Теңіз мұнай газ кенорындарын игеру


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1) Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері

2) Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Құрлықта мұнай және газ қорының азаюы және энергетикалық кризистердің күшеюі теңіз түбінің қойнауында мұнай газ құрлыққа қарағанда 3 есе көп болатын мұнай газ ресурстарын кеңінен меңгеруді қажет етеді.

Әлем мұхитының 22% аумағын құрлықтың сулы жері құрайды, ол үш аймақтан тұрады: шельф, құрлық, қыр етегі.

Теңіз және мұхит түбінің жалпы аумағында мұнай және газға жуықтап алғанда 75 млн км2 бай, оның ішінде шельфтен 192. 2 км2 млн, құрлықты еңісте 20. 4 млн км2 және құрлықты қыр етегінде 35 млн км2.

Теңіз кен орындарын ең алғаш рет 1824 жылдан бастап игерген.

Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері

Континенталды шельф деп топографиялық жағынан теңіз жағына қарай құрлықтың созылуын түсінеміз. Ол таяз судың деңгейінен еңісі күрт өзгеретін түбекке дейін континенттің жанындағы аймақ. Күрт өзгеретін жерді континенталды шельфтің шеті деп атайды. Көбінесе шетті 200 м тереңдікте шартты белгілейді, бірақ кей жағдайда еңістің күрт ұлғаюы 400 м тереңдіктен немесе 130 м ден аз тереңдікте болады.

Теңіз және мұхит шельфтарының мұнай газ ресурстарын меңгерудің тәжірибесі бойынша, өте үлкен күрделі қаржыға қарамастан теңіз теңіз кен орындарына көмірсутек шикізатын өндіру көп пайданы әкеледі. Шельфте табылған мұнай және газды сатудан келетін пайда шығындарды 4есе өтейді. Акваторияларда іздеу-барлау жұмыстары жалпы кен орынды меңгеруге келетін шығындардан 10-нан 20% дейін құрайды.

Теңіз кен орындарды игеруге қажетті жалпы күрделі қаржы - климаттық жағдайлардан, кен орынның тереңдігінен және қызмет көрсету жаға базасының алыстығынан, алынатын қордан, ұңғылар дебитінен, жалпы бұрғылау үрдісінен, теңіз жабдықтарын орналастырудан, өндіруде, теңіз жағдайында өнімді жинау, дайындау және тасымалдаудан, автоматизациялау аумағында ғылыми - техникалық прогрестен тәуелді болады.

Теңіз мұнай газ кен орындарын меңгеру ерекшеліктеріне келесілер жатқызылады:

- теңіз гидрометрологиялық жағдайларын ескере отырып, арнайы гидротехникалық құрылымдарды(жүзбелі кранмонтажды кемелер, қызмет көрсету кемелері, құбыр қою баржалар және т. б. ), геофизикалық геология ізденіс жұмыстары және мұнай кәсіптік объектілерді құру, бұрғылау, ұңғыларды пайдалану және жөндеу, өнімді жинау, тасымалдау үшін құру;

- жеке стационарлы платформалар, эстакадалы алаңдар, жасанды құрылатын түбектер, өздігінен көтерілетін және жартылай батпалы жүзбелі қондырғылар және басқа құрылымдар арқылы көлбеу бағытталған ұңғылар тобын бұрғылау;

- берілген кен орын немесе кеніш үшін жобалау кезінде рационалды ұңғылар торын таңдау, өйткені теңіз жағдайында үлкен қиындықтармен байланысты олардың тығыздығын өзгертуде, алдын ала құрылған су асты коммуникация желілерін өзгерту қиындық туғызады, ал кей жағдайда мүмкін болмайды;

- ұңғылардын тиімді санын орналастыру үшін стационарлы платформалар, эстакадалық алаңдар, жүзбелі пайдалану палубаларын және басқа құрылымдардың рационалды конструкциясын және санын таңдау (қабаттардың орналасуына, ұңғыларды өткізу мерзімдеріне, ұңғылар арасындағы арақашықтықтан, олардың дебиттеріне байланысты) ;

- гидротехникалық құрылымдар мұнай және газ кен орындарын игеру мерзімдерінде ұзақтылығымен, беріктігімен сәйкес болдыру;

Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар

Табиғи көмірсутектер кеніштерін игеруді қиындататын және тиімділігін төмендететін көптеген әртүрлі факторлар бар. Тиімділігін төмендететін факторлар көбінесе мұнай кен орындарына келеді.

Ең маңызды факторлар болып келетін:

-кеніштің соғылуы бойынша фильтрация - сыйымдылық қаситтерінің біртекті еместігі;

-қабаттағы фазалардың жағымсыз жылжымалы қатынасы;

-газды жоғары жағынан, су төменгі жағынан фильтрациялануға алып келетін фазалардың гравитациялы бөлінуі;

-су және газ конустарының пайда болуы.

Жеке немесе бірге орындалатын осы факторлар қабатты қоршап алу әсерінен төмендеуіне, яғни мұнай бергіштіктің төмендеуіне әкеледі. Мұнай бергіштікке әсер ететін тағы бір факторы - ол, сумен мұнайды ығыстыру тиімділігі. Бұл факторды көбінесе, микроскопиялық қоршап алу коэффициенті деп аталады.

Мұнай «тұтастарының» пайда болуы (яғни, мұнай ығыспайтын зона) көбінесе өткізгіштігі бойынша біртекті емес қабаттарда мұнайды сумен немесе газбен ығыстыру әдісімен байланысты болады. Бұл тиімділік жоғары тұтқырлы мұнайды ығыстыру жағдайда өседі, ығыстырушы(су, газ) және ығыстырушы (мұнай) фазалардың қозғалуларының жағымсыз қатынастары анық болады.

Өткізгіштігі бойынша қабаттың біртекті болуы «сулану тілдерін» құрап, өткізгіштігі төмен қабат участоктерінен өтіп, жоғары мұнайға қанығатын аймақтарда мұнай «тұтастары» пайда болады.

Су және газ конустарының пайда болуы.

Статикалық теңдестіру жағдайларында, яғни ығысу үрдісіне дейін қабаттарда мұнай, газ және су тығыздықтарына сәйкес орналасады. Еркін газ болған жағдайда ол құрылымның жоғарғы жағында орналасқан газ шапкасын құрайды. Одан кейін қабаттың мұнайға қаныққан бөлігі немесе мұнай аймағы, оның астында табан суы орналасады.

Теңіздегі мұнай газ кен орындарын игеру жобасы құрлықтағы кен орындары жобасына қарағанда бір бірінен ерекшеленеді. Бұл жұмыстарды теңізде жүргізудің қиыншылықтары мен спецификалық ерекшеліктері қоршаған ортамен, инженерно-геологиялық көрсеткіштермен, қымбаттылығымен және техникалық жабдықтардың ерекшелігімен, медико-биологиялық проблемалармен, құрылыстың ұйымдастырушылығымен және технологиясымен және теңізде объектілерді пайдаланумен, жұмыстарға қызмет көрсетумен және т. б. байланысты.

Теңізде мұнай газ кен орындарын пайдалану және скважиналарды бұрғылау өте қиын және қымбат процесс болып табылады, бұны теңізде және құрлықта бұрғылаудың технико-экономикалық көрсеткіштері берілген анықтамадан көруге болады.

Шельфтегі игерудің негізгі ерекшелігі шығыны көп және платформаларда қондырғыларды орналастыру үшін орынның жетіспеуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барлау жұмыстары
Маңғыстау мұнай өндіру заводы
Қаламқас кенорнын игеру және геологиялық - географиялық зерттеулерінің тарихы
«Маңғыстаумұнайгаз» өндіру бірлестігі
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Каспий аймағының экологиялық мәселелері және себептері
Мұнай мен газды өндіру
Химиялық технология
Мұнай газ кен орындарын игеру
«Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz