Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА.
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ . . . 6
І. 1 Антропогендік ландшафт туралы түсінік . . . 6
І. 2 Антропогендік ландшафттардың жіктелуі . . . 8
ІІ. МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРЫНА ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА . . . 11
ІІ. 1 Геологиялық-литологиялық және геоморфологиялық
компоненттері . . . 11
ІІ. 2 Климаттық жағдайы . . . 13
ІІ. 3 Беткі және жер асты сулары . . . 15
ІІ. 4 Топырақ-өсімдік жамылғысы . . . 17
ІІІ. МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТАРЫНЫҢ
ГЕОГРАФИЯСЫ . . . 19
ІІІ. 1 Мақтаарал ауданы агроландшафттар дамуына агроклиматтық
ресурстардың ықпалы . . . 19
ІІІ. 2 Мақтаарал ауданы агроландашфттарының құрылымы . . . 21
ІІІ. 3 Мақтаарал ауданының агроландшафттарын пайдаланудың мөлшерлі
көрсеткіштеріне жалпы сипаттама . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
ҚОСЫМША . . . 37
КІРІСПЕ.
Қазіргі таңда адамның табиғатқа ықпалы өте жоғары дәрежеде өсу барысында, нәтижеде құрлық беті көлемінің жартыға жуық (кейбір авторлар бойынша одан да көп көлемде) табиғат кешендері антропогендік қысымында дамиды. Қазіргі есеп бойынша дүние жүзінің қүрлығының 11% егістік ландшафтар және 3 % аса территорияны елді мекендер, өндіріс орындары, жолдар т. с. с. кешендер алып жатыр, жайылым кешендері 27 % құрайды. Демек, табиғат ландшафттары жасанды кешендерге, антропогендік ландшафттарға айналуда.
Мақтаарал ауданы ХХ ғасырдың басында Мырзашөл шөлді жерде ұйымдастырылған. Бір ғасыр бойы шөл гүлдендіріп, Мақтаарал ауданының халқы аудан территориясын түгелдей антропогендік кешенге айналдырды, яғни табиғаттың бір бөлігін үлкен бір антропогендік ландшафттанудың лабораториясына айналды десек болады. Ауданның ең басты антропогендік кешендері егісжай мен су шаруашылық кешендері. Ауданның территориясы соңғы 70 - 80 жыл бойы мақта шаруашылығын дамытуда қарқынды игерілген. Оның нәтижесінде табиғи кешендер жоғары деңгейде өзгеріп, географиялық компоненттер түпкіліктей өзгерді.
Мақтаарал ауданы мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6-шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған.
Назарыңызға ұсынылған диплом жұмыстың негізгі мақсаты, Мақтаарал ауданының антропогендік ландшафттарының, әсіресе агроландшафттардың территория бойынша таралуын, оның тиімділігі мәселесін қарастыру. Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады, тақырыпты зерттеу барысында диплом жұмысында 5 кесте және «Мақтаарал ауданының агроландшафттары» атты карта жасалынды.
Диплом жұмысын орындау барысында қазіргі физикалық географияның, геоэкологияның, салыстырма-баяндама, картографиялық, статистикалық әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының өзектілігі: Мақтаарал ауданының территориясы түгелдей антропогендік кешен болуына байланысты олардың орналасуының, пайдаланудың тиімділігін қарастыру. Мақта ауданның басты дақылы болғандықтан, агроландшафттардың динамикасы мен даму мәселелері өте маңызды болып табылады.
Мақтаарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстігінде орналасқан. Аудан территориясының жер көлемі 1, 8 мың км 2 , немесе облыстың жер көлемінің 1, 5 % кұрайды.
Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150 - 250 м төбелі, белесті жазықтықта орналасқан. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара аудандарымен шектеседі.
Тұрғындар саны 254, 3 мың адам (2003) . Аудан жеріндегі 183 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 20 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қырқүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай және Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды.
Аудан түрғындарының ұлттық құрамы: қазақтар 82, 5 %, тәжіктер - 6, 8 %, өзбектер - 3, 8 %, орыстар - 2, 3 % т. б. ұлт өкілдері тұрады. Тұрғындардың орташа орналасу тығыздығы 1 км² шаққанда 141, 3 адамнан (облыстағы ең тығыз қоныстанған аудан) келеді. Тұрғындардың 27, 1 %-ы қалада, 72, 9 %-ы ауылда тұрады. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы (30, 5 мың адам), Атакент (14, 0), Асықата (10, 7), Мырзакент (10, 2) кенттері және Минералды сулар (4, 5), Алғабас (4, 3), Жалын (3, 7), Бескетік (3, 3), Қызылқұм (3, 0), Сәтбаев (3, 0) т. б. ауылдары. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70, 8 % тиесілі, егіс аумағының 80 %-ын алып жатыр.
Ауданның территориясы қүрғақ және ыстық, жаз жұмсақ қыспен сипатталады. Аязсыз кезеңінің ұзақтылығы 220 - 230 күнге дейін созылады. Қолдан жасылынған каналдар мен коллекторлық жұйелер аудан территориясында беткі суларын құрайды. «Достық» (бұрынғы С. М. Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының қоры мол. Аудан бойынша, басым ашық реңді сұр топырақ түрі таралған. Игеру алдын сор жерлер сирек кездесетін еді, қазіргі таңда сор жер көп емес, бірақ табиғи жағдайымен салыстырғанда айтарлықтай көп. Аудан жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, сарышұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.
І. АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ.
І. 1 Антропогендік ландшафт туралы түсінік.
Бүгінгі таңда, табиғи ландшафттардың қалыптасуында және өзгеруінде адам антропогендік фактор жетекші фактор болып табылады. Халық саны және техниканың өсу ықпалымен оның ролі күшейе түсуде.
1864 жылы Лондон қаласында Д. П. Марштың (Marsh, 1864) «Табиғат және адам немесе физикалық-географиялық жағдайдың өзгеруіне адамның ықпалы туралы» деген еңбегі жарық көрді, монографияның басты идеясы табиғатқа адаманың іс-әрекетінің ықпалын көрсету. Монографияда көптеген нақты материалдар келтірілген, яғни бұл мәселені жан-жақты зерттей отырып ғылыми көз қарасынын қарастырған [32] . Осы еңбектің жариялануынан 144 жыл өтті, қазіргі адамның өмірінде үлкен өзгерістер пайда болды. Табиғатқа адамның ықпалын ХІХ ғасырдың ықпалымен салыстыруға мүмкін емес.
1892 жылы В. В. Докучаев өзінің «Бұрынғы және бүгінгі дала» («Наши степ прежде и теперь») монографиясында ауыл шаруашылық өндірістің даму нәтижесінде дала зонасының топырағының құнарлығының шұғыл төмендеудің негізгі себептерін көрсетті. Жылдан-жылға топырақты жырту, агротехниканың төмен деңгейі, топырақты қорғау іс-шараларының болмауы дала зонасы кешендерінің өнімділігінің төмендеуіне алып келді. В. В. Докучаев өз еңбегінде осы жағдайдан орман мелиорация, жаңа агротехника пайдалану арқылы шығуға болады деп көрсетті.
1954 жылы Штутгарт қаласында (ГФР) «Жер және дүние шаруашылығы» бес томдық еңбегінің бірінші томы жарық көрген. «Адамның шаруашылық әрекеті және жерді қайта өзгерту» атты Е. Фельстің (Fels, 1954) монографиясында, ХХ ғасырдың ортасында адамның географиялық компоненттерін өзгерту туралы көптеген мәлімет берген [32] . Еңбекте сол кездегі адамның табиғатқа әсерінің барлық салалары көрсетілген, монографияның бүгінгі күнге дейін маңызы зор.
ХХ ғасырдың екінші жартысында адамның табиғатқа ықпалы туралы мыңдаған еңбектер жарияланды, ғалымдар барлық табиғи компоненттердің және кешендердің өзгертуі туралы мәліметтерді жинап, табиғат пен адамның шаруашылық әрекеті арасында тепе-теңдік орнату туралы ойды дамытуда.
Адамның, табиғаттың даму заңдылықтарын ойсыз бұзу көптеген экологиялық апаттарға алып келді - Арал теңізі құрып кетуі, Сахель зонасында шөлдену процестердің күшті дамуы, Дүниежүзілік мұхит суларының қатты ластануы, ірі қалалардың ауа бассейнінің ластануы т. б.
Табиғаттың, адамның шаруашылық ықпалымен өзгерту туралы мөлшерлі мәліметтердің жиналуы антропогендік география және антропогендік ландшафттану ғылыми бағыттарының пайда болуына алып келді. Антропогендік география, Ф. Н. Мильков бойынша (1973), адамның жалпы табиғатқа немесе жеке компоненттеріне ықпалы туралы ғылым; антропогендік ландшафттану осы проблеманы ландшафттық кешендерге адамның ықпалы көз қарасынан зерттейді [32] .
Н. Ф. Реймерс бойынша (1990) антропогенді ландшафт деген адамның шаруашылық әрекетімен табиғи компоненттері арасындағы байланыстары, осы орында бүрын болған табиғат кешенімен салыстырғанда жаңа кешен қалыптасуына алып келетіндей деңгейде өзгертілген ландшафт [38] . Антропогендік ландшафттарға өндірістік кешендер, елді мекендер т. с. с. жатады. Қазіргі таңда, антропогендік ландшафттар шамамен қүрлық беті жер көлемінің жартысын қамтиды. Антропогендік ландшафттың табиғи ландшафттан айырмашылығы, табиғи ландшафтта табиғи процестер өз-өзін регуляциялайды, ал антропогендік ландшафттардың дамуы адам тарапынан үздіксіз бақылауда болады. Бақылау болмаған жағдайда антропогендік ландшафт ұзақ уақыт бойы табиғи қалпына келмеу мүмкін.
Антропогендік ландшафттар әртүрлі болып келеді. Оларды физикалық-географиялық, географиялық және геотехникалық үш деңгейде зерттейді. Қазіргі таңда, ТМД елдерінде физикалық-географиялық және географиялық деңгейде зерттеу жұмыстарының негізгі заңдылықтары, зерттеу әдістері белгілі бір деңгейде қалыптасқан, ал геотехникалық деңгейде зерттеулер толық түрде жеке ғылыми бағыт ретінде жоқтың қасы.
І. 2 Антропогендік ландшафттардың жіктелуі.
Антропогендік ландшафттарды жіктелу мәселесінің қүрделілігі жіктелудің түрлері және ұсынылған классификациялау көптеген еңбектері бар, В. А. Котельников (1951), С. В. Калесник (1955), А. Г. Исаченко (1965), Ф. Н Мильков (1973), В. Н. Шмаков (1994), Греш Н. С. т. б. (1999) және басқа да авторлардың еңбектері жарияланған. Қазақстан Республикасы территориясы үшін антропогендік кешендерді жіктеу жұмыстарын А. В. Чигаркин (1984), Г. М. Джаналиева (2000) Қазақ Ұлттық университетінің ғаламдары жүргізді.
Антропогендік ландшафттарды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады, дипломдық жұмыстың мақсатына Ф. Н. Мильковтың классификациясы сәйкес келеді. Мақтаарал ауданында басым ауыл шаруашылық немесе агроландшафттар басым, бұл мәселе бойынша Ф. Н. Мильковтың еңбектерінде жақсы көрсетілген [17, 18, 32] .
Ф. Н. Мильковтың (1973), В. Н. Шмаков (1991), Греш Н. С. т. б. (1999) еңбектерінде антропогендік ландшафттарды негізгі 6 белгі бойынша жіктеген.
І. Антропогендік ландшафттарды мазмұны бойынша жіктеу.
- Ауыл шаруашылық кешендер.
- Орманды кешендер (қолдан егілген ормандар, екінші орман)
- Су кешендері (тоғандар, су қоймалар)
- Өндірістік кешендер (жолдарды қосуымен)
- Елді мекендердің кешендері.
Антропогендік кешендердің мұндай жіктелуі маңызды болып табылады, себебі бұл кешендердің әр бір түрінің арнайы ерекшеліктері бар, сондықтан, зерттеудің өзгеше тәсілдері мен әдістерін талап етеді. Жалпы антропогендік ландшафттануды 5 негізгі тарауға бөлуге болады, ауыл шаруашылық, орман шаруашылық, су шаруашылық, өнеркәсіптік және елді мекендердің ландшафттануы.
ІІ. Табиғатқа адамның іс-әрекетінің тереңдігі бойынша антропогендік кешендерді 2 топқа бөледі:
- антропгендік неоландшафттар - табиғатта болмаған, жасанды кешен, мысалы, польдер, дала зонасындағы қорған, су қоймасы т. с. с.
- өзгертілген антропогендік ландшафттар - мұндай кешендерде бір немесе бірнеше компоненттке адамның күшті емес дәрежеде әсері болған, мысалы, дала зонасында жасанды орман белдеуі т. б.
ІІІ. Шығу тегі бойынша антропогендік кешендердің жіктелуі.
- Техногендік ландшафттар - құрылыстың түрлеріне қарай қалыптасқан кешендер, өндірістік, жол, су шаруашылық т. б. Техногендік ландшафттар сипаты бойынша әртүрлі болып келеді, мысалы, карьер, су қоймасы, өнеркәсіп орны т. б.
- Экстирпативтік ландшафттар - орманды жердің ағаш өсімдігін кесу нәтижесінде егінжай, шалғын, ашық жер пайда болған кешендер.
- Арациялық немесе жыртылған ландшафттар - территорияның жырту нәтижесінде қалыптасқан егінжай, кешендері.
- Пирогендік ландшафттар - орманды аймқатарда өрт нәтижесінде пайда болған ландшафттар.
- Жайылымды-дигрессиялық ландшафттар - мал бағылған кешендер.
IV. Антропогендік ландшафттардың пайда болу мақсатына қарай жіктелуі.
- Тура антропогендік ландшафттар - адамның жобаластырып жасалынған кешендер.
- Жобаластырылмаған антропогендік кешендер - адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде белгілі бір табиғат процестердің күшеюі салдарынан пайда болады, мысалы, су қоймасы жаға бойында батпақтардың пайда болуы, дала зонасында жырту нәтижесінде қалыптасқан жыра кешені т. с. с.
V. Антропогендік ландшафттардың бар болуының ұзақтығы және өз-өзін регуляциялау дәрежесі бойынша жіктелуі.
- Ұзақ уақыт бойы өз-өзін регуляциялайтын ландшафттар - мұндай ландшафттар ғасырлар бойы адам тарапынан ықпалсыз дамитын кешендер, мысалы, ылғалды ормандар зонасындағы көлдер, тоғандар, дала зонасында кездесетін жасанды қорғандар т. с. с.
- Көп жылдық адам тарапынан жиі регуляциялатын ландшафттар - парктер, су қоймалар, дала немесе шөл сияқты ормансыз зоналардағы жасанды орман белдеулері т. с. с.
- Қысқа мерзімді регуляцияланатын ландшафттар - адам тарапынан тұрақты бақылауда болатын ландшафттар, негізгі мысалы - агроландшафттар, яғни егістік кешендері, бау-бақша т. б.
VІ. Шаруашылық құндылығы бойынша антропогендік ландшафттардың жіктелуі.
- Мәдени немесе конструктивтік ландшафттар - тікелей адамның іс-әрекетімен тұрақты регуляцияланатын кешендер. Мәдени ландшафттар - шаруашылықты тиімді жүргізудің нәтижесі.
- Мәдени емес ландшафттар - төмен бонитеттегі антропогендік ландшафттар. Мәдени емес ландшафттарға көбінесе сортаңдану, жасанба жыралар, тастап кеткен карьерлер, т. с. с. кешендер жатады.
Мақтаарал ауданында басым ауыл шаруашылық немесе агроландашфттар, су шаруашылық ландшафттар және осы кешендер қалыптасуында пайда болатын кейбір кезде жағымсыз кешендер таралған. Ауданның территориясында барлық кешендер адамның жоспары бойынша ұйымдастырылған ландшафттар, яғни мәдени ландшафттар.
І. МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
І. 1 Геологиялық-литологиялық және геоморфологиялық компоненттері.
Мақтаарал ауданының территориясы, тектоникалық қатыста каледон қатпарлығында қалыптасқаннан кейін, кайнозой кезінде жаңарған. Тянь-Шянь қатпарлы жүйе мен жас палеозой Тұран плитасы шектескен жерінде орналасқан. Тянь-Шянь қатпарлы құрылымы ұзақ және қүрделі геологиялық тарихымен ерекшеленеді [23] .
Палеозойға дейінгі ауданның территориясы геосинклинальдық зона болған, кембрий мен силур кезінде бұл ауданда теңіз орналасқан. Силурдың аяғында күшті каледон қатпар қалыптасу нәтижесінде Солтүстік Тянь-Шянь тауларының тізбектері пайда болды. Тау қалыптасу, маңызды вулкандық әрекетпен қатар болды.
Девон кезеңінде, қарастырып жатқан аудан құрлық жағдайда болған, ал таулы массивтерде денудация процестері басым болды. Девонның аяғында тектоникалық процестер әлсіздеп тоқтаған есебі болды.
Карбон кезеңінде Қазақстанның көп жері теңіз астында болған, ал палеозойдың аяғында, пермь дәуірінде, теңіз қайтты, Батыс Тянь-Шянь қүрғақ ыстық климаттық климатта ерекшеленген. Карбонның ортасынан пермьнің ортасына дейін болған герциндік қатпарлану кезеңінде Батыс Тянь-Шянь таулары толық көтерілді.
Триас кезеңінде теңіз шегініп, Батыс Тянь-Шянь құрлық режимінде дамыды. Құрғақ ыстық климат үгілу кыртыстары қалыптасуына алып келді. Юра кезеңіндегі ылғалды климат өсімдіктер түрлерін өзгертті. Бор дәуірі трансгрессияның күшеюімен сипатталады, сол кездегі теңіз, қазіргі кездегі Батыс Тянь-Шянның солтүстік бөлігінің етегіне дейін кеңейген. Жаға бойында, шығанақтарда әр түрлі теңіздік шөгінділер жиналған. Жалпы мезозойдың аяғында қарастырып жатқан территория жазықтық территория болған және денудациялық процестер басым болды. Бордың аяғында теңіз Қазақстанның көп жерінен шегініп, қазіргі Батыс Тянь-Шянь таулары құрлық жағдайында дамыған.
Палеогеннің ортасында (эоценде) қазіргі Қазақстан территориясында күшті трансгрессия болған. Осы кезде теңіз бассейні толық Батыс Қазақстанды қамтыған, соның ішінде қарастырып жатқан ауданның батыс бөлігі теңіз астында болған.
Неогенде, теңіз тайызданып, Қазақстан территориясы құрлыққа айналады. Осы кезден бастап қарастырылып жатқан аудан құрлық жағдайында дами бастады. Осы кезде альпі орогенезі басталды, мезозой кезеңінде пенепленизацияланған Батыс Тянь-Шянь жаңадан қөтеріле бастады. Палеозой кезеңінде қалыптасқан құрылымдар жарылып, Батыс Тянь-Шяньда таулардың қатпарлы-жақпарлы жүйелер қалыптасуына алып келді [23] .
Палеоген-неогенде климат келе-келе суықтап басталды, миоценде Қазақстанның қазіргі табиғат зоналар жүйесі қалыптаса бастайды.
Төрттік дәуірдегі жер қыртысының тіктік көтерілуі Батыс Тянь-Шянь тауларында сырттардың және жота бойы ойпаттар мен ойыстар пайда болуына алып келеді. Осы кезде мұз басу кезеңі басталады. Төрттік мұз басудың неше кезеңі болған туралы зерттеушілер жалпы пікірге келмеген, сондықтан, екі - төрт мұз басу кезеңі болды деп есептейді.
Ауданның батыс бөлігінде қазіргідей шөл-шөлейт жағадайы неоген кезеңінде қалыптасты, төрттік кезеңінде мұз басуға байланысты осы жерде плювиалдық эпохолар қайталанған (И. П. Герасимов, 1937, 1939, Н. А. Гвоздецкий бойынша келтірілген, 1971) [25] . Плювиалдық кезеңдер солтүстіктегі мұз басу кезеңіне сәйкес келеді. Бірақ, мұндай плювиалдар кезінде шөл жағдайы толық жойылмаған, бұл плювиалдарда таулы аудандарда атмосфералық жауын-шашын мөлшері көбеюіне байланысты тек қана өзендер саны, жиілігі біраз жоғары болған.
Жер бедері. Антропогендік ландшафттар үшін жер бедерінің сипаты өте маңызды фактор болып келеді. Мақтаарал ауданының агроландшафттары қалыптасуы ерте кезеңде басталды, сондықтан жоғары деңгейде өзгертілген жер бедері пішіндері кездеседі. Мақтаарал ауданның жер бедерінде басым алюювиальдық жазықтықтар.
І. 2 Климат жағдайы.
Мақтаарал ауданы, облыстың қиыр оңтүстігінде. Ауданның климат жағдайының ерекшелігі кескін континенттігі Л. Н. Бабушкиннің климаттық аудандастыруы бойынша (Бабушкин, 1983) облыстың территориясы үш климаттық провинцияда орналасқан. Облыстың солтүстігі Орталық Қазақстан провинцияның Бетпақдала округінде орналасқан. А. А. Пузырева бойынша (Пузырева, 1975) облыстың бұл бөлігі Балқаш-Арал облысының Орталық Қазақстан ауданында орналасқан.
№ 1. Ауаның орта айлық және жылдық температурасы (ºС) .
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989. бойынша, 168 б. )
Шу өзенінен оңтүстікке қарай Қаратаудың солтүстік-шығыс тау алдына дейін территория Л. Н. Бабушкин Жоңғар Тянь-Шянь провинцияның жазықтық провинция тармағының жеке Мойынқұм округі деп бөледі. Ал, А. А. Пузырева оны Балқаш-Арал облысының Мойынқұм климаттық ауданы деп есептейді. Мойынқұмның климат жағдайы жоғарыда көрсетілген. Бетпақдаланың климаты сияқты өте континенттік болып келеді. Бірақ жауын-шашын мөлшері салыстырмалы көбірек болуына байланысты (200 мм аса) бұл аудан флора мен фауна байлау болып табылады.
Қаратау жотасын Л. Н. Бабушкин Тұран провинциясының тау алды-таулы провинция тармағының жеке климаттық округі деп есептейді. Ал, А. А. Пузырева Қаратауды Батыс Тянь-Шянь және Шығыс Тянь-Шянь климаттар облыстарына бөледі. Жотаның солтүстік-шығыс беткейі Солтүстік Тянь-Шянь климаттық облысының Шығыс-Қаратау климаттық ауданды, ал оңтүстік-батыс беткейі Батыс Тянь-Шянь климаттық облысының Батыс-Қаратау климаттық ауданды қалыптастырады. Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын-шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі. (№ 2 кесте) .
№ 2. Жауын-шашынның орташа айлық және орташа жылдық мөлшері (мм) .
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. 1989, бойынша, 56 б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz