Алматы облысы Ескелді ауданы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1 Алматы облысы Ескелді ауданы жайында мәліметтер ... ... ... ... ... ... . 9
1.1 Жалпы қағидалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.4 Гидрология мен гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.5Өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.6 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2 Жерге орналастырудың мәні, маңызы және бүгінгі күнгі жағдайы ... ... ... 17
2.1 Жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны және тиімділігі... 17
2.2 Жер қатынастарын және жер нарығын реттеудің құқықтық негіздері және принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 Жер қатынастарын шетелдерде мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... 26
3 Алматы облысы Ескелді ауданында «Қазанқап» шаруа қожалығының жер пайдалануын құру іс барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
3.1 Шаруа қожалығын құру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Шаруа қожалығының жер пайдалануын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... 33
3.3 «Қазанқап» шаруа қожалығы жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.4 Жайылым территориясын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
3.5 Жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу ... 41
4. Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.1 Мал азығын есептеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
42
5. Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

КІРІСПЕ
Жер ресурстары кез келген мемлекет үшін елдің ең негізгі ұлттық материалдық байлығы болып табылады. Қазіргі кезде аграрлық Қазақстан Республикасының экономикалық даму жолында жер ресурстарын пайдалану мен құқықтық қорғауды дұрыс ұйымдастыру шешімін күткен түйінді мәселенің бірі екендігі белгілі. Бұл қағида дамыған елдердің жер пайдалану құқықтарында нақты ескерілген.
Ауыл шаруашылығында өнімнің барлық түрі жерді пайдаланудан шығады, бар байлық жердің көлемінде, оның құнарлылығына және оны нәтижелі пайдалануына байланысты. Жердің осы ерекше және аса маңызды қасиеттерін ескере отырып, оны есепке алу, бөлу, иелену, құнарлығын сақтау және арттыру үшін арнайы шара қолдану заңды түрде жолға қойылып отырады. Осы жұмыстарды арнайы құрылған мемлекеттік органдар іске асырады және қадағалайды. Қазақстан бұл мәселерді түгелдей Жер реформасы және Жер Кодекстарының негізінде шешу жолында. Ең соңғы жер Кодексы 2003 жылы күшке енді [1].
Жерді нысаналы пайдалану мемлекет иелігіндегі жерді пайдалануға беру барысында белгіленген мақсатта, заңды түрде жер пайдалануды жүзеге асыру. Ұтымды, әр мақсатты жер пайдалану нәтижесінде жерге құқық қатынастар субьектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленіп, олардың құқық қатынастарына қатысу мүмкіндігіне кеңінен жол ашылды. Жер пайдаланушылардың жерді нысаналы түрде пайдаланбауы олардың бүгінгі күн үшін өмір сүріп қана, ертеңгі күнге немқұрайлықпен қарайтынын көрсетсе керек. Оны ұтымды, әр нысаналы пайдаланудағы жердің қолайлы жағдайын сақтау және құнарлығын қалпына келтіру қоғам талабына сай туындап отырған мәселердің бірі. Бүгінгі таңда нарық қыспағы халықтың жерді ұтымды нысаналы және заңды шектерде пайдалану бағытынан айыра бастады. Сондықтан еліміздің экономикасын одан әрі жетілдіруде жерді ұтымды пайдалануға тек мемлекет қана мүдделілік танытып отыр. Өйткені, жер пайдалану мен қорғаудың барлық субъект үшін маңыздылығын түсініп - білудегі халықтың сана сезімі әлі толық ояна қойған жоқ. Ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдығы мемлекеттің жерге деген ұлттық саясатының көрініс табуы болып келеді. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерді пайдалануға мемлекет тарапынан бақылау жасау мен ол жерлерді жеке меншікке беруге шектеу қою нормалары аталған мақсаттағы жерлердің қалыпты жағдайларын сақтап қалуда, жерді тұрақты пайдалануды қарастырудағы маңызды құқықтық шаралар жүйесі болып келеді. Қазақстан мемлекетінің экономикалық даму жолында ұстанған бағыты – ауыл шаруашылығын өркендету арқылы аталмыш жердің басымдығын таныта отырып, тұрақты жер пайдалану құқығын сақтап қалу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР жер Кодексі, Астана, 2003ж;
2. Под редакцией М.А.Гендельмана «Землеустроительное проектирование», ЭВЛЮ, г.Астана, 1999г;
3. Сборник нормативных актов по регулированию земельных отношений РК, г. Астана, “Жарқын Ко”, 2003г;
4. Инструкция по межхозяйственному землеустройству. Алматы, 1995г.
5. Земельные ресурсы Республики Казахстан, 2008, №2;
6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2003 года № 890 «Базовые ставки платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность для сельскохозяйственных целей». Астана. 2003г;
7. С.Н.Волков и др. Землеустроительное проектирование – М.Колос, 1997
8. В.П.Троицкий, М.А.Гендельман и др. Научные основы землеустройства. – М.Колос, 1995;
9. М.А. Суслин. Основы землеустройства. Санк-Петербург. 2002г. С.73-80
10. Волков С. Н, Хлыстун В. Н, Улюков В.Х. Основы землевладения и землепользования. Учебное пособие. Москва, «Колос», 1992 г;
11. Гендельман М. А,Крыкбаев Ж. К. Научные основы землеустроиства. Ақмола 1995 г;
12. Гендельман М. А, Землеустроительное проектирование. Учебник под редакций. Акмола «Эвлю», 1999 ж. 20 маусым;
13. Волков С.Н. Землеустройство. Теоретические основы землеустройства. – Т.1. – М.:Колос, 2001. -496 с;
14. Есполов Т.И. Сейфуллин Ж.Т. Управление эемельными ресурсами. Алматы изд «Агроуниверситет», 2004 г;
15. Материалы почвенного обследования ДГП АлматыГосНПЦзем. Алматы. 1994г;
16. Земельное законодательство. Сборник нормативных актов. Алматы. Юрист 2004 г;
17. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2003 года № 890 «Базовые ставки платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность для сельскохозяйственных целей». Астана. 2003 г;
18. Волков С. Н. Экономика землеустройства. Москва «Колос», 1996 г;
19. Г.И.Белянов. “Охрана труда” Москва Агропромиздат 1990, 52-59 с.

Алматы облысы Ескелді ауданы ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 7
1 Алматы облысы Ескелді ауданы жайында мәліметтер ... ... ... ... ... ... . 9
1.1 Жалпы қағидалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.4 Гидрология мен гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.5Өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.6 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2 Жерге орналастырудың мәні, маңызы және бүгінгі күнгі жағдайы ... ... ... 17
2.1 Жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны және тиімділігі... 17
2.2 Жер қатынастарын және жер нарығын реттеудің құқықтық негіздері және 24
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
2.3 Жер қатынастарын шетелдерде мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... 26
3 Алматы облысы Ескелді ауданында Қазанқап шаруа қожалығының жер 31
пайдалануын құру іс барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Шаруа қожалығын құру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Шаруа қожалығының жер пайдалануын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... 33
3.3 Қазанқап шаруа қожалығы жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын 37
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
3.4 Жайылым территориясын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
3.5 Жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу ... 41
4. Экономикалық 42
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
... ... ... ... ...
4.1 Мал азығын есептеу.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
5. Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
КІРІСПЕ
Жер ресурстары кез келген мемлекет үшін елдің ең негізгі ұлттық
материалдық байлығы болып табылады. Қазіргі кезде аграрлық Қазақстан
Республикасының экономикалық даму жолында жер ресурстарын пайдалану мен
құқықтық қорғауды дұрыс ұйымдастыру шешімін күткен түйінді мәселенің бірі
екендігі белгілі. Бұл қағида дамыған елдердің жер пайдалану құқықтарында
нақты ескерілген.
Ауыл шаруашылығында өнімнің барлық түрі жерді пайдаланудан шығады, бар
байлық жердің көлемінде, оның құнарлылығына және оны нәтижелі пайдалануына
байланысты. Жердің осы ерекше және аса маңызды қасиеттерін ескере отырып,
оны есепке алу, бөлу, иелену, құнарлығын сақтау және арттыру үшін арнайы
шара қолдану заңды түрде жолға қойылып отырады. Осы жұмыстарды арнайы
құрылған мемлекеттік органдар іске асырады және қадағалайды. Қазақстан бұл
мәселерді түгелдей Жер реформасы және Жер Кодекстарының негізінде шешу
жолында. Ең соңғы жер Кодексы 2003 жылы күшке енді [1].
Жерді нысаналы пайдалану мемлекет иелігіндегі жерді пайдалануға беру
барысында белгіленген мақсатта, заңды түрде жер пайдалануды жүзеге асыру.
Ұтымды, әр мақсатты жер пайдалану нәтижесінде жерге құқық қатынастар
субьектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленіп, олардың құқық
қатынастарына қатысу мүмкіндігіне кеңінен жол ашылды. Жер пайдаланушылардың
жерді нысаналы түрде пайдаланбауы олардың бүгінгі күн үшін өмір сүріп қана,
ертеңгі күнге немқұрайлықпен қарайтынын көрсетсе керек. Оны ұтымды, әр
нысаналы пайдаланудағы жердің қолайлы жағдайын сақтау және құнарлығын
қалпына келтіру қоғам талабына сай туындап отырған мәселердің бірі.
Бүгінгі таңда нарық қыспағы халықтың жерді ұтымды нысаналы және заңды
шектерде пайдалану бағытынан айыра бастады. Сондықтан еліміздің
экономикасын одан әрі жетілдіруде жерді ұтымды пайдалануға тек мемлекет
қана мүдделілік танытып отыр. Өйткені, жер пайдалану мен қорғаудың барлық
субъект үшін маңыздылығын түсініп - білудегі халықтың сана сезімі әлі толық
ояна қойған жоқ. Ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдығы мемлекеттің
жерге деген ұлттық саясатының көрініс табуы болып келеді. Ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерді пайдалануға мемлекет тарапынан бақылау жасау мен ол
жерлерді жеке меншікке беруге шектеу қою нормалары аталған мақсаттағы
жерлердің қалыпты жағдайларын сақтап қалуда, жерді тұрақты пайдалануды
қарастырудағы маңызды құқықтық шаралар жүйесі болып келеді. Қазақстан
мемлекетінің экономикалық даму жолында ұстанған бағыты – ауыл шаруашылығын
өркендету арқылы аталмыш жердің басымдығын таныта отырып, тұрақты жер
пайдалану құқығын сақтап қалу. Жерді ақы төлеп пайдалану жер
пайдаланушылардың мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі түрде
пайдалану құқығын жүзеге асыруы. Жер заңдарының бұл принципі де жер
пайдалану құқығының мәнін түсініп білуде ерекше орын алады. Жер үшін төлем
төлеу заңның фискалдық негізі болып табылады.
Шаруа қожалығы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының тең
құқықтық өндірістік бірлігі болып табылады. Шаруа қожалығы өз қызметінің
бағытын, өндіріс құрылымы мен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді,
ұсақ мәселерді шешеді. Шаруа қожалығын жүргізуге тілек білдірген
азаматтарға жер учаскелері тұрақты немесе уақытша тегін жер пайдалану
құқығымен беріледі. Жер үлесіне құқығы бар және ауыл шаруашылығы
ұйымдарының құрамына шыққан азаматтарға шаруа қожалығын жүргізу үшін осы
ұйымдардың жерінен жер учаскесі беріледі, олардың кадастрлық бағасы
шаруашылық бойынша орташа деңгейде болуға тиіс. Жер иеленуші: жерді
нысаналы мақсатына сәйкес тиімді пайдалануға, оның құнарлығын арттыруға;
жер қорғау шаралар кешенін жүзеге асыруға; жер салығын уақытылы төлеп
тұруға, басқа жер иеленушілердің, жер пайдаланушылардың құқықтарын
бұзбауға, басқа ұйымдар мен адамдарға беру мақсатымен жердің құнарлы
қабатын ластауға және бұзуға жол бермеуге міндетті [2].
Жерге орналастыру мемлекеттің жерді пайдалану шешімдерін жүзеге
асыруға арналған шаралар. Оның негізгі мақсаттары: жерді неғұрлым толық,
ұтымды және нәтижелі пайдалануды, егіс мәдениетін арттыруды және жерді
қорғауды ұйымдастыру.
Шаруа қожалықтарының жерді пайдалануда жерге орналастыру принциптерін,
жер заңдылығын бұзбай өзінің әр жер учаскесін нәтижелі пайдалануы, оның
жерге орналастыру жобасында қаралған ұсыныстарды, шараларды мұқият
орындауына тікелей байланысты. Өйткені жерге орналастыру жобасы тек қана
жерді территориялық орналастырып қоймай шаруа қожалықтарының басқа да
өндіріс потенциалдарын, оның ішінде еңбек ресурстарын толық және тиімді
пайдалану жолдарын қарастырады.
Қазіргі кездегі шаруа қожалықтарының жерлерін ішкі территориялық
орналастыруының шет қалғаны және әр жер пайдаланушының өзінің қарауына
қарай жерлерін пайдалануының кері нәтижесі бүгінгі күні –ақ та менің ойымды
растап отыр. Сондықтан мен дипломдық жұмысымды осы тақырыпта таңдап
отырмын. Қазақстан азаматы және маман ретінде өз үлесімді, мүмкін, осы
шаруа қожалықтарын өркендету, жерді нәтижелі пайдалану арқылы орындармын.
1 Алматы облысы Ескелді ауданы жайында мәліметтер
1. Жалпы қағидалар
Ескелді ауданының территориясы Талдықорған аймағының Оңтүстік-шығыс
бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ақсу ауданымен, шығысындағы азғана
учаскесі ҚХР шекарасымен, Оңтүстігі Кербұлақ және Көксу аудандарымен, ал
Батысы Қаратал ауданымен шекаралас.
Ауданның әкімшілік орталығы Қарабұлақ кенті, ол облыс орталығы
Талдықорған қаласынан 12 км жерде орналасқан. Автокөлік жолдары барлық
түрдегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұрынғы шаруашылықтардың барлық
орталық қоныстары қатты жамылғылы жолдар бойында орналасқан. Аудан
телефондандырылған және радиоландырылған.
Әкімшілік-территориялық мәліметтер бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарында
халық саны 49834 адам, соның ішінде 35042 ауыл адамдары аудан жұртшылығы
тұрақты елді мекендерде өмір сүреді. Барлығы 35 елді мекен бар,оның ішінде
бір кент және 34 ауылдық елді мекен.
01.01.2006 жылғы әкімшілік шекарасының жалпы ауданы 397923 га құрайды.
Аудандық халық шаруашылық құрылысының басым бөлігі ауыл шаруашылық
өндірісімен тиесілі. Аудан жер қорының негізін ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлер құрайды, оларға 445609 га жер бекітілген.
Бұл жерлер құрамындағы ауыл шарушылық алқаптар жері 419149 га, соның
ішінде егістік 48389 га, көпжылдық отырғызбалар-560 га, тыңайма-
3861га,шабындықтар-14618 га, жайылымдар 351579 және бақшалар 142га.
Аудан етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығымен, қой шаруашылығымен,
қант қызылшасы өндірісі, соя, көкөніс-бақшалық, дәнді дақылдар шаруашылығы
негізінде мамандандырылған.
Аудандағы халық шаруашылық құрылымындағы ауыл шаруашылығымен қатарлас
қайта өңдеу өнеркәсібі дамып келеді. Аудан территориясындағы өнеркәсіп
кәсіпорындарына қант зауыты, Қарабұлақ кірпіш зауыты, Бор комбинат, Текелі
кірпіш зауыты, Текелі Мрамор зауыты, Әк өңдеу және жасау және де басқа ұсақ
кәсіпорындар кіреді.
2. Климаты
Ескелді ауданының орасан зор аумағының шығыстан батысқа дейін созылып
жатқанына байланысты оның әртүрлі табиғи зоналық белдеулерге және климатқа
бөлінуі көрінеді. Географиялық орналасуына байланысты оның екі негізгі
климаттық белгілерін айқындайды: күрт континенталды және құрғақшылық.
Сондықтан Ескелді ауданында бірнеше климаттық аймақ шекарасы көрінеді.
Биік таулы мұздықтар зонасы (нивалды табиғат зонасы). Ол абсолютті
биіктігі 4000 м астам Жоңғар Алатауының басым территориясын алып жатыр.
Оның климаты арктілікке ұқсайды, бірақ бұнда күн радиациясы жоғары.
Топырақ жамылғысы жақсы дамымаған, кей жерлерде топырақ түзу процессі
байқалуда. Фирновой алқаптар, мұздықтар, мәңгі қарлар мен қорымдар басым
болып келеді.Бұл зона негізінен тау өзендерінің қоректік көзі ретінде үлкен
мәнге ие.
Биік таулы альпілік және субальпілік шалғындық зонасы. Бұл жақсы
ылғалданған биік таулы аймақ абсолютті биіктігі 2000-4000 м болатын
аумақтың біршама территориясын алып жатыр.
Бұл жердің топырақ жамылғысы жылы айлардың орташа жылдық
температурасына (+5 - +15ºС) және жаздың қысқа болуына (3-4 ай), ұзақ
қыстың ызғарлы суығы мен үлкен мөлшердегі жауын-шашын (600-900 мм)
салдарына байланысты қалыптасқан. Жалғаспалы температуралар қосындысы +10ºС
жоғары және 2000ºС құрайды. Ызғарсыз мерзім ұзақтығы негізінен 100 күннен
аспайды. Қиылыспалы жер бедерлері мен суық климат егіншілікпен айналысуға
шектеу болып тұр.
Сондықтан бұл аймақтың территориясы мал шаруашылығының жаздық жайлауы
ретінде пайдаланады [3].
Бағбандыққа, етті-сүтті мал шаруашылығына, картоп шаруашылығы
өнеркәсібіне ыңғайлы таулы зона. Бұл ылғалдылығы жақсы ыстық аймақ Жоңғар
Алатауының абсолютті биіктігі 1000-3000 м болатын негізгі жоталар бойымен
жіңішке жолақ болып созылып жатыр. Бұл аумақ негізінен жылы климатты, жылы
айлардың орташа температурасы +15 - +20ºС, жаздың ұзақтығы 4-5 ай.
Осы аймақ территориясында мына өңірлердің жерлері орналасқан:
Қайнарлы, Қоңыр, Қаратал, Сырымбет.
Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 690мм. 10ºС жоғары болатын
жалғаспалы жылы температуралар қосындысы 2242ºС. Орташа жылдық
температурасы 5,5ºС.
Қар жамылғысы 14 қарашадан орнығады. Қар жамылғысының жамылу ұзақтығы
154 күнге жалғасады. Қар жамылғысының қалыңдығы 72 см. Көктемнің ақырғы
суық ызғары 16 мамырда аяқталады және күздің алғашқы ызғары 26 қыркүйекте
басталады. Ызғарсыз жылы күндер ұзақтығы 139 күн.
Бұл жердің климаттық жағдайы дәнді-дақыл, террасалы тау етегінде
бағбандық өнеркәсібі мен етті-сүтті мал шаруашылығын дамытуға өте тиімді.
Дәнді-дақыл, көкөністі, техникалық дақылдар, жақсы дамыған бағбандық
шаруашылықтардың Таулы-далалы зонасы. Бұл құрғақ дала зонасы абсолюттік
биіктігі 400-1000 м болатын Жоңғар Алатауының тау етегі мен тау баурайында
орналасқан, Ауданның ауыл шаруа шылық мақсатын жүргізу үшін үлкен мәнге ие,
өйткені оның аумағында тәлім жерлер мен суармалы егіншілік, бағбандықтың,
бақшалықтың негізгі жер қорлары жайғасқан. Бұл жерде мына округтардың
жерлері орналасқан:
Қарабұлақ кенттік округы, Көкжазық, Жалғызағаш, Қоңыр, Целинный,
Алдаберген, Бақтыбай, Төлеңгіт.
Ауаның орташа жылдық температурасы +6,9ºС. Жалғаспалы температуралар
(10ºС жоғары) қосындысы 3173 жетеді.Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 372
мм шамасында ауытқиды.
Ызғарсыз жылы күндердің жалғасы – 158 күндей. Аудан территориясында
байқалатын ауа райы құбылыстары: жаз уақытындағы көктемнің соңғы ызғары
(көктемнің ызғары шамамен 3 мамырда аяқталады) мен күздің ерте ызғарлары
(күздің суық ызғарлары 30 қыркүйекте басталады), қатты желдері, шаңды
бораны, бұршақтар, көктайғағы, құрғақшылық, аңызақ сияқтылар ауыл
шаруашылығына тиімсіз болып келеді.
Қар жамылғысы 30 қарашадан бастап орнығады. Қар жамылғысының жамылу
ұзақтығы 118 күндей. Қардың еруі 29 наурыздан басталады. Судың топырақ
қабатындағы өнімділі ылғалдылығы көктем уақытында (сәуір, мамыр) 200-220 мм
құрайды. Бұл аймақта су тапшылығы жаздың екінші жартысы мен күзде
байқалады. Тәлімді егістіктерге қысқа вегетациялық периодты дақылдар
(бидай, арпа) егіледі, өйткені бұлар қыстық ылғал мен көктемгі және жаздық
ерте жауын-шашын есебінен жақсы өнім бере алады. Суармалы жерлерде
техникалық дақылдар мен дәнді дақылдар (күздік бидай, жүгері, көкөністер,
бақшалық, мал азығы, жемісті өнімдері) өсіріледі және жақсы өнім алады.
Жауған жауын-шашын мөлшеріне байланысты өзендердің сулары, дақылдардың
өнімділігі, жайылымдардың жағдайы тәуелді болып отыр.
3. Жер бедері
Аудан әртүрлі және күрделі жер бедерінде орналасқан. Оңтүстік-шығыс
және Шығыс бөлігі Жоңғар Алатауы жоталарымен көрсетілген. Жоңғар Алатауына
тән ерекше құбылыс оның баспалдақты құрылымында, және де әртүрлі
гипсометриялық белгіде жатқан үстірт түзуші кеңістіктерде кездеседі. Тау
жоталары тауаралық ойпаттармен бөлінген. Жоңғар Алатауының орталық бөлік
территориясы альпілік жер бедерімен жамылған.Ары қарай күрт баурайлы жер
бедерімен жалғасады. Ол абсолюттік белгісі 3000-2100 м болатын биік және
орташа тауларды қамтиды. Орташа таулардың арғы жағында бытыраңқы
бөлшектенген жер бедері суреттелген алса таулар орналасқан, олар тау
бөктерімен алмастырылған. Тау бөктері қисыңқы төбелік жер бедерімен
ұсынылған. Биік емес тау етегінде және үстірттің жазық учаскелерінде
мінездемесі қисықты-толқынды формалары, жайпақты-көлбеулі шлейфі басым
болып кең таралған түрімен мінездемеленеді. Төбелер төбешікті мінезді және
олар тұтас грядка сияқты орналасқан немесе оқшауланған. Ұсақ төбешікті
фонды кей жерлерінде тау жоталары көтеріліп келеді, одан бетер бөлшектенген
жоталар - биік қисық үшкір жартасты шыңдардан тұрады, терең жыралармен,
түрлі көп шатқалдармен және сайлармен суреттелген. Топырақ жамылғысы
шайылған күрделі баурайлы жер бедерінің аймағы бар тау аудандары байқалады.
Шыңдарға жақын құламалы тік жарлардың өсуіне байланысты эрозиялық процестер
күшеюде, топырақтар тек тасты төгінділер және тамырлы жыныстармен жамылған
жар тастар кеңістігінде кішкене дақтар негізінде ғана кездеседі.
Тау етегіндегі жер бедері зонасына тән мінездемелік болып, оның
батысқа қарай ақырын төмендеуі. Негізінен лисовидты суглинкалардан
құралған, олардың кемшілігі су шаю эрозиясына ұшырауында, соның салдарынан
осы аймақтағы жерлер территориясында сумен шайылған жерлердің таралуына
әкеп соқты, сондықтан барлық су эрозиясына қатысты агротехникалық іс
шаралар су шаю күресіне бағытталған.
Талдықорғандық тау аралық ойыстар ауданның орталық және батыс бөлігін
де орналасқан. Бұнда жер бедері бір қалыпты, аздап төбеленген. Жалпы бұл
рельеф солтүстік-батысқа қарай ауытқыған. Бұл ауданды өз кезегінде 3
ауданшаларға бөлуге болады:
а) сазды жолақ
б) микроклиматты жақсы жетілген суармалы егіншілік массивінің жазығы
в) Қаратал және Көксу өзендерінің аңғары
а) Сазды жолақ барлық ауданшаларда ерекшеленеді. Жер бедерінің
төмендетілген учаскелерімен, төменгі арна аралық созылмалы ойыстардың
жазықтарымен, көлдердің құрғақтаған түптерімен ұсынылған. Бұл ауданда
грунттық сулар жер бетіне көптеген бұлақтар болып шығып жатыр.
б) Ал екінші ауданша суармалы егіншілік массивімен көрсетілген. Теңіз
деңгейінен абсолютті биіктігі 580-660 м шамасында болады. Осында және
магистральді арналар бойындағы азғана ауданда, ең құнды суармалы алқаптар
шоғырланған және табақшалана келген ойпатшалар шабындық пен жайылымға
пайдалануда. Микрорельефі жақсы жетілген.
в) Қаратал және Көксу өзендерінің аңғары - бұл учаскедегі жер бедері
жазық болып келеді. Аңғардың жалпы ауытқу бағыты солтүстік-батыс.Бірақта
территорияның микроклиматы жазыққа қарағанда күрт өзгермелі. Бұл бөлік
бұлақтар, жылғалар және жыра, сай-салалармен кескінделген. Жоғары элементті
жер бедерінің тегістеу жазықтықтарын суармалы егіншілікке, ал жыраны,сай-
саланы,жылға арналарын және грунттық суы жоғары жерледі шабындық пен
жайылымға пайдаланады
4. Гидрология мен гидрографиясы
Қаратал ауылынан 4,4 км қашықтықта орналасқан, Шыжа мен Қарой
өзендерінің қосылуынан пайда болған Қаратал өзені ауданның негізгі су
артериясы болып тұр. Бұл өзендер теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте болатын
Жоңғар Алатауының негізгі оңтүстік және солтүстік жоталарындағы Карин
мұздықтарынан бастау алады.
Қаратал өзенінің негізгі қорек көзі мұздықтарды ретінде жаз
уақытындағы максималды ағыны болып отыр. Орташа көпжылдық су шығыны 23,3
м3сек тең, максималды (маусым)-60,6 м3сек, минималды (ақпан)-6,2 м3сек.
Тереңдігі-0,4 м. ден 1,7м дейін. Өзеннің жоғарғы жағындағы ағыс жылдамдығы:
сабасы-1 м3сек және тасқын-5,5 м3сек дейін болады.
Шыжа өзені - Қаратал өзенінің сол жақ саласы. Оның ұзындығы 39 км.
Өзен Жаманкөл, Сай және Қойтас өзендерінен құралып, теңіз деңгейінен
3200-3400 м биіктіктегі мұздықтар бассейнінен бастау алады. Шыжа өзенінің
негізгі салалары: Ключик, Шымбұлақ, Текелі өзендері. Сонымен қатар Шыжа
өзеніне ұзындығы 10 км-дей болатын 23 жылғалар құяды. Шыжа өзенінің жоғарғы
жағы жіңішке аңғарлы, бірақта басқа салалар қосылған сайын аңғары 0,5-3,0
км дейін кеңейеді. Судың негізгі қорек көзі мұздықтар.Судың орташа
көпжылдық шығыны 11,6 м3сек.
Қарой-Қаратал өзенін құрайтын бірінші өзен. Өзен ұзындығы 69 км.
Негізгі қоректік рольді мұздықтар атқарады. Судың орташа көпжылдық шығыны
13,1 м3сек.
Көксу өзені - Қартал өзенінің сол саласы. Гидрологиялық және
шаруашылыққа қатынасы жағдайына байланысты Қаратал өзенін үлкен дербес су
объектісі ретінде санауға болады. Ол Жоңғар Алатауының, биіктігі 3500 м
болатын солтүстік-батыс баурайындағы мұздықтардан бастау алады.Ұзындығы
бойынша (205 км) ол Қаратал өзенінен ұзын (қосылу аймағына дейін). Орташа
көпжылдық шығыны-54,7 м3сек тең, максималды (маусым-шілде) - 140 м3сек,
минималды(ақпан)-18 м3сек.
Өзендегі судың химиялық құрамы мен дәмдік сапасы бойынша ішуге және
техникалық мақсаттарға және де суаруға жарамды.
Ауданның жер асты сулары жарықшаланған, олар барлық жерлерде
қалыптасқан.Олардың қайнар көзі атмосфералық жауын-шашын мен мұздардың және
қарлардың еріген сулары болып келеді.
Жер асты суларының қоры тауаралық тектоникалық ойыстар мен үлкен өзен
аңғарларында жиналады. Химиялық құрамы бойынша грунттық сулар тұщы болады,
су кермекті және жұмсақ болып бөлінеді.
Таулы жағдайдағы грунттық сулар 40 м ден 100м дейінгі тереңдікте
жатады, ал тау аралық ойыстарда грунттық сулар 40-45 м тереңдікте
кездеседі, перифериялық ойыс учаскелерінде 7 м-ге дейінгі тереңдікте
кездеседі. Тау арасындағы және өзен жайылмаларында грунттық сулар 0,6 м
тереңдікте кездеседі.
Жер асты суларының бағыттық қозғалысы жер бетінің еңістігіне
байланысты. Тегіс жерлерде жерасты сулары өзінің жылдамдығын жоғалтады.
Ауыл шаруашылық мақсатына жер бетіндегі су көздерін пайдаланады, ал
елді мекендер жер асты суларымен қамтамасыз етіледі.
5. Өсімдік жамылғысы
Ауданның өсімдік жамылғысы алуан түрлі.Бұл әртүрлілік тік аймақтыққа,
сонымен қатар табиғат жағдайының (жер бедері, топырағы, геологиясы, климаты
және т.б.) әсеріне баланысты.
Келесі зоналар бөлінеді:
Нивалді (биік таулы мұздықтар) аймақ, Екі белдеулі таулы шалғындық
аймақ, Таулы-орманды далалы аймағы, Таулы-далалы және шөлді-далалы
аймақтар.
Нивалді аймақ Жоңғар Алатауының негізгі жоталарының шыңдарында
жайғасқан. Бұл мәңгі қарлар мен мұздықтардың,жалаң жартастар мекені. Оның
шекарасы 4000-4500 м биіктікте өтеді.
Жаз уақытында да өте төмен температураның ханшайымы болып, өсімдік
және жануарлар әлемінің дамуына жағдай бермейді. Бұл жерде гүлді өсімдіктер
жеке дара экземплярлары кездеседі, оның өзі - күн сәулесі түсетін жерлер
болып тұр. Қыналар мен мүктер жиі кездеседі, кейде олар жарларды тұтас
басып өседі. Бұл жерлерде шаруашылықпен айналысу мүмкін емес, бірақта бұл
аумақ Жоңғар Алатауының тау етектері мен тау бөктері жазықтықтарына су
ылғалының аккумуляторы негізінде үлкен мәнге ие.
Таулы-шалғындық аймақ Жоңғар Алатауының теңіз деңгейінен биіктігі 2000-
4000 м болатын биік таулы бөлігінде орналасқан.Бұл зона нивалді және
орманды - шалғындық зоналар арасында жайғасқан.Аймақтың жоғарғы белдеуі-
альпілік, ал төменгі бөлігі - субальпілік өсімдік жамылғысымен жамылған.
Альпілік белдеу-аймақ территориясының азғана территориясын алып жатыр.
Осы жерде кобрезді пустыштер кең таралған, соның ішінде биіктаулы селеулер,
сарғылт көкнәр, альпілік қашқарлар, сарғалдақ, түймедақ, жоңғар шегіргүлі
орын алады, нашарланған жер бедерлерінде батпақты өлеңдер кең таралған.
Субальпілік белдеу шалғындық формациялармен мінездемеді, әртүрлі шөпті
шалғындармен ұсынылып отыр. Астықты-алуаншөпті шалғындар тау жоталары мен
жондары шыңдарының желді учаскелерін алып жатыр. Осы жерлерде: манжетка,
қазтамақ гүлі, ботакөз, сарғалдақ, қашқар, сұлыбас, қоңыр бас, көк шұнақ
бөтегелер басымдылық танытуда. Солтүстік баурайларында харчевниктер өсіп
жатыр. Шаруашылыққа пайдалану жағынан тау территориясы барлық мал түріне
арналған жаздық жайлау рөлін атқарады.
Таулы-орманды далалы зона биіктік белгісі 500-3000 м болатын шекте
орналасқан.
Орман формациясы тұтас бір белдеуді құрмайды. Ол шырша мен сібір
самырсынды қылқанды орманмен көрсетілген.Олар тек өзендердің солтүстік
беткейлерінде өседі.
Шөптердің формациясы манжетка, қазтамақ, сарғалдақ, қашқар, айрауық,
жима тармақ, уқорғасыннан тұрады. Оның субальпілік шалғыннан айырмашылығы,
бұл жерде биіктігі 120-170 см болатын қалың шалғыны.
Таулы-далалы зона 750-1500 м болатын биіктік шамасында орналасқан
және де орман және далалық өсімдік формацияларымен ұсынылған.
Орман формациясы алма ағаштар, көктеректі, кейде самырсынды- жапырақты
орманды біріктіреді, олар негізінен шатқалдар мен өзендер жағалауын алып
жатыр. Кішкене ормандар бөріжидек, мойыл, крутиналардан тұрады. Орман
етегіндегі шөп жамылғысында самалдық, жима тармақ, қалақай және тамыршықтар
басым болады. Басымдылық кеңістіктегі дерновой астықтардың көк шұнақ
бетеге, қылқан селеу, жабайы пияз, сарыбас түйе жоңышқа, жима тармақ,
айрауық, арпабас, кәдімгі жұпаргүлдермен үстемділігі. Оңтүстік күрделі
беткейлерді шайқурайдың, далалық атқонақтың, жусанның, бұталы
бөріқарақаттың, итмұрын мен бөрі жидектің господствосымен дала формациясы
басым болып келеді.
Жазық жерлерде, жыртылмалы учаскелер арасында, доминантты рөлді
жусанды-көк шұнақ бетегелі-қылқан боздың және селеулі-жусанның шөп
жамылғысы атқарады.
Интенсивті егіншілік жүргізілетін территорияларда табиғи өсімдік
жамылғысы тек, магистральді арналар (канал) бойында және жер бедерінің
төменгі бөліктерінде сақталған. Олар жима тармақ, бидайық, шашыратқы,
атқонақ, жусаннан алуан түрлі шөптестік өсімдіктерден құралады және де
бұталы-ағашты өсімдіктердің арна бойымен өсірілгені көрсетіліп отыр.
Жер асты сулардың жер бетіне жақын орналасуына байланысты қияқ- өлең,
қоғажай, қамыс және шилер басып кеткен.
Тұзданған және сортаңданған учаскелердің өсімдік жамылғысы мыналар:
ащы - шөп, кермек, қияқ, ши, қияқ өлең.
6. Топырақ жамылғысы
Ауданның топырақ жамылғысы әр түрлігімен ерекшеленеді; осында
вертикальді аймақ айқын байқалады. Осыны ескерсек, аудан территориясы мына
топырақ аймақтарына бөлінеді:
1. Нивалді аймақ- қарлар, мұздықтар, тасты қорымдар аймағы.
Топырақ жамылғысы жақсы дамымаған.
2. Таулы-шалғындық топырақ аймағы - абсолютті белгісі 2000-4500м болатын
альпілік және субалпілік аумағы. Бұл жерлер малдың барлық түріне
арналған жаздық жайлау ретінде пайдалануда.
3. Таулы-орманды далалы аймағы.Теңіз деңгейінен абсолютті биіктігі 1500-
3000 м болады.Бұл жердің топырақ түрлері мыналар: таулы-орманды
сұртүстілер, қара-сұрлы, таулы қара топырақ, выщелоченные және
оподзоленные. Бұл жерлерді орман басқан, олар топырақты су
эрозиясынан қорғайды және ландшафтардың табиғилығын сақтайды. Орман
баспаған жерлер: өнімділігі жоғары шабындықтар мен жайылымдар
болуда. Выщелоченные және опоздаленный таулы қара топырағы:
өнімділігі жоғары шабындық пен жайылым болып тұр, жер бедерінің ұсақ
контурлы және тастануына байланысты оны егіншілік шаруашылығына
пайдалануға болмайды.
4. Тау-далалы аймақ.Теңіз деңгейінен биіктігі 750-1500 м болады.
Выщелоченный қара топырақты, кәдімгі және оңтүстік, сұр және ашық түсті
қоңыр топырақтарды біріктіреді. Қара топырақтар (кәдімгі және выщелоченный)
ауданның орталық территориясын алып жатыр, олар тәлімдік егіншілікке
пайдалануға қолайлы.Қара шірінді (гумус) қабатының қалыңдығы 50-80 см,кейде
100 см дейін кездеседі, пайдалану кезінде эрозияға іс-шараларды қатаң
сақталуы тиіс, өйткені олар қыңыр-жоталы және адыр-бұдырлы жон жазықтарында
жүйеленгендіктен, олар топырақ эрозиясына көп ұшырайды.
Оңтүстік қара топырақтар ауданның орталық және солтүстік бөлігінде
байқалады.Олар аймақтың төменгі бөлігінде, негізінен жақсы ылғалданған
аумағында дамып келеді. Өздерінің агрохимиялық қасиетіне байланысты олар
орташа сапалы топырақ қатарына жатады, гумустың тығыздық қалыңдығы 40-60 см
болғандықтан, оларды пайдалану және игеру кезінде органикалық-минералдық
тыңайтқыштарды қолдану тиіс.
Қара топырақтан қара-қоңыр топыраққа ауысқанда жерлер құрғақтай
түседі, жылулығы жоғарлап, ылғалдылығы керісінше төмендейді. Қара-қоңыр
топырақтар абсолютті биіктігі 600-1000 м болатын тау етегіндегі қыңырлы-
жоталы және толқынды жон жазықтарында жайғасқан.Гумус қабатының тығыздығы-
45-55 см.
Ашық-қоңыр топырақтар, далалық топырақтардың шекті құрғақшыл
подзонасының оңтүстік бөлігін құрайды, олар шөлді-далалы зона аймағына
өтуге жақын.Бұл топырақтардың гумус тік қабаты төмендеу.
Жер бедерлерінің қиылысуына байланысты қара және ашық-қоңыр топырақтар
су эрозиясына шалдыққан.
5. Шөлді-далалы зонасы. Кәдімгі және ашық сұр топырақтарды құрайды.
Салыстырмалы мінездемесі бойынша гумус қабаты 30-35 см, әлсіз гумустелген.
Ылғалдылықтың жеткіліксіздігінен бұл жерде суармалы жүйесіз егіншілікпен
айналысу мүмкін емес және де экономикалық жағынан тиімсіз. Бұл аймақтағы
сұр топырақтар шағылтасты-шиыршықты шөгінділермен төселіп, араласып кеткен.
Сондықтан тасталып, құрғақшылыққа ұшыраған.
Шөлді-далалық аймақ – оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа
қарай ауытқыған. Жер бедерінің кедір-бұдырлығына байланысты ылғалдану
жағдайы бірқалыпты болмай отыр, соның салдарынан қайта тұздану, сортаңдау
және суланып кету процесі байқалуда, сондықтан топырақ жамылғысы ала-
құла,ол әртүрлі гидроморфты және жартылай гидроморфты сор, сортаң және т.б
топырақтардан тұрады.
2 Жерге орналастырудың мәні, маңызы және бүгінгі күнгі жағдайы
2.1 Жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны және тиімділігі
Кейінгі он жылдықта жерге орналастыру, көп мәндік экономиканың негізі
ретінде жерде шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын қалыптастыруға
бағытталған жер реформасымен, өзара байланысты түрде жүзеге асырылып келді.
Коғамдық құрылысты түбегейлі өзгерту жөніндегі қайта құру процестері,
халық шаруашылығының бүкіл салаларында, соның ішінде аграрлық экономикада,
жер қатынастарында кең орын алды. Олар бірнеше кезеңде өрбіді. Бірінші
кезеңге 90 - жылдардың басында Республиканың Жоғары Кеңесі 1990 жылдың 17
қарашасында қабылдаған Жер Кодексі негізінде орын алған өзгерістер жатады.
Аталған құжатта алғашқы рет жаңа шаруашылық құрылымдардың – шаруа-фермерлік
қожалықтардың (ШФҚ), кооперативтердің, жауапкершілігі шектелген
серіктестіктер (ЖШС) дамуы және басқа да жаңашылдықтар назарға алынды [4].
Екінші кезең, 1994 ж. ҚР Президентінің жер қатынастарын реттеу және
жетілдіру туралы екі Жарлығымен, жер пайдалану құқығы жөніндегі келісім -
шарттарды жасасуды заңдастырумен байланысты.
Жерге орналастырудың үшінші кезеңі, жер жеке меншігі танылған жаңа
Конституция (30.08.1995 ж.) мен заң күші бар Президент Жарлығының
қабылдануынан кейін басталды. Қазіргі жерге орналастырудың төртінші кезеңі
жаңа жер заңдарына негізделеді, бірақ, 24.01.2001 жылғы жер заңы уақыт
талаптарына сай болмай шықты. Сондықтан жақын болашақта жерге
орналастырудың дамуын жаңа Жер Кодексімен байланыстырған жөн. Соңғысы Ел
Басының Жолдауында (2002ж.) көрсетілген міндеттерге сәйкес дайындалған.
Елімізде жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң
актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері
белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық
мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына
бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты
міндетін - ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және
әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына
сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептей.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер
қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын
ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның
нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар
жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер
қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге
орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге
асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың
экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларын
ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық
кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын
(ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырғыларды,
көп-жылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы рөлі мен маңызын
толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін
қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін
арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Елімізде жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге
орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа
кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің
ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе
жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын,
ауылшаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда
жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен,
бірінші кезекте құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді.
Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды
құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен
шектелмейді.
Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық
алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы
учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол
торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл
өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері
айқындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайлары саяды:
Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму
жағдайларын жасау;
жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны
сақтау және жақсарту, тұрақты агро ландшафттарды жасау;
жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру
және дамыту.
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне қарай
оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру
іс-қимылдарын қамтиды:
республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын
(жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі
бағдарламаларды әзірлеу;
жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі
шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер
бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға
құқық беретін құжаттарды дайындау;
елді мекендердің шекараларын (шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету,
олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
әкімшілік-территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи
территориялардың және басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің
шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді
игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына
немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген
мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық
және басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;
жер кадастры мен мониторингін жүргізу;
жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық
карталар мен атластарды жасау;
жерді бағалау жұмыстарын жүргізу [5].
Жерге орналастырудың мазмұны, құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-
техникалъқ шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге
асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер
иеленушіліктер мен жер пайдаланулардағы мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге
тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және
ауылшаруашылық емес мақсатындағы жаңа және бұрыннан бар жер иеленушіліктер
мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды
жасаумен айналысады.) Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер
қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа шаруа-фермер қожалықтары мен өндірістік
кооперативтер құруға жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру,
тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын
реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін
құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге
орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын
жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану,
жақсарту және қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық схема
- болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл болжау
және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың
өндірістік күштерінің 15- 20 жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі
бағыттары қамтылуға тиісті.
Соңғы кездері ауылды елді мекендердің, поселкелердің, және қалалардың
жер-шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылығы едәуір артуда.
Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялардың пайдалану тиімділігін
жоғарлатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға
қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған
жобалардың елді мекендерге қатыстырарында аса маңызды, оларға соңғы жылдары
бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсіресе малазығы
алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық
және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру
және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени
зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің,
орынды пайдалануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территориялық
құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру
жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын
делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға
болады [6].
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі-шаруашылық
жерге орналастыру және ауылшаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс
жобаларды дайындау табылады. Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы
ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде, агроландшафттың экологиялық тепе-
теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге
қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-
қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе
нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен
инвентаризация (жерді түгендеу) жүргізіледі. Бұның нәтижесінде арнайы жер
қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.
Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс
жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа антропогендік
ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау, қалпына келтіру
жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық,
геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеу-
іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық
және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын
орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті - ғылыми-техникалық прогрестің
деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын
ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі
өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.
Жерге орналастыру шешімдерінің нәтижесінде пайда болатын тиімділік
өндірістің, еңбектің және жерді пайдаланудың өзара байланысты түрде
ұйымдастырылуымен себептеледі.
Жерге орналастырудың тиімділігі өндірістің дамуымен және табиғи
ресурстарының пайдалануымен бірге қарастырылады. Оның үш түрін айырып
белгілеуге болады: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік.
Жерге орналастырудың экологиялық тиімділігі табиғатты қорғау және
табиғи ресурстарды орынды пайдалану мен ұдайы өндіру қажеттілігінен
туындайды. Ол жерді эрозиядан сақтауды, табиғат қорғау әрекеттерін жүзеге
асыруды, топырақ қыртысын қалпына келтіруді және т.б. қамтитын жерге
орналастыру шараларының қоршаған орта мен жердің өңделуіне әсер етуі арқылы
байқалады.
Жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі өндірістің қолайлы
салалық құрамы мен территориялық реттілігін қалыптастыру және шаруашылық
жүргізу жағдайларын жақсарту нәтижесінде пайда болады.
Жерге орналастырудың әлеуметтік тиімділігі болып жер қатынастарының
нығаюы, жер иеленушілері мен пайдаланушылары құқықтарының сақталуы және
ауыл еңбеккерлерінің мәдени-тұрмыс жағдайларының жақсаруы табылады.
Кейде Үкімет, құқықтық және экономикалық шаралармен қатар, жер қорын
басқаруда, жерге орналастыру арқылы аграрлық реформаларды жүзеге асыру
жөніндегі саяси шараларды да қолданады.
Бұндай жағдайда жерге орналастыру әлеуметтік-экономикалық маңызбен
қатар, саяси сипатқа ие болады және үкіметтің аграрлық саясатты жүзеге
асыру құралына айналады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, азаматтардың,
шаруашылық құрылымдарының агроөнеркәсіп кешенінде және басқа да өндірістік
кешендерде, сонымен бірге өндірістік емес салада жұмыс істеулеріне себепті,
жерге орналастыру тиімділігі халық шаруашылық және шаруашылық - есептік
түрлеріне бөлінеді.
Бірінші жағдайда жерге орналастыру жер қорын категорияларға, жер
иеленушілер мен жер пайдаланушыларға, алаптарға бөлу құралы болып табылады
және осы ретінде жалпы халық шаруашылығына, сондай-ақ аграрлық экономикаға
әсер етеді. Бұнда жерге орналастырудың халық шаруашылық тиімділігі халық
шаруашылық индикативтік жоспарлаумен, жер ресурстарын пайдалану және қорғау
жөніндегі бас, облыстық және аудандық схемаларды әзірлеумен, сонымен қатар,
белгілі бір шамада, шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және учаскелік жерге
орналастырумен байланысты.
Жерге орналастырудың шаруашылық есептік тиімділігі, белгіленген
территориялық реттіліктің еңбек ұжымдарының өндірістік бағдарламаларды
орындауына және жыл сайынғы өндіріс шығындарының азаюына әсер етуін қамтып
көрсетеді.
Тәжірибенің көрсетуінше, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары
игерілген ауылшаруашылық кәсіпорындарында, басқаларына қарағанда, бір
жұмысшыға алынатын өнімнің көлемі 20% жоғары болады екен. Ішкі шаруашылық
жерге орналастыру жобаларының жүзеге асырылуы өте төмен. Оның үстіне 90-
жылдары орын алған дағдарыс бұндай жұмыстардың толық тоқталуына әкеліп
соқты.
Енді ішкі шаруашылық жерге орналастыру және учаскелік жерге
орналастыруға қатысты жұмыстарды қаржыландыру міндеті жер иеленушілер мен
жер пайдаланушылардың өздеріне заңды түрде жүктеліп отыр. Бұл, аталған
жобаларға тапсырыс күрт қысқарады деген сөз. Ақыр аяғында, дер кезінде
жүргізілмеген ішкі шаруашылық жерге орналастыру салдары ауыспалы егістіктер
жүйесінің, жалды ішкі шаруашылық территория реттілігінің бұзылуына, жердің
иесіз қалуына әкеліп соғады. Соңғысы жер иелері мен жер пайдаланушылардың
өздерінің заңда қамтылған жерді тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі
міндеттерін толық орындамауға себеп болады. Сондықтан, жер қатынастары мен
жалпы жерге орналастыру жүйесін әрі қарай жетілдіру, жерге орналастыру
ғылымында көпшілікпен танылған оның өндірістік процесін, жобаларды жасау,
экономикалық және экологиялық тұрғыдан негіздеу реттілігін қалпына келтіру,
бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр [7].
Жерге орналастыру жұмыстарының іс жүзіндегі тиімділігі тек бірер жыл
өткесін ғана анықталуы мүмкін. Мысалы, жыртылған жерде - ауыспалы егістің
айналымы (ротациясы) аяқталғаннан кейін. Осыған байланысты жерге
орналастыру жобаларының „күтудегі экономикалық тиімділігі“ деген ұғымды
қолданған дұрыс, ал іс жүзіндегі тиімділігі авторлық қадағалау барысында
анықталуға тиіс.
Соңғы онжылдықтың ішінде ҚР жер қатынастары құрылымы, сондай-ақ жерге
орналастырудың өндірістік және құқықтық процесі түбегейлі өзгерді. Жаңадан
пайда болған шаруашылық құрылымдарының аудандары мен межелері көбінесе
жобасыз, қарапайым техникалық тәсілдер арқылы белгіленуде. 90-шы жылдары
орын алған дағдарысқа себепті ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары
мүлде сұраныссыз қалды ауылшаруашылық айналымынан орасан зор көлемді жерлер
шығарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егістер сақталмай,
жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Бүгінгі күннің тәртібінде осы
кемшіліктерді жою, жер қатынастары мен жерге орналастыруды жаңа деңгейге
көтеру шешімін маңызды мәселеге айналдырып отыр.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат-міндеттері мен қазіргі және
жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми
сипаттама беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру - бұл еңбектің жоғары әлеуметтік
экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны
қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын
реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және
қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс
құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса маңызды инженерлік
экономикалық, техникалық, ұйымдастыру шаруашылық және құқықтық шаралар
кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл аспектілері мен
жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын реттестіруге
қатысты басқа да инженерлік-экономикалық кешендерімен өзара байланыстарын
ашып көрсетеді. Сондықтан бұл түсініктің сипаттамасын жеке бөліктерге
жіктей отырып ұққан дұрыс:
- жерге орналастыру - жеке дара іс-қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
- жерге орналастыру - мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның
нәтижесінде Заң негізінде пайда болатын территориялық реттіліктердің
формалары міндетті түрде орындалуға тиісті;
- жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде,
жерге орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер
пайдаланушылықтар және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруға және үнемі
жетілдіріп отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға және
ысырапты жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен
антропогендік ықпалдардан қорғауға бағытталады;
- жерге орналастырудың түпкі мақсаты - әрбір жер учаскесінің жалпы
өндіріс құралы және аса маңызды табиғи ресурс ретіндегі пайдалану
тиімділігін арттыру [8];
Өткен ғасырдың 40-70 ж.ж. жерге орналастыру ғылыми мектебінің
жетекшісі академик С.А.Удачин жерге орналастыруды техника мен құқықтың ---
экономика арқылы сынып көрінетін үшқырлы призмамен салыстыра бейнелеген
болатын. Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға
бағытталған, бірақ, ол геодезиялық және басқа техникалық тәсілдерді қолдана
отырып, әртүрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу арқылы
жүзеге асырылады және тек осыларды орындау барысында әрқашанда құқыққа -
заңдар мен нормативтік актілерге, негізделеді.
Соңғы уақытта экологиялық жағдайлардың асқынуына байланысты осы
жағынан қауіпсіз технологияларды қолдану және алаптардың құрамын
қалыптастыру қажеттілігі тууда. Бұнда ландшафттың қасиеттерін ескерген аса
маңызды. С.А. Удачиннің жерге орналастыруға жоғарыда берген сипаттамасына,
енді экология ұғымын қоса айтқан әбден орынды болар еді.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың,
аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары,
бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер
иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алаптары мен
учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың тақырыбы және оның нақты нәтижелері -
экономикалық тұрғыдан тиімді, экология жағынан қолайлы жер
категорияларының, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың,
өндірістік бөлімшелер мен әкімшілік территориялардың, жер алаптары мен
әртүрлі шаруашылық алқаптарының (ауыспалы егістіктер мен танаптардың,
ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың жеміс-жидек көшеттері
кварталдарының), сондай-ақ сызықтық контурлардың (жолдардың, каналдардың
және т.с.с.) межелері мен аудандары [9].
2.2 Жер қатынастарын және жер нарығын реттеудің құқықтық негіздері
және принциптері
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан
реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды
шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;
3) ведомстволық нұсқаулар мен ұсыныстар;
4) облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өздерінің
құқықтық құзырларыңдағы аймақтық шешімдері. ҚР Конституциясы бойынша жер,
оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекет меншігіне жатады.
Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде
жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде
2001 жылдың 24-ші қаңтарында бекітілген "Жер туралы" заң қолданылып келді.
Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл
құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепциясы, біртұтас
жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы
жер иелену және жер пайдалану принципі, жер иелері мен жер
пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру
тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге
жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім-шарттарды
жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz