Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Мемлекеттің шығуы туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
Мемлекеттің қалыптасуы–әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері–жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины–мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар–патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.

1 Мемлекеттің ш
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мемлекет және құқық теориясы. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева. – Астана. 2011 – 360 б.
2. Мемлекет және құқық теориясы. Т. Ағдарбеков. – Алматы. 2003. – 327 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Мемлекеттің шығуы туралы теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .12

КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста өндірістің азиялық тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар - патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.

1 Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Ғылыми зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам яғни саналы адам - homo sapiens жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәледдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мың жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі бар, өйткені адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақттасып еңбектенуге негізделінетін.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халыктар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдетғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған. Мысалы, қазақтың әдеті бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мұшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілетін. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа кұрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес күрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.
Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.
Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын алатын. Мүндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп енбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына Бірдей болатын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық кауым адамдары арасын-да теңдей етіп бөлісілетін, кауымдастардын құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де бәріне бірдей^тең болатын.
Рулық қауым яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем - ру басы яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұратын. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қауымдастардың жалпы жиналысы шақырылатын болған. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға оларды шешуге қатысуға хақылы болатын.
Рулық қауымдағы күнделікті, әрі кезек күттірмейтін мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазым сайланбалы әрі алмастырылып отыратын және де ол лауазым иесіне ешқандай пұрсаттар бермейтін.
Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек кана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделетін. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.
Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар әлгі рулар өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезендерің де алмастырылып отыратын және ол лауазым иесіне ешқандай жеңілдіктер бермейтін.
Қоғам дамуының әрі қарай жалғасуы барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды.
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.
Жоғарыда айтылғандарды түжырымдай келгенде алғашқы қауымдық қүрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипатгарды атап-атап көрсетуге болады.
1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортак шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, барлығына ортақ аумақта бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген.
2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған.
3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтар некелік қатынастарына тыйым салу "жеті атаға" жеткенге дейін сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.
4. Ру (қауым) адамдарының өлгенін барлық қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін болған.
5. Әрбір рудың (кауымның) өзіне тән атауы болатын.
6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Соныменен, мемлекеттілік қезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін өзі баскаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында еш-кандай жеңілдіктерге ие болмаған деп тұжырым жасауға болады.
Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты "алғашқы қауымдық коммунизм", "адамзаттың алтын ғасыры" деп атаған.
Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар мен тайпалардың әлеуметтік-экономикалық бірлігін білдіріп және оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінің өзінде болатын. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек кұралдарына қоғамдық меншіктің болуын және ендірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалын тигізді.
Нормалар алғашында "табу" - тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-ғұрыптарға ұласты (сөйтіп басқаша, екінші түрге айналды). Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады.
Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, улттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдеттер ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, кауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекетін алға бағыттап отырды. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау, орындау - міндет пе әлде кұқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те шықпайтын. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзінен-өзі түсінікті жағдай болып саналды. Рулық әдеттер, дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан да көруге болады.
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс кұралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады.
Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдаддық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Мемлекет - саяси ұйым
Меркантелизм кезеңдері ерекшеліктері жайлы мәлімет
Қазақ хандығының туы
Тәрбие жұмысының формалары
Мемлекет ұғымы (түсiнiгi ) және оның белгi-нышандары
Шығыстық мемлекеттердің пайда болуы жолдары
Экономикалық ойлардың пайда болуы және теорияның даму кезеңдері
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Пәндер