Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі



КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі 5
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны
9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс.әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
16
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.
Қылмыстық іс жүргізу мәселелеріне арналған әдебиеттерде, монографияларда, ғылыми мақалаларда қылмыстық іс қозғау ұғымына түрліше түсінік беріліп жүр. Сондықтан да қылмыстық іс қозғауды көп қырлы ұғым деп санаймыз. Ең алдымен қылмыстық іс қозғауды процессуалдық институт деп атаймыз, яғни қылмыстық іс қозғау сатысында туындайтын мәселелерді реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Екіншіден, қылмыстық іс козғау деп — іс қозғау туралы жазылған процессуалдық актіні айтамыз. Осы іс қозгау туралы процессуалдық акті жазылғаннан кейін, ягни іс қозгау туралы қаулы шыққаннан кейін, тергеу әрекеттері жүргізіле бастайды. Үшіншіден, қылмыстық іс қозғау деп — қылмыстық іс жургізудің жеке (бөлек) тәуелсіз сатысын айтамыз. Қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады.
Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды. Біз қылмыстық іс козғау сатысы жеке, бөлек, тәуелсіз саты дедік, соған орай қылмыстық іс жүргізудің басқа да сатылар сияқты іс қозғау сатысының өзіне тән белгілері, ерекшеліктері болады. Осы белгілері мен ерекшеліктері арқылы қылмыстық іс қозғау сатысын басқа сатылардан айыра білеміз. Мысалы, бұл сатының өзіне тән міндеттері болады. Қылмыс бойынша іс қозғау міндеттері арнаулы лауазымды адамдарға жүктеледі. Іс қозғау жұмыстары заңда көрсетілген тәртіппен реттеледі, ягни процессуалдық нысанда өтеді. Қылмыстық іс қозғау кезеңі нақтылы бір шешім қабылдаумен аяқталады. Қылмыстық іс қозғау қылмыстьіқ іс жүргізудің бастапқы сатысы. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыс белгілері бар іс әрекет туралы мәлімдемелер бойынша іс жүргізуді бастауға фактілік және құқықтық негіздерді анықтап, тиісті шешім қабылдайды. Қылмыстық іс жүргізуге арналған әдебиеттерде іс қозгау көпшілік таныған қылмыстық іс жүргізудің тәуелсіз сатысы деп саналады, яғни іс қозғау іс жүргізудің бөлек, тәуелсіз сатысы деп айтылған. Шындығына келгенде, іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысы екендігіне дау жоқ. Бірақ 30-шы жылдары бұл туралы басқа да пікірлср айтылды. Мысалы, қылмыстық іс қозғау іс жүргізудің өз алдына болек сатысы емес, алдын ала тергеу сатысының басы, бастамасы деп айтылды. Мұндай жағдайда іс қозғалмай түрып тергеу әрекеттері жүргізілмесін деген заң талабы бұзылады, бұл заңсыздыққа әкеп соғады. Сонымен қатар мұндай жағдайда алдын ала тергеу мерзімі қылмыс туралы арыз алғаннан кейін басталады, ал заң бойынша алдын ала тергеу мерзімі іс қозгау туралы қаулы қабылданғаннан кейін басталуы керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады. Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру;
2. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұнын анықтау;
3. Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiн қарастыру;
4. Алдын ала тергеу сатысында
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж (2007.05.21. өзгертулер енгізілген)
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 26.09.2000 // ИКФ “Фолиант” Астана 2000
4. Қазақстан Республикасының “Жедел іздестіру қызметі туралы” заңы өзгертулер мен толықтырулар: 16.07.2001 // құқық қорғау органдары. Алматы 2002
5. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы // құқық қорғау органдары. Алматы 2002
Қосымша әдебиеттер
6. Ароцкер Л.Е. Тактика и этика судебного допроса.-М., 1969.
7. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и применение мер процессуального принуждения. –Караганда, 2000
8. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. –Алматы, 1997.
9. Бажанов С. О мерах принуждения в уголовно-процессуальном законодательстве // Законность, 1996. №3.
10. Бычков С.Ф., Гинзбург А.Я. Следственные действия / Краткий комментарий к уголовно-процессуальному кодексу РК. –Алматы, 1998.
11. Петрухин И.Л. Неприкосновенность личности и прнуждение в уголовном процессе. –М., 1989.
12. Петрухин И.Л. Свобода личности и уголовно-процессуальное принуждение. –М., 1985.
13. Прокурорский надзор. Учебник // под. Ред. Ю.Е.Винокурова. М., 2001.
14. Төлеубеков Б.Х. Қазақстан республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы. 2001.
15. Уголовный процесс // под.ред. Лупинской П.А. М., 2001.
16. Уголовно-процессуальное право Российской Федерации / под.ред. П.А.Лупинской –М., 1998.
17. Уголовный процесс / под.ред. К.Ф.Куценко. –М., 1996.
18. Усманов У.А. Справочник следователя. –М., 1999.
19. Чистякова В.С. Законность и обоснованность применения мер уголовно-процессуального принуждения. –М., 1998.
20. Чувилев А.А. Привлечение следователем и органом дознания лица качестве подозреваемого по уголовному делу. –М., 1982.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ негіздері
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі 5
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен
мазмұны 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН
АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы
ережелерi 16
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл
сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып,
жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi,
әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары
құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала
тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195
бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық
iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу
туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу
нысаны деп есептейдi екен.
Қылмыстық іс жүргізу мәселелеріне арналған әдебиеттерде,
монографияларда, ғылыми мақалаларда қылмыстық іс қозғау ұғымына түрліше
түсінік беріліп жүр. Сондықтан да қылмыстық іс қозғауды көп қырлы ұғым деп
санаймыз. Ең алдымен қылмыстық іс қозғауды процессуалдық институт деп
атаймыз, яғни қылмыстық іс қозғау сатысында туындайтын мәселелерді
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Екіншіден, қылмыстық іс козғау деп
— іс қозғау туралы жазылған процессуалдық актіні айтамыз. Осы іс қозгау
туралы процессуалдық акті жазылғаннан кейін, ягни іс қозгау туралы қаулы
шыққаннан кейін, тергеу әрекеттері жүргізіле бастайды. Үшіншіден, қылмыстық
іс қозғау деп — қылмыстық іс жургізудің жеке (бөлек) тәуелсіз сатысын
айтамыз. Қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті,
міндетті бөлігі болып табылады.
Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды. Біз
қылмыстық іс козғау сатысы жеке, бөлек, тәуелсіз саты дедік, соған орай
қылмыстық іс жүргізудің басқа да сатылар сияқты іс қозғау сатысының өзіне
тән белгілері, ерекшеліктері болады. Осы белгілері мен ерекшеліктері арқылы
қылмыстық іс қозғау сатысын басқа сатылардан айыра білеміз. Мысалы, бұл
сатының өзіне тән міндеттері болады. Қылмыс бойынша іс қозғау міндеттері
арнаулы лауазымды адамдарға жүктеледі. Іс қозғау жұмыстары заңда
көрсетілген тәртіппен реттеледі, ягни процессуалдық нысанда өтеді.
Қылмыстық іс қозғау кезеңі нақтылы бір шешім қабылдаумен аяқталады.
Қылмыстық іс қозғау қылмыстьіқ іс жүргізудің бастапқы сатысы. Бұл сатыда
анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыс белгілері бар іс әрекет
туралы мәлімдемелер бойынша іс жүргізуді бастауға фактілік және құқықтық
негіздерді анықтап, тиісті шешім қабылдайды. Қылмыстық іс жүргізуге
арналған әдебиеттерде іс қозгау көпшілік таныған қылмыстық іс жүргізудің
тәуелсіз сатысы деп саналады, яғни іс қозғау іс жүргізудің бөлек, тәуелсіз
сатысы деп айтылған. Шындығына келгенде, іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің
бірінші сатысы екендігіне дау жоқ. Бірақ 30-шы жылдары бұл туралы басқа да
пікірлср айтылды. Мысалы, қылмыстық іс қозғау іс жүргізудің өз алдына болек
сатысы емес, алдын ала тергеу сатысының басы, бастамасы деп айтылды.
Мұндай жағдайда іс қозғалмай түрып тергеу әрекеттері жүргізілмесін деген
заң талабы бұзылады, бұл заңсыздыққа әкеп соғады. Сонымен қатар мұндай
жағдайда алдын ала тергеу мерзімі қылмыс туралы арыз алғаннан кейін
басталады, ал заң бойынша алдын ала тергеу мерзімі іс қозгау туралы қаулы
қабылданғаннан кейін басталуы керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс
жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады. Қандайда болмасын
қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен
мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру;
2. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен
мазмұнын анықтау;
3. Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы
ережелерiн қарастыру;
4. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқартуды зерттеу.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ негіздері
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі

Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл
сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып,
жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi,
әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары
құрастырылады.
Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы
аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес,
алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не
қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң
шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп
есептейдi екен.
Өйткенi қылмыстық iстiң қысқартылуы арқылы кез-келген қылмыстық қызмет
тоқтатылады, демек, алдын ала тергеу де аяқталады деген сөз. Сондықтан
бұған дейiн заң әдебиеттерiнде айтылып келген қылмыстық iстiң қысқартылуы
алдын ала тергеудiң аяқталуының дербес нысаны болып табылмайды деген
тұжырымның негiзсiз екендiгiне көз жеткiзу қиын емес.
Әсте, мұндай қорытынды жасауға алдын ала тергеудi аяқтау туралы ұғымға
дұрыс анықтаманың берiлмеуi себепшi болса керек. Нақтырақ айтқанда, бұл
ұғым тергеушiнiң айыптау қорытындысын жасар алдында тергеудiң аяқталғаны
туралы шешiм қабылдауымен және оған қатысушыларға iс материалдарын
таныстыруымен түсiндiрiлген. Осы жерде алдын ала тергеудi аяқтаудың басқа
нысандарын қарастырмай-ақ қылмыстық iстi қысқартуды тек тиiстi қаулының
қабылдануымен аяқталатын бiр жолғы техникалық акт ретiнде қарауға
болмайтындығын атап өткiмiз келедi.
Қылмыстық iстi қысқартудағы алдын ала тергеудi аяқтаудың нысаны
ретiнде мазмұны жағынан бiрқатар маңызды мәселелердi шешуге бағытталған
бiртұтас кезеңдi атауға болады.
Бұл кезең, Г. Миньковский дұрыс атап көрсеткендей мынадай iс-
әрекеттердi қамтиды:
а) iс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын талдау және бағалау;
ә) қылмыстық iске қатысты материалдарды жүйелеу және жөнiмен рәсiмдеу;
б) қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны құрастыру;
в) iстi қысқарту туралы шешiмнен туындайтын барлық мәселелердi шешу
(айыпталушыға немесе күдiктiге байланысты бұлтартпау шараларын жою,
мүлiктерге жасалынған тұтқындауды алу, т.б.)
г) iстi қысқарту туралы мүдделi адамдарға хабарлау.
Бұдан басқа, Г. Миньковский және басқа авторлар iстi прокурор
қысқартқан кезде алдын ала тергеудiң қорытынды бөлiгiнде iстiң нәтижесiне
мүдделi адамдардың шағымдарын қарауды да енгiзедi.
Әйткенмен де, А. Дубинскийдiң пiкiрiнше, қылмыстық iстiң қысқартылуын
бақылау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi алдын ала тергеудi
аяқтау ұғымынан тысқары жатыр, өйткенi бұл қызмет iстi қысқарту қажеттiлiгi
туралы аяқталған тергеу мен қорытындыны тексеруде әлдеқашан орныққан. Бұған
тек қылмыстық iстi қысқартудың шарты ретiнде прокурордың келiсiмi заң
жүзiнде қарастырылған жағдай ғана жатпайды.
Алайда бұл тұжырыммен келiсу қиын, себебi прокурор қысқарту нысанында
тергеудiң аяқталуына тек қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы жазылғаннан
кейiн ғана емес, қылмыстық iс қозғалған сәттен бастап қадағалау жасайды
ғой. Прокурордың қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi қызметi
тергеушiнiң барлық әрекеттерiмен, тiптi қылмыстық iстi қысқарту туралы
қаулыны жазғанға дейiн қатар жүредi. Сондықтан алдын ала тергеудiң аяқталуы
мен қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi прокурордың процессуалдық
қызметi арасына қатаң түрде шектеу қоюға болмайды.
Сонымен, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыға жасалған шағымды
қарайтын прокурордың қызметi алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып
табылып, қылмыстық iстi қысқарту кезеңiне енгiзiледi.
Басқа бiр жағдай, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы сотқа
шағымдалған кезде туындайды. Мұндай шағымдардың сотта қаралуы алдын ала
жасалатын өндiрiске сот бақылауының бiр түрi болып табылады. Алайда бiрiншi
сатыдағы соттың осындай қызметiн алдын ала тергеуге жатқызуға болмайды, бұл
сот өндiрiсi.
Әрi бұл өндiрiс сатылық сипатқа жатады: судьяның шешiмi, қаулысы
апелляциялық тәртiппен, сондай-ақ сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы
мүмкiн. Әйткенмен де, аталмыш өндiрiсте кiнәлiлiк немесе кiнәсiздiк
мәселелерi қарастырылмайды, қылмыстық iстi қысқартудың заңдылығы мен
негiздiлiгi тексерiледi. Бәлкiм, бұл сот өндiрiсiн ерекше өндiрiс қатарына
жатқызуға негiздер бар шығар. Негiзiнен “ерекше өндiрiс” ұғымының бар
екендiгi жоққа шығарылмайды. Сiрә бұл кiнәлiлiгi туралы мәселенi шешпейтiн,
қылмыстық материалдық құқық нормаларын қолдану туралы сөз қозғамайтын
өндiрiстер болса керек.
Қорыта айтқанда, қылмыстық iстi қысқарту–бұл алдын ала тергеудiң
құрамдас бөлiгi болып табылатын анықтау органдарының, прокурордың, судьяның
қызметi.
Қылмыстық iстi қысқартудың мәнiн алдын ала тергеудi аяқтаудың бiр
нысаны ретiнде сипаттай келiп, А. Дубинский былай деп ой түйедi: “Қылмыстық
iстi қысқарту – бұл iс бойынша жиналған дәлелдемелердi талдау, бағалау,
қылмыстық iс материалдарын жүйелеу, процеске қатысушылардың (iстiң
нәтижесiне мүдделi) аяқталған өндiрiспен таныстыру, олардан түскен
өтiнiштердi шешу, iстiң мәнi бойынша жасалатын қорытындыны, одан туындайтын
шешiмдердi және оларды жүзеге асыруды тұжырымдау жөнiндегi процессуалдық
әрекеттердiң жиынтығынан тұратын тергеудiң соңғы сатысы”.
Сонымен қатар, қылмыстық iстi қысқарту деп қылмыстық сот өндiрiсi үшiн
талап етiлетiн себептердiң жоқтығы және оны әрмен қарай жүргiзуден бас
тарту туралы өкiлеттi лауазымды адамның шешiмiн бiлдiретiн процессуалдық
акт, яғни қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы немесе ұйғарым ретiнде
түсiнуге болады.
Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының қабылдануы оның қандай
негiздер бойынша (ақтау немесе ақтайтын) тоқталғанына байланысты
шешiлмейдi. Қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес алдын ала тергеу органдары
iс бойынша өндiрiс кезiнде ең алдымен мынадай мәселелердi шешуге мiндеттi:
қылмыс оқиғасы расында орын алды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, бұл
әрекеттi нақтылы бiр адам жасады ма, сол адам жасалған қылмысқа кiнәлi ме.
Осы аталған мәселелердiң бiрi терiс шешiмiн тапқан жағдайда алдын ала
тергеу органдары iс бойынша өндiрiстi тоқтатуға мiндеттi. Қылмыстық iстi
қысқарту туралы шешiм, – Б. Төлеубекова мен Д. Синев атап өткендей, – тек
бұл үшiн iстiң мән-жайлары туралы нақты мағлұмат болған кезде ғана
қабылданады (мысалы, қылмыстық iстi қозғау кезiндегi ықтимал мағлұматтан
өзгеше). Мұндай жағдайда тергеу органдары iстi сотқа жiбермей, өндiрiстiң
басталуына мұрындық болған фактiлердi тергеудi өздерi аяқтайды. Iстi
қысқарту туралы тергеу органының қаулысын тек заңмен көзделген жағдайларда
және белгiленген тәртiп бойынша тиiстi прокурор, сондай-ақ жәбiрленушiнiң
шағымы негiзiнде сот бұзуы мүмкiн.
Iс жүзiнде қылмыстық iстi алдын ала тергеу сатысында қысқарту, сот
қызметiне жататын сатыларға қарағанда жиiрек кездеседi. Бұл негiзiнен
соттардың, әдетте, тек тергеу органдары iстi дер кезiнде қысқартпай,
қателiк жiберген жағдайларда ғана iстi қысқартатындығымен түсiндiрiледi.
Сот алдын ала тергеу материалдарын тексерiп, iстi қысқарту арқылы сол
органдардың қателiктерiн түзетедi.
Сонымен, ҚР ҚIЖК-нiң 269 бабына сәйкес тергеушi, прокурор ҚIЖК-нiң 37,
38 баптарында қарастырылған негiздер мен тәртiптер бойынша қылмыстық iстi
қысқартуға құқылы. Күдiктiнiң немесе айыпталушының қылмыс жасағандығы
дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшiн барлық
мүмкiндiк таусылса, қылмыстық iс қылмыс оқиғасының болмауына, яки әрекетте
қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылады. Бұл жағдайда тергеушi,
прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесiнде
келтiрiлген материалдық зиянды өтеу жөнiнде заңдарда көзделген барлық
шараны қолдануға тиiс. Егер iс бойынша бiрнеше сезiктi, айыпталушы жауапқа
тартылса, ал iстi қысқартуға негiз сезiктiлердiң, айыпталушылардың бәрiне
бiрдей қатысты болмаса, онда қылмыстық iзге түсу жекелеген сезiктiлерге,
айыпталушыларға қатысты қысқартылады. Қылмыстық iстi қысқарту туралы
дәлелдi қаулы шығарылады. Заң жүзiнде iстi тоқтатуға айыпталушының немесе
жәбiрленушiнiң келiсiмi бойынша ғана жол берiлетiн жағдайларда мұндай
келiсiмнiң бар екенi қаулыда көрсетiлуi тиiс. Iс қылмыс оқиғасы, әрекетте
қылмыс құрамы болмаған және айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды
болып табылған не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексiне оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа
шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда қысқартылған ретте, қаулыға оларға
қатысты iс қысқартылған адамдардың кiнәсiз екенiне күмән келтiретiн сөз
орамдарын енгiзуге жол берiлмейдi. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының
көшiрмесi прокурорға жiберiледi.
Iстi қысқарту туралы және қысқарту негiздерi туралы тергеушi
сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбiрленушiге және оның
өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың
өкiлдерiне, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адамға немесе ұйымға
жазбаша хабарлайды. Осы аталған адамдарға iс материалдарымен танысу құқығы
және iстi қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртiбi түсiндiрiледi.
Тергеушiнiң қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысына жоғарыда аталған
барлық адамдар тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады.

1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен
мазмұны

Қылмыстық іс жүргізу міндеттері — қылмыстарды тез және толық ашу,
оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот
талқылауын қамтамасыз етіп қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды
және азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен
бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған
немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету,
сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға,
құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс (ҚІЖК 8-бабы).
Осы міндеттерді жүзеге асыру анықтау және тергеу органдарына,
прокуратура мен сотқа жүктеледі. Айтылған органдар қызметінің тиімділігі
көптеген жағдайда іс жүргізуде мәжбүрлеу шараларын қолдануда заңдардың
бұлжыптай орындалуына байланысты. Көбінесе қылмыстық іс жүргізу заңында
көрсетілген міндеттерді Қазакстан азаматтары өз еркімен және адал ниетпен
орындауға ұмтылатыны байқалады. Ал олардың арасынан бұған онша көніл
аудармай, немқүрайлықпен қарайтындар да кездссіп калады. Олар өздсріне
жүктелген міндеттерді орындамайды, кылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын
жүргізуге қарсы әрекет жасап, айғақ заттарды жояды, ұрланған заттарды
жасырады, куәларды қорқытып, дұрыс жауап бермеуге азғырады, алдын ала
тергеу органдарынан, соттан бой тасалап кетеді және басқа да әрекеттср
жасайды.
Айтылған көзге қораш әрекеттерді түбірімен жойып, олардың алдын алу
немесе бейтарап қалдырмас үшін үкімет алдын ала тергеу органдарынан,
прокурор мен соттан тәрбие жөне насихат жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Өз міндеттерін қасақана орындамайтын қылмыстық іс жүргізуғе қатысушыларға
мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін, оның ішінде азаматтардың бас
бостандықтарын шектейтін шаралар да бар.
Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары құқық ережелерін (нормаларын) тиісті
мәнде жүзеге асыруға игі әсерін тигізеді. Кезінде В. И. Ленин бұл мәселе
туралы: Құқық нормаларын орындауды ықтиярсыз көндіретін аппарат болмаса
құқық ештеңе де емес деген болатын.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінде қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шаралары іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары деп аталады.
Кылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізгенде
қолданылатын мәжбүрлеу шаралары іс бойынша дәлелдемелерді дұрыс жинауды,
ақиқатты анықтауды қамтамасыз етеді жжәне қандай да қылмыс болмасын, ол
ашылады деген ұғымды, қылмыстық жауапкершіліктен ешкім де құтыла алмайды
деген қағиданы жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Қылмыстық іс бойынша қолданылатын мәжбүрлеу шараларының мәні мен
мақсатына, міндеттеріне байланысты олар төмендегдей бес топқа бөлінеді:
1. Қылмыстың алдын алуға арналған шаралар (сезіктіні ұстау, ұйғарым
ұсыну, т.б.).
2. Іс бойынша дәлелдемелер жинауға, тексеруге, багалауға және
ақиқатты анықтауға арналған шаралар (еріксіз келтіру, алып келу,
тінту, зат алу, хат-хабарға тиым салу, т.б.).
3. Алдын ала тергеуді, істі сотта қарауды, сот мәжілісіне айыпкерді
қатыстыруды қамтамасыз ететін шаралар (шақыру, қолхат алу, тағылған
айыптың мәнін түсіндіру, сот отырысы залынан шығарып жіберу және
т.б.)
4. Үкімнің орындалуын қамтамасыз ететін шаралар.
5. Қылмыстың зардабынан келген зиянның орнын толтыруға немесе мүліктің
тәркіленуін қамтамасыз ететін шаралар.
Казіргі қолданыстағы заңға сәйкес және көптен уақыттан бергі
қалыптасқан түсінік бойынша бұлтартпау шаралары іс жүргізулік мәжбүрлеу
шараларының бір түрі болып саналып, тек жалғыз айыпталушыға ғана
қолданылады. Ерекше жағдайларда ҚІЖК 142-бабына сәйкес бұлтартпау
шаралары қылмыс жасады деп сезікті ретінде ұсталған адамға қолданылуы
мүмкін. Бұлтартпау шаралары не үшін қолданылады? Олардың мақсаты не? Бұл
сұраққа жауап беретін болсақ, бұлтартпау шаралары — біріншіден, айыпкер
тергеуден соттан бой тасалап қалмасын; екіншіден, қылмыстық іс бойынша
ақиқатты анықтауға кедергі жасамасын; үшіншіден, қылмыс жасаумен
шұғылданбасын, қылмыс жасауын жалғастырмасын; төртіншіден, сот үкімі
орындалсын деген мақсатта қолданылады. Қылмыстық іс бойынша алдын ала
тергеу жүргізгенде қолданылатын мәжбүрлеу шараларының ерекше белгілері
мынадай:
1. Мәжбүрлеу шаралары тек қана алдын ала тергеу сатысында
және басты сот талқылау сатысында қолданылады.
2. Мәжбүрлеу шараларын тек қана қылмыстық іс жүргізуге
толық құқылы мемлекет органдары ғана қолданады
(анақтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура мен сот
органдары).
3. Мәжбүрлеу шаралары іске қатысушы айыпталушы мен сезіктінің саяси,
еңбек, мүліктік және басқа құқықтары мен
бостандықтарын пайдалануына кедергі жасайды. құқықтарын пайдалануын
тежейді.
4. Айыпталушыға, сезіктіге моралдық, психологиялық жағынан ықпал
жасайды, заң талабына сәйкес тергеушінің айтқаны еріксіз істетіледі
деген пікір тудырады.
5. Мәжбурлеу шараларын қолдану негізі, шарттары, шегі,
тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген.
6. Мәжбүрлеу шараларын қолдану заңды, дәлелді және орынды болуы тиіс.
Өздерінің қызметіне карай мәжбүрлеу шаралары екі түрге бөлінеді.
Біріншісі — бұлтартпау амалдары (меры принуждения). Екіншісі - қамтамасыз
ету құралдары (амалдары) (меры (средства) обеспечения).
Бұлтарпау амалдарына жататын мәжбүрлеу шаралары мынадай:
– бұлтартпау шаралары (139-156-баптар);
– айыпталушының анықтаушыға, тергеушіге, сотқа келуі туралы
міндеттемесі (157-бап);
– қылмыс жасады деп сезік келтірген адамдьг ұстау (132-бап);
– қамауға алу (150-бап);
– алып келу (мәжбүрлеп әкелу) (158-бап);
– айыпталушыны іздестіру (267-бап);
– айыпталушыны қызметінен уақытша шеттету (159-бап);
– басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында
қолданылатын шаралар (327-бап).
Жоғарыда көрсетілген бұлтарпау шаралары не үшін қажет деген сұраққа
былай деуге болады, біріншіден, айыпталушының өз еркімен орындамаған
міндеттерін еріксіз орындату, екіншіден, іске қатысушылар арасында дұрыс
қарым-қатынас туғызу, сол қатынасты нығайту. Басқаша айтқанда, бұлтартпау
амалдары айыпталушының тәртібіне байланысты сот әділдігіне зиян келтіретін
әрекеттерді жоюға арналған.
Қамтамасыз ету амалдарына мынадай тергеу әрекеттері жатады:
– тінту (230-бап);
– алу (231-бап);
– мүлікке тиым салу (161-бап);
– сот-медициналық және психиатриялық сараптама жүргізу үшін
медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру (14 және 247-бап).
Қамтамасыз ету амалдарының қызметі — қылмыстық іс жүргізу міндеттерін
сөзсіз орындау үшін процессуалдық шарттар жасау.
Бұлтартпау шаралары ұғымына (түсінігіне) байланысты әдебиеттерде
ғалымдар әр түрлі пікір айтады. Бірақ осы шаралардың негізін сипаттағанда
олардың арасынан онша алшақтық байқалмайды.
Бұлтартпау шаралары деп айыпкердің жауапкершіліктен жалтаруына жол
бермес үшін тергеушінің қолданатын шараларыи айтады.
Толықтыра айтсақ, бұлтартпау шаралары дегеніміз – айыпкердің бас
бостандығына шек қоятын, құқықтарын қолдануына кедергі келтірітін,
айыпкердің жауапкершіліктен жалтаруына жол бермейтін тергеушінің қолданатын
шаралары.
Бұлтартпау туралы мәселені толық түсіну үшін бұлтартпау шаралары мен
жасаған қылмыс үшін қолданылатын жазаның айырмашылығына тоқталатын болсақ.
Біріншіден, жаза кінәлі адамға соттың үкімімен ғана қолданылса,
бұлтартпау шаралары айыпталушыға немесе сотталушыға не ерекше жағдайларда
сезіктіге ғана қолданылады.
Екіншіден, жаза қолдану негізі — адамның кінәлілігі, ал бұлтартпау
шараларының қолдану негізі — айыпталушы жауапкершіліктен жалтарады деген
жеткілікті дәлелдемелердің болуы.
Үшіншіден, жаза соттың үкімімен тағайындалады, ал бұлтартпау шаралары
тергеушінің қаулысымен қолданылады.
Төртіншіден, жаза сот мәжілісінде тағайындалады, ал бұлтартпіау
шаралары қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында қолданылуы мүмкін.
Бесіншіден, жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сотталған адамды түзеу, ал бұлтартпау шараларының мақсаты
— қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауга шарт жасау.
Бұлтартпау шараларының ерекше түрі — қамауға алу (арест). Практикада
да, теорияда да бұл бұлтартпау шарасын әртүрлі атайды: қамауда ұстау
(содержание под стражей), алдын ала тұтқындау (предварительный арест),
алдын ала қамау (предварительное заключение), қамауға алу (арест).
1997 жылғы 13-желтоқсанда қабылданған қазіргі қолданыстағы ҚІЖК 150-
бабына сәйкес бұл бұлтартпау шарасы Қамауға алу (арест) деп аталады.
Бұл жерде мағынасы бір болғанымен қамауға алу мен тұтқындау сөздерін
бірінің орнына бірін қолдана беруге болмайды. Жалпы, тұтқындау деген сөз
Конституцияда қолданылғанымен қылмыстық іс жүргізу заңында қолданылмайды.
Оның себебі, біздің ойымызша, тұтқындау терминінің құқықтың басқа
салаларда қолданылуында, мәселен, әкімшілік жолмен тұтқындау, тәртіптік
тұтқындау деген сияқты.
Қамауға алу — ең қатаң да қатал бұлтартпау шарасы, себебі адамды бас
бостандығынан айырып, қамауда ұстау мекемелерінің қатаң тәртіптерін
бұлжытпай орындауға мәжбүр етеді.
Бұлгартпау шарасы ретінде қамауға алу заң бойынша екі жылдан артық
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған
айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолдатады.
Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жыл-артық емес
мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс
бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылуы мүмкін, егер:
– оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты жері болмаса;
– оның жеке басы анықталмаса;
– ол бұрын да қолданылған бұлтартпау шарасын бұзған болса;
– ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса
немесе жасырынса.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу негіздері:
– айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден, соттан жалтарса;
– істі сотта объективті зерттеуге және талқылауға бөгет жасаса;
– қылмыстық әрекеттермен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға
жеткілікті дәлелдер болған кезде;
– үкімнің орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі болған кезде.
Инквизициялық іс жүргізуде қамауға алу айыпталушының кінәсін
дәлелдеуге, оның кінәсін еріксіз мойындатуға, көндіруге арналған.
Азаматтарды қинау, азаптау, тергеу изоляторында ұзақ ұстау, оларды
кінәсін мойындатуға мәжбүрлеу болып саналады. Ал қазіргі қолданылып
жүрген заң бойынша, яғни ҚІЖК бойынша қинауға, азаптауға жол берілмейді.

Қамауға алу мақсаты – айыпталушының заңға қайшы келетін жат
қылықтарының алдын алу, кейде қамауға алу кінәсіздік презумпциясы
қағидасына қайшы келеді деген пікір туғызуы мүмкін. Кінәсіздік презумпциясы
бойынша қылмыстық жауапқа тартылған азамат соттың заңды күшіне енген
үкімімен белгілегенге дейін, кінәсіз деп саналалы. Айыпкер кінасыз деп
саналады, бірақ ол қамауға алынады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында, адамның кінәлі
екендігі заңды күшіне енген сот-үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа
кінәлі емес деп есептеледі делінген. Соған байланысты айыпталушыны қамауға
алғанда, тергеушінің оны кінәлі деп санау жөніндегі шешім жасауы әлі күнге
дейін шешілген жоқ. Әсіресе айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартпай тұрып,
оның кінәлі екендігіне көз жеткізбей қамауға алу, абақтыда ұстау заңсыз
және заң ережелеріне сыйыспайды.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН
АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы
ережелерi

Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген
адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен
мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн
түсiндiредi.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi
уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және
қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен алудың ғылыми
негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге
де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi
мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.
Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн
тартуға құқылы.
Алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр iс
жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiнде тергеушi қаулы шығарады, онда оның
жасалған орны мен уақыты, тергеушiнiң аты-жөнi мен лауазымы, қабылданатын
шешiмнiң мәнiсi мен негiздерi, қаулының осы Кодекстiң қай бабына негiзделiп
шығарылатыны көрсетiледi. Қаулыға тергеушi қол қояды.
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында
немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.
Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы
мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға
түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба,
дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.
Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және
аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы мен аты-жөнi;
тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал
қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi. Хаттамада iс жүргiзу
әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi
бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға
түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме бедерi мен
таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны
жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану
жағдайлары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және алынған
нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық
құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге
қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
Танысу үшiн хаттама тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық
адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау құқығы
түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертпелер, толықтырулар,
түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға
тиiс.
Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер
және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды. Тергеу
iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн
болмаған жағдайда бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 126-бабының
сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық
негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар,
бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң көшiрме
бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу нәтижелерi
бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тiркеледi, ол
туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
Жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң, куәнiң және олардың жақындарының
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған кезде
тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында
олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеушi
жеке басы туралы деректердi құпия сақтау туралы қабылданған шешiмнiң
себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген және ол қатысқан
тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол қолданатын қол қоюдың үлгiлерi
келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрi қылмыстық iстi
тергеген органда сақталатын конвертке салынып, желiмделедi, оның
iшiндегiлермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-
жайларды анықтаған тергеушi тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе
оларда басқару қызметiн атқаратын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа
заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұйғарым ұсынуға
құқылы.
Ұйғарым қабылданған шаралар туралы бiр ай мерзiм iшiнде мiндеттi түрде
хабарлай отырып қаралуға тиiс.
Алдын ала тергеу деректерi жария етiлмеуге тиiс. Олар, егер бұл тергеу
мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушiнiң, анықтаушының,
прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сондай
көлемде жария етiлуi мүмкiн.
Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге,
азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға,
аудармашыға, куәгерлерге және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде
қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге
жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы аталған адамдардан олардың
жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.

2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту

Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл
сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып,
жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi,
әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары
құрастырылады.
Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы
аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес,
алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не
қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң
аяқталу нысаны деп есептейдi екен.
Өйткенi қылмыстық iстiң қысқартылуы арқылы кез-келген қылмыстық қызмет
тоқтатылады, демек, алдын ала тергеу де аяқталады деген сөз. Сондықтан
бұған дейiн заң әдебиеттерiнде айтылып келген қылмыстық iстiң қысқартылуы
алдын ала тергеудiң аяқталуының дербес нысаны болып табылмайды деген
тұжырымның негiзсiз екендiгiне көз жеткiзу қиын емес.
Мұндай қорытынды жасауға алдын ала тергеудi аяқтау туралы ұғымға дұрыс
анықтаманың берiлмеуi себепшi болса керек. Нақтырақ айтқанда, бұл ұғым
тергеушiнiң айыптау қорытындысын жасар алдында тергеудiң аяқталғаны туралы
шешiм қабылдауымен және оған қатысушыларға iс материалдарын таныстыруымен
түсiндiрiлген. Осы жерде алдын ала тергеудi аяқтаудың басқа нысандарын
қарастырмай-ақ қылмыстық iстi қысқартуды тек тиiстi қаулының қабылдануымен
аяқталатын бiр жолғы техникалық акт ретiнде қарауға болмайтындығын атап
өткiмiз келедi.
Қылмыстық iстi қысқартудағы алдын ала тергеудi аяқтаудың нысаны
ретiнде мазмұны жағынан бiрқатар маңызды мәселелердi шешуге бағытталған
бiртұтас кезеңдi атауға болады.
Бұл кезең, Г. Миньковский дұрыс атап көрсеткендей мынадай iс-
әрекеттердi қамтиды:
а) iс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын талдау және бағалау;
ә) қылмыстық iске қатысты материалдарды жүйелеу және жөнiмен рәсiмдеу;
б) қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны құрастыру;
в) iстi қысқарту туралы шешiмнен туындайтын барлық мәселелердi шешу
(айыпталушыға немесе күдiктiге байланысты бұлтартпау шараларын жою,
мүлiктерге жасалынған тұтқындауды алу, т.б.)
г) iстi қысқарту туралы мүдделi адамдарға хабарлау.
Бұдан басқа, Г. Миньковский және басқа авторлар iстi прокурор
қысқартқан кезде алдын ала тергеудiң қорытынды бөлiгiнде iстiң нәтижесiне
мүдделi адамдардың шағымдарын қарауды да енгiзедi.
Әйткенмен де, А. Дубинскийдiң пiкiрiнше, қылмыстық iстiң қысқартылуын
бақылау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Жедел іздестіру қызметінде қоданылатын техникалық құралдар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану
«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» пәнінен дәрістер
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Жауап алуды жүргізудің қағидалары
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Пәндер