Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны . . . 4
2 Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері . . . 8
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12
КІРІСПЕ
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны, жағдайы және с. с. ) және басқалардан тұрады.
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен байланысты.
Жоғарыда айтылған заңдылық элементтерін толығымен қамтып, жан-жақты тұжырымдай келіп, заманымыздың белгілі де беделді криминалист ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Р. С. Белкин криминалистика пәніне төмендегідей пәндік сипаттама берген.
1 Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Қылмыс жасау барысында жарылғыш құралдар мен жарылғыш заттарды кең түрде қолдану криминалистік қару тану арнайы тарау - криминалистік жарылыстанудың пайда болуына әкеп соқты. Оның зерттеу заты жарылғыш заттарды құрастыру заңдылықтары, олардың техникалық деректері, жарылыстық заңдылықтары мен оның пайда болу іздері болып табылады. Осы заңдылықтарды зерттеу нәтижесінде жарылысты дайындау және жарылыс жасаумен байланысты объектілерді бекіту, алу немесе зерттеу, оларды табу құралдары мен әдістері жетілдіріледі.
Қазіргі кезде криминалистік жарылыстану өзінің бірінші сатысын өтуде: жарылыс объектілерімен жұмыс жасаудың әдістемелік негіздері құрылып, соған байланысты білім кешені қалыптасуда. Ол үшін криминалистік қарутану жалпы әдістемелік негіздегі әскери ғылымдардың, азаматтық жарылыс техникасы, физика, химия, материалтану деректері кең қолданылып отыр. Жалпы мұндай интеграция жарылыс немесе оны дайындаумен байланысты қылмыстардың ашылуы мен тергелуінің криминалистік қамтамасыз етілуіне, тергеудегі арнайы танымды қолдану нәтижелерін саралау барысында криминалистік жарылыстануға тән заңдылықтардың шеңбері анықталып, сәйкес әдістемелер, мысалы, жарылу іздері бойынша жарылыстың орны мен қуатын анықтау бойынша, жарылыс құралының, элементі болып табылатын біртұтасты бөлшек бойынша анықтау ұдістері дамытылады.
Криминалистік жарылыстану объектілеріне түрлі жарылғыш құралдар, жарылғыш заттар, жару қүралдары, іздері және жарылыстан бұзылған объектілер жатады. Жарылғыш құрылғылар деп жарылғыш заттардың және олардың ауыстырғыштырдың термикалық ыдырауы нәтижесінде бағытталған қозғалысқа әкеп соғатын жарқыншақ ұшқын пен жарылыс толқынының әсерінен адамдар, жануарлар мен түрлі объектілерді жоюға арналған құралдарды айтамыз.
Тергеу тәжірибесінде штаттық (сериялық, зауаттық), сонымен бірге қолдан жасалған жарылғыш құралдары кездеседі. Олар көбіне қол гранаталары корпус ішіндегі болатын немесе гранатаның жарылыстағы ауыр корпусынан пайда болатын ұшқындармен жою үшін арналған. Жарылысты реттеу үшін мұндай гранатаға бекітілген тұтандырғыш орнатылады. Тұтандырғыштағы мұрындықты (гека) тартып гранатаны лақтырғанннан кейін одан тұтандырғыш рычагі бөлінеді, босатылған шаппа капсюльді теседі. Қол фанаталарының қазіргі тұтандырғыштарында әдетте баяулатқышы болады, ол жандырғыш капсюль-детонаторға дейін ұшқынды жеткізеді. Бұл жарылысты 2-4 секундқа бөгеп, гранатаны нысанаға жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі танкіге қарсы қол гранаталар (мысалы, РГП-3) зарядтың алдыңғы бөлігінің конус тәрізді кертпесінің есесінен жоғары тесу мүмкіндігімен сипатталады. Ол газ оғының әрекетіне экеп соғады. Әдетте, күшті соққыға ие болатын танкіге қарсы қол гранатталары оны лақтыру нәтижесінде түпкі бөліктің жойылушы объектімен соғу барысында әрекетте түседі.
Барлық жарылғыш қүралдардың жарылыс тетіктері болуы тиіс: қол гранатасы тұтандырғыш, мина жарғыштары, түрлі капсюль-детонаторлар, жану түтікшелері, сымды электр детонаторлары және тоқтың көздері. Қазіргі кезде радио басқарылатын жарылғыш құрылғылар кең таратылады. Криминалды қарутану объектілерінің ішінде шаруашылық мақсатта қолданылатын өнеркәсіптік өндірістегі жарылғыш заттар қолданылады. Оларды қолдануға ыңғайлы болу үшін оларды түрлі мөлшердегі шар немесе цилиндр тәрізді дайындайды.
Залалдың сипаты бойынша мамандар жарылыс күші мен оның жою қасиеттерін анықтай алады. Жарылыс заттардың қалдықтары бойынша түрлі химиялық әдістермен заряд ретінде қолданылған жарылғыш зат және оның қолдану аумағы анықталады.
Қабықтардың бөліктері арқылы оның жарылғыш құрылғыға қатысы анықталады. Сондықтан оқиға болған жерде жарылыс барысында түзілген барлық қалдықтар мен бөліктерді жинаудың маңызы зор. Кейде жарылғыш құрылғының қалдықтары бойынша оның құрылысын, жарылу тәсілі мен тетігін анықтауға болады.
Жарылғыш заттарды тауып алған жағдайда жарылыс-техникалық сараптамаға келесі сұрақтар қойылады: берілген объект жарылғыш құрал болып табыла ма, егер, солай болса оның түрі, типі және маркасы қандай, табылған зат жарылғыш құрылғының бөлігі бола ма, оның тағайындалуы қандай және т. б.
Жарылыс - бұл күрделі физикалық-химиялық құбылыс. Негізгі жарылғыш зарядтың детонациясынан кейін заряд массасынан бірнеше рет асатын елеулі көлемде газ бөлініп, заряд жылдам жана бастайды. Бұл газ көлемі жоғары жылдамдықпен ұлғайып өтсе жоғары қысым тудырады. Осының нәтижесінде қоршаған ортада толқын соққысы пайда болады, ол механикалық залал келтіреді. Сонымен бірге газдардың термикалық әсерінен объектілердің жануы, ыдырауы болады. Жарылғыш құрылғының әсерінің нәтижесінде толқын соққысы мен ұшқындардан механикалық залал, сонымен бірге термикалық залалдар келеді. Жарылыс іздеріне тосқауыл немесе адам денесіне кірген жарылғыш құрылғылардың ұшқындары, тосқауылдағы жарылғыш құрылғының жанып бітпеген қалдықтары, жарылыс құралының бөліктері жатады.
Күдікті объектіні тапқан жағдайда осы объектіні жарылмай қалған бөліктерге жатқызу және оны сол орында залалсыздандыру немесе адам жоқ жерге апару сол орында залалсыздандыру. Адам жоқ жерге апару мәселелерін шешу үшін міндетті түрде маман шақыруға тиіс. Мұндай жағдайда адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Жарылыс орнын қарау құбылыс болған жердің ерекшелігі ескеріле отырып, материалдың іздерін табу, бекіту, алу және қараудың жалпы ережелері бойынша жүргізіледі. Жарылыс іздерін содан кейінгі залал іздерінен - өрт, су тасқыны, ғимараттың құлау іздерінен айыру аса маңызды.
Қарау хаттамасында суретке түсіру, жоспарлар мен сызба-нұсқаулар құрумен қатар, тасымалдауға жарамды іздерді жинап алу керек (мүмкіндігінше ізі бар заттармен бірге) . Іс жүргізу нысанында, тергеу барысында мәселелер кешенді жарылыс техникалық сараптамамен шешіледі.
Криминалистикалық габитоскопия түсінігі. Қылмысты ашып, тергеу үшін адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдаланудың ғылыми негіздерін француз криминалисі А. Бертильон салды. 19 ғасырдың 70 жылдары ол тіркеу мақсатында қылмыскердің белгілерін сипаттау жүйесін үсынды. Онда адамның сыртқы келбетінің әр белгісі нақты анықтама мен белгіге ие болады. Кейін анатомияның антропологияның, психологиялық, физиологиялық, морфология-лық, сот медицинасының және басқа да ғылымдардың жетістіктерін қолдану арқылы, сонымен қатар тергеу, жедел-іздестіру жэне сараптама тәжірибесін ескере отырып, криминалистикада адамның бет әлпеті туралы ілім - габитоскопия қалыптасты.
Криминалистикалық габитоскопия - адамның сыртқы келбетінің әр түрлі көріністе сақталып қалу заңдылықтарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу және оның алдын алу мақсатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді қүрастырушы криминалистік техниканың саласы.
Әр адамның өзіне ғана тән жеке әрі қайталанбайтын бет әлпеті бар екені сөзсіз. Адамның өмір бойы өзгеруіне қарамастан (адам өседі, қартаяды, ауырады, косметологқа қаралады, т. б. ) оның бет келбетінің белгілері тұрақты сақталады.
Адамның сыртқы бейнесінің белгілі бір өзгеруі оны криминалистік тәжірибеде пайдалануға кедергі болмайды, өйткені адамның сыртқы бейнесінің өзгеру заңдылықтары белгілі. Адамның сыртқы бейнесінің әр түрлі көріністерде сақталу қасиеті: материалдық көріністе суретте, фото суретте (рефлективтік) және идеалдық көріністе - басқа адамдардың санасында (көрнекілік) қалатын сыртқы бейне туралы ақпаратты қылмысты ашу және тергеу тәжірибесінде қолдануға мүмкіншілік береді.
Криминалистік тәжірибеде адамның бет келбетін қолданудың ең маңызды алғы шарттарына адамның сыртқы келбетінің бейнеленуінің жалпы белгілері жатады: нақтылық, яғни адамның сыртқы бейнесінің көрінісі; шындыққа сәйкестігі; толықтылық - нақты криминалистік міндетті орындау үшін сыртқы бейне белгілерінің жеткіліктілігі.
Адамның сыртқы бейнесі көзбен қабылданатын адам туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде анықталады. Ондай мәліметтер қылмысты ашу және тергеу барысында, атап айтқанда мына міндеттері: ашылмаған қылмыс орнынан жасырынған белгісіз түлғаларды іздеуде, егер олардың бет келбеті туралы мәліметтер болса; тергеудең немесе соттан жасырынған немесе бас бостандыганан айыру орындарына қашқан белгілі тұлғаларды іздеуде; хабар-ошарсыз кеткен түлғаларды іздеуде; тірі түлғалар мен өлген (қаза тапқан) азаматтарды теңестіру үшін қолданылады.
Бұл міндеттер жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерінің барысында, криминалистік есептерді жүргізуде және сараптамалар мен зерттеулер жүргізуде орындалады.
2 Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Адамның сыртқы кескінінің элементтер жүйесі түрінде, яғни көрінетін детальдар (бөлшектер) ретінде қарастыруға болады. Бастың, беттің, дененің, аяқ-қолдың құрылысы; адамның функционалдық белгілері (жүріс-тұрысы, мимикасы) ; жалпы физикалық деректер (жынысы, жасы, антропологиялық типі) ; киімі мен қолға ұстайтын ұсақ заттардың детальдары - осының бәрі криминалистік маңызы бар элементтер болып табылады.
Бір адамның бет келбеті екінші адамның бет келбетінен белгілерімен, атап айтқанда сыртқы бейненің жеке сипаттамаларымен немесе оның элементтерімен ерекшеленеді.
Криминалистік идентификация теориясында белгі зерттеудегі зат қасиеттерінің объективті көрінісі ретінде анықталады. Габитоскопия адамның бет келбетінің белгілері жалпы бет келбетінің немесе оның элементтерінің байқалатын сипаттамалары ретінде анықталады.
Сипаттамалау жалпыдан - жекеге, жоғарыдан - төменге қағидасы бойынша жүргізіледі. Маңдай - ашық (маңдай беттің элементі, ал ашық белгісі) немесе құлағы - сопақ түрлі (құлақ, бет келбетінің элементі, сопақ белгісі) .
Адамның сыртқы бейнесінің белгілері жэне элементтері жүйесін классификациялауға сәйкес қарастырады. Оның негізінде адамның сыртқы бейнесінің элементтері мен белгілерінің тиістілігі жатыр. Адамның дене құрылысының элементтері мен белгілері, тіршілік әрекетінің көріністері өзіндік болып табылады.
Олар оған оның сыртқы бейнесіне ғана тән болады және одан ажыратылмайды. Қосымша белгілерге адамның сыртқы бейнесін толықтыратын элементтер мен белгілер жатады.
Адамның дене құрылысының элементтері және оның тіршілік әрекеттерінің көріністері белгі бола алмайды, бірақ сол адамға тән, элементтер мен белгілер туралы (жынысы, жасы, әдеттері, жүріс-тұрысы туралы) мәлімет бере алады.
Қосымша элементтер мен олардың белгілеріне киім, қолға ұстайтын ұсақ заттар, олардың белгілері де жатады.
Адамның өзіндік жеке элементтері мен олардың белгілері жалпы физикалық, анатомиялық және функционалдық болып үшке бөлінеді. Жалпы физикалық элементтерге: адамның жынысы, жасы, антропологиялық типі жатады. Жалпы физикалық белгілерді анатомиялық, функционалдық және қосымшы белгілерден, дененің жалпы құрылысынан, беті белгілерінен, функционалдық көріністерінің ерекшеліктерінен, киімінен т. б. көруге болады. Сондықтан жалпы физикалық белгілер мен элементтерді кешенді белгілер деп те атайды. Адамның жынысы мен жасын көзбен қарап анықтауға болады. (мәселен, 20-23 жаста), өйткені адамның күнтізбелік өмір мерзімі әрқашан жасына сәйкес болмайды.
Антропологиялық тип сыртқы пішінінің анатомиялық белгілерінің жиынтығы бойынша, ал криминалистика тәжірибесінде әдетте белгілі этноантропологиялық топтармен (мәселен, қытайға, грузинге, т. б. ұқсас) салыстырып анықталады.
Адамның сыртқы пішіні элементтерін бақылау (зерделеу) барысында көрінетін денесінің мүшелері жатады: жалпы денесі, басы, беті, мойыны, иығы, кеудесі, арқасы, аяқ-қолы, шашы, әжімдері, операция мен жарақат іздері. Олардың келесі белгілері болады: нысаны, түрі, мөлшері, орны, түсі, нұсқасы, үйлесімі элементтерінің нысаны, нұсқасы, конфигурациясы (үйлесі) геометриялық фигуралар мен сызықтарға (үшбұрышты, ирек т. б. ) және кең тараған заттарға (алмұрт тәрізді т. б. ) сәйкес анықталады. «Нысан» (форма) термині әмбебап мағынаға ие, ал «нұсқа» (контур) термині элементтердің сыртқы шегін сипаттау үшін, «үйлесім» (конфигурация) термині- толықтығы мен ені маңызды емес элементгерді сипаттау үшін қолданылады. «Көлем» (величина) арқылы абсолюттік және салыстырмалы мөлшер элементтің сандық сипаттамасын: үзындығын, енін, биіктігін жуандығын, т. б. белгілеу үшін қолданылады.
Абсолюттік мөлшер сараптама тәжірибесінде жиі қолданылады: мәселен, фотосурет бойынша тұлғаны ұқсату, ал бет мүшелерінің мөлшері сәйкестендіру үшін өте маңызды.
Жалпы криминалистика тәжірибесінде анатомиялық элементтерді сипаттау үшін салыстырмалы мөлшер кең қолданылады да, оны дененің басқа мүше-лерімен көзбен салыстыру арқылы, яғни сыртқы пропорциялығымен, немесе ішкі пропорция жасау арқылы анықтайды.
Мәселен, маңдайдың биіктігі беттің анатомиялық биіктігі бойынша, яғни сыртқы пропорция бойынша, анықталады, ал мұрынның мөлшері оны ұзындығы мен еніне байланысты, яғни ішкі пропорция бойынша анықталады.
Қалып (положения) - бұл сыртқы пішіннің белгілі бір элементі, бөлшегінің орналасуы. Оны адам денесінің жақтары бойынша (үсті, алды, асты т. б. ), басқа элементтерге қатысты (мәселен, жоғары ернінің астыңғы ернінен жуандығы) анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz