Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.



Жоспар.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
2.2. Кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрылымы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ен дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педпгогтан ақпаратты коммукативті құжіреттілігін арттыруын талап етеді, осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабылетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жұйесінің бәсекеге қабылеттілігін арттыруды басты назарға қояды.
Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен мұғалімнің кәсіби өқзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын,оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі педагогтың кәсіби жоғары деңгейінің болуын қажет етеді. Педагогика ғылымында құзырет-тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі.Оның құрамына білімдер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі.«Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді»- деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол жетімділігі –кәсіби сауаттылық
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008 6-б
2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж
3. Қ.Р « Білім туралы» Заңы. Астана 2707 2007 № 319 –III.
4. Қ.Ж. Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006,258 – б
5. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
0.1. Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
0.2. Кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрылымы.
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ен дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педпгогтан ақпаратты коммукативті құжіреттілігін арттыруын талап етеді, осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабылетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жұйесінің бәсекеге қабылеттілігін арттыруды басты назарға қояды.
Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен мұғалімнің кәсіби өқзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын,оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі педагогтың кәсіби жоғары деңгейінің болуын қажет етеді. Педагогика ғылымында құзырет-тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі.Оның құрамына білімдер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі.Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді- деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол жетімділігі - кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жұйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжрибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті санайды.


Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді.
- жұйелі ойлауды;
- құқықтық ақпараттық мәдениетті;
- кәсіпкерлік мәдениетті;
- өзін-өзі тануды;
- басқаларға ұсынуды;
- өз қызметін білімді талдауды;
- жаңа білімді;
- нано технологияларды меңгеруді;
- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;
- әр іске жауапкершілікпен қарауды;
- нәтижеге бағытталған істерді жасауды.
Осыған орай, біздің - мамандықтар бойнша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық - күнтізбелік жоспарлар, оқу - әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық - технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қазықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жұйелі әрі сапалы болады. Осыған орай мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік, арнаулы құзыреттілік деп топтарға бөлінгенін қарастысақ олар:
Негізгі құзыреттілік - сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, соның ішінде:
а) ақпараттық;
б) коммуникативтік;
в) әлеуметтік.
Жалпы кәсіптік құзыреттілік - әр сала манының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған.
Құзыретті маман даярлау мақсатында білім алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын пайлана отырып, бқл оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабылетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабылетті маман ретінде дамуына көмектесу.
Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, смартмедиа, электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса студент пен педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын, қолдану қабылеттерінің басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін, қоғамдық міндеттерге тұрықты қарауын талап етеді.
Құзыреттілік - кәсіби маман даярлаудың басты сапасы екенін әрдайым есте сақтаған жөн. Өйткені елеміздің саяси - экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз ісінің шебері, бәсекеге қабылетті, кең ауқымды, жан-жанты дамыған маман дайындауға ұмтылу- кәсіби білігі мол педогогты қажет ететін заман талабы екенін тағы да жүрегінде жазып алуы керектігін талап етеді.
Құзыреттілік түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетінде, ал 1980 жылдарда отандық әдебиеттерде кездесті. Кәсіби құзыреттілік - жете білушілік ұғымын енгізудің қажеттілігін, оның мазмұнының кеңдігімен, интерактивтік сипатымен, кәсіптілік, біліктілік, кәсіби мүмкіндіктер деген түсініктерді білдіреді. Педагогтың құзыреттілігі 1-ші орынға ақпараттық сауаттылығын, мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Құзыретті педагогтан өз ісінен шеберлікті, жақсы оқытушы болу үшін мамандығына қажетті қабылеттіліктерді және жалпы әлемдік мәдениетті сонымен қатар өз елінің мәдениетін, интегралды үдерістерді меңгерген, әлемдік білім кеңестігінің өресінен шыға алатын талпынысы жоғары, шығармашыл болуы керектігін талап етеді.
Педагог қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастыру қабылеті жоғары тәжрибесі мол және тағы басқа қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілікті анық байқауға болады. Сондықтан осындай міндеттерді орындай алатын құзырлы педагогтың алдында теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, бәсекеге қабылетті құзыретті мана даярлау міндеті жүктеліп отыр.
Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді өзіндік менеджімент,ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзыретті тұлға- студентті қалыптастырады, сондықтан кәсіби даярлықтың арнаулы пәндеоді оқу негізінде іс-әрекеттік және тұлғалық терең бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып, кәсіби құзыреттіліктерді болашақ маманға меңгерту басты міндет. Үшінші мыңжылдық - құзыреттілік білім беру жағдайында педагогтың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формациядағы оқытушының инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс - нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдардың, теорияның, әдәс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс, қоғамның педагогокалық құндылықтарға сәйкес жаңа ақпараттық технологияны меңгеруі, қолдануы. Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына - инновациялық білімді, ақпараттық даярлықты, ақпараттық технологияны және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді жүктеп отыр.
Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады.
Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсіби қасиеті екінші орында болады.Педагог өз пәнін жетік - жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы ЗаңындаБілім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек- деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі - деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу - әр педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық - технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды.
Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді. Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы,оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады.
Нағыз оқытушы - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз.Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу - кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып ,өндіріске,өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе.Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог алдына койылған, жуктелген - міндет екенін ескере отырып,кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пәндерді оқытуда алға қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыстанудамын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту- білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек.
Ақпараттық технологиялық үдерісі - білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен туындаған үдеріс.
Құзыреттілі, білім беру жағдайындағы ақпараттық технологиялық идеялардың, деректер мен тұжырымдардың, теория мен тәжірибенің сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс.
Осы ұстанымды, жоғарыда аталып кеткен замануи талаптарын, білім бағдарламаларын, кәсіптік білімнің заңнамаларын озіме мақсат етіп қойып, кәсіптік құзіретті маманды даярлауды оқытып үйретуде міне 5 жылдан аса уақыт болды. Кәсіптік колледжерде арнайы пәндерден теориялық және тәжірибелік сабақ берудің озіндік ерекшеліктері бар. Өз сабақтарымда ақпараттық технологияны қолдану арқылы сол ерекшеліктерді түрлендіріп, жаңаша оқытуда еңбектеніп келемін. Арнаулы пәндерден өткізіп жүрген Электрмашиналарының құрылысы, Реле Электрмен қамтамасыздандыру сабақтарындағы теориялық білімде:
- танымдық белсенділік құралы
- жаңа материалды тез ұғыну
- іздену
- ынталы болу
- ситуациялық проблемаларда озін еркін ұстау, дұрыс шешім қабылдау
- біліктілікті көтеру болса,
Колледж ішілік және қалалық Мамандығым - мақтанышым , Өз ісінің шебері -сайыстарында аталған технологияның :

- ізденуге
- шығармашылыққа
- белсенділікке
- ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға
- бірнеше ақпаратты жүйені қолдануға пайдасын тигізуде.
Осындай бағыттағы сабақтарда студенттердің ынтасы мен талпынысы ақпараттық технологияның құзыретті маман даярлауда, заман талабына сай жұмысшы моделін қалыптастыруда мынадай мүмкіндіктерді аша алады. Техникалық кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдауда:
- өз ісінің шебері болуына
- мамандығын сүйюге
- ынталы, жан- жақты дамыған маман болуға
- болашақ маман иесінің құзыреттілігін қалыптастыруға
- студенттердің ізденістерін арттыруға сапалы көмегін тигізуде.

Педагог ретінде озіме ақпараттық техгологияны меңгеру оны әрбір сабақтарымда қолдану, құзыретті педагог болуымда, сабақ берудегі амал- тәсілдерімді, дидактикалық жинақтарымның түбегейлі жаңаша іс - әрекеттерді жасауыма керекті технология екенін айта кеткім келеді. Ақпараттық технология оқушы мен педагогке бірдей жағдай тудыра отырып:

- пәнге қызығушылыққа
- мамандықты жетік үйренуге
- педагог даярлығын қалыптастыруға, әрі жетілдіруге және түрлендіруге
- іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бірден бір қажетті технология екені баршаға мәлім десе болады.
Жоғарыдағы қажеттіліктерден арнаулы пәндерді оқытуда мынадай себеп- салдар туындайды:
- меңгерген технология өз сабақтарымда қолдануға даяр болуды
- жаңашыл, ізденімпаз педагог болуды
- біліктілігімді, білімімді әрқашан арттырып отыруды
- шығармашыл болуды
- жаңаша өзгерістер енгізуді
- сыни көз - қарасты байытуды
- жетістіктермен кемшіліктерге педагогикалық сараптама жасай білуге
- құзыреттілікті жоғары деңгейге шыңдауға жетелейді десем қателеспеген болар едім.

Кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрылымы.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Қазақ мектебі
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
:: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
:: Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
:: Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
:: Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
:: Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
:: Дүниетаным қабілеті жоғары;
:: Дарынды, өнерпаз;
:: Іздемпаз, талапты:
:: Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл - ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері
К.Д.Ушинский айтқандай, Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек. Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.
:: Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады.
:: Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың түрлері
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек, - деген екен. ХХI ғасыр - білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Жеке тұлғаның даму ұғымы
Пәндер