Тест және тестілеу жүйесі


МАЗМҰНЫ

1 КІРІСПЕ . . . 8

2 ЕСЕПТЕУ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 12

2. 1 Тесттің және тесттік бақылаудың пайда болу тарихы . . . 12

2. 2 Тесттің құрамы, түрлері және сипаттамасы . . . 16

2. 2. 1. Тесттің түрлері . . . 16

2. 2. 2 Тесттік тапсырмалардың типтері . . . 26

2. 2. 3 Тапсырмаларды құрудың принциптері . . . 26

2. 2. 4 Тапсырманың альтернативті жауаптары . . . 30

2. 2. 5 Тестілеу уақыты . . . 35

2. 3 Тестілеудің ішкі жүйесін құрастыру . . . 35

2. 3. 1 Білім берудің мақсаттық көрсеткіштерін талдау . . . 35

2. 3. 2 Сапалық көрсеткіштер . . . 38

2. 3. 3 Білімді бақылау әдісін талдау . . . 39

2. 3. 4 Бақылауға шығару механизмі . . . 42

2. 3. 5 Бақылау тестілеуі . . . 39

2. 3. 6 Тестілеу жүйесінің мемантикалық моделін құрастыру . . . 45

2. 3. 7 Тестілеу жүйесінің мемантикалық моделін құрастыру . . . 46

2. 4 Тестілеу жүйесінің бағдарламалық құралы . . . 48

2. 4. 1 HTML гипермәтіндік тілінің мүмкіндіктері, құрылымдық элементтері . . . 48

2. 4. 2 HTML тілінің элементтері және тегтерінің қолданылу мақсаттары . . . 53

3 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ - ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 61

3. 1 Жобаның жалпы қойылымы . . . 61

3. 2 Тестілеу бағдарламасын жасаудың негіздемесі . . . 61

3. 3 Тестілеу бағдарламасының пайдалану тиімділігі …… . . . 61

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ … . . . 65

Шығындардың экономиясын есептеу… . . .

  1. ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ… . . .

5. 1 Ақпараттық қауіпсіздік… . . .

5. 2 Техникалық қауіпсіздік… . . .

6 Қорытынды . . .

7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 87

8 ҚОСЫМША . . . 91

1 КІРІСПЕ

Жаңа ақпараттық технологиялардың енуі Қазақстанның еуропалық оқыту жүйесінің кеңістігіне қадам басуына, сонымен қатар білім жүйесінің жаппай модернизациялануы оқушыларға білім беру және оларды бағалау жүйесін түбінен қайта қарауды талап етуде. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде кең масштабты модернизация үрдісі жүзеге асырылуда: оқытудың жаңа мазмұны мен формасы ізделуде, интерактивтілік принциптерінің орындалуын қамтамасыз ететін жаңа білім беру технологияларын құруда, жеке басқа бағдарланған әдістерді кеңінен қолдануда - қашықтықтан оқыту, жобаларды және жағдайларды талдау әдістері, тестілеу жүйесі және білімді рейтингтік бақылау. Аталған жаңа енгізулердің ішіндегі қазіргі кезде ерекше аталатыны тестілеу жүйесі - бұл оқыту үрдісіндегі жаңа сапалы деңгей. Оқу материалдарды меңгеруін бақылауы әртүрлі тестілеуші бағдарламалардың көмегімен жүргізіледі. Бұл білімді ақпараттандыру бағытының негізі болып табылады. Білім беруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданудың норма ретінде болуы және оның келешекте білім беру жүйесінде дамуы - ақпараттандыру деңгейінің жоғарлығына байланысты. Ескеретін жағдай, соңғы жылдары білім тәжірибесінде дәстүрлі тесттер (стандарттандырылған тесттер жиынтығы) бірте-бірте аса тиімді on-line тестілеу формасына алмастырылуда. Қазіргі таңда тестілеу өте өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі тестілеу формасында жаңадан өзара байланысқан үш үдемелі үрдіс пайда болды: білімнің компьютерлендірілуі, аудиодидактика рөлінің өсуі, педагогикалық теория шамасының артуы.

Білімнің компьютерлендірілуі - оқытушылардың шынайы еңбегінің шығынын әлдеқайда азайтуды, аға профессорлардың әдістемелік потенциалын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқытушының сабақ беруші адамнан жаңа оқыту үрдісінің технологы ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді. Яғни мұнда оқытушының оқыту іскерлігі емес, тек керісінше оқушының өз бетімен білім алу мүмкіндігі маңызды болып тұр.

Тапсырмалардың қиындық деңгейінің және білім деңгейінің арасында қойылатын сәйкестіктің теңдік шамасын табу керек. Бұл шама педагогикалық теориядағы шама болып табылды. Бұл шаманы Дат математигі Г. Раш «логит» деп атаған. Бұл өлшем компьютердің пайда болған кезінен бастап білімнің бейімдік бақылау теориясының негізіне жатты. Білімнің бейімдік бақылау теориясы - оқушының берген жауабына байланысты келетін тапсырмалардың саны мен қиындығын реттеуді зерттейтін әдіс. Дұрыс жауап берген кезде ЭЕМ келесіде күрделі тапсырманы теріп, ал дұрыс жауап бере алмаса керісінше жеңіл сұрақ береді. Әрине, бұл алгоритм барлық тапсырмаларды алдын ала бағдарлама мен тапсырмалар банкісін құру күрделілігіне қарай сұрыптауды қажет етеді. Сөйтіп, тест - әрбір тапсырманың дифференциалдық және күрделі параметрлерін алдын ала мәлімдейтін автоматтандырылған тестілеу жүйесісің нұсқасы болып табылады.

Дипломдық жұмысының өзектілігі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы білім беру жүйесі алдында сапалы білім берудің рұқсаттылығын қамтамасыз ету, оны экономика дамуының инновациялық талаптарына, қоғамның және әрбір азаматтың қазіргі заманғы сұраныстарына сәйкес келетін деңгейге дейін дамыту - стратегиялық мақсатын қойды. Аталған мақсатқа жету білім беру мекемелерін модернизациялау арқылы орындалады.

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың күрт дамуы сабақты өткізудің жаңа тәсілін, яғни тестілеу жүйесін енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Тестілеу жүйелерінің мүмкіндіктерін зерттеу және оны оқу үрдісіне енгізу, студенттердің оқу үрдісінде қабылданған білім деңгейін аз уақыт ішінде дәл анықтайтын білімді бақылау және бағалау құралының жасалу принциптеріне тоқталу, яғни зерттеу жұмысының тәжірибелік өнімі тестілеу жүйесін толық қамтамасыз ететін бағдарлама құру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы: зерттеліп отырған мәселе төңірегінде психолого-педагогикалық әдебиеттерді талдау; педагогикалық тәжірибені талдау; жүйелендіру және модельдеу; эмпирикалық - бақылау, әңгіме, тестілеу, эксперимент нәтижелерін математика-статистикалық өңдеу.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы келесілермен анықталады:

  • on-line режимде бақылау спецификасын ескеретін түсініктік аппарат кеңейтілген және толықтырылған. Дербес жағдайда, білім беру мазмұнына студенттердің оқу жетістіктері нәтижесінің жоғары объективті және релевантты болуын, бақылау-бағалау процедураларының технологиялық және экономикалық мақсаттылығын қарастыратын «оқу жетістіктерін бақылау тиімділігі» түсінігі нақтыланған;
  • on-line режимде студенттердің оқу жетістіктерін бақылау негізінде генерацияның автоматтандырылған үрдістері, тестілеуді орындау нәтижелерін ұсыну және бағалау көмегімен жүзеге асырылатын, ғылыми негізделген бақылау әдісі ретінде анықталатын тестілеу жүйесі жатыр. Тапсырмалар сипатын, санын, тізбегін және әрбір студент дайындығына қатысты ұсынылу жылдамдығын тиімді таңдаумен байланысты тестілеудің спецификасы, тестіленетін топтың барлық студенттері үшін бірдей, тапсырмалардың фиксирленген санынан тұратын дәстүрлі тестерді қолдану жағдайымен салыстырғанда педагогикалық өлшемдер тиімділігінің жоғарлауын қамтамасыз етеді;
  • тестілеуді генерациялауда тапсырмаларды таңдауға ғылыми қатынастар ашылған. Таңдау алгоритмі әрбір бақыланушы студент үшін тестілеу құрамын дараландыруға бағытталған және тапсырма қиындығын оның өзекті даму аймағына сәйкестігін регламенттейтін орындалу кезіндегі күштілік талабына негізделген. Тапсырма қиындығы параметрлерінің бағасын әрбір студенттің өзекті даму аймағымен сәйкестігі қазіргі заманғы тест теориясында кездеседі.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы:

  • Оқу орындарында білім беруді жетілдіру және оны бағалау мақсатында, физика пәнінен ұсынылатын тестілеудің жүйесін пайдалану нәтижесінде жоғары оқу орындарының студенттердің алған білім, дағды және іскерліктерінің нақтылануы;
  • Оқу орындарына тестілеу жүйесі жобасының ұсынылуы;
  • Дипломдық жұмысының нәтижесі бойынша студенттердің білім деңгейлерін жандандыруға болатындығы.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы әртүрлі білім беру формалары кезінде алынған нәтижелер оқу жетістіктерін бақылауды ұйымдастыруда қолданыла алатындығымен анықталады. Оn-line режимде әртүрлі оқу курстарын оқытуда қолданылатын тестілеуді жүзеге асыру бойынша құрастырылған ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру және программалық-құралдық орта.

Дипломдық жұмысының мақсаты - тестілеу жүйелерінің мүмкіндіктерін зерттеп, оларды білімді бақылау мен бағалау үшін пайдаланудағы тиімділігін зерттеу, тестілеу бағдарламасын жобалау және оқу үрдісінде қолдану. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:

  • дипломдық жұмысына қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерттеп, талдау жасау. Сонымен қатар зерттеу жұмысының бағыты бойынша оқу-әдістемелік құралдарына жалпы шолу жасау;
  • білімді бақылау және тиімді бағалауға арналған тестілеу бағдарламасын дайындау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - құрастырылған тестілеу жүйесін толық жүзеге асыратын бағдарлама арқылы пәнді оқытуда білімді бақылау және бағалауды оқу орындарында жүзеге асыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - оқу орындарында тестілеу жүйесін пайдалану нәтижесінде пән бойынша студенттердің білімдерін бақылау және бағалау сауаттылығын қалыптастыру үрдісі.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің әдіснамалық негіздері - компьютерлік технологияларға деген педагогикалық, психологиялық көзқарастар; жоғары оқу орындары студенттерінің жеке тұлғалық дамуы; олардың тәжірибелік іс-әрекеті мен логикалық ойлау қабілеттерін біртіндеп қалыптастыру теориясы.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің ғылыми-теориялық зерттеу әдістері - ғылыми зерттеу жұмысының бағыты бойынша ғылыми, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; озық педагогикалық тәжірибелерді жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланып оқытып үйрету; оқыту үрдісін бақылау; студенттермен, оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен пікір алмасу, тәжірибелік бақылау жүргізу және нәтижелерін өңдеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің жаңалығы - тестілеу жүйесінің бағдарламасы жасалып, оның оқу орындарына ұсынылатындығы.

Қорытынды және алынған нәтижелерді бағалау теориялық және эмпирикалық әдістерді кешенді қолданумен, мақсаттар және зерттеу әдістерімен шартталған; бастапқы теоритико-әдістемелік көзқарастарды анықтау кезінде мәселені жан-жақты талдау; негізгі педагогикалық идеяларға және оқу жетістіктерін бейімді тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша ұсынылған әдістердің тиімділігін тексеру нәтижелеріне қатысты алынған қорытындылардың қарама-қайшылықсыздығы.

Дипломдық жұмыстың ғылыми өзектілігі:

1) сенімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тестілеуге көшу арқылы on-line режимде студенттердің оқу жетістіктерін бақылау аспектілері анықталды және толықтырылды;

2) студенттердің оқу жетістіктерін бақылау тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық (дараландыру, дифференциация, иентербелсенділік, жүйелілік) және технологиялық (калибрленген тапсырмалар банкісі, программалық-құралдық орта, оқутышылар дайындығы) шарттар орнатылған және негізделген;

3) on-line режимде студенттердің оқу жетістіктерін бақылау тиімділігінің көрсеткіштері анықталған, мұнда өлшеу нақтылығы, тестілеудің ұзақтығы және тестілеу уақыты анықталады;

4) өз құрамында: бейімдік режимде тесті модельдеу стратегиясы және алгоритмін қамтитын, тапсырманың қиындығы және дифференциалдық мүмкіндігін ескеретін on-line режимде бейімдік тестілеуді жүзеге асыратын өзара байланысты әдістемелер жиынтығы құрылды; білім беру мазмұнына объективті, сәйкес тестілеу нәтижесін қамтамасыз ету, оларды талдау және интерпретация үшін ыңғайлы түрде ұсыну.

2 ЕСЕПТЕУ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Тесттің және тесттік бақылаудың пайда болу тарихы

Тестология - тесттерді зерттеумен айналысатын психологиядан пайда болды. Тестология - икемділікті, дағдылықты, біліктлікті объективті бағытта бақылау мақсатында тесттің сұрақтарын өңдеуді қажет ететін психология, әлеуметтану, педагогика және сол сияқты ғылымдардың тарапынан пайда болған [1] .

Тест алғашында жеке айырмашылықтарды зерттеу үшін әдіс ретінде пайда болған. Тесттің пайда болу заманы XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басы деп саналуда. Сол кездері адам психологиясын физикалық, физиологиялық және психикалық тұрғыдан анықтау кезінде әртүрлі өлшем әдістері қолданылған. Қарапайым психикалық процесстер облысында адамдардың айырмашылықтарын ең алғаш зерттеген ағылшын ғалымы Френсис Гальтон (1882-1911ж. ж. ) болған.

Ф. Гальтон жеке тұлғалық айырмашылықтарды зерттеу кезінде есту, көру, сипап сезу, бұлшықты күштер және тағы басқаларға сипаттамаларды анықтау әдістерінің жиындарын қолданды. Ф. Гальтон өзінің лабораториясында жүргізген бұл сынауларды ой өрісінің тесті немесе сынағы деп атаған.

Ф. Гальтон тесттің үш түрлі принциптерін анықтаған [2] .

1. Сынаушылардың көп санына бірдей сынақ серияларын қолдану

2. Нәтиженің статистикалық өңделуі

3. Бағаның үлгілерін белгілеу

Бұл принциптер осы күнге дейін қолданылып жүр. Сынақтар сериясын жүргізу негізінде тест нәтижелерінің бағалары үшін әр-алуан нормалардың түрлері шығады. Барлық жаңа тесттер теорияның статистикалық өлшеуі негізінде құрылған. Ал баға үлгілері стандартталған құрал ретінде тесттерді анықтау негізінде жатыр.

«Ой өрісінің тесті» деп аталатын Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің (Cattell J. Мс-К. ; 1860-1944ж. ж. ) мақаласы шыққаннан кейін үлкен атағы шығады. «Ой өрісінің тесті және өлшеулер» мақаласы Ф. Гальтонның сөздерінен кейін 1890 жылы баспаға шыққан. Дж. Кеттелл тестті ғылыми зерттеулер тазалығының талаптарына сәйкестігін ғылыми экспериментті жүргізу үшін қолданылатын әдіс ретінде санаған.

Дж. Кеттеллдің қозғаған осы идеялары қазіргі заманғы тестологияның негізін құрайды. Барлық сынақталушыларға бірдей шарттар, бірдей нұсқаулар және олардың сынақталуларының анық түсінуі - тестті жүргізу процедурасы стандарттизациясының негізінде салынған орнықты принциптер болып табылады [3] .

Уақыттың шектелуі, қазіргі уақытта, жабдықтарды қолданудың ерекшеліктері мен сынақталушылардың жасына байланысты қосымша зерттеулерден кейін жүзеге асырылады. Нәтижелерді статистикалық өңдеудің идеясы күрделі моделдеу және статистикалық талдау әдістерінде іске асырылған.

1895-1896 жылдары АҚШ-та тестологтардың күштерін біріктіру мақсатында және тестологиялық жұмыстарға жалпы бағыттарды беру үшін екі ұлттық комитет құрылған.

Альфред Бине (Binet A. ; 1857-1911) атақты француз психологы тестологияның дамуына үлкен үлес қосқан. А. Бине - интеллектің даму деңгейінің диагностикасы үшін арналған қазіргі заманға сай тесттердің туындауының атасы болып табылады [4] .

А. Бине ой өрісінің деңгейі деген түсінікті алғаш енгізген (кейін ой өрісінің жасы, ал одан кейін IQ ой-өрісінің дамуының өлшемі деген түсініктер пайда болған) .

Ұзақ уақыт бойы тестті индивидумдарды жеке дара өлшеуге арналған құрал ретінде пайдаланған. Жалпылама мінездерді тестілеу жеке тетілеуден топтық тестілеуге көшіру қажеттілігін туғызды.

1917-1918 жылдары АҚШ-та әскердегі қажеттіліктен бірінші топтық тестілеу пайда болды. Артур Синтон Отистің (Otis A. S. ; 1866-1963) тесттері ең көп қолдыныс тапты. Ол екі түрлі тест жиындарын ұсынды (Альфа және Бетта - тесттері) : ағылшын тілін білетін және тілді білмейтін немесе тілді нашар білетін «мылқаулар» тесттері. Бұл тесттерді құру барысында пайдаланылған негізгі принциптер жүйелендіріліп, ақырында топтық тесттің барлық әдістемелік негізі құрылды [5] .

Тесттік жүйелерді және тесттердің нәтижелерін өңдеу әдістемелері бір уақытта кең түрде дамыған. Ф. Гальтон алғаш айнымалылардың екі қатарын статистикалық салыстыру әдісін құрған және де коррелияция деп атаған бірегейлі қатынастар индексін ойлап тапқан. Сонымен қатар, Ф. Гальтон бір айнымалыдан екінші айнымалыға өзара байланыстарын және регрессия сызығын зерттеген. 1896 жылы Карл Пирсон (Pearson К. ; 1857-1936) корреляция теориясының негізін қалаған. Ал 1904 жылы Чарльз Эдвард Спирмен (Spearman Ch. E. ; 1863-1945) екі айнымалылардың арасында корреляция жалпыға бірдей фактор (осы айнымалылардың өлшемдерін анықтау себептері) және әр айнымалыға меншіктейтін спецификалық факторлар екенін куәләндырады. Ч. Спирмен екі дәрежелі факторлық теорияның негізін қалаушы болып табылады.

Луис Левон Терстоун (Thurstone L. L; 1887-1955) бірнеше алғашқы әдістерден тұратын біртұтас интеллектен шығарған факторлық талдау идеясын дамытқан (вербальдық, перцептивтік, кеңістікті қабылдау мүмкіншілігі, есті) .

Барлық осы факторлар бір-біріне тепе-тең болып келеді, яғни біртұтастық интеллект факторы жоқ деген сөз.

ХХ ғасырдың басында тестология педагогикалық бағыты жағынан да дамыған. Американдық В. А. Макколл ой-өрісінің дамуы деңгейін анықтау бойынша тесттерді педагогикалық тест (Educatinal Test) және психологиялық тест (Intelligence Test) деп екіге бөлген. Педагогикалық тесттің негізгі қызметі - белгілі бір уақытта оқытылған пәндер бойынша білімді тексеру, сонымен қатар оқытушының білім беру технологиясы мен әдістерін тексеру.

Педагогикалық тесттерді қолдану мақсаты, В. Макколла айтуы бойынша, бір жылдамдықта көлемі бердей материалдарды алатын оқушыларды бір топқа біріктіру болып табылады.

Алған педагогикалық тестті американ психологы Эдуард Ли Торндайк құрған. Ол педагогикалық өлшеудің негізін қалаушы болып саналады.

Педагогикада тесттер әдістерін қолдану және өлшеу облысындағы үлкен зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде «әлеуметтік өлшемдер мен психология теориясына кіріспе» (1904) атты кітап болды. Э. Торндайктың жетекшілігімен шыққан, стандартталған тест - Стоун тесты болған. Бұл «нормалармен» қамтамасыз етілген арифметикалық тапсырмаларды шешуге арналаған алғаш тест болып табылады [6] .

1915 жылы Йеркс өзінің тесттер сериясын ойлап тапқан. Оның ең басты ерекшелігі - санау жүйесінің өзгеруі. Яғни А. Бине ұсынған жас бойынша тестілеудің орнына сыналушы әрбір шешкен тест жауабына белгілі бір баллды алып отырады. Бұл тест нәтижесін санауды жүргізуді әлдеқайда жеңілдетті. Алынған баллдың саны берілген стандарттардың дарынды және сәтті коэффицентіне аударылған.

Америкалық психологтар білім үшін «интеллектуалды» тесттерді құрастырумен жұмыс істеп жүр. Бұл тесттер «ұлттық тесттер» деп аталады. Ұлттық тесттер алғаш 2 серия мен әр серияда 2 нұсқамен құрылған. Американдық тестологтар бұл әдісті әрі қарай дамыту барысында әрбір тарау бойынша тапсырмалардың мысалдарын береді.

Тесттерді өңдеу және тексерумен арнайы мемлекеттік қызметтер айналысады. 1900 жылы АҚШ-та қабылдану емтиханы бойынша Кеңесі құрылған. 1926 жылы колледждер Кеңесі SAT деген тетстті қабылдады, «педагогтың іскерлігін квалификациялық және профессионалдық бағалауға арналған тесттер» құрылған. 1947 жылдан бастап тестілеу қызметі (Educatinal Testing Service) бар, бұл қызмет ғылыми-зерттеу орталығының өкілі болып саналады.

1961 жылға дейін тек АҚШ-та ғана 2126 стандартталған тесттер құрылған. Мұнда көптеген тесттік баспаналар бар, олардың жалпы көлемі мыңдаған түрлі тесттерден құралған. Әрине, олар сапасы мен оларға деген сұраныс бойынша ерекшеленеді. Баспаға шығарылған тесттер жыл сайын аннотацияланып, жыл сайындық «Mental Measurement Yearbook» атты баспада жарияланады [7] .

Қазіргі заманғы өркениетті сипаттайтын интеграциялық үрдістер жаңа тесттердің бағытына итермелейді. Білім сапасын бағалау - өздерінің жетістіктерін халықаралық контекстке сай келтіргісі келетін мемлекеттер арасында аса маңыздылығы бар екенін көріп келеді. 1959 жылдан бастап Үлгерім бойынша Бағалау Халықаралық Ассоциациясы (ИЕА) мемлекеттік емес ұйымның басшылығымен ірі көлемді халықаралық зерттеулер жүргізді. ИЕА ұйымы 45-тен астам мемлекеттерде құрылған және өзінің қызметіне білім министрлігін, университетінің педагогикалық факультеттерін, ғылыми-зерттеулер институтын қосады.

Оқу бағдарламасы мен басқа да пәндер негізінде құрылатын академиялық тесттер көмегімен мыңдаған оқушыларды зерттеуді жобалайды. Білім алушылардың жетістіктерін бағалауға бағытталған үлгерім тесттердің көмегімен баллдық шкаламен бағалауға, мемлекет бойынша ұқсас ақпараттарды салыстыру және дәлелдеу, сонымен қатар үлгерімге ықпал ететін басқа да факторларға сәйкестендіру (мысалға, оқудың құрамы, мектептің техникалық қамсыздандырылуы, білім алушылардың жынысы бойынша, тұрып жатқан мекенге байланысты және т. б. ) .

Ресейде 1917 жылға дейін тестілеу жайлы сұрақтарға аса назар аудармаған. Тек 1925 жылдан кейін ғана ерекше тестілеу комиссиясы пайда болды. Бұл тесттік комиссия мектеп жұмыстарының әдістер Институтындағы педагогикалық бөлімінде болған. Оның қызметі - кеңестік мектептерге арналған стандартталған тесттерді өңдеу. Тек 1926 жылы американдық тесттер негізінде кейбір пәндер бойынша тесттер құрылған: табиғаттану, қоғамтану, есеп, тапсырмаларды шығару, географиялық картаны білу, жазу мен оқу түсініктері. Бұл тесттерге білім алушының прогрессін есепке алу үшін карточкалар мен нұсқаулар қоса беріледі [8] .

Тесттерді өңдеу мәселелерімен атақты ресейлік психологтар мен педагогтар зерттеу жүргізген: С. Г. Геллерштейн, П. П. Блонский, А. П. Болтунов, М. С. Бернштейн, A. M. Шуберт, Г. И. Залкинд және т. б.

20-жылдары педогог Е. Гурьянованың жетекшілігімен MОHO Орталық педологиялық лабораториясында бірнеше тесттерді өңдеп шығарды:

1. Сыналушылардың ой-өрісінің дамуын өлшеуге арналған шкала

2. Оқу, жазба және есеп дағдыларын есептеуге арналған тест

3. Ой-өрісінің дарындылығын коллективтік сынақ тесті

П. П. Блонскийдің жетекшілігімен коммунистикалық тәрбие Академиясының кабинетінде Бине-Симон шкаласын тексерулер жүргізілген. Сонымен қатар онда П. П. Блонский өзінің жеке стандарттары мен тесттерді құрастырған.

Ленинград қаласының А. И. Герцен атындағы ғылыми-педагогикалық институтында және А. С. Грибоедов атындағы балаларды қарау институтында тесттер өңдірілген. Бұл тесттер қарапайым мектептерде дарындылықка жалпылама зерттеу үшін құрастырылған.

Бірақ кейін жағдай түгелімен өзгерді. 1936 жылы шыққан ЦК ВКП «Наркомпрос жүйесінде педагогикалық бұрмалау» ережесі педологияның, сонымен қатар тестологияның дамуына келеңсіз жағдай туғызды. Бұл әдісті оқушыларға дискриминация туғызатын буржуаздық қару деп айтылып, кеңестік мектептерден тест әдісін шығарып тастады [9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Тестілеу білімді бақылау және бағалау құралы ретінде
Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Оқушылардың білімін жетілдіру кезіндегі тест жүйесінің тиімділігі
Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері
Delphi-де тест бағдарламасын құру
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz