Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы



Жоспар.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Кәсіптік білім берудегі тұтас педагоика
2.2. Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.

«Педагогика» оқу пәні ретінде бұрыннан бері оқытылып келеді. Оқытудың әдіснамалық, теориялық, әдістемелік негіздері анық және толық меңгерілген. Педагогиканы оқытудың әдістемесін оқу пәні ретінде оқыту көбінде эмпирикалық ыңғайға негізделген. Педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуы мен әдістемелік жүйенің қалыптасу үдерісі қатар жүргендіктен, педагогиканы оқыту әдістемесі әлі жеке тұтас жүйе бола қойған жоқ. Айта кеткен жөн, педагогиканы оқытушылардың тәжірибесі және жоғары мектептегі дидактика саласындағы жекелей түрдегі ғылыми зерттеулер педагогиканы оқыту әдістемесіндегі теориялық ұстанымдар, қағидалар, ережелер мен ұсыныстарды жүйелеуге мүмкіндік берді.
Педагогиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен тұрады (жалпы және жеке). Әдістеменің жалпы бөліміне педагогиканың әдіснамалық және жалпы педагогикалық негіздері кіреді.
Әдістеме қолданбалы дидактика ретінде қарастырылған кезеңде, әдіснаманы жасап шығаруға қажеттілік болмады, себебі мұндай түрде дидактика әдіснама ретінде саналған еді. Оқыту әдістемесінің әдіснамасын ұғынбастан, берілген ғылым саласының негізін, оның тәжірибелік қолданылуын да, таным үдерісінің ерекшеліктерін де түсіне алмаймыз. Педагогиканы оқытудың оқу құралдарында әдісн
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.

1. Абдильдин Ж.М. О методологической роли целостного рассмотрения социальных явлений //Материалистическая диалектика как методология. – Алма-Ата, 1981.
2. Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование логического строя мышления в процессе практической деятельности. – Алма-Ата, 1981.
3. Амонашвили Ш.А. Размышление о гуманной педагогике. – М.:Роспедагенство, 1996.
4. Архангельский С.П. Лекции по теории обучения в высшей школе. – М., 1995.
5. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя. – Алматы, 1995.
6. Бим-Бад Б.Л. Антропологические основания теории и практики современного образования. – М., 1994.
7. Вульфов Б.З., Харькин В.Н. Педагогика рефлексии. Взгляд на профессиональную подготовку учителя. – М., 1995.
8. Загвязинский В.И. Дидактика высшей школы. Текст лекций. –Челябинск. 1990.
9. Кузнецова В.А. Теория и практика много уровневого университетского педагогического образования. – Ярославль, 1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
0.1. Кәсіптік білім берудегі тұтас педагоика
0.2. Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы.
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Педагогика оқу пәні ретінде бұрыннан бері оқытылып келеді. Оқытудың әдіснамалық, теориялық, әдістемелік негіздері анық және толық меңгерілген. Педагогиканы оқытудың әдістемесін оқу пәні ретінде оқыту көбінде эмпирикалық ыңғайға негізделген. Педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуы мен әдістемелік жүйенің қалыптасу үдерісі қатар жүргендіктен, педагогиканы оқыту әдістемесі әлі жеке тұтас жүйе бола қойған жоқ. Айта кеткен жөн, педагогиканы оқытушылардың тәжірибесі және жоғары мектептегі дидактика саласындағы жекелей түрдегі ғылыми зерттеулер педагогиканы оқыту әдістемесіндегі теориялық ұстанымдар, қағидалар, ережелер мен ұсыныстарды жүйелеуге мүмкіндік берді.
Педагогиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен тұрады (жалпы және жеке). Әдістеменің жалпы бөліміне педагогиканың әдіснамалық және жалпы педагогикалық негіздері кіреді.
Әдістеме қолданбалы дидактика ретінде қарастырылған кезеңде, әдіснаманы жасап шығаруға қажеттілік болмады, себебі мұндай түрде дидактика әдіснама ретінде саналған еді. Оқыту әдістемесінің әдіснамасын ұғынбастан, берілген ғылым саласының негізін, оның тәжірибелік қолданылуын да, таным үдерісінің ерекшеліктерін де түсіне алмаймыз. Педагогиканы оқытудың оқу құралдарында әдіснама жайлы сұрақтар тура қойылмаған, алайда олардың авторлары әдіснамаға әдістеменің нысаны мен пәнін, арнайы ғылыми саламен дидактикамен, философиямен, психологиямен байланысын жатқызады. Зерттеушілер әдіснамалық негіз ретінде философиялық және педагогикалық концепциялар мен теорияларды, оқытушылардың, психологтар мен әдіскерлердің еңбектерін санайды.

2.1. Кәсіптік білім берудегі тұтас педагоика

Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы. Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетгі жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіптік педагогика осындай мәселелермен шұғылданып, Егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда, оны өркениет деңгейіне көтермекші. Қазіргі нарық жағдайына бейімделген ақпаратты тез, негізді түрде, әрі тиімді игере білуіміз қажет. Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан-жақты кәсіп иелері болуымыз керек. Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесі олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы - оның оқу барысында білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын саласы арқылы белгіленеді. Мұнда айтқанымыздай, бітірушілердің білімі, біліктілігі және дағдылары ғана айқындалған. Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық қасиеттер байқалмайды. Сондай-ақ бітірушінің шығармашылық қабілеттілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, шыңы кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жүйесіне енуі көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайындауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан қарау ғана бұл тығырықтан шығара алынады. Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипаттама емес, профессиограмма анықтап бере алады. Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс - тәсілдері саралана түсуін интеграциялану десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады: мектеп алды педагогикасы; жасөспірімдер педагогикасы; жалпы білім беретін мектеп педагогикасы; кәсіптік педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы); мектептану (білім және оқу-тәрбие мекемелерін басқару); т.б Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қальштасабастады. бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады); орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледждердегі тәрбие және оқу мәселелерімен айналысады); жоғары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады). Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды: жалпы және педагогикалық психология; инженерлік психология; еңбек психологиясы; еңбек физиологиясы; акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым). Бұдан басқа кәсіпгік педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді. Кәсіптік педагогиканың пәндік зерттеу нысандары мыналар: Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу. Кәсіптік білім мазмұны. Жеке тұлғаға ғылыми-техникалық білімін жөне кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін басқару. Жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады. Кәсіптік педагогика - жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті калыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі. Педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XXVII ғасырда ғана дербес ғылым ретінде танылып, сан ғылымдар тоғысына айналды. Педагогиканы философия ілімінен чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) ажыратуға болмайтынын дәлелдеді, Ол кісі педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның 1854 жылы Амстердамда шыққан Ұлы дидактика кітабы -- педагогика саласына арналған тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек болды. Ондағы айтылған пікірлер мен идеялар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Оның сыныптық білім беру жүйесі болса педагогикальщ теорияның негізі болып дамып келеді. Ағылшын философы әрі ағартушысы Джон Локктың (1632 - 1704 ж) Я.А. Коменскийден айырмашылығы ол тәрбие теориясына басты назар аударды. Ол Тәрбие туралы ойлар атты еңбегінде білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол джентельмен тәрбиелеуді мақсат етіп қояды. Кәсіби педагогика білім берудің, тәрбиелеудің, оқушыларды оқыту және дамытудың заңдылықтарын оқытып, оқыту және тәрбиелеудің, ақпараттық және педагогикалық технологияның принциптерін жасап, кәсіби оқу орындарының түрлерін және басқару жүйелерін негіздейді. Ол педагогикалық теория туралы, қазіргі заманғы оқыту технологияларын жоспарлау тәсілдері, кәсіби оқыту жүйесінің болашақтағы даму жүйесі туралы білімдерді біріктіреді. Кәсіби педагогика дегеніміз - адамды кәсіби қызметке, жас ұрпақты кәсіби тәрбиелеу, білікті мамандарды дайындау туралы ғылым. Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бөлігі ретінде кәсіби оқыту жүйесімен бірге құралады. Онда басқа-да ғылымдар сияқты өзінің категориалды аппараты, аталған ғылым зерттейтін және оның іргетасын құрайтын өзіндік құбылыстарымен реттелетін өзінің сапалы ерекшеліктері бар. Аталған оқыту-әдістемелік кешеннің негізіне ғалым-педагогтар С.Я. Батышев, Безрукова, Э.Ф. Зеер, В.М. Монахов, Е.С. Полат, И.В. Роберт, Г.М. Романцев, В.А. Скакундардың еңбектері қолданылды. Кәсіби педагогиканының статусын толыққанды ғылым ретінде белгілеу оның нысанымен пәнінің нақты болмысын білдіреді. Ғылым нысаны деп - ғылыми білімдердің аталған саласына бағытталып, оқылатын нақты құбылыстармен процесстерінің жиынтығы. Ғылым пәні - ол нысанның осы ғылыми білімдердің дәл осы саласындағы нақты зерттеулеріне сәйкес бағытталған зерттеулер. Қазіргі заманғы ғылымда зерттеу пәнімен зерттелетін осы жалпы философиялық-әдістемелік ережелер, кез келген ғылымға, оның ішінде ғылыми педагогикаға да тән. Кәсіби педагогиканың нысаны болып тек қана адамды еңбекке (кәсіби) тәрбиелейтін арнайы тар шеңбері ғана емес, ол тұтас білім бері жүйесі болып табылады. Педагогика пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына білім беру процессі, нақты технологиялар, білім берудің күтілетін нәтижелеріне жетуге септігін тигізетін оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдық нысандары ықпал етеді. Осыдан туындайтыны, кәсіби педагогиканың пәні болып кәсіби білім берудің қандай да болмасын деңгейі мен ерекшелігі ескерілген жеке тұлғаның маңызды кәсіби сапасын қалыптастыру процессі болып табылады. Алайда педагогтің процессуалды қызметі оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына, алдын-ала жасалған және қажетті деңгейде негізделген, кез-келген деңгейдегі білім мақсаты белгіленген әдістемелік материалдарға, оның мазұмынына, мүмкін болар әдістеріне, құралдарына, ұйымдық нысандарына арқа сүйейді. Басқа сөзбен айтқанда, білім беру процессіне (мақсаттан нәтижеге бағытталған орындау деңгейі ретінде) алдағы білім беру қызмет жүйесін теориялық және әдістемелік мұқият талдау жасалынып барып кірісу қажет. Міндетті түрде жүйелер, өйткені онда практик-педагогтің барлық қызмет компоненттері кіріп, өз-ара байланыста болуы тиісті, олар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің сәйкес білім беру стандарттары, мақсаттары, мазұмыны, әдістері, оқытудың құралдары мен ұйымдық нысандары. Сонымен, педагогикада практикалық қызметпен қатар, педагогикалық жүйені жобалау және қалыптастыру, білім беру қызметінің құралдары мен ұйымдық нысандарының негізделген әдістерін таңдап, алдын алатын білім берудің мақсаттары мен мазұмынын негіздеу, бойынша көптеген жан-жақты жоспарлы (ғылыми-зерттеу, әдістемелік) қызмет жұмыс жасайды. Аталғандарды ескергенде кәсіби педагогиканың пәні қос аспектілік сипатқа ие болады: жеке тұлғаның талапқа сай кәсіби маңызды жақтарын қалыптастыратын педагогикалық процесс және осындай қалыптасудың мазұмынды және өзіндік процессуалды (технологиялық) мақсаттарын қоятын педагогикалық жүйе. Айта кету қажет, педагогикалық процесс пен педагогикалық жүйе өзара органикалық байланыста болып табылады. Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сөзінен пайдос - бала және аго -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда бала жетелеу деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте дәріс беретін құлды ғалым деп атаған. Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын баланы өмірге жетелеуші ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жаны мен рухын дамытатын өнер деп қалыптасты. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген ұстаздарының аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды. Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіле басталды. Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы - адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада берілген, ол: оқыту, білім беру, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Сөйтіп, тәрбие түсінігінің аясының кеңуі оның ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр. Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термин: андрогогика (грек сөзі андрос - ер, аго - жетелеу) немесе антропогогика адам жетелеу деген ұғым пайда болды. Кәсіптік педагогика немесе кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам баласының жасын, білім деңгейін және оның еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатын ескермей-ақ, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Пәндер