Кәсіби оқытудың қазіргі технологиялары



Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Кәсіби оқытудың жіктемесі.
2.2. Кәсіптік мектеп оқыушысының жеке білім алу бағыты.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Бүгінгі таңда әрбір студентті болашақ мамандық иесі етіп даярлап шығу ісінде, жеке тұлға етіп қалыптастыруда педагогтар қауымы өз педагогикалық шеберліктерін қайта жетілдіріп, шығармашылық тұрғыда ізденіс танытып, өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге талпыныс жасауына мүмкіндік туғызу қажет. Сондықтан да, отандық заманауи білім беру саласында білім беру мазмұнын жаңарту, инновациялық технологиялар негізінде кәсіби маман даярлаудың сапасын арттыру негізгі бағыт болып есептеледі. Білім берудің жаңа технологиялары студенттерден ізгілік, демократияландыру, интеграциялау принциптерін мақсатты түрде жүзеге асыруды талап етеді. Өйткені, қоғамның болмысына өз әсерін тигізетін өнер адамзаттың эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін, рухани байлығын, оның әлемдік деңгейде шығармашылық, технологиялық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда маңызды орын алады.
Сабақтың мақсатына орай оқу материалын меңгерту, берілетін тақырыптың мазмұнына бойлау, оқу үдерісін ұйымдастыру, білім беру тәсілдері, көрнекі құралдары, сабақтың нәтижелі болуын қамтамасыз ету, оны бағалай білу, осы айтылған өлшемдерді кешенді түрде қолдану – оқу үдерісінің құндылығын анықтап, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге септігін тигізері сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1 Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы.// Егемен Қазақстан. 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256
2 Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.
3 Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы»-Ақтөбе,1999ж.
4 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/-Алматы,2006.-180б.
5 Селевко Г. К. Современные образовательные технологий.-М.: Народное образование 1998
6 Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары.
7 Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №2000 Жарлығы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
0.1. Кәсіби оқытудың жіктемесі.
0.2. Кәсіптік мектеп оқыушысының жеке білім алу бағыты.
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Бүгінгі таңда әрбір студентті болашақ мамандық иесі етіп даярлап шығу ісінде, жеке тұлға етіп қалыптастыруда педагогтар қауымы өз педагогикалық шеберліктерін қайта жетілдіріп, шығармашылық тұрғыда ізденіс танытып, өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге талпыныс жасауына мүмкіндік туғызу қажет. Сондықтан да, отандық заманауи білім беру саласында білім беру мазмұнын жаңарту, инновациялық технологиялар негізінде кәсіби маман даярлаудың сапасын арттыру негізгі бағыт болып есептеледі. Білім берудің жаңа технологиялары студенттерден ізгілік, демократияландыру, интеграциялау принциптерін мақсатты түрде жүзеге асыруды талап етеді. Өйткені, қоғамның болмысына өз әсерін тигізетін өнер адамзаттың эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін, рухани байлығын, оның әлемдік деңгейде шығармашылық, технологиялық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда маңызды орын алады.
Сабақтың мақсатына орай оқу материалын меңгерту, берілетін тақырыптың мазмұнына бойлау, оқу үдерісін ұйымдастыру, білім беру тәсілдері, көрнекі құралдары, сабақтың нәтижелі болуын қамтамасыз ету, оны бағалай білу, осы айтылған өлшемдерді кешенді түрде қолдану - оқу үдерісінің құндылығын анықтап, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге септігін тигізері сөзсіз.
Білім беру жүйесінде кәсіби шеберлікке баулу, нәтижесінде студенттердің шығармашылықпен ойлау, мәселе қоя білу, шешім қабылдай білу, ұжымдық ойлау қабілеттері дамиды.
А.А.Вербицкий қазіргі заманғы педагогикалық ілімінде Оқытудағы мақсат - білім берудің барлық әрекетін ақпараттандыру деген еді.
Болашақ педагог мамандарының кәсіби іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формасы - контексті білім беру негізіне белсенді оқытудың технологиясы немесе оқытудың белсенді формалары жатады.
Білім беру формаларына студенттің берілген материалды зейін қойып, қабылдап есте сақтауы ғана емес, қарым-қатынас, тәртіп, шапшаң ойлау, шығармашылық ізденістері де жатады. Осындай белсенді білім беруде арттыруда көрнекіліктің орны ерекше. Сабақ барысында орынды пайдаланған ақпараттық мәлімет студенттің ақпарат алушы ролінде ғана қалдырмай, қалмай, оны өз кәсіби іс-әрекетінде орынды пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәсіби оқытудың жіктемесі.

Педагогикалық технологияны жүзеге асырудың басты шарты -студенттердің кәсіптік қажеттіліктерінің мәнін танымдық деңгейліктерін, санатын дамыту іс-әрекетінде жүзеге асыру. Жалпы кәсіптік бейімділікке дамытудың барысы жайлы қазақстандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өткеніміз жөн.
Дидактика - оқытудың пәні, нысанасы (оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар, т.б.). Ол оқыту - оқытушыға қатысты әрекет. Екеуінің байланысының нәтижесінде, оку процесі алға жылжып, өнімді еңбекке қол жеткізеді. Дидактика деген ұғым біздің ұстанымымызда үлгілі деген мәнде қолданылып отыр. Бұл екі мәндегі ұғым таным деген ұғымсыз өнімді іске бағдарламайды. Кәсіби деңгейліктерін бір жүйеге ыңғайластырып, соңғы нәтижеге жеткізерлік амалдарды болжаудың қажеттілігін туғызады. Міне, осы мәселені жан-жақты зерттеген Алма Есімбекқызы Әбілқасымова танымдық деңгейліктерді дамытудың әдіснамасын өздігінен орындалатын жұмыстың ең тиімді тұстарын іріктеп алу процесі екендігіне тоқталып өтеді.
:: Мұнымен бірге оның өзі оқыту материалдарын ұтымды сұрыптау мен оқу үрдісінің міндеттерін дұрыс талдай білу дәрежесідегі танымдық қызметті дамытудың мүмкіндігіне тоқталады;
:: Екіншіден, танымдық қызметті дамытарлық амал-әдістерді даралап-саралап қолданудың мәнін айқындайды;
:: Қабылдауға тиісті жекелеген тараулардың барлық жүйесін жинақтап, негізгі маңыздылығын анықтаудың әдіснамасын жіктейді;
:: Танымдық қызметтің бағдарламалық негізін құрастырудың заңдылығын дәлелдейді;
:: Біліктің әдіснамалық жүйесінің әдістемелік элементтерін оқыту процесінде қолданудың үлгісін қүрастырады;
:: Аталған компоненттердің нәтижеге жетуі үшін әр студенттің өз білімін тексеру принциптерін жүйелейді.
Ресейлік ғалымдардың зерттелімдеріне ден койып, танымдық қызмет жайлы тұжырым-түйіндерді екі бағытқа топтастырады.
Көптеген авторлар белсенділікті кызмет, іс-әрекет сапасында қарастырса, ал кейбір ғалымдар оны тұлғаның сипаты ретінде зерттегенін атап өтеді. Сөйтіп, Т.И. Шамованың зерттеу еңбектерінде бұл екі ұғымды бір-бірінен бөліп алып қарастыруға болмайды, ол дидактикалық бірлік дегеніне сілтеме жасайды. Сонымен бірге, В.А. Крутецкийдің барлық ойлау процесі өздігінен жұмыс емес, ал барлық өздігінен жұмыс ойлау процесі емес деген орынды пайымы алынады.
Дидактиканың оқытылу процесі екі түрлі нысанада жіктеледі:
белсенділік;
өздік жұмысты орындау.
:: Қажетсіну танымы - жаңа ақпарат пен мәліметтерге қажетсіну.
:: Ұдайы ақпарат пен білім жиюға бағыттау, оған өзіңді үйрету -қажетсіну танымының белгісі.
:: Қажетсіну танымы - белгілі жағдайға бейімделу міндетіне бағынбайтын әрекет.
:: Оқытушы мен студенттің өзара қауымдастық ұжымының ең жағымды эмоциясы мен сүйіспеншілігіне сүйенетін категория. Құрмет Қабдықайров оқытудың жаңа мазмұнының түрі мен оны айқындаудың жолдарын көрсетеді.
Оқытылу процесінің деңгейін арттыруда дидактиканың біртұтас жүйесінің қажеттілігін ерекше атап өтеді. Математика пәнінен дәріс пен семинар-тәжірибешілік, зертхана жұмыстарын өткізу барысында біліктілік пен тәрбиелілік міндеттерді жүзеге асырумен шектеліп қоймай, студенттердің бойындағы бар қасиеттер мен қабілеттіліктерді ашу, оны тәжірибеде орынды қолдана алу мүмкіндігіне қол жеткізу, тек есептерді шығару мәресінде қалмай, комплексті де күрделі, ғылыми-өндірістік, әлеуметтік-психологиялық біліктілік пен дағдыны ширатудың амалдары айқындалып берілген.
Жоғары оқу орнының жаңа тұжырымдамасына парадигмалық бағам жасап, біліктілік модельдің тұлғалық-бағдарламалық сипатынан бастау алуының принциптерін жіктейді.
Талғат Сабыров қазақ тілінде оқыту мен дамытудың психологиялық жақтары мен заңдылықтарын зерттеуге үлкен үлес қосқан психологтарды атап өтеді. Бірақ, қазақ тілінде бұл тақырыпқа бағытталған арнайы ғылыми еңбектердің жоқ екендігіне тоқталады. Оқыту процесінің негізгі ерекшеліктері - таным процесі - дей отырып, оқушының білгеннен ілгері жүру қозғалысына мән береді.
Нәтижелі оқуға әсер ететін сыртқы және ішкі күштерге, себеп-салдарға жіктеме мен дәйектемелер береді. Оның басты, негізгі күші түрлі қайшылықтар екендігі айқындалады. Қайшылықтардан педагогикалық міндеттердің туындайтыны анықталады: Білім мен білім дағдылары мен репродуктивті ойлаудың арасындағы қайшылық - деп тұжырымдайды.
Досымхан Рахимбек болашақ математика мұғалімін окушылардың логика-методикалық білімдерін жетілдіруді жұмыста дайындауды дидактикалық, әдістемелік зерттеулерге талдау жасап, өз пайымын айқындайды. Соның ішінде, логикалық және методикалық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеруге, окушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызын сұрыптай алу іскерлігін дамытудың заңдылықтары сараланады. Логикалы пайымды дамытар деген эмпирикалық, дедуктивті және арнайы жаттығулар секілді әдістердің орынды қолданылымы ғана дамытады деген түйінге келеді. Ақыл-ой, іс-әрекетінің екі түрлі жіктемесін ұсынады:
арнаулы (спецификалық) логикалық ақыл-ой;
жалпы логикалық ақыл-ойдың біліктілік негізі.
В.А. Крутецкий іліміндегі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту екі категориямен байланысты болатынына тоқталып, оның мәнділік сипатын ашып береді:
жинақталған білімдер қоры;
білім алуға қажетті ойлау операциясын меңгеру.
Хорлан Рахимбек зерттеу еңбегінде химиядан жоғары оқу орнында білік пен ғылым негіздерін әдіснамалық сипатта меңгерудің мақсатын айқындап беруге ерекше тоқталады. Мұнымен бірге зерттелім айналымдарының түрлері мен әдістерін ұсынады:
Проблема Генезис (проблеманын зерртелім тарихы мен шығу түбірін айқындау, туу себептерін ашу, әлеуметтік сипатын жүйелеу, танымдық деңгейліктерін жіктеу) белгілі бір міндет пен мүддені шешуде қабылдаушы субъектінің қызығушылық қызметін ынталандыру міндет-мүдде-мақсатты дұрыс құрастыру шешімін іздеу + зерттеу - пікірталасты айқындау қорытынды + тұжырым жасау.
Мұндай күрделі іс-әрекетті нәтижеге бағдарлауда жоғары оқу орнында химия ғылымы әдістер мен теорияның жиынын кездейсоқ қарастырмайтынына дәйектеме жасап, тараулардың өзара байланыстылық иерархиясының біртұтас жүйесінің заңдылықтары мен принциптерін әдіснама негізінде жіктейді. Сөйтіп, өзара ықпалдастық, өзара жаңа құрылғыны туғызушы әдістер мен ғылыми теориялық бағыттағы өндіріске араласқан шынайы білікті адамның танымдық қызметнің моделін бейнелейді.
Оқытудың ізгілікті нысанасының оқу бағдарламаларын түбірімен қайта құрастыру әрекетіне ықпалын баса алады. Сөйтіп, оқулық, оқу пәні деген ұғымдарға жаңа дүниетаным, парадигма жасаудың кажеттілігін дәделдейді. Еңбекке араласқан адамның ғылыми теориялық белгілі жетекшілік рөлде болу сипатының басымдық мәніне айрықша тоқталады.
Нәтиже мен қоғамда болып жатқан химияға қатысты жағымды, жағымсыз іс-қимылдарға сараптама жасай аларлық шеберлікті студент бойына дарытудың диалектикалық зандылықтары мен принциптерінің экологиялық маңызды мәселеге бағынатынына талдау жасалады. Бұл еңбектің ең ұтымды тұсы - XXI ғасырдың болашақ мамандарының моделін студенттерге мақсаттылықпен меңгерту; ізгілендіру мен эволюциялық қадам жасау танымына химияны ұтымды пайдалану;
Қазақстан Республикасы мен халықаралық білік пен ғылым кеңістігінде жоғары оқу орнындағы меңгерілетін білімдердің бір-біріне ұтымды ықпалдастығын дамыту; соңғы нәтижелі жаңалықтардың ұстанымын, технологиясын оқытудың мазмұнына сіңдіру, енгізу.
Әспет Қағазбаева зерттелімнің теориялық негізін проблемалы оқытудың әдістері мен теориясына қатысты деп есептейді. Бұл ұстанымда автор ресейлік ғалымдардың еңбектерін жүйелеп, әрқайсысының бағытын анықтап береді:
- проблемалы оқытудың теориясы мен әдісін зерттегендер (А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов, Ю.М. Колягин, т.б.);
- проблемалы оқытудың жоғары оқу орнындағы теориялық негізін зерттегендер (С.И. Архангельский, А.А. Вербицкий, В.П. Беспалько);
- проблемалы оқытудың теориясын және әдістерін ойын мен модельдеу әрекетінде меңгеруді зерттегендер (Л.С. Выготский, С.Г. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, Б.Г. Ананьев, А.А. Вербицкий, Ф.И. Петерсон, Е.В. Семенова, Н.К. Ахметов және басқалар);
- проблемалы оқытудың теориялық міндетін зерттегендер (С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Г. Балл, Ю.М. Колягин, М.М. Фридман);
- проблемалы оқытудың дидактикалық бірліктерін ірілендіру процесіндегі әдісін зерттегендер (П.М. Эрдиниев, Б.П. Эрдниев).
Ал бүгінгі жоғары оқу орнындағы оқытудың педагогикалық білік пен ғылым меңгертудің біртұтас жүйесінің әдіснамалық негізін зерттеп бергендер (В.П. Беспалько, Л. Клемберг, 3. Ким, В.В. Краевский, Н.В. Кузьмина, Т.С. Садықов, Ю.Г. Татур).
Әспет Қағазбаеваның зерттеу еңбегіндегі басты (біздің еңбегімізге қатысты) ұстаным мыналар:
:: Тұлға - субъект - объект (қоғамдық қатынас нәтижесі);
:: Тұлға - субъектінің қызметі (А.Н. Леонтьев);
:: Тұлға - ішкі жағдайлардың жиыны, өзара ықпалдастық әрекетте бұзылып, қайта құрылып отыратын сипат (С.Л. Рубинштейн):
Жаңғырту - қайталаным деңгейі (1);
Ыңғайлану - бейімделу деңгейі (2);
Модельдеу - пішіндеу деңгейі (3);
а) локальді - модельдеу деңгейі (За);
ә) біртұтастық - модельдеу, іс-әрекет жүйесінің деңгейі (Зә);
б) жүйелі-модельдеу қызметі, іс-әрекеті, қарым-қатынасты деңгейі (3б);
:: Қарлығаш Қадашева оқу құрылымының рөлін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Пәндер