Мақта дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, пайдалану ерекшелігі



Жоспар:

І. Кіріспе.
1. Мақта дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, пайдалану ерекшелігі.

ІІ. Әдебиеттерге шолу.
1. Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы, топырақ жағдайы.

ІІІ.Негізгі бөлім.
1. Өндіріске енгізілген негізгі іс шаралар.
2. Тұқымдық шиттердің сапасын жақсарту жұмыстары.
3. Элиталық тұқымдық шитті өндіру технологиясы.
4. Тұқымдық алқап.
5. Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясындағы «Мақтаарал» сорттарын өсірудің агротехникасы.
6. Мақта шаруашылығын дамытудың басты мәселелері.
7. Бастапқы материал, селекция материалдарын бағалау, селекцияның негізгі әдістері, жетістіктері.

Қорытынды.
Өндіріске енгізілген алғы іс-шаралар
1). Егу алдындағы топырақты өңдеу және толық түп сан алу.
2). Егу алдындағы және егіс кезіндегі минералды тыңайтқыштар енгізу.
3). Жоғары қарқынмен жүргізілетін жоңышқалы – мақта жүгерілік ауыспалв егіс.
4). Мал азықтық дақылдарды егіске енгізу.
5). Кең қатар аралықтағы мақта егісі.
6). Мақта тұқымы бір-бірімен бірдей қашықтықта себу.
7). Бір жылдық және көп жылдық арашөптерге қарсы гербицидтер енгізу.
8). Мақтаны жаңбырлатып суару.
9). Жер асты және ашық дренаж суымен қуаңшылық жылдары мақта және ауыспалы егістнгі басқа да дақылдарды суару.
10). Тік дренаж скважинасының тиімділігі.
11). Мақта және жоңышқаның зиянкестеріне қарсы интеграциялық күрес.
12). Механикалық тәсілмен мақтаны шырпу.
13). Мақта жапырағын түсіру үшін дефолианттар қолдану.
14). Мақта зиянкестерімен биологиялық тәсіл арқылы күресу.
15). Мақтаны комбайнмен жинау.
16). 38-40 см тереңдікте екі қабатты жер жырту.
17). 60 см тереңдікке дейін топырақ тереңдеткішімен жер жырту.
18). Дифференциялық сор шаю.
19). Жерді меморациялау.
20). Қысқа танапты жоңышқалы мақта ауыспалы егісі.

Жұмыс атқару бағыты
- Генетикалық ресурстарды сақтап жетілдіру және пайдалану арқылы жаңа мол өнім беретін, қоршаған ортаға төзімді мақта сорты мен буданын шығару.
- Әртүрлі ауруларға төзімді мақта сорттарын шығару.
- Ауыспалы егіс тізбектерін нарықтық жағдайға сәйкес әзірлеу.
- Топырақ құнарлылығына байланысты ауыспалы егістікте минералды тыңайтқыштарды енгізу жүйесін әзірлеу.
- Түпнұсқалық және элиталық шитті тұқым өндірудегі тұқымшылық тізбегін жедел дайындап жетілдіру.
- Топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу арқылы минералды тыңайтқыштардың нормасын азайтуды бақылау.
- Әр түрлі мақта сорттарын экологиялық тұрғыдан сынақтан өткізу.




Мақта тұқымшаруашылығы, тұқымдық шиттің сапасын жақсарту.
Тұқым шаруашылығы - өнімді мол беретін сапасы жоғары ең таңдаулы жаңа сорттардың тұқымын жасап шығаратын, және тұқымын көбейтетін сала.
Аудандастарылған жаңа сорттарды шығарып, талшықтың технологиялық қасиетін және шаруашылық сапасын сақтап қалу – тұқым шаруашылығының негізгі міндеттері болып табылады.
Мақтаның тұқым шаруашылығы сортты жаңартудың бес жылдық тізбегін қолдана отырып үшінші репродукциялық шитті техникалық егіске де пайдаланады. Мемлекеттік стандарт бойынша элиталық тұқым 100 пайыздық таза болуы тиіс№ бірінші репродукциялық тұқымдық шиттің өнгіштігі 99 пайыздан кем болмау керек. Ал R2 98, R3 96 пайыздан кем болмау керек. Тұқымның сорттық тазалығы 96 пайыздан төмен болғанда 4-ші және кейінгі репродукциялар таза сортты болып есептелмейді. Бесінші жылы тұқымның үшінші репродукциясы тұқымдық емес жалпы егіс есебінде егіледі.
Қазіргі таңдағы тұқым шаруашылығының ғылыми тұрғыдан жетілгендігі аудандастырылған жаңа сорттардың жоғарғы сапалы мақта талшығының өндірілуі, ішкі де сыртқы сұраныстарға сапалық жағынан жауап бере алады.
Жаңа экономикалық қатынасқа өту барысында мақта талшығының бүкіл әлемде сапалы болуфына және өнімнің мол болуына мынадай шараларды орындаған жөн.
1). Мақта егілетін аудандарда тек қана аудандастырылған сорттарын егу керек.
2). Тұқым шаруашылықтарына құнарлы, мол өнім беретін салма ауруымен залалданбаған, жоңышқадан кейінгі 2-3 жыл мақталық жер бөлінуі керек.
3). Тұқым өндіретін алқаптарда мақта түп саны гектарына 80-90 мыңнан аспауы керек.
4). Мақта зауыттарында тұқымдық шиттерді жоғары сапалы дайындауда мемлекеттік стандартқа сай болуы тиіс.
Мақтаның жаңа отандық элиталық тұқымы ішкілей сорттықты шағылыстыру арқылы тұқым қуалаушылығымен тексмер келе. Жекелеп – сұрыптау әдісімен үш жылдық кестесі арқылы шығарылады.
1. Тұқымдық питомниктің 1-ші жылы 1500 мың сұрыпталып жеке алынған үлгісі 1 гектарға себіледі.
2. Тұқымдық питомниктің 2-ші жылы 400 мыңдай ұясы 2 гектарға себіледі.
3. Тұқымдық көбейту үшін 1250 ұялық үлгі 50-60 гектардан алынады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І- Кіріспе.
1. Мақта дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, пайдалану
ерекшелігі.
ІІ- Әдебиеттерге шолу.
1. Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы, топырақ жағдайы.
ІІІ-Негізгі бөлім.
1. Өндіріске енгізілген негізгі іс шаралар.
2. Тұқымдық шиттердің сапасын жақсарту жұмыстары.
3. Элиталық тұқымдық шитті өндіру технологиясы.
4. Тұқымдық алқап.
5. Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясындағы Мақтаарал
сорттарын өсірудің агротехникасы.
6. Мақта шаруашылығын дамытудың басты мәселелері.
7. Бастапқы материал, селекция материалдарын бағалау, селекцияның
негізгі әдістері, жетістіктері.

Қорытынды.
Еңбекті қорғау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Өндіріске енгізілген алғы іс-шаралар
1). Егу алдындағы топырақты өңдеу және толық түп сан алу.
2). Егу алдындағы және егіс кезіндегі минералды тыңайтқыштар енгізу.
3). Жоғары қарқынмен жүргізілетін жоңышқалы – мақта жүгерілік
ауыспалв егіс.
4). Мал азықтық дақылдарды егіске енгізу.
5). Кең қатар аралықтағы мақта егісі.
6). Мақта тұқымы бір-бірімен бірдей қашықтықта себу.
7). Бір жылдық және көп жылдық арашөптерге қарсы гербицидтер енгізу.
8). Мақтаны жаңбырлатып суару.
9). Жер асты және ашық дренаж суымен қуаңшылық жылдары мақта және
ауыспалы егістнгі басқа да дақылдарды суару.
10). Тік дренаж скважинасының тиімділігі.
11). Мақта және жоңышқаның зиянкестеріне қарсы интеграциялық күрес.
12). Механикалық тәсілмен мақтаны шырпу.
13). Мақта жапырағын түсіру үшін дефолианттар қолдану.
14). Мақта зиянкестерімен биологиялық тәсіл арқылы күресу.
15). Мақтаны комбайнмен жинау.
16). 38-40 см тереңдікте екі қабатты жер жырту.
17). 60 см тереңдікке дейін топырақ тереңдеткішімен жер жырту.
18). Дифференциялық сор шаю.
19). Жерді меморациялау.
20). Қысқа танапты жоңышқалы мақта ауыспалы егісі.

Жұмыс атқару бағыты
- Генетикалық ресурстарды сақтап жетілдіру және пайдалану арқылы
жаңа мол өнім беретін, қоршаған ортаға төзімді мақта сорты мен буданын
шығару.
- Әртүрлі ауруларға төзімді мақта сорттарын шығару.
- Ауыспалы егіс тізбектерін нарықтық жағдайға сәйкес әзірлеу.
- Топырақ құнарлылығына байланысты ауыспалы егістікте минералды
тыңайтқыштарды енгізу жүйесін әзірлеу.
- Түпнұсқалық және элиталық шитті тұқым өндірудегі тұқымшылық
тізбегін жедел дайындап жетілдіру.
- Топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу арқылы минералды
тыңайтқыштардың нормасын азайтуды бақылау.
- Әр түрлі мақта сорттарын экологиялық тұрғыдан сынақтан өткізу.

Мақта тұқымшаруашылығы, тұқымдық шиттің сапасын жақсарту.
Тұқым шаруашылығы - өнімді мол беретін сапасы жоғары ең таңдаулы
жаңа сорттардың тұқымын жасап шығаратын, және тұқымын көбейтетін сала.
Аудандастарылған жаңа сорттарды шығарып, талшықтың технологиялық
қасиетін және шаруашылық сапасын сақтап қалу – тұқым шаруашылығының негізгі
міндеттері болып табылады.
Мақтаның тұқым шаруашылығы сортты жаңартудың бес жылдық тізбегін
қолдана отырып үшінші репродукциялық шитті техникалық егіске де
пайдаланады. Мемлекеттік стандарт бойынша элиталық тұқым 100 пайыздық таза
болуы тиіс№ бірінші репродукциялық тұқымдық шиттің өнгіштігі 99 пайыздан
кем болмау керек. Ал R2 98, R3 96 пайыздан кем болмау керек. Тұқымның
сорттық тазалығы 96 пайыздан төмен болғанда 4-ші және кейінгі
репродукциялар таза сортты болып есептелмейді. Бесінші жылы тұқымның үшінші
репродукциясы тұқымдық емес жалпы егіс есебінде егіледі.
Қазіргі таңдағы тұқым шаруашылығының ғылыми тұрғыдан жетілгендігі
аудандастырылған жаңа сорттардың жоғарғы сапалы мақта талшығының өндірілуі,
ішкі де сыртқы сұраныстарға сапалық жағынан жауап бере алады.
Жаңа экономикалық қатынасқа өту барысында мақта талшығының бүкіл
әлемде сапалы болуфына және өнімнің мол болуына мынадай шараларды орындаған
жөн.
1). Мақта егілетін аудандарда тек қана аудандастырылған сорттарын
егу керек.
2). Тұқым шаруашылықтарына құнарлы, мол өнім беретін салма ауруымен
залалданбаған, жоңышқадан кейінгі 2-3 жыл мақталық жер бөлінуі керек.
3). Тұқым өндіретін алқаптарда мақта түп саны гектарына 80-90 мыңнан
аспауы керек.
4). Мақта зауыттарында тұқымдық шиттерді жоғары сапалы дайындауда
мемлекеттік стандартқа сай болуы тиіс.
Мақтаның жаңа отандық элиталық тұқымы ішкілей сорттықты шағылыстыру
арқылы тұқым қуалаушылығымен тексмер келе. Жекелеп – сұрыптау әдісімен үш
жылдық кестесі арқылы шығарылады.
1. Тұқымдық питомниктің 1-ші жылы 1500 мың сұрыпталып жеке алынған
үлгісі 1 гектарға себіледі.
2. Тұқымдық питомниктің 2-ші жылы 400 мыңдай ұясы 2 гектарға
себіледі.
3. Тұқымдық көбейту үшін 1250 ұялық үлгі 50-60 гектардан алынады.
Мақтаның элиталық тұқымдық шитін қайтадан көбейту жұмыстары элита
және 1 репродукциялық аудандастырылған сорттарды қайтадан шығару нұсқасына
сәйкес жұргізіледі.
Алынған элиталық шит агротехникалары өте жоғары сақталған үлкен
шарука қожалықтарына беріліп, одан жаңа сортың 1 репродукциялық мақта шиті
өсіріледі.
Мақта дақылы - өзін-өзі факультативті тозаңдандыратын дақылдарға
жатады.
Сондықтанда элиталық тұқым шаруашылық жұмыстары дұрыс орындалмай
жүргізілсе, үлкен көлемде басқа гибридтермен тозаңданып мутация пайда
болып, аудандастырылған сорттардың көрсеткіштері төмендеп кетуі әбден
мүмкін.
Мақта көбінесе өздігінен тозаңданатын өсімдік. өздігінен
тозаңданудың ұзаққа созылуы бұл сорт тұқымының басқа сорттардың тұқымымен
араласып кетуі, агротехникасының дұрыс қоданылмауы, өнгіштігі және өніп
шығу қуаты, нашар тұқым себілуі бұл сорттың өзіне тән шаруашылық
құндылығымен технологиялық сапасы нашарлап және жойылып кетуіне, яғни
тұқымның ұрпақ қуалау қасиетінің немесе сорттың мүлде өзгеріп кетуіне
апарып соқтыруы әбден мүмкін болатын жағдай.
Өсіп жетілуге бейімділігі күшті және сортының сапасы жақсартылған
тұқым өндіру элита тұқымын өсіретін арнаулы шаруашылықтарда жүзеге
асырылады.

Мақтаның элита тұқымы жыл сайын үш жүйемен сорттарды өзара: 1.
будандастыру питомнигімен; 2. тұқым питомнигімен; 3). тұқымды өсіріп
көбейту питомнигімен ұйымдастыру жолымен өндіріледі.

Элита және бірінші репродукция тұқымы бес жылдық жүйе бойынша сортты
жаңарту жолымен өндіріледі:
- бірінші жылы арнайы бөлінген – элита тұқым шаруашылықтарында элита
тұқымы өндіріледі.
- екінші жылы элита тұқымын өсіретін шаруашылықтарда бірінші
репродукция тұқымы өндіріледі.
- үшінші жылы элита және бірінші репродукция тұқымы өсірілетін
белгілі бір ауданларлың мол өнім алуға неғұрлым қолайлы жағдайы бар шар
уашылықтарда екінші репродукция тұқымы өндіріледі.
- төртінші жылы мақта тазалайтын әр бір завод жұмыс істейтін аймақта
үшінші репродукция тұқымы өндіріледі. Мұнда осы элита тұқымын өсіретін
шаруашылық жұмыс істейтін аймақтағы бүкіл егіс көлемін тұқыммен қамтамасыз
ету мүмкіндіктері ескеріледі.
- бесінші жылы төртінші репродукция тұқымы өндіріледі, егін егіледі.

Мақтаның түпнұсқалық (элиталық) тұқымдық шитін өндіру технологиясы.

Жоғары сапалы сорттық тұқымды шығаруда арнаулы шаралардың өте қатаң
түрде мұқияттылықпен жүргізілуін талап, осы жиынтықтардан кейін барып тұқым
шаруашылығы ұйымдастырылады. Тұқым шаруашылығының бағыты жоғары сапалы
сорттық түпнұсқалық тұқымды, барлық морфологиялық, шаруашылық – биологиялық
белгі мен қасиеттерін өзіне тән сақтап, көбейту. Олар IV-V үлгілі
талшықтардан тұратын орта талшықты мақта болуы тиіс.
Жаңа сорттық тұпнұсқалы тұқымы өндірісінің селекциялық жұмыстары өте
үлкен алқаптарда жүргізілуі керек.
Мұнда келешектік жаңа сорттар түзіледі және көбейтіледі. Жаңа
сорттың алдын-ала көбейтілуге беріліп, бір немсе бірнеше негізгі
белгілерімен жақсы болуы тиіс, ал басқа белгілерімен бақылаулы
аудандастырылған сорттардан жаман болмауы керек. Түпнұсқалық мақта
тұқымының барлық мәліметтері мен толық мінездемелері бақылаулық
аудандастырылған сорттармен салыстырмалы болуы тиіс.
Жаңа сорттың алдын-ала көбейтілуіне, 1 гектер жер бөлінеді, ал ұялық
жиынтық себілу мөлшерімен сәйкес 3 гектар жерді қамтып. Гектарына себілу
мөлшерімен сәйкес 3 гектар жерді қамтып, гектарына себілу мөлшері 40-45 кг.
жалаңаштандырылған шит себілу қажет.
Сонымен қатар әр жекешелік сұрыптау мінездемелері бір мезгілде болуы
керек, мысалға: тұқым салмағы, талшық ұзындығы, ал ұялық жағынан шаруашылық
сапасымен талшықтың технологиялық қасиеті.
Түпнұсқалық жаңа сорттық тұқымының барлық өндіру жұмыстары
селекционердің тікелей бақылауында болуы тиіс.
Жұмыс бағыты үздіксіз жекешелік сұрыптау тәсілімен жүргізіліп,
ұрпақтары тексеріледі.
Жаңа сорттарды алдын-ала көбейтілуі жұмыстарына бес-алты сорттарды
қосып тіркеуге болғанымен және де әр түрлі ботаникалық үлгілерге қарайтын,
сондай-ақ морфологиялық белгілерімен тез ерекшеленетін сорттармен жұмыс
жүргізуге болмайды.
Жаңа сортты алқаптары жақсы да тегіс құнарлылығы мол, суғарылатын
жерлерге жайғастырылады.
Барлық агротехникалық іс-шаралар өте тығыз бір қалыпты мерзімде
жоғары сапалы агротехникалармен жүргізіледі.
Іріктеу сорттық сынақтағы келешектік алынған тұқымдық сорттық
түрлердің ұрпақтарын бірнеше рет егістерде және лабораторяларда шаруашылық
сапалықтары мен талшықтың технологиялық қасиеттері тексеріледі. Сондықтан
да жыл сайын 2 потомник салынады: бірінші жылы – тұқымдық, екінші жылы -
тұқымдық көбейту.

Тұқымдық алқап.
Жекешеленген үлгілерді бір қатарлы бөлінген жерге жекелеп егіледі,
бір шұқыршыққа бір тұқымнан тастап кетеді, бұл деген сорттардың шаруашылық
қасиетін дұрыс есептеу, және сорттардың габитустарын тексеру. Жалғыз тұрған
өсімдік толық бағалы жекешеленген үлгі болып саналады.
Алқаптардағы көрініс еекі рет жүргізіледі, онда ұялы үлгілердің
жалпы дамуының біркелкі, тез пісетінін ауруларға және зиянкестерге
тұрақтылығын, өнімділігін тексереді.
Біркелкі емес өсімдіктерді алқаптардан гүлдемей жатып алып тастайды.
Егер де біркелкі емес өсімдіктер 2 пайыздан көп болып кетсе, онда рларды
ақау деп санап, толығымен жойылады.
Барлық жақсы ұялы үлгілерден 100 қауашақтық үлгілер алынып мақтадай
теріледі. Тұқымдық алқаптан өнім мынадай жүйеліктермен жүргізіледі: бірінші
тәртіпті түрде ақауларды тереді, сосын сыналатын үлгілерді, одан кейін
жекешеленген үлгілер мен ұялы үлгілер жиыны алынады.
Сыналатын үлгіге көсектері өте көп өсімдіктерді алады. Жекешеленген
үлгі ретінде бір бұтада бес-алты ашылған көсек болуы тиіс. Үлгілерді алу
жұмыстарына кірісу үшін ықыласпен зер салып, әр бір ұялы үлгілердің
былтырғы жылғы мәліметтерімен танысып, сосын кірісу керек.
Жекешеленген үлгілерді әр бұтадан алынған ұзындығын, жұқалығын,
мықтылығын талшық шығымын анықтап алқаптарда белгілу керек.
Жекешеленген үлгілер лабораторияларда шикізат салмағы және бұтадан
алынған тұқым мен талшық ұзындығы анықталады. Сыналатын үлгілерден талшық
шығымын, көсек үлкендігін және талшықтың технологиялық сапасымен ұзындығын
тексереді.
Ұялы үлгілердің шаруашылық көрсеткіштері төмен болса, оларды ақау
деп санайды.
Лабораторядан кейін ақау деп саналған жекешеленген үлгілерді келесі
жылға егілетін етіп тұқымдық питомникте топтастырады.
Ақау емес деп саналған ұялы үлгілерді тұқымдық көбейту алаңына
келесі жылға жекелеп егіп көбейтеді.

Тұқымдық шиттерді дайындау.

Тұқымдық шиттің талаптары мемлекеттік стандартқа сай болуы тиіс.
ГОСТ 5895-75 Стандартқа сай тұқымдық шиттер кондициялық тұқымдық шит деп
саналады.
Тұқымдық шиттерге кейінгі негізгі көрсеткіштер бойынша өзіндік
мөлшер қойылады: сорттық, өнгіштігі, талшық қалдығы, механикалық
зақымдылық, ластануы, ылғалдылығы.
Егіске өнгіштігі – 85 %, кем болмайтын шитті егу тиіс.

Класс 1 2 3
өнгіштігі % 95 90 85
Сорттық тазалық Элита R1 R2 R3
% кем болмауы 100 99 98 96

Кейінгі репродукциялы сорттық тұқымды (төртінші және одан жоғары)
керек жағдайда апробациялық тексеруден кейін ауыл шаруашылық министрлігі
бекітеді.

Мақта сорттарын өсірудің агротехникасы.

Жерді жырту. Мақтадан мол және тұрақты өнім алудың негізгі
шарттарының бірі – жерді өңдеудің дұрыс жүйесін қолданудан басталады.
Жерді жыртсаң, күзде жырт, күз жыртпасаң жүз жыртасың дегендей,
күзде жыртылған жердің өнімі көктемде жыртылған жермен салыстырғанда 10-12
% немесе одан да артық береді.
Сүдігер 35-40 см тереңдкте екі ярусты ПЯ-3-35 маркалы соқамен қараша-
желтоқсан айларында жыртылуы керек. Ол қозаның түрлі аурулары мен зиянкес
жәндіктеріне қарсы күрес және арамшөптерді жоюға себеп болады.
Микроорганизмдердің жірімен сүдігердегі топырақта табиғи құрылым
процесстерде жүреді.
Мұның барлығы сүдігердің пайдалы да тиімді екенін көрсетеді. Қара
күзде айдалған жерде ылғал мол жиналады және жақсы сақталады, қозапаяның
қалдықтары мен басқа да органикалық заттар қара шіріндіге айналып,
өсімдіктің қорегін молайтады.
Жерді тегістеу. Негізгі жұмыстардың ең бір маңызды бөлегі болып
табылады. Егіс танабының дұрыс тегістелуі қозаның вегетациялық өсіп жетілуі
барысындағы суару кезінде ондағы ылғалдың біркелкі берілуіне және егіс
кезінде шиттің бірыңғай тереңдікте түсуіне оңды әсер етеді.
Жер тегістелгеннен кейін сор шаю жұмыстары оңай іске асады.
Бұл судың тегіс басуына және сордың жақсы шайылуына зор мүмкіндік
жасайды. Тегістеу жұмыстары шынжыр табанды Алтай тракторымен тегістеуге
арналған арнайы агрегаттармен атқарылады. Мүмкіншілігі барынша қиясынан
және көлденеңінен екі рет тегістелгені жөн. П-2-8 маркалы тегістеуші машина
қолданылады.
Сор шаю. Оңтүстік мақта егетін аудандарда топырақтағы ылғалдың буға
айналуға және өсімдіктің транспирацияға жұмсайтын суы, оның атмосфералық
жауын-шашын күйінде келіп түсуіне бес-алты есе артық болады. Сондықтан сор
шаю арқылы топырақтағы ылғалдылықты ұстап қалудың маңызы зор. Сор шаю
жұмыстары дер кезінде жүргізілуі керек. Әр гектарға жұмсалатын су
мөлшерінің 2-3 мың текше метр аралығындап болған дұрыс.
Негізінен алғанда сор шаю жұмыстарының сапалы болуы жер асты
суларының деңгейі неғұрлым төмен болуына байланысты.
Сор шаю кезінде су арнайы алынған арықтармен келеді. Палдар суға
әбден толуы қажет. Су бір палдан екінші палға ауыстырылмайды. Топырақтың
сорын шаю кезінде жердің жоғарғы қабатына жиналған тұздар еріп, мақтаның
өсіп-өнуіне зияны келмейтін төменгі қабатына түсіп кетеді.
Көктемгі тырмалау. Ерте көктемде тырма салу ылғалдың жақсы
сақталуына оңды әсерін тигізеді. Топырақтағы ұсақ қуыстарды жойып, ылғалдың
буға айналуын кемітеді, зиянды тұздардың жинақталуына тосқауыл қояды,
топырақтың үстіңгі қабатын тегістеп, оның жақсы қызуына жағдай жасайдф,
өніп келе жатқан арамшөптерді өлтіреді. Бұл шаралар наурыз айында, сәуірдің
бірінші онкүндігінде атқарылады.
Чизельдеу. әдеттегідей біріншісін ұзынынан, екіншісін көлденең
егіске қарай салады. Тереңдігі 14-16 см. Аралығында болғаны жөн.
Чизельден соң міндетті түрде тырма салынып, 1-2 күн аралығында
егістің басталғаны дұрыс. Ауа-райына байланысты сәуірдің мүмкін бірінші
немесе екінші онкүндігінде іске асырылады.
Шит себу. Мақта жылы сүйгіш өсімдіктердің тобына жататыны мәлім.
Тұқым егілген соң топырақтың температурасы 10-12 С – тан төмен болмаған
жағдайда ғана тұқым өніп шығатын болады. Тұқымдық шит 4-5 см тереңдікке
түсуі керек. Сондай-ақ шиттің бір түзу бойымен біркелкі жиілікте түсуінің
де зор маңызы бар.
Жүйектердің қатараралығы 90 см деп есептелгенде бір метр ұзындықта
12-14-ден түп сан болғаны дұрыс. Өскіндердің біркелкі өсіп шығуына және
сапалы болуына қол жеткізу ісінде тұқым себудің қолайлы мерзімін дәл таңдай
білу де агротехниканың маңызды талаптарының бірі болып табылады. Сәуірдің
10-15 –нен бастауға болады.
Культивация. Қозаның қатараралығын баптаудың аса маңызды тәсілі
болып табылады. Ерте кіріскен абзал. Мұның өзі әсіресе қозаның тамыры шіри
бастайтын ауруды болдырмау үшін өте қажет. Өйткені топырақ қопсытылып
үстіңгі қабаты дегди бастайды да, қоза тамырының мол ылғалдың салдарынан
шіруге бет алуы тоқтатылады, арам шөптерді жояды. Қозаның өсіп жетілуінің
алғашқы кезеңіндегі бірінші культивация 6-8 см тереңдікте үш дөңгелектік
МТЗ – 80 тракторына орнатылған КРХ-3,6 агрегатымен іске асады. Кейінгі
культивациялар шеткі органдары 10 см тереңдікте, ортасындағы органдары 14-
16 см тереңдікте қопсытылады.
Тыңайтқыш қолдану. Мақтаның өнімділігін арттыруда минералды
тыңайтқыштардың маңызы зор. Азот қозаға оның өсіп-өну барысында,
вегатациялық өсіп жетілуінің түйін салу, гүлдену кезінде өте қажет. Азот
тез өсуге ықпал жасайды.
Фосфор тыңайтқыштары өнім беретін элементтердің жақсы мол салуынағ
көсектердің ірі болуына әсерін тигізеді. Қоза енді гүлдей бастағанда
енгізсе, өте құп болады.
Ауыспалы егіс танаптарында қозаның әр гектарынан 25-30 центнер өнім
алу үшін екпе шөптен кейін бірінші рет жыртылған жерге алғашқы жылдары әр
гектарға шаққанда берілетін азот тыңайтқыштарының мөлшерін 80-100 кг, 3-4
–ші жылдары 140-460 кг дейін, ал ескі жерлерде 200-300 кг жеткізу қажет. Ал
фосфор 100-110 кг дейін берілсе болады.
Қозаның ұшын шырпу. Қозаның ұшын шырпу жұмыстары су мен қоректік
заттар бойға кеткені оның жанама бұтақтағы түйіні мен гүлдеріне беру үшін
атқарылады. Негізгі сабақтың үш жағын 1-2 см қысқарта кесу керек. Қозаны
шырпу өсімдіктің бойында 14-16 көсек пайда болған кезде жүргізіледі. Шырпу
жұмыстарының жақсы нәтижесін беретініне ұзақ жылдардың тәжірибесі дәлел
бола алады.
Суару. Өсімдік тіршілігінде ең қажетті негізгі фактор - су.
өсімдік суға әбден қанған кезде ғана ондағы маңызды тіршілік
процесстері толық әрі ойдағыдай жүреді. Топырақта ылғалдылық жетіспеуі
салдарынан өсімдік клеткаларының құрғай бастауы мақта өнімінің азайуына әрі
талшықтың сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Қоза өсімдігі, әсіресе гүл
қауызы жетіліп, көсек байлар кезінде суды көп қажет етеді. Тәулігіне 1 га
мақталық алқап 90-100 текше метр, одан да көп су ішеді. Жер асты сулары
жақын жатқан судың едәуір бөлігн жер асты суларының есебінен алады.
Қозаның жапырағын түсіру. Қозаның жапырағын түсіргеннен кейін мақта
теретін машиналар өнімдірек жұмыс істейді, әрі шитті мақтаны таза тереді.
Қазіргі кезде мақтаны қолмен теру ыңғайлы, тиімдірек. Ал деформацияның қол
терімге пайдасы зор, ол қоза көсектерінің пісуі мен ашылуын тездетеді.
Таңертең және кешкі уақыттарда шашылып берілгені жөн.
Мақта терім. Соңғы жылдары 90 % қол теріммен жиналып келеді. Бұл әрі
таза, әрі сапалы болады. Жалпы механикалық терімге 75-80 % ашылған кезде
салу керек.

Мақта өнімін арттырудағы маңызды мәселелердің бірі – ол жаңа мақта
сорттарын егу және жаңарту.

Осы орайда маңызы өте жоғары отандық жергілікті мақта сорттарының
мақта өнімділігі мен мақта талшықтары тұрақты өте жоғарғы көрсеткіштерге
ие, ылғалдың жетіспеуіне шыдамдылығы бар екенін атап кетеміз.
Селекцияның жалғастыру жұмыстары тұқым қуалаушылығы болып саналады,
оның бағыты жаңа мақта сорттарының шитін көбейтіп, оларды өндіріске енгізу.
Мақталық тұқым шаруашылық жүйесінде бірқатар жұмыстар атқарылады.
Атап айтсақ, селекциялық мекемелерде сорттар шығарылады, олар элиталық және
шаруа қожалықтарында көбейтіліп, тұқымдық егілетін шиттер зауыттарда
дайындалада.
Біздің алға қойған мақсатымыз, алдын-ала тұқымдық шиттерді
көбейтуді тездетіп, мақта баптау интенсивтік технологиясын дамыту, олардың
жергілікті селекциялық аудандастырылған сорттарының биологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес өндіріс технологиясын әбден жетілдіру.

Бастапқы материал

Мақта үлгілерінің дүние жүзілік өте бай коллекциясы бар. Кеңес
ғалымдары экспедицияға Мексикаға, Оңтүстік Америкаға, Ауғанстанға,
Үндістанға, Кіші Азияға, Африкаға және т.б. елдерге барған жинақтаған, және
жыл сайын жаңа үлгілермен толықтырылады, мақта егетін елдердің бәрінен
үлгілер әкелінеді.
Алғашқы материал ретінде мыналар пайдалынады:
1). Халық селекциясының сорт популяциялары;
2). Шетелдер селекциясының сорт популяциялары;
3). Жергілікті, яғгни жерсіндірілген жақсы селекция сорттары.
4). Гибритті популяциялар, түрлердің өзара ішінде гибридизациялау
және мәдени, жабайы және жартылай түрлермен өзара будандастырудан алынған.
5). Популяциялар физикалық және химиялық мутагендер әсерімен
алынған.
Мәдени мақтаның тарихында халық селекциясының сорттары үлкен рөлін
атқарады. Көптеген ең жақсы сорттары американ селекциясының Н.И.Вавилов
жазғандай, сорт популяцияларынан шыққан, Мексиканың таулы жеріндегі ауылдан
және Кариб теңізіндегі аралда болған. Шындығында да Американы ашқанға дейін
мақта шаруашылығы, бұл континентке кең тараған, әсіресе Мексикада Юкабан
түбегінде, Колумбияда және Перуде. Бұл ауданда тараған халықтарда мәдени
сорттары болған. Екі тетратлеидты түрлердің және мақтаны өңдейтін орындары
және оны иіруде жетістіктерге жеткен.
Сорт популяциясы халық селекциясындағы бірінші селекция бойынша сорт
шығаруда алғашқы матриал болды.
Бастапқы материал ретінде шет елдік селекция сорттары кеңінен
қолданылады.
Мақта өсіретін аудандарда – америка, ОрталықмАфрика, Үндістан,
Египеттен әкелінген интродукция үшін дамыған. Түрлер аралығында
будандастыруда шағылыстыруға түрлі топтар қатыстырылады, соның ішінде
жабайыларда және жартылай жабайыларда қолданылады. Олардың көбінде құнды
нгышандары бар.
Көптеген Gofipium формалары anomalism Zooms және вилтпен ауырмайды
және өсімдік битімен және кенемен аз зақымданады.
G. Davidson I құрғақшылыққа төзімді және тұзға шыдамды, төменгі
температураға -7 -10 С –қа дейін шыдайды.
G. trilobvm талшықтары өте мықты, үзілмейді. Мақтаның осындай
көрсеткіштері өте тиімді нышандар.
Баолық үлгідегі сорттардың мәдени және жабайы түрлерінің бақылаудан
өтеді.
Питомниктерде оларды үш жыл бойы зерттейді және мұқият тексеріледі,
карантиндік зиянкестерден, тексеруден өтеді. Осыдан кейін барып, олар
селекциялық орталықтарға, мекемелерге таратылады.

Селекцияның негізгі әдістері.

Аналитикалық және синтетикалық әдіс.
Аналитикалық әдіс біздің елімізде және шет елдерде мақта
селекциясының бастапқы этапында негіз болды. Көптеген сорттар, біздің елде
аудандастырылған, бірінші және екінші сорт алмасымдары аналитикалық
селекция әдістері арқылы шет елдерде шыққан өте жақсы үлгілерден және
жергілікті заводтық қосындылардан алынған. Ерекше бай генетикалық
потенциалмен Акала үлгісі болды. Ол Мексикада халық селекциясы бойынша
шығарылған. Бұл сорттар бері келе басқа отандық сорттардың бастапқысы
болған.
Негізгі сорт сорт алмасіда Навроцкий Русселье үлгісінен
селектирленіп шыққан. Ұзын талшықты сорттар 8196 және 2034 екінші
сортсменге себілетін сұрыптау арқылы экспресс веббера үлгілерінен
шығарылған. Аналитикалық селекция әдісі өзінің маңызын осы күнге дейін
жоғалтқан жоқ. Ең бір жақсысы мақта сорттарының ішіндегі 108-Ф сұрыптау
арқылы ұзын талшықты сорттар шығарылған, олар ерекше өсімдіктер таңдау
арқылы алынған.
Қазіргі кезде мақта селекциясында синтетикалық әдіс ең алдыңғы деп
саналады. Бұнда бастапқы материал туыстығы жақын сорттарды будандасмтыру
арқылы орындалады, экологиялық қашықтықта немесе түрлі кіші топтарға сол
сияқты мутанттарды табиғи немесе жасанды шағылыстыру жолымен алынған
әдістер.
Түрлер арасындағы будандастыру немесе түр ішіндегі будандастыру.
Будандастырудың алдында ата-аналық парларды таңдау керек. Бұл
селекцияның нәтижесін ең соңғы табысын көбіне жетілдіреді. Парларды
таңдауда мынадай әдістер пайдаланылады:
1). Нышан белгілерінің структурасының компоненттеріне қарап;
2).Экологиялық және географиялық қашықтық принциптеріне қарап;
3).Ата-анасының формаларының теріс нышандарының аздығына қарап;
4). Сорттардың комбинациялық мүмкіндіктерінің эффектісіне қарап;
пайдаланылады.
Мақтаның көптеген шаруашылыққа маңызды нышандарының құрылысы
күрделі. Болады. Жаңа форма алу үшін селективті нышаны бойынша алғашқы
сорттан артық жоғары тұратын, нышанның құрылысын зерттеу керек, және ата-
аналық компоненттерді таңдап алу керек, яғни олардың элементтер
құрылымындағы айырмашылықтар бойынша, мысалы: вегетациялық кезеңдері бірдей
екі сортты шағылыстырғанда, олардың құрылымы өзге түрлі будан болуы мүмкін,
айталық тезірек пісетін, бастапқы формаға қарағанда осындай жағдай болуы
мүмкін , егерде буданда ата-анасының бірінде вегетация кезеңі қысқа болуы
басым болса және пісу фазасы қысқа болса басқасында.

Экологиялық және географиялық алыс, алшақ формаларды
будандастырғанда парларды таңдап алу өзінің жақсы нәтиесін береді.
Түрлер ішіндегі будандастыру алшақ әдіспен отандық жіңішке талшықты
сорттармен көпжылдық перуандық формаларымен арасында А.И.Автономов ірі
қауашақты фузалиоз ауруына шыдамды 10964., С – 6002 сорттарын шығарды. Осы
жолмен Ашхабад 25 сорты да шығарылды. Ұзын талшықты133 сорты; 138 бұрын
америкалық үлгіден Руссельс және С– 5405 және С – 3374 сорттарынан тараған.
Керемет мысал, эффетілігін алшақ будандастырудың түрлер ішіндегі
көрсететін Тошкент 1 сортын шығару, ол С-4727 сортын жабайы вилт ауруына
шыдамды кіші тур mexicanum материалдарын шағылыстыру арқылы алынған. Бұл
сорттар экспериментальді өсімдіктер биологиясы институтында АНУЗ ССР
шығарылған, олар вилтке шыдамдылығы бойынша барлық осы күнгі сорттардан
асып түседі.
Ата-аналық парларды таңдағанда көбіне теріс нышандардың мөлшері
аздарын алады, буданға ауысып кетпес үшін парларды таңдап алудың қандай да
бір жолдары болмасынол селекционер жұмысына тек мүмкіндігінше үлкен немесе
кіші сәттілікті береді.
Сорттың комбинациялық мүмкіндігін және оның толық генетикалық
сипаттамасын тек арнайы генетика – статистикалық модельді экспериментте ЭВМ
программасын кіргізіп анықтауға болады.
Түр арасындағы будандастыру.
Бұл әдістің мақта селекциясында көрнекті маңызы бар, генофондты
мәдени формаларын басқа түрлермен толықтыруға мүмкіндігін туғызады. Олардың
көпшілігі эволюциялық бейімділігінің арқасында құнды гендерге ие болады,
маңызды нышандарды бақылауды мынадай талшық сапасы ауруларға, зиянкестерге,
құрғақшылыққа, төменгі температураға және т.б. беріктігі.Практикалық
селекция жұмысында түр аралық будандастыруда аз пайдаланылады.
Американдық мәдени және Азиаттық жабайы түрлерді өзара шағылыстыру
жеңіл орындалады, егер таза азиялық мақта түрінің орнына немесе 26-
хромосомды буданның орнына 52-хромосомды амфидиплоид алғанда, олардың
хромосомдарының саны екі еселенген, әрине колхициннің әсерімен.Олар жеңіл
шағылыстырылады тетраплоидты түрлермен, бірақ көп жағдайда ұрықсыз болады.
Ғ1 будандары вегативті мүшелерінің гетерозисті мүмкіндігімен сипатталады,
ірі болуы мүмкін, ал қайсы бір комбинацияларда олар өмір сүрулері нәзік,
аласа бойлы, ілмиген болады.
Будандардың вегативті дамуының көрсеткіштері оған байланысты емес.
Өсімдік жас болған сайын, колхицинмен өңдеуде көп клеткалар өзгереді.
Колхициннің әсері тұқымға немесе өсу нүктесіне өсімдіктің үш-төрт нағыз
жапырақты фазасында әсерлі болады. Колхицинмен өңделген өсімдіктердің
келесі жылы жеміс бергіштігі күшейеді. Амфидиплоидтар, диплоидты түрлерді
шағылыстыру арқылы алынған.
С.С.Канаш түрлі хромосомды түрлерді будандастыру жолымен G. Hirsutum
x G. Hezbaceum және ата-аналық формаларымен қайтадан шағылыстыру арқылы
гомоазға қарсы қайтадан 8802 сортын шығарған.
Р.Л.Найту мүмкіндік туған тамыр қара шірігіне шыдамды генді алып
беру және бұл ауруға комплексті шыдамдылығы бар топты шығарған.
Түраралық будандастыру гузамен G.herceum және американдық сорттармен
өзара Индияда өткізілген гузаның құрғақшылыққа төзімділігі G. Hirsutum –нің
талшықтарының технологиялық сапасын біріктіру мақсатында жүргізілген. Осы
жолмен мына сорттар шығарылған -170-СО2; 134 – СО-2.
Л.Г Арутюнова екінші ұрпақтың буданын шағылыстыру арқылы G. Hirsutum
x G. Hezbaceum вилтке шыдамды С-460 сортпен тез пісетін, вилтке шыдамды С-
45 34 сортын алған.
Соңғы кездерде жаңа тәсіл игерілуде. Тұқымды 10-20 күн жасанды
қоректік ортада өсіріп стимуляторлы, өсіретін ортада өсіріп және одан әрі
жас өсімдіктерді топыраққа отырғызу арқылы көбейтіліп жүр.
Тұқым өсірудің болашақта үлкен келешегі бар алыс түрлердің
шағылыспайтындығын жеңу үшін мақтаның биотехнологиясында және гендік
инженерия зерттеулері басталуда.
Бұл әдеттегі селекция әдістерін жеке бағалы гендерді толықтыруға
болады.

Эксперименталдық мутагенез.
Мақта селекциясында индукциялық мутагенез кеңінен қолданылады.
Физикалық фактолрлардың ішінде ең жиі пайдаланылатыны радиацияны иондық
ететін – радиоактив кобальттың, цезидің гамма сәулелері.
Мақтаның радиомутанттарын өсімдікке немесе тұқымына радиоактивті
изотоптармен әсер ету арқылы алуға болады, соның бірі – фосфор және күкірт.
Мақтаның түйініне және жапырағына радиоактивті фосформен әсер ету әдісін
Н.Назаров жазып сипаттаған. Сын немесе мутагенді мөлшері тұқымғамаксималды
40-50 % тұқым топырағына жалпы сәуле алған өсімдіктер береді және сақтайды.
Сын және мутагенді мөлшері өліп кететін дозалары мақтаның әрбір түрлеріне
және сорттарына әр-түрлі әсер етеді.
Сын дозасының әсер етуі көптеген факторларға байланысты болады.
әсіресе клеткалар бөлініп жатқанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау
Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері
Мақта дақылының аурулары
Мақта дақылы
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Ауыспалы егістіктің құрамы
Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы
Мақта қоңыр көбелегі
Пәндер