Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... 8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар–мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.
Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Мемлекет және құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция–мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тәжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет және құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мемлекет және құқық теориясы. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева. – Астана. 2011 – 360 б.
2. Мемлекет және құқық теориясы. Т. Ағдарбеков. – Алматы. 2003. – 327 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... 8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .13

КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар - мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.
Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Мемлекет және құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тәжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет және құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.

1 Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері
Әр ғылымның немесе оку пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оку пәнінің заты - ол зерттейтін мәселелердің жиынтығы.
Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні - бұл мемлекет пен құкықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
1. мемлекет және құқықтың мәні.
2. кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
3. мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
4. мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
5. мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
6. мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
- біріншіден, қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалык тәрізділерден) осы айырмашылықтары аркылы ерекшеленеді;
- екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін карастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құкық теориясы мемлекеттік-кұқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
- үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;
- төртіншіден, методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-кұқықтық қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.
- бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің "өне бойын көктей өтетін" құқықтық құбылыстарды зерттейді.
Сонымен мемлекет және құқык теориясын - мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы зандылыктарының, олардың мәні мен тағайынының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
Ғылымның пәні дегеніміз - оның зерттейтін мәселелері.
Ғылымның әдістері дегеніміз - пәнін танып аныктау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.
Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажыраату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады;
а) әдістер туралы ілім;
б) әдістер жиынтығы
Осы әдістер арқылы ғылым өз пәнін зерттейді. Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясьшын қолданатын негізгі әдісіне диалектикалық әдіс жатады. Мемлекет және құқық теориясы диалектаканың үш заңына сүйеніп зерттеледі.
Олар:
1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс-төжірибеде бұл мына жәйттерді білдіреді. Кез келген мемлекет өзінің қызмет атқаруы барысында бүкіл жүйесін дамытуды көздейді, мысалы: құқық қорғау органдары құрылымында және тағы баскаларда да Қазақстан Республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісімен байланысты әрекеттермен прокуратура тергеушілері де айналысатын. Қоғамдағы демократиялық процестер дамуы барысында тергеу ісі мен оны қадағалау ісін бір органның қолына берудің ағаттығы айқындалды. Осыдан соң ҚР Президентінің "Прокуратура туралы" Жарлығы жарияланып, онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылды.
2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қайсы бір болсын құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өзінің заманы туғанда) қабылдануы және болмыста іске асып жатуы ықтимал жәйт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз ғана бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығынан араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидат деп келген болсақ, енді міне заман өзгерген қазіргі сәтте қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз.
3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде (уақытта) бірін-бірі жокқа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мысалы: 1)Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді; 2)Қазақстан Республикасы билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар мемлекеттік билік біртұтас, үш биліктің арасы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Жалпы ғылымдык әдістер:
а) диалектикалық әдіс (диалектика-даму);
б) абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі.
Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда "мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің "басқару тұрпаты" деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым "мемлекет нысаны (формасы)" талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз. Ал енді керісінше құқық бұзушылық ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, әкімшілік, азаматтық түрлерін зерттеу барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай өрлесек, онда кұкық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;
в) тарихи әдіс. Бұл әдіс - мемлекет пен құқыкгың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын кұбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттлініп отырған мемлекет пен құұыктың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер мен халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;
г) жүйелілік әдісі. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық - құқық салаларынан тұратынын осы әдісті қолданып пайымдаймыз.
Мемлекет жөне құқықты біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттегенде ғана оны толығынан танып білуге болады.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
а) формальды - логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқтың ішкі құрылымы, қайнар кездері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттелінеді, сөйтіп пайымдалады. Мемлекет табиғатын зерттеу барысында бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда колданылады;
б) салыстырмалы мемлекеттану мен қщықтану әдісі. Бұл әртүрлі еддердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;
в) нақты - әлеуметтік әдіс - нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгеңде коғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне коғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл әдіске тән амал-тәсілдерге:
- байқау жүргізу;
- анкеталау;
- интервью алу (сұраққа жауап алу);
- эксперимент жасау жатады.
Жоғарыдағыларды тізбелегенде атап өтетін бір жәйт мемлекет және құқық теориясы әдістерінің сан қилы болып келетіндігі. Дегенмен осы әдістер өздерінің мемлекет және құқықы қоғамның күрделі құбылысы деп жан-жақты тануға мүмкіндік береді.

2 Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі
Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.
Мемлекет және құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.
МҚТ қызметтері әртүрлі.
1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.
2. Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Мемлекет және құқық пәні мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Пәндер