Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы . . . 4

2 ҚР прокуратура органдарының жүйесі . . . 8

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 15

КІРІСПЕ

Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланыста болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс - қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Яғни:

Біріншіден, прокуратура - бұл мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес ерекше түрі.

Екіншіден прокуратура - Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін - өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден прокуратура - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.

Прокуратура мемлекеттің қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі, сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.

1 ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы

Қадағалау функцияларын іске асыратын бөлімшелер мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау органдарының бір жүйесінде біріккен. Сондықтан прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлық қадағалау органдарының жүйесі деген әртүрлі ұғымдар бар. Соңғысы - прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т. б. білдіреді.

Прокуратура органдарының жүйесі туралы мәселелерді қарастыра отырып, жүйе деп өзара байланысты және тұтас бірлікті білдіретін көптеген элементтерді атайтынын атап өту керек. Осыған байланысты прокуратура органдарының жүйесі тек оның органдарын құрайтын жиынтық ғана емес, сондай-ақ құрылымдағы алатын орны, өзара қарым-қатынасы, олардың ұйымдастыру байланыстары мен басқару қатынастары деп тусінуіміз керек.

Прокуратура органдарының бірлестіктері мен бөлімшелерінде функцияларды, өкілеттіліктерді тікелей бөлу, құрылым элементтері арасында өзара қарым-қатынасты анықтау жүргізіледі. Сондықтан, функциялар, өкілеттіліктер, өзара қарым-қатынастардың негізгі мазмұны олардың өзара қарым-қатынастары болып табылатын құрылым элементтерінің өзара байланыстарынан тұрады.

Байланыстарды прокуратураның ішкі жүйесінде, сондай-ақ басқа әлеуметтік жүйелерде қарау кезінде олар ішкі басқару элементтерін байланыстыра отырып, тігінен және прокуратураның ішкі жүйесіндегі біртәртіптегі жүйелерімен және басқа әлеуметтік жүйелермен байланыста бола тұрып, көлденеңнен орналасулары мүмкін.

Құрылым элементтерінің тік және көлденең байланыстарын қолдану субординация және үйлестіру қарым-қатынастарында, яғни бағынышты және қатынас субьектілерінің әрекеттеріне келісуде негізделген. Өзара байланыстардың аталған сипаты ұйымдасқан құрылымды құрудың бір түзулі-функциональдық түрін анықтайды. Алда көріп отырғандарыңыздай, ҚР прокуратура органдарының құрылымы осындай түрде құрылған.

Бір бағыттағы құрылым тек өзара байланысты органдардан, бөлімшелер мен бірліктерден басқармалар аппараттарын құру нәтижесінде ғана жасалады. Әрбір төменгі деңгейдегі сатылар жоғарғы деңгейдегібасшыларға тікелей бағынышты болады. Бұндай жағдайларда прокуратураның әрбір қызметкері тек бір басшыға ғана есеп береді және бағынады және олар жоғарғы жүйемен тек өздерінің басшылары арқылы ғана байланысады. Бір бағыттағы басшы оған сеніп тапсырылған органдар мен бөлімшелердің қызметтерінің жалпы көлемдері дара басшылық қағидаттарымен сәйкес келуіне жауап береді.

Бір бағыттағы құрылым жеткілікті тиімді, өйткені ол бағыныстылықтың анық және жай өзара байланыстар түрінде құрылады. Осындай қағидат бойынша прокуратура органдарында прокурорлардың (олардың орынбасарларының) және тиісті деңгейде прокуратура органдарының аппараттарын басқарып отырған басшылар арасында өзара қарым-қатынастар құрылады, өкілеттіліктер, функциялар бөлінеді. Осындай қағидатпен ҚР Бас прокуратурасы аппараттарының департаменттерінде, басқармалар мен бөлімдерінде және облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларда ұйымдасқан құрылымдар құрылған.

Прокуратура органдарының жүйесі мынандай аудандық, қалалық, облыстық, және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы сияқты звенолар мен деңгейлерден тұрғандықтан оның ұйымдастыру құрылымындағы басшылық сатысы мен басқару сатысын ажырата білу керек. Осы жағдайда прокуратура органдарының басқару құрылымы негізінде үш бөлімді деп қабылдауға болады. Сондай-ақ мысалға, прокуратура органдары жүйесінде мамандандырылған прокуратуралардың болуы (облыс құқығындағы) ұйымдасқан құрылым екі бөлімді болуы мүмкін екендігін куәландырады. Ұйымдасқан құрылымдағы деңгей саны осы құрылымды басқару тиімділігіне тікелей әсер етеді: деңгей аз болғанынша, басқарудың тиімділігі арта түседі.

Прокуратура органдары қызметтері міндеттерінің күрделенуі, мамандандырудың дамыту ұйымдасқан құрылымның функциональдық дамуын ескертеді. Мұндай құрылымның құрамды элементтері белгілі бір қызметтің белгілі бір түрінде мамандандырылған оргындар, бөлімшелер, құрылымдық бірліктер болып табылады. Оларға арнаулы обьектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жеке салалары шегінде анықталатын прокурорлық қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау, көлік және басқа прокуратуралар жатады.

Функциональдық құрылымын құрайтын элементтерден басқа аудан және қала прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, прокурорлар, облыс прокурорлары, бөлімдердің және басқармалардың аға прокурорлары, қызметтің негізгі бір түрімен өзара байланысты және біріккен ҚР Бас прокуратурасының департаменттер мен басқармалар, бөлімдердің көмекшілері мен аға көмекшілері.

Функциональдық құрылымнан басқа еңбекті көлденеңнен бөлу, қызметтің белгілі түрі бойынша аса білікті шешімдерді шығаруға болады. Ұйымдасқан құрылымға кіретін әрбір бөлімшелерді немесе органдарды басшы басқарады. Бұл басшылар басқару құрылымындағы рөлмен және орындарға сәйкес бірбағытты және функциональды болулары мүмкін.

Бір бағыттағы басшыларға аудандардың, қалалардың прокурорлары, облыс прокурорлары, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары жатады. Функциональдық басшыларға облыс прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының көмекшілері және аға көмекшілері.

Прокуратура органдарының басқару құрылымына белгілі ерекшеліктерді басқарма (департамент) және бөлім прокурорлары мен аға прокурорларының, ҚР Бас прокуратурасы және облыс прокурорларының қызметтері енгізеді. Бір қарағанда, олар тек прокурорлық қадағалаудың белгілі бір саласы бойынша ғана мамандар болып табылады және содан соң ғана олар еңбек етіп жатқан бөлімшелер бастықтары тапсырған кейбір басқарма функцияларын орындайды.

Екінші ұйымдастыру-басқару байланыстарына реординация (қайта тәртіпке келтіру) қағидаттары негізіндегі байланыстар жатады. Прокуратураның ұжымы тұтасымен немесе оның бөлімшелері және жеке қызметкерлері басқару қатынастарын тудыруға, реттеуге және бұзуға және прокуратура органдарының мақсатты қызметіне маңызды әсер ететін қызметтерінің ішкі міндеттері мен мақсаттары, талап етушіліктері мен мүдделері болады. Мұндай жағдайда басқарудың субьектісі мен обьектісі арасында «төмен-жоғары» түріндегі байланыстардың туындауын сипаттайтын кері әрекеттер болуы мүмкін. Нақты шешім қабылдаудың бастамашысы төменгі тұрған прокурор болған кезде осындай әрекеттердің туындауы мысал болады. Жанама түрде бұл заңда белгіленген олардың қызметтерінің кейбір бағыттары бойынша төменгі тұрған прокуратуралар өкілеттіліктерінің мазмұнымен дәлелденеді. Мысалға, «Прокуратура туралы» Заңның 32б. 2т. белгіленген шешімі, үкімі, негізі, сот қаулысы заңсыз немесе негізсіз болған жағдайда прокурор қадағалау тәртібімен наразылық жасауға немесе прокурор наразылық жасау жөнінде жоғары тұрған прокурорға ұсыныспен өтініш жасайтынына аса көңіл аудару қажет. Ұсыныстың мазмұны сот қабылдаған шешімдердің заңдылығын қайта қалпына келтіру бойынша белгілі бір әрекеттер жасаудан тұрады.

Әсіресе мұндай ұйымдастыру қатынастар прокуратураға немесе бөлімшелерге бейресми басқару құрылымдары қатты әсер еткенде байқалады.

Прокуратура басшыларының бейресми басқосшыларының, сондай-ақ прокуратура ұжымының пікірлерімен келісуге тура келген кезде олардың қызметтері жағдай жасайды. Өзін-өзі реттеу күшін пайдалану есебімен ғана басқару субьектісі мен обьектісінің қимыл бірлігіне қол жеткізіледі. Қазіргі кезде бейресми құрылымдардың рөлі артып келеді. Бұл беталыс прокуратура органдары қызметкерлерінің қарым-қатынастарының, демократияның күрделене түсуі, саяси және әлеуметтік белсенділіктерінің өсуіне байланысты.

Дегенменде, өзін-өзі реттеудің өте кең дамуы қатынастарды орталықтандыру және орталықсыздандыру мәселелеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Прокуратураның жеке органдарына қатысты прокурор құқықтары мен ресурстарын ала отырып, өздерінің жеке мүдделері мен мақсаттарынажұмсайды, бұл прокуратураның барлық жүйесіндегі мақсаттар мен мүдделеріне жиі сәйкес келмеуі мүмкін. Орталықсыздандыру белгілі бір тиімділікке жеткізеді, бірақ шектен тыс дербестік төменгі тұрған звеноның ұйымдастыру мақсаттарын толығымен елемеулеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда жүйенің жеке бөліктері жалпы мақсат шегінде әрекет жасаулары мүмкін. Сондықтанбасшы мақсаттарды келісушілікке жеткізетін факторлар әрекеттерінің бәсеңдеуіне байланысты шаралар қолдануға тиіс. Мұндай ұқсас жағдайлар прокуратура органдарының ұйымдастыру құрылымдарындағы әр түрлі деңгейлерінде болуы мүмкін. Осы мәселе әр түрлі деңгейдегі басшылардың күш салу өрістерін шектеумен шешіледі.

Прокурорлық қадағалау органдары жүйесінің ұйымдастыру құрылымдарында қолданылатын байланыстардың үшінші түрі «субьект-субьект», «обьект-обьект» түріндегі байланыс. Байланыстың бұл түрі басқару субьектілері мен обьектілерінің үйлестіру қағидаттары немесе әрекет етуілеріне негізделген. Мұндай байланыс оның элементтерін құрайтын ерікті әрекет ету есебінен прокуратура органдары жүйесінің жеке бөлімдерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Осындай әрекет етуге негізгі жағдай жасайтын факторлары бірлескен құндылығы болып табылады. Олардың өздері прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес бөлімшелері немесе жеке қызметкерлердің белгіленген бағытта қимыл жасауларына, прокуратура органдары жүйесінің алдына қойылған міндеттерді шешуге мәжбүрлейді.

Байланыстың осы түрінде прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес лауазымды адамдардың арасындағы, аудандық және қалалық прокуратуралардың, обылыстық прокуратура органдарының ішкі бөлімдері мен басқармаларының (департаменттеррінің), ҚР Бас прокуратурасы аппаратының арасындағы өзара қарым-қатынастар жатады.

Осыған байланысты, ҚР прокуратура органдарының жүйесі кейбір ерекшеліктерге байланысты үштопты және ұйымдастыру құрылымдарының бір бағытты-функциональды түрінде негізделген. Құрылымның негізгі мазмұны олардың субординациясы, реординациясы және үйлестіру жағдайларында оның элементтерін құрайтын өзара әрекет болып табылады.

2 ҚР прокуратура органдарының жүйесі

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада төрағасы ҚР Бас прокуроры және мүшелері: бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымына қарай), ҚР Бас прокуроры тағайындаған басқа прокурорлық қызметкерлер болып табылатын құрамда Алқалар ұйымдастырылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да көмекшілері болады.

Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлардың лауазымдары көзделген.

Әрбір бөлімшелерде прокурорлық қадағалау бағыттарының анықталған заңдары есебімен прокурорлық жүйенің функцияларынан шығатын міндеттерді шешеді және орындайды.

Бас басқару құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді.

Республиканың Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерді, кеңесшілерді, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілерді, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

«Прокуратура туралы» ҚР Заңының 12 б. 5-тармағына сәйкес Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамыз етеді;

2) Республикада Заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындауын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріпотырады;

6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді;

7) норма шығарушылық қызметіне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.

ҚР Бас прокуроры ҚР прокуратура органдарының барлық жүйесін және мекемелеріне және ҚР Бас прокуратурасына тікелей басшылық жасайды.

ҚР Бас прокуроры прокуратура органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды іске асырады.

Прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін ҚР прокуратура жүйесі қызметтерінің ұйымдастыру мәселелерін және көрсетілген қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін іске асырудағы тәртібін реттейтін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, өкімдерді, ережелерді, нұсқауларды шығарады. ҚР Бас прокуроры бөлінген штаттық құрам және еңбек ақы төлеу қоры шегінде ҚР прокуратуралар мекемелері мен бағынышты прокуратуралардың штаты мен құрылымын белгілейді.

ҚР Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарлырын, кеңесшілерін, Бас прокурордың ерекше тапсырмалары бойынша көмекшілерді және олардың орынбасарларын, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

ҚР прокуратурасы жүйесінің барлық буындарының прокурорларын да ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.

ҚР Бас прокуроры Прокуратура туралы Заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Жыл сайын ҚР Президентіне заңдылықтың жай-күйі елдегі құқықтық тәртіп туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндайды.

ҚР Бас прокуроры болмаған кезде немесе өз міндеттерін орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда оның міндеттерін бірінші орынбасары орындайды. Егер ол да болмаған жағдайда немесе қандай да себептермен ҚР Бас прокурорының міндеттерін орындау мүмкін болмағанда, оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.

ҚР Бас прокурорының орынбасарлары арасындағы міндеттерді ҚР Бас прокуроры бөледі.

Ол сондай-ақ кеңесші органы болып табылатын алқа жұмысына басшылық жасайды. Алқа жиналыстарында ҚР прокуратура қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстардың жай-күйлері талқыланады; орындауды, іріктеуді, кадрларды орналастыру мен тәрбиелеуді, бұйрықтар жобаларын, нұсқаулықтар мен басқа маңызды нормативтік актілерді тексеру мәселелері талқыланады; Бас әскери прокурордың, бас басқармалар бастықтарының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың есептері, бағынышты прокуратуралар жұмысының тексеру нәтижелері тыңдалады. Алқа шешімінің негізінде Бас прокурор бұйрық шығарады.

Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылымдар мен аумақтық бөлінулерге сәйкес құрылған. Әрбір облыста атауы көбінесе облыс атауымен аталатын прокуратуралар бар. Бұдан басқа, облыс прокуратуралары құқығындағы Астана қаласы мен Алматы қаласы прокуратурлары мамандандырылған прокуратураларжұмыс істейді.

Обылыс прокуратурасы мен оған теңестірілген прокураларды ҚР Президентінің келісіммен ҚР Бас прокуроры тағайындаған прокурор басқарады. Облыс прокурорларының ҚР Бас прокуроры тағайындаған бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады.

Облыс прокуратуралары мен оған теңестірілген прокуратуралардың өз құрылымдарында мекемелердің, ұйымдардың, өз деңгейіндегі (яғни, республикалық, облыстық және т. б. ) лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды және қалалардың, аудандардың және ҚР әкімшілік-аумақтық өзге де бірліктердің қызметтерін бақылауды іске асыратын басқармалары мен бөлімдері болады.

Облыс прокуратурасында прокурор басқаратын алқа болады. Алқа мүшелері болып прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелер бастықтары табылады.

Обылыс прокуроры

Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.

Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар ҚР Бас прокуратурасына есеп береді және оларды Бас прокурор қызметтен босатады. Олар ҚР аумағында қолданылатын заңдардың, және ҚР Бас прокурорының нормативтік актілері негізінде қалалар мен аудандардың прокуратураларын және өзге де оларға теңестірілген прокуратураларды басқарады және барлық бағынышты қызметкерлер орындауға тиісті бұйрықтарды, нұсқауларды, өкімдерді шығарады, ҚР Бас прокуроры бекіткен құрам және төлем қоры шегінде өз аппараттары мен бағынышты прокуратуралардың штаттық кестесіне өзгерістер енгізеді.

Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өздерінің жиналыстарында прокуратура органдары қызметтерінің аса маңызды мәселелерін, қылмысқа қарсы күрес заңдарының орындалуына қадағалауды іске асыру бойынша ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының орындалууын қарайды, басқармалардың, бөлімдердің бастықтарының, төменгі тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талдайды.

Аумақтық прокуратуралардың төменгі звенолары қалалық және аудандық прокуратуралар болып табылады. Аймақтық прокуратуралардың қатарында құзыреті екі ауданға немесе аудан және облысқа бағынышты қала прокуратураларына тарайтын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.

Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынымдары бойынша 5 жыл мерзімге ҚР Бас прокуроры тағайындайды.

Аудандар мен қалалар прокуратураларындағы жұмыстары аса көп көлемді прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.

Аудандық прокурор (қалалық)

Аудандық және қалалық прокуратураларды, оларға теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. ҚР Бас прокуроры оларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Олар ҚР Бас прокурорына және жоғарғы прокурорларға бағынышты және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағынышты көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, олардың барлық бағыттарын қадағалауды іске асыру және қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарауда қатысу жатады. Аудандық бөлінудегі қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметтеріне басшылық жасайды, жоғарғы тұрған прокурорға өз аппараттарымен бағынышты прокуратуралардың штаттық құрамын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныстар енгізеді

Кез келген деңгейдегі прокурор өз өкілеттігі ішінде өз еркі бойынша қызметтен босатылуы мүмкін: қызметтен кетуге байланысты; басқа жұмысқа ауысуына байланысты; денсаулық жағдайы бойынша; міндеттерін ррындай алмауына байланысты; аттестация нәтижесі бойынша; сот үкімімен белгіленген заңды күшіне енетін қылмыстарды жасаған кезде; Еңбек туралы ҚР Заңында көзделген басқа негіздер бойынша.

Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе көліктерінде), табиғатты қорғау және ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің (колония және түрме) түзету мекемелерінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.

Әскери, көлік және табиғатты қорғау прокуратуралары аудандық және облыстық прокуратуралардың төменгі звеносы тиісті жоғарғы прокуратуралардың бағыныштылығында болады. ҚР прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралар құқығында: Оңтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтық көлік прокуратуралары жұмыс істейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру туралы ақпарат
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Прокуратура жайлы
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz