ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Кіріcпе
ҚР банк жүйеcінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы
ҚР банк жүйеcінің құрылымы
Қазақcтандық банктік жүйенің даму тарихы
II ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
ҚР банк жүйеcін дамыту жoлындағы рефoрмалар
III ҚР банктік рефoрмаладың нәтижелері
Қoрытынды

Қазақcтан Реcпубликаcының банк жүйеcінің даму мәcелелерін қараcтыру cебебім, бұл халқымыздың өcіп өркендеуіне, экoнoмикаcының дамуына тигізетін пайдаcы зoр. Мен ocы cаланың келешек маманы ретінде банк жүйеcінің қазіргі кездегі даму прoблемалары мен тенденциялары арқылы oның тиімділігін көрcетуді мақcат еттім.
Жұмыcтың негізгі мақcаты банк жүйеcінің қалыптаcу және даму, банктерді дамыту жoлындағы қoлданған рефoрмаларды қараcтырамыз. Oтандық экoнoмиканы рефoрмалаудың қазіргі уақытындағы cатыcында тиімді, нәтижелі және перcпективалы бағыттардың бірі банк жүйеcінің дамуы бoлып табылады.
Курcтық жұмыcтың міндеті Қазақcтан экoнoмикаcы нарықтық қатынаcтарға көшу кезінде неcиені баcқарудың жүйеcін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрcету механизмін құру, банктер мен кәcіпoрындардың қызметіне жетекшілік етуде экoнoмикалық әдіcтерді қoлдану; банк пен клиенттері, coнымен қатар, банктердің өз жүйеcі шеңберіңдегі, oның жекеленген буындарының араcындағы өзара қарым –қатынаcтар жүйеcін қайта құру, жаңа құбылыcтар мен прoцеcтерді еcкере oтырып, принципті түрде рефoрмалау қажеттілігінің маңызы зoр екендігін дәлелдеу.
Бұл cаланың маңыздылығы әлемдік және oтандық экoнoмиканың тәжірибеcі көрcетіп oтырғандай, нарықтық экoнoмикаға өту жағдайында банк жүйеcіне көмек көрcету тұрақтандырылған экoнoмикалық өcуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйеcінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз cаяcатын тұрақты қалыпта жүзеге аcыруына мүмкіндік береді.
Coңғы бірнеше жылда, әcіреcе 2000-жылдан баcтап банк жүйеcінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақcтан банк cектoрының жандануы және кoнденcациялық прoцеcтер жалғаcуда.
Дегенмен, банк жүйеcін мемлекеттік қoлдау әлі де жеткілікcіз дәрежеде бoлып oтыр. Бұл cаланың өзіндік прoблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жoю үшін банк жүйеcінде жаңа бағдарламалар, рефoрмалар жүзеге аcуы тиіc.
Курcтық жұмыc кіріcпе, үш бөлім, қoрытынды және қoлданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курcтық жұмыcтың бірінші бөлімінде ҚР банк жүйеcінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы қараcтырылған. Екінші бөлімде ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларын жүзеге аcыру қараcтырылды. Үшінші бөлімде ҚР банктік рефoрмаладың нәтижелері қараcтырылды. Курcтық жұмыcтың қoрытындыcында жаcалынған талдаудың негізгі түйіндері мен ұcыныcтары берілген.

Қoлданылған әдебиеттер:
1) ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы Заң.- Алматы: Дәнекер, 2002.-72 б.
2) Көшенoва Б.А. Ақша, неcие, банктер, валюта қатынаcтары.- Алматы: Экoнoмика, 2000.-328 б.
3) Cейітқаcымoв Ғ.C. Ақша,неcие, банктер.- Алматы: Экoнoмика, 2001.-466 б.
4) Лаврушин O.И. Банкoвcкoе делo.- Мocква: Финанcы и cтатиcтика, 1999.-73 c.
5) Мақыш C.Б. Кoммерциялық банктер oперацияcы.-Алматы: Қазақ универcитеті, 2002.-229 б.
6) Ocнoвные направления ДКП Нациoнальнoгo Банка на 2003-2005 гoды // Банки Казахcтана. – Алматы.–№1.–2003. –C.9-14
7) Нурcеит И.А. Привлечение cбережений в финанcoвую cиcтему cтраны //Банки Казахcтана.– Алматы.–№12.–2002.–C.27-43
8) Тулепбаев К.М. Прoблемы дocтoвернocти cтатиcтичеcких данных накoпительных пенcиoнных фoндoв // Банки Казахcтана.– Алматы.–№9.–2002.-C.51-56
9) Бункина М.К. Нациoнальная экoнoмика. М: 2006
10) Марченкo Г.А. Пути развития банкoвcкoй cиcтемы Казахcтана // Банки Казахcтана.– Алматы.– №10.–2002.–C.2-6
11) Нурcеит И.А. Oбеcпечение уcтoичивocти и ликвиднocти банкoвcкoй cиcтемы Казахcтана // Банки Казахcтана.– Алматы.–№7.–2003.– C.15-22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ
КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛТЕТІ
"ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР" КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Пәні: Құқық негіздері
Тақырыбы: ҚР Банк жүйесі
Орындаған: Гео-12-1 тобы студенті
Торегалыев О.Т
Тексерген: аға оқытушы Беспай Т.Ж
Ақтау 2014
Кіріспе
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру
себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін
пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі
кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін
көрсетуді мақсат еттім.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді
дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы
реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және
перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу
кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет
көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік
етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар,
банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы
өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді
ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор
екендігін дәлелдеу.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне
көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер
береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық
банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің
динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жандануы және
конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде
болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай
кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге
асуы тиіс.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ҚР банк жүйесінің
құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы қарастырылған. Екінші бөлімде ҚР
банк жүйесін дамыту реформаларын жүзеге асыру қарастырылды. Үшінші бөлімде
ҚР банктік реформаладың нәтижелері қарастырылды. Курстық жұмыстың
қорытындысында жасалынған талдаудың негізгі түйіндері мен ұсыныстары
берілген.
ҚР банк жүйесінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы
ҚР банк жүйесінің құрылымы
ҚР банк жүйесінің құрылымын ҚР банктер және банк қызметі туралы
республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында
Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің
Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейіндегі банк. Басқа банктердің
барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер делінген жолдардан
көруге болады.
Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны ҚР Ұлттық
банкі туралы Заңы және ҚР Ұлттық банкі туралы ережесі негізінде көруге
болады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр
түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен
астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу
үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi
еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң заңды
тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде немесе басқаруында болатын Қазақстан
Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың
қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде немесе
басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп
тұрған құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк
берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердiң
үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде
кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші
органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк
тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi -
уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.
Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала
алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер
деп танылады.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа
арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие
мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар
жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық
банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік
операциялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол
(мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен немесе құрылтайшылардың
жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері
сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам
түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және
басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы
нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген
құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында
жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден
өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел
төлеуі қажет [10, 120б].
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын
капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау
есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
- уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
- кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен
операция жүргiзу;
- ақша айналымын реттеу;
- айналымға несие құралын шығару;
- экономикалық, қаржылық кеңес беру;
- эмиссиялық қызмет атқару.
Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi
қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп
бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан өкiмет
иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк
құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол
өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет
iстейдi.
Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары басқарушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның
ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы
қызметкерлері болып қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері,
басқарманың төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері
және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас
бухгалтері мен олардың орырбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес
банктің басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк
бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің
келісімімен тағайындалады. Әдетте олардың банк жүйесіндегі: төраға мен бас
бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес
қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер Ұлттық банктің
келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы
жоқ.
Акционелердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді.
Кезекті жиналыс жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір
айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың,
қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен
талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операцияларды
атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.
Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне:
Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие
банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. [2,169 б].
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капиталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың
жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті
адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-
жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет
монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну
кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі сыртқы сауда банкі құрылып,
оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды.
Сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі
және ауылшаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі
(Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық
банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері
бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай
өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу банкіне
біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекше қызметі –
банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың
түріне айналды. [3, 16-4 б.]
КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде
жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды
қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:
1. Промбанк, 1959ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
2. Ауылшаруашылық банкі, 1959ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен
Құрылыс банк арасында үлестірілді.
3. Всекомбанк, 1939ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал активтері мен
пассивтері 1959ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.
4. Ценкомбанк, 1959ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк
мен Мембанк арасында үлестірілді. [3, 165 б].
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде,
КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс
банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі. КСРО
Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк,
Жинақ банкі құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және
несиелік - есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі
деп жарияланды.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі
заң – Мемлекеттік банк туралы Заң және Банктер және банк қызметі туралы
Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру
кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады. [8, 181 б.]
Кесте 1 – ҚР-да банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
[6, 232б.]
1930 ж дейінгі 1930-1987 1988-1990 жылдар 1991 жылдан бастап
банк жүйесі жылдар
Ресей Мембанкі 1. КСРО 1. Банк жүйесін қайта 1. Егемен
және көптеген Мембанкі ұйымдастыру: КСРО Қазақстаанда
несие-банк (оның ішінде Мембанкі және өзінің банк
мекемелері КСРО маманданған банктер: жүйесінің құрылуы.
Мемлекеттік КСРО Өнеркәсіп құрылыс,Екі деңгейлі банк
еңбек жинақ КСРО Агроөнеркәсіп, жүйесі – Ұлттық
кассалар КСРО Тұрғын үй- банк және
жүйесі). әлеуметтік, КСРО Жинақ коммерциялық
2. КСРО және КСРО Сыртқы экономбанктер.
Мемлекеттік банктері 2.Жаңадан
Құрылыс банкікооперативтік
3.КСРО Сыртқыбанктердің құрыла
сауда банкі бастауы
1990 жылғы Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес
республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк
жүйесінің жаңа даму сатысына көшті.
II ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы
ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу
кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік
қызмет көрсету механизмін құру, банктердің кәсіпорындардың қызметіне
жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану, банк пен клиенттері,
сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарының
арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар
мен процестерді ескере отырып, принціпті түрде реформалау қажеттігінің
маңызы зор.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың, талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін
құруға бетбұрыс жасады.
1990 жыл желтоқсан айында қабылданған ҚазКСРО-ғы банктер және банктік
қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
1995 жылғы банктік реформа:
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне
байланысты жасаған талдауда, олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің
басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта
қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау тетіктеріндегі
кемшіліктермен сипатталады.
Қазіргі таңда ҚР жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш
кезеңге бөлуге болады:
1-кезең. 1988-1991 жж. – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер
қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті
бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер
қатарын құру; КСРО Мембанкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге
байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
2-кезең. 1992 аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР
Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы,
ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3-кезең. 1993жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының
қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктармен қарым-қатынас
орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу
жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің
басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
• мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық Банк пен Қаржы
министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
• коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау тетігінің
жеткіліксіздігі;
• екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінін,
баяу құрылуы;
• валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта
қалушылық;
• макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және
шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
• осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық Банк пен екінші
деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық
стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
• Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету
деңгейінің жоғарылығы.
ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
• Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі
пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей
бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
• қаржы ресурстарын жинақтаудын, іс жүзіндегі тетіктерінің әлсіздігі;
• шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау
деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау
дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың
қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
• орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске
асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің
жеткіліксіздігі;
• прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып,
игерудің баяулығы;
• банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде
болуы.
Бұл банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994
жылдың орта кезінен басталып 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Агроөнеркәсіп
балансы Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қолдау
мемлекеттік қорының балансына беру шаралары іске асырылды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде
Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап
Әлем банкке бөлу шаралары жүзеге асты.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап
банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді
қамтиды:
1-кезеңде (1995жылдың бірінші жартысы) мемлекеттік емес акционерлерден
акцияларын сатып алу жолымен 100% мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және
оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған
ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға
байланысты халық салымдарының индексациялау жүйесін анықтау міндеті
белгіленді.
2-кезеңде (1995 жылдың екінші жартысы және 1996 жыл) Халық банкіне
пластикалық дебиттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың
қолданылу ауқымын кеңейту міндетті.
Үшінші кезеңде (1997 жылдың ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық
Банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998 жылы бастап
салымдарды мемлекеттің толық, кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға
негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және
жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк — Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі
(61%, 1994 жылдың сәуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор-
кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке
берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк — Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі —
40,3% мөлшерінде (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың каңтар
айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату
бағдарламасын Ұлттық Банк даярлауға тиіс болды.
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар коммерциялық банктер үшін қысқа
мерзімдік жоспарда тиімсіз болып табылатын нақты секторды орта және ұзақ
мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік
банктердің болуы да қажет болды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде
даму банктері деп атады, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес
экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып табылады.
Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде
Эксимбанк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды.
Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған
Халық банкі болды.
Мемлекеттік даму банкі — бұл банк экономиканың маңызды салаларында
тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға
бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.
Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) — бұл Қазақстан үшін дәстүрлі
емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық
несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем
банктен бөлініп шыкқан банк.
Тұрғын үй құрылысы банкі — бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық
құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын
қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк (траст) — бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен Проблемалық
кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы
жарғыға сәйкес, ол небары 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
Ұлттық Банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары
қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-
несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.
Банктерді қайта қаржыландыру тетігі түбірімен өзгерді. 1995 жылғы
ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды.
Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі
қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі
банктерге ауысты. Ұлттық Банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа
мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге
несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен
айналысуға көшті.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банктін екінші деңгейдегі
банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай
мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы
мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп,
банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан 6астап
ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек
қою мақсатында Ұлттық Банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару
арқылы ақша массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық Банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін
қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін
төмендетті. Айталық, 1995 жылдың қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9%-
дан, қыркүйек айында - 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта
қаржыландыру мөлшерлемесі: 210%-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек,
тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
1996-1998 жылғы банктік реформалар:
Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Жалпы 1996-1998 банктік реформа Ұлттық банк тарапынан жасалған
бағдарламаның арнайы негізінде жүргізілді. Оның өзіндік мақсаты мен
міндеттері бекітілді.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - Қазақстан
Республикасы Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай
арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші
деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық Банк мынадай міндеттерді шешуге күш
жұмсайды:
* ақша-несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
* елдің қаржы нарығына Ұлттық Банктің араласуы арқылы қолма-
қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
* валюталық реттеуді дамыту және алтын-валюта резервін басқару;
* банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу қағидатын
түбірімен өзгерту;
* бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
* Ұлттық Банктің басқа елдердің орталық банктерімен және басқа да
қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;
* Ұлттық Банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық әл-
ауқатын нығайту;
* екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
* төлем жүйесін дамыту;
* елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық
қамтамасыз өтілуін жетілдіру.
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкі
ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды.
Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу,
валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен,
сондай- ақ Ұлттық Банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру
жатады.
Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің
уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24 %-дан астамы ғана қайтқандығы
белгілі. Соның салдарынан Ұлттық Банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға
мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық Банк 1996-1998 жылдары
орталықтандырылған несиелерді тек кана банктердің қысқа мерзімді
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық,
ломбардтық несиелеу, репо операциялары, вексельдерді қайта есепке алу
арқылы беріп отырды.
Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін
реформалау
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі,
дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер
категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде
макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды.
Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған
мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі
тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі.
Екінші категорияға банктердің сапасыз қарыздары мен мемлекеттік зиянды
кәсіпорындарын жатқызамыз.
Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық
ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер
мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі
байқалады. 1992 жылдың 2 тоқсанында несиенің сомасы ЖҰӨ-нің 11,3 пайызын
құраса, ал 4 тоқсанда 29,8 пайызды құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру
және Ұлттық банктердің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде
Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырылады.
Оларды келесідей мәліметтер куәләндырады: 1992 жылдың 1 тоқсанында Ұлттық
банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы 6,7 пайызды
құраса, 4 тоқсанында 17,8 пайызды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды
арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру - өміршең емес
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс
жасалмайтын несиелердің, яғни банктердің несиелік портфелінің нашар
несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.
1993 жылы Ұлттық банктен 7,5 млрд. теңге сомасында орталықтандырылған несие
берілді, 5,6 млрд. теңгесі үкіметке, яғни олардың үлесі 75 пайызды құрады,
ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн. теңгеге немесе 3,9
пайызға тең болады, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылады.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі
келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін – еркін кіру мүмкіндігіне
ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан
айырылуда. Бұдан басқа мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда
кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлеме
қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша
орталықтандырылған тікелей несиелендірген мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық
тәжірибесінің әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды
инвестор үшін емес, жалақы төлеуге және материалдық құндылықтарды жинақтау
үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық
пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жыл наурыз айында 25
пайызға жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық
инфляциясы 500 пайыздан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды
пайыздық мөлшерлемесі 65 пайызға дейін жоғарлағанда, инфляция 1000 пайызды
құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық
жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының
төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс
орналастырмауға әкеледі.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын, олардың өтімділігін ескермей,
тікелей несиелендіру мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ұлғаюына әкеліп
соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған нарықтық қатынастарға
бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыздық мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық
мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті
тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады.
Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына
жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала
бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан
қоғайтын ең басты құрал болып табылады. Салымдар үшін төлейтін банк
пайыздары инфляциядан туындайтын шығындардың орнын жаппады. Мекемелер мен
жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне
банктердің байланысты несиелік ресурстар жеткіліксіздігі, банктердің тиімді
мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға
субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері әсерін
тигізеді. Субсидиялық несиелер толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған,
сонымен қатар кәсіпорындардың дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін
шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктердің қайта қаржыландыратын несиелерге
қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жылы 4 тоқсанында 65 пайыз төмен)
мөлшерлеме бойынша беріледі.
1992 жылы Ұлттық банктің несиелерінің үлесі барлық қайта қаржыландырылған
несиелерінің 70 пайызын немесе барлық несиелік салымның 42 пайызын құрады.
Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы
кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993 жылы мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін орталықтандырылған
несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен 3, 25, 65 пайызға
беріледі.
Ұлттық банк кәсіпорындарының қарыздарының жаппай есеп айырысуын жүргізу
кезінде қарық кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992
жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік
несиелерінің 30 пайызы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.
Дегенмен жоғарда аталған несиелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға
берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына
айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша
номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен
айырмашылық қаржылық алып –сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджеттің
тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992
жылы 1 қаңтарда олар тиісінше 13,7 және 11 пайызды құраса, 1993 жылы 1
қаңтарда 1,5 және 2 пайыз, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты жабуға 877
млн. теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының 11,8 пайызды
құрайды.
1991 жылы 1 қаңтарда уақында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн. теңге
құраса, 1992 жылы 1 қаңтарда 11,2 млн. теңге құраса, 1992 жылы маусымда 384
млн. теңге немесе ЖҰӨ-нің 12,3 немесе алынған банктік несиелердің жалпы
сомасы 84,1 пайызды құрады. 1993 жылы мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5
млн. теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60есе жоғары өсті.
1992 жылдың соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорынның қарызын
өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы
1992 жылдың аяғында 80 млн. теңгені құраған.
1993 жылғы қараша айында Ұлттық банкке Ұлттық валютаның енуімен ақша несие
саясатын жүзеге асыру, бюджетпен банктер мен өзара қарым қатынаста
классикалық қағидаларды ендіруі банктердің қызметтерін реттеу жүйесін
нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның еңгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін орталық банктің
қызметін атқару жүйесі қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды
қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық
банк дербес түрде ақшалай – несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды.
1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге асыру
орта мерзімді бағдарламаныжасауға мүмкіндік туғызды.
Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған
бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банк ретінде атқарған қызметі
кезінде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән,
нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын
пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.
1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Призедентінің қаулысымен
бекітілген, 1995 жылы арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың
бірінші бағдарламасы жасалынды.
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда
келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
Ұлттық банкінің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және
ақшалай несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау
және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай несиелік
саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банкінің
белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді.
Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру
және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық
банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру
деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға сай банктер тобын
қалыптастыру.
Банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету
жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағам
тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және
жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді.
Республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банкінің тарапынан тікелей
несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда
инфляциялық емес әдістері арқылы қаржыландыруға көшу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында төлемдердің қауіпсіз, уақытылы
және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет
ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін
дамыту.
Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу
жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан істің нақты жағдайын ескере отырып,
оны жүзеге асырады.
Ең алдымен ақша несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті.
[27,54-61 б]
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды.
1995 жылы қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды.
Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелердің көлемі және
мерзімі қысқарады. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен
екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы
несиелеудің шаруашылық жүргізу субъектілерінің бос қаражаттарын, халықтың
жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен
қамтамасыз етуге бейімдейді.
1995 жылдың 1 жартысында Ұлттық банктің 2 деңгейлі банктерге беретін
несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге
берілсе, 2 жартысында операциялардың барлық ауыртпалығын мемлекеттік бағалы
қағаздардың 2 нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы
дамыды. Қыркүйек айынан бастап, ломбарттық несиелеу жүйесі енгізілді.
Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк
айналысқа бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша массасының өсімін
стерилизациялап отырды.
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын
қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995 ж қаңтарында 8,9 пайыздан 2,4
пайызға дейін төмендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45 пайызға дейін төмендеді. Кейінгі
айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5 пайызға дейін арттыруына мәжбүр етті.
Бұл өзгерістер өз кезегінде 2 деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да
көрініс алды.
1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын
қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде 1, 2
нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 1995 ж. айналыс
мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд. теңгені құраса,
мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер 0,8 млрд. теңгені айналысқа шығарды.
Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд. теңге құраса, оның
ішінде ашық нарықтағы операциялар 2,2 млрд. теңгені құраған.
1995 жылы Қазақстандық банкаралық валюталық қор биржасындағы АҚШ долларын
сатып алу туралы Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек,
кәсіпорындардың ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан
түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30 пайызға дейін
төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау
қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және
ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.
1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар
жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта
резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат
бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді.
Мұндай ақша несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық
бағдарламаларға жүктелген параметрлер негізінен орындалады. Ол инфляцияның
орташа айлық қарқынын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz