-и-Тайба - Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан)
әскерилендірілген экстремистік суннитік топ.
Басқа атауы: Армия Бога, Вонство добра, Армия Справедливого.
Құрылған күні мен орны: 1980, Кунар провинциясы (Афганистан)
Негізін қалаушы: профессор Хафиз Мухаммад Саид.
Басты мақсаты: әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтарға
әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу.
Пәкістандық фундаменталистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Бала құқықтары. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы Ар-ождан және дін бостандығы құқығы. Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
Мемлекеттік басқару және құрылымы
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Жергілікті билік органдары
Пәндер