Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін аллергиялық аурулар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі Т. С. Рымжанов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін аллергиялық аурулар
050113 - «Биология» мамандығы бойынша
Орындаған: Д. М. Макратова
Ғылыми жетекші:
б. ғ. к., доцент Г. Қ. Сыздыкова
Нормаконтролер
Павлодар 2011
МАЗМҰНЫ
Анықтамалар
Аденоид мұрын мен кеңірдек өзегіндегі бадамша бездердің патологиялық гипертрофиясы (үлкеюі) .
Аллергия сезім мүшелерінің жоғарғы реакциясы.
Аллерген аллергия туындатушы заттек.
Аллергология этиологияны, патогенезді, аллергиялық аурулардың клиникалық көріністерін реакцияларды және жетілдіретін әдістерді, олардын профилактикасын және емдеуін қарастыратын иммунологияның бөлімі.
Анафилактикалық шок анафилаксиялық ауыр көріністерінің бірі, жүйке жүйесінің функциясының тенелуімен, бронхоспазммен, артериальды қысымның жедел төмендеуімен сипатталады.
Антигендер организмге енгенде қанның немесе клетканың құрамында антиденелер туғызатын белок тектес заттар.
Антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан болатын ластану; Мұндайда табиғи ластанудың құрамы мен қарқындылығына оның тікелей де, жанама да ықпалы қосылады.
Бронх демікпесі адамды мезгіл - мезгіл бұлықтырып, тынысын тарылтатын аллергиялық ауру.
Бронхит тыныс жолдарының қабынуы салдарынан болатын ауру.
Вирус жұқпалы ауруларды қоздыратын ұсақ микроб.
Дәрі - дәрмек дәрі және емдеуге қажетті шипалы заттар.
Денсаулық ауру-сырқаудан аман болушылық, есен-саулық.
Есекжем кенеттен қызарып бөртіп, күлбіреп шығатын қышымалы тері ауруы.
Жедел респираторлық - вирустық инфекциялар - тыныс жолдарының зақымдану белгілерімен сипатталатын жұқпалы аурулардың полиэтиологиялық тобы. Бала шағының жұқпалы аурулар арасында ЖРВИ бірінші орында тұр.
Иммунитет ағзаның инфекциялық және инфекциялық емес антигендерге қасиеті бар агенттер мен заттарға қарсы жауабы.
Иммунология иммунитетке байланысты мәселелерді зерттейтін ғылым.
Инголяция емдік мақсатта әр түрлі дәрілерді не биологиялық активті заттарды тыныс алу жолымен енгізу әдісі.
Иондағыш сәулелер қоршаған ортамен байланысып әр түрлі белгінің электрлік зарядын пайда ететін сәулелер.
Қоршаған ортаға әсер қоршаған ортада өздігінен немесе антропогендік іс-әрекеттер нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін заттектердің энергиялар мен ақпарат ағыстарының кез келген түрі.
Медицина түрлі ауруларды емдеу жолы және олардан алдын ала сақтандыру туралы ғылым.
Микроб жай көзге көрінбейтін, өте ұсақ тірі организм.
Өндіріс тұтынуға қажетті материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.
Өсімдік жер бетіне өніп-өсіп шығатын ағаш, бұта, шөп тәрізді тірі организмдер.
Педиатр бала дәрігері.
Педиатрия балаларды зерттейтін клиникалық медицинаның бір саласы.
Поллиноз өсімдік тозанымен шақырылатын көздің шырышты қабаты мен тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталатын аллергиялық ауру.
Профилактика аурудын алдын алу және денсаулықтын жоғарғы деңгеймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, әлеуметтік, гигиеналық және медициналық шаралар.
Реакция организмнің ішкі және сыртқы тітіргендіргіштерге әр кезде беретін жауабы.
Респиратор тыныс жолдарын шаң-тозаңнан қорғайтын құрал.
Синусит мұрын қуысындағы қосалқыларының бірінің шырышты қабығының ісінуі.
Тератоген эмбриогенезге зиян тигізетін фактор.
Тері адам мен жан - жануарлар денесінің сыртқы қабаты, қабы, қыртысы.
Шырышты қабат сыртқы ортамен байланысатын мүшелердің ішкі қабаты (тыныс алу, зәр шығару, жыныс мүшелері) .
Экожүйе жанды және жансыз құрауыштары өзара заттар және энергия алмасуымен байланысқан биотодан және оның өмір сүру ортасынан түзілген бірыңғай кешең.
Экология жанды организмдердің тіршілік ортасы мен байланысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
Эпителий денені сыртынан және ішінен қаптап тұратын ткань ~ клеткалары.
Эпидемиология жұқпалы аурулардың пайда болуы және онымен алдын ала күресудің шаралары жайындағы ғылым.
Этиология аурудың себебін және пайда болу жағдайын зерттейтін ғылым.
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі : «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім және сәттілігі» атты «Қазақстан - 2030 Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының шешімімен №1678 бұйрық негізінде 1997 жылы 3 желтоқсанда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жетті.
Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындықтарға, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық жетіспеушіліктеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері шешімін тапты [1] .
Еліміздің келешегі - жастардың денсаулығына айтарлықтай, шынайы қауіп төнуде десек, артық айтқандық емес. Қазіргі кезде балалардың денсаулығына қауіп тудыратын себептер де көп. Гигиена, клиника саласының ғалымдарының, дәрігерлерінің айтуынша, денсаулыққа қоршаған ортаның зиянды экологиялық факторлары көп зиян тигізеді, антропогендік іс - әрекеттің нәтижесінде ауа, су, топырақ ластануда [2] .
Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер өсіп келе жатқан жеткіншектердің денсаулығын қорғап, сақтауға және оны аурудан қорғауға да өз әсерлерін тигізеді [3] . Сонымен қатар ауаның, судың, топырақтың ластануы, өндіріс қалдықтары, табиғи сәулелердің таралуы, радиация, магнит алаңдарының жоғарлауы да денсаулыққа кері әсер етуде [4] .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 жарлығымен 2002 жыл Денсаулық жылы деп жарияланды [5] .
Қазір адамзат болашағына табиғат экологиясымен қатар адамгершіліктің күйзеліс қауіпі төніп тұрған кезде адам өміріне жауапкершілікпен қарап, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына мейлінше көмектесу қажет. Бұл жұмыста әрбір жастың бойында өзіне деген сенім, қоғамға деген қажеттілігін сезіну, өзінің қалыптасуына, өзін - өзін тәрбиелеуге, денесін шынықтыруға, денсаулығын сақтауға, бір сөзбен айтқанда, өз организмінің мүмкіндіктерін толық пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру шарт.
Өйткені, қазіргідей қатаң бәсекелестік жағдайында қоғамға іскер - кәсіпкер адамдар керек - ақ.
Бұл әр адамнан рухани бай мәдениеттілікті, кәсіби білікті, зерделік әлеуеті жоғары болуды талап етеді [6] .
Ал жаңа ХХІ ғасырда ашылған ғылыми техникалық жаңалықтар мен адам тіршілігі үшін жасалған техника жаңалықтарын санап жату қиын. Осы тірліктерді жасап жатқан адам өз денсаулығын сақтау үшін не істеп жатыр? Қанша емдеу, сауықтыру орындары ашылды, қанша емі жоқ аурулардың шипасы табылды. Дегенімен мұның барлығы бүгінгі адамдар денсаулығының мәселесін шешпейтіндігі белгілі.
Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық нақыл сөзін есте ұстаған абзал [7] .
ХХІ ғасыр - даму ғасыры. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, көптеген аурулар «жасарды», жас кезде әр түрлі ауруға тап болу, организм мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білмегендіктен екені дәлелденуде. Адам организмінің мүмкіндігі үлкен, оны тек дұрыс пайдалана білу қажет [8] .
Адамға денсаулық бір-ақ рет тұрақты әрі өзгермейтін түрде беріледі. Ол өінен-өзі жақсармайды. Оны үнемі күту керек. Мұндай қажеттілік ізгілікті, адамгершілікті, тәрбиелік пен біліктілікті көрсетеді [9] .
ХХІ ғасыр азаматы - білімді, жоғарғы санатты, ғылым мен техниканы толық меңгерген, білікті, жан - жақты жетілген маман болуымен қатар, салауатты өмір салтын сақтайтын парасатты болуы тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты барлық оқу - тәрбие үрдісіне денсаулықты нығайтуға бағытталған технологияларды енгізу қажеттілігі туындап отыр [10] . Халықаралық Денсаулық сақтау Ұйымынын мәлімдеуі бойынша: адам денсаулығының 10% - дәрігерлік көмектен, 15% - тұқым қуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзінен, өмір сүру дағдысына байланысты екен [11] .
Адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әулет болып табылады. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар аударуды талап етіп отыр.
Мектеп оқушыларының, жалпы балалардың денсаулық күйінің нашарлауының себептерінің бірі оқушылардың имандылық - рухани құндылықтарының күрт төмендеуі, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігі, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан және өз денсаулығына жауапсыз қарағандығынан екендігі анықталды. Осы себепті де салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формаларын келесідей ретпен көрсетуді жөн көріп отырмыз:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
- Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт - дәстүрлерімен танысып, оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып, үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру - үздіксіз процесс. Ал салауаттану білімнің педагогикалық міндеті оқушыларға денсаулығын сақтап нығайтуды үйретіп, кәсіптік бағдар беру мен болашақтағы отбасылық тіршілікке дайындығын ескере отырып, салауатты өмір салтының дара өзіндік әдісін таңдап алуына жәрдемдеседі [9] .
Оқушылардың «Денсаулық өзгерістерін болжай білуде, оны дер кезінде жеңе білуде - салауатты өмір салтының маңызы зор» - деп Х. Қ. Сәтпаева өз еңбегінде атап көрсеткен. Ендігі кезекте «Дені сау оқушының моделін» төмендегі кестеден көруге болады:
Жалпы алғанда әлеуметтік денсаулық, психикалық денсаулық, физикалық денсаулық бір - бірімен өте тығыз, әрі үйлесімді ретте дамытуды қажет ететін процесс болып табылады. Осы себепті де әрбір мектеп ұстазы, отбасындағы ата - ана, әлеуметтік ортадағы қоғам мүшелері аталмыш әлеуметтік, психикалық, физикалық денсаулықтың оқушы бойында дұрыс жолға қойылуын талап етеді [12] .
Қазіргі кезде аллергиямен ауыратын адамдардың саны өте көп. Соңғы деректер бойынша қазіргі таңда үш адамның біреуі аллергиямен аурады екен және мұндай науқастар саны жыл сайын көбейіп барады. Осы жағдайға байланысты Европаның ғалымдары аллергияны жұқпалы індет ретінде таралғанын мәлімдейді. «Көп ұзамай келешекте аллергия Құрама Штаттарында да жиі кездеседі» деген жорамды американың ғалымдары айтуда. Аллергияның адамдар арасында тарағанына біраз уақыт болғанымен, медицинада оның айығу жолдары табылмаған. Сондықтан медицинада бүгінгі күнге дейін аллергия емделмейтін кесел деп есептеледі [13] . ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында аллергияның кең тарауы себепті аллергия аталған ғасырлардың обасы деп саналады. Қазақстанда да аллергия кеселі кең тараған [14] .
Біз аллергияның шын мәнінде қандай кесел екенін білеміз бе? Бұл кесел неден пайда болады? Бір қарағанда бұл сұрақ орынсыз көрінеді. Аллергияны қазіргі кезде білмейтін жан кем де кем. Кішкене баладан бастап қарияға дейін аллергияны жақсы біледі. Аллергияның адамдар арасында мол тарағаны соншалықты, тіпті кейбір кісілер сондай белгілерін (түшкіріп, мұрны бітіп, жөтеліп, көзі жасауратып) сезінгенде, өздеріне аллергия деп диагноз қойып, дәріханадан тиісті дәрілерді сатып алып, өз бетінше ем қолдана бастайды. Аллергияның белгілері қатты ұлғайғанда ғана дәрігерге барып көрінеді. Бұл, әрине дұрыс емес [15] .
Бұл потологияның таралуына әсер етуші басқа да жаңа факторлар анықталған. Қоршаған ортаның әр түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанып және оны бүгінде адам шошынарлық деңгейге жетуі аталмыш аурудың өршей түсуінің басты себептерінің бірі екені дауыссыз. Ғалымдар клиникалық аллергологияның көптеген қағидаларын қайта қарастыруда, тәжірибелік аллергология және иммунологияның соңғы жетістіктеріне негізделе отырып аллергиялық ауруларды емдеуді және диагноздауды жетілдіруде. Мұның барлығы, соңғы кезде осы потологияның арасында бірінші орын алатын жоғары тыныс жолдарының аллергиясына қатысты [16] . Респераторлық аллергоздарды көбінесе «ғасыр аурулары» немесе «цивилизация аурулары» деп атайды. Тыныс жолдарының аллергиялық ауруларының өсуіне және таралуына себепші болатын негізгі факторлар, адам ағзасының биологиялық және әлеуметтік тіршілік әрекетінің ырғағына теріс әсерін тигізетін ғылыми-техникалық прогресс [17] . Экономикасы дамыған елдерде, дамып келе жатқан елдерге қарғанда, бронх демікпесімен және аллергиялық ренитпен ауру жоғары екені дәлелденген. Өндірістің индустриялануы, ауылшаруашылығымен тұрмыстың химияландыру, ауада көмірқышқыл газының мөлшерінің көбеюі адамның тыныс жолдарына көптеген зиянды заттардың түсуіне әкелді. Бұл адамда созылмалы қабыну процессі және соңы аллергиялық ауру-респираторлық аллергозға әкелетін адам ағзасының тітіркенуіне әкеледі. Сондықтан бұл аурудың эпидемиологиясы мен алдын алуы өзекті мәселененің бірі болады [18] .
Жұмыстың мақсаты: Павлодар қаласындағы экологиялық жағдайға байланысты балалар ауруларының таралу деңгейін көрсетіп, бұл аурулардың алдын алу шараларының ұйымдастыру жолдарын ұсыну.
Жұмыстың гипотезасы: Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балалардың денсаулығының қалыптасуына үлес қосатындығына сенім артамыз.
Жұмыстың зерттеу әдісі: Жұмыс салыстырмалы -методологиялық,
талдау, сараптау және тұжырымдама жасау әдістеріне сүйеніп жасалған.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- Экология және денсаулық саласындағы әдебиеттерге талдау жасау;
- Экологиялық жағыдайға байланысты ауруларды сипаттау;
- Экожүйенің ластануы себептерінен туындайтын ауруларды нақты мәліметтерге сүйену негізінде анықтау және қажетті ұсыныстар нұсқау
Жұмыстың міндеттерін шешу әдістері:
- Кітапханаларда әдебиеттермен жұмыс жасау. Газет - журналдардан мағлұматтар іздестіру;
- Мектептің медициналық кабинеттеріне барып оқушылардың жеке медициналық кітапшаларымен жұмыс істеу;
- Практикалық және теориялық зерттеулер кезінде жиналған барлық мағлұматтарда жинастыру.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы Экология және денсаулық саласына арналған әдебиеттер, Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін тыныс жолдарының аллергиялық ауруларын зерттеу болып табылады. Осыған орай, зерттеу жұмысында төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткізілді:
- Павлодар қаласының аймағында балалар ауруларының деңгейі біркелкі еместігі көрсетті
- Сотүстік - Батыс аймағында тыныс алу жолдарың аурулары бір шама жоғары. Бұл жағдай осы аймақта мұнайқорыту өндірісі орналасқаның себебі.
- Павлодар қаласының экологиялық жағдайға байланысты ауруларына баға берудің алғашқы қадамдары, қоршаған ортаның кәзіргі кезіндегі ластануы күрделі екендігіне көз жеткізді.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Әдебиеттер тізіміне жалпы шолу
1. 1 Аллергиялық аурулар
Тыныс ағзалардың аурулары - жалпы балалар аурушаңдығының негізгі себебі. Бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 61%-ке тең себебі тыныс ағзаларының аурулары екені анықталған. Жас балалардың осы аурулардан өлу қаупі көбірек.
Аурушаңдықтың құрылымына тыныс ағзаларының морфологиялық және функциялық ширап жетілмегендігіне байланысты болатын жасына сай анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері белгілі әсерін тигізеді [19] .
Бекіген жіктеу бойынша балалардың арнайы емес бронх - өкпе аурулары былайша бөлінеді: 1) үстінгі тыныс ағзаларының аурулары 2) бронхиттер 3) өкпе қабынулары 4) демікпе ауруы.
Себептері: Жоғарғы тыныс жолдары ауруларының және бронхиттердің себебі 90%-де вирустар. Пневмонияның қоздырғышы - микробтық флора, сондықтан микробтық - қабынулық өкпе ауруы болып саналады. Демікпе - аллергиялық аурулар тобына жатады [20] .
Аллергия өте жиі кездесетін кеселдердің бірі. Осыдан не бары елу-алпыс жылдар бұрын аллергия сирек кездесетін. Сол кезеңде адамдардың бұл кеселден мерт болуы да сирек болатын. Ал, қазір аллергия кеселдері өте қатал түрлеріне айналып, тіпті адамдардың мерт болуына жиі себепкер болып отыр. Бұның себебі неде? Медицина дамыған кезеңнің өзінде де бұл кесел неге бой алып келеді? Аллергия неліктен ауыр түріне айналуда? Жалпы аллергияның өзі неден пайда болады? Осы және тағы да басқа сұрақтарға қандай жауап [21] ?
Әр ғасырдың және әр мыңжылдықтың өздеріне тән сырқаттары бар. Осындай жағдайлар болды, қазіргі кезде кездеседі де, келешекте де кездесетін болады. Бұған қоршаған ортаға жәндіктердің қалыптасуы, атап айтқанда жаңа аймаққа, адамдарда, малда, өсімдіктерде, мал және өсімдік паразиттерінің де (бұлардың ішінде микроорганизмдердің де) қалыптасуы [22] .
Соңғы үш онжылдықтың ішінде, әр он жыл сайын аллергиямен ауыратын адамдардың саны екі есе көбеюде. Аталған кеселдің бағыты өте қиындай түсті. Бұндай жағдайды бүкіл дүние жүзінің ғалымдары дәлелдеуде. Айтылған жағдай немен байланысты? Жалпы медицина және оның аллергология саласы дамыған кезеңінде мұндай жағдай не себептен туындап отыр? Бұл сұрақтың өзінен жауап туады: аталып кеткен салаларда аллергия туралы түсініктердің дұрыс еместігі [23] .
Қазіргі кезде аллергия деп организімде антигендер мен қарсыденелер реакциясынан туындайтын барлық жоғары сезімталдық құбылысын айтады.
Аллергия (грек. Allos-басқаша және ergon-әрекет, жауап) - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы [24] . Аллергия терминін алғаш 1906 ж. Австрия педиаторлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2ғ. ) раушан гүлінен адам мұрының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындағатын заттарды аллергендер дейді. Бұл адам ағзасының өзгергендігі болып саналады. Мұндай ағза бұрын соңды кезігіп жүрген химиялық, дәрілік, физикалық, биологиялық және тағы да басқа заттарды өзгерген ағзаның дұрыс қабылдамауы. Біріншіден, өзгерген ағза аллергендерге антигендерді өндіреді, екіншіден әрі қарай аллергендермен кезіккен кезде реакция беріп, аллергияны тудырады екен. Аллергия кез-келген жаста пайда болатындығы белгілі. Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әр түрлі болады. Оған аллергендердің көлемі және түрі байланысты емес. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабықтарда кездеседі [25] . Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдықзаттар, дәрі - дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер, тағы басқа), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әр түрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организмнің өзінде пайда болады [26] . Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen-шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады [27] .
1. 2 Жедел респираторлық - вирустық инфекциялар (ЖРВИ)
ЖРВИ - тыныс жолдарының зақымдану белгілерімен сипатталатын жұқпалы аурулардың полиэтиологиялық тобы. Бала шағының жұқпалы аурулар арасында ЖРВИ бірінші орында тұр. Ең жиі ЖРВИ қоздыратын агенттер арасында грипп, парагрипп, аденовирус вирустары белгіленеді [17] .
Респираторлық аллергиялық аурулардың клиникалық сипатына тыныс ағзалары бұзылысының анық көріністері жатады. Бұл аурулар балада жиі кездеседі, әсіресе ерте және мектепке дейінгі жаста [28] . Аллергоздардың мұрын, аңқа, құлақта болуы-57%, ал қайталамалы бронх-өкпелік дерттердің арасында бронх демікпесінің үлесі-27, 6-60%. Респираторлық аллергоздар-жинақты түсінік. Бұл топқа жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық бұзылыстары (респираторлық аллергоздардың кіші формалары), бронх демікпесі және сирек кездесетін экзогенді аллергиялық альвеолит, аллергиялық пневмония, эозинофильдік өкпелік инфильтрат сияқты аурулар жатады [17] .
Эпидемиологиясы: ауру көзі - вирус тасымалдаушы не ауру адам. Жұғу жолы - ауа-сілекей жолы. Кірер қақпасы - ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаттары.
Этиологиясы. Барлық респираторлық аллергоздарға сенсибилизация шақыратын аллергендер, тегі әдетте экзогенді болады, ал оларға қарсы аз мөлшерде түзілетін қарсы денелер блоктаушылар қатарына жатады. Аллергендер организмге негізінен ингаляция жолымен түседі. Сенсибилизацияның жасқа сай эволюциялық спектрі бар: сәбилерде-тағамдық, мектепке дейінгілерде-тұрмыстық, ал ересек балаларда -өсімдік тозаңының аллергендері [16] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz