Сайт жасау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
- Интернет желісінде электронды кешенді құру негіздерін оқыту . . . 7
1. 1 WEB дизайн және браузерлер, іздеу роботтары . . . 7
1. 2 Сайт құруға арналған бағдарламалау тілдері . . . 17
1. 3 Интернеттегі web серверлер. Web - сервер жұмысының
механизмі. Статистикалық және динамикалық беттер.
CGI технологиясы. Скриптер . . . 24
- Оқушыларға сайт құруды оқытудың әдістемесі . . . 29
2. 1 Әртүрлі тілдерде сайт құру әдістемесі . . . 29
2. 2 Желілік ресурсты құру кезеңдері . . . 59
2. 3 Желілік ресурсты қолдану әдістемесі . . . 61
Қорытынды . . . 65
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Қосымша . . . 67
Кіріспе
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - информатика пәнінен WEB сайт арқылы оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. [1]
Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек». [1]
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «e-learning - электронды оқыту жүйесі» «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты. [2]
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Желілік білім беру ресурстары бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман талабы.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі -компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Аталып отырған жұмыста білім беруді ақпараттандыру туралы түсінікті және көрнекті жазыған. Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі білім берудегі ақпараттандыру үрдісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді. Атаулы жұмысты қарау барысында информатиканы оқытуды ақпараттандырудың жаңа әдістерін байқауға болады. Әдістемелер қолданылған сайтта тақырыпқа сай орынды жасалған.
- Интернет желісінде электронды кешенді құру негіздерін оқыту1. 1 WEB дизайн және браузерлер, іздеу роботтары
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр. [3]
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
- Web-технологиялар;
- Сайт жасау экономикасы;
- Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
- Адам ресурстары және т. б.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
- Жоспарлау;
- Элементтерді жасақтау;
- Бағдарламау;
- Тестілеу;
- Жариялау;
- Жарнамалау;
- Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау
Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау [
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. [3]
1
Сурет - Броузер интерфейсі
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өйткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.
Іnternet Ехрlorer - WWW-ке арналған броузер
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:
• құжат сақталған веб-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың барлық бөліктерін жүктеу.
• НТМL, тілдерінің тәгтерін команда ретінде орындау (интерпретациялау), веб- парақтарды броузер жұмыс істейтін компьютердің мүмкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және форматтау.
• веб-парақтардың құрамына кіретін мультимедиалық және басқа объектілерді бейнелеуғе арналған, сондай-ақ программаны объектілердің жаңа типтеріне лайықтауға мүмкіндік беретін кеңейту механизмі жабдықтарын көрсету.
• веб-парақтарды іздеу жолын автоматтандыруды қамтамасыз ету және бұрында жұмыс істеген веб-парақтармен қатынас құруды жеңілдету.
• Басқа Интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және жеке (автономды) құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.
ІЕхр программасы веб-парақтарды қарауға арналған. Ол бейнелейтін акпараттың дыбыстық және коса веб-парақтарды құрастырушылар жинақтаған барлық жаңа мүмкіндіктерді қамтиды. ІЕхр программасымен танысу үшін компьютерде Интернетпен байланыс орнатылуы тиіс.
Тақырыптан кейінгі жолда меню орналасқан. Менюдің көмегімен ІЕхр п рограммасының кез келген командасын таңдау мүмкіндігі бар.
Менюдің төменгі жағында саймандар тақтасы бар. Бұл тақтада жұмыс кезінде бірқатар әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін беретін батырма белгілер орналасқан. Саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен орындалатын командалар сипаттамасы келесі кестеде көрсетілген:
Іnternet Ехрlorer пайдаланушы интерфейсінің мынандай элементтері бар: негізгі меню (File, Edit, View, Favorites, Tools, Help) , инструменттер панелі, сілтемелер панелі, адрестер панелі, жер шары бейнеленген таңбаша, қалып-күй жолы және жұмыс аймағы.
Негізгі меню Қосымшалар терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан және алты пунктті қосады.
Менюдің Файл пунктінде файлдармен жұмыс істеу командасы топтасқан. Осы менюдің командалары арқылы жаңа терезелер жасалады, құжаттар ашылады және сақталады, құжаттарды басып шығару және Іnternet Ехрlorer жұмысының аяқталуы жүзеге асырылады.
Менюдің Правка пунктінің командалары көмегімен құжатты редакциялау, яғни маркерлеу (ерекшелеу), жою, веб-беттер фрагменттерін көшіру, ақпарат іздеу, ағымдағы бетті редакциялау үшін Html-редакторына өту орындалады.
Вид пунктінің командалары құжаттың экранда бейнеленуін басқаруға арналған, сондай-ақ веб-құжаттың ақпараты бойынша жылжуды орындауға мүмкіндік береді. Менюдің осы пунктінде HTML-беттердің пайдаланушы шыққан соңғы адрестері тізбеленеді. Бұл құжаттардың кез келгенін тышқан арқылы жүктеуге болады.
Избранное менюінде жиі қолданатын веб-құжаттардың бетбелгілері болады. Пайдаланушы Избранное қапшығын өзі қалыптастырады. Тышқанның батырмасын тиісті элементке әдеттегідей басқанда, ол веб-құжатқа көшуге мүмкіндік береді.
Сервис менюі электронды поштамен жұмыс істеуге, Іnternet Ехрlorer бабын өзгертуге жол ашады, сондай-ақ ОС Windows-ті жаңарту міндеттерін және сілтеменің ағымдағы бетіне қатысты бейнелеуді жүзеге асырады.
Справка менюінде Іnternet Ехрlorer браузері және онымен жұмыс істеудің негізгі принциптері туралы анықтамалық ақпарат болады.
Панель инструментов (құрал саймандар панелі) Іnternet Ехрlorer неғұрлым жиі қолданатын командаларға жылдам шығуды қамтамасыз етеді. әдетте, бұл командалардың бәріне негізгі меню пункті арқылы шығуға болады.
Панель адреса(панель адресі) ағымдағы веб-құжаттың адресін көрсетеді және қажетті веб-құжатқа көшу адресін көрсету үшін пайдаланылады. Бұл панельді орнату үшін Вид-Панель инструментов - Адресная строка командасы пайдаланылады.
Панель ссылок(сілтемелер панелі) пайдаланушы жиі жұмыс істейтін веб-құжаттар таңбашаларының пиктограммаларын іске қосады. Егер бұл панель азайтылған болса, онда инструменттер панелінде Ссылки пиктограммасы болады.
Жер шары бейнеленген таңбаша броузердің бос еместігінің индикаторы ретінде қызмет етеді. Егер Іnternet Ехрlorer қашықтағы компьютерден деректер түсуін күтсе, онда бейнедегі жер шары айнала бастайды.
Строка состояния(қалып күй қатары) Іnternet Ехрlorer терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл жолда бағдарламаның ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат бейнеленеді.
Рабочая область(жұмыс аймағы) - Іnternet Ехрlorer терезесінің веб-құжаттың мазмұны бейнеленетін негізгі бөлігі. [4]
Интернеттің іздеу технологиялары.
(при работе с сетями используются технологии поска) : Қажетті ақпаратты іздеу принциптері. Іздеу машинасының жұмыс механизмі. Индексті құру. [4]
Web-тен іздеу
Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет - белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.
Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке қарастырайық. [5]
Индекстелген каталогтер
Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі “спорт”, “демалыс”, “ғылым”, “дүкендер” сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар . Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз. Катологтерді программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, катологтегі барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты бір құжатты табу керек болса, онда каталог тиімсіз іздеу құралы болып табылады.
Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген каталогтар да бар. Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды кең таралуына байланысты бірнеше бөліктерге бөлуге (ражнирование) болады. Мысалы, Яндекс каталогында бөліктеу басқа сайттардың біздің сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі.
Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің айырмашылығы, мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта - авторы, демек оның редакторлары суреттейді.
Сілтемелердің тематикалық жинағы
Сілтемелердің тематикалық жинағы - бұл кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер. Шектелген кәсіби тақырыпты ірі каталогтің жұмыскерлер тобына қарағанда сол жұмыстың кәсіби маманы жақсы ашуы мүмкін.
Домендік атты теру
Каталог - бұл ыңғайлы іздеу жүйесі, бірақ егер сізге Intel немесе IBM компаниясының сервері керек болса, сіз каталогке қатынай алмайсыз. Сәйкес сайттардың атын табу қиын болмайды: www. intel. com, www. ibm. com.
Сол сияқты, сізге егер ауа райына арналған сайт қажет болса, оны www. weather. com серверінен іздеген дұрыс болады. Көп жағдайларда кілттік сөз арқылы сайтты табу мәтінде көп кездесетін сөзден тұратын құжатты тапқаннан ыңғайлы.
Іздеу кезінде танымалы емес компаниялардың адресінің атын интуитивті ойдан тергенде, бірде-бір іздеу жүйесінде тіркелмеген сервермен байланыс орнатуы мүмкін болғандықтан, ол іздеудің басқа түрлерімен табысты бәсекелесе алады. Осыған ұқсас іздеулер тиімсіз, сондықтан ізделінетін сайттың атын таба алмайтын болсаң, іздеу машинасын қолдану керек.
Іздеу машиналары
Сұранысқа жауап ретінде сіз әдетте құжаттардың ұзын тізімін алаcыз, оның көбі сіздің сұрағыңызға жауап бермейді және сол тақырыпқа ешқандай қатысы болмайды. Сондай құжаттар релевантты емес (ағылшын сөзінен шыққан, relevant- лайықты, қатысты) деп аталады, ізденіс бойынша табылған құжаттар релевантты құжаттар деп аталады.
Табылған сілтемелердің тізіміндегі релевантты құжаттардың проценті сұраныстың дұрыс қойылуына байланысты болады.
Іздеу машинасы тапқан барлық құжаттардың ішіндегі релевант құжаттардың бөлігін іздеу дәлдігі деп атайды. Релевантты емес құжаттарды шуы бар құжаттар деп атайды. Егер табылған құжаттардың барлығы релевантты болып келсе (шуы жоқ құжаттар), іздеу дәлдігі 100% құрайды. Егер барлық релевантты құжаттар табылса, онда іздеу толымдығы 100% тең.
Сайып келгенде, іздеу сапасы екі өзара тәуелді параметрлермен анықталады: дәлдікпен және іздеу толықтығымен . Толықтықтың артуы дәлдікті төмендетеді және керісінше.
Іздеу машинасының жұмыс механизмі
Іздеу жүйелерін анықтама қызметімен салыстыруға болады, онда агенттер кәсіпорындарды аралап, мәліметтерді деректер базасына жинайды. Клиент анықтама қызметіне жолыққанда ақпарат сол деректер базасынан алынады. Мәліметтер базада ескіріп отырады, сондықтан агенттер оларды оқтын-оқтын жаңартады. Кейбір кәсіпорындар мәліметтерді өздері жібереді, сондықтан агенттердің оларға барудың қажеті болмайды. Басқаша айтқанда, анықтама қызметінің екі функциясы болады : жасау және деректер базасын тұрақты жаңарту және клиент сұранысы бойынша базадан хабар іздеу.
Сол сияқты, іздеу машинасы да екі бөлімнен тұрады: робот - ол берілген серверлерді аралап деректер базасын қалыптастырады, және іздеу механизмі. Робот терминінің көптеген синонимдері бар, роботтан басқа оны желілі агент немесе торапта жүргеніне байланысты құрт немесе өрмекші дейді.
Робот базасы негізі роботтың өзімен (робот өзі жаңа қорларға сілтемелер тауып алады) және аз дәрежеде өз сайттарын іздеу машиналарында тіркейтін қор иелерімен қалыптасады. Деректер базасын қалыптастыратын роботтан басқа табылған сілтемелердің рейтингісін анықтайтын программа бар.
Іздеу машинасының жұмыс принципі пайдаланушы көрсеткен кілттік сөздер арқылы ішкі каталогтан (деректер базасы) релеванттігі бойынша сұрыпталған сілтемелер тізімін беру арқылы іске асырылады.
Іздеу жүйесі тек ішкі каталогтармен операциялайтынын атап айтқан жөн. Іздеу машинасының мәліметтер базасы жүйедегі түйіндік адрестерді сұрау арқылы әрдайым жаңартылатынына қарамастан, іздеу машинасының ішкі қорларын және желі қорларын салыстыруға келмейді, сондықтан әрқашан машина ескірген адрес немесе қажетсіз ресурс табатыны өте ықтимал. Проблема тек қана ішкі қорлардың шектілігінде ғана емес, тағы роботтың жылдамдығының шектілігінде тұр. Іздеу машинасының ішкі қорларының көбеюі проблеманы шешпейді, себебі аралау жылдамдығы ақырлы. бірақ іздеу машинасының ішінде каталогтарға бөлінген Интернеттің кіріс қорларының белгілі бөлігінің көшірмесі болады деуге болмайды. Толық ақпарат (кіріс құжаттар) бәрі бірдей сақталмайды, көбіне жиі тек оның бөлігі - индекстенген тізім немесе индекс деп аталатын, құжат жолынан шағын бөлігі сақталады.
Индекс құрау үшін кіріс мәліметтер қор көлемі минималды, ал іздеу тез әрі максималды пайдалы ақпарат беретіндей түрлендіріледі. Индеккстенген тізімді түсіндіру үшін оның қағаз аналогы - конкорданс, яғни сөздікті келтіруге болады, онда белгілі жасушымен қолданылатын сөздер алфавиттік тәртіпте болады, және де жазушы шығармасында келтірілгеніне сілтеме болады.
Айтпаса да түсінікті, конкорданс (сөздік) шығарма тексінен шағын және одан керекті сөзді іздеген кітапты түгел парақтағаннан көп жеңіл.
Индексті құру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz