Компьютер графикасы



. 1.1 Векторлық және растрлық графика 1.2 Программалары. ІІ. Corel Draw және басқалары 2.1 Corel Draw 2.2 Corel Draw
ІІІ. Векторлық графиканы қолдану,векторлық графика файл форматтары.
3.1.Векторлық графиканы қолдану 3.2 Компьютерлік файл форматтары
1.1 Векторлық графика
Векторлық графика кескінің (суретті) вектор деп аталатын түзу және қисық сызықтар арқылы, түсі мен орналасуын көрсететін параметрлер арқылы салады.Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті ең алдымен нүктелер арқылы белгіленеді содан кейін нүктелер арасы қосылып ағаш жапырағының кескіні пайда болады.
Векторлық графика элементтерін редактрлеу кезінде сол элементтердің кескінің белгілейтін түзулер мен қисық сызықтар параметрлерін өзгертесіз.Сіз мынадай өзгертулер еңгізе аласыз: элементтерді тасымалдау,өлшемдерін, түсін,формасын өзгерту- бірақ бұл олардың визуалдық көрсету сапасына әсер етпейді.
Векторлық графика кескін элементтерін түсі берілген математикалық қисықтар арқылы көрсетуге негізделген.Мысалы:ақ түсті фондағы қызыл эллипс тек екі математикалық формулалар-тікбұрыш және эллипстің сәйкес түстері,өлшемі және орналасуы арқылы көрсетіледі.Бұл алдыңғы жағдайға қарағанда едәуір аз орын алады.Тағы бір артықшылығы – кез-келген бағытта сапалы масштабтау болып табылады.Объектлерді кішірейту және үлкейту үшін математикалық формуладағы коэфиценттерді сәйкесінше кішірейту немесе үлкейту керек.
Өкінішке орай көптеген түстерден немесе кішкентай элементтерден құралған суреттерді жіберу кезінде векторлық форматтың пайдасынан гөрі зияны көп болады.(фотография және т.б.)Өйткені бұл суреттерді құрастыру кезінде күрделі болып келетін математикалық формулаларды қолдану қажет болады,және де қате кетсе оны түзетудің өзі көп уақыт алады,сондықтан бұл жағдайда векторлық формат тиімсіз болып табылады.Суретттің күрделі болуы файл көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады.Одан басқа суреттерді растрлық форматтан векторлыққа көшіру (мысалы Adobe Strime Line немесе Corel OCR-TRACE программалары арқылы) олардың векторлық форматтағы үлкен бағытта масштабтау мүмкіндігінен айырады. Сызықтық өлшемдер үлкеюінен бөлшектер мөлшері немесе түс қосымшалары бірлік ауданға ұлғаймайды. Бұл шектеуді еңгізу құрылғылары қойып отырады.(мысалға алғанда сканерлер, цифрлік фотокамералар және де т.б.)Векторлық формат пен растрлық формат айырмашылығына тоқталсақ:
Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің біріктірілуі арқылы көрсетіледі,ал растрлық форматта болса ол кескіндеу нүктелер арқылы жүргізіледі,мозаика сияқты.
1. Ким.Ю “Графический редактор Corel Draw”-2005 г.
2. А.Зиновьев «Введение ввекторную графику»-2003г.
3. Ф.Клобурн «Эффективная работа с Corel Draw 10»

Векторлық, растрлық графика,программалары. 1.1 Векторлық және растрлық
графика 1.2 Программалары. ІІ. Corel Draw және басқалары 2.1 Corel Draw 2.2
Corel Draw 
ІІІ. Векторлық графиканы қолдану,векторлық графика файл форматтары. 
3.1.Векторлық графиканы қолдану 3.2 Компьютерлік файл форматтары 
Қолданылған әдебиеттер 
Кіріспе 
ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды,
ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып
табылады.Бастапқыда ол векторлық графика болды – бұл қағазда не болмаса
экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын вектор деп аталып кеткен
функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді.Мысалға графигі шеңбер,
түзу сызық және т.б. болып келетін функциялар.Осындай векторлардың
қосылуынан векторлық суреттер пайда болады. 
Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуымен бірге графикалық
объектлерді құрастырудың көптеген тәсілдері пайда болды. 
Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап-
зерттейді.Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар
ұнаған.Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес.Мысалы
мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық.Оны оқығанша диаграммасын
қарай салған жөн деп санаймын,осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы
мүмкін.Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану
көлемі ұлғаюда.Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы
қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру
өте қарқынды дамуда.Және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы
графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір
нәтижелерге қол жеткізуге болады.
І.Векторлық,растрлық графика,программалары.
1.1 Векторлық графика
Векторлық графика кескінің (суретті) вектор деп аталатын түзу және
қисық сызықтар арқылы, түсі мен  орналасуын көрсететін параметрлер  арқылы
салады.Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті ең алдымен нүктелер арқылы
белгіленеді содан кейін  нүктелер арасы қосылып ағаш жапырағының 
кескіні пайда болады. 
Векторлық графика элементтерін редактрлеу кезінде сол элементтердің
кескінің белгілейтін түзулер мен қисық сызықтар параметрлерін
өзгертесіз.Сіз мынадай өзгертулер еңгізе аласыз: элементтерді
тасымалдау,өлшемдерін, түсін,формасын өзгерту- бірақ бұл олардың визуалдық
көрсету сапасына әсер етпейді. 
Векторлық графика кескін элементтерін түсі берілген математикалық қисықтар
арқылы көрсетуге негізделген.Мысалы:ақ түсті фондағы қызыл эллипс тек екі
математикалық формулалар-тікбұрыш және эллипстің сәйкес түстері,өлшемі және
орналасуы арқылы көрсетіледі.Бұл алдыңғы жағдайға қарағанда едәуір аз орын
алады.Тағы бір артықшылығы – кез-келген бағытта сапалы масштабтау болып
табылады.Объектлерді кішірейту және үлкейту үшін математикалық формуладағы
коэфиценттерді сәйкесінше кішірейту немесе үлкейту керек. 
Өкінішке орай көптеген түстерден немесе кішкентай элементтерден құралған
суреттерді жіберу кезінде векторлық форматтың пайдасынан гөрі зияны көп
болады.(фотография және т.б.)Өйткені бұл суреттерді құрастыру кезінде
күрделі болып келетін математикалық формулаларды қолдану қажет болады,және
де қате кетсе оны түзетудің өзі көп уақыт алады,сондықтан бұл жағдайда
векторлық формат тиімсіз болып табылады.Суретттің күрделі болуы файл
көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады.Одан басқа суреттерді растрлық форматтан
векторлыққа көшіру (мысалы Adobe Strime Line немесе Corel OCR-TRACE
программалары арқылы) олардың векторлық форматтағы үлкен бағытта масштабтау
мүмкіндігінен айырады. Сызықтық өлшемдер үлкеюінен бөлшектер мөлшері немесе
түс қосымшалары бірлік ауданға ұлғаймайды. Бұл шектеуді еңгізу құрылғылары
қойып отырады.(мысалға алғанда сканерлер, цифрлік фотокамералар және де
т.б.)Векторлық формат пен растрлық формат айырмашылығына тоқталсақ: 
Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің
біріктірілуі арқылы көрсетіледі,ал растрлық форматта болса ол кескіндеу
нүктелер арқылы жүргізіледі,мозаика сияқты.

Растрлық графика
Растрлық графика кескінді торда орналасқан пикселдер деп  аталатын
түсті нүктелер арқылы белгілейді.Мысалға  алғанда ағаш жапырағының суреті
тордың әр нүктесінің түсін нақтылы  орналасуы арқылы белгіленеді,бұның 
нәтижесі суретті мозаикадағы сияқты көрсете алады. 
Растрлық графикада редактрлеу кезінде нүктелер емес пиксельдерді редактрлеу
керек.Растрлық графика өзінің көлеміне тәуелді болып келеді,өйткені бұл
оның белгілі өлшемдегі торда орналасуына байланысты болып табылады.Растрлық
графиканы редактрлеу кезінде оның көрсетілу сапасы өзгеруі мүмкін.Жеке
қарағанда растрлық графикада көлемді өзгерту ондағы суреттің қырларының
бұзылуына әкеп соқтырады, себебі пиксельдер тордағы орналасу ретін
өзгертеді.Растрлық графиканы көлемі кіші құрылғылардан шығару, оның
суретінің сапасының нашарлауына себепші болады.Растрлық форматта негізгі
элемент болып түсі берілген нүкте,яғни пиксель болып табылады.Мысалы ақ
түсті фондағы қызыл эллипсті сипаттағанда эллипс пен фонның әр нүктедегі
түсін көрсету қажет.Сурет көп нүктелер түрінде көрсетіледі — олардың көп
болуы суреттің визуальдік сапасының артық болуына және де файл көлемінің
ұлғаюына әкеледі.Яғни бір сурет нүктелердің санына байланысты жақсы не
болмаса нашар сапалы түрде көрсетілуі мүмкін.Одан басқа суреттің сапасы әр
нүктедегі түстердің мөлшеріне де байланысты. 
Растрлық графиканы көп бөлшектреден және түстерден тұратын фотографиялық
типті суреттерді көрсетуде қолданады.Бұндай суреттерді масштабтау көп
жағдайда сапаны төмендетеді.Нүктелердің азаюы кезінде кішкентай бөлшектері
жоғалып,жазулар деформациялануы мүмкін.Пикселдерді еңгізу суреттің
нашарлауына әкеледі,өйткені жаңа нүктелер қосымша түс береді.Кең таралған
форматтар: .tif,.gif,.jpg,.png,.bmp,.pcx және т.б.Қосымша плагиндерсіз ең
көп таралған броузерлер .gif,.jpg,.png растрлық форматтарын ғана түсіне
алады.Векторлық редакторды қолдану көп сұранысқа ие болмай тұр,бірақ
жаңадан бастау алған суретшілерге векторлық ортада оңайлау болып
келеді.Мұндағы элемент оңай түзетіледі.Растрлық режимде сурет салғанда
түзете алмайтын қателер кетуі мүмкін.Растрлық және векторлық графиканың
ұқсастықтары да бар —файлдарды әртүрі форматтарда ашу мүмкіндітері,бірдей
құрал-саймандар мен функциялардың қолданылуы.(қарындаш,қалам;бөліп алу,орын
ауыстыру,масштабтау т.б.),керек түсті таңдау.Бірақ та редактрлеу мен сурет
салуды іске асыруда айырмашылықтар болады. 
Мысалы растрлық редактордағы бөіп алу десек— күрделі форма облысы түрінде
нүктелер бірігуі айтылады.Бөліп алу өте қиын да,көп уақыт алатын іс болып
табылады.Векторлық редакторда объект графикалық примитивтердің бірігуі
болып келеді,және оны бөліп алу үшін әрқайсысын тышқанмен шерту
жеткілікті. 
Осыған қарамастан олардың ұқсас болып және де бір-бірімен сәйкес болуына
көптеген жағдайлар әсер етеді.Жаңа заманға сай көптеген векторлық
редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде қолдана алады,ал кей
жағдайларда олар растрлық суреттер бөлігін векторлық форматқа ауыстыруы да
мүмкін.(трассировка)Алынған фондық кескінді редактрлеу үшін орнатылған
немесе еңгізілген арнайы құрылғы фильтрлердің көмегі болуы
мүмкін.Illustrator’дың 8-ші бөлімі Photoshop’тың psd-дің файлдарын еңгізуі
мүмкін және де алынған қабаттарды пайдалана алады.Ал кейбір растрлық
редакторлар векторлық редакторлардың кей файлдарын алуы мүмкін не болмаса
оларды редактрлеу мүмкіндігі болуы үшін растрға ауыстыра алады.
• Векторлық форматта–басы  мен соңы координаттары,түсі жіне қалыңдығы 
берілген. 
• Растрлық форматта — кескінге тиісті әр нүкте координаты мен түсі
берілген.
1.2. Программалары
Интернет желісінде өз бетін ашуға көмектесетін материалдарды 
баспаға дайындау кезінде көмектесетін векторлық графиканың күшті де
дамыған  құрал-саймандары бар иллюстрациялық
графика пакеттері қазіргі кезде  көп шығарылған,және де олар қолданыста
қарапайым болып келеді,яғни оны  қолдануда жеңіл болуы үшін барлық жағдай
жасалған. 
Графикалық объект салу үшін иллюстрациялық веторклық графика программасы
керек болады.Векторлық құралдардың пайдалылығы мен сапасы ең бастысы
масштабтау мүмкіндіктері арқылы анықталады. 
Объектлердің контурларын салуға, одан кейін оны бояп ішін өрнектерге
толықтыруға көп көңіл бөліп пысықтау негізінде векторлық және
иллюстрациялық графика пакеттері құрылған. Растрлық суреттер сияқты
(пиксельдермен толтырылған торлар) емес, нүктелер мен қисықтардан құралған
математикалық модельдер арқылы құрастырылғандықтан векторлық графикада
контурларға әртүрлі өлшем беріп оны нақты түрде көрсетуге болады.Бұл
категориядағы жабдықтар арасында жаңа мүмкіндіктер беретіндерге көптүсті
градиенттік бояғышты жатқызуға болады.Жұлдыздар,көпбұрыштар,спирал ьдар
сияқты примитивтер бұнда жәй құралдар ретінде қарастырылады.Байланыстағы
түстер мысалға алғанда раушангүлінің түсін қызыл түстен сары түске ауыстыра
алады,ал қосымша түс берушілер болса автоматты түрде өзгеріп
отырады.Көпқабатты интерактивті түстік “диапозитивтер” суреттің анықтылығын
қамтамасыз етеді,осының арқасында векторлық кескіндерді растрлыққа
ауыстыруға болады.Соңғы кездерде шығарылған пакеттерге жатқызылатын
принциптер векторлық графика туралы көзқарасты өзгертеді.CorelXara 1.5
визуализациялауға жаңа бір жақтан қарайды, GIF., JPEG файлдарын құрастыруда
көмек болатын керемет құралдарға ие,және де векторлық графикамен жұмыста
пайдаланатын браузердің жедел сыртқы модульімен қамтамасыздандырылған.
Fractal Design фирмасының Expression 1.0 пакеті басқа да күрделі векторлық
графикалық суреттерден контурлар құрастыруға мүмкіндік береді,және басқа
программалар бере алмайтын,қолданушыға визуальді мүмкіндіктердің шексіз
түрлерін пайдалануға береді. 
Ал графикалық жұмысты өзіне жаңадан ашып жатқан қолданушыларға арнайы
программалар да бар,олар ең жеңілден бастайды,диаграммалар құру не болмса
техникалық сызу.Ал күрделі болып келетін Безье қисығын еркін салу өз
істерінің мамандарына да қиын болып табылады,сол сияқты машиналды сызуды да
меңгеру қиын.Көптеген жаңадан бастап отырған қолданушылар векторлық графика
мен растрлық графика айырмашылығын сезінбей қандай пакеттерді қолданатынын
білмейді.Сондықтан да жаңадан келгендер өздерінің мүмкіндіктерін алды-ала
біліп толық түрде сурет салуға дайын болған кезінде ғана кірісуі керек.
Көптеген жағдайларда  жаңадан бастағандарға сурет,кескін салу үшін өздері
білетін программаларды қолдануы қажет.Microsoft,Corel және Lotus графика 
және мәтіндік процессор модульінде сурет салу құралдарын иемденеді.Одан
басқа AutoShape функциясының көмегі арқылы диаграммалар құрастыру үшін
стандарттық  формада үлкен сандар жазуға болады,WordArt
галереясы болса мәтіннің түсінің  қызықты стилдерін бере алады. Техникалық
жақтан болатын тапсырмалар үшін мына программаларды қолдануға болады:
Micrografx фирмасының FlowCharter 7 пограммасы диаграммалар
құрастыруға арналған не болмаса Visio Professional 4.5 программасы Visio
Corparation фирмасынан.Ал егер де САПР аймағындағы жұмыс болса  ол үшін
арнаулы бірнеше пакеттер бар,оған AutoCAD LT пакетін де жатқызуға  болады
Autodesk фирмасынан шыққан, немесе Design CAD 97 программасы ViaGrafx
фирмасы жасап  шығарған.Мына пакеттер құрылыста және
оны жоспарлауда пайдаланылады: Planix және Draftix пакеттері SoftDesk
фирмасынан, Visual Home пакеті Books that Work фирмасы,3D Home Architect
және Edition 2 пакеттері Broderdund Software фимрмасында  шығарылған. 
Барлық жаңа технологиялардан ең көп қызығушылықты қазіргі кезде Web-тің
желіні векторлық графика құралдары және басқа да элементерімен толықтыратын
фирмалық сыртқы модульдері тартып отыр.Енді осының арқасында URL-ді
(ресурстың унифицияланған бағыттаушысы)кез-келген объектіге орнатуға
мүмкіншілік пайда болды.
II Corel Draw және басқалары.
2.1 Corel Draw 8-9
Corel Draw пакеті әрқашанда мықты әсер қалдырады.Бұл жолы олар өз құрамына
көптеген программалар қосты, оның қатарнына Corel Photo-Paint еңеді.Бұл
пакет мықты құрал-саймандармен қамтылған,одан соң пакеттің бұл жаңа
бөлімінде интерфейсі жақсартылған,және сурет салу құралдары қолданыста
ыңғайлы болып отыр.Ал жұмыс Web-қа қатысты болса онда бұл жағдайда Corel
Draw CorelXara-дан қалып қояды,бұл кезде екіншісінің мүмкіндіктері артық
болып келеді. 
Corel Draw графикалық редакторында мәтінді өңдеуге арналған құралдары
бар.Оның мүмкіндіктер басқа да мықты редакторларға қарағанда үлкен болмаса
да көптеген тапсырмаларды орындауға қабілетті. .″Лупа″ құралы болса
көптеген эффектлер жасай алады. Photoshop-тың екі және үшөлшемді
эффектлерін қолдана отырып суретте алуан түрлі өзгерістерді іске асыруға
болады.Пиксельдерді редактрлеу кезінде Corel Draw Corel Photo Paint-қа
автоматты түрде ауысып отырады.Онымен қатар ол масштабтаудың базалық
мүмкіндіктері мен өлшемнің динамикалық орнату құралдарымен қамтылған.Ол екі
типті мәтіндік объектлер, яғни Corel Draw мәтіндік объектлерінің 2 түрін
шығара алады: қалыпты мәтін (Paragraph) және артистикалық мәтін
(Artistic). 
Артистикалық мәтін негізінен әдемілеп,көркемдеп жазу үшін арналған.Оның
режимінде жұмыс істеу үшін құрал-саймандар тақтасындағы пиктограмманы шерту
керек.Ал егерде мәтінге көп жазу жазылатын болса онда Paragraph форматын
қолданған жөн.Мәтін объектісіне әртүрлі эффектлерді қолдануға
болады:масштабтау,созу,қысу,айналды ру. Corel Draw экранға болып жатқан
өзгерістердің бәрін көрсетіп отырады. 
СМҮК модельдерімен жұмыс барысында Corel Draw көптеген келеңсіз жағдайларға
келіп тіреледі,яғни ол бұл модельмен жұмыс жасауға әлі толық түрде дайын
емес.Оған қарамастан программа түсті басқару жүйесі Kodak CMS-пен жұмыс
істей алады.Өзінің мықты құрал-саймандарына қарамастан оның беттердің
баспаға сәйкессіздігі себебінен мүмкіндіктері шектеліп отырады.Ал енді
Corel Xara программасының жұмыс барысы жайында айта кетелік.
Corel Xara 1.5
Corel Xara 1.5 — жаңа заманның технологиялары қарастыратын прграммалардың
бірі болып табылады.Онымен жұмыс істеу өте қарапайым болып табылады. Ол ең
біріншіден парақ бетінде графикалық кескін салуға пайдаланылады.Бұл
программа суреттермен қазіргі заман талаптарына сай болып келетін көптеген
эффектлер жасай алады.Бұл программа Corel Draw 7 редакторынан озып
отыр.Векторлық графиканы масштабтау арқасында растрлық мәтіндердің
екіөлшемді түрлері үшөлшемді сияқты болып көрінеді.Оның интерфейсі өте
әдемі де қарапайым.Үстінгі қатардағы пиктограммалары әрқашан қолданысқа
ыңғайлы болатын түрде орналасқан.Corel Draw редакторына қарағанда бұл
программа ыңғайырырақ болып отыр.Бірақ та біріншісінің де артықшылықтары
бар. 
Web графикасы үшін қазір ең мықты құралдармен жабдықталған редакторлар
ретінде Corel Xara болып табылады,ол Netscape Navigator және Microsoft
Internet Explorer үшін браузердің ішінде болса да сурет масштабын 25000 %-
ға үлкейтуге мүмкіндік береді.Ол бүкіл өзгерістерді тез арада экран бетіне
көрсетіп отырады.Файлдың ыңғайлылығы мен жеделдігінің арқасында векторлық
графика үшін Web-парақтарында жұмыс істеу мүмкіндіктері кеңейтілді. 
Corel Xara пакетіне Web палитрасы да қосылған оның көмегімен ол анимациялық
файлдар жасай алады.Анимациялық суретті Greate Bitmap Copy және Arrange
құралдары арқылы бірнеше рет өзгертумен жасап шығаруға болады.GIF
анимациялық файлдары сыртқы программалық модульдің болуын қажет етпейді ол
автоматты түрде броузердің өзінде іске қосылады. 
Corel Xara программасының мүмкіндігі шектелген болса да, басқа жағдайларды
алып қарасақ бұл программа өзіне тең дәрежедегі программалар жоқтығына
күмән келтірмеуге болады.Егерде қиын оригинал-макеттерін жасау қажет
болса,не болмаса адам сурет салу пакеттерімен жұмыс жасауда жаңадан келсе
онда бұл редактор өте жақсы толықтыру құралы ретінде роль атқара алады.
Canvas 5
Сурет салу мүмкіндіктері,растрлық суреттерді құрастыруды,бір программада
бетті редактрлеуді біріктіргісі келіп Deneba Systems фирмасы Canvas 5
пакетін жасап шығарды,ол программа болса көптеген функцияларға ие болса да
оны дұрыс қолдана алмайды.Canvas 5 пакетінің мүмкіндіктері көп десек те
онымен жұмыс барысының басында сіз жасағыңыз келетін құжат типін таңдау
тура келеді.Таңдаған типке байланысты – Presentation, Publication,
Illustration-сізде әртүрлі мүмкіндіктер мен шектеулер болады,ал бұл пакет
біреуінен екіншісіне ауысуға мүкіндік береді,бірақ бұл өте баяу іске
асадыы. Illustration құжаты бір бет ішінде ғана орналаса алады,бірақ соған
қарамастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік графика түсінігі
Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі
Microsoft Visio векторлақ графикалық бағдарламала
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Компьютерлік графика түсінігі және түрлері
VGA графикасы, үшөлшемді бағдарламау және динамикалық бейнелеу
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Латын графикасына ауысудың тиімділігі
Мектеп оқушыларын компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Пәндер