Жергілікті өкіметті басқару жүйесінің қазіргі жағдайы және жетілдіру болашағы мамандық бойынша
1. Жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері 4
1.1Жергілікті басқару жүйесінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен рөлі 7
1.2 Жергілікті басқару жүйесінің экономикалық саясатты жүзеге асырудағы қызыметі 15
1.3Жергілікті өкіметті басқару жүйесінің шетелдік тәжірбиесі 19
2.Қазақстан Республикасындағы жергіліктті өкіметті басқару жүйесінің ерекешелітері 25
2.1 Жергілікті өкіметті жүйесінің қалыптасуы және ерекшеліктері 25
2.2 Қазақстан республикасының жергілікті өзін.өзі басқаруды құру тәжірбиелері 32
2.3 Қазақстан Республикасындағы Жергілікті басқару механизімі және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан жегілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан шетелдік тәжірибелерді талдау мен жинақтауға және солардың негізінде өз еліміздің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мынаны атап өту қажет: жегілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері арасындағы өзгешелік біртіндеп жойылып келеді, дәстүрлі үлгілерден ауысатын таңдаулы үлгілер мен өздерінің жаңалықтарын енгізетін әралуан жүйелер пайда болуда.
Қазақстанның да өз ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру кезінде ескеру қажет.
Дипломдық жұмысының негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы «Қазақстан-2050» жолдауында: «Министерства ішіндегі орталықсыздандыру, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторларға орталықсыздандыру» қажеттігі жайында атап өткен. [2]
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдары орын алған мемлекеттік басқаруды айрықша орталықсыздандыру өз міндетін атқарды деуге болады. Бірақ экономикалық тұрақтылыққа жетуге байланысты қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері белсенді қарастырылуда.
Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
[1]. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды
дамыту тұжырымдамасы 2012 жыл 28 қараша
[2].Исқалиев М.Д
[3].Мемлекеттік және Жергілікті басқару теориясы.
[4]. ҚР жергілікті мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңы, 2001 жыл 23 қаңтар
[5]. ҚР Конституциясы
[6].Назарбаев Н.А «куда инвестировать»//континент -11 мая.
[7].Егемен Қазақстан. 2012ж.
[8].Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар// –Алматы. Қазақ университеті, 2009 -256 бет.
[9].Мамырова М.К. эффективность инвестиций в промышленном производстве// –Алматы: Экономика. 20.-43 б.
[10].Қазақстан республикасының Экономика және менеджмент (2012)
[11].Ykimet.kz
[12].Tengrinews.kz
[13].edu.kz
[14].massaget.kz
[15].gov.kz
[16].Егемен Қазақстан газеті
[17].Мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі мәселелер Турабаева М.Б. Шокенова А.Т. (2013
[18]. 1999 жылғы жарлық
[19]. Ұлыбритания және Жапония өкіметін басқару (2012-2013)
[20]. ҚР-ның Конституциясында (70-бап)
[21].ДосКөшім. Жергілікті өзін-өзі басқару. Ол//Ақиқат,2001ж,Н5
[22]. Л.Прутян. Жоспар арқылы өзін-өзі басқару//Муниципалдық
басқару ақпараттық бюллетені,35 сан, 2013ж, 4Б
[23].О.Оксикбаев.Бюджет и межбюджетные отношения:учет
интересов экономической безопасности.//Қаржы-қаражат,
2012ж, №5, с.12.
[24]. Жумадилова А. Местное самоуправления в РК: современное
состояние и перспективы.//3акон и время,2012г,38б.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырып:"Жергілікті өкіметті басқару жүйесінің қазіргі жағдайы және жетілдіру болашағы" мамандық бойынша
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару
Алматы, 2014
КІРІСПЕ 3
1. Жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері 4
1.1Жергілікті басқару жүйесінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен рөлі 7
1.2 Жергілікті басқару жүйесінің экономикалық саясатты жүзеге асырудағы қызыметі 15
1.3Жергілікті өкіметті басқару жүйесінің шетелдік тәжірбиесі 19
2.Қазақстан Республикасындағы жергіліктті өкіметті басқару жүйесінің ерекешелітері 25
2.1 Жергілікті өкіметті жүйесінің қалыптасуы және ерекшеліктері 25
2.2 Қазақстан республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірбиелері 32
2.3 Қазақстан Республикасындағы Жергілікті басқару механизімі және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан жегілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан шетелдік тәжірибелерді талдау мен жинақтауға және солардың негізінде өз еліміздің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мынаны атап өту қажет: жегілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері арасындағы өзгешелік біртіндеп жойылып келеді, дәстүрлі үлгілерден ауысатын таңдаулы үлгілер мен өздерінің жаңалықтарын енгізетін әралуан жүйелер пайда болуда.
Қазақстанның да өз ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру кезінде ескеру қажет.
Дипломдық жұмысының негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан-2050 жолдауында: Министерства ішіндегі орталықсыздандыру, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторларға орталықсыздандыру қажеттігі жайында атап өткен. [2]
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдары орын алған мемлекеттік басқаруды айрықша орталықсыздандыру өз міндетін атқарды деуге болады. Бірақ экономикалық тұрақтылыққа жетуге байланысты қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері белсенді қарастырылуда.
Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.
Бүгінгі күні жүргізіліп отырған мемлекеттік жергілікті басқару ауыл деңгейіндегі, әкімдер институты - жеткілікті тиімді емес, себебі олар жоғары тұрған әкімдер мен үкіметке тәуелділігі жоғары. Берілген басқару органдары дербес бюджетке ие емес, сондықтан экономикалық дербестікке ие болып табылмайды. Олардың басқарушыларын тағайындау жүйесі әкімдерінің уақытшалық психологиясын қалыптастырды, осыған байланысты олардың қызметтері негізінен экономикалық мақсаттылық пен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұндай жағдайдан шығудың бір жолы болып жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.
Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А.С.Автономов, Г.Алимурзаев, Е.Г.Анимица, И.А.Василенко, Т.Г.Морозова, А.Н.Швецов, т.б.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я.А.Аубакиров, Ш.С.Ахметова, У.Б.Баймураторв, М.Б.Кенжегузин, К.Е.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.С.Мухтарова, К.К.Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.
Құрлымы және міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практиалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу болып табылады.
Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:
oo қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару орыны және мұндағы пайда болып отырған мәселелер
oo мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізіу
oo Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тенденциялары мен перспективаларын анықтау
oo мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қарым-қатынасы әдістерін анықтау болып табылады.
1. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Жергілікті басқару жүйесінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен рөлі
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңында (23.1.2001) және басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын және сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімият) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады
Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің бірі болып осы тұжырымдамасы берілген, өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады, оларды стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Жергілікті ресурстарды пайдалануда аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасы қамтамасыз ете отырып, көздеген мақсаттарға жетуге рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар.
Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамудыжеделдету және аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады. [1]
Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару саласында өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі - ``Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы'', екіншісі - ````Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы''. Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік - экономикалық басқаруды одан әрі қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі деп ұғынғаны дұрыс.
Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметтің ұйымдастырылуын, тәртібін сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Заңды бірқатар анықтамалар берген. Мысалы: жергілікті мемлекеттік басқару - жергілікті өкілді және атқарушы органдар осы заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзырет шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту мақстатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы істің жай күйіне жауапты қызмет. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында деп жазылған: жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджетті, коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікті өзге де мүлік құрайды.
Басқару тұрғысынан алғанда маслихаттардың құзыреттері орынды көрсетілген. Оған дәлел: заңда жазылғандай мәслихаттардың құзыретіне тиісті аймақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуын бақылануы.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. Біріншісі, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру негізі. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасы ``Жергілікті өзін-өзі басқару'' заңында мынадай анықтама берілген: Жергілікті өзін-өзі басқару деп - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудың нысаны ұғынылады. Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің жергілікті қаржыландыру туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан; жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан; жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті халықтың өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден; заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырылымдық қорларынан; заңмен тиым салынбаған өзге де көздерден ел экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.[2]
Бұл қағидалар Қазақстан эконмикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару объектілерінде жүргізіліп жатқан терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару объектісін бұрынғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару субъектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы еледегі әлеуметтік экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болған. Олардың қатары төмендегідей:
* Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндірістік, экономикалық және интелетуалдық әлеуеттің тиімді пайдалануын қамтамасыз етпеді;
* Нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені жетілдіруді мүмкін етпеді;
* Басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды;
* Салалық басқару органдарында қайту бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу орын алды;
* Елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық шешімдерге жаупкершілік орын алмауы табылды;
* Келісімсіз әрекет жасау, қызметті пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың объективтілігі қажеттілігін тудырады.
Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргізіледі. Аталған құжат мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті шаралары атты президент жарлығының жалғасы болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекттік органдар құрылымы келесідей:
* Қазақстан Республикасы экономика министрлігі;
* ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігі;
* ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі;
* ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
* ҚР білім және ғылым министрлігі;
* ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі;
* ҚР стратегия жөніндегі агенттігі;
* ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік;
* Үкімет құрамына кірмейтін бірқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар;
Басқарудың ұйыдастырушылық құрылымын әрі қарай жетілдіру экономика мен шаруашылық тетіктеріннақтылы мақсатты дамумен тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрі қарай жетілдірудегі негізгі талаптар болып мыналар табылады:
* Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негізгі заңдылықтарына, дәл кезіндегі мақсаттарға сәйкес болуы керек;
* Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық тетігінің өзгеруімег қатар іске асырылуы керек;
* Бұрын өзін-өзі ақтаған басақрудың ұйымдастыру нысанындағы қағидаларды және әдісткрді жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және объектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зерттеліп отыру қажет. Ол мәселелер мынандай топтарға жинақталған:
* Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыру арақатынасын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру. Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалардың шаруашылық дербестігін елеулі көтеру;
* Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы міндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
* Еңбекті ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешім қабылдаудың әдістерін және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын тиімді етіп құру.
Осы аталған мәселелер кешені аппаратты құруды жан жақты қамтиды. Осының өзі ұйымдастырушылық жүйелердің талдау объектісі болып табылады.
1.2 Жергілікті басқару жүйесінің экономикалық саясатты жүзеге асырудағы қызыметі
Жалпы экономикалық әдебиеттерде экономикалық саясат түсінігіне берілген анықтамалар алуан түрлі. Соның ішінде, неміс ғалымы Х. Гирштың пайымдауынша, мемлекеттің экономикалық саясаты, экономикалық құбылыстардың әрекетін реттеуге бағытталады. Мемлекеттік әрекеттерді реттеу жүйесінің бірнеше жақтары бар. Олар: тәжірибелік және ғылыми болса, тәжірибелік аспект - мемлекеттік реттеуді дамыту бойынша нақты әрекеттердің жиынтығы. Ал, теориялық аспект - ұлттық экономиканы нәтижелі дамытуды қалыптастыруға бағытталған әрекеттер, қызметтер және жүйелі ғылыми зерттемелер болады. Сондай-ақ, ғылыми әрекеттерге болжамдар мен модельдердің жасақтамалары жатады. Экономикалық саясаттың ғылыми аспектісінің маңызды тапсырмасы экономикалық ойларды қалыптастыру.
Экономикалық саясаттың субъектісі: мемлекет және мемлекеттік емес одақтар, қоғамдастықтар (жергілікті институционалдық орындар, аймақтық және т.б.). Экономикалық саясаттың субъектісі ретіндегі мемлекеттік билік ел тұрғындары мен әр түрлі өндіруші топтардың экономикалық мүдделерін қорғау үшін пайдаланылады. Экономикалық саясаттың субъектілерінің арасында мемлекеттік емес сипатта болатын институттар да болады. Олардың қызметі мемлекет аралық келісім шарттармен байланысты. Ұлттық билік орындары оларға басқару қызметінің бір бөлігін беріп отырады.
Сонымен, мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүргізе отырып, бастамашы және негізгі орындаушы ретінде қызмет атқарады. Макроэкономикалық реттеу бойынша қызметтердің сәтті болуы, ол (мемлекеттің) сол саясатқа қатысушылардың барлығының қызметін дұрыс, ұтымды ұйымдастыра білу.
Экономикалық саясат теориясының мақсаты - нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере келіп, дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету. Бұл үшін анықталған кездегі жағдайларды терең зерттеп, осы әдісті экономикалық құбылыстардың алғашқы кезеңінде қолдану маңызды. Ондағы факторлардың саны аз болғандықтан, құбылыстың дамуы да, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі де жоғары болады. Кең өріс алған экономикалық саясат бір-біріне қарсы келетін қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді зерттеп, оңды дәлелді сипаттамаларды жасауға бағытталады.
Экономикалық саясаттың базалық теориясын алғаш рет 50-жылдардың басында голландық экономист Ян Тинберген кешенді түрде талдады. Оның тұжырымдамасы экономикалық саясаттың нормативті теория бағытына негізделгендігінде болды.
Осы жерден түсінік бере кетсек, экономика теориясында айрықша сала ретінде экономикалық саясаттың нормативті теориясы, сондай-ақ, оның келесі бір бөлімі саясаттанумен қиылысқан позитивті теориясы қатар қолданылады.
Нормативті теорияда тұжырымдар фактілермен расталса, сонымен қатар, кеңес те береді. Келесі позитивті теорияда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардың өзгерістері өндіріс, баға секілді факторлардың өзгертілуімен түсіндіріледі. Осы арқылы тұжырымдар жасалып, сол тұжырымдар факторлармен сандармен және расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін.
Я. Тинбергеннің концепциясы қазіргі уақытта әлемдік экономиканы реттеуде, оның дамуы мен өсуін қамтамасыз етуде қолайлы болып тұрғанын ескерсек, онда:
-Үкіметтік орындар өздерінің экономикалық саясатын қалыптастыруда мақсат қоюы керек те, одан кейін мақсатты көрсеткіштер пайда болып, ол әрі қарай дамиды;
-Үкіметтік орындар мақсаттардың орындалуын саяси құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырады;
-саяси әрекеттерді қолайлы жүргізуде экономикалық үлгі қолданылады.
Кеңінен танылған макроэкономикалық жиынтықтың мақсатты көрсеткіштері түгелдей жұмыспен қамту және инфляцияның төмендеуін қадағалау, ақша мен фискальдық саясаттың белсенді жүргізілуін қарастырады. Экономикалық саясаттың құралдары тәжірибе жүзінде түрлі басқарушы орындардың бақылауында болуы мүмкін. Мәселен, ақша саясаты Орталық банк немесе Ұлттық банк арқылы реттелсе, фискальдық саясат - атқарушы және заң орындарының билігінде болады. Ян Тинбергеннің экономикалық саясатындағы нормативті теорияның негізі әрбір мақсатты белгіленген құралдар арқылы тиімді басқаруға бағытталған [1,2].
Басқару теориясының жаңа бір бөлімдеріндегі көзқарасында қоғамның әл-ауқаттылығын басқару бойынша мемлекеттік биліктің моделін дамыту үшін жасақталған өзгерістерді басқарудынегізге алсақ, [3,4] онда Үкіметтің қызметінің нәтижелігін көтеру, ҚР экономикасындағы идеал болатын моделінің тәртібін салыстырғандағы мемлекеттік шешімдер жетілдіруде, сондықтан оны әлі де болса қайта жасақтаудың қажеттігі туындайды. Өз кезегінде экономикалық өсімінің объективтік жағдайдағы қажеттілігін қарастырылады, олар: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негізгі капитал, технология және т.б. Оның құрылымдық бөлігі нарықтық механизмнің инфрақұрылымы болып табылады.
Мемлекеттік билікті жасақтау механизмі макродеңгейде қалыптастырылып, онда жоғары саяси билік қоғамның әл-ауқаттылық қызметін құрайды, сонымен қатар, олар мемлекеттік реттеудің әлеуметтік бағыттары анықталып, Үкімет қызметіндегі мақсатты көрсеткіштер бекітіледі. Мемлекеттік билік: Президент пен Парламент экономикалық дамуды мақсатты көрсеткіштер: экономикалық өсім, толық жұмысбастылық, инфляцияны төмендету арқылы басқарса, осыған орай, қолданылатын басқарудың саяси құралдары: фискальдық - бюджеттік және салық саясаты негізінде жүзеге асырылады, монетарлық саясат - пайыздық, айырбас курсы, ең аз резервтер арқылы жүзеге асса, экономикалық - ол амортизациялық және инвестициялық саясат негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының ағымдағы кезеңінде оларды мемлекеттік билік экономикалық өсім, инфляция деңгейі және жұмыссыздық деңгейімен анықтады. Үкімет пен Ұлттық банк тұлғасындағы орындаушы билік осы мақсатты көрсеткіштерді өздерінің экономикалық саясатындағы құралдарының көмегімен қамтамасыз етіп, осыған орай, мемлекеттік басқару қызметі қалыптасады. Осы мақсатты көрсеткіштерді аталған құралдардың көмегін қолдана отырып басқару экономикалық өсімнің тұрақты дамып өсуіне септігі тиіп, бұл қоғамның әл-ауқаттылығын басқару кезіндегі мемлекеттік билікті нәтижелі дамытуды негіздейді.
2012 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банктің үйлестірілген макроэкономикалық және ақша-несие саясаты негізінде, елімізде тұрақты макроэконоикалық, қаржылық және әлеуеттік жағдай қалыптасты. Дамыған елдерде қалыптасқан дағдарыс жағдайының тереңдеуіне қарамастан Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Берілген мәліметтер бойынша жалпы ұлтық өнім көлемі 2012 жылы 7,5%-ға ұлғайды.
Экономикалық өсімге ішкі сұраныстың артуы және жыл ағымында экспорттық өнімге қолайлы конъюнктураның сақталуы себепкер болды. Ол ауыл шаруашылығында - 26,7%, сауда -14,5%, байланыс -18,7%. Өнеркәсіптік өндірісте өсім 3,5%, құрылыста өсім 2,7%-ды құрады. 2012 жылы еңбек өнімділігі 104,3%-да болды.
Экономиканың салаларындағы өсім еліміздің тұрғындарының әл-ауқаттылығының жақсартылуымен айқындалды. Тұрғындардың пайдасы артып, еңбек нарығындағы жағдай бойынша тұрақтылық байқалды. 2011 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ бағалау бойынша 11 мың АҚШ долларына артты. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЖІӨ көлемі 105,5% болды. 2011 жылға ақшалай түсім 7,4%-ға, шынайы еңбекақы 7,2%-ға өсті. 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша орташа айлық еңбек ақы көлемі 108 836 теңге болды. 2011 жылдың аяғында жұмыссыздықтың деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Республикамыздың экономикасында 2012 жылдың қыркүйек айында (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыс басты болған. Өткен жылмен салыстырғанда 98,4 мың адамға немесе 1,2%-ға ұлғайған. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша берілген кезеңде жалдамалы жұмысшылардың саны 5,8 млн. адам болды. 2012 жылдың қыркүйек айында бағалау бойынша жұмыссыз адамдар саны 475,3 болып, жұмыссыздық деңгейі - 5,3% болды. 2012 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жұмыспен қамту орындарында - 54,7 мың адам тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,6%-ын (2011 жылдың қыркүйек айында - 0,9%) құрады. 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 5,3% болды. Яғни бұл жерде кредиттеудің және жалпы ішкі өнім бойнша өсу қарқындары.
1-ші диаграмма кредиттеудің және жалпы ішкі өнім бойнша өсу қарқындары
Үкімет пен Ұлттық банктің бағаны тұрақтандыру бойынша нәтижелі іс-әрекеті инфляцияның жылдық деңгейін жоспарланған 6-8%-да ұстауға мүкіндік берді. 2011 жылдың соңында инфляцияның деңгейі 7,4%-ды құрады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмен болды. 2013 жылдың сәуір айы мен 2012 жылдың сәуір айы аралығындағы мәлімет бойынша инфляцияның деңгейі 6,4%-ды көрсетті.
Елдің қаржылық тұрақтылығы Ұлттық қорда және алтын валюта резервтерінің маңызды түрде көп мөлшерде жинақталуымен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты, 2013 жылдың еліміздің халықаралық резервтері 73 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл ағымында 23,2%-ға ұлғайды, соның ішінде Ұлттық қордың активтері шетелдік валютада 41%-дан 43,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Банк секторын дамыту бойынша позитивті динамика айқындалды, ол банктердің кредиттік белсенділіктерін біртіндеп қайта қалыпқа келтірумен ерекшеленді. Банк секторының қарызы 45,9 млрд. АҚШ долларына дейін қысқартылды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендеп, ЖІӨ-ге 2,2%-ды құрады. Экономикадағы банктердің несиелері 2013 жылы 15,7%-ға көтерліпі, банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 14,3%-ға өсті, соның ішінде халықтың депозиттері 24,1%- ға өсті.
Экономикалық белсенділікті көтерудің басты факторы 2013 жылы индустриализация Карталары жобаларын дамыту болды. 2013 жылы 1 трлн. теңгеге бағаланған 237 жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.
Кәсіпкерлікті, бірінші кезекте шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Бизнестің жол картасы 2050 Бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. 2012 жылдан бастап бағдарламаның үш бағыты бойынша жалпы сомасы 288,3 млрд. теңгеде 930 жобаға субсидия берілді. Бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету бойынша жүргізілген жұмыстар Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіруде Doing Business Бүкіләлемдік Банк рейтингінде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасады. Экономикадағы қолайлы беталыс, яғни тұрақты макроэкономикалық ахуал Standard&Poor's және Fitch агенттіктерімен тәуелсіз рейтингті ВВВ+ және ВВВ деңгейге дейін жақсартты.
Қазақстан, Беларус және Ресей арасындағы Кедендік одақ та сәтті қызмет етуде, Кедендік одақтың Бірыңғай кедендік аймағын қалыптастыру бойынша жұмыстар нақтыланып, Кедендік одақтың келісім шарт-құқықтық базасы тұжырымдалып, 70 аса халықаралық келісім шарттар жасақталды. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік халықаралық келісім шарт пакеті күшіне еніп, ол біздің мемлекетіміздің интеграциясының тереңдегенін білдірді.
Аталған жылдарда көптеген жетістіктер болғанымен, еліміздің экономикасына әсер ететін ішкі тәуекелдер де болды. Әлемдік экономикада құлдырау беталысы байқалды, 2013 жылы Қытайдың өсім қарқыны төмендеді және АҚШ экономикасында рецессия жағдайы сақталды. Халықаралық ұйымдар халықаралық экономиканы дамыту бойынша төмендеу болжамдарын қайта қарастырды. Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика өсімі бойынша болжамды төмендетті 2013 жылға 3,3% дейін кемітілді, ол алдын-ала болжам бойынша 4% болатын.
Осындай жағдайдағы экономикалық саясаттың басты бағыттары келесідей болды:
1) макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
2) адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және әлеуметтік міндеттерді орындау;
3) аймақтық саясатты әрі қарай дамыту;
4) Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде интеграциялық үрдістерді жалғастыру;
5) мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау.
Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-несие және салықтық-бюджеттік саясат есебімен, сонымен қатар, жоспарланған коридорда 6-8%-да инфляция деңгейін ұстаумен қамтамасыз етіледі. Салықтық-бюджеттік саясат мемлекеттік саясатпен жасақталған іс-шараларды нәтижелі дамытуға және балансталған экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономиканың тұрақсыздығына әсер етуші сыртқы факторларды төмендету мақсатында контрциклдық бюджеттік саясаты жүргізілді. Экономикалық құлдырау кезеңінде экономика тұрақсыздығын болдырмау мақсатында бюджет шығындарының өсімін тоқтату бойынша ұйғарым жасалды. Сонымен бірге, экономикалық құрлдырау кезеңі үшін шығындар ішкі сұранысты қолдау үшін ұлғаятын болды.
Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін үдемелі индустрияланған және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды диверсификация арқылы жүргізу ұсыныстары қолға алынды. 2012 жылы индустриялық-инновациялық жобаларды дамыту негізге алынып, олардың ішінде Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол линиясын, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенін, Қарашығанақ кен орындарындағы газды өңдеу зауытын, еліміздің орталық аймақтарын газбен қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын тұрба өткізу жүйесін атауға болады.
Ірі жоғары технологиялы индустриалды жобаларды дамыту және жүйе құрушы кәсіпорындарды қолдау Өнімділік 2050 және Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды күшейту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын болды.
Бизнес-ортаны жақсарту бойынша жұмыстар жалғастырылды, ол лицензиялық-рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік орындардың бақылау қызметтерін жетілдіру арқылы жүзеге асты. Сонымен қатар, рұқсат беру заңдылығының жаңа принциптері енгізілетін болды.
Бизнестің жол картасы 2050 бағдарламасында инновация енгізуші жас кәсіпкерлерге, сонымен қатар, қызметті жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа механизмдері қарастырылды. Берілген механизм шеңберінде банктен 10 млн.теңге көлемінде несие беру қарастырылып, сонымен бірге, 80%-ға дейін несиеге Даму Қоры арқылы кепілдеме берілетін болды.
Экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларына инвестицияны ынталандыру мақсатында мемлекеттік-жеке әріптестік механизмдерін пайдалануды жетілдіру бюджеттік және концессиялық заңдылықтарға қажетті өзгертулерді енгізу арқылы жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін бірыңғай бидай холдингі және қызмет етуші жүйенің кепілдемесі құрылып, сонымен бірге, аграрлық өндіріске жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарды сақтандыру бойынша іс-шараларды жасақтау көзделді.
Фермерлерді және тауарларды делдалсыз дамытатын бөлшек сауда кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау жүйесін құру мақсатында Тұтынушылар кооперативі туралы және Ауыл шаруашылығының тұтынушылық кооперативі заңдарына өзгерістер енгізу ұйғарылды.
Аймақтық дамытулар инфрақұрылымды және институтционалдық шектеулерді еңсеруге бағытталып, осы бағытта Қазақстан азаматтарына өздерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын дамытуда бірдей мүмкіндіктер беру, сонымен қатар, адами потенциалдың дамуына ықпал ету, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін әрі қарай қалыптастыру жүзеге асырылды.
Әлеуметтік модернизация Қазақстандағы адами капиталдың сапалы өсімін жалғастыруға бағытталып, осыған байланысты, білім беру мен денсаулықты сақтау жүйесін әрі қарай дамыту, зейнетақы жүйесін жетілдіру іс-шаралары жүргізілетін болды. Толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмысбастылық 2050 Бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол білімді жетілдіруге және жұмыспен қамтуға, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуге, еңбек ресурстарының жеделдігін көтеруге бағытталды.
Қазақстан Республикасының (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) БСҰ-на өту жолымен жаһандандырылған экономика интеграциясы Қазақстанның сыртқы саяси приоритеттерінің бірі болып табылады. 2013 жылы Қазақстанның БСҰ-на өтуі туралы келіссөздері аяқталды. Осыған байланысты, БСҰ-ның Хатшылығымен біріккен Қазақстанның БСҰ-на өту Жол картасы жасақталды, ол 2013 жылдың аяғына дейін екі жақтылы және көп жақтылы келіссөздерді жүргізу үрдістерін аяқтауды қарастырды. Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы интеграцияның келесі кезеңі Еуразиялық экономикалық одақ құруға өту туралы мәлімдемесін жасады. Сауда қатынастарын дамыту және интеграцияның әрі қарай мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі әр елдің мүддесін қорғау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету принциптерінде ұзақ мерізімді экономикалық қатынастарды орнату арқылы жүзеге асыру негізге алынды.
Мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлауды енгізу, бөлінген бюджет құралдарының нақты нәтижелермен және мақсаттармен өзара байланысын күшейту арқылы бюджеттік жүйені жетілдіру бойынша реформаларды тереңдету арқылы жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға, мемлекеттік қызметтердің кәсібилігін әрі қарай дамытуға және квазимемлекеттік секторлардың нәтижелігін көтеруге маңызды көңіл бөлінді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және мемлекеттік қызметтерді дамыту шеңберінде сот және құқық қорғау жүйесін модернизациялау жүргізілді, сонымен бірге, электронды үкіметті дамыту жасғастырылды, әкімшіліктік процедуралар қысқартылатын болды, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын көтеруге назар аударылды.
2013 жылы ақша-несие саясаты шеңберінде жүргізілген Қазақстан Республикасы Ұлттық банк қызметінің басты бағыты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни макроэкономикалық артықшылықтармен ерекшеленетін жылдық инфляцияның төмен деңгейін сақтау. Ұлттық банктің негізгі бағыты ақша-несие саясаты құралдарының нәтижелігін жетілдіру мен көтеру, сонымен бірге, ақша нарығы жағдайында қабылданатын іс-шаралардың әсерін күшейту болды.
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүргізу кезінде экономикадағы ақша ұсынысын реттеу бойынша іс-шаралар қабылданып жүргізілді. Инфляциялық қысымды ынталандыратын артық ақша ұсынысын ұлғайту залалсыздандырылған операциялардың өсімімен ниверлендірілді.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк монетарлық саясатты оптималды деңгейде сақталуын қадағалап, қосымша инфляциялық қысымды болдырмау жұмыстарын жүргізді.
2013 жылы Ұлттық Банк ең аз резервтік талаптар механизмін әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіп, оның қолданылу нәтижелігін көтеруді негізге алды.
Валюталық саясат Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қатамасыз етуге бағытталды. Курстық саясатты жүргізу кезінде ұлттық валютаның шынайы курсының маңызды түрдегі тербелісінің алдын-алуға көңіл қойылды. Өйткені, үнемі өзгермелі әлемдік конъюнктура жағдайы отандық өндірістің бәсекеге қабілеттігіне кері әсер етуі мүмкін еді. Айырбас курс саясаты әлемдік баға өзгерісіне, сыртқы сауда жағдайларына қарай әрекет етіп, осыған байланысты, сыртқы экономиканың дамуы үшін фундамент болды.
Экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің курстық икемділігін көтеру мақсатында валюталық нарықтағы өзінің қатысуы үрдісін әрі қарай төмендетуге талпынды. Ақша-несие және валюталық саясаттың осы немесе басқа да әрекеттерін қолдану Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметі шеңберінде болып жатқан интеграциялық үрдістер есебімен жүзеге асырылды.
Осыған байланысты, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жүргізілген экономикалық саясат ЖІӨ-нің орташа деңгейдегі өсімін 6-7%-да қамтамасыз етіп, ортамерзімді ағымдағы экономикалық өсімді 7%-да қамтамасыз етті [5].
Бәсекеге қабілетті ел болып, экономиканың ұзақ мерзімді өсіміне жету үшін мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізуде тұрақтылықты сақтау босты назарда болуы тиіс. Сондықтан, экономикалық саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін өзгермелі ортада нәтижелі іс -әрекеттерді жүзеге асыру шарттарын қарастыратын экономикалық механизмдерді жасақтап, оны экономикалық саясатта ұтымды болатын әдіс -тәсілдермен дамытып отыру керек 2012 - 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2011 - 2015 жылдардағы экономиканың 7% өсуiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарында мақұлданған нысаналы индикаторлардың негізінде әзірленді.
Қазақстан Республикасының табыстары деңгейi жоғары елдердiң тобына кiруі мақсатында және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаттың деңгейiн жоғарылату үшін 2016 жылы ЖІӨ мөлшері жан басына шаққанда 18 мың АҚШ долл. дейiн жеткізілетін бола
2-сурет
2016 жылға дейін жан басына шаққандағы ЖІӨ болжамы
Экономикалық өсудiң нысаналы параметрлерінің кірісі мемлекеттiк және жеке секторлардың инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандырумен қамтамасыз етіледi. 2012 - 2016 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орта есеппен жылына 6,7 %-ды құрайды. Ол белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталды жинақтаудың өсуін қамтамасыз етеді. 2012 - 2016 жылдары тұтынудың өсуі орташа есеппен жылына 8,1 % құрайды. Бұл ретте үй шаруашылығындағы тұтыну мемлекеттік тұтынумен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқында өсетін болады. Үкімет жалпы алғанда ЖІӨ компонентері өсуінің мынадай параметрлерін қамтамасыз етеді.
2012 - 2016 жылдардағы экономиканың өсу параметрлері, алдыңғы жылға қарағанда, %-бе
3-ші-кестe
2012 жылы нақты ЖІӨ-ның өсуi көрcетiлген бастапқы параметрлерді ескере отырып 6,9 %-ды, 2013 жылы - 6,2 %-ды, 2014 жылы - 7,1 %-ды, 2015 жылы -7,4%-ды, 2016 жылы - 6, 2%-ды құрайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2012 - 2016 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 4,8% құрайды, тамақ өнімдерін өндіру өсімі жылына шамамен - 10,2% құруы тиіс.
Көрсеткіштер
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
2016 жыл
Тұтыну
109,6
107,5
108,3
107,5
107,8
соның ішінде: жеке
110,2
109,0
108,6
108,2
108,5
мемлекеттік
108,0
101,5
107,5
105,0
105,0
Инвестициялар
106,1
104,7
109,2
108,2
105,1
Тауарлар мен қызметтер экспорты
100,5
102,9
105,2
106,6
104,9
Тауарлар мен қызметтер импорты
101,1
101,5
109,4
107,4
103,7

5-сурет

Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдарға арналған агроөнеркәсiп кешенiн дамыту жөніндегі бағдарламаны iске асыру iшкi нарықтың қажеттiліктерiн жабу және экспорт тауашаларын иелену үшiн сапалы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмімен және азық-түлiк өндiрiсiмен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
2012 - 2014 жылдары өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық орташа мөлшердегi өсуi 7,3 % құрайды. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсу қарқынының ұлғаюына тау-кен өндiру (5,7%) және өңдеу өнеркәсiбі (10,2%) салаларының өсуiне ықпал ететін болады.

Мұнай және газ министрлігінің болжамдары бойынша мұнай өндіру көлемін кейіннен 2016 жылы 102,0 млн. тоннаға дейін арттыра отырып, 2012 жылы 83,0 млн. тоннаны құрады.

2015 жылдың соңына қарай мұнай және газ секторының дамуы шеңберінде 18 ірі жоба жоспарланады, оның 9 салалық бағдарлама, 9 - Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылады. Жобалар мәліметтері бойынша жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 1 379,6 млрд. теңгені құрайды.
2012 - 2016 жылдары металургия өнеркәсібіндегі орташа жылдық өсу қарқындары 11,8 %-ды құрайды. Металургияның дамуы (машина жасау, химия өнеркәсібі және т.б.) сыртқы сауданы арттыру мен әртараптандыру экономиканың аралас салаларын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 1 640 607 млн. теңгені, 54 845 жұмыс орнын құрайтын 43 жоба енгізілді.

2012 - 2016 жылдары химия өнеркәсібіндегі өндірістің жылына орташа 10,4%-ға өсуі жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірісті құру, қолданыстағы кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту есебінен қамтамасыз етілуі қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010 - 2014 жылдары химия өнеркәсібінің 11 жобасы енгізілді.

Машина жасау өнеркәсібінің өндірісі 2012 - 2016 жылдары орташа 12,2%-ды құрайды. 2016 жылдың соңына дейін 22 жоба, соның 17 жобасы салалық бағдарлама бойынша, 5 жоба Индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған.

Ауыл шаруашылығында машина жасаудың 2 есе, мұнай және газ саласындағы машина жасаудың 2,5 есе, тау-кен саласында машина жасаудың 2,7 есе, электр техникасы саласында машина жасаудың 1,7 есе артуы есебінен 2016 жылдың соңына қарай жалпы қосымша құн 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе артады.

2012 - 2016 жылдары электр энергетикасы саласында өндірістің өсуі жылына орташа 4%-ды құрайды.

Қатты отындағы жаңадан іске қосылатын өндіру қуаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2015 жылға қарай көмір өндіру көлемін 131 млн. тоннаға, 2020 жылы 152 млн. тоннаға арттыру көзделеді.

2010 - 2020 жылдары көмір өндіру саласын дамытуға 3,4 млрд. АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр.

2012 - 2016 жылдары құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық өсімі 1,5 % деңгейде күтіледі.

6-сурет

Қазақстан Республикасында 2011 - 2014 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барлық қаржыландыру көздері есебінен көлемі 24,3 млн. ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нақты сектор салаларының оң серпінін ескере отырып 2012 - 2016 жылдары сауда көлемі қарқындарының орташа жылдық өсуі 8,9 % деңгейде болжанып отыр.

7-сурет

2012 - 2016 жылдары көлік қызметі көлемінің жылдық орташа өсімі 7,5%-ды құрайды.
8-сурет
Көлік қызметтерінің өсуін қамтамасыз ету үшін 2017 жылға қарай жүк айналымының көлемі болжамды деректер бойынша 428,8 млрд. тонна-км (тасымалданған жүк көлемі 3 млрд. тоннаға дейін), жолаушылар айналымы 224,3 млрд. жолаушы-км (тасымалданған жолаушылар көлемі 18,6 млрд. адам) құрайды.
Ақпарат және байланыс қызметінің өсімі 2012 - 2016 жылдары болжамдар бойынша 8,4 % деңгейде қалыптасады.

9-сурет

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру ақпараттық инфрақұрылымды қоса алғанда, осы сектордың үлесін 2014 жылы ЖІӨ-де 3,8 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экспортын құрайтын негізгі тауарларға әлемдік сұраныстың артуы және сыртқы сауда саясаты бойынша қабылданып жатқан шаралармен бірге экономика өсімі қарқындарының ұлғаюы экспорт пен импорт көлемінің ұлғаюына ықпал ететін болады.

Сыртқы сауда айналымы 2012 - 2014 жылдары жылына орташа 7,8%-ға немесе 2012 жылы 116,7 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 166 млрд. АҚШ долл. өседі.

Экспорт 2012 жылы 75,7 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 105,8 млрд. АҚШ долл. өседі.

Экономиканың өсуімен қатарлас сұраныстың өсуі 2011 жылы импорттың 40,9 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 60,2 млрд. АҚШ долл. дейін өсуіне ықпал ететін болады.

10-сурет
Экспорттың импорттан артуы ағымдағы шоттың оң сальдосы факторларының бірі болады, ол 2016 жылы болжам бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларына жетеді.
11-сурет
2012 - 2016 жылдарға арналған төлем балансының болжамы*
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамы
Төлем балансының параметрлері ақша-кредит саясаты параметрлерімен және орта мерзімді кезеңге арналған елдің макроэкономикалық дамуының параметрлерімен үйлеседі.
2012 - 2016 жылдары инфляцияның жылдық мәні (желтоқсан, алдыңғы жылдың желтоқсанына қарағанда) 6,0-8,0% деңгейінде бағаланады.
Экономиканың 7%-дық өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметтік жаңғыртумен қатар шешіледі.
Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық және кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.
Жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 6,2%-дан 2016 жылы 5,4%-ға, ал кедейлік деңгейінің 6,1%-ға дейін төмендеуі болжанады.
2012 - 2016 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы қосымшада көрсетілген.
1.3Жергілікті өкіметті басқару жүйесінің шетелдік тәжірбиесі
Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар монархия және республика. Монархия -- елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мүрагерлік төртіппен иеленгендігін білдіреді.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz