Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер


http://www.medweb.ru/upload/articles/photo_396.jpg

Абстракт

Мен ұсынып отырған жобада экологияның адамның денсаулығына қандай зиянына алып кеп соғатын мәселелерге тоқталмақпыз. Себебі, қазіргі зауыттар санының лезде көбеюі, ауаның бұзылуына әкеп соғады. Бұл өзгерістер адам ағзасына қауіпті болып келеді. Ауаның ластануынан көптеген аурулар пайда болады. Осыны алдын алу үшін, біз көптеген осындайй Эко-форумдар өткіземіз. Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ.

Біздің мақсатымыз осы экологияны жақсарту үшін не істеу керек және де болашақта осы проекттерді жүзеге асыру .

ЖОСПАР

Кіріспе1

Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер4

Қала экологиясы7

Курчатов қаласы . . . 9

Өндіріс және тұтыну қалдықтары10

Табиғаттағы адамның іс-әрекеттері12

Әлемдік экологиялық проблемалар12

Табиғи ортаның сапасы және ластануы15

Табиғи ортаны ластаушы заттар17

Әлемдік экологиялық проблемалар20

Қазақстанның табиғат қорлары және оларды тиімді пайдалану23

Қазақстанның табиғатын қорғау жолдары және «Қызыл кітап»26

Қолданған әдебиеттер29

Кіріспе

c_3fdfa0566b3d95fda3c425652dbb8aa8.jpg Химия саласында ғылым мен техниканың қарыштап өскендігі соншалық, өткен ХХ ғасырды - химия ғасыры деп те атады. Химияның өнімдері біздің өміріміздің барлық саласында қолданылады., ұлы ғалым М. В. Ломоносовтың сөзімен айтсақ: «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз - химияның ғажайыптары… Химия адам ісіне құлашын кең жаяды…».

Иә, химияның көмегімен, бір жағынан, әсем де қонымды киініп, бал -шырын сусындарымен шөл қандырсақ, екінші жағынан, химиялық заттардың қоршаған ортаны білдіріп жатқанын да жасыра алмаймыз. Яғни химия арқылы табиғат бір жағынан өркен жайса, екінші жағынан зиян шегуде. Осындай жағымсыз көріністерге байланысты химия десе үрке қарайтын адамадар да кездеседі. Осындай құбылыс - хемофобия (грекше «фобос» - қорқыныш үрей деген мағынаны білдіреді) деп аталады және ол химиялық сауатсыздықтан болады. Себебі осының бәріне кінәлі химия ғылымы емес, сол адамдардың өздері екені белгілі. Бұл мәселені дұрыс түсіну үшін әрі аяулы атамекенімізді таза қалпында сақтап, осындай келеңсіздіктерді болғызбау үшін ең әуелі химия ғылымын меңгерген жөн.

Экология ғылымы және оның құрылымы. Экология - биология ғылымының бір саласы. Негізінде экологиялық зерттеулер ХІХ ғасырда Чарлз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды. «Экология» терминін ғылымға алғаш рет неміс биологі Э. Геккель енгізді (1866) . Экология дегеніміз - тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым.

Э. Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасы кейіннен толықтырылып, экологияның мақсаты мен міндеттері айқындала түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір адамзат - қоғам - табиғат арасындағы қарым - қатынастарды және биосфера шегіндегі әлемдік өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін жиынтық ғылымға айналды.

Экология ғылымы ХХ ғасырда өміршең екенін көрсетті. Оның негізгі себептері - жер шарындағы халық санының артуы, ғылым мен техниканың қарқындап дамуы болды. Соның нәтижесінде адамның табиғатқа тікелей әсері айқын байқалып, қоршаған ортаға нұсқан келтіре бастады. Табиғат ресурстарының сарқылуы шикізат, азық-түлік проблемасын туғызды. Алып техникалар, ірі өнеркәсіптердің іске қосылуы, ғарышты игеру, соғыс иехникаларының көбейе түсуі табиғатқа бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді. Осы мәселелерді шешуде, оның себептерін, ғылыми-теориялық негіздерін қалауда экология ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста шешуші рөл атқара бастады. Ең бастысы - экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістерді, құбылыстарды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейді. Ал экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау; адам - қоғам - табиғат арасындағы қарым - қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды жаңа талапқа сәйкес жүзеге асыру.

Экология ғылымы, негізінен, биологиялық және географиялық микро және макроэкожүйелерді (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т. б. ) және оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағын зерттейді.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:

  • орғанизмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
  • биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
  • табиғат ресурстары, оларды тиімді пайдаланудың және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
  • адам - қоғам - табиғат арасындағы үйлесімділік байланыстар;
  • биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтаудан қамтамасыз ету;
  • биосферадағы тіршілікті қалыпты жағдайда сақтаудың әлемдік мәселелерін шешу.

Экология биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дербес ғылым деңгейіне көтерілді. Дегенмен, алғашқы эколгиялық зерттейдің элементтері Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінде де кездеседі. Табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық бейімделушіліктер оны қоршаған табиғи ортаға тәуелді екені экологиялық тұрғыдан қарастырылады.

Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

І кезең. ХV ғасырдың басы мен ХVІІІ ғасырдың соңында биэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы. Мәселен, К. Линней (1707-1778), Ж. Ламарк (1744-1829), А. Гумбольдт (1769-1859), Н. А. Северцов (1827-1885), А. Н. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарвин (1809-1882), Э. Геккель (1834-1919), В. В. Докучаев (1846-1903), т. б. ғалымдар экологиялық сипатта ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

ІІ кезең. ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80-жылдарында экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Бұл кезеңде Э. Геккель, Й. Э. Варминг, К. Мебиус, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, Н. А. КАлабухов, т. б. жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеуі. Қазір заманғы экология әлеуметтік, экономикалық жағдайлар мен мәселелерді қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың қатарына Н. Реймерстің «Экология» (1994), Ф. Мотузконың «Экология негіздері» (1994), в. Бронскийдің «Қолданбалы экологиясы» (1996), С. Дерябо мен В. Ясвиннің «Экологиялық педагогика және психология» (1996), т. б. еңбектерін жатқызуға болады.

Экология ғылымының қазіргі кездегі құрылымы өте күрделі, оны былай бөлуге болады:

  1. Биоэкология
  2. Әлемдік экология
  3. Адам экологиясы, әлеуметтік экология
  4. Қолданбалы экология
Дүние жүіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлары көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі - жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т. б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, ХХ ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.

Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі - биосфераның ластануы. Ластану - жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартау атқылау, жер сілкіну, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі, қуаңшылық, өрт сияқты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жақындады.

Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы, қоршаған ортаның химиялық ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып отырған қуаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. Мысалы, адам Қарабұғазкөлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуі тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен 25-30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлық геологиялық айналымға сәйкес әр 60-80 жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі табиғат заңы болатын. Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120-140 млн т натрий сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазақстан ғана емес, сондай -ақ Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Монголия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіруді. Соның салдарынан егіннің түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады. Кейін топырақ қамал алынып, теңіз суы шығанаққа жіберілді.

Бұл мәселелер Арал теңізіне де тән. Адамның іс-әрекетінен Арал теңізі жарты ғасырдан бері тартылып бара жатыр. Арал апаты ғаламшарлық сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер сезінуде. Сондықтан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т. б. елдердің араласуы тегін емес.

Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде. Аталған су алаптарының өңірінде мыңдаған гектар орман тоғай, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі азайып, бұрынғы тамаша табиғи жайылымдар мен шалғындықтардың орнына тіршілігі бұзылған немесе жойылуға жақын құмдар мен шөлейтті, сортаң тақырлар пайда болды. Арал теңізінің тартылуына байланысты көптеген мәселелер туындады.

Арал теңізі қайталнбас географиялық нысан болып табылады және айналасындағы территорияны қоса алғанда бір тұтас күрделі экологиялық жүйені құрайды және Арал өңірі Қазақстан үшін:

  • балық өндіріст орны;
  • жері мал, жайылымы және әр түрлі дақылдар өсірілетін аймақ;
  • өте арзан құрылыс материалдарының базасы;
  • осы өңірдегі құнды эрозиясына басты тосқауыл;
  • мұхиттардан бірнеше мыңдаған км алшақ жатқанына қарамастан нағыз теңіздік сипатқа ие.

Бүгінгі таңдағы Арал теңізінің алабында, әсіресе

Қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде айтпау мүмкін емес себебі, табиғатты түгелдей қайта қалпына келтіреміз деген басты инициативаның екпіні де біраз бәсеңдеп қалғаны рас, тек ендігі жерде бұл мәселеге жауапсыздық танытқан тұстарымызда барынша байыпты түзету міндеті тұрғанын әңгімелейік.

1970ж. орта шеңінен бастап-ақ бір қатар ғалымдар теңіздің тартылып бара жатқаны жөнінде өз болжамдарын алға тартып, талдып түсіндіріп және экономикалық әлеуметтік қолайсыз өзгерістердің алдын-алу мақсатын көздеген ойлы ұсыныстар айтылды. Мысалы: 1972ж Сырдария өзені алабында және Орталық Азияның басқа аудандарында суландырудың дамуы теңіздің су теңдестігінің кірісін азайтты. 1972ж жарық көрген М. К. Байдал мен А. Х. Каяткинаның «Арал теңізі проблемасының бүгінгі мен болашағы», С. А. Бедаревтың «Арал теңізі деңгейі өзгеруінің Арал маңындағы жайылымдық өсімдіктерге әсері» атты жұмыстарында Арал алабы су ресурстарын комплексты пайдаланудың ісіне байланысты өсімдіктердің қазіргі жағдайы, өнімділігі және теңіз деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеріс проблемаларына қарасты айтылды.

Балқаш өңірі де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле-Балқаш су алыбының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат кешені бұзылды. Қапшағай суқоймасы өзінің ауқымын кеңейте түсіп, мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. Ол аз болғандай, Іле өзенінің орта және төменгі ағысы тұстарын Шарын, Шеңгелді, Ақдала сілемдері игеріле бастады. Бұл суармалы жерлерде суды көп қажет ететін күріш, бау-бақша дақылдарын өсіру жоспарланып, Іле суының Балқашқа құю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын өзенінің бойында Бестөбе бөгенінің, Үлкен Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттың тепе-теңдік қалпын бұзып, соның нәтижесінде Іле өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты, «Қызыл кітапқа» енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан тұратын жиделі ну-тоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы елік, доңыз, мәлін, қамыс мысығы, қырғауыл, т. б. көптеген аңдар мен әнші құстардың саны азайып кетті. «Әнші құм», «Таңбалы тастар», «Шарын саябағы» сияқты белгілі табиғат ескерткіштеріне толы Ілі бойы экологиялық апатты аймаққа айналды.

Қазақстандағы басқа да өзен-көлдердің экологиялық жағдайы жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі.

Елімізде су айдындары мәселелерімен қатар топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтылардың өзгеруі табиғи ортаға кері ықпалын тигізуде.

Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

Қала экологиясы

Ірі қалаларда халық санының артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп орындары, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жинақталуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері, шамамен, 6 млрд метр куб деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе туғызып отыр. Осындай қаланың бірі - оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық-коммуналдық суы 70км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ жасанды көлдеріне жинақталып ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай суқоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай суқоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамамен тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60км квадратқа артып, ұзындығы - 15км, ені - 8км, тереңдігі - 18 метр, ал жинақталған судың көлемі 1 млрд метр кубқа жетіп отыр.

Жасанды көлдің жиегін бұзып кету күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырап, шамамен 5 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар, елді мекендер, егіс алқаптары мен өзен бойындағы тоғайлардың ақаба су астында қалу қауіпі төнуде.

Курчатов қаласы

Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44. 3-5046, 2 және ВД 7830, 5-7833, 7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км) кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді. Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0, 3-0, 5 -ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән : көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2, 4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды -48, -49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан. Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады.

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/108/107605/107605_html_m2aecae21.jpg

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда қалада 11317 адамды құрайды, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 1400 адамға көбейген. Ұлттық құрамы: қазақтар-4, 8 мың адам (42, 5%), орыстар-5, 7 мың адам (50, 4%), басқа ұлттар -0, 8 мың адам (7, 1%) . Республикалық бюджет қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз етуінің көзі. Қалада 2012 жылдың 1 қаңтарына 131 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олар : шағын-116, орташа-10, ірі-5. Әрекеттегі-98 кәсіпорын. Өндіріс: Курчатов қаласында 9 өндірістік кәсіпорын және 1 филиал бар: «УльбаФторКомплекс» ЖСШ (флюориттік концентрат өндірісі) ; КИП «Луч» ЖШС (ірітонналар автоматтандырылған салмақ өлшегіш комплекстар дайындау және техникалық қызмет көрсету), «Азот» ӨК (криогендық сұйықтар, газ: азот, оттегін, ацетилен, аргон өндірісі), “Коммуналдық көп салалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), «Балапан» МҚК (қалдықтар жинау және жою) ; «ВК РЭК» АҚ Семей филиалдың Курчатов бөлімі (электроэнергияны бөлу және өндіру) ; «Kazfoam» ЖСШ (радиациялық - тігілген көбіктелген политэтилен өндірісі ) ; «МұнайГазИзоляция» (термо отырғыш манжет және ленталар өндірісі) ; «Демпург PNT» ЖСШ (теміржол көлігін жылжымалы құрам үшін құралдардың бөлшек өндірісі) ; «Мерусар и К» ЖСШ Филиал (бір ретті медициналық киім өндіру) . Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылық кәсіпорындар жоқ, 3 шаруақожалығы тіркелген, халықтың қойма шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар. Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 908 адам айналысатын 584 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген. Оның ішінде : 45 шағын кәсіпкерлік, 290 жеке тұлға патентпен жұмыс істейді, 103- куәлікпен, 123- жай декларациямен жұмыс істейді. Қалада 2 наубайхана жұмыс істейді (Надеев, Вдонин) . Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т. б. құрылыстар кешені көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін - ормандар кесіліп, құнарлы жерлер пайдаланылады. Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға шығарылатын өндіріс және түрлі тұтыну қалдықтары көбейіп, үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқыстар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1, 2 - 1, 4 кг қоқыс шығарады.

Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резеңке өнімдерінің қалдықтары, т. б. жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті өмірде шығарып отырамыз.

Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т. б. кешендерді ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы зиян шегіп, адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.

Көбіне металл қалдықтары балқытылып, қайтадан пайдаланылса, пластмассадан жасалған бұйымдарды жоюға тура келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық мәселелер
Экологиялық демография мәселелері
Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
Қазақстандағы ірі су қоймаларының экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардаптары
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Қазақстандағы агроэкологиялық мониторинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz