Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.



Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Қолданылған әдебиеттер.

1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж
2. Бастауыш мектеп №3, 4 2010ж
3. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж
4. Қазақстан мектебі, Алматы №8 2003ж
5. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы «Аруна» 2006ж
6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1 2006ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистербергтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді - деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі.

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.

Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы - оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:

1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда шығармашылық тапсырмалар үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады.

Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:
1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;
2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;
3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.

Оқушы қарастырғанда В. П. Беспальконың ІҮ деңгейіне яғни шығармашылық деңгейге тоқталу қажет. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы ойынға қызығу арқылы шығармашылық тапсырмаларды жеңіл әрі белсенді түрде орындайды.
А. И. Субетто: Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды десе, В. А. Сухомлинский: Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Ойын элементтерін қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді пайдалану жолдары
Сабақтың мақсатын анықтау
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Пәндер