Ұжым


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Ұжым және тұлға

Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы

Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтiк-психологиялық климат

Педагогикалық ұжымдағы келiспеушiлiк

Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік психологиялық талдау жасағанда оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлінетінін аңғарамыз. Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары еңбек жүктемесінің бөлінісінің ресми реттелуге байланысты.
Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп ережелер негізінде еңбек ұжымының өзінің мүшелерімен әрекеттеседі. Бұл сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер білім стандарттары оқу бағдарламасымен сабақ кестесін кәсіптік әдеп қалыптарын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал мектеп басшылығымен ара қатынасымен реттеледі. Ұжымның қалыпты жұмыс істеуі оның ресми құрылымы бірінші кезекте ұжым әрекетіне, екінші шәкірттердің кадрларға, жұмысты ұйымдастыру деңгейіне әрекеттерді орындаудағы сапа мен жауапкершілігінің оқу тәрбие процесінің барысында тексеру нәтижесінің қорытындысына материалдық техникалық базасына, қоғамдық міндеттермен тапсырмалардың тең бөлінуіне байланысты айқындалады. Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын - ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс - әрекет негізінде қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасында қалыптасқан қатынастар жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар түрлі сезімдер негізінде қалыптасады. Мұндай құрылым ішкі көбінесе жасырын көзге көрінбейтін жағдайлар танытады.
Адамдар қоршаған орта әлемімен өмір сүреді және дамиды. Бұл қоршаған орта әлемі көп қырлы:
1. адамдардың бір - біріне қатынастары
2. адамның табиғатқа қатынастары
3. денелер әлеміне қатынастар
4. материалдық және рухани құндылықтарға қатынастары.

Ұжым жəне тұлға

Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс - тəрбиенi демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мəселенiң бiрi. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға əсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық əдебиет-терде қарастырылмады. Тұлға мiндеттi түрде ұжымға бағыну керек деп есептелiндi. Қазiргi кезде адам жөнiндегi философиялық концепцияларға жəне əлемдiк педагогика-лық ой тəжiрибесiне сүйене

отырып заманға сай, жаңа шешiмдер iздестiруге тура келдi. Оқушыны ұжымдық қатынас процесiне енгiзу қиын əрi күрделi шаруа. Ең алдымен баланың жекелей мəндi екенiн ескеру керек. Оқушыларды - болашақ ұжым мүшелерiн бiр-бiрiнен денсаулықтарына, сыртқы көрiнiстерiне, мiнез бiтiстерiне, қатысу деңгейiне, бiлiмiне, бiлiктiлiгiне т. б. қасиеттерiне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесiне əртүрлi болып енедi, жас жағынан əртүрлi реакциялар туындатады, кейде ұжымға керi əсерiн тигiзуi де мүмкiн. Ұжымдық қатынас жүйесiн-дегi тұлғаның жеке əлеуметтiк тəжiрибесiде маңызды келедi. Ол арқылы оқушының сана-сезiм ерекшелiктерi, құнды бағдарлау жүйесi, жүрiс- тұрысы белгiленедi. Ал бұлар осы ұжымның дəстүр-тəртiптерiне, құндылықтарына сай келуi не сай келмеуi де мүмкiн. Оқушы тəжiрибиесi басқадай болған жағдайда тəжiрибе ауқымы мен сапасына сəйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседi. Əсiресе, жеке əлеуметтiк тəжiрибе сол ұжымның құнды тəжiрибесiне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады. Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшiн, салт-дəстүрiн құрған, басқарушы белсендiлерi бар, даму-дың жоғары деңгейiне қол жеткiзген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзiне жаңадан кiрген тұлғамен қатынасқа оңай түседi. Əрбiр адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бiрақ кейбiр объективтi немесе субъективтi себептердiң əсерiнен тұлғаның барлығы бiрдей табысқа қол жеткiзе бермейдi. Табиғи мүмкiндiктерi бойынша жеке адам ұжымдағы кейбiр құндылықтардың өзiне сəйкес келмеуiнен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткiзе бермейдi. Əсiресе, ұжымның, достарының өзiне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзiн- өзi тануы мен бағалауы сияқты қасиеттерi толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкiн. Бұл педаго-гикалық жағдайдың объективтi себептерi бар: iс-əрекет- тердiң бiрсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлiнiң тарлығы, ұжым мүшелерi арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының бiртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бiрiн-бiрi қабылдау мəдениетi-нiң кемшiлiгi, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерiн елей алмауы жəне т. б. Ғылыми зерттеулер нəтижесiнде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрi анық-талған: 1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм) ; 2) Тұлға мен ұжым бiр- бiрiмен үйлесiмдi қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды өзiне бағындырады (лидерлiк) . Бiрiншi түрi бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркiмен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, əрi қарай өзiнiң жекелiгiн жəне тəуелсiздiгiн сақтауы мүмкiн. Егер тұлға ұжымға кiргiсi келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын жəне дəстүрлерiн қабылдайды. Екiншi түрi бойынша жағдай əртүрлi жолмен дамуы мүмкiн: 1) Тұлға өз тəуелсiздiгiн барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2) Тұлғаның кейбiр өзiндiк i с-қимылы ұжым талаптарына сай келмейдi. Мектеп ұжымдарында көп кездесетiн мотив немесе себеп- салдарынан тұлға кейбiр қиын i с-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құнды-лықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезiнде ұжым-ның одан күтетiнiн айтады, əртүрлi жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттердi ұстанады, бiрақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тəжiрибесi бойынша өзiн басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы əлеуметтiк тəжiрибесi ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тəжiрибесiмен ұштаспайтын жайларда жиi кездеседi. Бiздiң мектептерiмiзде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейдi. Алайда, балалар кейде қарсылық бiлдiредi, оның өзi де негiзсiз себептерден туын-дайды: көбiне өзiн-өзi қорғап қалу сезiмiнiң үстемдiгiнен болады. Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазiргi мектепке сай типi - бұл бiрлiктi өмiр сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиiс. Үшiншi модельде тұлға ұжымды бағындырады, бiрақ бұл сирек кездесетiн құбылыс. Нағыз лидер еңбектерi, iс-əрекеттерi ескерiлумен, бұл модельде тиiстi бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзiндiк жеке тəжiрибесi ұжым мүшелерiне тартымды болуы мiндеттi. Психологтар мен педагогтар жекелiк қасиеттердiң жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерiнiң арасында кең тараған бағыт-бағдарын бөлiп қарастырады. Берiлген жұмыстарды, əсiресе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзiне түсу, басқаның үстiнен өз билiгiн жүргiзу - олардың талпынысына күш-қуат бередi. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мəн бермейдi, басты мақсаты - өз беделiн ғана таныту.

Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы

Ұжым психологиясы жөнiндегi зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий жəне т. б. / ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат бередi. Соның iшiнде ұжымға əлеуметтiк-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйым-дық құрылымы ресми жəне бейресми болып бөлiнетiндiгiн аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретiнде ұжым мүшелерiнiң салыстырмалы түрде бiршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады. Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары, еңбек бөлiнiсiнiң ресми реттелуiне байланысты. Ресми құрылымның шеңберiнде əрбiр адам кəсiптiк қызметтi атқаруда белгiлi тəртiп, ережелер негiзiнде еңбек ұжымының өзге мүшелерiмен əрекеттеседi. Бiр сыныпта жұмыс iстейтiн мұғалiмдер бiлiм стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесiн, кəсiптiк этика нормаларын басшылыққа алады. Əрбiр мұғалiм мектеп басшыларымен, əрiптестерiмен iскерлiк қатынаста болады. Ал, мұғалiм мен мектеп басшылары-ның арақатынасы қызметтiк нұсқаулар жəне өнiмдермен реттеледi. Ұжымның қалыпты жұмыс iстеуi, оның ресми құрылымы бiрқатар жағдайларға байланысты. Мұғалiм-дердiң ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегiнде бiрлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейiмен, əрекеттердi үйлестiру, түрлi шұғыл жұмыс кестелерiнiң, оқу-тəрбие процесiнiң барысы мен нəтижелерiн тексеру жүйесiнiң болуымен, қоғамдық мiндеттер мен тапсырма-лардың теңдей бөлiнуiмен айқындалады. Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерiнiң алдын ала белгiленген мiндеттерiнен тыс нақты iс-əрекет негiзiнде қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелерi арасындағы қалып-тасқан қатынастар жүйесiнен тұрады. Ондай қатынастар жек көру мен ұнату, құрметтеу, махаббат, сенiм немесе сенiмсiздiк, ынтымақтасу, бiрлесе жұмыс iстеудi қалау немесе қаламау сезiмдерi негiзiнде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның iшкi, көбiне жасырын, көзге көрiнбейтiн жағдайын танытады. Жас мұғалiм педагогикалық қызмет процесiнде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сəйкес мектеп директорының оқу iсi жөнiндегi орын-басарына, сонымен бiрге қажет деп тапса бiлiктi, тəжiрибелi маман ретiнде басқа мұғалiмнен көмек сұрайды. Ал мұғалiмдер арасындағы бейресми байланыстар түрлi себептерден туындайды. Бiр жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты əлеуметтiк қажеттiлiктен туындаса, келесi жағдайда тəжiрибелi жолдасынан кəсiптiк көмек, қолдау алуға байланысты, үшiншi жағдайда - жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты, төртiншi жағдайда өзгелердi өзiне бағындыруға ұмтылған эгоистiк себеп-терден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай белгiлерiн бөлiп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, бейресми пiкiрдiң қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы жəне т. б. Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бiр-қатар факторлар ықпал етедi. Педагогикалық ұжымның өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, осындай ықпал етушi факторларды қарастырып көрейiк. Ол ең алдымен мұғалiмдер ұжымы шешетiн кəсiптiк-педагогикалық мiндеттердiң сипаты. Педагогикалық процестiң тұтастығы, оқыту мен тəрбиелiк ажырамас байланысы мұғалiмдер, сынып жетекшiлерi, ата-ана мен жұртшылық өкiлдерiнiң əрекетiн бiрiктiредi. Дегенмен, əр мұғалiм өзiнiң нақты қызметiн атқарғанымен ол өз əрекетiн педагогикалық процестiң басқа да қатысушылары - мұғалiмдер, оқушылар, мектеп əкiмшiлiгiмен келiсе отырып жүргiзедi. Мектептегi, сыныптағы iстiң жағдайы туралы дер кезiнде алынған объективтi ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерiн бiрiктiре түседi. Психологиялық зерттеулер /А. И. Донцов, Р. Х. Шакуров/ ұжымның топтасуының қажеттi шарты мақсат бiрлiгi екендiгiн дəлелдейдi. Ұжымдық құрылым белгiлi дəрежеде педагогикалық ұжым мүшелерiнiң əлеуметтiк- демографиялық, дербестiк-психологиялық ерекшелiктерiне тəуелдi тығыз iскерлiк, тұлғааралық қатынастардың қолайлы негiзi ұжымның жасына, бiлiмiне, бiлiктiлiк деңгейiне, кəсiптiк құндылық- тары сияқты белгiлерi бойынша бiртектiлiк екендiгi даусыз. Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары деңгейiмен ерекшеленедi. Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзiнiң құрамы жағынан барынша əртектi болып келедi: оның құрамына бiлiктiлiк деңгейi əртүрлi жыныс өкiлдерiнен тұратын жас жəне тəжiрибелi мұғалiмдер енедi. Бұның барлығы əртүрлi бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негiз қалайды. Мектеп басшылары педагогикалық ұжымды ұйымдастырғанда жəне басқарғанда бұл жағдайды ескеруi тиiс. өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екi жақты сипат алады. Бiр жағынан ұжымiшiлiк қатынас, ұжымның тұрақтылығын бiлдiрсе, екiншi жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды. Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерiнiң мүддесiн, қажеттiлiгiн, қаншалықты қанағаттандыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейiн анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделi, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегiнiң мəнiн сезiне бiлу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дəстүрлерiн айтуға болады. Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемi де елеулi етедi. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелерi арасында байланыс бiршама тұрақты, берiк болып келетiндiгi дəлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерiнiң арасындағы қатынас ресми сипат ала бередi. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтығы, бiрге демалу сияқты түрлi себептермен бейресми топтар, бiрлестiктер пайда бола бастайды. Педагогикалық ұжым мүшелерiнiң саны оны басқарудың сипатын айқындайды. Шағын ұжымдарда педагогтар бiрiн-бiрi жақсы бiледi, бiрақ бұндай ұжым-дарда араласу, бiрiн-бiрi рухани байыту мүмкiндiгi барынша шектеулi. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделi құрылымы қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тiптi ұрыс-жанжалға бейiм, бiрақ осындай ұжым-дарда жарқын, ешкiмге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкiндiгi де үлкен.

Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтiк-психологиялық климат Ұжымдағы көңiл-күй мен қоғамдық пiкiр, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейiн ондағы қалыптасқан əлеуметтiк-психологиялық климат-пен айқындалады. ''Психологиялық климат'', ''əлеуметтiк-психологиялық климат'' немесе ''микроклимат'' ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай əлеуметтiк- психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзiн барынша жайлы сезiнiп, тұлғалық жəне кəсiптiк қатынас-тарда өзiн жан-жақты таныта алуын бiлдiредi. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы, олардың көңiл-күйi, хал-жайы, бiрлесе атқарған жұмыс процесiне көңiлi толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды əлеуметтiк- психологиялық климат қалыптасқан педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа- райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шiлiктi құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектiк-пен ерекшеленедi. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңiлдi /мажырлы/ екпiнге баса мəн берген. Əлеуметтiк-психологиялық климат ұжым мүшелерiнiң бiрлескен i с-əрекет пен өзара қатынас процесiнiң сипатын танытатын ұжымның сезiмдiк-психологиялық жағдайларының жүйесiн бiлдiредi. Əлеуметтiк-психологиялық климатты осылай түсiне отырып, оның мынадай негiзгi қызметтерiн атауға болады. Педагогикалық ұжымның əлеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылық қызметi ұжым мүше-лерiнiң оқу-тəрбие мiндеттерiн шешуге ұжымдық күш-жiгердi топтастыруын, бiрiгуiн iске асырады. Ынталан-дырушылық қызметi педагогикалық əрекеттiң қолдануына қажеттi ұжымның ''эмоциалдық күш-қуатын'' қалыптас-тыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметi ұжым iшiлiк тұрақтылығын қамтамасыз етiп, ұжымға жаңа мүшелердiң енуiне қажеттi алғышарт жасайды. Реттеушiлiк қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерiнiң тəртiбiне баға беруде көрiнедi. Психологияда қолайлы əлеуметтiк-психологиялық климаттың басты көрсеткiштерiн айқындау бағытында зерттеулер жүргiзiлуде. Бiр жағдайларда көрсеткiш ерекшелiктерi ретiнде тұлғааралық, адамгершiлiк, сезiмдiк, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендiгi бiр жағдайларда ұжымдық əрекет тиiмдiлiгiнiң барынша жалпы сипаттамасына баса мəн берiледi. Ондай сипаттамаларға мыналар жатады: ұжым мүшелерiнiң ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесi мен нəтижесiне қанағаттануы; ресми жəне бейресми жетекшiлердiң беделiн мойындауы; ұжымдағы жарқын, көтерiңкi көңiл-күй; ұжым мүшелерiнiң басқаруға жəне ұжымның өзiн-өзi басқаруға қатысуының жоғары деңгейi; ұжым мүшелерiнiң топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы; сапалы тəртiп; еңбектiң өнiмдiлiгi; кадрлардың тұрақтылығы. Қолайлы əлеуметтiк-психологиялық климаттың бұл белгiлерiн педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады. Əлеуметтiк-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелерiне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас бiрiккен ұжымда тəжiрибелi немесе жас мұғалiм бiрлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдiк еткен жағдайда ұжым мүшесi ұнжырғасы түсiп, қағажау көредi, бұл жағдай оның кəсiптiк қызметiнiң төмендеуiне, дау-жанжалдың пайда болуына, тiптi басқа ұжымға ауысуына апарып соғады. Кең көлемдегi кəсiптiк-педагогикалық мiндеттерiн атқара жүрiп мұғалiм өзiн жəне еңбегiн жұртшылықтың бағалауын қажетсiнедi. Педагогтар əсiресе беделдi адамдар тарапынан, соның iшiнде басшылар мен ата-аналар тарапынан берiлген бағаны түсiнуге бейiм. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзiнiң қызметiн, кəсiптiк позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға негiз болады. Сондықтан педагогикалық ұжым-дағы қатынас өзара сыйластық, принциптi, талапшыл жəне тiлеулестiк сипатта болуды талап етедi. Əлеуметтiк-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмi елiктеуден - өзге адамдар-дың сезiмiн, ойларын тiкелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбiр мұғалiмдер өз əрiптестерiнiң эмоциялық жағдайын түсiнуге жəне оған төзуге қабiлеттi болса, екiншiлерi оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенiмi, ықыласымен сəйкес келетiн, келмейтiндiгiн салыстыруға бейiм. Ұзақ уақыт бiрлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды елiктеу процесiн едəуiр жеделдетедi. өз əрiптесiнiң сезiмдiк- психологиялық көңiл-күйiн танып, оны түсiне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудың оңтайлы шешiмiн өз басынан iздестiредi. өзара əрекеттестiктен екiншi жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты бiлетiн, принциптi, iске жауапкершiлiкпен қарайтын, тəртiптi, көпшiл, қайырымды, əдептi педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулi ықпал жасай алады. Ал керiсiнше, тоғышар, əдепсiз, тəртiбi тиянақсыз ұжым мүшесi жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды. Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерiнiң интеллектуалдық, сезiмдiк жəне мiнездерiнiң жiгерлiлiк белгiлерiне тəуелдi болып келедi. Жекелеген педагогтардың танымдық белсендiлiгi, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметтi дамытып, жаңа технологиялар iздестiруге ұмтылады. Жiгерлi педагог-жетекшi соңынан өзгелердi ерте алады. Егер ұжым мүшелерiнiң ақыл- ойы, сезiмi, ерiк-жiгерi педагогикалық қызметке жұмылдырыл-са, онда табысқа жету қиын емес. Жеке адамның ұжымға жəне оның əлеуметтiк-психологиялық климатына ықпал жасайтын негiзгi əдiстерi - көзiн жеткiзу, сендiру, жеке үлгi көрсету. Көзiн жеткiзу адамдардың бағасын, пiкiрiн, қалыптасқан мiнез-құлық нормалары мен ережелерiн нақты адамның - көз жеткiзетiн тұлғаның түсiнiгiне сəйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткiзушi факторлардың қуатын, қисынмен дəлелдi пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, əңгiмелесу-шiнiң сезiмiне де əсер етедi. Сендiру процесiнде бiр адамның екiншi адамға немесе тұтас ұжымға əсерi ырықты немесе ырықсыз түрде iске асады. Сендiрудiң көмегiмен педагогикалық ұжымда көңiл-күй қалыптасып, идеялар, педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды əлеуметтiк-психологиялық климаттың қалып-тасуына жеке тұлғаның жасайтын ықпалының тиiмдi əдiсi жеке үлгi көрсету болып табылады. Ол үлгi адамның өз еңбегiне, əрiптестерiне, ұжымдық пiкiрге қатынасы болуы мүмкiн. үлгi барлық кезде де нақты, ол əрекет пен мiнез-құлықтың үлгiсiн бередi, көңiлдегi мен өмiрдегiнi салыстыруға мүмкiндiк бередi.

Педагогикалық ұжымдағы келiспеушiлiк

Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергi жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келiспеушiлiктi немесе ''климаттық ауытқуды'' атауға болады. Əлеуметтiк- психологиялық келiспеушiлiктi көптеген мамандар адамдардың тiкелей қарым-қатынасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау
Ұжым және тұлға
Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Ұжымның даму кезеңдері
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz