Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.



Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Педагогикалық үдерістің маңызы
2.2. Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.

Педагогикалық процес - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн -әдістер - құралдар - түрлер.
Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагоги-калық қатынастардың нәтижесі.
Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Педагогикалық процестің психологиял
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы: Дарын, -2004. -448 бет.
2. Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. -А., 1988.
3. Смайылова М. Тәрбие жүмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 бетгер.
4. Степаненков Н. О планировании работы классного руководителя. -Минск, 1978.
5. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
0.1. Педагогикалық үдерістің маңызы
0.2. Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Педагогикалық процес - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн -әдістер - құралдар - түрлер.
Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагоги-калық қатынастардың нәтижесі.
Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат - міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:
Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.
Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.
Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

Педагогикалық үдерістің маңызы

Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.
Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.
Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.
Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
Білімді практикада қолдануға қаракет ету.
Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушы-лардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.
Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады.
Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.
Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау -белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады.

Түрткі- әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды. Мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі - қызығу.
Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.
Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың ішінен мына төмендегідей 3 процесті атап көрсеткен пайдалы:
1. Оқу материалының мазмұны ондағы жаңалық-тар, қазіргі ғылым мен техникадағы жаңа табыстар, оның практика үшін пайдасы т.б.
2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесінің ерекшелік-тері оның әдістері мен формалары т.б.. Мысалы оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың творчестволық және практикалық жұмыстарды өздігінен орындауы, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т.б. 3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас-тың ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі, ақжарқын болуы, оқушылардың бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т.б.
Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау
Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау -адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан баста-лады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейне-ленуін түйсік деп атайды.
Білімді жан-жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау - бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қортындылар жасауға тиіс. Бұл оқушы-лардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңды-лықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп - білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымның қалыптасуы - өте күрделі процесс, ол - оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау - талдау анализ, синтез, дерексіздендіру абстракция, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
Оқушыларда ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдануға үйретеді.
Абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.
Білімді бекіту
Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше. Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.
Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері бар. өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т. с. с.
Білім мен дағдыны практикада қолдану
Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді.. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші - білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі - жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.
Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.
Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.
Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі тоқсан және жыл аяғында дербес буын ретінде де қолданылады.
Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол - оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.
Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке буын-дарының маңызы мен орнын білумен қатар, олардың бір-бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол - қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.

Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.

Педагогикалық процестің компоненттері және құрылымы
Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды иедагогикалық ироцестің бөліктеріне жатқызады.
М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері ұстаздар мен оқушылар жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.
Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындагы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықгалады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан
өсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал - мақсат) ретінде қарастырады.
Алайда мақсат -идеал немесе іс - әрекеттің нәтижесінін өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Егер идеал -- мақсатқа жету ақыл -- ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртүтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат -- міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.
Кейбір мақсат-идеал мен мақсат - міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда, оны субъект - субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықган оқушылармен бірге жасау керек.
Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЯДРОСЫ
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Саяси конфликт
Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Педагогикалық процестің принциптері
Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элементерлық жасаушысы
Пәндер