Дүниетаным мен ғылыми дүниетаным



Жоспар:
I. Кіріспе

1.1. Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

II. Негізгі бөлім

2.1. Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қальптастыру жолдары
2.2. Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар
2.3. Дүниетаным және оның құрамды бөліктері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні.
1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.
2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.
1.Тойынби А.Дж.Постижение истории.М.1991.349 б.

2.Әл-Фараби.Философиялық трактаттар.А-ты,1970.2716.

3.Гегель Г.В.Ф.Философия религии.В.2-х томох.Т.1.-М.1976.527.б

4.Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл ».Алматы. «Атамұра».2003ж.1426

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе

0.1. Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

I. Негізгі бөлім

0.1. Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қальптастыру жолдары
0.2. Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар
0.3. Дүниетаным және оның құрамды бөліктері.

I. Қорытынды

II. Пайдаланылған әдебиеттер

Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні.
1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.
2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.
3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүние таным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің калауымен деп тұжырымдайды.
Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми пәндер негізінде таниды.
Дүниетанымда адамның сенімі мен мұраты үлкен роль атқарады. Сенім болмаған жерде өмір болмайды.
Сенімі деп-терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі шындықты терең тану. Оның соңынан еріп отыру.
"Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін аныктайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім, дұрыс іс-әрекет кепілі".
Адам мұраты - адам баласының жоғары мұрат - мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Сондықтан да ол адам өмірін тұтас түгел қамтиды, нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі -- адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным -- адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.Адамдары-мыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат,дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным.Оның басты ерекшелігі -- ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат -- дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді.Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше реакцияшыл болады.Өзімшілдік,адамға деген өшпенділік, шындықты көре-тұра бұрмалау,пессимизмге салыну -- керітартпа дүниета-нымның басты белгісі.Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдыкты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай,әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде каланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.Адамның алдына қойған мақсатының айкын болуы, дү-ниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, бекімеген дүниетаным берік болмайды.Сенім мен дүииетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.Өйткені бұл екеуі,құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-кұлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н. В. Гоголь тамаша көрсеткен: Әрі-сәрі адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адамдар екенін түсіне алмайсық, қаладағы Богдан да еліес, селодағы Селифан да емес. Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлык тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші-сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктін мәні де шамалы. Сенім-пікір талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп, пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім-кісінің еркін білдірген, сезімін козғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бә-рінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім -- дүниетанымды қалыптастыратын негізгі кұрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (әңгіме білімді қалай болса солай, жеңіл меңгеретіндер туралы болып отыр), әрине ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердесіне құйылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білім ғана адам-ның дүниетанымына негіз бола алады. Сайып келгенде, ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар-ұятымен жүріп-тұрады. Мәселен, бір адам жұмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен дейік. Оның қатесін жасырып, бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді, бірақ өзі бұл ағаттығын адамгершілікке жатпайтын қылық деп түсінеді. Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін мойнына алуды бірден-бір дұрыс деп табады.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі -- мұрат (идеал). Бұл -- адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат -- адамның алдына койған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу -- бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.
Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі -- талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистік қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстем тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланысты да адамдарда түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-құла, көзге қораш киінуін талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткені, дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.
Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бірақ мотивтердің кез келгені осындай пәрменді болып келе бермейді. Мән-мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгірт болып көрінетін мотивтер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына б а ғ д а р (установка), фрустрация, елігу, стереотиптерді жатқызуға болады. Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік. Мәселен, грузин психологы, академик Д. Н. Узнадзе (1886 -- 1950) зерттеген бағдар теориясының мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден жақсы байқалады. Салмағында айырмасы бар екі шарды қолымен 10 -- 15 рет ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-оңай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар берілгенде де ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды. Тәжірибенің негізгі мәнісі де осында. Салмағы бірдей екі шарды осылайша теріс қабылдауы (иллюзия) -- оның алдыңғы қабылдауындағы субъективтік жағдайына байланысты туған. Мұндайда адамның зейіні қабылдайтын заттың өзіне емес, сол зат туғызатын сезімге, көңіл күйіне ауып кетеді. Осы тәжірибеде де бір-біріне тең шарларды аңғармай, қате қабылдау осындай жайттан туған.
Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мәселен, бірінші класс оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан да олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді. Оқушы-лардың мұғалім жөніндегі бір жақты түсініктері осындай әлде де айқындала қоймаған түйсіктің, тек мұғалім жөніндегі жай бағдардың көрінісі.
Адам қажетін өтеу үстінде неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен, бұрын-соңды өзіне кездеспеген кедергіні алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрінеді. Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін, психиологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамда ұнамсыз қасиеттердін орын тебуіне себепші болады. Мұндайдан кейбіреулер сылбыр, немқұрайды, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады. Осындай көрініс жас өспірімдер арасында да байқалады. Балаға үнемі шамасы келетіндей тапсырма беру, оны әлі келмейтін нәрсегс орынсыз қинамау, онда фрустрациялық күйдің орнығуына жол бермеу -- мұғалімнің психологиялық кырағылығын, шебер тактісін қажет етеді.
Қорыта айтқанда, дүниені ғылыми тұрғыдан тану дегеніміз
- жер жаһан шындығын, күш-қуатын, парасат біліміңмен пайымдау,
ұғыну, адам игілігіне айналдыру үшін оның бар құбылысын ой-
санаңмен көре білу.
Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қальптастыру жолдары. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамыңда адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйренуі керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды.Оқушылардың ғьлыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өңдірістік бригадаларыңда шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астраномия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және зандарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың алатын орны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия дүниетаным ретінде
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Философия мен дүниетаным
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Дүниетаным
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Философияның пайда болуы және дамуы. Философияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Философия және дүниетаным
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Пәндер