Оқиға болған жерді қарау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қараудың сипаттамасы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Оқиға болған жерді қарау түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Оқиға болған жерді қараудың сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Тергеу қарауының басқа түрлері, оқиға болған жерде қалатын іздер ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен байланысты.
Жоғарыда айтылған заңдылық элементтерін толығымен қамтып, жан-жақты тұжырымдай келіп, заманымыздың белгілі де беделді криминалист ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Р.С.Белкин криминалистика пәніне төмендегідей пәндік сипаттама берген.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Шәкенов А.О. Криминалистика. Астана: 2008 ж. - 464 б.
2. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника. Алматы: 2012 ж. - 282 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қараудың сипаттамасы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Оқиға болған жерді қарау түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Оқиға болған жерді қараудың сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..12
2.1 Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 12
2.2 Тергеу қарауының басқа түрлері, оқиға болған жерде қалатын іздер ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23

1 Қараудың сипаттамасы мен түрлері
1.1 Оқиға болған жерді қарау түсінігі
Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.
Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығару қарауды жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабы).
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеулік қарауды тергеулік тексеру деп берген. ТЕксеру тергеулік қараудың мазмұнын толық аша алмайды, ол тек бақылау, зерттеу сияқты тергеулік қараудың тәсілдері қатарына жататындықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі тексеру деген сөзді қарау, яғни тергеулік қарау деп түсіну керек.
Тергеулік қарау қылмыстық іс үшін маңызы бар обьектілерді, олардың белгілерін, сипаттарын, жағдайларын және өзара орналасуын анықтау мен тексеруден тұрады.
Тергеулік қарау - өз алдына жеке тергеу әрекекті, басқа тергеу әрекеттерімен, мысалға тергеу эксперименті, тінту сияқты әрекеттермен ұқсас жерлері бола тұра, тергеулік қараудың өзінің проссуалдық жағдайы бойынша да және жүргізу тактикасы бойынша да түпкиілді айырмашылығы бар, тергеуші қарау кезінде өзінің сезім мүшелері арқылы дәлелдемеліік фактілердің болғандығына және сипатына тікелей көз жеткізеді. Көптеген тергеу әрекеттері сияқты, тергеулік қарау танымдық әрекет болып әртүрлі танымдық тәсілдер арқылы жүргізіледі. Қарау - тек қана бақылау емес, сонымен қатар әртүрлі өлшеулер мен есептеулерді жүргізу бақыланатын обьектілерді өзімен және басқа да обьектілермен, құбылыстармен таныстыру және зерттелетін обьектілермен белгілі-бірдеңгейде тәжірибе жүргізу, және де тергеушінің және басқа да қатысушылардың тапқандары мен анықтағандарын баяндап жазу және басқа да тәсілдер мен бекіту. Тергеуліғк қарауда криминалистиканың арнайы тәсілдері кеңінен қолданылады, әсіресе іздері мен және де басқа дәлелдемелік заттармен жұмыс істеудің техника-криминалистикалық тәсілдері кең пайдаланылады. Қарау кезінде материалдық әлемнің обьектілері мен құбылыстарының сенімділік танымы логикалық ойлауымен, қараланып жатқанды бағалаумен, талдаумен ұштасады, басқаша айтқанда қараланып жатқан обьектілерді бақылау нәтижелері тергелініп жатқан оқиғаға немесе іс бойынша жиналған басқа да деректер мен байланысын анықтау мақсатында логикалық өңдеуден өткізіледі. Сондықтан, қарау кезінде тек қана танымның сезімділік нышанымен ғана байланысты деп ойлау қате, бірақта ол осы тергеу әрекетінде маңызды рөл атқарады.
Тергеу қарауының мақсаты - іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмыстарды тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.
Заттай дәлелдемелер - бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің обьектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық тілсіз куәгерлер деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қарайсыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгенінен байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған обьектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.
Тергеу барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде қылмыстың, қылмыскерлердің іздерінің жәнге басқа да дәлелдемелік заттардың елеулі бөлігі табылып, зерттеледі. Қарау нәтижелелі, әсіресе қараудың түрі ретінде оқиға болған жерді қарау тергеушіге тергеу бағытын дұрыс анықтауға, тергелініп жатқан оқиға механизімін қайта құра алуға, қылмыскерлердің тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда, жүргізілген тергеулік қараудың сапалылығы тергеу барысын анықтап береді. Бірақ та, осы тергеу әрекетінің маңыздылына да қарамастан тергеу тәжірибесі мен криминалистика ғылымының тергелік қараудың тактикасын тағайындауға елеулі түрде бөліп отырған назарына да қарамастан, тергеуді жүргізу барысының жеке жағдайларына қараудың имаңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбайды. Осынң салдарынан кейде қарау асығыс үстірткі жүргізіледі. Бұл алыдн ала тергеудің сапасын төмендетугеәкеліп соғады, істті жүргізу нәтижесінде қателіктер мен кемшілік пайда болады, ал оның нәтижесінде қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Сол себепті, тергеу мен анықтама органдарының қызметкерлеріне тергелік қарауларды жоғары сапада жүргізу қажеттігі туралы айтылып отырады.
Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергелініп жатқан оқиға туралы ақпатарттар алудағы маңызды құралы болып табылады. Қарау барысында алынған ақпараттардың дәлелдемелік сипаттары болған жағдайда терглеуші оларды дәлелдеу кезінде пайдаланады.
Тергеулік қарауды жауапқы оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау сияқты тергеу әрекетін де айыра білу керек. Жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудағы тергеушінің әрекеттерінде осы тергеу әрекетін қарау мен жақындастыратын біраз элементтері бар: тергеуді жүргізуші тұлға жауабы тексеріліп жатқан адамның көрсеткен жерлерін және үй-жайларын куәгерлердің қатысуымен қарап тексеріледі. Бұл тәсіл кейде тергеушінің осы жерлерді сипаттағандағы айтылған белгілердің бар екендігіне көз жеткізуіне көмегін тигізеді. Бірақ та жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың мазмұны осындай бақылаулармен шектелмейді. Сонымен қатар тергеулік қараудың мазмұнына куәлар немесе айыпталушылардың заттарды немесе жерлерді көрсету, олардан істің мән-жайлары тура жауап алу кірмейді, оған қоса, қарау кезінде орта куәлардың немесе айыпталушылардың жауаптары бойынша бекітілмейді, тергеушінің бақылау нәтижелері бойынша бекітіледі.
Тергеулік қараудың келесі түрлері бар:
oo оқиға орнын қарау;
oo мәйітті табылған жерінде сырттай қарау;
oo заттарды қарау;
oo құжаттарды қарау;
oo жануарларды қарауъ
oo оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен үй жануарларын қарау.
Тергеулік қараудың ерекше түрі болып куәландыру табылады, яғни адамды қарау. Тергеулік қараудың түрлерінің өзінің ерекшеліктері бар, соған сай оларды жүргізушінің тактикалары анықталады, бірақ та тергеулік қараудың барлық түрлеріне ортақ және көрсетілген тергеулік қараулардың кез-келген түрлерінде тең қолданылатын процессуалдық және тактикалық сипаттағы бірнеше ережелері бар.
Осылайша, тергеулік қарау - бұл тергеуші мен немесе анықтаушымен қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелерді алу, оқиғаның мән-жайын, сонымен қатар іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатында тікелей қабылдауы, сараптау мен бекіту арқылы жүргізілетін тергеу әрекеті..
Тергеулік қараудың түрлерін жіктейтін болса, оларды келесідей бөлуге болады:
1. Қарау обьектілері бойынша жоғарыда көрсеткеніміздей:

oo жануарларды қарау;
oo оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен орын жайларын қарау;
oo қылмыс іздерін немесе ерекше белгілерін анықтау үшін куәландыру (адамның денесін қарау).
2. Кезектігі бойынша:
oo бастапқы;
oo қайтадан, бұрын жүргізілген тергеулік қарау қайта жүргізілсе.
3. Көлемі бойынша:
oo негізгі;
oo қосымша, алдыңғы тергеулік қараудың қаралмаған жерлерін қарайтын болса.
Барлық тергеулік қарау кезінде ҚР ҚІЖК-нің 221-227 баптарында көрсетілген тергеулік қарауға арналған жалпы процессуалдық ережелерін сақтап жүргізу керек.
Заң анықтағандай, тергеулік қараудың мақсаттары мыналар:
1) қылмыс іздері мен басқа да дәлелдемелік заттарды табу;
2) оқиға ортасын анықтау;
3) іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды айқындау.
Осылайша тергеулік қараудың мақсаттарын анықтай отырып, олар дәлелдемелерді, жинау мен зерттеуден тұрады десек болады. Қарау кезінде жиналған дәлелдемелердің негізінде тергеуші тергелініп жатқан оқиға мен оған қатысушылар туралы, қылмыскерлердің жасырынған жерлері туралы, ұрланған мүліктері мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар обьектілердің тығылған олрындары жайлы қылмыстың салдары және басқалар туарлы версиялар құрады.
Тергеулік қараудың мақсаты:
oo тергелінетін оқиғаның мән-жайы сипатын анықтау үшін ортамен тікелей танысу;
oo қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіт, алу және баға беру;
oo жалпы және жеке версияларды шығару үшін бастапқы ақпараттарды алу;
қылмыскерлерді іздестіруді ұйымдастыру үшін ақпараттарды жинау.
Оқиға болған жерді қарау пәні криминалистиканың бір бөлімі. Қылмыспен күресу барысында заң ғылымдарының ішінен криминалистиканың маңызы зор. Қылмыстарды ашу барысында қолданатын тергеушілердің, алдын-ала тергеу қызметкерлерінің, жедел-іздеу қызметкерлері мен эксперттердің криминалистикалық ғылыми негізделген әдіс-тәсілдерді тәжіриде қолданулары қылмыстарды ашып, тергеуде маңызды.
Қазіргі кезде көбейіп отырған қылмыстарды ашуға оқиға болған джерді қарау әрекеті өте маңызды. Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстық із қозғалмай тұрып жүргізіледі.
Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараумен басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуы керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға болады.
Сонымен оқиға болған жерді қарау пәні - оқиға болдғанннан кейін, сол аймақтан іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зеттеу ідістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдарды пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Оқиға болған жер дегеніміз - қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да обьектілер.
Оқиға болған жерді қарау дегеніміз - іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жаслаған қылмыстың мән-жайын , оның болу механизімін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Егер оқиға болағн жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай егжей-тегжей ұқыпты қарап шығуы мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.
Оқиға болған жерді қарау қағидалары дегеніміз оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізуде пайдаланатын бастамалар идеялар.
1. Қараудың шынайылығы (обьектілігі) барлық обьектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекеттеріне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетілуді көздейді.
2. Қараудың толықтылығы мен жан жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей тегжей көрсетіліп, фотасурет немесе бейнежазба арқылы бетітілуін қамтамассыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады.
3.Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңбермен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудың мүмкіндігінше тиімділігін қамтамассыз етеді.
1.2 Оқиға болған жерді қараудың сатылары
1. Оқиға болған жерді қараудың сатыға бөлу
2. Оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы
3. Оқиға болған жерді қараудың жұмыс (операциялық) сатысы
4. Оқиға болған жерді қараудың қорытынды сатысы
5. Оқиға болған жерді қараудың әдістері
6. Алғашқы, қайталанба және қосымша қарау түрлері
1. Оқиға болған жерді қараудың сатыға бөлу. Оқиға болған жерді қарауда келесі 3 сатыға бөлеге болады:
1) Дайындық
2) Жұмыстық (опарациялық)
3) Қорытынды
Оқиға болған жерді қарауды осылай сатылау тергеу әрекетінің бүтіндігін бұзбай қарай тактикаларының жалпы ережелдерін қолдана отырып жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Толықтық, обьективтілік, әдістемелік және басқа да тактикалық ережелер тергеушінің нақты ұйымдастырылған жұмысының негізінде, егер оқиға болған жерді қарау белгілі бір тәртіппен қатаң белгіленген тәртіппен ғана жүзеге асырылады. Оқиға болған жерді қарау әрекеттерін бұлай бөлудің мақсаты оқиға болған жерде тергеушінің жүйеленген әрекеттерді белгіленген тәртіппен, сатымен атқаруы сапалы жұмысты қамтамассыз етеді.
Оқиға болған жерді қарау дайындық, жұмыс және қорытынды саты деп бөлуі тергеушінің қарау үрдісі кезіндегі жеке-жеке әрекеттерінің барлығы қараудың жалпы мақсатына жетуге бағытталған.
Оқиға болған жердегі жағдайды және обьектілерді нақты зерттеуді бастау үшін тергеуші қарауға қажетті жағдай жасауы, оған қатысты тұлғалар және оның затын анықтауы және оқиға болған жердегі келесі атқарылатын жұмыстарды қамтамассыз етуі керек. Тергеудің бұл жұмыстары - іс жүргізу барысының "қарау" негізгі бөлігін құрайды және ол онсыз мүмкін емес.
Осындай әрекеттің жүйесінің жиынтығы қараудың дайындық сатысын құрады.
Оқиға болған жерді қараудың жұмыстық сатысының мазмұны - обьектілерді қарауды нақты зерттеуден тұрады.
Егер тергеушінің дайындық сатысындағы негізгі ұйымдастырушылық мінездегі әрекеттерін жасаса, ал жұмыстық сатыда зерттеушілік мінез байқатады. Қараудың қорытынды сатысында тергецуші атқарылған зерттеу жұмысының негізінде фактілік қорытынды жасайды және нәтижесін ресімдейді.
Қарау сонымен аяқталады, бірақ болашақ әдістемелік және ұйымдастырушылық мінездегі бірнеше сұрақтарды шешу керек, қараудың нәтижелерін одан кейінгі тергеуде қолдану мүмкіндігін қамтамассыз ету қажеттілігінің барлығы қараудың қорытынды мазмұнын анықтайды.
2. Оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы. Ол тергеушімен ОБЖҚ өндірісі туралы шешім шығарылған сәттен басталады. Осындай шешімді қабылдап, тергеуші міндетті:
oo не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамассыз ету үшін, жергілікті әкімшілік немесе полиция органына оқиға орнын қарау туралы нұсқау беруге;
oo қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;
oo егер жәбірленуші болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;
oo полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтауға;
oo тергеу портфелінің, фотоапараттардың және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнынан шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті;
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жасағаннан кейін тергеуші ОБЖ-ге шығады. Оқиға болған жерге жеткеннен кейін дайындық сатысының екінші сатысы нақты қарау басталады. Тергеудің нақты қарауына келесілер жатады:
oo егер тергеуші келгенге дейін жасалмаса, алғашқы медициналық көмек көрсетуі керек;
oo оқиға болған жерден бөтен, жат тұлғалардың шығарылуын және келесі қарау өндірісінде осындай тұлғалардың пайда болуының алдын-алуға;
oo іс бойынша қажетті мәлімет бере алатын азаматтар, куәлар және басқа да тұлғаларды анықтап, іске тарту. Қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіруі;
oo жауап алуды жинау арқылы (формальды емес, хататама жасалмайтын әңгімелесу) алдын ала мәліметтер жинауға. Кейде дыбыс жазбаға байланысты әрекеттерді атқаруы керек.
Осы сатыда басқа да сатылардағы сияқты іздеу әрекеттері жасалады, мысалы, қылмыскердің ізіне түсу, сондай-ақ қызметтік-іздестіру итін пайдалануға құқылы.
3. Оқиға болған жерді қараудың жұмыстық (операциялық) сатысы. Ол жалпы және егжей-тегжейлі қарау деп екіге бөлінеді. Жалпы қарау оқиға болған жердің жалпылама қарауынан, кеңістіктің шекарасын анықтаудан, қандай қарау әдісін пайдалану туралы сұрақты шешуден тұрады, сондай-ақ өндіріс мақсатын таңдау үшін жалпылама және бөлшектік фотасуретке түсіреді және оның атқарылуын қарастырады. Содан кейін тергеуші оқиға байланысты басқа да қатысушылары мен оқиға болған жерде қандай обьектілер бар екенін қарап, жиынтығын зерттейді. Оқиғамен байланысты обьектілерді зерттеп, сыртқы түрін суретке түсіру арқылы нақтылайды, болашақ хаттама үшін жобаларды, жоспарлар мен сызбаларды жасайды.
Жалпылама қарау аяқталғаннаен кейін тергеуші егжей-*тегжейлі қарауға көшеді, ол кезде:
oo обьектілер жалпылама және бөлшектеп қаралады (бұл мақсатта заттар орнынан қозғалуы және аударылуы мүмкін және тағы басқа);
oo қылмыс және қылмыскер іздерінің жеке обьектілерге және оқиға болған жерден тыс жерлерден іздеу және табу үшін әрекеттер қолданады;
oo іздер қалған обьектілерді алып кетеді, егер алуға болмайтын заттар болса олардан көшірмесін алады;
oo заттың жағдайын негативті қасиеттері бар екенін анықтаған жағдайды, көзін жоюға;
oo жалпы қарау мәліметтерін тексереді;
oo егжей-тегжейлі және жалпылама фотасуретке түсіріледі.
Бұрын оқиға болған жерді көру кезінде тергеуші қарау тәртібін өзі таңдаған, яғни қараудың тәртібіне талап қойған, қарау обьектілерін зерттеу сатыларын анықтайтын қағидаларын белгілейді.
Оқиға болған жерді қараудың 3 тәсілі қолданылады:
1. Концентрлік - оқиға орнын спираль бойынша шетінен ортасына дейін қарау.
2. Эксценртлі - оқиға орнын спираль бойынша ортасынан шетіне қарай қарау.
3. Фронтальды - оқиға ортын бір жақ шетінен жылжи отырып қарау.
Осы тәсілдерді қолдана отырып, қарауды жүзеге асырады.
4. Оқиға болған жерді қараудың қорытынды сатысы. Қорытынды сатысында оқиға болған жерді қарау кезінде атқарылған барлық жұмыстарды, іске маңызды барлық мәліңметтерді, іске қатсқан барлық тұлғалардың әрекеттері толығымен жазылылады. Оқиға болған жерді қарау кезінде жасалған барлық зерттелген және қаралған, атқарылған жұмыстардың нәтижелері егжей-тегжейлі Оқиға болған жерді қарау хаттамасына жазылады. Осы хаттама оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің нәтижесі болып табылады. Бұл хаттаманы оқиға болған жерді қарауды жүзеге асырған тергеуші ресімдейді.
2 Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері
2.1 Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау
Версия - өоқиға болған жерді қарау бойынша тексеріліп жатқан оқиғаға байланысты логикалық түсіндіретін болжам ретіндегі гипотезаның түрі. Қывмыстыұқ тергеудегі версия тексеріліп жатқан оқиғаның мәні немесе оның жеке мән-жайларының, фактілер арасындағы себепті байланыстың пайда болуы туралы өкілетті тұлғаның шығарған негізделінген болжамды түсінігі.
Іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді оқиға болған орнына белгілеп немесе алып, табу үшін тергеуші әртүрлі әдістер мен криминалистикалық техниканың құрылдары қолданылады. Іздер мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар объектілерді табу әдістерінің көптеген таратылған түрлеріне мыналар: объектілерді ерекше жарық жағдайда немесе арнайы өзгертілген бұрыштарда: іздер табылған орындарын заттар мен бұлап парлау (мысалы иодтың парларымен), белгіленген іздерді шығару қасиеті бар құраммен; іздердің бөлшектері фондармен немесе заттың іздерімен қосылса, онда оларды сулайды сол кезде іздерді көрінетіндей қылады; әртүрлі оптикалық құралдардың көмегімен объектілерді қарау.
Іздердің белгіленуі және басқа заттай дәлелдемелерін қабылдауы- ол суретке түсіру, бейне жазу іздерінің размерін немесе басқа объектілерін өлшеу, оның жазылымы; схемалық не бояу түрі; объектіні қайта қарау, осы іздерді сақтау мен белгілеу мақсатында, іздердің копиясын түсіру; оқиға орнындағы іздерді затпен немесе заттың бөлігімен бірге іздерді алу немесе олардың орнынан басқа орынға ауыстыру.
Оқиға болған жерді қарауда тергеуші арнайы криминалистикалық техникалық құралдарды қолданады. Арнайы құралдарға негізінде кіреді: оперативтік және тергеулік чемодандар, сумкалар, портфельдер. Кейде криминалистикалық техникалық құралдар арнайы автомашиналарда, оқиға орнына баратын- қозғалатын криминалистикалық лаборотория болады.
Іздермен жұмыс істейтін тәсілдерден басқа әртүрлі құралдар кіреді, жарықтандыратын құралдар, оқиға орнындағы объектілерді алатын материалдар кіреді. Оқиға орнындағы объектілердің мінездеріне байланысты тергеуші әртүрлі аппараттарды қолдана алады, мысалы: жүргізілетін рентгендік аппарат, кварцттық лампаны, мәйіттерді іздеу үшін арналған құралды. Ауыр криминалистикалық техниканы қолдануда тергеушіге маман криминалист көмек көрсетеді, негізінде ішкі істер органдарының криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері немесе басқа криминалистикалық мекеменің қызметкері болады.
Оқиға орнын қарауда тергеулік іс-әрекет ретінде маңыз алады, егер оның нәтижелері іс жүргізу негізінде рәсімделсе. Қараудық қорытындысы міндетті бекітілу керек. Қараудың қорытындысын бекіту- ол оқиға орнында тергеуші мен табылған құжаттық көрінісі заңды нысанда бекітілген, олардың оқиға орнында шығарылған іс-әрекетінің жазылуы, оқиға жағдайының жалпы суретін бекіту, сонымен бірге оқиға орнындағы жеке элементтерінің құрамы және жағдайларының белгілері болады.
Қараудың нәтижелерін белгілеудің жеке және жалпы құралдарын айыра білу керек. Жалпы бекіту құралдарға жатады, олардың көмегімен тергеуші оқиға орнындағы жалпы суретін, қылмыс жасалған жердің жағдайын, оқиға орнындағы объектілердің барлық жиынтығын бекітеді. Бұндай бекіту құралдарына оқиға орнын қарау хаттамасы, оқиға орнының сызбалары және жоспары, схемасы, оның фотосуреттері және бейнежазбалары жатады. Бекіту жеке құралдарына, оқиға орнын жеке объектілерін қарау нәтижелерін белгілеуде қолданылады: масштабтық суреттер, суреттеу.
Оқиға орнын қарау хаттамасы- қарау нәтижелерін көрсететін негізгі іс жүргізу құжаты болып табылады. Хаттама мынадай болуы керек:
* Нақты және бірқалыпты жазылған оқиға орнындағы тергеуші мен және басқа қатушылар мен табылған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz