Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан экономикалық, индустриялық-инновациялық өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін кезекті Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетті. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазіргі орта мектептерде оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.
Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және
программалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.
Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі ұсынылып отырған «Визуалды тілдерде графиканы программалау. Практикалық нұсқаулық.» атты дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі болып отыр.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептің бағдарлы сыныптарында Программалау курсын оқыту үрдісінің әдістемесі.
Пәндік зерттеу – Программалау курсын игеруде оқушылардың алгоритмдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.
Зерттеу мақсаты – Орта мектептің бағдарлы сыныптарында программалау курсын игеруде оқушылардың алгоритмдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқытушы және үйретуші әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Жұмыстың ғылыми болжамы – егер программалау курсы бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.
Зерттеу міндеттері:
- Жалпы білім беретін орта мектепте программалау курсын оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;
- программалау курсын орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- программалау курсының мазмұны мен құрылымын анықтау;
- Бағдарлы сынып оқушыларының алгоритмдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқытушы және үйретуші әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
1.Б.Сейпилова.Программалау технологиялары:Turbo Pascal.Тараз.Тараз университеті.2002.
2.А.В.Могилев,Н.Н.Пак,Е.К.Хеннер.Информатика.Москва.Академия.2000.
3. К.З.Халықова, А.Р.Тұрғанбаева, Б.Ғ.Бостанова "Программалау тілдерін оқыту,Delphi ортасы" Алматы. 2005 ж.
4.Қ.Масанов, Б.А.Бельгиев,А.С.Бижанова,Қ.Қ.Мақұлов.Turbo Pascal.Алматы.Бастау.2004.
5.Ә.Қ.Бүркіт. Бағдарламалау тілдері. Электрондық кітап. Астана, 2009.__
6. А.И.Марченко,Л.А.Марченко «Программирование к среди Turbo Pascal 7.0»Издание Шестое,Стереиотипное,Юбилейное.Киев «Век+» 2000 жыл.
7.Информатика негіздері.Курсив.2007.№7.
8.В.Симонович.Информатика.Базовый курс.2-ое издание.Питер.2005.
9.Блашкин И.И., Буров А.А. Новые возможности Turbo Pascal 6.0. СПб.: Изд-во
10.Васильев П.П. Турбо Паскаль − мой друг: М.: Компьютер, ЮНИТИ, 1995.-96 б.
11.Зуев Е.А. Язык программирования Turbo Pascal 6.0-М.: Унитех, 1992.-298 б.
12.Мизрохи. Turbo Pascal и объектно-ориентированное программирование.-М.: Финансы и статистика, 1992.-185 б.
13.Справочник по процедурам и функциям Borland Pascal with Objects 7.0 – Киев: «Диалектика», 1993.-272 б.
14.Фаронов В.В. Программирование на персональных ЭВМ в среде Турбо паскаль.-М.: Изд-во МГТУ, 1990.-580 б.
15.Р.Ә.Медетбекова. Информатика. Шымкент, 2012. –Б. 450-451.
16.Ә.Қ.Бүркіт. Компьютерді басқару технологиясы. Шымкент, 2010. –Б. 565-567.
Қосымша әдебиеттер:
17.Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі.Электрондық кітап. Астана, 2006.
18.Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқыту әдістемесі. Электрондық кітап. Астана, 2007.
19. Немнюгин С.А. Odject Pascal и Delphi. Санк - Петербург. 2001ж.
20. В. Попов "Паскаль и Дельфи" Москва. 2005ж.
21. Т.Сван "Delphi" Киев-Москва.Санк - Петербург. 1998ж.
22. И.ю. Баженова "Delphi 7" Москва. 2003ж.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан экономикалық, индустриялық-инновациялық өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін кезекті Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетті. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазіргі орта мектептерде оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.
Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және
программалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.
Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі ұсынылып отырған Визуалды тілдерде графиканы программалау. Практикалық нұсқаулық. атты дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі болып отыр.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептің бағдарлы сыныптарында Программалау курсын оқыту үрдісінің әдістемесі.
Пәндік зерттеу - Программалау курсын игеруде оқушылардың алгоритмдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.
Зерттеу мақсаты - Орта мектептің бағдарлы сыныптарында программалау курсын игеруде оқушылардың алгоритмдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқытушы және үйретуші әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Жұмыстың ғылыми болжамы - егер программалау курсы бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.
Зерттеу міндеттері:
Жалпы білім беретін орта мектепте программалау курсын оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;
- программалау курсын орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- программалау курсының мазмұны мен құрылымын анықтау;
Бағдарлы сынып оқушыларының алгоритмдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқытушы және үйретуші әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Программалау тілдері туралы жалпы түсінік
Программалау тілі (язык программирования; programming language) -- компьютерде өңделетін ақпаратты сипаттайтын жөне оларды түрлендіру алгоритмдерін жазуға арналған жасанды тіл. Компьютермен мәлімет алмасу, мәліметті өрнектеу жөне жеткізу үшін пайдаланылатын символдар, келісімдер жөне ережелер жиынынан тұрады. Бірінші пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Олардың командалары компьютерге түсінікті 1 және 0 сиволдарының тізбектерінен тұратын. Әр командаға сәйкес машиналық кодтарды жатқа білу программистке қиын болғанымен, машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап коймайды. Сондықтан олар жүйелік программаларды, драйверлерді және трансляторларды құруға ыңғайлы.
Күрделілігіне байланысты олар төменгі жөне жоғарғы деңгейлі тілдер деп екіге бөлінеді.
Төменгі деңгейлі тіл (Ассемблер) өзі арналған нақты машинаның ерекшелігін көрсетеді. Ол ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету үшін құрылған программа. Айнымалы шамалар символды аттармен белгіленіп, әр команданың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды. Ассемблер тілдері аз да болса адам тіліне ұқсастырылды.
Жоғары деңгейлі (мәселе-бағдарлы және процедура-бағдарлы) тілдер компьютер түріне тәуелсіз болды. Оларға Бейсик, Фортран, Паскаль сияқты тағы басқалар тілдер жатады.
Алғашқы пайда болған тілдердің біреуі - Фортран ( 50-ші жылдардың ортасы). Өзінің қарапайымдылығынан және бұл тілде жазылған программалардың көптігінен ол қазіргі күнге дейін қолданылады. Оның қолдану саласы - инженерлік, ғылыми есептеулер.
Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде - тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон - Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан - ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы - ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.Осы жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі - Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы - Никлаус Вирт ( 1968-1971).
Алғашында, программалау тілі тек оқып-үйренуге арналды, себебі ол біршама детерминантты болған, яғни құрамындағы барлық элементтері белгілі бір ережеге бағынған еді. Негізгі ерекшеліктері: программалауды бастауға болатын негізгі түсініктердің басқа тілдерге қарағанда онша көп еместігі, қарапайым синтаксис, берілген мәтінді компьютерлік кодке айналдыратын, жылдам жұмыс жасайтын компилятор.
1992 жылы Borland International фирмасы Паскаль программалау тілінің негізінде құрылған екі құрама программа шығарады: Borland Pascal 7.0 және Turbo Pascal 7.0. Олардың алғашқысы үш түрлі режимде жұмыс істей алады - MS DOS-тің қарапайым мен қорғанған жүйесінде және Windows операциялық жүйесінде. Оның жұмысы үшін қатты дискіде 30 Мбайт бос орын және жедел жадтың 2 Мбайт бөлігі қажет. Ал, Турбо Паскаль 7.0 MS DOS-тың қарапайым режимінде және Windows операциялық жүйесінде жұмыс істей алады, ол компьютер құрылғыларының сипаттамаларына Borland Pascal 7.0 программалау тіліне қарағанда өте төмен талаптар қояды.
Turbo Pascal 7.0. программалау тілі жоғары деңгейлі программалау алгоритмінен, құрамына еңгізілген өңдегіш және программаларды қосу және жөндеуге арналған ортадан тұрады. Сонымен қатар, программа құрамында мол көмек ақпараты бар (ағылшын тілінде). Барлығымызға белгілі, программалау тілдері екі түрге бөлінеді: интерпретаторлар және компиляторлар. Турбо Паскаль компиляторлік тілдер құрамына кіреді.
Программалау тілі стандартқа қарағанда кеңейтілген мүмкіндіктерімен, операциондық жүйенің мүмкіндіктерін қолдана алатын, оверссызықты құрылымдарды құрастыратын, еңгізу-шығаруды ұйымдастыратын графикалық суретті құратын жақсы дамыған модульдердің қорымен және т.б. белгілі.
Программалау ортасы программлардың мәтіндерін құруға, оларды компияциялауға, яғни құрастыруға, қателерін тауып, оларды жедел түрде дұрыстауға, стандарт модульдерді қоса отырып, программаны бөлек бөлшектерден құрастыруға, кейінгіге қалдырылған программамен жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PS - ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.
Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі саналық инфорциямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:
oo Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді;
oo Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте - бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;
oo Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;
- Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
- Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді;
- Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады.
Турбо Паскальда жұмысты бастау
Турбо Паскальдың интегралдық ортасы пайдаланушының сұраныстарын операциялық жүйесіз-ақ қамтамасыз етеді.
Интегралдық ортаға кіру. DOS-тың командалық қатарында C:\TP\TURBO EXAMPLE1.PAS (ТР-әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде Example1.pas жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00.pas- стандартты атауы тұрады.Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып-өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордың шықпай-ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз.
Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептелінеді. Жоғарғыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез-келген терезені белсенді етуге болады.
Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезеге программа мәтіні симаса, онда оны PgDn (алға), PgUp (кейін қарай)пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.
Программаны сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда ТР файл атауын енгізуді сұрайды. F2пернесін әрдайым басып отырған жөн.
Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесін басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса "Compile successful. Press any key" хабарламасы шығады.
Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі ашылады). Редакторға қайта өту үшін кез-келген литерлік перне шертілуі керек.
Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+ F пернелерін шертіп, пайда болған "File" мәзірінен "save as ..." қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example1.pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.
Файлды ашу. ТР-да дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару (файлды ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады. Алдымен енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады. Мысалы, сақталған Example1.pas файлын ашу үшін a:\Example1.pas теріп, Enter пернесін басу керек.
Жаңа экранды ашу. ALT+F пернелерін басып, File мәзірінен New қатарын таңдалынған жағдайда жаңа экранда бос файл Nonamexx атымен пайда болады. Мұндағы хх-цифрлар.
Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, "File" мәзіріндегі "Print" қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып шығады.
Турбо Паскальдан шығу. ALT+Х пернелерін басу арқылы орындалады. Егер ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама шығады.
BASIC программалау тілі туралы мағлұматтар
BASIC (beginners All- purpose Symblic Instuction Codt-әуесқойларға арналған көп мақсатты символдық тіл) праграммалау тілі алғаш рет 1985 жылы АҚШ-та жасалған. Бұл тіл қазіргі кезде өзінің өте қарапайымдылығына байланысты дүние жүзіне көп таралған тілдердің бірі. Ол оңай әрі жеңіл меңгерілетіндігімен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге компьютермен адам арасындағы қарым- қатынасты диалог түрінде жүргізуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы тіл болып саналады. Сондықтан да бұл тіл қазіргі кезде шығарылатын барлық дербес компьютерлерге кеңінен қолданылады.
1985 жылы орта мектептегі Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәні ендірілгеннен кейін оқушыларды праграмалау тіліне үйрету үшін BASIC тілі таңдалынып алынды. Балаларды оқыту және білім беру тұрғысынан қарағанда BASIC тілі дидактикалық бағыттағы тіл болып саналады. Бұл тілді оқушылар ана тілін меңгергендей жеңіл меңгереді. Алдымен оқушылар алфавитпен танысып әріптерден сөздер құрастырады, әрбір сөздің мағынасына көңіл бөледі.
1.2 Программалау тілдерінің жіктелінуі
Жалпы барлық программалау тілдерін келесі схема бойынша топтауға болады:
Н.Вирттің ойынша Си тілі бағдарламалау тілінде жоғарғы теңеуге сай болуы керек делінген:
1.Жүйелік концепцияны дәл анықтауға және құрылымдар бағдарламасына мүмкіндік береді.
2.Жүйелік бағдарламаның жұмысын іске асыруға мүмкіндік береді.
3.Бағдарламалау тілдеріне байланысты терулер мен иілгіш деректер құрылымы және конструкцияны бағыттауға , эффектифті іске асыру мүмкіндігін көрсетеді.
4.Машинаға тәуелсіздігін пайдалану бағдарламалау тілінің иілгіштік деректер құрылымдарымен және конструкцияларымен бағыттау үшін трансляторларды орындау әртүрлі бағдарламалау тіліндегі әкелім жоғарғы ыңғайлы оқу верифицируемді және ысырапсыз эфектифті сенімділіктермен ұйқасын көрсетеді.
5.Әдістерді жақсы түсінуге көп бағдарламалық ұйымдар себепші және программисттердің жобаларының әдістемелік бағыттаулары.
6.Даму құралында диагностикалық қате болу және осы себептер үшін жайлы тәсіл бағдарламалауды оқу болып табылады.
1.3 Объектіге бағдарланған программалау тілдері
Объектіге - бағдарлы (ОББ) тәсілдерінің негізінде берілгендерді және оларға орындалатын іс - әрекеттердің жиынын бір құрылымға біріктіру ойы жатыр. Берілгендерді өрістері, орындалатын әрекеттерді іске асыратын ішкі программаларды әдістері деп атайды.
Object Pascal құрамына өрістерді, әдістерді және қасиеттерді біріктіретін арнайы түр - класс ендірілген. Класс құрамына берілгендер мен берілгендерге орындалатын әрекеттер жиыны кіреді.
ОББ тәсілдері инкапсуляция, иемдену және полиморфизм ұғымдарына негізделген.
Инкапсуляция, дегеніміз - берілгендерді оларды басқаратын процедура және функциялармен қатар қолдану. Осындай қатарластырудың нәтижесінде берілгендердің жаңа түрі - объект пайда болады.
Иемдену - алдын ала анықталған объектілерді пайдалану арқылы олардың туындыларын құрастыру мүмкіндігі. Кез келген класс алғы буын класының туындысы ретінде анықталуы мүмкін. Осындай туынды алғы буынның өрістерін, әдістерін және қасиеттерін иемденеді. Осы сәтте иемденген берілгендерді, әдістерді және қасиеттерді анықтаудың қажеті жоқ, оларды бірден пайдалануға болады.
Полиморфизм - кластың барлық объектілеріне қолдануға болатын аты бірдей әрекетті анықтаудың мүмкіндігі, сонымен бірге әр объект осы әрекетті өзінше орындайды. Объектке - бағдарлы тәсілдері айтарлықтай күрделі есептердің программаларын құрастыруды жеңілдетеді және программаның кодын қайталап қолдануға мүмкіндік тұғызыды.
Кластың құрылымы және оны жариялау
Жалпы ОББ тәсілдерінің ерекшелігі - алдын ала құрылып қойылған объектілерді қолдану және де сол объектілердің көптеген туындыларын пайдалану болатындығы.
Кластың құрамындағы өрістер кез келген түрде болуы мүмкін. Кластың құрылымы арнайы бекітілген Class сөзімен басталады, сонан кейін жақшада осы кластың тікелей алғы буыны көрсетіледі. Ары бөлек жол түрінде өрістері, әдістері және қасиеттері көлтіріледі және соңында End тұрады.
Классқа сәйкес типті объекті тип деп атайтын боламыз:
type
TMyObject = class(TObject)
MyFіeld: Іnteger;
functіon MyMethod: Іnteger;
end;
Объект
Объектіге жадыдан орын бөлу арнайы кластың құрастырушы әдісі арқылы орындалады, әдетте оның аты Create. Құрастырушының маңызын және бет алысын көрсету үшін кластың сипттасасында procedure сөзінің орнына Consructor деген сөзді көрсетеді.
Мысалы, жоғарыдағы сипаттаманы өзгертейік:
TPerson = class TPerson - кластың аты
Prіvate
Fname: іnteger; 1 - ші өрісінің аты
Faddress: strіng[35]; 2 - ші өрісінің аты
Constructor Create; құрастырушы
Publіc
Procedure Show; Show - әдісі
End;
Объектілер қалай құрылады және жойылады?
Объект конструктор деп аталатын арнайы тәсілдің негізінде пайда болады да, басқа бір тәсіл- деструктордың көмегімен жойылады:
AMyObject := TMyObject.Create;
{ құрылған объектіге қолданылатын амалдар }
AMyObject.Destroy;
Класстың бірнеше конструкторы болуы мүмкін. Конструктордың жалпы аты create. Деструктордың типтік аталуы -- Destroy.
type
TMyObject = class(TObject)
MyFіeld: Іnteger;
Constructor Create;
Destructor Destroy;
Functіon MyMethod: Іnteger;
end;
Өрістер, қасиеттер және тәсілдер
Класстың өрістері - класстың ішінде сипатталған айнымалылар. Олар класстың объектісінің жұмысы барысында деректерді сақтауға арналған.
Класстың сипаттамасында өрістер тәсілдер мен қасиеттерден бұрын келуі керек. Әдетте өрістер класстың ішіндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Деректер алмасу үшін класста қасиеттер қолданылады. Қасиеттерді сипаттау үшін класста property сөзі қолданылады.
Мысалы, қосымша терезесіндегі қарапайым батырманың түс, өлшем, алатын орны сияқты қасиеттері болады. Қасиеттер сыртқы ортамен дерек алмасуды қамтамасыз етеді.
Сондықтан оның мәнін пайдалану үшін класстың арнайы тәсілдері пайдаланылады. Әдетте қасиет үш элемент арқылы анықталады: өріс және оқужазуды жүзеге асыратын екі тәсіл:
type
TAnObject = class(TObject)
functіon GetColor: TSomeType;
procedure SetColor(ANewValue:
TSomeType);
property AColor:
TSomeType read GetColor wrіte
SetColor;
end;
Егер қасиет тек оқылатын немесе жазылатын болса, онда оның сипаттамасында сәйкес тәсіл жазыла алады:
type
TAnObject = class(TObject)
property AProperty: TSomeType
read GetValue;
end;
Объектінің берілгендеріне орын бөлу - құрастырушы Create әдісін қолданудың нәтижесін меншіктеу арқылы орындалады, мысалы:
Proff:=TPerson.Create;
proff объектінің берілгендеріне қажетті орын бөлу
Сонымен қатар, Consructor көмегімен объектінің берілгендеріне бастапқы мәндерін меншіктеуге, яғни объектіні инициялизациялау әрекетін орындауға болады:
Constructor TPerson Create;
Begіn
fname:=' `;
faddress:=' `;
end;
Енді объектіні жариялап, инициялизациялаудан кейін оны пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылғандай, объектінің өрісіне қол жеткізу үшін объектінің және өрістің атын көрсету керек (арасында нүкте тұрады). Мысалы, Proff.fname. Егер белгілі бір объект ары қолданылмаса, онда жадыны босатуға болады. Осы әрекетті орындау үшін Free - деструктор әдісін қолдану керек, мысалы:
Proff.Free;
Әдістер
Кластың әдістері (кластың анықтамасындағы көрсетілген процедуралар және функциялар) осы кластың объектілерімен жұмыс атқарады. Әдісті қолдануда объектінің атын және әдістің атын нүктемен ажыратып көрсетеді. Әдісті объектке қолдану - процедуранын шақырылуына ұқсас. Кластың әдістерін анықтау әдеттегі процедуралар және функциялардың анықталуымен бірдей, тек әдістің процедурасының
және функцияларының аты күрделі болып екі бөліктен тұрады: иесінің - кластың атынан, нүкте және әдістің атынан.
Инкапсуляция және объектінің қасиеттері
Инкапсуляция деп объектінің өрістеріне оның әдістері арқылы қол жеткізу үшін объектінің өрістерін жасыруды атайды. Delphі ортасында объектінің өрістеріне қол жетерлік мүмкіндіктерін шектеуді оның қасиеттері арқылы анықтайды. Объектінің қасиеті оның мәнін сақтайтын өрісімен және осы өріске қол жетерлік мүмкіндіктерін анықтайтын екі әдіспен сипатталады. Қасиеттің мәнін орнатуды қасиеттің мәнін
жазу (Wrіte) , ал қасиеттің мәнін қайтару - қасиеттің мәнін оқу (Read) әдістерімен орындалады. Кластың анықтамасында қасиеттің атының алдына Propertіes сөзі, оның түрі және осы қасиетке қол жетерлік мүмкіндігін қамтитын әдістің аты орналасады.
Иемдену
ОББ - ның иемдену қасиеті бұрыннан анықталған кластарға жаңа өрістер, әдістер және қасиеттерді қосу арқылы туындыларын құрастыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге жаңа буын өз "иесінің" барлық өрістерін, әдістерін және қасиеттерін иемденеді.
Туындысын жариялағанда алғы буынның атын міндетті түрде көрсету қажет. Мысалы, қызметкерлер класын TEmpl жоғарыдағы қарастырылған TPerson класына FDep (бөлім) деген өрісті қосу арқылы анықтауға болады.
Protected және prіvate нұсқаулары
Клас элементтерін (өрістері, әдістері және қасиеттері) жариялаумен қатар әдетте кластың анықтамасына protected (қорғалған ) және prіvate (жасырылған) нұсқауларын келтіреді. Бұл нұсқаулар кластың элементтеріне кол жетерлік мүмкіндігін анықтайды.
Protected арқылы анықталған элементтерді тек олардың туындыларынан көруге болады. Қол жетерлік аймақ кластың анықтамасы орналасқан модульмен шектелмейді. Әдетте Protected бөлімшесіне кластың әдістер анықтамасын орналастырады.
Prіvate арқылы анықталған элементтер тек модульде белгілі болып саналады. Осындай сипатталған элементтерге модульден тыс және кластардың туындыларынан қол жеткізуге болмайды. Әдетте Prіvate бөлімшесіне кластың өрістерінің сипаттамаларын орналастырады, ал осы өрістерге қол жеткізу үшін қолданылатын әдістер анықтамасын Protected бөлімшесінде орналастырады.
1.4 Логикалық программалау тілдері
1991жылдан бастап (OMG)-ны қабылдау CORBA индустриалды стандартты версиялар және оның инфрақұрылымымен байланысқан стандарттар тізімі, сондай-ақ CORBA технологиясын белсенді тәжірибелік енгізу, объектке-бағытталған құрал-саймандық технологиясы пайдаланатын интероперабелділікті қамтамасыз етер еді, бұл стандартты CORBA архитектурасына сүйенуші жүйені құруды қолдайтын, негізгі технология болатын, моделдеу тілінің стандартын өңдеу қажеттілігін танып білу қолданушылар мен өңдешілердің қызығушылығын туғызбай қоймады. Осындай мақсатпен қабылданған OMG күшейтілу нәтижесінде 1997жылы қыркүйекте Унифицирленген моделдеу тілі (UML) аталған тіл стандарты бекітілді. 1994жылдың аяғында Rational Software Corporation-тен Буч және Рэмбо OMT (Object Modeling Technique)және Буч әдісінің бірігуімен олардың жұмыстарын бастағанда UML-ді өңдеу басталды. 1995 жылы қыркүйекте OOSE (Object-Oriented Software Engineering) әдісі көлемінде оларды интегралдау үшін әдістерідің бірігуі бойынша осы күшпен Ивар Якобсон және оның Objectory компаниясы Rational Software-ге қосылды.
Ал логикалық программалау тілдері PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының есептерін шешуге арналған. LISP тілін 50-інші жылы Д.Макартни символдық информацияларды өңдеуге арнап құрды. LISP тілінің мәліменттерінің негізгі құрылымы тізімдер, тізімнің элементтері атомдар. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық жаңа объектілерді құру мүмкіндігі, объект есебінде программаның өзі де қатыса алады.LISP тілі және оның модификациялары символды өңдеуге арналған бағытталған программалық бөлімді құруға кең қолданады және қазіргі кезде көптеген тиімді компиляторлары бар.
70-жылдары Lisp тілінің негізінде құрылған Prolog тілі логикалық программалау тілі болып табылады. Prolog программасының негізгі элементі атом болып табылады және жеке объектілер арасындағы қарапайым қатынастарды көрсетеді, басқа программалау тілдеріне қарағанда атом түсінігінің мағыналық мәні басқа. Тіл тек сипаттамадан тұрады және инструкциялары жоқ, яғни процедуралы емес. Әр Prolog программа сөйлемдер жиынынан тұрады, яғни жәй тұжырымдар немесе импликациялар. Prolog тілінің базасында эксперттік жүйелер, білімді көрсететін жүйелер, білім базасы және жаратылыс тілдерін өңдейтін жүйелер құрылады. Prolog тілінің негізіне математикалық логика элементтері қолданылады. Программа объектілер арасындағы қатынас терминдері арқылы сипатталады. Логикалық программалау тілдерінің жетістігі параллель программалау принципі қолданылады. Prolog тілінің көптеген танымал модификациялары бар, оның ішінде ең көп тарағаны - Borland фирмасының Turbo Prolog программалау жүйесі. Жасанды интеллект мәселесіне арналған жаңа логикалық және функционалды программалау тілдері құрылуда, мысалы, DURAL, VALID тілдері.
1.5. Объектілі - бағдарлы программалау принциптері
Программаны дайындау барысында Visual Basic модульдің Interface бөліміне формаға енгізілген компоненттер мен оқиғасы таңдалған әдістерді сипаттауды автоматты түрде енгізеді, әдістерді іске асыру нұсқаулары модульдің implementation бөліміне қолдан жазылады.
Жалпы, Visual Basic - де класс деп өзіне даналарды дайындау үшін үлгі түрінде алынатын, толық түрде дайындалған программа үзіндісін де атайды. Программалаушы бұрын дайындалған класс данасының көшірмесін түрлі программаларға не бір программаның түрлі жерлеріне енгізіп, программалауды және оның көлемін көп жеңілдетуіне болады.
Объектілі - бағдарлы программалауда класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принциптері енгізілген.
Мұрагелік - программада негізгі класс типтерінің туынды иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы, автомобиль жеңіл және жүк машинасы болып бөлінеді. Олардың жұмыс істеу жағдайына байланысты, сипаттамаларына ортақ және бөлек өрістер, қасиеттер мен әдістер енгізілуі мүмкін. Әр қайсысында тип элементтерін толық сипаттау үнемді емес. Бірінің типін аталық етіп қабылдап, екіншісіне қосымша қасиеттерді енгізу жеткілікті.
Мұрагерлік бірнеше маңызды қызметті атқарады: пән аймағының тұжырымдық құрылымын модельдейді;әртүрлі кластарды тапсыру үшін оларды көп рет пайдалану мүмкіндігін беру арқылы сипаттауды үнемдейді;кластарды көп ретті нақтылау жолымен ауқымды жүйелерді қадам бойынша программалауды қамтамасыз етеді.Обьектінің аты,оқиғасы және мүмкін тәсілдер жиынтығы болады.Оқиға айнымалылар жиынымен және олардың белсенді мәндерімен анықталады.Тәсіл-бұл обьектінің басқа обьектілермен байланыстыжолға қоятын жаңа оқиғаныалу амалдары.Обьектімен байланысқа түскенде оның аты, қолданылатын тәсілі және осы ұсынылған тәсіл үшін қажетті мәндердің кейбір жиынтығы көрсетіледі.Обьектінің жағдайына ену хабарлар жіберу жолы тәсілімен іске асырылады.Мұрагерлік векторлық графика редакторында бейнелеу графикалық қарапайым объектілерден тұрады,графикалық объектінің бірі нүкте классы .Нүктелер класында әр түрлі объектінің белгілі бір қасиеті бар.Оларға сәйкес операторлар жүргізуге болады.Шеңбер классының барлық объектілері нүктелер классының қасиетінің мен операторлары енгізіледі.
Нүктелер классы деп-ата-ана деп,ал шеңбер классы деп-ұрпақ классы деп аталады.Бұл мұрагерлік программалау тілдеріне :Visual Basic,Delphi,C++ Builder. т
Инкапсуляция (ішінде,біртұтас ). Класс өрістер, қасиеттер және әдістердің бірлігінен тұрады. Оларды біртұтас түрінде қарастыру инкапсуляция деп аталады. Әр класс аяқталған толық бір іс - әрекетті бойында сақтайды. Мысалы, T Form класы өз бойында Windows терезені дайындау үшін барлық қажеттілерді ішінде сақтайды. Кластың мұндай принципі өзінде инкапсульдайды делінеді. Класта инкапсульданған процедура мен функциялар - әдістер. Полиморфизм (көп түрлілк) - мұрагер кластарының аталық класқа енгізілген әдіс атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген ұқсас есепті шешуіне болатындығы, яғни түрлі кластарда түрлі әрекеттерді орындайтын әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі.
1.6. Visual Basic объектіге бағытталған бағдарламалау жүйесі туралы түсінік
Бейсик, Паскаль сияқты дәстүрлі программалау тілдерінде күрделі, үлкен программаларды дайындаудың кемшілігі-ол үшін программалаушылар тобының көп күш жұмсауы қажет болатын. Программалауды жеңілдету үшін 80-жылдары объект, класс (object, class).Ұғымдары енгізіліп, объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) тәсілі негізге алынды. Объектілі - бағдарлы программалау Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрі. Ол берілгендерді белгілі бір абстракциялық деңгейде көрсетіп, модульдік программалауды пайдаланады. Мысалы, Visual Basic программалау жүйесі объектілі программалау тәсілін пайдаланып, Qbasic тілі негізінде визуальды түрде құрылған. Объектілі программалаудың ыңғайсыздығы - онда дәстүрлі программалау тәсілдері пайдалана берілмейді, бірақ ондағы көп қиындықтар арнайы тәсілдері пайдалана арқылы тез шешілген.
Объектілі - бағдарлы программалау тілінің дәстүрлі программалау тілдерінен өзгешілігі - онда, өрістерге қоса, мынадай ұғымдар негізге алынған : класс, объект, өңдеу әдісі, объект қасиеті және оқиға.
Өрістер - Турбо паскальдағы жазу (record) типінің өрістері сияқты;
Қасиеттер - объект сипатаммалары ;
Әдістер - класының өрістері мен қасиеттерін өңдейтін процедуралар мен функциялар;
объект - түрлі мәндердің қасиеттерімен әдістердің жиынтығы;
оқиға - объект жағдайының өзгеруі.
Класс - өрістер, қасиеттер және әдістердің бірлігінен тұратын тип, не, жалпы түрде , өңдеу әдістері не қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер (нысандар) жиынтығы. Жүйе объект үшін жадтың динамикалық облысынан арнайы орын қалдырады. Яғни, шын мәнінде, объект жай айналмалы емес, ол -жадтың динамикалық облысының кездейсоқ адресін сақтайтын көрсеткіш. Бірақ программада оған Турбо Паскальда пайдалынатын көрсеткіш белгісі(^) енгізілмей жазылады.Объект құрылған кезде автоматты түрде конструктор (constructor) деп аталатын әдіс шақырылып, ол объектіні динамикалық облыста орналастырады, динамикалық жадтан объектіні арнайы деструктор (destructor) әдісі жояды.
Cонымен, объектілі - бағдарлы программалауда пайдаланылатын объект сөзінің екі мағынасы бар :Нақты объект (мысалы, геометриялық дене, формада орнатылған компонент, т.б.) және айнымалы (абстрактты, дерексіз объект). Delphi - де екінші объект нақты класс данасын анықтайды.
Класқа иерархиялық кластардың енуі де мүмкін. Мысалы, геометриялық фигуралар класы жазық фигуралар және кеңістік фигуралары болатын екі ішкі кластық фигураларға бөлінеді. Ал жазық фигуралар класы төбелері бар және төбелерсіз болып екі ішкі класқа бөлінеді. Объектілі программалауда барлық кластар иерархиялық түрде негізгі TОbject класынан тарайды. Әдетте негізгі класты аталық, бағыныңқы кластарды туынды не сәбилік кластар деп атайды. Әр ұрпақ өзінің аталық класының мүмкіндіктерін қабылдайды. Мысалы, T Object класының Greate әдісі барлық туынды кластарға тиісті.Әр ұрпақ өзіне қосымша жаңа мүмкіндіктер қосып,келесі ұрпақтарға беруі мүмкін.
Delphi - де класс атауын Т әрпінен бастау келісілген. Формаға енгізілген компонент данасы сандық индекс қосылған класс атауын алады.
Туынды кластың сипатталу түрі:
type
туынды класс атауы = class( негізгі класс атауы );
класс мүшелерінің тізімі
еnd ;
v a r объект : класс атауы ;
мұндағы класс мүшел рі - өрістер, қасиеттер және әдістер.
Мысалы, type
TForm1=class (T Form)
Button1: T Button;
Label1: T Label;
Procedure Button1 Click;
end ;
v a r Form1: TForm1; TForm1 = class жазуы T Form класының үлгісімен құрылатын жаңа TForm1 класын анықтайды. Form1: TForm1 жолындағы Form1 айнымалысы - класс данасы.
2. ОРТА МЕКТЕПТЕ ПРОГРАММАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Компьютерлік бағдарламалау тілдерін оқыту әдістемесі
Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жен. Алгоритм сезі IX - ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық ұлы ғалым, математика Әл-Хорезмидің есімімен тікелей байланысты. Ол кісінің арифметикаға және теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуге қатысты Әл-жебр ва мукабалама деген ұлы еңбегі болған. Бұл жұмыста теңдеуді шешу үшін белгілі әдіс-тәсілдерді кезең-кезеңімен орындау кректігі баяндалған. Ал алгортм легеніміз белігілі бір нәтижеге жету үшін арнайы кезеңдерді орындау реті дегенді білдіреді. Сонымен Әл-Хорезми сөзі латынша Algorithmi деген сөз екен. Алгоритм программа құрудың әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүлбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек. Бағдарламалау тілі мұғалім мен оқушының есепті шығару құралы. Көптеген есептер осы арнайы жазылған бағдарламалар көмегімен орындалады. Бағдарламалау тілінің мынадай кең тараған түрлері бар: Бейсик, Паскаль, Дельфи және т.б. Бағдарламалау тілі тарихы. 1954 жылы математикалық формулаларды (FORmula TRANslator) машиналық кодқа түрлендіруге арналған алғашқы бағдарламалық тіл - Фортран жобасы жасалды. 1960 жылдар математикалық және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған Алгол-60 тілі жазылды. Одан кейінгі жылдары экономикалық есептерді шығаруға арналған Кобол (Comman Bussinness - Opiented Language), Корал, Бейсик (BASIC - Beginners All-pyrpose Symbolic Instruction Code) тілдер, APL (A Programming Language), ЛИСП тілдері жасалды. Сосын Р11 (Programming Language), PLM, PLZ, MPL (Multyporpose Programming Language) бағдарламалары дайындалды. Микро ЭЕМ-де Паскаль (Philips Automatic Seguence Calculator - PASCAL) тілі кең қолданысқа ие болды [1-7].
Қазіргі кездері VISUAL BASIC, DELPHI тілдерінің ролі айрықша орын алуда.
Программалау тілдерінің шығу тарихының схемасы
1946- Планкалкюль
Қысқаша код
Ассемблер
1951-А-0
1953Автокод 1955Жылдам кодтау
1956-А-2
1957-Флоу-мәтик, ИПЛ-1
1958-Мат-Мәтик, Фортран
1959-Алгол-58
1960-АПТ, ЛИСП, Кобол, Бейсик, Алгол, -60, Джовиал
1964-ПЛІ Бейсик
1965-Алгол-\Ү
1967-Лого
1968-Алгол-68
1969-АПЛ
1970-Паскаль
1971-Форт
1972-Пролог, Си
1979-Ада
1980-Смолтак
1981-Модула
1994-Delphi 1.0
1995- Delphi 5.0
2001-Delphi 6.0
Бейсик тілін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы
үйренушілер үшін жасалынды. Бейсик сөзі ағылшынша Beginner All purpose Symbolic Instruction Code (BASIC) - қазақшасы көпшілікке қолдануға арналған тіл.Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл тіл. Өйткені 10-15 нұсқаулар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.
Паскалъ тілі. Паскаль тілін Н.Вирт жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын мектептерге Турбо Паскаль тілдері енгізілді. Турбо паскальдің 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр. Қазіргі кезде ІВМ (Internationall Business Machiness - стандартная деловая машина) фирмасы жасаған дербес компьютерлерде кең қолданылады. Есептеу қуралдары: Көпшілік авторлар сұхбатты есептеу құралы ретінде электрондық кестені қолдану керек деп санайды. Бірақ бұл формуланы ұяшықтарға жазуды талап етеді,оның үстіне бұл жүйені меңгеру мен т.б. жұмыстарда тиімсіздік танытады. Бейсиктің ролі айрықша екендігі бәрімізге белгілі, ейткені ол меңгеруге оңай қарапайым тіл. Бейсик тілі қаншалықты ескіргенімен, келешекте қолданылмағанымен де біз осы тіл арқылы есептеу жүргізу тәсілдерін үйренуіміз қажет.
Оқыту әдісі мен түрлері. Сұхбат бұйрықтарын меңгеру тікелей формуланы қолдана отырып, практикалық есептеу арқылы жүзеге асады. Алдыменен мұғалім нұсқау дайындап алып, оның бір үлгісін оқушыларға компьютерде орындап керсетеді. Содан кейін оқушылардың барлығы зертханалық жұмыстарды орындауға көшеді. Бұл тілді калькулятор ретінде де қолдануға болады. Тақтаға қажетті терминдерді, бұйрықтарды, кілтті сөздерді жазып мысалдар келтіру керек. Атап айтқанда, енгізу, шығару,арифметикалық операциялардың орындалу барысын, түбір, тригонометриялықфункциялардың және т.б. Бейсик тілінде жазылу үлгілерін көрсеткен жөн.Сонымен бірге, оқушылар үйге тапсырмаға өздерің тұрған бөлмелеріңнің ауданын есептеңдер деген тапсырма беруге болады.
Білімді жалпылау. Оқушылардың алған білімін қорытындылау сұрақтар әзірлеу керек.
Алгоритмдеу және программалау мазмұндық сызығы бойынша оқушылардың біліміне және дағдысына қойылатын талаптар
Оқушылар білу керек:
- Алгоритм деген не; басқару жүйесіндегі алгоритмнің ролі қандай;
- Алгоритмнің жазылу түрлері: блок-схемалар, алгоритмді оқу тілдері;
-Алгоритмдық конструкция негізі: ізділік , тармақталу, цикл, алгоритмнің құрылымы.
- Көмекші алгоритм - күрделі алгоритм құру технологиясы.
- Информация өндеу алгоритмдегі шаманың негізгі қасиеті:атау, тип, шаманың мәні, меншектеудің мағынасы не екенін.
-Программалау тілдерін анықтау;
- Жоғары деңгейдегі программалау тілі мен машина-басқармалы тілдің айырмашылығы неде екенін.
- Жоғары деңгейдегі программаның бір тіліндегі мәліметтер жөніндегі тәртіпті білу .
- Негізгі оператордың жазылу тәртібін енгізу , шығару, меншіктеу, циклдау, тармақтау.
- Программаның жазылу тәртібін
- Трансляция деген не екенін
- Программалау жүйесін анықталуын
- Программа жасалған этаптың мазмұнын білу: алгоритмизациялау- кодтау- жөндеу- текстілеу.
Оқушылар мыналарды істей білу керек:
- Блок - схема тілінде жұмыс істеу білу, оқу алгоритм тіліндегі алгоритм мағынасын түсінуі керек.
-Анық орындаушы үшін транссировка алгоритмін орындау.
-Бір орындаушының басқаруымен қиын емес сызықтық, тармақталу және циклдық алгоритм құру.
-Есепке мындай шарт қою: көмекші алгоритмді анықтау және қолдану.
- Қарапайым программалар құру
- Диалог құрылуын программалау.
- Ортада программалаудың бір жүйесімен жұмыс істеу Мыс. Турбо Паскаль;
- Программаға жөндеу және тестілеу енгізу.
Алгоритм түсінігін қалыптастыру әдістемесі
Информатиканы оқытудың стандарты мен міндетті минимумында алгоритмдеу сызығының мазмұны төмендегі ұғымдар тізбегі арқылы анықталады: алгоритм, алгоритм қасиеттері, алгоритмді орындаушылары, орындаушының командалар жүйесі, алгоритмді форм альді орындау, алгоритмнің негізгі құрылымдары, көмекші алгоритмдер.
Алгоритмдеу ұғымын мектеп информатикасында оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
біріншісі - дамытушылық аспект, яғни оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетінің дамуы;
екіншісі - программалық аспект.ЭЕМ үшін программа құру, алгоритм құрудан басталады; программистің кәсіби біліктілігі оның программистік ойлау қабілетінің жоғарылығына байланысты.
Информатиканы оқытудың алғашқы сатысында алгоритмдік аспектіге көбірек көңіл бөлініп, програмалаушылық аспект срның көлеңкесінде қалып қойған еді. Қазірдің өзінде информатиканың базалық курсында программалау тақырыбы әлі де талас туғызуда. Міндетті минимумның әртүрлі нұсқасында бұл мәселе әр қырынан қарастырылған.
Мектепте программалау тақырыбын оқытудың бірінші аспектіс информатика курсының фундаментальды компонентінің артуымен тікелей байланысты. Оқушыларға программалау тілдері, жоғарғы деңгейдегі программалу тілдерінде программа жазу дегеннің не екендігі, қазіргі кезеңдегі программалау орталарында программа қалай жасалатыны жайлы алғашқы түсініктер беріледі. Оқушыларда машиналық командалар мен жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері түсінігі қалыптасқан соң, олар трансляция ұғымын түсіне бастайды.
Екінші аспект бағдар беруші сипатты білдіреді. Программист қазіргі кезде ең көп таралған және беделді мамандық. Мектеп курсында программалауды жақсы үйренген оқушының осы мамандыққа деген қызығушылығы артуы мүмкін. Сол себепті, бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы - жоғарғы сыныптардағы бағдарлық курста оны ары қарай жалғастыру. Алгоритмдеу және программалау мазмұндық сызығы екі бағыттан тұрады: алгоритмдеу бағыты және программалау бағыты.
2.2 Алгоритмдеу және программалау мазмұндық сызығын оқыту
әдістемесі
Бұл бағыттардың Шамалармен жұмыс алгоритмдері блогынан басталатын ортақ бөлігі бар. Алгоритмдеу және программалау мазмұндық сызығын оқыту әдістемесінің негізі құрылымдық программалау әдістемесі болып табылады.
Тақырыпты оқытуда қарастырылатын сұрақтар:
- Алгоритм анықтамасы.
- Алгоритм қасиеті
- Алгоритм есептерінің типтері(түрлері).
Алгоритм анықтамасы және қасиеті.
Алгоритм деп - бастапқы берілгендер арқылы нәтижеге жеткізетін орындаушыға командалар тізбегі түрінде түсінікті және нақты берілген нұсқаулар.
Бұл анықтамада алгоритмнің басты түсініктемесі мен қасиеті сипатталған. Бұл жүйенің орталық объектісі алгоритмді ОРЫНДАУШЫ болып табылады. Орындаушы - басқару үшін алгоритм құрастырылатын объект (немесе субъект).
Басқару жағынан алып қарағанда Орындаушының негізгі сипаттамасы орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) деп есептелінеді. Бұл орындаушы түсінетін және орындай алатын командалар жиыны. Кез келген есепті шешуде жұмысты орындау үшін ,орындаушы, алдымен алгоритм мен алғашқы деректерді алады,ал соңында есептің нәтижесі алынады.
2.1сурет.Орындаушы және алгоритм ара қатынасы көрсетілген.
Алгоритмде тек ОКЖ - ның құрамына кіретін командалар ғана болады.
Алгоритмнің бұл қасиеті - түсініктілігі деп аталады.
Алгоритмнің келесі бір қасиеті - дәлдік.Әрбір команда атқарушы әрекетінің бірізділігін анықтау үшін құрылу керек. Мысалы, аспазды атқарушы ретінде алып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz