Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КіріспеЭтнопедагогика. Этнопедагогикалық білім берудің мақсаты, міндеттері.
  2. Негізгі бөлімЭтнопедагогика пәнінің ақпараттық жабдықталуыҰлттық тұтастық. Ұлттың білім және тәрбие этнопедагогиканы меңгеруінің компоненттері, өлшемдері мен оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бағдарламалар
  3. Қортынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

  1. Этнопедагогика. Этнопедагогикалық білім берудің мақсаты, міндеттері.

«Этнопедагогика» курсының бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Білім» мамандықтарына арналған. Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор. Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы болып табылады.

Этнопедагогикалық білім берудің негізгі мақсаты: Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақстан Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзыреттеліктерін қалыптастыру болып табылады.

Ал этнопедагогикалық білім берудің негізгі міндеттеріне келер болсақ:

1) этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімін;

2) болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас , педагогикалық такт, әдеп, ұтқырлық, толеранттылық және т. б. ) ;

3) қоғамдық-саяси, этнопедагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу біліктілігін;

4) этнопедагогика саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарға даярлығын;

5) білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре-салыстырмалы талдау дағдыларын;

6) білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру.

«Этнопедагогика» пәні негізінен философия, әлеуметтану, психология, дінтану, этнология, этнография және т. б. әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқып білудің алдында оқытылады. Осы пәнмен бірге педагогикалық цикл пәндері қатарындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Адамзат тарихындағы педагогикалық ойлар мен мектептердің дамуы», «Мектеп педагогикасы», «Педагогикалық менеджмент» оқытылады. Ал бұл болса, «Этнопедагогика» пәнінің педагогикалық пәндермен табиғи үйлесуіне мүмкіндік береді. Осы пән Қазақстан Республикасы этностары мен әлем халықтарының этнопедагогикалық мәселелері мен құбылыстарын ұғыну мен зерттеуге негіз болуға бағдарланған.

Этнопедагогика пәнін оқу нәтижесінде студент міндетті :

а) білімдерді меңгеруге:

- этнопедагогиканың базалық ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы;

- көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері туралы;

- білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсіну туралы;

- ҚР этностары мен әлем халықтары этнопедагогикасының мәселелерін зерттеу негіздері туралы;

б) біліктіліктерді игеруге:

- этнопедагогика бойынша әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында өздігінен білім алу;

- әр түрлі халықтардың этнопедагогикалық жүйесін теңестіре-салыстырмалы талдау;

- этнопедагогика мәселелері саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстары;

- этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу .

Этнопедагогика курсын оқыту студенттердің мынадай тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы тиіс:

- кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерді, соның ішінде педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық және т. б. ;

- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылық бағыттағы біліктіліктерді меңгеруі қажет.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Этнопедагогика пәнінің ақпараттық жабдықталуы

Қазіргі кезде қоғам мен тұлғаның ұлттық сұранысын жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің жүйесін құру этнопедагогика негізінде білім беруге, оның ақпараттық жабдықталуы мен техниканың әлемдік деңгейін есепке алуға, туған тілі мен төл мәдениетінің басымдылығын қамтамасыз етуге және үздіксіз білім беру қызметін құруға бағытталды. Білім беру жүйесінде анықталып отырған өзгерістер «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994), «Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы» (1995), «Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік бойынша Ұлттық кеңесте бекітілген ресми құжаттар мазмұнында көрсетілген.

  1. Ұлттық тұтастық. Ұлттың білім және тәрбие кеңістігі

Өз елінің мәдениеті мен тарихын білу, барлық рухани құндылықтарға сенімділігі, халық батырларын кұрметтеудің нәтижесінде ұлттық тұтастық қалыптасады деді.

Ұлттық тұтастыққа халық әлеуметтік-мәдени орта арқылы жетеді, олар отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, ұлттық- мәдени орталықтар т. б. Қазақстанда ұлттық білім және тәрбие жүйесін қалыптастырудың қажетті алғышарттары - ұлттың білім беру кеңістігін құру болып табылады.

Ұлттың білім және тәрбие кеңістігі - бұл отбасы, мектепке дейінгі мекеме, мектептер, ЖОО, ұлттық-мәдени орталықтар, үйірмелер және курстарда қамтылатын ұлттық білім мен тәрбие мазмұнынан тұрады. Ұлттық білім мен тәрбие беруді енгізумен байланысты реформаны ғылыми

бағытта жүзеге асыру үшін этнология және диаспорология, этнопсихология

және этнопедагогика секілді ғылыми пәндерді оқыту нәтижелі жұмыстарға

қол жеткізеді.

Бүгінгі таңда демографиялық және әлеуметтік-экономикалық

жағдайды есепке алып этнопедагогикалық білім және тәрбие жүйесін қайта бағдарлауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең: яғни дайындық кезеңіне ұлттық білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру үшін барлық жағдайды этнопедагогикамен байланыстыру яғни салт - дәстүрді ұмытпау қарастырылады.

Екінші: негізгі кезеңнің мазмұны институционалдықтан тыс оқытуда

көптілді білім беруді енгізу арқылы этнопедагогикамен байланыстыру болып табылады. Яғни Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет болғандықтан өзге ұлттардың да салт-дәстүрін, тілін, дінін құрметтеу және ХХІ ғасыр азаматына лайық болу.

Үшінші: қорытынды кезеңде ұлттық тілдегі эксперименттік және типтік оқулықтар, оқу құралдары мен анықтамалар, терминологиялық сөздіктер дайындау.

Бұл белгіленген іс-шаралардың барлығы мемлекетіміздің этнопедагогикалық білім және тәрбиедегі мемлекеттік тұтастыққа жетуіне бағытталған.

Этнопедагогиканы оқыту мәселесі қоғамға қажетті әрі жеткілікті әр ұлттың өзіне тән менталдық құндылықтарын қалыптастырумен байланысты.

Бұл теориялық модель студент тұлғасын қалыптастыруда тәрбие негіздерінің мазмұндық мәнін бір-бірімен сабақтастыра кіріктірген өлшемдерінің төмендегідей сипатын ашады. Көрсетілген модель этнопедагогиканы оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға бағытталған мазмұндық, мотивациялық, іс-әрекеттік компоненттерден тұрады.

  1. Студенттердің этнопедагогиканы меңгеруінің компоненттері,

өлшемдері мен көрсеткіштері

Компоненттер
Көрсеткіштер
Деңгейлер
Жоғары
Орта
Төмен
Компоненттер: Мотивациялық
Көрсеткіштер:

Тұлғаның

этнопедагогиканы

меңгеруге деген қызығушылығы

Деңгейлер:

Студент тұлғасының

Этнопедагоги-калық

ғылыми білімі

қалыптасқан,

этнопедагогиканың тарихи көздері туралы мәліметтердің

мәнін толық

түсінеді, этномәдени

сәйкестілігі

қалыптасқан,

толеранттық,

патриоттық сана-сезімі

жоғары, этномәдени

шараларға белсенді

жауапкерші-лікпен

қатысады.

Студент

тұлғасының

этнопедагогика туралы білімі

орташа, оның

тарихи көздері

туралы мәліметтер

тайыз, этномә-дени

сәйкестілік

қалыптары төмен,

толеранттық,

патриоттық

сана-сезімі толық

қылыптаспаған,

этномәдени

шараларға

қатынасады.

Студент тұлғасының

этнопедагогика туралы

білімі толымсыз,

оның тарихи көздері

туралы мәләметтер

шектеулі, этномәдени

сәйкестілік қалыптары

төмен, толеранттық,

патриоттық сана-сезімі

толық қалыптаспаған,

этномәдени шараларға

қатынасуға ықыласы

төмен.

Компоненттер:

Маз-

мұн-

дық

Көрсеткіштер:

Тұлғаның

этномәдени

құндылықтарды

меңгеру

Деңгейлер:

Этномәдени

сәйкестілігі

қалыптасқан, ұлттық

мәдениет мәнін

саналы түрде түсіне

біледі, ұлттық әдеп

ережелерін меңгерген,

ұлттық әдет-ғұрып,

салт-дәстүрлеріне

сүйіспеншілігіне сезімі

қалыптасқан.

Этномәдени

сәйкестілік

қалыптары орташа,

ұлттық мәдениет

мәнін түсінеді,

ұлттық әдеп

ережелерін біледі,

ұлттық әдет-ғұрып,

салт-дәстүрлеріне

сүйіспеншілік

сезімі орташа.

Этномәдени

сәйкестілік

қалыптары төмен,

ұлттық мәдениет

мәнін түсінбейді,

ұлттық әдет-ғұрып,

салт-дәстүрлеріне

сүйіспеншілік сезімі

байқалмайды.

Компоненттер: Іс-әрекеттік
Көрсеткіштер:

Этномәдени

мінез-құлық

дағдысының

болуы

Деңгейлер:

Мінез-құлқын басқара

алады, қарым-

қатынасқа еркін

түседі, этномәдени

шараларға белсенді

жауапкерші-лікпен

қатынасады.

Ұлттық әдеп

ережелерін біледі,

мінез-құлқын

белгілі дәрежеде

басқара алады,

ұлттық мәдени

қарым-қатынасқа

түсуге тырысады.

Ұлттық әдеп

ережелерін

меңгермеген, мінез-

құлқын басқара

алмайды, ұлттық

және ұлтаралық

қарым-қатынас

жасау мәдениеті

төмен, ұлттық

мәдени шараларға

қатынаспайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz