Адвокатураның құрылу сатылары



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстанда адвокатура институтының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Қазақстандағы адвокатура институтының пайда болуы мен дамуының алғышарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстанда 1917 жылға дейiнгi адвокатура институтының бекiтiлуi ... ... 8
2 Қазақстанда адвокатура қызметінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 1917 жылдан кейiнгi адвокатура институтының Кеңестер Одағында дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстанда адвокатура институтының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Қазiргi кезеңдегi Қазақстанда адвокатураның дамуының мәселелерi мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
КІРІСПЕ
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК «Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы» Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мейірбекова Г.Б. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2012 ж.
2. Алауханов Е.О. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2010 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Қазақстанда адвокатура институтының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ..4
1.1 Қазақстандағы адвокатура институтының пайда болуы мен дамуының алғышарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстанда 1917 жылға дейiнгi адвокатура институтының бекiтiлуi ... ... 8
2 Қазақстанда адвокатура қызметінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .10
2.1 1917 жылдан кейiнгi адвокатура институтының Кеңестер Одағында дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстанда адвокатура институтының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Қазiргi кезеңдегi Қазақстанда адвокатураның дамуының мәселелерi мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi Адвокаттық қызмет туралы Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат - қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам.

1 Қазақстанда адвокатура институтының қалыптасуы
1.1 Қазақстандағы адвокатура институтының пайда болуы мен дамуының алғышарты
Қазақстандағы адвокатура институтын қарап ұғыну үшiн оның ең алдымен құрылу, даму тарихын зерттемей, қоғамдық-құқықтық институт болып саналатын адвокатураның маңызы мен мiндетiн бiлу мүмкiн емес. Өйткенi соңғы қорытындыда бұл бiзге құқық-тық-демократиялық мемлекетте адвокатураның орны, рөлi және маңызы қандай екенiн анықтаумызға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар, Қазақстандағы адвокатура институтын зерттеу үшiн алдымен Ресейдегi адвокатура институтының дамуымен қатар отырып зерттеу керек. Адвокатура қызметiнiң бағыты, құқықтық қатынастары жүйесiндегi жағдайы әр кезеңдерде қоғамның саяси жүйесiнiң, экономикалық жағдайы, құқықтық мәдениетi мен азаматтардың құқықтық сана-сезiмiн өзгеруiне байланысты ол да өзгерiп дамып отырады.
Адвокатураның құрылу жолы қиын болды және әрқашан әр кезеңдерде қоғамның дамуы адвокаттық қызметтiң құрылу, дамуының құралдары мен әдiстерiн iздестiрiп отырды.
1917 жылға дейiнгi адвокатураның дамуы Ресей империясының заңдарының құрылу және даму тарихымен және 1864 жылғы прогрессивтi сот реформасының құрылуымен де тығыз байла-нысты. Юридикалық терминологиядан сол кездегi уақытта адвокат ұғымы 1864 жылы пайда болды, бiрақ бұл термин неге екенi белгiсiз 1939 жылғы кеңес кезеңiне дейiн заңда көрсетiлген жоқ. Ал, адвокатураның қызметiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны бо-йынша адвокаттар алқасы қандай болады деген сұрақ осы кезеңде де бұрында дамыған демократиялық елдерде АҚШ-та, Германия, Франциядағыдай қоғамдық-құқықтық маңыз бен корпоративтiк бiрлестiк ретiнде бiзде әлi де мән-мағынаға өз дәрежесiнде ие болмай келе жатыр.
1864 жылы сот уставтары шықты. Олар Сот мекемелерiнiң құрылуы туралы Устав, Қылмыстық сот өндiрiсi туралы Устав, Бiтiмгершiлiк соттардың жаза тағайындауы туралы Уставтары Қазақша осы сот жарғы - уставтары негiзiнде Ресейде сот жүйесiнiң нақты бiртұтас жүйесi құрылды.
20 ноябрь 1864 жылғы Сот мекемелерiнiң бекiтулерi туралы билiк етушi Сенаттың қаулысымен бекiтiлген Уставы, адвокатураны Ресейде жаңа юридикалық-заңды мекеме ретiнде қалыптастырды.
Патшалық билiкте адвокатураның дамуы азаматтық қоғамда жаңа тәуелсiз институт яғни кәсiби адвокаттар ұйымының құрылуына мемлекеттiң өзi мүддесi болмағандықтан теңемелiкке ұшырады. Барлық императорлар I Петрдан бастап I Николайға дейiн Ресей империясында батыс үлгiсiндегi адвокаттар корпорациясын құруға үзiлдi-кесiлдi қарсы тұрды.
I Петрдiң өзi адвокаттарды ұрылар мен қарылар, жүрегi таза еместердi құрайтын топ, өздерiнiң қажет емес әртүрлi келтiрулерi арқылы соттарды адасушылыққа әкелетiн бұл топ жақын арада құритынын айтса, I Николай: Францияны адвокаттар құртпай кiм құртты. Мирабо, Марат Робеспьер деген кiмдер едi? Жоқ, мен билiк етiп тұрғанда Ресейге адвокаттар керегi жоқ оларсыз-ақ күн көремiз, - дедi.
Осыған қарап-ақ сот реформасына дейiн қорғау институты өзiнiң формалық-ұйымдық қоғамдық топ ретiнде өзiнiң алдына қойған мiндеттерi, бағыттары және мүдделерi түгiлi, олардың өкiлдерiнiң тиiстi кәсiби бiлiмi, өздерiнiң ұйымдық құрылымы, керек десеңiз аты болған жоқ. Адвокаттардың рөлiн көптеген ғасырлар бойы жеке тұлғалар - iс бойынша ұсыныс түсiрушiлер атқарды. Олардың қызметi заң бойынша бекiтiлген жоқ және оларға тиiстi нақты талаптар қойылмады. Ереже бойынша олардың мiндетi аз ғана құжаттар мен қағаздар толтырумен оны берумен шектелдi. Керек десеңiз, 1832 жылы құрылған алқалы стряпчих институттары, Ресейдiң әлеуметтiк топтарының алдарына бөгде адамдардың құқығын қорғауда олар кепiлдiк бере алмады.
Сот бекiтулерiнiң жаңа Ережелерiне сәйкес жалпы империялық соттар жүйесi - бiтiстiрушi судьялар, облыстық және жо-ғарғы сот инстанциясы қалыптасты. Бiрақ бұл реформаның барлығы да отаршылдық және феодалдық езгiнi күшейте түсуге бағытталған едi. Сондықтан адвокатураның құрылу негiзi өзiне қарама-қарсы жағдай қалыптастырды, оның адвокаттың бiр тұлға ретiнде құқық қорғаушы шешен және өзiнiң өкiлдiк берушiсiнiң атынан өкiл болып қатысуы қазiргi заман талабындағы адвокат қызметiнiң бағытымен мiндеттерiне сай келмейдi. Көрсетiлген құқықтық анықтама бiздiң Қазақстан Республикасы заңдарында сақталған, бiздiң көзқарасымызша бұл дұрыс емес. Өйткенi Еуропа елдерiнiң көбiсiнде құқық қорғау мен сот өкiлдiгi екi бөлек институт ретiнде жеке-жеке дамыды.
Адвокаттар үлкен екi категорияға бөлiндi - оның бiрi төрелiк өкiлдiк етушiлер - адвокаттарға ант қабылдауға және өкiлдiк етушiлерге, адвокаттық практикамен жеке айналысатындарға кәсiби басшылық жасайтын корпорация болса, екiншiсi сот талаптарында төрелiк өкiлдiк етушiлердiң кеңесi құрылды. Бұл жоғарыдағы төрелiк өкiлдiк етушiлердiң мүшелерi арасынан сайланды. Олардың мiндетi болып жеке адвокаттардың қызметiне бақылау жасау және т.б. бағыттарда қызметтер кiрдi. Төрелiк өкiлдiк етушiлер кеңесiнен қызметiне жоғарғы бақылау, қадағалау жұмысы, соттар Палатасы мен Билiк етушi Сенатқа жүктелдi.
Төрелiк өкiлдiк етушiлер өзiн-өзi басқару органы ретiнде, кәсiби мүшелерден тұра отырып соттар палатасында кеңесте әрекет жасады. Олардың кеңесi, төрелiк етушi - Председательден, оның жолдастарынан және сайлау тәртiбiмен қызмет жасайтын өзге кеңес мүшелерiнен тұрды. Кеңеске сайлау әр лауазымға жеке және көпшiлiк дауыспен сайланды. Кеңес мүшелерi әр жыл сайын өткен кеңес мүшелерiнiң есебiн тыңдай отырып қайтадан сайлау жүргiзедi.
Кеңес өзiнiң қызметiн әртүрлi бағыттарда жүргiзедi. Ол кеңес мүшелерiн қабылдайды, шығарады және тәртiптiк тәжiрибе ұйымдастырады. Төрелiк өкiлдiк етушiлер арасында тегiн iстердi бөледi. Өздерiнiң арасындағы әртүрлi дауларды шешiп отырады. Өзiнiң шешiмiн ол көпшiлiк дауысымен қабылдады.
Сонымен, адвокаттар төрелiгi - бостандықты кәсiптен құрал-ған тұлғалардың корпорациясы бола отырып жоғарғы сот орындарының сырттай бақылауына ие.
Қылмыстық құқықта қорғаушы, азаматтық iс жүргiзудегi өкiлдiктен басқа оларға жергiлiктi жерлерге оның iшiнде кедей тұратын аумақтарға тегiн қызмет көрсету де кiрдi.
Сот бекiтулерiнiң жаңа Ережелерiне сәйкес жаңа қоғамдық-құқықтық институтқа қатаң талаптар қойылды. Онда төрелiк өкiлдiк етушiлердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершi-лiктерi анық көрсетiлдi. Төрелiк өкiлдiк етушi болып сол талаптарға жауап беретiн және белгiленген тәртiпте адвокаттар корпорациясына қабылданғандар ғана алынды.
Бұл нормативтi құқықтық талаптар 2 категорияға бөлiндi. Бiрiншiсi, қалыпты, яғни кiм болады және керi кiм болмайды деген сұрақтарға жауап бердi.
Сонымен Сот бекiтулерiнiң 354-бабы бойынша төрелiк өкiлдiк етушi болып жасы 25-ке толған, жоғары заң бiлiмi бар, және сот ведомстволығының чиновнигiнен және төрелiк өкiлдiк етушiден
5 жыл сот сынағынан өткендер бола алады.
Ал 355-бап бойынша төрелiк өкiлдiк етушi бола алмайтындар анық көрсетiлген. Олар:
1) 25 жасқа толмағандар;
2) шетелдiктер мен жағдайы жоқ;
3) қарызын өтеуге жағдайы жоқ деп жарияланғандар;
4) үкiмет қызметiнде айлық жалақы алып тұрғандар;
5) сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айырылғандар немесе құқықтық жағдайы шектелгендер, сондай-ақ дiни соттардың үкiмi бойынша, дiн шенiнен айырылған дiни қызметкерлер;
6) сот тергеуi бойынша қылмыстары мен әрекеттерi бас бостандығы мен құқықтық жағдайын шектейтiн жаза қолданылатын болса не оларға сот ақтау үкiмiн шығармағандар;
7) қызметтен сот бойынша дiни мекемеден кемшiлiктерiмен немесе қоғамнан дворяндық жиналыстар мен үкiмдермен кеткендер;
8) сот бойынша басқа бiреудiң iсiне араласуға тыйым салын-ғандар мен төрелiк өкiлдiк етушiлер мүшелiгiнен шығарылғандар.
Осы жағдайларды негiзге ала отырып төрелiк өкiлдiк етушiлер кеңесi өз құрамына кандидатураларды қабылдағанда осылармен қатар олардың адамгершiлiк қасиеттерiн есепке алады. Жан-жақты мәлiметтер жиналады. Сот бекiтулерi туралы Ережелерде төрелiк өкiлдiк етушi қызметiн жүзеге асыру үшiн оған қабылдау тәртiбi анық көрсетiлумен қатар тағы да мынадай талаптар қойды:
Қабылдау және тiркеу, қабылдау Кеңестiң өкiлеттiлiгiнде болды. Оның шешiмi - төрелiк өкiлдiк етушiлер корпорациясына қабылдау туралы негiзгi құжат болып есептелдi. Кей жағдайда
бiр кеңес қабылдауға қарсы болғанда, ол тұлға келесi кеңеспен қабылданды. Кеңестiң формальды құқық қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес қабылдамауы жоғары тұрған Сенат арқылы сот палаталарына шағымдануға болады. Бiрақ тұлғаның адамгершiлiк қасиеттерiне қарап кеңестiң қабылдамауы ешқандай шағымдануға жатпайтын.
Тiркеу - формальды анықтамаға ие болатын, ол тек сот палатасының кеңестiң анықтамасы бойынша нақты тұлғаны төрелiк өкiлеттiк берушi етiп алған туралы ғана анықтама болатын тiркеу процесi округ бойынша төрелiк өкiлеттiк етушiнiң аты-жөнiн жазумен және кеңес берген куәлiкке қол қоюмен және оны қабылдау туралы жариялаудан тұрады.
Кейiнiрек 1874 жылғы реформаға қарсылық адвокатура рөлiн әлсiретiп жiбердi, және оған арнайы қоғамдық қызметтердi жүзеге асыратын юристердiң бiрiгуiн көрсететiн сословие таптар деген термин қолданды.
Тараптардың мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi заңда регламенттелiп көрсетiлген жоқ, олар тек Ережелердi ғана аздап көрсетiп өттi.
Төрелiк өкiлдiк етушiнiң еңбек ақысына сыйақы төлеу - оның клиентiмен келiскен жазбаша келiсiмде, ол жоқ болған жағдайда тек азаматтық iстер бойынша Әдiлет министрi бекiткен арнайы такса, яғни қаржымен анықталатын.
Еңбекке ақы төлеудiң негiзгi критериi талаптың бағасы болды. Талаптың бағасы көтерiлсе, процент кемiдi, талапкердiң өкiлi, жауапкердiң өкiлiнен оған белгiленген еңбек ақының 13 бөлiгiн алып отырды.
Адвокаттар яғни төрелiк өкiлдiк етушi өзi қабылдаған антында өзiнiң кәсiби мiндетiн орындау барысында заң талаптары мен адвокат талаптарын қатаң сақтауға және оны орындалуына мiндеттi болатынына ант бередi.
Төрелiк өкiлдiк берушiлер өздерiнiң қызметiн Сот бекiту-лерiнiң Ережесi бойынша бiр-ақ округте атқарады және оны сот палатасы бойынша тұрғылықты жерi бойынша тiркелген округте жүзеге асырады.
Өздерiнiң мүшелерiнiң қызметiне тиiстi кеңсе округ бойынша басшылық жасайды. Егер сот округiнде басталған iс, аяқталуы басқа округте бiтетiн болса, адвокат iс басталған жердiң кеңесiне бағынады.
Егер ұсыныс бойынша басқа қалаға барып iс қарайтын болса, ол жоқ кездегi сот өндiрiсi өкiлдiк берушiнiң келiсiмiмен басқа төрелiк өкiлдiк бiлдiрушiге ауысады.
Төрелiк өкiлдiк берушiнiң мiндетiне өзiне тапсырылған iстердiң тiзiмiн жасау берiлген және оны кеңес талап еткен уақытта бiрден көрсетуге мiндеттi.
Сот бекiтулерi Ережесiнiң 355-бабының 4-тармағы бойынша мемлекеттiк қызметке тұруға құқығы болмады. Өйткенi бұл оның мемлекеттiк органдар мен чиновниктерге қызметiнiң тәуелдi болып, қызметiне шек қойып, тәуелсiздiгiн бұзар едi.
Осы кезеңдерде төрелiк өкiлдiк берушiмен бiрге оның көмек-шiлерiнiң институты пайда болды. Сот бекiтулерiнiң 355-бабы бойынша оларға төрелiк өкiлдiк берушiлердiң қарамағында 5 жыл көмекшi ретiнде сот практикасынан өткендердi айтамыз. Бұған түсiнiктеме бергенле, төрелiк өкiлдiк берушiлерiнiң көмекшi-лерiнен тәжiрибе қызметiн ғана, заң курсын бiтiрген, еш жерде iстемеген сондай-ақ сот практикасы бар адамдар қабылданатынын айтқан.
1874 жылы 6 маусымда төрелiк өкiлдiк берушiмен бiрге жеке өкiлдiк берушiлер институты құрылды. Бұлардың төрелiк өкiлдiк берушiлерден айырмашылығы, бiрiншi кез келген сотта қатыса алса, жеке өкiлдiк берушiлер тек олар қатысуға рұқсат беретiн соттарда тек iс бойынша iске қатысу ұсынысы болғанда ғана қатыса алатын.

1.2 Қазақстанда 1917 жылға дейiнгi адвокатура
институтының бекiтiлуi
Ресейдегi адвокатураның дамуына Қазақстандағы адвокатураның дамуының алғышарты ретiнде қарап бiтсек, ендi нақ Қазақстандағы адвокатураның құқықтық жағдайының қандай болғанына көшуге болады.
Қазақстанда жоғарыда көрсетiлген сот реформасы патша үкiметi жүргiзгендiктен колониалдық соттарда қаралған iстер бойынша маңызы зор болды. Сонымен қатар қорғау институты қазақ қоғамында нақты тарихи салт-дәстүрлерге негiзделдi. Қазақ құқығының негiзiн қалаушылардың еңбегiнде қазақтарда әдiл-сотты жүзеге асырғанда қорғаушылардың қатысуы мiндеттi екенi тiкелей көрсетiлмейдi. Бiрақ қорғаудың өзiндiк институттары не сол сияқты механизмдерi Ресей империясының колонизациясына енбей тұрып та бар екенiн керек десеңiз оның соңы өткен ғасырдың 20-жылдарына дейiн сақталғанын бiлуге болады. бұл жұмыс-тармен қазақстандық атақты ғалымдар еңбегiнен көруге болады. олар: Л. И. Баллюзек, Н.А. Гродекова, К.А.Жиренчин, С.А. Сабатаев, С.С. Фукс және З.К. Кенжалиевтiң еңбектерiмен қатар, С.С. Сартаев, Н.У. Өсеровтiң еңбектерiнде айтылып өткен. Қазақтардың әдет-салт құқықтарындағы айыптаумен қатар, iздеу басы деп саналатын құқық бұзушылық себептерiн объективтi жан-жақты талдауды, сонымен қатар айыпкерге негiзсiз кiнә қоюдан қорғауға жағдай туғызатын қылмыстық iстi қарауды тез қарау мен бiрден шешуге тиiстi тергеу мен iс қарау және қоғамдық пiкiрге беру арқылы жүзеге асатын.
Көптеген жағдайларда билер сотының шешiмiмен қатар мүлiктiк дауларды ақсақалдар кеңесi шешiп отырған. Олар сот билiгiн жүзеге асырмаса да адамгершiлiк беделге ие болғандықтан олардың билiгi сот билiгiнен кем болмаған. Осы ойды өрбiткен С.А. Сабатаев ақсақалдар соты таза халықтық сот ретiнде ежелгi салт-дәстүрлердi басшылыққа алып жүргенiн тiкелей көрсетедi. Оқымысты ғалымдар Қ.А. Жиренчин мен А.Н. Тәукелов және т.б. өздерiнiң еңбектерiнде қазақтардың әдет-ғұрып заңдарында қорғаудың элементтерi болғанын тiкелей көрсетпейдi, бiрақ бiздiң көзқарасымыз бойынша, Соттарға қарсылық бiлдiру институты, Iстердi қарау келiсiмi, Ант беру институты механизм-дерiнiң болуы олардың болғаны туралы пiкiрдi қалыптастырады.
Қазақ қоғамына төрелiк өкiлеттiлiк беру институты мен Ресей империясының басқа заңдарының енуi өте жаймен жүрдi. Бұны 1867 - 1868 жылғы реформалар негiзiнде билер соты мен қазылар сотының өздерiнiң ұлттық және жергiлiктi ерекшелiктерiне сай мiндеттерi мен бағыттарының сақталуынан көруге болады. билер соты дауларды шешу барысында әдет-ғұрып құқық нормалары мен шариғат заңдарына сүйендi, ал қазылар соты тек шариғат заңдарына сүйенгендiктен бiздiң елiмiзде қазылар соты кең дамымады. Өйткенi Қазақстанда исламның кең етек жаюына кедергi болған Ресей отаршылығында болуы да әсер еттi және қазақтардың өздерiнiң шаруашылық әлеуметтiк жағдайларының ерекшелiктерi де, Ресей мемлекетiнiң саясатына қарай қалып-тасты.
Облыстық басқармалар барлық азаматтық iстердi қарады. Олар тек әскери және уездiк соттар қарамағына берiлетiн iстердi қарамады. Сонымен қатар, жоғарыда келтiрiлген актiлер негiзiнде адвокаттар қызметiнiң негiзгi заңдық күшке ие бола отырып қазақ қоғамындағы әдiлсот жүйесiне бiртiндеп ене бастады.
XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы сот құрылымы 1886 жылы Түркiстан және дала аймақтарын басқару ережелерiмен және 1898 жылғы жаңа бекiтулермен жүзеге аса бастады.
1898 жылғы сот реформасы адвокаттық қызметiнiң құқықтық негiздерi мен оны реттеудi қорытындылады. Мысалы, 1898 жылы
2 маусымдағы Уақытша Ереженiң 24-бабы бойынша адвокаттар қызметiн жүргiзу куәлiк беру, округтiк соттарға берiлдi. Бұл куәлiк адвокаттар тәжiрибесiн бiтiстiрушi соттарда өтуге құқық беретiн құжат болды. Және оған 75 сом көлемiнде мүшелiк жарна төлеу керек. Бұл соманың жартысы мемлекеттiк қазынаға кетсе, жартысы жергiлiктi жер қорына аударылды.
Қорытындылай келе қазақ даласы өзiнiң iстерiн дау айтуда билерге берген. Би - кесiм айтушы сотта, айыптаушы прокурор да қорғай отырып бiтiмгершiлiк келiсiмге келтiрушi адвокат қорғаушы да болған. Осындай бiрнеше функцияны қатар алып жүрген би-ақсақалдардың арқасында қазақ даласында түрме де, зындан да болмаған.

2 Қазақстанда адвокатура қызметінің дамуы
2.1 1917 жылдан кейiнгi адвокатура институтының
Кеңестер Одағында дамуы
1917 жылы қазан айында Ресейде саяси билiктi большевиктер партиясы басып алды да, сол кезден бастап бүкiл сот жүйесi, прокуратура сияқты адвокатураға да елдiң барлық түкпiрлерiнде, соның iшiнде Қазақстанда да эксперименттер жасалып, өзгерiске ұшырай бастады.
Кеңестер кезеңi адвокатура институтына елеулi өзгерiстер әкелдi. Бұл бәрiнен бұрын жаңа тоталитарлық саяси жүйелердiң құрылуымен және басқа факторлармен байланысты.
Кеңестiк саяси жүйе бекiтiлген соң 1864 жылғы реформа бо-йынша төрелiк және жеке адвокаттардың қызметi кеңес билiгiнiң бiрiншi декреттерiмен алынып тасталды. Өйткенi ол жаңа социалистiк мемлекет құру принципке керi әсерiн тигiзер едi. Адвокатура бiртiндеп, кеңестiк әдiлсоттың көмекшi, негiзгi қызметтерiн атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру және сотта қорғаушылардың қатысуы бiрнеше рет өзгерiп отырды. Бiр нысанды алып тастап, екiншiсiн кiргiзе отырып, кеңес заңдары бiртiндеп тоталитарлық режимнiң мiндеттерiне талаптарына жауап беретiнiн қорғаушылар қызметiнiң (ұжымдық) нысанын бекiттi.
Оның үстiне қылмыстық iс жүргiзу бойынша қорғаудың, азаматтық iс бойынша өкiлдiк етуде көп жылғы iзденiстердiң арқасында жаңа ұйымдық негiзде адвокатура өзiнiң дамуын жалғастыруда. Нақты тәжiрибелiк және теоретикалық бiлiмдердi қайта қарауда нақты ұсыныстар негiзiнде адвокаттар қызметiнiң жаңа нысандары пайда болды, оның нормативтiк базалары бекiдi. КСРО-ның құлдырап, тарауы және жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң пайда болуы, кеңес кезеңiнде жиналған оң тәжiрибелер арқасында ұлттық адвокатура қызметiнiң негiзiн қалады.
Қарап отырсақ, Кеңес кезеңiндегi адвокатура революцияға дейiнгi адвокатурамен ұйымдық нысаны жағынан да мемлекет тарапынан қатынасынан да көптеген жағынан ұқсас болды. Екi адвокатураның да жергiлiктi деңгейде ұйымдастырылды, олардың орталық аппараты болмады және идеялық платформасы да жеткiлiксiз болды. Осылар болғанда олар патша саясаты мен кеңес билiгiне шақыру тастар едi.
Адвокатуралар өз қызметiн Әдiлет министрлiгiнiң бақылауында болды, соттар тарапынан жеткiлiксiз сый-құрметке, сотта қарау сатысына дейiнгi ролiнiң төмендеуiне де келiсе алады. Екi адвокатура да соңғы есепте мемлекетке өзiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi шегiнде мемлекетке тәуелдi.
Сот туралы Ресей Федерациясының халықтық комиссариатының №1 Декретi бойынша 24 қарашасында 1917 жылдың төрелiк өкiлдiк етушi мен жеке адвокатура институты қысқартылды. Айыптаушылар мен қорғаушылар ролiнде қылмыстық алдын алу сатысында ал азаматтық iстер бойынша өкiлдiк сенiм алушылар ретiнде азаматтық құқыққа ие екi жыныстағы бұзылу жасына түспеген барлық азаматтар жiберiледi, делiнген. Бiрақ Декрет бойынша азаматтардың құқығын қорғау үшiн арнайы орган құрылған жоқ.
1918 жылы 7 наурызда жұмысшы, солдаттар, шаруа және казак депутаттары кеңесiнiң қарауымен ВЦИК Декретiмен Соттар туралы №2 құжат шықты. Бұнда құқық қорғау ретiнде қоғамдық айыптаушы мен қоғамдық қорғаушылардан тұратын алқалы құрам құру қаралды. Бұл алқаға жоғарыда көрсетiлген кеңеспен шақырылған және сайланған тұлғалар кiрдi. Тек осы тұлғалар ғана сотта еңбектерiне ақы алып қана қатысуға құқығы болды.
Құқық қорғау алқасынан сот әр iс бойынша қоғамдық айыптаушыны шақыра алды. Қоғамдық айыптаушы қорғаушыны шақыру, пайдалану құқығын қолданбаса, сот оның өтiнiшiмен құқық қорғау алқасынан қорғаушы тағайындай алды. Көрсетiлген айыптаушылар мен қорғаушылардан басқа сот мәжiлiсiне мәжiлiске қатысып отырғандар арасынан бiр айыптаушы мен бiр қорғаушы қатыса алды.
Кеңестiк сот өндiрiсiнiң құрылуы құқық қорғаушылар қызметiнiң өзгеруiне әкеп соқты. Бiртiндеп айыптау мен қорғау функциясы бiр-бiрiнен нақты ажырай бастады. Құқық қорғау алқаларының мүшелерiне еңбекақы төлеу мәселелерi шешiле бастады. Сотта қорғауға жiберiлетiн тұлғалар бiртiндеп қысқара бастады. Яғни қорғауды кез келген тұлға емес, тек заңда көрсе-тiлген тұлғалар ғана қатыса алады.
1918 жылғы 30 қарашада шыққан халықтық сот туралы Ереженiң бекiтуi бойынша соттардың барлық жағдайларды толық бiлу үшiн айыптау мен азаматтық процеске қатысушы тараптардың мүдделерiне қатысты жұмысшылар және шаруа депутаттарының уездiк атқару комитетi кеңесiнiң жанынан қорғаушылар, айыптаушылар және азаматтық процесте тараптардың өкiлдерiнiң алқасын бiрiктiру мәселесi қаралды. Ол алқаның мүшелерi жұмысшылар мен шаруа депутаттарының атқару комитеттерiнiң лауазымды адамдарынан Ресей Федерациясының 1918 жылғы 10 шiлдедегi Конституциясының 64-бабының талаптарын қанағаттандыратын тұлғалар құрамынан тұратын болды.
Алқа мүшелерi Кеңес Республикасының лауазымды тұлғасы ретiнде Әдiлет Халықтық комиссариатының сметасы бойынша халық соттарына берiлетiн оклад размерiмен бiрге қамтамасыз етiледi.
Қылмыстық iстер бойынша айыптаушының сұрауы бойынша iске қорғаушыны тарту мiндеттi бола отырып ол iс алты халық заседательдiң қатысуымен қаралатын. Қалған қылмыстық iстер бойынша iске қорғаушыны жiберу сот мәжiлiсiнде сотпен анықталатын.
Қорғаушылар алқасын ұйымдастыруды жақсартудың бiрқатар шаралары жасалса да жаңа мемлекет қойған жаңа талаптарға жауап бере алмады. Сондықтан халықтық сот туралы 1920 жылғы 21 қазандағы Ереже қорғаушылар алқасын қысқартып, сот қор-ғауының жаңа нысанын бекiттi. Қорғаушы ретiнде сот органдарына осы мiндеттi орындай алатын азаматтар жiберiлдi, (бұл негiзгi кеңес үкiметiне шын берiлген тұлғалар болды) ол азаматтар Әдiлет халық комиссариатының инструкциясы бойынша аудандық, қалалық және уездiк атқару комитеттерi берген ерекше тiзiм бойынша жiберiлдi.
1920 жылғы 23 қарашадағы сотта қорғау құқығын және айыптау құқығын ұйымдастыру туралы инструкция бойынша қорғаушының мiндетiн атқара алатын азаматтар тiзiмiндегi тұлғаларды кез кеген қызметтен белгiлi бiр мерзiмге босатуға мiндеттi. Олардың жұмыс орны бойынша сот мәжiлiсiне қатысқан уақыты бойынша еңбек жалақысы сақталып, мемлекеттiк қордан жергiлiктi жерден бiркүндiк еңбекақы көлемiнде тәулiктiк еңбекақы қосып төленедi. Егер жоғарыда көрсетiлген тұлғалардан қорғаушылар жетiспесе әдiлет органдарында тұратын консультанттар iске қа-тыстырылды. Қорғауды ұйымдастырудың бұндай нысаны 1922 - 1924 жылы сот-құқықтық реформасына дейiн жалғасты.
1922 жылы 26 мамырдағы ВЦИК-тiң Қаулысымен бекiтiлген Адвокатура жайлы Ереже; адвокаттар қызметiн реттейтiн тұңғыш нормативтiк-құқықтық акт болды. Бұл Ереже бойынша адвокатура бiрiншi рет еңбекшiлерге азаматтық дауларды шешу мен қылмыстық iс жүргiзуде қорғауды ұйымдастыру барысында өзiн-өзi басқаратын ұйым ретiнде көрiндi. Губерния бөлiмшелерiнiң әдiлет органдары жанынан қымыстық және азаматтық iстер бойынша қорғаушылар алқасы құрылды. Қорғаушылар алқасы мүшелерiнiң бiрiншi құрамы губерниялық әдiлет органдарының ұсынуымен губерниялық атқару комитетiнiң президиумымен бекiтiлдi. Ары қарай мүшелiкке қабылдау қорғаушылар алқасының президиумымен жүзеге асырылды. Және олар қабылдау жайлы анықтаманы губерниялық атқару комитетiнiң Президиумына хабарлап отырды. Өйткенi олар ғана жаңадан қабылдаған мүшелерге қарсылық бiлдiре алды. Алқа мүшелерi мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарда лауазымды қызметпен айналыса алмайды. Бұл тек мыналарға қолданыла алмайды:
1) сайлау бойынша мемлекеттiк лауазыммен айналысатын тұлғалар;
2) заң ғылымдарының профессорлары мен оқытушылары.
Губерниялық мемлекеттiк алқасының мүшелерiнiң жалпы жиналысы өз құрамынан президиум сайлады.
Қорғаушылар алқасының президиумына мына мiндеттер жүктелдi.
1) қорғаушылардың өзiнiң мiндеттерiн атқаруға бақылау және қадағалау жасау;
2) губерниялық атқару комитетiне тиiстi алқа президиумының қаулысымен мүдделi тұлғалардың шағым беру құқығына өздерiнiң мүшелерiне тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту;
3) алқа фондына келiп түскен ақша сомаларын бөлу;
4) тегiн көмек тағайындау және такса бойынша қорғау;
5) губерниялық әдiлет органдарының тапсырмасы бойынша жергiлiктi халықтарға заң көмегiн берудi ұйымдастыру.
Қорғаушылардың еңбегiне ақы төлеу келесi негiздер бойынша жүзеге асады.
1) халықтық соттың қаулысымен тұрмысы нашар тұлғаларға, қылмыстық iстер мен азаматтық iстердiң барлығынан ақы төлеуден босатылады;
2) мемлекеттiк және жеке кәсiпорынның жұмысшылары қорғаушылар еңбегiне халықтық әдiлет комиссариаты бекiткен такса бойынша төлеуге құқы бар.
3) қалған барлық жағдайларда мүдделi тараптармен қорғаушының арасындағы келiсiммен белгiленедi.
Қорғаушылар өздерiне берiлген сыйақыдан қорғаушылар алқасының фондына проценттiк аударып отырылады. Ол ақының материалдық-құқықтық жағдайын қамтамасыз ету үшiн керек.
Қорғаушылар алқасының мүшелерiнен басқа қорғауға айыпталушылар мен жәбiрленушiлердiң жақын туыстары қатыса алады. Сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерi, яғни олар Кәсiподақтар Одағы, тұтыну қоғамы және кәсiптiк және қоғамдық ұйымдар қалған тұлғаларға iстi қарап жатқан соттың рұқсатымен ғана қатысуға құқылы.
Бұл жағдайлар қазiргi адвокатураның құқықтық жағдайының iргетасы тәрiздi. Яғни азаматтық, қылмыстық iстер бойынша кәсiби адвокаттармен бiрге iске заңды өкiлдердiң де қатысуға құқығы бар.
Мәселе Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 70-бабының айыпталушының жақындары мен туыстарының, айыпталушы қамқорлығында болған мекеме мен ұйым өкiлдерiнiң т.б. қылмыстық iске қорғаушы ретiнде қатысуына рұқсат беруiнде болып отыр.

2.2 Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстанда
адвокатура институтының дамуы
Қазақстандағы адвокатураның құрылуы субъективтi және объективтi сипаттағы қиындықтарға тап болды. Бәрiнен бұрын кәсiби дайындалған маман кадрлар жоқ болды. Екiншiден, сот қызметкерлерi халық комиссариатының басшылары, әдiлет және басқа құқық қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Сот, адвокатура, нотариат органдарының құқықтық жағдайы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Адвокатураның құқық қорғау қызметі
Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1- ші сатысына қатысуы
ҚР адвокатура қызметін құқықтық реттеу
Пәндер