Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері, алдын . ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі ... ... 4
2 Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
КІРІСПЕ
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланыста болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс – қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Яғни:
Біріншіден, прокуратура – бұл мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес ерекше түрі.
Екіншіден прокуратура – Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін – өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден прокуратура – мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокуратура мемлекеттің қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін – бұл атқару және бөлу қызметі, сот органдары үшін – сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Нарибаев М.С., Өтебаев Ғ.К., Алиев М.М. ҚР прокурорлық қадағалау. Астана: 2005 ж. - 393 б.
2. Сейтқазықызы М. ҚР прокурорлық қадағалау. Алматы: 2006 ж. - 127 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері, алдын - ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі ... ... 4
2 Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланыста болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс - қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Яғни:
Біріншіден, прокуратура - бұл мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес ерекше түрі.
Екіншіден прокуратура - Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін - өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден прокуратура - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокуратура мемлекеттің қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі, сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.

1 Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері, алдын - ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
Қазіргі кезде, жеке адамның мойындауы ьойынша оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылығы болып табылады және бірінші кезекте прокурорлық қадағалауды жетілдіру, оның нәтижелілігін арттыру міндеті тұрады. Прокуролық қадағалаудың нәтижелілігі кез келген құқықтық институттағы сияқты осы мақсаттарға жетудің нақты қорытындылары бойынша бағалануы керек. Нәтижелік деген күш - жігерді, әдістер мен уақытты үнемдеу арқылы мақсатқа жету болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған алдын ала тергеу мен анықта және олардың заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру қылмыстарды дереу және толық ашуға, оның объективті және жан - жақты тергелуіне, ең соңында - соттың заңды, негізді және әділ шешім қабылдануына елеулі кепілдіктерінің бірін береді.
Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бір бірімен байланысқан және өзара келісілген екі мақсаттан тұрады: бірінші, қылмыс жасаған кінәлі адамдарды жазаланбай қалмауын қамтамасыз ету, екінші, бір де бір азамат негіссіз қылмыстық жауапкершілікке тартылуына немесе құқықтарының шектелуіне жол берілмеу керек.
Тергеу және анықтау заңдылығын жүргізу кезінде Конституция және өзге де заңдармен кепілденген жеке бостандық, хат алысу құпиялылығының сақталуы, еркін жүріп - тұру және азаматтардың т.б. көптеген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады, ал кейде елеулі түрде шектеледі. Прокурор қылмыстардың тергелуін реттейтін заң нормаларының бұзылмауын, тергеукезінде барлық мән - жайлардың жан - жақты, толық және объективті зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуын, заңсыз тергеу әдістерін қолданылмауын қадағалауға міндетті. Прокурор заң бұзушылықтарды алдын - алуға, ал заң бұзушылықтар анықталған жағдайда - оларды жоюға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірілуіне, моральдық және материалдық залалдардың өтелуіне, сондай - ақ заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануы тиіс.
Тергеу және анықтау заңдылығын жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалаудың аталған міндеттері оның мәнімен тығыз байлансты болады. Қазақстан республикасының Президентінің азақстан Республикасының прокуратурасы туралы заңының 37- бабына сәйкес қадағалаудың мазмұны мен мәні адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, жасалған қылмыстар және тергеу жүргізу туралы өтініштер мен хабарларды шешудің заңдарда белгіленген тәртібінің сақталуы, сондай - ақ осы органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығын сақталуы болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың барлық әдістерімен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, прокурордың маңызды міндеті болып табылады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсаты мына шаралар бойынша жүзеге асады:
қылмыстық ізге түсудің, күдіктілерді ұстаудың, айып тағудың және бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын уақытылы тексеру;
тиісті дәлелдемелерді алу. Мысалы, ұсталған адамның заңсыз тергеу әдістерін қолдану туралы арызын алу кезінде прокурор қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаумен барлық уәждерді тексеруге міндетті; ҚР Конституциясының, қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарының талаптарын бұзумен алған алынған дәлелдемелер дәлелдеу кезінде алынып тасталуы керек.
Прокурор жұмысының үлкен бөлігін жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қарау және шешудің белгіленген тәртібін тексеру құрайды.
Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздыр мен хабарламалар түрлі нысандарда болуы мүмкін:
азаматтардың арызы
қоғамдық бірлестіктердің хабарламалары
атқарушы және өкілеттік (заңды) билік органдары мен мекемелерінің хабарламалары
мемлекеттік, қоғамдық, жеке кәсіпорындардың хабарламалары
бұқаралық ақпарат құралдарымен ( газеттер, журналдар, теледидарлар, радио) жарияланған мақалалар, ескертпелер, хаттар.
Азаматтардың арыздары мен хабарламалары ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша арыздар хаттамаға енгізіледі және оған арызданушы мен арыз қабылдаған адам қол қояды. Жазбаша арызға азамат қол қояды. Арызданушыға қасақана жалған хабар үшін жауаптылығы туралы ескертіледі. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, билік органдарының, лауазымды тұлғалардың хабарламалары жазбаша нысанда болуы керек. Домалақ арыздар қылмыстық іс қозғауға негіз болмаса да, жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыруға көмектеседі. Прокурор әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы домалақ хаттар мен арыздарды өтініштің мазмұнына қарай қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына жолдайды.
Қылмыстық іс жүргізу заңының, Бас прокурордың салалық бұйрықтарының, нұсқаулары мен өкімдерінің талаптарына сәйкес, прокурор жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу кезінде заңдардың орындалуын тексеруі керек.
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңында қаралмаған. Ол құқық қорғау органдарының ведомстволық нормативтік актілерде анықталған. Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалардың көбі ішкі істер органдарында қаралады және шешіледі.
Прокурор қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдаудан бас тартпауды бақылауы керек. Тексеріс кезінде қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырушы адам арызданушыға қатаң есепке алу құжаты болып табылатын және бірыңғай тіркеу нөмірімен тұратын талон - қағазын беруіне көңіл аудару қажет.
ҚР Бас прокуроры қадағалау қызметінің осы саласына назар аудара отырып, оған бағынышты прокурорлардан қылмыстар туралы қарылып жатқан арыздар мен хабарламалардың уақытылы тексерілуін, тексеріс әрекеттерін қажет етпейтін жағдайларға жол бермеулерін талап етеді.
Қылмыстар туралы келіп түскен арыздар мен хабарламалар бойынша бірқатар тексеріс әрекеттері - материалдардың талап етілуі, түсініктемелер алынулары мүмкін. Қылмыстық іс қозғалғанға дейін оқиға болған жерді қарау және сараптама жүргізулер заңда қарастырылған кездерден басқа жағдайларда, тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін емес.
Прокурор сондай - ақ, қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша шешімдердің келіп түскен кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде, тексеріс әрекеттері жүргізілген жағдайда - он сөткеге дейін, ал ерекше жағдайларда - бір айлаық мерзімге дейін қабылдануын бақылауы керек.
Келіп түскен арыздар мен хабарламалар бойынша мерзімдер ұзартылған жағдайда, қылмыстық қудалау органына жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде прокурорға хабардар ету міндеті жүктелген.
өз кезегінде ұзхарту мерзімдерінің заңдылығын тексеруі керек және азаматтардың өтініштері бойынша процессуалдық шешімдердің созбалаңдыққа салу фактілеріне жол бермеуі керек.
Қылмыстарды алдын - ала тергеу тәртібінің сақталуына прокурорлық қадағалауды анықтау нысанында да, алдын - ала тергеуде де қылмыстық процеске қатысушылрдың (жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, куәлар және т.б.) құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тарту, қоғамды, мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кепілдігі беріледі.
Заңда ұйғарылған рәсімдерді тергеу шындыққа қол жеткізуге, алынған ақпараттарға объективті баға беруге, кінәсіздік презумциясының конституциялық принциптерінің сақталуына мүмкіндік тудырады.
Тергеу және анықтау заңдылығын жүзеге асыру кезінде прокурор ҚР ҚІЖК басқа, ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 маусымдағы Алдын - ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы№88 бұйрығын да басшылыққа алады.
Прокурордың алдын - ала тергеу және анықтауды жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі ҚРқылмыстық іс жүргізу заңдылығымен және өзге заңдармен (прокуратура туралы Заңның 38-бабы ) анықталады.
Алдын - ала тергеу және анықтау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттігі биліктік - өкімдік сипатта болады.
Алдын - ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын жүзеге асыру кезінде биліктік - өкімдік өкілеттікті іске асыру мыналарға бағытталған:
қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына, бір де бір қылмыстың ашылмай қалмауына, қылмыс жасаған адамдардың бір де біреуі заңда белгіленген жауапкершіліктен жалтармауына;
қылмыс жасау күдігі бойынша азаматтарды ұстау тек заңда қарастырылған тәртіп пен негіздер бойынша жүргізілуіне;
ешкімнің заңсыз және негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына немесе басқа құқықтарының шектелмеуіне;
прокурордың санкциясыз немесе сот шешімінсізешкімнің қамауға алынбауларына;
қылмыстық істерді қозғау мен тергеудің, тергеу мерзімдерінің заңда қарастырылған тәртіптерінің сақталуына;
тергеу кезінде дәлелдемелердің жан - жақты, толық және объективті жиналуы мен зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуына;
қылмыс жасауға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайлардың анықталуына және оларды алдын - ала шараларының қолданылуына;
прокурор қылмыстық ізге түсу және қылмыстық істерді тергеу заңдылықтарын қадағалай отырып, өзіне жүктелген процессуалдық өкілеттікті жүзеге асыру үшін:
оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай - ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс - әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;
қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдардың іс - әрекеттеріне санкция береді;
жекелеген тергеу іс - әрекеттерін жүргізуге қатысады;
қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады;
алдын - ала тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істі сотқа жібере отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады;
қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру үшін қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел - іздестіру қызметі, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәліметтерді алады;
Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді;
Анықтаушы мен тергеушінің, сондай - ақ анықтау органы мен тергеу бөлімі бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды;
Тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай - ақ тергеу және анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді, не оны толық көлемінде немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады;
Қылмыстық істі анықтау органдарынан алып, алдын - ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен белгіленген тергеу ретіне қарамастан, алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді;
Анықтаушы мен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
Алдын - ала тергеу, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
Алдын - ала тергеу, анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған кезде, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шеттетеді;
Алдын - ала тергеудің және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың мерзімдерін ұзартады;
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдарды күзетпен ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
Заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, прокурор он күн сайын жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы, сондай - ақ хабар - ошарсыз жоғалып кеткен азаматтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу туралы заң талаптарының орындалуын тексеруге міндетті. Бұл міндетті орындау үшін прокурор аталған арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу кітаптарымен, журналдарымен және басқа құжаттамалармен, тексеріс нәтижелері туралы материалдармен, қылмыстылықты сипаттайтын статистикалық мәліметтермен және басқа да қажетті мәліметтермен танысады.
Прокурор заң талаптарының орындалуын тексеру үшін жіберілуі мүмкін заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, алдын ала тергеу және анықтау кезінде жасалған қылмыстар туралы басқа да мәліметтерді талап етуге және қылмыс жасаған адамдарды анықтауға құқылы.
Алдын ала тергеуді жүргізу кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарды нәтижелі жою мақсатында прокурорға айрықша өкілеттік - яғни тергеушілердің және анықтау жүргізуші адамдардың заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу құқығы берілген. Мұндай шешімдерді прокурор оларды бұзу негіздемелері көрсетілетін дәлелді аулыларды қабылдау жолымен бұзады. Прокурор қаулысы тергеушілер мен анықтау жүргізуші адамдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы, қылмыстық істі қозғау туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы, қылмыстық істі бөлу туралы, тергеуді тоқтату туралы, қылмыстық істі қысқарту туралы, азаматтарды айыпталушы ретінде тарту туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы және басқа да заң талаптарына сәйкес келмейтін іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу кезінде шығарылады.
Заң бұзушылықтарды жоюдың негізгі әдістерінің біріне прокурордың нұсқауы жатады, және ол жазбаша турде берілуі тиіс. Прокурор қылмыстарды тергеу, бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе бұзу туралы, қылмыстарды дәрежелеу, жеке тергеу амалдарын жүргізу және қылмыс жасаған адамдарға іздеу салу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқылы.
Прокурордың нұсқауы дербес іс жүргізу құжатының нысаны да, көрсетілген жағдайларда шығарылатын қаулылардың бөлімі де бола алды.
Прокурордың алдын ала тергеу және анықтау органдарына берілген барлық жазбаша нұсқаулары қылмыстық істерді қозғау мен тергеуге байланысты болғандықтан, бұл органдарға міндетті түрде қажет. Алынған нұсқаулар бойынша жоғары тұрған прокурорға шағымдану олардың орындалуын тоқтатпайды.
Бірақ, жалпы тәртіп бойынша, заңда бірнеше ерекшеліктер қаралған. Тергеуші прокурордың адамды айыптаушы ретінде тарту туралы немесе қылмысты дәрежелеу мен айыптау көлемі туралы, сондай - айыпталушыны сотқа беру туралы немесе істі қысқарту туралы нұсқауларынмен келіспеген жағдайда, ол нұсқауларды орындамай, жазбаша қарсылықтарымен істі жоғары тұрған прокурорға ұсынуға құқылы. Жоғары тұүрған прокурор мұндай жағдайда мына екі шешімнің бірін қабылдайды: төмен тұрған прокурордың шағымданған нұсқауын бұзады немесе бұл қылмыстық іс өндірісін жүргізуді басқа тергеушіге тапсырады.
Заң нұсқауларды орындау мерзімдерін белгілемейді. Прокурор оның орындалуныа нақты мүмкіндіктерді есепке ала отырып, мерзімді өзі анықтай алады.
Прокурор анықтау органдарына ұстау, алып келу, қамауға алу, қылмыс жасаған адамдарды тінту, алу, іздеу және басқа да тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы қаулылардың, сондай - ақ өндірістегі барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтау туралы нұсқаудың орындалуларына тапсырма беруге құқылы.
Бұл өкілеттіктен маңызды екі жай анықталынады.
Бірінші, прокурор анықтау органына жеке тергеу іс - әрекеттерін орындау және осы қылмыстық қудалау органдары өндірістегі істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтауға қажетті шараларды анықтау туралы нұсқау береді; екінші, прокурор көзделген тергеу ретіне қарамастан, мұндай тапсырмалар мен нұсқауларды алдын ала тергеу және анықтау органына жолдай алады.
Қылмыстық процеске қатысушылар мен басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын алдын - ал мен анықтау, анықталған заң бұзушылықтарға шаралар қолдану мен жоюдың басты жолы прокурордың алдын ала тергеу мен анықтау өндірісіне қатысуы болып табылады. Қылмыстық іс кімнің өндірісінде болуына қарамастан, жеке тергеу іс - әрекеттерін жүргізуге прокурор жеке өзі қатыса алады.
Сондай - ақ, айыпталушының (күдіктіге) қамауға алуға санкцияға беру мәселесін шешу кезінде прокурордың өзі бұл адамнан жауап алуға және тиісті хаттама жасауға міндетті. Бұл өкілеттік азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзылуын анықтаудың және жоюдың маңызды жолы болып табылады.
Жалпы тәртіп бойынша, алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс, және ол іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген, не істі қысқартқан немесе өндіріс тоқтатқан күннен бастап есептеледі. Дәлелді себептер бойынша белгіленген мерзімде тергеуді аяқтамауға мүмкіншілік болмаған жағдайда (істің күрделілігі, көпэпизодтылығы, тергеу жұмысының үлкен көлемділігі, шалғай жерлерде тергеу іс - әрекеттерін орындау қажеттілігі, сараптаманы жүргізудің ұзақтығы және т.б.) оны аудан, хқала прокурорлары, гарнизонның әскери прокурорлары және оларға теңістірілген прокурорлар үш айға дейін;облыс прокуроры, оның орынбасарлары және оларға теңестірілген прокурорлар - алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Алдын - ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуды тек істің асакүрделілігін ескерумен, айрықша жағдайларда ғана ҚР Бас прокуроры немесе оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.
Істің қосымша тергеуге қайтарғанда, сондай - ақ уақытша тоқтатылған немесе қысқартылған іс қайта қозғалған кезде, қадағалаушы прокурор - өндіріске қабылдаған кезден бастап бір айдан аспайтын қосымша тергеу мерзімін анықтайды. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде жүргізіледі. Тергеу мерзімін ұзарту қажет болған кезде тергеуші дәлелді қаулы қабылдайды. ҚР Бас прокурорының нұсқауы бойынша тергеу мерзімін ұзарту туралы өтініштер тергеу мерзімінің өтуіне дейін бес күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Айыпталушының ( оның қорғаушысының) қылмыстық іс құжаттарымен танысуы кезеңінде алдын ала тергеу мерзімі есептелмейді, ал қылмыстық заңмен тыйым салынған іс - әрекеттерді жасаған белгісіз адамның іс өндірісін жүргізу мерзімі қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескеру мерзімімен шектелген.
Анықтауды жүргізуге заң шығарушы қысқартылған мерзімдерді көздеген. Тергеу жүргізуді міндеттейтін істер бойынша анықтау он күндік мерзімде аяқталуға және тергеушіге берілуге тиіс. Бқл мерзім ұзартуға жатпайды. Тергеу жүргізуді міндеттемейтін істер бойынша анықтау қылмыстық іс қозғалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға және бұл мерзімде айыптау қорытындысы мен істі қысқарту немесе тоқтату туралы қаулы қабылдануға тиіс.
Бұл мерзімді анықтау органының бастығы анықтау өндірісін тікелей қадағалайтын прокурорға міндетті түрде хабарлаумен бір айға дейін ұзарта алады. Айрықша жағдайларда, анықтау мерзімдерінің одан әрі ұзартылуы алдн ала тергеу мерзімдерін ұзартуға қатысты тәртіптерде жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 18 - тармағына көзделген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру, жеке кепілдік беру, әскери қызметшіні әскери бөлім команда басқармасының бақылауына беру, кәмелетке толмағандарды қарауға беру, кепіл беру, үйде қамауда ұстау және қамау сияқты мәжбүрлеу шараларының ішіндегі ең қаталы қамау болып табылады.
Жалпы тәртіп бойынша, бұлтартпау шаралары айыпталушыларға, яғни айыпталушыны анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынды, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастыады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға, сондай - ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін.
ҚР ҚІЖК 142- бабына сәйкес ерекше жағдайларда, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы сезіктіге 10 күннен аспайтын мерзімге қолданылуы мүмкін. Егер ұстау мерзімін есептеумен оны қолданған кезден бастап 10 күн мерзім ішінде айып тағылмаса - ол дереу босатылуға жатады.
Кез келген жағдайда, тек қозғалған қылмыстық іс бар болғанда ғана, бір адамға қатысты бір ғана бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде бұдан бұрын аталған негіздерден басқа, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай - күйі, тұрғылықты жерінің бар - жоқтығы және тағы басқа мән - жайлар міндетті түрде ескеріледі және зерттеледі.
Алдын ала тергеу және анықтау органдарымен бұлтартпау шаралары қолданылғандығы туралы дәлелді қаулы шығарылады, оның көшірмесі соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бір мезгілде шағымдану тәртібі түсіндіріледі.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың шарасы таңдауға мүмкіндік болмаған жағдайда және тек қылмыстық іс құжаттарын мұқият қарап және айыпталушыдан (сезіктіден) жеке жауап алғаннан кейін, жоғарыда аталған шарттар бар болған жағдайда ғана уәкілетті прокурор айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді. Айыпталушыдан (сезіктіден) жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатысады және қаралатын мәселе бойынша өз пікірлерін айта алады.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуші кезінде қамауға алудың мерзімі екі айдан аспайды. Ал ерекше жағдайларда 12 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы ұзартудың құқықтық тәртібі мен айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерін қарастырады. Қылмыстарды тергеу кезінде қамауда ұстау екі айдан аспау керек. Ал бұл мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болмаған кезде бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурорлар және оларға теңістірілген әскери және өзге де прокурорлар - үш айға дейін ұзартуы мүмкін. Іс ерекше күрделі болғанда қамауда ұстау мерзімін облыс прокуроры алты айға дейін ұзартуы мүмкін.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығы үшін айыпталған адамдарға қатысты ерекше жағдайларда бұл мерзімді ҚР Бас прокуроры бір жылға дейін ұзартыу мүмкін.
Мерзімдерді одан әрі ұзарту заң шығарушымен қарастырылмаған. Қамауда болудың шектеулі мерзімдері өткеннен кейін алдын ала тергеу кезеңінде адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Прокурорлық жалпы қадағалау
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Прокуратура органдарының құрылымы
Пәндер