Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Мемлекет пен құқық теориясының түсінігі мен пәні . . . 4
2 Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы - жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық - әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі санаттары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет пен құқық теориясы - қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі бір мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір - бірімен қарым - қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс, оған экономикалық және одан шығатын таптық қатынастар, саясат, идеологиялық орныққан пікірлер, философия, мораль және басқа да мәдениет аялары жатады. Олардың барлығы да әр түрлі деңгейде мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және екінші жағынан, өздері де сол ықпалды сынақтан өтеді. Жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әр түрлі (көпжақты) болады.
Мемлекет пен құқық теориясында тапқа бөлудің бір белгісі ретінде, қоғамның экономикалық негізі (базисі) көрінеді. Сайып келгенде, мемлекеттілік пен құқықтық тарихтағы нақтылы нысандарының көптүрлілігі, оларды тіпті басқа жағынан қараудың қажеттігін көрсетеді. Соған байланысты, бірін - бірі ауыстырып отыратын нақтылы мемлекеттер кейіптерінің барлығын, соған сай құқықтарын, түрін түсінеміз. Бір кейіптегі мемлекеттің және құқықтың ауысу реті, адам баласының еркінен тәуелсіз, тарихи зағды құбылыс екендігін көреміз.
Сонымен, мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықта көрсетілген қоғамдық дамудың объективтік заңдылығы олардың әлеуметтік саяси мақсатын анықтайды, қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік - құқықтық реттеудің тетігін (механизмін) және оның даму мақсатын көрсетеді.
1 Мемлекет пен құқық теориясының түсінігі мен пәні
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі даму заңдылықтарын әлеуметтік құрылым ретінде, олардың негізін және құрылымын, негізгі элементтерін, принциптерін, институттарын, олардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін зерттеу бірінші орында.
Мемлекет және құқық теориясының пәніне, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың маңызды функционалды (негізгі) ерекшеліктері кіреді. Оған жататындарға: мемлекет пен құқықтың түсінігі және олардың жіктелуі, белгілері, негізгі принциптері және мемлекет пен құқықтың функциясы, мемле-кеттің механизмі (тетігі) мен құқықтық реттеу ерекшеліктері, заңды факторлар, құқықтық қатынастар, құқық жүйесі, заңдар мен мемлекеттік органдар жүйесі, сонымен бірге басқа да көптеген, юриспруденцияның неден қалыптасатыны туралы алғашқы элементтерінің бәрі жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқық туралы негізгі заңдылықтардағы белгілердің жалпы жүйесі, оған оның пайда болуы, негізі, қызмет етуі, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың дамуының салалық және қосымша заң ғылымдарының әдістемелік негізі болатын жағдайлар кіреді.
Мемлекет пен құқық теориясын игеру кезінде үлкен маңыздылыққа ие болатын категория - түсіндіруші аппарат екендігі байқалады, себебі жалпы ғылыми жүйелер (филосо-фиялық, социологиялық, психологиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық) және жекелеген ғылыми (арнайы заңды-лықтағы) категориялар және түсініктер, мемлекет пен құқық теориясының ең маңызды танымдық инструментариясының қайнар көзінің бөлігі болып табылады.
1. Мемлекет пен құқық теориясы, бай эмпирикалық материалдарды салалық заң ғылымдарынан алады және маңызды деңгейде сол ғылымдардың жалпылама методологиялық проблемаларын кеңейтеді, функционалды негізгі пән ретінде болады, жекелеген пәндердің білімдерін қорыта келіп, негізгі түсініктер мен категорияларды шығарады, сол білімдерді жүйелейді. Оның категориялары мен түсініктері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесін біріктіріп, сайып келгенде, заңгердің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Мемлекет пен құқық теориясының функциялары
Білім жүйесінде қоғамдық даму заңдылықтарында негіздемеде мемлекет пен құқық теориясының өзінің қатаң түрде белгіленген орны бар және ол заң ғылымдары үшін жол сілтемесі болып табылады, себебі ол оның магистралды бағытын және іске асыру жолын қалыптастырады. Сол рөлі оның мынадай функцияларында көрініс табады:
Онтологиялық функция - бұл функция мемлекеттік құ-қықтық құбылыстың негізін түсіндіреді, яғни юриспруденция-ның пәнін тануға мүмкіндік береді. Бұл функцияның мазмұ-нына мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы ақпаратты зерттеу жатады және оларды талдау мен (топтастыру) жүйелеу кіреді;
гносеологиялық функция - (теориялық таным) теория-лық-танымдық функция мемлекеттік-құқықтық құбылыстар-дың мәнін, мазмұнын, нысанын, тәртібін тоқтаусыз зерттеуге бағытталған;
прогностикалық функция - мемлекет пен құқық теориясының әрі қарай ғылыми дамуы туралы болжамдар мен гипотезалар жасап олардың болашақ проблемаларына көңіл аударады;
идеологиялық функциясы бойынша мемлекет пен құқық теориясы өзінің көбірек өзекті және маңызды, қазіргі кездегі қоғамның құқықтық дамуындағы жаңа жағдайларды бекіте отырып, оның дамуының барлық маңызды парагдигмасын көрсетеді, өмірде гуманистікке бастап, құқықтық таным мен құқықтық мәдениетті негіздейді;
аксиологиялық функцияның қажеттігі сонда, ол мемлекет пен құқықты зерттеуде, ондағы мемлекет пен құқықтық құбылыстардағы құндылық бағалылық және маңыздылыққа көңіл аударылып, олардың қоғам өміріндегі қажеттілігін және маңыздылығын негіздеу мақсатында көрінеді;
тәжірибелік функция модельдік көзқарас бойынша стандарт идеалынан тұрады, өзіне юриспруденцияның барлық бастамасын шоғырландырып негізінен оның әлемін аша отырып, өміртанымының заңдылық негізін қалыптастырады;
методологиялық функция мемлекет пен құқық теориясының негізі болып табылады, яғни басқадай заң ғылымдарының негізі: мемлекеттік құқықтық құбылыстардың методалогиясын, құқықтың негізгі түсініктері мен категорияларын қалыптастырады (құрайды) . Оны салалық және арнайы (қосымша) заң ғылымдары пайдаланады және оларды зерттейтін сара жолдың бағытын белгілеп береді.
қосымша функция мемлекеттік-құқықтық аядағы әр түрлі субъектілердің қызметін жетілдіру мақсатындағы тәжірибелік жағдайды ұсыну жатады. Ондай ұсыныстар диссертацияларда және мемлекеттік зерттеушілер мен құқықтанушылардың мақалаларында бекітіледі.
эвристикалық функция - мемлекет пен құқықтың дамуындағы жаңа заңдылықтарды, олардың қоғамға ықпал жасайтын нысандары мен әдістерін және ондағы қалыптасатын қатынастарды ашады.
Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар-мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т. б. ) ерекшеленеді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.
3. Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Мемлекет және құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция-мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тәжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет және құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т. б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.
2 Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі
Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі - қоршаған ортаның шындығын зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей (әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнайы әдістемелерге бөліп көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістеме барлық ғылымдардың білім саласына және оқулық пәндерге тән, себебі олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады.
Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады: идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика) ;
Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс ретінде қаралады, адам еркінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен байланысты.
Диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс өмірді қоршаған ортада, өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста зерттеледі.
Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістеме-лердің біріне - синергетика - өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процестер туралы ғылым жатады.
Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін жекеле-ген ғылыми әдістерге жататыны мыналар:
- Формалды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар «феномен» ретінде басқа құбы-лыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен бірдейлестірілмейді және салыс-тырылмайды (экономикамен, саясатпен, моральмен және этикамен) . Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше «таза» конструкцияны жасау үшін зерттеледі.
- Терминологиялық зерттеу әдісі- мемлекеттік-құқықтық проблемалардың негізгі және шеттегі түсініктемелерімен пайдалану, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылымда бекіген түсініктер мен дефиницилерге талдау жасау арқылы зерттеу.
- Салыстырмалы-құқықтық әдіс дегеніміз- белгілі мемлекеттік-құқықтық институттарды, құқықтық құбылыстарды және процестерді басқа елдердің құқықтық жүйесімен салыстырып, олардың арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын ескере отырып, олардың көбірек тиімді жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.
- Нақты социологиялық әдіс- мемлекет пен құқықты зерттеу кезіндегі мемлекет пен құқық туралы фактор-ларды еске алу, ол туралы қоғамдық пікірді, статистикалық мәліметті, тұрғындардың пікірін жинау және құқықтық эксперименттер жүргізу, т. б. байқау (құқық социологиясы) .
- Құқықтық модельдер- таза (теориялық), заңды нормаларға қажетті идеяларды жасауға қажет (не үшін және ол қалай көрінетін болады, басқа нормалармен қандай қарым-қатынаста болады), бұл мол идеалдарын көрсету;
- Мемлекет пен құқық теориясының, тарихи-салыстырмалы әдісідегеніміз зерттеудегі пайда болу мен даму заңдылығы, сонымен қатар, мемлекеттік және құқықтық институттарды, әр түрлі тарихи даму кезеңдерімен салыстыру.
- Логикалық әдіс- құқықты түсіндіруге логикалық жолдар мен құралдарды пайдаланады. Формалды логика заңдарына негізделген құқық - формалды белгіленген дұрыс жүйе, ол қандай құқық нормасы болмасын - біткен келісім нәтижесі.
Логикалық әдістердің түрлеріне: анализ, синтез, индукция және дедукция жатады.
Анализ - тұтастықты оның элементтеріне бөлу (мем-лекеттік аппараттың құрамын бөлу, құқық жүйесін салаларға бөлу, қарым-қатынастары мен ерекшеліктерін белгілеу, заңды құжаттарға талдау жасау (контент - анализ, яғни бөліп алып олардың негізгі элементерін зерттеу) ;
Синтез - алынған деректерді біріктіріп, тұтас көрініс жасау;
Индукция - жекешеден бастап жалпыға қарай зерттеу; мемлекет пен құқықтың жекелеген қасиеттері арқылы көріністі қалыптастыру. Мысалы, белгілі құқық нормаларының негізінде, заңды нормалардың құрылымын және барлық заңдардың құрылуындағы тұтастықты түсіндіруге болады. Нақтылы мемлекеттік органдардың белгілерін анықтау арқылы мемлекеттің механизмін түсінуге болады - бұл белгілі мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың жиынтығы.
Дедукция - жалпыдан жекешеге қарай әңгімелеу (мыса-лы, нақтылы құқық саласынан оның құқықтық нормаларының ерекшелігі жөнінде) .
Арнайы әдістерге әлеуметтік психологиялық, киберне-тикалық, статистикалық, т. б. жатқызуға болады. Мысалы, кибернетикалық әдіс, құқықтық информацияларды автоматты түрде тексеруге, сақтауға және құқықтық информацияны іздеуге пайдаланылады.
2. Мемлекет пен құқық теориясының басқадай заң ғылымдарының арасындағы орны
Заң ғылымдарын үш үлкен топқа бөлу дағдыға айналған, олардың өзіндік жиынтығы құқықты жүргізуді құрайды. Бұл:
- Теориялық-тарихи ғылымдар(мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы) ;
- Салалық заң ғылымдары(конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, кедендік құқық, отбасы құқығы, жер құқығы, халықаралық құқық, салық құқығы, қаржы құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, т. б. ) ;
- Қосымша (арнайы) заң ғылымдары, әр түрлі басқа ғылымдардың теориялық білімдерін тікелей пайдалануды іс жүзіне асырушы (математиканы, химияны, психологияны), яғни тәжірибедегі құқықтық мәселелерді шешуге қажетті (криминалистиканы, сот медицинасын, сот психиатриясын, сот бухгал-териясын, құқықтық статистикасын және заң психологиясын, т. б. ) пайдаланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz