Web-технологиялар көмегімен html пәні бойынша электронды оқулық


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Web-технологиялар көмегімен html пәні бойынша электронды оқулық жасау

МАЗМҰНЫ

1 КІРІСПЕ

2 ЕСЕПТЕУ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 12

2. 1 Электрондық оқулық түсінігі . . . 12

2. 2 Электронды оқулық жасау қағидалары . . . 12

2. 3 Электронды гипермәтіндік оқулықтың құрылымын

қалыптастыру . . . 14

2. 3. 1. Web-дизай жүйесі . . . 14

2. 4 Бағдарламалау тілін сипаттау . . . 16

2. 4. 1 Жалпы мәліметтер . . . 16

2. 4. 2 Тіл элементі . . . 17

2. 4. 3 Web беттегі графика . . . 20

2. 4. 4 Бағдарлама құрастыру тәсілдері . . . 22

2. 4. 5 Мәліметтерді алмастыру құралдары . . . 25

2. 4. 6 Енгізілген элементтер . . . 26

  1. ActionScript . . . 27

2. 4. 8 JAVASCRIPT . . . 27

3 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ - ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 32

3. 1 Жобаның жалпы қойылымы . . . 32

3. 2 Әмбебап электронды оқулықты жасаудың негіздемесі . . . 32

3. 3 Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі…… . . . 33

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ … . . . 38

4. 1 Ақпараттық сайтты өңдеу қажеттілігін негіздеу… . . . … . . . 38

4. 2 Жүйені енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу… . . . … . . . 40

4. 2. 1 Жүйені жасауға және енгізуге кететін шығындарды есептеу… . . . 40

4. 2. 2 Техникалық құралдар кешенін сатып алуға кеткен шығындар… . . . 40

4. 2. 3 Алгоритм дайындауға кеткен шығындарды есептеу… . . . 40

4. 2. 4 Бағдарламаны енгізуге кететін шығындарды есептеу… . . . 41

4. 2. 5 Бағдарламаны жазуға және түзетуге кететін

шығындарды есептеу… . . . 42

4. 2. 6 Енгізуден бұрын жұмсалған шығындарды есептеу… . . . 43

4. 2. 7 Жүйені енгізгеннен кейінгі шығындарды есептеу… . . . 44

  1. Шығындардың экономиясын есептеу… . . . 45
  1. ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ… . . . 47

5. 1 Ақпараттық қауіпсіздік… . . . 48

5. 2 Техникалық қауіпсіздік… . . . 48

5. 3 Өртке қарсы шаралар… . . . 50

6 Қорытынды . . . 58

7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

8 ҚОСЫМША . . . 60

1 КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Қазіргі уақытта әлем ақпараттық қоғам табалдырығында тұр. Мұндай қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану жүйесі аса маңызды роль атқарады. Байланыстың әлемдік жүйесіндегі алемге ортақ ақпаратық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпаратан кез келген адамның өзіне қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етуде.

Ақпараттандырудың мақсаты - адамдар өмірін өндірістерді күшейту есебінен жақсарту және олардың еңбек жағдайларын жеңілдету.

ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жеделдете өркендеп дамуына байланысты адамдардың қажетті ақпаратты тез қабылдауға мүмкіндіктері ашылды. Осыдан ақпаратты құрамдарға бөлу, оларды сақтау, өңдеу, қажет сәтінде шапшаң іздеп таба білу және өзгерістер енгізу заңдылықтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл мәселелерді зертеу мақсатында, кейінгі өмір талабына және бүкіл қоғамды ақпараттандыруға бағытталған есептеуіш техниканың дамуына байланысты ақпаратпен жұмыс істеу жөніндегі ғылымдар кешені - пайда болды.

Ақпараттық технологияның ғылыми негізі информатика болып есептеледі, ал информатиканың негізгі құралдарының бірі - компьютер, қазір ол әдеттегі тұрмыстық құрал-жабдыққа айналып отыр.

Кей кезде ақпараттық технологияны компьютерлік технология немесе қолданбалы информатика деп те атайды.

ақпататты қабылдаумен, тасымалдаумен, түрлендіру және сақтаумен байланысты процестерді үйрететін ақпатар теориясы;

математикалық модельдеу, есептеуіш және қолданбалы математика әдістері және олардың білімнің әртүрлі аумағында тұғырлы және қолданбалы зерттеулерге қолдану;

жасанды интеллект әдістері, адамның интеллектуалдық қызметінде логикалық және аналитикалық ойлаудың модельдеуші әдістері (логикалық қорытынды, білім алу, сөз ұғыну, визуальды қабылдау, ойындар және т. б. ) ;

жобаланған жүйені және тағайындалған талаптарды талдауда қорытындылатын жүйелік талдау;

биологиялық жүйелерде ақпататтық процесстерді оқытатын биоинформатика;

қоғамды ақпараттандыру процестерін үйрететін әлеуметтік

информатика;

машиналық графика әдістері, анимациалар, мултимедия құралдары;

барлық адамзатты бір ақпататтық қоғамға біріктіретін телекоммуникация құралдары, соның ішінде ғаламдық көмпьютерлік желілер;

өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын, және барлық басқа да шаруашылық және қоғамдық қызметтің барлық түрлерін қамтитын әртүрлі қосымшалар.

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

1990 - шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаналықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Интернет - үлкен және кіші компьютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер, графика, дыбыс, видео, анимациялар т. с. с тобынан тұратын комплекстік құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне керекті затты сатып алу үшін немесе білім алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті құжат немесе затты іздеу үшін т. с. с көптеген қызметтерді пайдалану үшін интернетке барады. Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-Ли дің ой туындысының нәтижесінде интернет сөзі қолданысқа енді және әлемді қарапайым гиперсілтемелер арқылы біріктіре алды. Соның нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің экономикасы қарқынды түрде дамыды. Сондықтан Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп атауға да болады.

Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:

- ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;

желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;

ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;

ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:

ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.

Дипломдық жобаның мақсаты web-технологиялық көмегімен html пәні бойынша оқулық атты бағдарлама кешенін құру болып табылады.

Бағдарлама кешені Html және қосымша бағдарламалау тілдері Action Script 2. 0, Java Script көмегімен жасалған.

2 ЕСЕПТЕУ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Электрондық оқулық түсінігі

Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрлымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің немесе оқытушының уақытын үнемдейді. Оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуға болады.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».

Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды » пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында студенттің сабаққа деген қызығушылығынын күрт артқандығы байқалады. Сондай - ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарын молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой - өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесіне қалыспайтыны жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір - бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік - жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын. Осы электрондық оқулық студентке өз бетінше жұмыс жасап, оқу материалын меңгеруге, өзін - өзі тексеруіне және бағалауына, білім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

2. 2 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Электронды оқулық - бұл компьютерді қолданып, оқу курсын өз бетімен немесе оқытушының көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық әдістемелік кешен. Электронды оқулық немесе курс үш компоненттен тұрады:

курстың негізгі ақпараттық бөлігі мазмұндалған презентациялық құрамадан; алынған білімді бекітетін жаттығулардан; оқушының бағасын дұрыс бағалайтын тест жүйесінен. Оқыту программалары оқыту үрдісінде жетістікпен қолданылуда.

Оқыту программасын жасау - өте күрделі және көп еңбектенуді қажет ететін жұмыс. Негізгі көңіл компьютерлік эффект немесе өнімдегі ерекше жаңа қабылдауларға бөлінеді. Жарнамалық жобалар мен компьютерлік басылымдар ең жиі қолданылатын компакт-дисктердің сипаттамасына қарау жеткілікті. Бірінші орында жазылған ақпараттың көлемі, иллюстрация, аудио және видеофрагментердің саны және олардың ұзақтығы. Ақпараттығң сапасы жайлы ақпарат жоқ, ең жақсы жағдайда өнім басылымның электронды көшірмесі ретінде беріледі. Осылайша берілген оқулықтар, энциклопедиялар және басқа басылымдар оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Олар әр түрлі компьютерлік эффектілермен танысуға мүмкіндік береді. Бірақ осы қосымшаларды нақты бір жұмыста қолдану қиын. Оқу программасын құру кезінде технологиялық жабдықтардың барлық мүмкіндігін қолдану маңызды.
Электронды оқулық мынадай жағадайлаорда тиімді:
1) тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті болып табылады;
2) қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта қиынға түседі;
3) гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты үнемдейді;
4) экранға мәтінді шығарып ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді және үлгілейді және т. б. - осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары белгілі болады;
5) нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді тексеру;
6) Интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.
Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі
1) бақылаушы программалар - кейбір істерді жоспарлау және орындау жолында оқушы белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ортасында тапсырмаларды көрсету;
2) оқыту програмамлары - оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере алатын сұрақтарды беру;
3) үлгіленуші программалар - оқушыдан талап етілетін тапсырмаларды беру;
4) жаттығу программалары - есепті шешудің техникалық дағдылануларын бекіту үшін қызмет етеді. Олар теория бойынша ақпаратты алуды қаматамасыз етуі тиіс;
5) дидактикалық ойындар - ойын үрдістерін пайдаланып, оқушыға сұраұқтарға жауап беру;
6) гипермәтіндік жүйелер - негізінен мультимедиалық анықтамалардан тұрады, ақпаратты іздеу және жаңарту жүйесі жақсы дамыған.
Мұндай жағдайларда студенттің компьютерлік оқыту программаларымен

байланысы оқытушының тәжірибесіне бағытталған. Оқытушы студенттің пән материалын оқып - үйрену үрдісіне қатысады .

2. 3 Электронды гипермәтіндік оқулықтың құрылымын қалыптастыру

Бітіру жұмысының нәтижесі HTML тілінде жазылған электронды гипермәтіндік оқулықтың құрылымын қалыптастыру, өңдеу және талдау жүйесі болып табылады. Бұл жүйе автоматтандырылған оқыту жүйесін құрастырушылар және оқытушылардың жұмысын жеңілдету үшін жасалған. Бұл жүйе келесі есептерді шешеді:
- электронды гипермәтіндік оқулық ұғымының құрылымын тұрғызу.
- қолданушы үшін көрнекті және ыңғайлы түрде алынған құрылымды бейнелеу:
1) құрылымдағы элементті іздеу;
2) құрылымды қараудан оқулықты қарауға көшу мүмкіндігі;
-алынған құрылымды өңдеу:
1) құрылымдағы анықтамалардың дұрыстығын тексеру
2) алғашқы ұғымдар тізімін ерекшелеу;
3) ұғымның берілген жиыны бойынша құрылымды ерекшелеу.
Құрастырылған жүйе екі функционалды аяқталған модульдерден тұрады: Pascal программалау ортасында таратылған құрылымды қалыптастыру модулі және и Java түрінде таратылған құрылымды бейнелеу және өңдеу модулі.
Жобамен жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған оқыту жүйесінің бүгінгі жағдайына талдау жүргізілді және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері табылды. Осының негізінде оқыту жүйесіне талаптар қойылды. Қазіргі кезде әр түрлі пәндер бойынша электронды оқулықтар бар, бірақ олардың көбісі бір ғана қолданушы- студент үшін арналған. Өзіндік жұмыс кезінде студенттер үшін электронды оқулықтар маңызды. Электронды оқулықтарды қолдану саласы кеңірек, сондықтан ол оқу үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болуы керек. Алдағы уақытта Интренет ортасында таратылған көп қолданушы қолданатын электронды оқулыққа көп көңіл бөлінуі қажет. Соның бірі- осы бітіруші жұмыста қарастырылып отырған электронды оқулық. Орындалған жұмыс нәтижесі бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады:

1) Pascal программалау тілін меңгеруге арналған электронды оқу құүралы жасалды;
2) тілдің негізгі тараулары бойынша электронды дәрістер құрастырылды;
3) тілдің негізгі операторларын түсінікті ететін зертханалық жұмыстар құрастырылды;
4) оқу құралы HTMLтілінің гиперсілтемелерін қолданады.
Құрастырылған электронды оқулықты Паскаль тілі бойынша зертханалық жұмыстарды орындау кезінде және тілді өз бетінше үйрену кезінде де қолдануға болады.

2. 3. 1. Web-дизайн жүйесі

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web - дизайн, жүйелік

программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.
Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
Web - сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды?

Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
Web-технологиялар;
Сайт жасау экономикасы;
Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
Адам ресурстары және т. б.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
Жоспарлау;
Элементтердіжасақтау;
Бағдарламау;
Тестілеу;
Жариялау;
Жарнамалау;
Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау
Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.

2. 4 Бағдарламалау тілін сипаттау

2. 4. 1 Жалпы мәліметтер

HTML тілі тез дамып келеді. Даму барысында ол жаңа мүмкіншіліктері қалыптасып, керексіз функциялары қалып отырды. Кәзіргі таңда HTML тілінің Web-документтерді жасағандағы ең мүмкіншіліктері зор 3. 2 версиясы бар.

HTML () - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML - мәтінді белгілеу тілі.

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,

<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т. с. с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз. HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кезкелген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.

Практикады әдетте Web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.

Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді:

HTML генератор 1. 3 ;

Magic HTML Studio 2. 0;

Macromedia Dreamweaver;

Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.

Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы махсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Кәзірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар - олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, Web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек.

WYSIWYG программаларыдың тізімі:

Microsoft Front Page.

2. 4. 2 Тіл элементі

HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>

</title>

</head>

<BODY>

</body>

</html>

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Мультимедиялық технология» бойынша электронды оқу құралын құрастыру
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Электрондық оқу басылымдарын ендіру және қолдану
VСT шаблон негізінде «Компьютерлік желілер» пәні бойынша электронды оқулық құрастыру»
Электрондық оқулықтың түсінігі
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz