Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ

1. 1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері

  1. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері
  2. Өнімді стандарттау және сапаны басқару

2. "Нурлыбаев К" ЖШС-нің ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ

2. 1 Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

2. 2 Кәсіпорынның баға саясатын талдау

2. 3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау

3. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ

КІРІСПЕ

Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу экономикалық жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жекелей алғанда "Өнімнің бәсекелестік қабілеті" ұғымы кең қолданысқа түсті. Өнімнің сапа және бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде. Өнімнің бәсекелестік қабілеті ұғымында негізінен оған нарықта сәтті өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылады. Кей кездері бәсекелестік қабілет ұғымы тек экономикалық объект қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар сапаны бағалау сипатында қолданылады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау әдістемесін меңгеру.

Соған байланысты өнімнің бәсекелестік қабілеті - бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.

Кез келген өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алған қойған мақсаттардың бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.

Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен тауар өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын тауарлар міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.

Тауардың бәсекеге төзімділігін бағалағанда оның сату немесе сатып алу бағасы қарастырылады. Осыған қатысты мына жайттар ескерілгені жөн: нарықты және ақырғы тұтынушылардың сұранысын зерттеудің сапасы, тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырылып отыру, жарнама және тауардың өмірлік цикілін есепке алуға байланысты жүргізілетін жұмыстың тиімділік дәрежесі, баға стратегиясын таңдап алудың дұрыстығы, тауар өткізу мекемелері мен тауардың қозғалу бағаттарын белгілеу кезінде тауардың бәсекелік артықшылығы мен кемшіліктерін (маркетингтік құрастырушыларды) анықтау.

Экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан қарағанда тауардың бәсекеге төзімділігі оның қолданысқа түсіуіне дейін жұмсалған шығындарға қатысты алғанда пайдалы немесе пайдасыз (залалды) екеніне қарап анықталады.

Тауардың өтімділігі мен бәсекелік дәрежесін оны өндіретін, жеткізу және оны сатумен айналысатын фирмалардың, сондай-ақ коммерциялық және сауда саласындағы мамандардың имиджі (тауардың, кәсіпорынның, елдің т. б. тіпті сол тауарды шығаратын мемлекеттің халықаралық деңгейдегі беделі) айқындайтыны белгілі.

Тауардың бәсекелік деңгейін анықтайтын деректер мен факторлар жинақтала келіп, тауардың тұтыну бағасын белгілейді. Бұл - тек тұтынушының тауарды сатып алатын бағасы ғана емес. Ондай баға тауардың қолданылу процесіндегі тиімділігі мен тауарлық таңбасының қадірлі дәрежесі жағындағы түсініктерді де қамтып отырады. Баға жөнінде саудаласу барысында, яғни тауардың сату немесе сатып алу бағалары белгіленетін тұста алдағы уақыттардағы қолданылу процесіндегі тиімділігі мен тауарлық таңбасының қадірлі дәрежесі жағындағы түсініктерді де қамтып отырады. Баға жөнінде саудаласу барысында, яғни тауардың сату немесе сатып алу процесіндегі тауардың тиімді немесе тиімсіз жақтарын мүмкіндігінше көрсетуге ұмтылады. Әрине, әсіресе, тауар сатушы өз өнімінің экономикалық артықшылығы мен құндылық жағына баса назар аудару тенденциясын берік ұстанады.

Өнім сапасын тұтыну құнымен байланысты және соған байланысты қасиеттерді қанағаттандыру деңгейі мен шегі арқылы анықтылады және өнім сапасы өнімнің бәсекелестік қабілеті механизмінің түп өзегі болып табылады. Бірақта қатысты төмендеу өнім сапасы, төмен бәсекелестік қабілеттің болуын толығымен сипаттамайды.

Бәсекелестік қабілеттің нақты мәні мен тек қана өндіруші өз тауарын нарыққа шығарып және ол тауар басқа бәсекелестердің тауар алмастыратынына бәсеке бола алатын жағдайда ғана ашылады.

Көптеген индустриалды дамыған елдер компаниялары өнімнің бәсекелестік қабілетін ішкі нарықта шешуге тырысады, өйткені болашақта өз тауарын сыртқы нақты тарату мүмкіндігіне толық сенімді болады.

Кез келген тауар ішкі нақты бәсекеге қабілетті, ал сыртқы нарықта бәсекелес қабілеті төмен болуы әбден мүмкін. Соған байланысты сомалық көрсеткіштердің өзгеріссіз, өнімнің бәсекелестік қабілеті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Ол нарық конъктурасының өзгерісіне жарнама және т. б. тауарға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде жүзеге асады.

1. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері

Өнімнің бәсекелестік қабілеті - бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.

Өнімнің бәсекелестік қабілеті қатысты өлшем болып табылады және нарықта бәсекеге түсетін тауарларды салыстыру нәтижесінде көрінуі мүмкін.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау және болжау - бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекелестік қабілеттің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:

  • бірнеше кәсіпорындар арасында өнімнің жағдайын анықтау;
  • нарықта өнімді таратудың перспективасын бағалау;
  • өнім көрсеткіштерін анықтау; Оған бәсекелестік қабілет деңгейін анықтауға қажетті қажеттіліктер;
  • өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру бойынша іс-шараларды жасау;
  • тауарға баға тағайындау;
  • нақты нарықта тауармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау;

Екінші этапта өнімге талаптар қарастырылады. Оған ақпарат тұтынушылардың талаптары мен сұранысы негізінде талдау жасалынады. Келесі этап - өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалауға қажет параметрлерді қарастыру. Барлық параметрлер өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалауда үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. нормативтік
  2. техникалық
  3. экономикалық.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау процесінде келесідей принциптерді ескеру қажет:

  • нарық субъектілерінің мақсаттары мен құралдарының қарама - қарсылығы;
  • нарық сегменттерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру;
  • зерттеу кезеңдерінің нарық конъктурасы;
  • нарық субъектілерінің рационалды мінез-құлқы.

бейнелейді. Мақсаттар мен құралдардың принципі өнімнің бәсекелестік қабілетін басқаруда аталған категорияның екі аспектіде қарастыруды белгілейді. Бәселекестік қабілетті басқару және бағалау процесінде екі нарық қатынасының субъектілерінің (тұтынушы мен өндіруші) қөзқарасын ескеріп, олардың өзара байланысын қарастыру керек. Өндіруші үшін маңызды параметр шығын деңгейі болса, ал тұтыну үшін маңызды параметр болып, өнімнің тұтынушылық қасиеті табылады.

Тұтынушы мен өндіруші қатынас арасындағы байланыс ақша, тауар, айырбас процесінде мақсаттар мен құралдар қарама - қарсы матрицасын

Өнімді сатып алуды жетілдіру мақсатында тұтынушы үшін оның сапасын иелену болып табылады. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін факторлар құнын тұтынушы бағасы түрінде көрсетуге болады. Әрбір тұтынушы нақты өнімді таңдағанда тұтыну қасиеттерінің деңгейімен оған кеткен иелену мен қолдану шығындарының арасындағы қолайлы қатынасқа ұмтылады. Соған байланысты әрбір шығын бірлігіне жоғары тұтыну тиімділігін алады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін өлшеу үшін Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде кең қолданылатын тұтынушы қажеттіліктерін қанағатттаныру индексі қолданылуы мүмкін.

Субъектілер: Субъектілер
Бәсекелестік қабілет факторлары: Бәсекелестік қабілет факторлары
Субъектілер: Сапа
Бәсекелестік қабілет факторлары: Баға
Субъектілер: Өндіруші
Бәсекелестік қабілет факторлары: 1. Өнімді өндіру процесінің сапасы (құрал)
3. Өнімді өндіруге байланысты шығындар
Субъектілер: Тұтынушы
Бәсекелестік қабілет факторлары: 2. Өнім сапасы (мақсат)
4. Тұтынумен байланысты шығындар (құрал)

Сызба 1. Бәсекелестік қабілетін бағалау процесіндегі мақсаттар мен құралдарының қарама -қарсылық матрицасы

Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік - технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.

Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.

Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.

Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.

Олар бір қасиетті бір тауарға әртүрлі әсер етеді. Тұтынушы сатып алуды іске асырғанда өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды сатып алуға ұмтылады.

Әрбір сатып алушының сатып алуы кешенді фактор негізінде жүзеге асады. Тұтынушы таңдауы, талғамы біркелкі болуы мүмкін емес. Оған байланысты әрбір тұтынушы өнімнің бәсекелестік қабілетін өз деңгейінде бағалайды. Сондықтан абсолютті бәсекеге қабілетті идеясы жоқ.

Бірақта жиынтық сұраныс белгілі бір тұтынушылар топтамасында тауардың сапасы мен бағасы шеңберінде қалыптасады. Тұтынушылар психологиялық, мінез - құлық аспектісін талдай отырып бірнеше адамның бір өнім туралы әртүрлі ой қалыптасатыны сөзсіз.

Қолайлы сегмент ретінде 20% тұтынушы иеленетін өнімді сатуды іске асырған жөн.

Соған байланысты өнім бәсекелестік қабілеті әртүрлі сегменттерде әртүрлі болады. Тұтынушылар өз сегменті бойынша өнімнің жетістіктері мен кемшілігін өздігінше бағалайды. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз ету үшін тұтынушылар сегментациясын дұрыс жүргізу керек.

Нарық конъюктурасының тұрақтылық принципі. Өнімнің бәсекелестік қабілеті - белгілі бір кезеңге және нақты нарық сегментіне байланысты түсінік. Өнімнің сапалық және құндық өзгерісі кезінде бәсекелестік қабілеті үлкен тербеліспен өзгеруі мүмкін.

Бәсекелестік қабілетті бағалау кезінде негізгі параметрлердің ішкі сәйкессіздігін болдырмау үшін тауардың пайдалығын психологиялық аспектілер негізінде зерттеу керек. Мысалға өндірушінің өндіру мүмкіндігі мен тұтынушының сатып алу қабілеттілігі және т. б. нарықтық конъюктурасының өзгеріссіз болуын анықтайтын негізгі фактор сипатында тұтынушының табысы мен шығындар құрылымы болуы мүмкін.

Бірақта аталған жағдай ішкі және сыртқы ортаны аз өзгерістерде экономикалық моделдерді қалыптастыру үшін ақпараттарды жинақтайды.

Нарық субъектісінің рационалды мінез - құлық артықшылық принципі. Нарықтық қатынастардағы әр субъектінің мінез - құлқына негізделген. Тұтынушы мен өндіруші алдын ала анықталған мақсатта рационалды өзара байланысты болады. Олардың байланысын әлеуметтік қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырумен түсіндіріледі. Аталған модель көп мөлшерде өндірушімен жүзеге асады. Кез келген кәсіпкер өнімнің өзіндік құннан жоғары сатуға тырысады. Соған байланысты кәсіпорын бәсекелестік ортада өз бәсекелестерін жеңуге жол ашады. Кез келген өндіріуші қолда бар ресурстар мен жоғары пайда түсіруге тырысады. Ортадағы кез келген іс - шаралар өнімнің сапасын жоғарлату немесе төмендету қосымша пайда алуға бағытталған.

Өнімді тұтынушылар рационалды принципке сүйенеді. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға тұтынушылар өздерінің шығындар үлесінің көбеюімен жүзеге асады. Бұл фактор тұтынушының өнеркәсіптік тауарды иеленумен бейнеленеді. Кез келген тұтынушы өзінің ақшасына сапалы өнімді сатып алуға тырысады. Рационалды сұраныс басқа факторларға тәуелді. Рационалды емес сұраныс жағдайында тауарды үш негізгі түрге бөледі:

  • тауардың пайдалығына сыртқы әсер
  • спекулятивті сұраныс
  • ирроционалды сұраныс

Рационалды сұраныс көбінесе тауардың пайдалығының сыртқы әсерінен болады. Яғни аталған тауарды көп басқа тұтынушылар көп қолданады немесе оның бағасы басқа тауарларға қарағанда жоғары.

Ол тауарды басқа тұтынушылар тобының мүшелері сатып алады.

Спекулятивті сұраныс өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында емес өзінің байлығын көбейту мақсатында жүзеге асырылады. Онда екі жағдай кездеседі:

  • өнім тұтынуды және тұрақтылық принципіне сәйкес келмейді.
  • тұтынушы спекулятивті сұраныс кезінде кәсіпкер ретінде, яғни өнімнің қолайлы бағалық көрсеткішіне бағытталады.

Ирроционалды сұраныс табиғаты тұтынушы мінез - құлқының негізгі факторлар арасындағы шиеленістен пайда болады. Онда тұтынушы аталған өніммен қанағаттанбайды.

Соған байланысты нарық рационалды мінез - құлқы өнімнің бәсекелестік қабілетін моделдеу процесінде пайдалық және т. б. психологиялық, социологиялық заңдары негізінде қалыптасады.

1. 2. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау кезінде нормативтік параметрлердің әдістемелік есебінде индексті енгізумен қамтамасыз етіледі. Ол екі мағынады болады бірнеше нөл. Тауардың міндеті стандарттарға, шарттарға сәйкес болғанда индекс бірге тең. Жалпы көрсеткіш нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткішінің әрбіреуін бейнелейді:

JНП = Пqi (1)

мұндағы: JНП - нормативтік көрсеткіштер бойынша жалпы индекс

qi - нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткіш

t - бағаларды көрсететін нормативтік параметрлер саны

П - нәтиже

Соған байланысты кез келген бірлік көрсеткіштер де соған тең. Бұл аталған тауардың бәсекелестік қабілетінің төмендігімен сипатталады. Бәсекелестік қабілетті бағалаудың екі топтағы параметрлері болып тауардың техникалық сипаттамасы табылады.

Нарықтық зерттеулер фирмаға тұтыну мен қандай қасиеттер қажет екенін анықтайды. Сан бойынша бір техникалық параметрлердің жалпы параметрге мөлшерін көрсетеді.

(2)

мұндағы: Тei - i параметрлері бойынша техникалық көрсеткіш

t Ні - талданатын тауардың i параметрінің өлшемі

t эі - жалпы тауардың i параметрінің мөлшері

Аталған формула бойынша тауардың барлық техникалық параметрін есептеге болады, яғни олардың қуаттылығын, сыйымдылығын, сенімділігін және т. б. Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштерді қабылдау үшін бірлік көрсеткіштерді сомалау керек.

JT п = ∑ T ei * Li (3)

мұндағы: Jтп - техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш

Тei - i параметрі бойынша бірлік техникалық көрсеткіш

Li - жалпы параметрі бойынша коэффициент

п - бәсекелестік бағаланатын техникалық параметрлер саны

Бұл формулада мәселе бірлігін техникалық параметрлерінің анықталған мәнімен байланысты.

Үлкен мәнге ие объектілер талдаудағы негізгі көрсеткіштерге жатқызылады. Бұл жағдай екінші деңгейлі көрсеткіштерді алуға жағдай жасайды. Олар нарықтағы тауар үшін маңызды болап табылады. Бірақта тұтынушылар көрсеткіші көп тиімділік әкелетінін ескеру керек.

Тауарға талапты қалыптастыру

Бағалауға жататын параметрлер

Параметрлерді салыстыру топтамасы

Экономикалық Техникалық Қолдану

Бағалау

Қанағаттылық Қанағаттылық емес

Тауар өндіріуші Бәсекелестік қабілетті

жоғарлату бойынша

іс-шараларды өңдеу

Сызба 2. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау сызбасы

Бәсекеге қабілетті бағалауда маңызды рөлді таңдаушылар тобы мен олардың көрсеткіштерін қалыптастыру иеленеді. Тауар тұтынушыларды 100% қанағаттандыру керек. Таңдаушылар тобы келесі талаптарға жауап беруі керек.

  • аталған тауар тобын сипаттайтын көрсеткіштер бір мәнді иелену керек
  • бір нарық сегментіне жату керек
  • аталған тауарды бағалау кезінде нарықта болу керек

Бәсекеге қабілетті бағалау мақсатына сәйкес тәуелді тауарлар алынуы керек:

  • нақты нарықта тұрақты таратылатын
  • тұтынушылар санын көп иеленетін перспективалық тауар.

Базалық үлгіні талдаған кезде нарықтық конъюктураның өзгерісіне мән беру керек. Параметрлерді бағалайтын үшінші топқа экономикалық көрсеткіш жатады. Топтық экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін талданатын тауардың тұтыну бағасы мен бәсекелес тұтыну бағасын салыстырады.

Equation. 3 (4)

мұндағы: J эП - экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш

Ц n - тауарды тұтыну бағасы

Ц nэ - талданатын тауардың тұтынатын бағасы

Тауардың тұтыну бағасы сату нарықтық бағасымен анықталады:

Ц ni = Цpi + ∑ З экс і (5)

мұндағы: Црі - тауардың нарықтық бағасы

∑ Зэкс і - тауардың сомалық шығыны

Осы формулаға сәйкес тұтыну бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бәсекелестік деңгейі жоғары. Яғни тұтынушы салыстыратын тауардың біреуін иеленуге мүмкіндігі бар.

Техникалық нормативтік экономикалық көрсеткіштер бойынша кешенді көрсеткіш есептелінеді.

Кк = Jнп *Jтп (6)

Jэп

мұндағы: Кк - талданатын тауар бәсекелестігі коэффициенті немесе иеленуі

Jнп - нормативті параметр бойынша топтық көрсеткіш

Jтп - техникалық параметр бойынша топтық көрсеткіш

Jэп - экономикалық параметр бойынша көрсеткіш

Бәсекелестік коэффциент негізінде талданатын тауардың бәсекелестік қабілеті туралы шешім қабылданды. Егерде Кк < 1 болса, бәсекелестік қабілет төмен. Кк = 1 тең көрсеткіш, Кк > 1 бәсекелестік қабілет салыстырмалы түрде жоғары. Егерде Кк > 1 болса, онда өндіріске және аталған тауарды нарыққа шығару туралы шешім қабылдайды. Егер Кк < 1 болса, онда техникалық - экономикалық іс - шаралар жүргізу керек.

Бәсекелестік қабілетті жоғарлату мақсатында көптеген компаниялар беншмакинг - бағытын қолданады. Беншмакинг - бұл бәсекелес тауарымен өз тауарларын оның сапасын жоғарлату үшін жүргізілетін процесс.

Бәсекелестің күшті, әлсіз жақтарының стратегиясын, мақсатын білу тек қана олардың қызметін емес, сонымен қатар бағаны төмендету, таратуды ынталандыру, нарыққа жаңа тауар шығару жағдайына көз қарасын білу керек.

Бәсекелестік қабілеттің шарты келесідей түрде бейнеленеді:

(7)

мұндағы: Э - пайдалылық

З - өндіру және тарату шығындары

К - бәсекелестік қабілет коэффициенті.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау жолдары келесідей жүзеге асырылады:

І кезең: Нарықта бәсекелестік қабілеті жоғары тауарды таңдап алу.

ІІ кезең: Тауардың салыстырылатын көрсеткіштері мен параметрлерін анықтау.

ІІІ кезең: Салыстырылатын тауардың бәсекелестік көрсеткіштер деңгейін анықтау.

Тауарлардың көрсеткіштері мен параметрлерін әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:

  • экономикалық көрсеткіштері: бағасы, өзіндік құны, пайдасы.
  • техникалық көрсеткіштері: нақтылығы, жүк көрсеткіштігі.
  • қолдану көрсеткіштері: персоналды оқыту шығындары, монтаждау және т. б.

Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу, сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруна мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім нарықта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандырылатын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттаныушылық леңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

Сонымен тауарға бәсекенің жарамдылығы, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы тиімділігі ұқсас тауар - бәсекелестер ерекшеленеді.

1. 3. Өнімді стандарттау және сапаны басқару

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте - бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалығы тек маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалығы болса, ал өнімнің сапалығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Ортақ меншік саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Мамандық шеберлігін игеру
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz