Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қылмыстық іс бойынша адвокаттың қорғау тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс әрекетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 Қылмыстық іс бойынша адвокаттың ролi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән.жайларды қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және қорытындылау негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Алдын ала тыңдау сатысындағы адвокаттың ролi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК «Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы» Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мейірбекова Г.Б. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2012 ж.
2. Алауханов Е.О. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2010 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Қылмыстық іс бойынша адвокаттың қорғау тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... 4
1.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4
1.2 Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс әрекетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 Қылмыстық іс бойынша адвокаттың ролi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және қорытындылау негiздерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Алдын ала тыңдау сатысындағы адвокаттың ролi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi Адвокаттық қызмет туралы Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат - қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам.

1.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында
Қылмыстық iс бойынша тапсырманы қабылдағаннан кейiн адвокат өз өкiлеттiгi шеңберiнде дереу iске қатысуы керек.
Себебi, адвокат iске сезiктi ұсталған кезден бастап қатысса процестiң өз пайдасына өрбуiне әсер етедi. Сезiктiнi негiзсiз ұстаған жағдайда тергеу органының бастығына немесе прокурорға шығарылған шешiмнiң заңсыздығына шағымдана алады.
Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы мүмкiн.
Қылмыстық iс жүргiзуде, қылмыстық iстi қозғау бiрiншi стадия болып табылады. Бұл стадияда прокурор, тергеу, сот органдары нақты бiр iс бойынша тергеу әрекеттерiн жүргiзу қажеттiгiн, сонымен қатар қылмыстық белгiлерi бар деректер пайда болған жағдайда осы деректер негiзiнде қылмыстық iс жүргiзу органының араласуының қажеттiгiн шешедi.
Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi - қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады.
ҚIЖК 194 бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың санкциясымен) нақты қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, кулерден жауап алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады.
Қылмыстық iс қозғау стадиясына қылмыстық iс жүргiзу стадияларының барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық қатынастар мен әркеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты болған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылаймыз.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi стадияларында қаралады.
Мемлекет қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгiн Заңда нақты көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғаларға берген. Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қатарына: анықтаушыны,анықтау органын, тергеушiнi, алдын ала тергеу органын, прокурорды жатқызамыз. Қылмыстың белгiлерiн тапқан жағдайда әр орган өз құзыретi шегiнде қылмыстық iстi қозғай алады және кiнәлi тұлғаларға заңда көрсетiлген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
Аталған органдардың қылмыстық iс қозғау стадиясында өкiлеттiктерiнiң ерекшелiктерi бар. Сондықтан да адвокат әр органның қылмыстық iс қозғау стадиясындағы өкiлеттiктерiн бiлуi тиiс.
Қылмыстық iстер тек қана Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қозғай алады, ао егер де өкiлеттiгi жоқ адам iстi қозғаса адвокат прокурорға шешiмнiң заңсыздығын дәлелдеп күшiн жоюды сұрайды.
Қылмыстық iстi қозғауға өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалар мен органдар мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық iстi қозғауға қажет құжаттарды, есептердi әкiмшiлiк комиссияның актiлердi сұратуға құқылы.адвокаттың лауазымды тұлғалардың және органдардың қылмыстық iс қозғау қаулысын тексергендегi мiндетi:
- жiберiлген қателiктерiн табу керек;
- жiберiлген қателiктi тапқаннан кейiн соған сәйкес шешiм шығаруы керек;
- шешiмдi дұрыс орындауы тиiс.
Адвокат қылмыстық iстiң заңды және дәлелдi қозғалғанына ерекше назар аударады. Бұған кәсiптiк бiлiмдiлiгi, өмiрден тәжiрибесi және iстi жүргiзуге еркi, адвокаттық интуициясы көмегiн тигiзедi.
Лауазымды адамдар мен өкiлеттiгi бар органдар қылмыстық iстi Заңды себептер мен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қозғайды.
Қылмыстық iстiң қозғау себебi - прокурор, тергеушi, анықтаушы органдарының қылмыстық болатынын немесе болған қылмыс туралы мәлiметтерiнiң болуы.
Нақты қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
- азаматтардың арызы;
- кiнәсiн мойындап келу;
- мемлекеттiк органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.
Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп есептелiнбейдi, себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз болуы қажет.
Қылмыстық iс қозғаудың негiзi - қылмыс белгiлерiнiң бiрiншi тұжырымы болып саналады. Тұжырым белгiленген қайнар көздерге сүйене отырып шығарылуы тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi, лауазымды тұлғалардың қаулылары, справкалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс сыбыс, өсек негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген материалдардың заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда қылмыстық iс қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана алады.
Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң барлығын айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу стадиясында тиiстi лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды. Сондықтан да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты қорытындылау үшiн жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi шешедi.
Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты бағалауы тиiс. Бiрақ та бұл стадияда, яғни қылмыстық iстi қозғау стадиясында деректер мен мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық iс қозғау стадиясында қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес.
Қылмыстың iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды тексеру қажет. Түскен арыздар мен хабарламаларға қосымша қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады:
- прокурорға шағымдана алады;
- тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiредi.
Болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ. Қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды тексеру барысында өзi тексеруi тиiс. Тексерiстi кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн тексередi.

1.2 Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс әрекетi
Қылмыстық iс қозғалмастан бұрын ҚIЖК 132 бабының тәртiбiнде сезiктiнi ұстағанда ҚIЖК 135 бабына сәйкес жеке тiнту жүргiзiледi.
Сезiк келтiрген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтайды және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылады. Ұстауды жүзеге асыру мақсаты ұсталған адамда қару бар ма, қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайда сақтап қалу үшiн ұстауды жүзеге асырады.
Қазiргi уақытта жедел iздестiру қызметi мойындату және керектi ақпарат алу үшiн азаматтарды ұстау тәсiлiн кеңiнен қолданады. Азаматтарды заңсыз ұстаумен қатар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңсыз тiнтуi де аз кездеспейдi. Соңғы кездерi прокурордан алдын ала санкция алмай-ақ тiнту жүргiзу үрдiсi етек алып барады. Бұлтартпау шараларын қолдану барысында заңдылықтың сақталуын адвокат өте тиянақты қарауы керек. Прокурорлар кей жағдайда қамауға алуға санкция берер де қылмыстық iс материалын жете зерттелмейдi, жинақталған дәлелдемелердi сараламайды, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтердi, қылмыстың ауыр жеңiлдiгiн, жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiн есепке ала бермейдi. Осы жағдайларда адвокат шағымдана алады.
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi.
Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғарытұрған прокурорға шағымдана алады.
Адвокат алдын ала тергеу стадиясында айып тағылған не адам сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
Адвокаттың соңғы жағдайда iске қатысуы:
- тұлғаны ұстаған жағдайда (кiнә тағылмаса да)
- тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда.
ҚIЖК 70 бабында көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы керек:
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған уақытқа сәйкес белгiленедi;
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса.
Адвокат iске қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74 бабында көрсетiлген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:
- сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.
Адвокат iске қатысқаннан кейiн төмендегiдей қызмет атқарады және бiрқатар құқықтарға ие болады:
- заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлiметтердi жинап ұсынады;
- дәлелдемелердi ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас бұрын оларды белгiлi қайнар көздерден алу қажет, бiрақ та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi;
- ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда көрсетiлген қылмыстық iс жүргiзу өзге де құжаттарымен танысуға құқылы;
- өтiнiм жазады;
- ҚIЖК-нiң 109-110 баптарында көрсетiлген тәртiпте судья шағымдарды қарағанда адвокат қатыса алады;
- қарсылық бiлдiредi; (ҚIЖК-нiң 92, 93-баптары)
- Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымданады;
- Заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
Iске қатысқаннан кейiн адвокат сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы болып көптеген мәлiметтердiң, оқиғаның куәсi ретiнде болады. Қорғау қызметiн атқара отырып осы өзiне мәлiм болған мәлiметтерi бойынша жауапқа тартылмайды.
Адвокат куә ретiнде жауап беруге құқығы жоқ, себебi Адвокаттық қызмет туралы Заңның 15 бабының 3 тармағында көрсетiлген адвокат көмегiн көрсете отырып өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокат қорғаушы болып қатыса отырып:
- заңда көрсетiлген тергеу әрекеттерiне қатысады. Сонымен қатар жауапқа тартылып отырған тұлғаларға қосымша сұрақ қояды, хаттаманың дұрыстығы мен толықтығына жазбаша ескерту көрсетедi. Тергеушi адвокаттың кейбiр сұрақтарын жауапсыз қалдырады, бiрақ осы әрекетiн хаттамаға енгiзуi тиiс. Адвокаттың сұрақтары ьтек қана мән жағдайды ашуға айыпталдушының айыбын жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңiлдетуге бағытталуы керек.
- iске қатысты, өзiне қажет құжаттарды сұратады;
- тергеушiге өтiнiм, ал алдын ала тергеу әрекеттерiне қадағалау жасайтын прокурор мен судьяға шағымдана алады.
- қылмыстық iспен байланысы бар мамандардан консультация алуға құқылы.
- прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны қамауға алу және мерзiмiн ұзартуға берген санкциясына келiспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. Мұндай шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен жайына байланысты жiбередi.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық iстiң барлық материалдарымен танысуы. Айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-жеке таныса алады. Iстiң барлық құжаттары адвокатқа тiгiлген және нөмiрленген күйiнде берiлуi керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi орындамаған жағдайда, адвокат iстiң құжаттарымен танысудан бас тарта алады. Адвокат пен тергеушiнiң арасында ешқандай келiсiм болмауы керек, себебi әр бет нөмiрленбеген болса iсте басқа материалдар тiркелiп немесе iске тiркелген басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкiн. Сонымен қатар беттердiң нөмiрлерiнiң болмауы адвокаттың өтiнiм жазған кезде нақты қай бетiне келiспейтiндiгiн көрсетiп сiлтеме жасай алады.
Адвокат алдын ала тергеу сатысынан бастап қатысса iстiң көптеген құжаттарымен таныс болғандықтан мiндетiн атқаруға жеңiл болады. Егер адвокат келесi сатылардан бастап iске қатысса, ол iстiң барлық құжаттарымен танысуы керек. Iстiң құжаттарымен танысуда белгiлi бiр тәсiлдер белгiленбеген, қорғаушылардың барлғы дерлiк бiрiншiден қылмыстық iс қозғау қаулысымен танысады. Қылмыстық iс қозғау қаулысының уақытын, кiм қозғағаны, қандай қылмыстық белгiлермен қозғалғанын, қандай тұлғаларға қатысты қозғалғанын қарайды, содан кейiн айыпкер ретiнде тану қаулысымен танысады. Қорғаушы iс құжаттарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын болмаса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға, сонын iшiнде техникалық құралдардың көшiрмесiн түсiрiп алуға құқылы.
Адвокат iс бойынша құжаттардың көшiрмелерiн өзiнiң досъесiнде сақтауға тиiс. Досъе мiндеттi түрде iске қорғаушы болып қатысқаннан бастап толтырылуы тиiс.
Iстiң құжаттарымен таныса отырып адвокат тергеу және анықтама органдары алдын ала тергеу әрекеттерiнде жiберген қателiктерiне, қылмыстық iс жүргiзу Заңының бұзылғанына көңiл бөлуi тиiс. Заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды және айыптаудың негiзi болып табылмайды. Содан кейiн сот қорғаушының өтiнiмi бойынша дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс құжаттарды алып тастайды.
Iстiң құжаттарымен танысып болып адвокат әр түрлi өтiнiштер бiлдiруге құқылы. Көбiне жазған өтiнiшi қосымша тергеу жүргiзуге берiлген. Мысалы, қосымша жауап алуға, беттестiруге, тергеу экспериментiн жүргiзуге, сараптама тағайындауға байланысты. Қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда қылмыстық iстi қысқарту туралы құжатын сұратып iске тiркеу жөнiнде өтiнiш бiлдiредi. Тергеушiнiң қылмыстық iс бойынша адвокаттық өтiнiш қанағаттандырудан бас тартса, адвокат өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесiн алып үш тәулiктiң iшiнде прокурорға шағымдана алады.
Тергеу iс-әрекеттерiне қатысты адвокаттың өтiнiшi қанағаттандырылса осы өтiнiштi қарастырғанда қатысуға құқылы.
Iстiң барлық құжаттарымен танысқаннан кейiн адвокат айыпталушымен сот процесiнде қорғаушы бол қатыса алатын тұлғалардың тiзiмiн қарастырады. Қорғаушы болып қатыса алатын тұлға дегенiмiзде айыпталушының айыбын жоққа шығаратын мәлiмет бiлетiн адамды айтамыз. Бұл тұлғалардың тiзiмiн адвокат соған сәйкес өтiнiмде көрсетуi қажет.
Адвокат қылмыстық iс құжаттарымен танысқаны туралы қорытындысын белгiлi хаттамада толтырады. Хаттамада танысуға қандай құжаттар ұсынылғаны, қандай өтiнiмдер мәлiмдегенiн және өзге де қандай мәлiмдемелер жасалғанын, сондай-ақ iс бойынша қандай куәлардан жауап алғанын, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмiн қоса тiркелгенiн көрсетедi.
Қамауға алғанда немесе ұсталынған кезде адвокаттың тұлғаға қорғаушы бол қатысқанда ерекше белсендiлiгiн көрсету керек. Себебi тергеушiлер мұндай әрекеттерiн жүргiзгенде көп қателiктер жiбередi.
Айыпталушының қамауда қандай негiзде ұсталғанын адвокат қорғаушы ретiнде тексеруге құқылы. Қылмыстық iс жүргiзу органдарына қылмыстық iс жүргiзу Заңы қоғамға аса қауiптi қылмыскерлердi тез арада қамауда ұстауға құқық берген. Қоғамнан аса қауiптi қылмыскердi бөлiп ұстамаған жағдайда қоғамымыздың тұрғындары орынды ренiш бiлдiредi. Себебi қылмыскер жауаптылықтан заңсыз босатылса қайтадан қылмыстық әрекетке бел бұрады. Ал егер де, кiнәсiз немесе жеңiл дәрежеде қылмыс жасаған тұлғаны тұтқынға алса адвокат өз құзыретi шегiнде, кәсiптiк бiлiктiлiгiн көрсете отырып көмек көрсетуi тиiс.
Адвокат осындай жағдайларда қорғау қызметiн жақсы атқару үшiн тергеу органдарының қанда жағдайда мiндеттi түрде тұтқынға алатынын қандай жағдайда рұқсат етiлетiндiгiн және қандай жағдайда Заңмен тыйым салынатынын мiндеттi түрде бiлуi керек.
ҚIЖК-нiң 130 бабының тәртiбiнде қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана және тек заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасағандығына сезiктiге, айыпталушыға қатысты қолданылады.
Мемлекет өзiнiң азаматтарының жеке басына тиiспеушiлiктi қамтамасыз етедi. ҚIЖК-нiң 14 бабының 2 бөлiгiнде көзделген жағдайда ғана соттың не прокурордың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Қылмыстпенн күрес жүргiзуде, құқық тәртiптерiн қорғау мақсатында Заң тұлғаның жеке басына тиiспеушiлiктi кей жағдайда бұзуға тура келедi, сонымен қатар бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкiн. Олар:
- жасалған қылмысқа соттың шығарған үкiмiнiң негiзiнде қылмыстық жаза ретiнде бас бостандығынан айыру;
- әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық кезiнде қысқа мерзiмге қамауға алу;
- бұлтартпау шаралары ретiнде - алдын ала тергеу органдары прокурордың санкциясымен немесе соттың шешiмiмен күзетпен ұстайды.
Қорғауындағы адам қамауға алынған жағдайда адвокаттық қорғау iсiн жүзеге асыру үшiн, бiрден бiр бағыты ол - жоғары тұрған прокурорға бұлтартпау шарасын өзгерту немесе заңсыз деп табу туралы өтiнiш жасайды. Адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдану негiздерне қарсы өтiнгiш жасау үшiн дәлелдi негiздер қажет.
Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер:
- айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынғанда;
- iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасағанда;
- қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырса;
- қамауға алу, үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қолданылады.
Қамауға келiспеген жағдайда қылмыстық iстi жүргiзу органына қарсы төтеп бере алатын бiрқатар аргументтер бар. Мысал:
1. Күзетте ұстау кiнәсiздiк презумпциясына қайшы келедi, әр адам оның қылмыс жасағандығы дәлелдегенге дейiн және соттың заңды күшiне енген ұкiмiмен белгiленге дейiн кiнәсiз деп саналады. Айыпталушы кiнәсiз деп саналады, бiрақ бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Айыптаушыны кiм кiнәсiз деп табады? Бұған жауап: мемлекет, қылмыстық жаза құқының субъектiсi ретiнде.
Мемлекет үкiм шығармас бұрын айыпталушыны әлеуметтiк құқықтық және тағы басқа құқықтарынан айырмайды. Адвокат қорғауындағы адамның айыптылығы дәлелденбегенше кiнәсiз деп тануды талап етедi.
Тергеушi мемлекет атынан әрекет жасай отырып айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Мұндай әрекеттi жүзеге асыру себебi айыпталушының кiнәлiлiгiне сенiмдi. Тергеушiнiң өз сенiмдiлiгi жеткiлiксiз, нақты негiздер қажет.
Сонымен қатар адамды кiнәлi деп тануға құқығы жоқ. Сот қана адамды кiнәлi деп таба алады. Сотқа осындай өкiлеттiлiк бере отырып, мемлекет iске қорғаушының араласуына кепiлдiк бередi.
2. Күзетке алу - бұл бұлтартпау шарасының ең қатал түрi, күштеп қоғамның бөлiп қамайды. Бөлек ұстау шарты денсаулық талабына сәйкес келмейдi, айыпталушы сырқат (медицина, мекемесiмен сәйкес справка тiркеледi), бөлек отырғаны оның өмiрiне қауiптi (жүрек ауруының болуы т.б.) немесе денсаулығына қауiптi (мұндай қауiптiнiң туындау себептерiн көрсету керек).
3. Жоғарыда көрсетiп өткендермен қоса адвокат басқа да деректерге сүйенуi керек. Жеке қарастырсақ: отбасы жағдайы (жақсы отағасы, екi баланың, кәрi ата-ананың қамқоршысы, қорғаушысы); тұрақты тұрғылықты жерiнiң болуы, тұрақты жұмыс орнының болуы (нақты жұмыс орнын мекен жайы мен қызмет түрi). Қамауға алу, қамауға алынғанның отбасы мүшелерiн және туыстарын материалдық және моральдық қиындықтарға соқтырады. Сондықтан да бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдабас бұрын бұлтартпау шараларының басқа түрлерiн қарастыруы керек.
Практикада қамауға алу бұлтартпау шарасы аса қауiптi қылмыс жасалғанда қолданылады.
Кез келген бұлтартпау шарасын заңға қайшы әрекеттер жасауға бел бұған, дәлелдемелердi жоюға әрекеттенген, куә, сарапшыларды қорқытқан айыпталушыға және бостандықта жүрсе тағы қылмыстық әрекеттер жасайды деген күдiк келтiрсе қолданады.
Тәжiрибеде күзетпен ұстау шарасын көбiнесе қылмысты тергеу кезiнде қолданады.
Анықтама тергеу органдарының, прокурордың шығарған бұлтартпау шарасына күзетке алу, мерзiмiн ұзарту шарасына мына тұлғалар шағым бiлдiре алады:
- сезiктi;
- айыпталушы;
- сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу мәселелері
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
Пәндер