Қаңқа. Қаңқа филогенезі. Сүйектердің жасқа сай және атқаратын қызметтеріне сай ерекшеліктері


Қаңқа. Қаңқа филогенезі. Сүйектердің жасқа сай және атқаратын қызметтеріне сай ерекшеліктері.
Орындаған: Төленді Гүлжауһар
Тексерген: Акмуллаева А. С.
2014
Талдықорған қаласы
05. 02. 2014
Қаңқа. Қаңқа филогенезі. Сүйектердің жасқа сай және атқаратын қызметтеріне сай ерекшеліктері
Жоспар:
- Қаңқа дегеніміз не? Оның маңызы
- Қаңқа филогенезі немесе дамуы
- Адам қаңқасы немесе тұлға қаңқасы
- Сүйектер. Құрылысы, құрамы, байланысы, адам жасына карай атқаратын қызметтері.
Қаңқа - механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады; қаңқа кимыл аппаратының пассивті бөлімі құрайды. Қаңқа - адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған сүйек жиынтығы. Ол грек тілінен аударғанда skeleton-қаңқа деген мағынаны береді. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т. б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Қаңқаның маңызы. Сүйек жүйесі негізінен механикалық, көбінесе биологиялық маңызы бар бірқатар қызмет атқарады. Алғаш пайда болғанда қатты қаңқа организмді зиянды сыртқы әсерлерден қорғау қызметін атқарады (омыртқасыздардың сыртқы қаңқасы) . Ішкі қаңқаныңдамуымен омыртқалыларда ол алғаш жұмсақ тіндер үшін тірек және арқауға айналды. Қаңқаның жеке бөліктері бұлшықеттердің көмегімен қозғалысқа келтірілген рычагтарға айналып, соның салдарынан қаңқа қимыл-қозғалыстық (локомоторлық) қызметке ие болды. Қаңқаның атқаратын механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабылетімен сипатталады.
Қаңқаның тіректік қызметі жұмсақ тіндер мен мүшелердің қаңқаның түрлі бекуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы буындармен қосылған және нерв жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттердің көмегіменқозғалысқа келтірілген ұзын жіне қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында жүзеге асады. Ең ақырында, қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қорғайтын ми сауытын, кеуде қуысының басты ағзаларын (жүрек, өкпе) қорғайтын кеуде қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею ағзаларын қорғайтын сүйекті орын - жамбас астауын түзу арқылы іске асырылады.
Сүйек жүйесінің биологиялық функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты (қаңқа түрлі минералдық фосфор, кальций, темір және т. б. тұздардың жиналатын жері) . Зат алмасуға байланысты ауруларды (рахит, т. б. ) рентген сәулесі, радиоактивті изотоптар арқылы диагноз қоюға болады. Бұдан басқа қаңқа қан жасау функциясын атқарады. Бұл кезде сүйек жәй ғана жілік майы үшін қорғаныш құндақ қана емес, жілік майы оның органикалық бөлігі болып табылады. Жілік майының өзінше дамуы және қызметі сүйек затының құрылысына әсер етеді де, ал, керісінше, механикалық факторлар қан жасау функциясына ықпалын тигізеді. Сондықтан дене жаттығуларын құрастырғанда қаңқаның барлық атқаратын қызметтерінің бірлігін есепке алу қажет.
Филогенез - органикалық формалардың тарихи даму процесі. Ендеше, қаңқа филогенезі дегеніміз - қаңқаның қазіргі заманға дейін тарихи дамудан өткен процестері, яғни қаңқаның дамуы. Барлық омыртқалыларда құрылысының төменгі сатыларында, сондай-ақ ұрықтың даму кезеңінде ішкі қаңқаның алғашқы бастамасы мезодермадан пайда болатын арқа жіпшесі - chorada dorsalis болып табылады. Хорда хордалылар типінің қарапайым өкілі - ланцетниктің ( Amphioxus Ianceolatus) тән белгісі болып табылады, оның қаңқасы денесінің ұзына бойына арқа жағынан созылған арқа жіпшесі мен оны қоршаған дәнекер тіңінен тұрады.
Омыртқалылардың қарапайым түрлерінде ( дөңгелек-ауыздылар, селахиялар), дәнекер тінді хорданың айналасында және басқа жағында шеміршекті қаңқаға ауысады, оның өзі, сүйекті балықтардан бастап сүтқоректілерді қоса сүйекке айналады.
Сүйектің яғни қаңқаның дамуымен кішкентай ғана қалдықтары ( омыртқааралық дискінің іркілдек ядросы) қалып, хорда жоғалады. Суда өмір сүретін формалар шеміршекті қаңқамен қала алады, өйткені судағы механикалық ауырлық ауадағыға қарағанда әлдеқайда аз. Тек сүйекті қаңқа ғана жануарларға судан құрлыққа шығып, өз денесін жер үстінде көтеріп, аяғында берік тұруына мүмкіндік берді. Сөйтіп, филогенез үрдісінде қоршаған ортаға бейімделу құбылысы ретінде біртіндеп қаңқаның үш түрі ауысады. Бұл ауысу адам онтогенезі үрдісінде де қайталанады, бұл кезде қаңқа дамуының үш сатысы байқалады: 1) дәнекер тінді (жарғақты), 2) шеміршекті және 3) сүйекті. Шеке, бас сүйектері, бет сүйектерінің көбі, дәнекер тін негізінде пайда болады. Басқа сүйектер осы үш даму сатысынан өтеді.
Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектердеп бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.
Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.
Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.
... жалғасыСүйек жасушалары - остеоциттерден және жасушааралық зат - сүйек тақташалрынан тұрады. Сүйек ұлпасын түзетін жас жасушаларды остеобласттар деп атайды. Сүйек қаңқа сүйектерін қүрайды. Сүйектер сыртынан сүйеккаппен (периост) қапталған. Сүйектер организмде тіректік, механикалық, қорғаныс қызметтерін атқарады және минералдық түздар мен май алмасуына қатысады.
Сүйек құрылысына келер болсақ. Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты-тығыз ұлпа, ішкі бөлімі-борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz