Мемлекеттің (аппараттың) механизмі



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Мемлекеттің тетігі (механизм, аппарат) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Мемлекеттік органдардың түрлері, аппараттың қағидалары ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
КІРІСПЕ
Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмін және мемлекеттік аппараттың» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуні қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Яғни, мемлекет механизмі (аппарат) – бұл органдар мен меке-мелердің жүйесі, солар арқылы мемлекеттің функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Т.А.Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева. Мемлекет және құқық теориясы. Түркістан: 2012 ж. - 208 б.
2. Т.А.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: 2003 ж. - 328 б.
3. Д. А.Булгакова. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы: 2006 ж. - 106 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Мемлекеттің тетігі (механизм, аппарат) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Мемлекеттік органдардың түрлері, аппараттың қағидалары ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..10

КІРІСПЕ
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекет механизмін және мемлекеттік аппараттың түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуні қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Яғни, мемлекет механизмі (аппарат) - бұл органдар мен меке-мелердің жүйесі, солар арқылы мемлекеттің функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

1 Мемлекеттің тетігі (механизм, аппарат)
Көптеген функцияларды іс жүзіне асыруға мемлекеттің ұйымдастырылып әрекет ететін әр түрлі мемлекеттер жүйесінің болуы міндетті
Мемлекет механизмі (аппарат) - бұл органдар мен меке-мелердің жүйесі, солар арқылы мемлекеттің функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік аппаратың белгілерін сипаттауға жата-тындар:
* мемлекетке өзінің қоғамдағы билігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шын мәніндегі ұйымдасқан материалдық базаның (негіз) болуы;
* басқару органдарымен қатар күш көрсете алатын мемлекеттердің әскер, полиция, сот, абақтылар болуы;
* мемлекетпен барлық қоғамның жақсылығы үшін бел-гілеген функцияны орындаушы, өз еңбек ақысын тек мемлекет қаржысынан алатын ерекше қызметкер-лердің болуы;
* әрбір мемлекеттік органдардың шешімі мен өкімінің бәріне бірдей міндеттілікте болуы;
Мемлекеттік аппараттың әрбір элементтерінің өзіне тапсырылған тапсырманы орындау процесіндегі әрекеті кепілдікке алынады, мемлекеттік мәжбүрлеу арсеналының барлық құралдарын қолдану мүмкіндігі.
Мемлекеттің механизмі (аппараты) мемлекет органдары-нан тұрады. Қандай болмасын мекеме не орган осы жиын-тығымен қатаң белгіленген орнында болып, тек өзіне тән функциялар мен мақсаттармен тапсырмаларды орындайды.
Мемлекеттік орган - заңмен дайындалған, ұйымдастыру-шылық және шаруашылықта, құрамдық ерекшеленген мемле-кеттік аппараттың бөлігі, мемлекеттік билік өкілеттігі бар жә-не қажетті материалдық құралдарымен, өз құзіретінің шегінде мемлекеттік тапсырмалар мен функциясын орындайды.
Мемлекеттік органнның мемлекеттік билік сипаты мынадан көрінеді:
* мемлекет атынан әрекет жасай алатын өкілеттілігі туралы өз билігін әр түрлі органдар арқылы іс жүзіне асырады;
* құзіретті, яғни оған тапсырылған қажетті заң күшінің жиынтығы;
* мемлекет органдарының құзіреті, мемлекет алдындағы мақстаттан туындайды, оның көлемі соған сай нормативтік актілерде бекітіледі;
* құзіретке сай мемлекеттік органдар орындауға міндетті құқықтық актілер шығаруға құқықты (нормативті актілер және құқық нормаларын қолдану актілері) - үкіметтің қарарлары, соттың үкімдері, т.с.с.;
* құқықтық актілерді орындау міндеттілігі мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі;
* мемлекеттік органның әрекеті әр уақытта саяси әрекет.
Мемлекеттік органның белгілі құрамы бар (басқару бөлімдері, қызметшілері), материалдық базасы мен қаржысы. Оның әрекеті қызметшілермен іске асырылады, материалдық заттар шығармағандықтан, қоғамның есебінен күн көреді (салықпен).
Мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бөлігін лауазымды адамдар құрайды (өздерінің құзіретіне қарай, заңды нәтиже туғызатын билік әрекеттерін жүргізуге құқықтары бар адам-дар (басқару құқықтық актілерін шығаруға, қаржы құжатта-рына қол қоюға, тіркеу әрекеттерін жасауға, т.б.), сонымен бірге өзіне бағынушылардың әрекеттерін басқарушы адамдар, оларға орындауға міндетті талаптарды қоя алады (мысалы, құрылымдары бар басқару органдарының басшылары).
Мемлекеттік органдарды, олардың басқадай мемлекеттік механизмдердің қалыптасуынан айыра білу қажет себебі, оларға қатынасы, тек көмектесуші бөлімдер ретінде болуында. Оларға мыналар жатады:
* мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік билікті іске асыру, негізгі қызметіне жатпайтындар, бірақ солар арқылы тәжірибеде өз функциясын іс жүзіне асырады (әдеттегідей, денсаулық сақтау, ғылым, мәдени аяда, т.б.) мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік органдар арқылы әрекет етеді;
* мемлекеттік кәсіп орындары (мемлекеттік билік өкілеттігінің белгілері жоқ мемлекет механизмінің элементтері. Олар қоғамдық қажеттілікті қанағат-тандыру мақстаныда шаруашылық-экономикалық қызмет көрсетумен шұғылданады);
* мемлекеттік унитарлық кәсіпорындар (коммерциялық ұйымдар, өзіне бекітілген мүлікке меншік құқығы жоқ, ондай өндірістердің қолындағы мүліктер шаруашылық басқаруға құқығы бар және оперативтік басқаруға мүмкіндігі бар.
* мемлекеттік ұйымдар (мемлекетпен құрылған құрылымдар, олардың қажетті қорлары бар, өкілетті және комплексті түрде мемлекеттік бағдарламаны іс жүзіне асыратын адамдарды біріктіріп, мемлекетпен белгіленген тәртіп процедурасы негізінде орын-далады).

2 Мемлекеттік органдардың түрлері, аппараттың қағидалары
Мемлекеттік мақсаттар мен функцияларының әртүрлілігі, мемлекеттік органдардың әртүрлілігін белгілейді, олар билікті бөлу теориясына сай не өзінің функционалды орнына байланысты (орындалатын мақсаттар сипатына қарай) төмендегідей түрлерге жіктеледі.
Заң шығару органдары (мемлекеттік билік органдары не өкілетті органдар), олар өз өкілеттігінің жиынтығымен, жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актілерді шығаруға құқығы бар - заңдарды және атқарушы биліктің әрекетін тексеретін актілерді шығарады. Ондай мемлекеттік органдар екі топқа бөлінеді:
1) жоғарғы заң шығару органдары мемлекеттің парламентімен белгіленеді. Парламент - бұл халықтың жоғарғы өкілеттік органы. Ол маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді және заңдарды қабылдау арқылы халықтың еркін көрсетеді, қаржыны қалыптастырады, атқарушы органдар билігі мен жоғарғы лауазымды адамдардың әрекеттерін тексеруші ретінде. Көптеген елдерде жоғарғы өкілетті органдар әр түрлі аталады: Парламент (Англия, Үндістан, Канада, Финляндия, Жапония), Сейм (Польша), Фолькетинг (Дания), альтинг (Исландия), конгресс (АҚШ), Федеральное собрание (Ресей), меджлис (Түркменстан), великий народный хурал (Монғолия), кортестер (Испания), кнессет (Израиль), бундесрат (Германия); бір палаталы парламенттер тұрғындарының біртектес ұлттық құрамы мен егеменді аумақтық құрылымы жоқтарда болады. Әдеттегідей көп елдерде парламент екі палатадан, жоғарғы және төменгіден тұрады (Венгрия, Дания, Греция, т.б.) палаталардың жанында комитеттер мен комиссиялар құрылады.
2) Федерацияның субъектілерінің, жергілікті билік және өзін-өзі басқару және заң шығару органдарының өкілеттілік сипаты және белгілі, соған сай аумақтардың шегінде (аудан, облыс, край - райондық жиналыс, облыстық Дума, қалалық Дума). Бұл органдар негізінен жергілікті мәселелермен шұғылдану үшін керек (әлеуметтік аямен, көлікпен, жолдармен, жергілікті қаржымен, сумен қамтамасыз етумен және тәртіпті қолдаумен шұғылданады, т.б.).
Мемлекеттің атқарушы органдары (мемлекеттік басқару органдары) заң шығару билігімен қабылданған заңдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет механизмі туралы
Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
Мемлекеттік және құқық теориясы.
Сот органдары
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Мемлекет аппараты, тетігі
Егемнді мемлекеттік билікпен құқықтық мемлекеттік мүшемен білдіру, егеменді билікті мемлекетпен қоса бағынуды хабардарлау түрінде себебі
Мемлекеттік механизм
Құқық қорғау органдары
Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi
Пәндер