Денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың қоғамдық қатынастары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын iске асыруға қатысуын регламенттейдi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Дәрiгерлер мен провизорлардың, орта медициналық қызметкерлердiң, медициналық және фармацевтикалық өнiм өндiрушiлердiң кәсiптiк одақтары, қауымдастықтары және басқа да қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге өздерiнiң жарғыларына сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысады.

Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаты мынадай негiзгi принциптердiң: медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасы; мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшiн ортақ жауапкершiлiгi; Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетудi қамтамасыз ету; денсаулық сақтау жүйесi қызметiндегi медициналық көмектiң профилактикалық бағыттылығы; сектораралық өзара iс-қимыл жасау; пациенттердiң құқықтарын қорғау негiзiнде жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтауды мемлекеттiк органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етедi. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң қолжетiмдiлiгiн және азаматтардың оны алуын: уәкiлеттi орган; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары; тиiстi мемлекеттiк тапсырысы бар денсаулық сақтау ұйымдары мен жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар қамтамасыз етедi.

Мазмұны

  1. Кіріспе.
  2. Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы.
  3. Жүктi әйелдер мен аналардың денсаулық сақтауға құқығы.
  4. Дәрiгерлiк құпия.
  5. Қорытынды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының:

Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;

өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың, ерiктi медициналық сақтандыру жүйесiнiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерi есебiнен тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнен тыс қосымша медициналық қызметтерге;

тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiлуге;

бюджет қаражаты есебiнен шетелде медициналық көмек алуға;

уақытша еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыруға;

санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылыққа және радиациялық қауiпсiздiкке;

сапалы әрi уақтылы медициналық көмек алуға;

медициналық көмек көрсетiлуiнiң барлық кезеңiнде оның сабақтастығына құқығы бар.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

Азаматтар жедел медициналық көмекпен тегiн қамтамасыз eтiледi.

Денсаулық сақтау субъектiлерiнен ақылы медициналық көмек алу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген негiздерде және тәртiппен жүргiзiледi.

Уақытша еңбекке жарамсыздық фактiсi құжатпен - уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен немесе анықтамамен куәландырылады.

Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ азаматтарға жұмыстан босауға және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға құқық бередi.

Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама азаматтарға жәрдемақы алмай жұмыстан босауға құқық бередi.

Психикалық аурулары бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестiгiнде ауытқушылық бар адамдар жынысын ауыстыруға құқылы.

Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын қорғау саласындағы құқықтары арнаулы заңмен реттеледi.

Жүктi әйелдер мен аналардың денсаулық сақтауға құқығы

Ана болуды мемлекет қорғайды және көтермелейдi. Жүктi әйелдер медициналық көмек сұраған кезде тұратын жерiне қарамастан, жүктiлiктi сақтау мен бала туу бойынша тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде тегiн консультация алуға, тексерiлуге, емделуге және диспансерлiк бақылауда болуға құқылы. Жүктi әйелдер ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына әсерi болатын аурулардың жекелеген түрлерiн амбулаториялық деңгейде емдеу үшiн дәрiлiк заттармен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн қамтамасыз етiледi.

Әйел ана болу туралы мәселенi өзi шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, ықтиярсыз жүктiлiктен сақтанудың қазіргі заманғы әдiстерiн epікті түрде таңдауға құқылы.

Ана болуды қорғау:

1) ұрпақты болу жасындағы әйелдердi тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде жыл сайынғы медициналық тексерiп-қарау, диспансерлеу және сауықтыру жүргiзу;

2) науқас баланы күтiп-бағу үшiн стационарға түскен кезде әйелдердiң ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тiкелей әсерi болатын негiзгi ауруларды медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етiледi.

Жүктi әйелдер мен бала емiзетiн аналардың жұмыс уақытының режимi, жүктiлiгi мен босануы бойынша демалысы, еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi. 1

Дәрiгерлiк құпия

Медициналық көмекке жүгiну фактiсi, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны тексеру және (немесе) емдеу кезiнде алынған өзге де мәлiметтер дәрiгерлiк құпияны құрайды.

Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, оқыту, кәсiптiк, қызметтiк және өзге де мiндеттердi орындау кезiнде дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтер белгiлi болған адамдардың оларды жария етуiне жол берiлмейдi.

Пациенттi тексеру мен емдеу мүддесiне орай, ғылыми зерттеулер жүргiзу, осы мәлiметтердi оқыту процесiнде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердi азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен басқа азаматтарға беруге рұқсат етiледi.

Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердi беруге мынадай жағдайларда:

өзiнiң жай-күйiне байланысты өз еркiн бiлдiруге қабiлетсiз азаматты тексеру және емдеу мақсатында;

айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар таралу қатерi болған кезде;

тергеу немесе сот талқылауын жүргiзуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың және (немесе) соттың сұрау салуы бойынша;

кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адамға медициналық көмек көрсету кезiнде оның заңды өкiлдерiн хабардар ету үшін;

азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтiрiлдi деп есептеуге негiздер бар болған кезде жол берiледi. 2

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
Денсаулық сақтау саласы
Еңбек құқығының субъектілері
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
Дәрілік құралдар айналымы саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттері. «ҚР еңбек кодексі»
Қауіпті ауруларды және ғасыр дертін күштеп емдеу
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Еңбек құқығы қатынастарының субъектілері: түсінігі, топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz