Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы


Орындаған: Төленді Гүлжауһар
Тексерген: Мүлік Дәулеткерей
Группа: БҚ-111
Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы
( Ілияс Жансүгіров жайлы Тұрсын Сыдықовтың ой-пікірі)
Жоспар:
- Кіріспе. Тұрсын Сыдықовтың еңбегіне ізгі тілек!
- Негізгі бөлім. Жетісудың жүйрігі, ұлы ақын - Ілияс
1. Ілияс өмірінен сыр шертсек
2. «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап . . . »
3. Ілияс лирикаларының көркемдік кестесі
3. Қортынды. Ойға ойды қосады ақын жүрек . . .
Ия, Жетісу десе ойымызға Ілияс, Ілияс десек ойымызға жеті өзеннің алқабы Жетісудың түсері анық. Өз жерінің кереметін жазып өткен Ілиястың шығармашылығына мін айту нағыз ақымақтық дер едім. Тың туындыларының әр сөзіне бір-бір ауыр ойды артып кеткен Ілиясты түсіну үшін кемінде шығармасын 10 рет оқу керек шығар деп ойлаймын. Ілияс шығармашылығы жайлы өз ойларын қазақтың бегілі азаматтары, қоғам қайраткерлері, өзінің әріптестері жазып кеткенін бәрімізде білеміз. Алайда оның шығармаларын талдап, өз ойын ашық көрсеткен тұлға Тұрсын Сыдықов. Мінекей, бізге осы тұлғаның Ілияс жайлы жазып кеткен ой-пікірі жайлы жазу керек. Тұрсын Сыдықовтың ой пікірнен бұрын, оның ізгі бастамасына дем беріп, ізгі тілегін жолдаған қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің сөзін жазып кеткенім жөн болар деп түсіндім.
Аса қадірлі Тұрсын бауырым!
Ақ қырау алпыс Сізді де алқымдап қалыпты. Алайда, бұл асуға абырой биігіне аман жетіп отырсыз. Жастайыңыздан жақсы талап соңында жүріп, жаныңызға жамандықты үйір қылмаған тектілігіңізбен көзге түстіңіз. қолыңызға қалам алғаннан бері ана тіліңізде жарық көріп жатқан көркем туындыларға адал көңіліңізбен, әділ көзіңізбен қарап, ақтың сөзін сөйлеп келесіз. Ұлттық прозамыздың эстетикалық табиғаты мен әлеуметтік болмысын пайымдауға сарабдал сарапшылық таныттыңыз. Халықтың өз қабырғасымен кеңесер бірден бір амалы - әдебиет екенін ескеріп, елдікке көрсетілер ең нәзік қызметке сезімтал да серік ілтипатпен үңілдіңіз. Соның арқасында аузын қу шөппен сүртіп отыратын қазымырлыққа ұрынбай, қарымды қаламгерлерді жаңа ізденістерге құлшындырып, пайымды қауымды байыптай білетін бағамдылыққа баулып келесіз. Ұлттық руханиятымыздың берекесі үшін белсене күресіп жүрсіз. Өз мәдениеті мен төл әдебиетін, өз ұлтының рухани сындарлығын бір басының амандығы мен бала-шағасының ырыс-несібесіндей ынты-шынтымен аялайтын рух бағбаны бар болса, қадірлі Тұрсын, өзңіңіздей-ақ шығар.
Абзалдық пен Әсемдік ұстазы болып әдемі өмір сұре беріңіз! Ғұмырыңыз ұзақ, еңбегіңіз жемісті, мерейіңіз үстем бола бергей!
Әбіш КЕКІЛБАЕВ
Ілияс Жансүгіров - қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебитеін қалыптастырушылардың бірі.
Күллі саналы өмірінің жиырма төрт жылын ғана өнердің қоңыраулы бесігін тербетуге жұмсап, 28 кітап шығарып үлгерген Ілияс Жансүгіров мұрасы, рухани болмыс-бітімі, артқыға еккен егіні бір ғасыр әңгімелесе де буырқыған асау ойдың, парасаты толғаныстың арнасы солып, арыны екпінін тежемек емес.
Өйткені, оның дарыны, таланты табиғи, жеті қат жер астындағы қаракөк толқынды дүлей теңізден құнарланып жатады.
Ол дүниеге келген, арынды Ақсу өлкесінен жүректі, текті, намысты, парасатты азаматтар көп шыққан. Жібек жолы дүниенің төрт бұрышына осы даладан даңды судай жұлқына ұмтылған; даналық, ерлік, көсемдік, көрегендік талбойын да тұнып тұрған би, ақын, жырау-жыршы, батыр да оның топырағынан иір бұтақтарды алып емендердей сынсып сап түзеген. Сүйінбай, Бақтыбай, Жамбыл, Қуат, Құл, Әсет ақындар, кейіннен Абай поэзиясы Ілиясқа сөз-рух, рухсыз қуат жоқ екенін ұқтырған, мойындатқан, қыжылдың өзіне қыжым кигізген киелі керемет-ті. Демек, ана сүті езуінен кеппеген жас өспірім шағында-ақ ол ел сөзін төбесіне көтеріп, үкілеген қанатты ұлдарының сөзін елгезектікпен құлағына құйып, жүрегіне сіңіріп:
Ежелден ескеруші ем, елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты кырға түріп жүрген кезім, -
деп жырлаған.
Ілиястың әкесі Жансүгір өткеннің де, өз уақытының да сөзі сыйланған, жоғары бағаланған, көкірегі кең, көксауырлап етік тігіп, ұсталық еткен, тасқа тіл бітіріп, зер төккен, темір мен ағаштан түйін түйген ұста, зергер, дініне қатты, бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қараған, нағыз сегіз қырлы бір сырлы, қыл арқандай шымыр есілген жан еді. Жаны жайсаң, көкірегі сәулелі әкенің тірбиесін көріп, рухына суарылған Ілияс 14 жасынан өлең дариясының алтын күрегіне кеудесін тосып, қайығына мініп, ескегін ұстаған. Алтын күрек жас ақынның кеудесін ашып, тынысын кеңейтті, жырлар тақырыбының өрісін өсіріп, ойына ой қосты, уақыт өткен сайын қажыр-қайраты нығайып, аяғының тұсауы алынып, оттан қып-қызыл боп балқып шығып, суық суға суыарылған шарболаттай шынықты. Негізгісі - ақындық арнаға бітті. Оны біз 1927 жылы жарық көрген «Сағанақ» жинағына енген «Қалпымыз», «Аяныш», «Қайғылы тілек», «Соқыр баланың арманы», «Мұңлы құс», «Түрлі кісіге», «өзіме» тәрізді тырнақ алды жырларынан-ақ сезінеміз. ол тай сойғандай талаппен, тау бұзғандай екпін, тәуекелмен жер мен көктің ортасында теткіп жүрген албырт шағында-ақ шындықты жазды және қаныңа сіңіре, айдыныңды толқатып, сезіміңді қытықтап, маздап жанған жүрек ошағындағы сексеуілдің шоғандай қызулы сезім отымен қарып, жанды өмірмен бетпе-бет қауыштырады.
Махаббатқа келгенде құрсаулы қара бурадай айбарлы арыстандай Ілияс моральдық дағдарыстарға ұшырап, әлеуметтік өмірдің сал-сойыл тығырығына бетпе-беткеп қалжырап, «тозған» шағында оны рухани серпіліске, ізденіске бастайтын, ақыл қосардай есті, қайрат қосардай күшті, сезім әлемін оятып, алпыс екі тамырындағы қанын қозғайтын, жүрекпен, табиғи келісіммен дөп табысар, тән мен жан сұлулығаның гармониясы, дәреуі идеал әйелді тапты. Ол Фатима Ғабитқызы еді. Ақын Фатимасына қосылғаннан кейін таланты түлеп, аяғындағы тұсауы алынады, аузындағы шрйын қақпағы ашылып, гуманистік максимализмі мен эстетикалық талғампаздығын, ұсақ-ұлаңға шығындамай, ұлттық өре, ұлттық болмыс-бітімді танытатын кейіпкерлер галереясын жасауға білек түре кіріседі. Теңіз толқынындай сұрапыл қуатқа ие дарын жұмыр жер бетіндегі алдамшы өмірдің көбігін қалқымай, тұнғиықтың тереңіндегі ағысқа бойлап, бүгіні бар, ертеңі жоқ сағымға алданып, тілін тістемек емес. Ақын үшін мұның аты-шабытты еңбек, самғау көңілдің түлеуі, жыр пырағына міну.
Ілияс Жансүгіров феодалдық-патриархалдық қоғамның қаймағы сылынбаған, тоңы жібімеген ежелгі қалпын да, Ресей империясы жерін тартып алып, жағаға қолды салған өктемдігін, Ақ пен Қызылдың билікке таласып, өзара өліспей-беріспейтін қанды шайқасын да көзімен көрді. Жүрегін шикі май ішкендей шайлықтырған, қаныңды қарайтып, жаныңды шыжғырып, намысыңды шарық қайраққа жанып, халық басына төнген қара түн, қасіретті оқиғаларды жан дүниесінен өткізіп, көкірегіне кек пен шер байлады, ерте есейді . . . Тәуелділіктің басқа таңған зұлматы, отарлаушы империяның кесірлі соқпақ, кесапатты жолы белімізді опырып жібермесе де аяқтағы тұсауы, бастағы құлдық қамыты сол қалпында қалды, қайта қайыс ноқта болат шынжырмен алмасты. Әлеуметтік әділет идеясын өршіл, күрескер рухқа бөленген жырларының басты тақырыбы етті. Заманды, заман адамының сырын барлап, мінезін бақты. 1915-1925 жылдар аралығындағы поэзиялық туындылары тектілік пен имандылықтың ащы айқайына толы. Ақылы толған, ой-сезімі жетіккен жас ақын төңірегіндегі адамның еркінен тыс мылтықтың оғы, алмас қылыштың жүзімен мойындатып, жасалып жатқан қылмысқа белшеден батқан революциялық өзгерістерді жүрегі сыздап, көзі буланып құптамасқа әдді жоқ еді.
Кеңестік империя ақтарды құртып, үстемдік тізгінін қолына бекем ұстады. Ұлт саясатын әділетті жүргізуді қолдап, гуманистік ұран тастағанымен, Кеңестік империя іс жүзінде шовинистік пиғылдың шеңберінен аспады. Ұлт еркіндігі, рух еркіндігі ұйтқымалы уақыт, құбылмалы заманның жезбұйдалы тайлағының таз кепішін киді. Дегенмен, бір құптарлық большевиктік идеология кедей табының сойылын соғып, кедейлердің қанаушы таптың түбіне жетіп, билікті қолына бекем алуына жасыл көше ашты. Ілияс бұл саясаттың терең астарында теңіз дауылындай, қырдың құйынындай қитұрқылық жатқанын, әлі санасы пісіп-жетілмеген шикі жастарды өз ықпалына бейімдеп, сонау ата-бабасынан бойына сіңген болат жетесі-ұлттық генофонды апатқа ұшыратып, тілін, дінін, жерін, туған ұлтын, Отанын бірте-бірте ұмыттырып, біртұтас совет халқына айналу, яғни жаппай орыстандыру процесін сонау қызыл іңірден бастады. Ұлттың болашағы жастар. Ақын жастарды қапысыөз сүйе отырып, олардың асқақтығы, кескектік, тектілік пен шынайылылықты, өткірлікті ғана пір тұтатынын, демек қандай тәуелсіздіктің де квинтэссенциясы болатынына шүбәланбаған. Өйткені, жаугершілікті, қайғы қасыретті көп шегіп, өмір балғасы мен төсінің арасында өмірі өткен ата-бабаларының тал бесігінен шыққан ұрпақтың иманы - ел мұраты, сондықтан Алаш ісі жолында өздерін құрбандыққа шалуға ұранын қасиетті құранына айналдыратын сарқылмайтын буырқыған күш, құдірет Алаш жастарында жатқанына Мағжан ағамызда еш күмәнданбаған.
Ілиястың көңілі ылғи тазалыққа, нәзіктікке, сұлулыққа іңкәр. Жырлап отырған тақырыбы төңірегінде жан-жақты білімі, алғырлығы, аналитикалық ойлау жүйесінің қарысдылығы, қаламының жүйріктігі адамның ішкі сезімін, жан күйін, махаббаты мен табиғат сырларын кең жырлап, қайталанбас қолтаңбасын қалдыруға мүмкіндік жасайды.
Ілияс ақын жастарының аз ұйықтап, көп еңбек етуін, көп оқып, кемел адам болуын қалайды. Еңбек етер кәсіп, алар білім, шұғылданар өнерге жол жабылған заманда, «қараңғы ұйқы, қас ұйқы» қанқұйлы қылығымен төңіректеп шықпаушы еді, енді нұрлы әлемге өріс ашылғанда бұралқы иттей сумеңдеп тағы да соңынан қалмай жүр. Лирикалық кейіпкер жастарды «қанқұйлы» ұйқыдан без, ал ұйқыға албытатын заман өткенін айтып, сол қанқұйлыға қарсы «шабуылға» шығады:
Қас ұйқым, қалың тұмансың,
Қалайша желім қумасын.
Жайдары жаным жарқылдап,
Қаз қайнап қайрат қазылсын.
Мен ояуда - ел ояу,
Қозғалсын жұрт, қуансын . . .
Иә, жастықта ұйқымен өткен өмір - жарық дүйниеден алар сыбағаңнан қағылу. Қоғамдағы орныңнан айырылып, кемтар, кембағал, жатыпішер, жалқаулықтың, сайқымазақ, берекесіз тірліктің, ауылын жағалау. Тірі өлікке айналу. Адамдық кісілік ұстанымдарын жоғалту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz