Жалгерліктің мәні мен мазмұны



Жоспар

Кіріспе 3

1. Жалгерліктің мәні мен мазмұны 4
1.1. Жалгерліктің мазмұны 4
1.2. Жалгерліктің жіктелуі 11

2.Операциондық жалгерліктің есебін ұйымдастыру 20
2.1. Операциондық жалгерлік кезінде жалгердегі жалдау есебі 20
2.2 Операциондық жалгерлік кезінде жалға берушідегі жал есебі 25

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 35
Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігінесатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері; жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктің қайтарудың тәртібі және тағы басқа қарастырылады. Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді. Жалгерлік есеп №17-ші « Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және №17 Қаржылық есептің халықаралық стандартымен реттеледі. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын, пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін. Заң актілерінде мүлікті жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік түрлері белгіленуі мүмкін. Заң актілерінде тұрғын үй жайларды, жер учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның ішінде коцессиялық келісімдер негізінде, сондай ақ өзге де жағдайларда мүлікті жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Мүлікті жалдау шартында жалға алушыға мүлікті жалдау объектісі ретінде берілуге тиесілі мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге тиіс, шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлікті жалдауға берілуге тиесілі объект туралы талап тараптарымен келісілмеген деп, ал тиісті шарт жасалмаған деп есептеледі.
Осы курстық жұмысымда мен жалпы жалгерліктің мазмұнын, оның берілу мерзімін, жалгерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жалгерліктің жіктелуін, мүліктің түріне және қатынастардың сипатына қарай қалай бөлінетінін, халықаралық практикадағы түрлерін, азаматтық кодекске сәйкес қандай шарттардан тұратынын анықтаймын. Және де жалгерліктің есебіне операциондық жалгерлік кезінде жалгерден жалдау есебін және операциондық жалгерлік кезінде жалға берушідегі жал есебін қалай жүргізетінін қандай корреспонденция арқылы жасалатынын анықтаймын.

1. Жалгерліктің мәні мен мазмұны
1.1. Жалгерліктің мазмұны
Жалгерлік-бұл кәсіпорындар мен өзге муліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердіңшаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді,қайтарымды түрде пайдалану. Жалдау нәтижесіндежалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізднлген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші-жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алды.
Жалгер-бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңдыжәне жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.
Жалдау шарты- бұл тараптардың еркінділігі толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.
Мүлікті жалдау шартының нысаны
1. Бір жылдан астам мерзімге жасалған,ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ,мүлік жалдау шарты жахбаша түрде жасалуға тиіс.
2. Қозғалмайтын мүлікті мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады.
3. Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.
4. Мүлікке меншік құқығының кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтінмүлік жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады.

Жалгерлік мерзімі- жалгер мүлікке жалгерлік шарт жасайтын нақтылы мерзім уақыты,сондай-ақ жалгерлік мерзімінің басындаескерілген, жал иесі құқықты, жалгерлік мерзімін одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейінгі мерзім. Егер мүлік жалдау шарты мерзімі көрсетілмей жасалса, ол белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай шарттан кез келгенуақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай ішінде бас тартуға құқылы. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың барынша ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдуу мерзімі белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім біткенге дейін тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шекті мерзімнің бітуіне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң актілерінде белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ мерзімге тең етіп жасалған деп есептеледі.
Мүлікті жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
1. Жалға алынған мүлікті пайдалану үшін төлемді, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта белгіленген тәртіп, мерзім мен нысан бойынша жалға алушы төлейді.Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ресми мәтіні: «2000 жылғы 1 сәуіріне дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында», А., «Жеті жарғы» 2000 ж.- 560 б.,
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті, «Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары», А., «Кәусар бұлақ», 1999 ж.-522 б.,
3. Баймұханова С.Б., «Бухгалтерлік есеп».А: Издат Маркет, 2005 ж. 312-бет.
4. Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп», А., «Эканомика», 2005 ж. 310-бет.
5. «Международные стандарты финансовой отчетности», М., «Аскери», 2004ж. 752 – б.,
6. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жалтаева А.Ә., «Қаржылық есеп» , А., «Экономика», 2001 ж.330-б.,
7. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., «кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», А., «Қазақстан - аудит орталығы» 2002 ж. 656- б.,
8. Вахрушина Н.А., Мельникова А.А., Пласкова И.С., «Международный стандарт учет и финансовой отчетности», М., «Вузовский учебник», 2005 г.
9. Нурсеитов А.О., МСФО «Аренда», Бюллетень бухгалтера №4 МСФО 2003 г.
10. Бухгалтерлік Бюлитені, №41 Қазан, «Бико» 2001 ж.
11. Файл бухгалтера, «особенности учета арендных операции», ЦДБ №36 (180) 7-13 Сеньтября 2004 г.
12. Бектаев Қалдыбай, «сөздік», А., 2001 ж.
13. Насырова М.Р., Тоқсанбай С.Р., Құлпыбаев С.К., Гуляева С.П., «Қазіргі экономикалиқ орысща-қазақша түсіндірме сөздік анықтамалық», А., 2003 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1. Жалгерліктің мәні мен мазмұны 4
1.1. Жалгерліктің мазмұны 4
1.2. Жалгерліктің жіктелуі 11
2.Операциондық жалгерліктің есебін ұйымдастыру 20
2.1. Операциондық жалгерлік кезінде жалгердегі жалдау есебі 20
2.2 Операциондық жалгерлік кезінде жалға берушідегі жал есебі 25
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 35

Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем
қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігінесатып алғанша, басқа
субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни
жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға
берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері; жалдың мерзімі;
жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша
тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктің қайтарудың
тәртібі және тағы басқа қарастырылады. Негізінен алғанда, жалға алу нысаны
оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған
келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №17-ші Жалгерлік есеп деп аталатын бухгалтерлік есептің
стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және №17 Қаржылық есептің халықаралық
стандартымен реттеледі. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер
учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды
пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар
(тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. Егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын, пайдалану құқығы және басқа
да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін. Заң актілерінде
мүлікті жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік
түрлері белгіленуі мүмкін. Заң актілерінде тұрғын үй жайларды, жер
учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның ішінде
коцессиялық келісімдер негізінде, сондай ақ өзге де жағдайларда мүлікті
жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Мүлікті жалдау шартында жалға алушыға мүлікті жалдау объектісі ретінде
берілуге тиесілі мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге
тиіс, шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлікті жалдауға берілуге
тиесілі объект туралы талап тараптарымен келісілмеген деп, ал тиісті шарт
жасалмаған деп есептеледі.
Осы курстық жұмысымда мен жалпы жалгерліктің мазмұнын, оның берілу
мерзімін, жалгерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жалгерліктің
жіктелуін, мүліктің түріне және қатынастардың сипатына қарай қалай
бөлінетінін, халықаралық практикадағы түрлерін, азаматтық кодекске сәйкес
қандай шарттардан тұратынын анықтаймын. Және де жалгерліктің есебіне
операциондық жалгерлік кезінде жалгерден жалдау есебін және операциондық
жалгерлік кезінде жалға берушідегі жал есебін қалай жүргізетінін қандай
корреспонденция арқылы жасалатынын анықтаймын.

1. Жалгерліктің мәні мен мазмұны
1.1. Жалгерліктің мазмұны
Жалгерлік-бұл кәсіпорындар мен өзге муліктік кешендер арасындағы шартқа
негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердіңшаруашылық
немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді
мерзімді,қайтарымды түрде пайдалану. Жалдау нәтижесіндежалға беруші мен
жалгер арасында жалдау шартына негізднлген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші-жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті
жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ
заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алды.
Жалгер-бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке
тұлға. Заңдыжәне жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды
тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.
Жалдау шарты- бұл тараптардың еркінділігі толық тең құқықтылығы негізінде
жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер
мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге
әкеп соқтырмайды.
Мүлікті жалдау шартының нысаны
1. Бір жылдан астам мерзімге жасалған,ал егер тараптардың біреуі заңды
тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ,мүлік жалдау шарты жахбаша түрде
жасалуға тиіс.
2. Қозғалмайтын мүлікті мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше
белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады.
3. Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты
ауызша түрде жасалуы мүмкін.
4. Мүлікке меншік құқығының кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтінмүлік
жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген
нысанда жасалады.

Жалгерлік мерзімі- жалгер мүлікке жалгерлік шарт жасайтын нақтылы мерзім
уақыты,сондай-ақ жалгерлік мерзімінің басындаескерілген, жал иесі құқықты,
жалгерлік мерзімін одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа
да кез-келген одан кейінгі мерзім. Егер мүлік жалдау шарты мерзімі
көрсетілмей жасалса, ол белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта
өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай
шарттан кез келгенуақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай
ішінде бас тартуға құқылы. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген
түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың
барынша ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта
жалдуу мерзімі белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім
біткенге дейін тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шекті
мерзімнің бітуіне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң актілерінде
белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ мерзімге
тең етіп жасалған деп есептеледі.
Мүлікті жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
1. Жалға алынған мүлікті пайдалану үшін төлемді, егер заң актілерінде
өзгеше көзделмесе, шартта белгіленген тәртіп, мерзім мен нысан бойынша
жалға алушы төлейді.Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы
мән- жайларда әдетте сол сияқты мүлікті жалға алған кезде қолданылатын
тәртіп,мерзім мен нысан белгіленген деп есептеледі.
2. Төлем барлық жалданылған мүлік үшін тұтас немесе оның құрамдас
бөліктерінің әрқайсысы бойынша жеке:
o Мерзімдік немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің тұрлаулы
сомасында белгіленген;
o Жалданылған мүлікті,өнімді, жемістерді немесе кірістерді
пайдалану нәтижесінде алынған белгілі бір үлес;
o Жалға алушының белгілі бір қызмет көрсетулері;

o Жалға алушының шартта келісілген затты жалға берушінің меншігіне
немесе жалдауына беруі;
o Жалға алушыға жалданылған мүлікті жақсарту жөнінде шартта
келісілген шығындарды жүктеуі түрінде белгіленеді.
3. Мүлікті пайдаланғаны үшін жасалатын төлем мөлшері, егер тараптардың
келісімінде өзгеше көзделмесе, көп дегенде жылына бір рет өзгертілуі
мүмкін. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-
ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін жасалатын төлем мөлшерін
қайта қарауға өзге де ең аз мерзімдер көзделуі мумкін.
4. Орталықтандырылып белгіленген баға мен тарифтер өзгертілген жағдайда
тараптардың біреуінің талабы бойыншатөлем мөлшері қайта қаралуы
мүмкін.
5. Егер жалға алушы мауап бермейтін мән-жайларға байланыстышартта
көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүліктің жай-күйі едәуір
нашарлап кетсе, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ол төлемді тиісінше
азайтуды талап етуге құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін
төлеу төлеу мерзімін елеулі түрде бұзған жағдайда жалға беруші белгіленген
мерзімнен бұрын төлеуді талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға берушінің
төлемді қатарынан екі мерзімнен астам уақытқа мерзіміненбұрын төлеуді талап
етуге құқығы жоқ.
Жалгерлік төлемінің ең аз мөлшері - жалгердің жалгерлік мерзім ішінде
(көрсетілген қызметтер құны мен салықтардың шегерілімін жал иесі төлеуі
және оған қайтарылуы керек ) жүзеге асыруға міндетті төлемдері, сондай-ақ:
Жалгерлер тарапынан- оған байланысты олардың немесе жақтардың кепілдеме
берген кез-келген сомасы;
Жал иесі тарапынан- жалгердің немесе жақтардың жал иесіне кепілдеме берген,
бұл кепілдемені қаржымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, оған немесе
тәуелсіз үшінші жаққа байланысты кез-келген қалдық сомасы.
Өткізілім құны-мәмілешілер арасында айырбасталуы мүмкін мүліктер,
тәуелсіз жақтардың мәміле жасауға даяр сомасы.
Кепілдік берілмеген құн қалдығы- бұл, жал иесіне байланысты жалгердің
өткізуге кепілдік бермеген немесе өткізуге тек жақтар ғана кепілдік беретін
мүлікті жалға беруденқалған құн қалдығы.
Жалгерлікті жалпы күрделі қаржыландыру-қаржыландырылатын жалгерлік
төлемнің ең аз сомасының оған мүліктің кепілдік бермеген құн қалдығы
қосқандағы жиынтығы.
Өткізілмеген табыс- жал иесінің жалгерлікті жалпы күрделі қаржыландыру
және жалға берілген уақыттағы дисконтталған мүлік құны арасындағы айырма
Жалгерлікті таза күрделі қаржыландыру-жал иесінің жалгерліктікүрделі
қаржыландыру және пайдаланылмаған табыс арасындағы айырма.
Жалға беру кезінде көзделген пайыздық мөлшерлеме- жалгерлік басында ең аз
мөлшерлі жалгерлік төлемдерді айқындау үшін мүліктің дисконттық құнын
анықтайтын және жалгерлік активтердің ағымдағы құны бойынша жалгерлік
басында кепілдік бермеген қалдығыны дисконтық мөлшері.
Жалгердің қарыздық қорының пайыздық мөлшерінің өсуі : жалгердің соған
ұқсас жалға төлеуі керек болатын пайфздық мөлшері немесе жалгердің жалға
алу барысында сондай мерзімге активтер сатып алу үшін несиелерді
пайдалануды қабылдайтын мөлшер.
Қатер деп-белгісіз жағдайлар салдарынын жүз беруі мүмкін шығындар
айтылады, мысалы жабдықтардың тқтап қалуы,ескі технологиянықолданғандықтан
күтілген пайданың алынбауы.
Мүлікті жалға алушыға беру: жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт
талаптары мен мүліктің мақсатына сәйкес келетін күйде беруге міндетті. Егер
шартта өзгеше көзделмесе, мүлік жалға оның барлық керек-жарақтарымен және
оған қатысты құжаттармен (мүліктің жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын,
пайдалану тәртібін куәландыратын және т.б. құжаттарымен) бірге беріледі.
Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар барілмеген болса, адайда жалға
алушы мүлікті оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу
кезінде үміт етуге құқығыболғанынан едәуір дережеде айрылатын болса, ол
өзіне жалға берушіден мұндай керек-жарақтай мен құжаттарды беруді немесе
шартты бұзудыталап ете алады
1. Жалға берушінің жалға берілген мүліктің кемшіліктері үшін
жауапкершілігі: Жалға беруші жалға берілген мүліктің оны пайдалануға толық
немесе ішінара кедергі жасайтын кемшіліктері үшін, тіпті ол шарт жасалған
кезде бұл кемшіліктер туралы білмесе де, жауап береді.Осындай кемшіліктер
табылған жағдайда жалға алушы жалғаберушіден өз қалауы бойынша:
• мүліктің кемшіліктерін тегін жоюды;
• жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;
• жалға берушіге бұл туралы алдын ала хабарлай отырып, сол
кемшіліктерді жою жолында өзі жасаған шығындар сомасын мүлікті
пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен ұстап қалуды;
• шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
2. Жалға алушының талаптары туралы немесе оның мүліктің кемшіліктерін
жалға берушінің есебінен жою ниеті туралы хабарланған жалға алушының
келісімімен жалға берілген мүлікті тез арада тиісті жағдайда тұрған басқа
осыған ұқсас мүлікпен ауыстыра алады не мүліктің кемшіліктерін тегін жоя
алады.
3. Егер жалға алушының талаптарын қанағаттандыру немесе оның мүлкі
пайдаланғаны үшін жасалатын төленен кемшілікті жоюға кеткен шығындарын
ұстап қалу жалға алушыға келтірілген залалды өтеуге жетпесе, ол шығынның
өтелмеген бөлігін өтеуді талап етуге құқылы.
4. Жалға беруші жалға берілген мүліктің шарт жасасқан кезде айтылған
немесе жалға алушыға бұрыннан белгілі болған кемшіліктері үшін жауап
бермейді.
Жалға берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтары: мүлікті жалға беру
бұл мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарын тоқтату немесе өзгерту үшін негіз
болып табылмайды. Жалға беруші шарт жасасқан кезде жалға алушыға жалға
берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл
құқығы және т.б.) туралы ескертуге міндетті. Бұл ережені орындамау жалға
алушыға мүлікті пайдаланғаны үшін төлемді азайтуды не шартты бұзуды талап
етуге құқық береді.
Жалға алушының жалға алынған мүлікке билік ету шегі
Жағдайларда, қайта жалға беруді қоспағанда, жалға алушы жалға берушінің
алдында шарт бойынша жауапты болып қала береді. Мүлікті басқа тұлғаларға
беру туралы шартту жалдау шартының мерзімінен асатын мерзімге жасауға
болмайды. Қайта жалға беру шартын, егер заң актілеріне өзгеше көзделмесе,
мүлік жалдау шарты туралуы ережелер қолданылады.
Жалға берушінің жалға берілген мүлікті ұстап-тұту жөніндегі міндеттері
1. Жалға беруші жалға берілген мүлікке тараптармен келісілген
мерзімдерде, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
есебінен күрделі жөндеу жүргізге міндетті.
2. Жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайда болып ,
шұғыл қажеттілік туғызған жөндеуді, егер заң актілерінде немесе шартта
өзгеше көзделмесе, жалға беруші қисынды мерзімдерде өз есебінен
жүргізеді.
3. Жалға берушінің күрделі жөндеу жөніндегі міндеттерін атқармауы жалға
алушыға өз қалау боцынша:
• Жөндеуді өз бетінше жүргізуіне және жөндеу құнын жалға берушіден
өндіріп алына;
• Жөндеу құнын шарт бойынша төлемнің есебіне есептеуіне;
• Шарт бойынша төлемді тиісінше азайтуды талап етуіне;
• Шарттан бас тартуына құқық береді.
Жалға алушының жалданған мүлікті ұстап-тұту жөніндегі міндеттері
Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті дұрыс
күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеуді өз есебінен жүргізуге және мүлікті
ұстап-тұтуға кететін шығымдарды көтеруге міндетті.
Жалға алушының жалданған мүліктен алынатын өнімге, жемістерге және өзге
де кірістерге меншік құқығы
Жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде жалға алушының алған өнімі,
жемістері және өзгеде кірістері, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, оның меншігі болып табылады.
Мүлікті жақсарту
Жалданған мүліктің жалға алушы жүргізген бөлігінің ажыратылып
жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады.
Жалға алушы өз қаражаты есебінен және жалға берушінің келісімімен,
жалданған мүлікке зиян келтірмей ажыратуға болмайтын жақсарту жүргізсе,
шартта өзгеше көзделмегендіктен, оның шарт тоқтағаннан кейін осы
жақсартудың құнын өтеттіріп алуға құқығы бар. Жалға алушының жалға
берушінің келісімінсіз жүргізген ажыратуға болмайтын жақсартуының құны,
егер заң актілерінде немесе өзгеше көзделмесе, өтеуге жатпайды.
Талаптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шартын өзгерту
және бұзу
1. Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шарты осы
Кодекске, өзге де заң актілерінде немесе шартта көзделген жағдайларда сот
тәртібімен өзгертілуі немесе мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
2. Жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайларда:
• егер жалға алушы мүлікті шарт талаптарын немесе мүліктің мақсатын
елеулі түрде бұзып, жалға берушінің мұндай іс- әрекетті тоқтату
туралы жазбаша ескертуіне қарамастан пайдаланса;
• егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлікті елеулі түрде
нашарлатса;
• егер жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін шартта белгіленген төлем
мерзімінің өтуі бойынша екі реттен астам төлем жасамаса;
• егер жалға алушы жалға алу шартында белгіленген мерзімде мүлікті
күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда-
заң актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті жалға
алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзімде өткізбесе,
мүлікті жалға алу шарты бұзылып, мүлік жалға берушіге қайтарылуы
мүмкін.
Жалға беруші жалға алушыға өз міндетін қисынды мерзімде орындауға
мүмкіндік берілгеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге
құқылы.
3. Жалға алушының талап етуімен шарт мынадай жағдайларда:
• жалға беруші мүлікті жалға алушыға пайдалануға бермегеніне мүлікті
шарт талаптарына немесе мүліктің мақсатына сәйкес пайдалануға
кедергі жасаған;
• жалға беруші өзіне жүктелген мүлікті күрделі жөндеу міндетін
шартта белгіленген мерзімде, ал ол шартта болмаған жағдайда-
қисынды мерзімде жүргізбеген;
• жалға алушыға берілген мүлікте оны пайдалануға кедергі келтіретін
кемшіліктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға беруші
ескертпеген, жалға алушыға алдын ала белгілі болмаған және мүлікті
көрген кезде оның байқалуы мүмкін болмаған;
• егер мүлік жалға алушы жауап бермейтін мән- жайларға байланысты
пайдалану үшін жарамсыз күйде болған реттерде мерзімінен бұрын
бұзылуы мүмкін.
Мүлік жалдау шартының тараптар өзгерген кезде күшін сақтап қалуы
Жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының
немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы мүлік жалдау шартын
өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды. Қозғалмайтын мүлікті жалға
алушы болып табылатын азамат қайтыс болған жағдайда осы мүлікті жалдау
шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері, егер заң актілерінде немесе
шартта өзгеше көзделмесе оның мұрагеріне ауысады. Мұндай мұрагерге шарттың
қолданылу мерзімін қалған уақытында шарт жасасудан бас тартуға, шарт жасасу
жалға алушының жеке басының қасиеттеріне байланысты болған жағдайды
қоспағанда, жалға берушінің құқығы болмайды.

Шарт тоқтатылған кезде жалға берушіге мүліктің қайтарылуы
1.Мүлік жалдау шарты тоқтатылғаннан кейін жалға алушы мүлікті алған
кезіндегі күйінде, қалвпты тозуын ескере отырып немесе шартта келісілген
күйінде оны жалға берушіге қайтаруға міндетті.
2.Егер шарт мерзімі аяқталған соң қайтарылатын мүліктің жай- күйі осы
баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, жалға алушы
келтірілген шығынды жалға берушіге өтейді. Егер жалға берілген мүлік шартта
көзделген қызмет мерзімінен бұрын істен шығып қалса, жалға алушы, егер
шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушіге мүліктің қалдық құнын өтейді.
3. Егер жалға алушы жалға алған мүлікті қайтармаса немесе оны мезгілінде
қайтармаса, жалға беруші барлық мерзімі өткізілген уақыт үшін мүлікті
пайдалану ақысын төлеуді талап етуге құқылы.Аталған ақы жалға берушіге
келтірілген шығындарды жабуға жетпесе, ол оны өтеуді талап ете алады.
4.Шартта уақытында қайтарылмаған жалға алған мүлік үшін тұрақсыздық
айыбын төлеу көзделген жағдайда шығын, егер шартта өзгеше көзделмесе,
тұрақсыздық айыбынан тыс толық сомада өндіріліп алынуы мүмкін.
Жалға алушының құқықтарын қорғау
Жалға алушыға оның жалға алған мүлікке құқықтары меншік құқығын қорғаумен
тең қамтамасыз етіледі. Жаға беруші жалға алынған мүлікті пайдалану қандай
да болмасын құқықтары жоқ үшінші бір тұлғаның күш көрсеткен іс-
қимылдарымен бұзылғаны үшін жалға берушінің алдында жауапты болмайды. Жалға
алушының талап қоюға және өзге де түрде өз атынан өзіне тиесілі құқықтарды
қорғауға құқығы бар.

1.2. Жалгерліктің жіктелуі
Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар:
1. Ұзақ мерзімді жал (лизинг) – бұл мүлікті 3 жылдан артық мерзімге
жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық (қаржыландырылатын) болып
бөлінеді.
Жай лизинг – жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға
берушіге қайтарылуын көздейді.
Қаржылық (қаржыладырылатын лизинг) – жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің
нысаны.
Жалгер мүлік құнын жалдық төлем арқылы өтейді. Қаржылық лизингтің үш
нысаны болады:
а) стандарт лизинг – мұндай кезде жабдықты әзірлеуші оны қаржыландырушы
қоғамға береді. Ол өзінің лизингтік фирмасы арқылы оны тұтынушыға жалға
береді;
ә) Лиз-бек лизингі – мұндайда жабдық иесі оны лизингтік фирмаға сатады
және сонымен бірге одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын
уақытша жақсарту әдісі);
б) Жеткізушіге лизингі – мұндай кезде негізгі құралдарды сатушы Лиз-
бек лизингіндегі сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес,
басқа жалгерлер пайдаланады.
Қазақстан Республикасының шаруашылық практикасында жай лизинг кеңінен
таралған.
2. Орташа мерзімді жал (хайринг) – бұл жалгердің мүлікке меншік құқынсыз
1 жылдан 3 жылға дейінгі мүлікті жалдауы.
3. Қысқа мерзімді жал (рейтинг, чартер) – мүлікті жалгердің кейінгі сатып
алу құқынсыз жалдау, жалдау мерзімі 1 жылға дейін созылады.
Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда төмендеу. Чартер әдетте
рейсті, кезекті бірнеше рейсті, белгілі бір мерзімге (тайм-чартер) жалдауға
жасалады (ұшақ-кеме). Чартерлер алдын ала немесе шұғыл тәртіппен
(промчартер) және тіпті кейде жедел тиеуге дайындықпен (спорпромт) жасалуы
мүмкін.
Дербес (интеллектуалды) меншік – бұл әртістердің, орындаушылардың, дыбыс
жазушылардың, радио және теле бағдарламалардың қызметіне қатысты авторлық
құқықты, өнер табысты және патенттік құқыққа, ғылыми жаңалық құқына,
фирмалық атауға және коммерциялық белгілеуге теріс ниетті бәсекелестерден
қорғаныс және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым. Дербес меншіктің
обьектілері былайша жіктелінуі мүмкін:
а) бірегейленетіндері, яғни дербес меншіктің басқа кәсіпорындарға
сатылуы, берілуі мүмкін түрлері (патенттер, сауда белгісі, маркілер,
өндірістік үлгілер).
ә) бірегейленбейтіндері яғни аталған кәсіпорынға бөлінбейтін және дербес
түрде сатылмайтын дербес меншіктің түрлері. Оған иелік ететін кәсіпорындар
ғана сата алады (фирмалық атау).
Дербес меншікті бағалау сараптау жолымен жүргізіледі. Дербес меншікті
бағалау және балансқа қабылдау – бұл оның капиталдану процесі.
Капиталдану – бұл тіркелген капиталды құру, яғни дербес меншіктің
кәсіпорынның материалдық емес активіне айналу процесі.
Мүліктің түріне және қатынастардың сипатына қарай Кодексте жалдау
шартының мынадай түрлері белгіленген:
• лизинг;
• кәсіпорынды жалдау;
• үйлер мен ғимараттарды жалдау;
• көлік құралдарын жалдау;
• прокат.
Лизинг шарты
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті
сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп
уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттеледі.
Лизинг шартында, сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг
беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін. Лизинг нысанына үйлер,
ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал- саймандар, көлік құралдары, жер
учаскелері және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысаны бола
алады.Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысаны бола алмайды.
Лизинг алушыға лизинг шартының нысанын беру
Лизинг шартының нысаны болып табылатын мүлікті сатушы лизинг алушыға,
егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы орналасқан жерде тікелей
береді. Лизинг шартының нысаны болып табылатын мүлік осы шартта аталған
мерзімде лизинг алушыға берілмеген жағдайда, егер мерзімін өткізуге лизинг
беруші жауап беретін мән- жайлар бойынша жол берілген болса, лизинг алушы
шартты бұзуды және шығынды өтеуді талап етуге құқылы.
Сатушының жауапкершілігі
Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлікті сатушыға-
сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу- сату шартынан
туындайтын, атап айтқанда, мүліктің сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру
мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті түрде орындамаған басқа да
жағдайларда туындайтын талаптарды тікелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг
алушы аталған мүлікті сатып алу- сату тарабы болғанда сатып алынған мүлікке
ақы төлеу міндетін қоспағанда, оның сатып алушы үшін осы Кодексте көзделген
құқықтары болады және міндеттемелерді мойнына алады. Сатушы мен
қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен кредит беруші болады.
Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг
алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг беруші лизинг алушының
алдында сатушының сатып алу- сату шартына туындайтын талаптарды орындауы
үшін жауап бермейді. Сатушыны лизинг беруші таңдайтын жағдайда лизинг алушы
сатып алу- сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша
бірдей жауап беретін мүлікті сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.

Кәсіпорынды жалдау шарты
Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және
кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретінде пайдалануға оның ішінде
құқық иесінің фирмалық атауына және коммерциялық белгісіне, қоғалатын
коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай- ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға
беруге құқығы жоқ құқықтары мен міндеттерді қоспағанда, шартта көзделген
басқа да айрықша құқықтағы объектілерді- тауар белгісін, қызмет көрсету
белгісін және т.б. беруге міндеттенеді. Жалға берушінің тиісті қызметпен
айналысуға берілген лицензия негізінде алған құқықтары, егер заң
актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушыға берілмеуге тиіс. Шарт
бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты болмаған
жағдайда жалға алушының орындауы мүмкін болмайтын міндеттемелерді енгізу
жалға берушіні несие берушілер алдындағы тиісті міндеттемелерден
босатпайды. Кәсіпорынның қызметкерлеріне қатысты құқықтар мен міндеттер
жалға берушіден жалға алушыға еңбек туралы заң актілерінде көзделген
тәртіппен ауысады.
Кәсіпорынды жалдау кезіндегі несие берушілердің құқықтары
Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға беруші өз несие
берушілерін жалдау шарты жасалғанға дейін жазбаша түрде хабардар етуге
міндетті, олар осындай аударумен келіспеген жағдайда хабарлама алған күннен
бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті міндеттемелерді тоқтатуын
немесе мерзімінен бұрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы.
Егер көрсетілген мерзімде осы талаптардың ешқайсысы қойылмаса, несие беруші
тиісті борышты жалға алушыға аударуға келісім берді деп танылады. Кәсіпорын
жалға алушыға жалға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінен
бұрын орындауды талап еткен несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан
кейін ғана берілуі мүмкін. Кәсіпорынды мүлік кешені ретінде жалға
бергеннен кейін жалға беруші мен жалға алушы берілген кәсіпорынның құрамына
енгізілген, жалға алушыға несие берушінің келісімінсіз аударылған борыштар
бойынша бірдей жауапты болады.
Жалға алынған кәсіпорынның мүлкін пайдалану
Жалға алушы жалға берілген кәсіпорын мүлікінің құрамына кіретін
материалдық қазыналарды, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, жалға берушінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға, уақытша
пайдалануға не қарыз етіп беруге, оларды қосалқы жалға өткізуге және шарт
бойынша осындай құндылықтарға қатысы өз құқықтары мен міндеттерін басқа
тұлғаға беруге құқылы, мұндай жағдайда бұл кәсіпорынның құнын кемітуге әкеп
соқпауы және жалдау шартының басқа ережелерін бұзбауы керек.
Жалға алушының жалға алынған кәсіпорынға өзгерістер мен жақсартулар
енгізуі
Егер кәсіпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға
берушінің келісімінсіз жалға алынған мүлік кешенінің құрамына оның құнын
арттыратын өзгерістер енгізуге, оны қайта құруға, кеңейтуге техникамен
қайта жарақтандыруға құқылы. Егер кәсіпорынды жалдау шартында өзгеше
көзделмесе кәсіпорынды жалдаушы жалға алынған мүліктен ажыратуға болмайтын
жақсарту құнының, мұндай жақсартуға жалға берушінің рұқсат етуіне
қарамастан, өтемін алуға құқылы. Жалға беруші жалға алынған мүліктен
ажыратуға болмайтын жақсарту құнын өтеу міндетінен, егер ол жалға алушының
осы жақсартуға шыққан шығысының жалға алынған мүлік құнынан оның пайдалану
қасиетін жақсарту мөлшеріне сәйкес келмейтіндей екенін немесе мұндай
жақсартуларды жүзеге асыру кезінде адалдық пен ақылға сыйымдылық
принциптерінің бұзылғандығын дәлелдесе, сот арқылы босатылуы мүмкін.
Үйді немесе ғимаратты жалдау шарты
Үйді немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға беруші Үйді немесе
ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына беруге
міндеттенеді.Егер осы Кодекстің кәсіпорынды жалдау туралы ережелерінде
өзгеше көзделмесе, кәсіпорындарды жалдауға осы параграфтың ережелері
қолданылады.
Үйді немесе ғимаратты жалдау шартының нысаны және оны мемлекеттік тіркеу
үйді немесе ғимаратты жалдау шарты тараптар қол қойған біріңғай құжат
ретінде жазбаша нысанда жасалады. Үйді немесе ғимаратты жалдау шартының
нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.Кемінде бір жыл мерзімге
жасалған үйді немесе ғимаратты жалдау шарты мемлекеттік тіркелуге тез және
ол осындай тіркеуден өткен кезден бастап жасалады деп есептеледі.
Жалдау ақысының мөлшері
Үйді немесе ғимаратты жалдау шартында жалдау ақысының мөлшері көзделуге
тиіс.Тараптардың жалдау ақысының мөлшері туралы жазбаша түрде келіскен
талаптары болмаған жағдайда үйді немесе ғимаратты жалдау шарты жасалмаған
деп саналады. Үйді немесе ғимаратты жалдау ақысы шартта үй (ғимарат)
алаңының бөлінісіне немесе оның көлемінің өзге көрсеткішіне белгіленсе,
жалдау ақысы жалға алушыға берілген үйдің немесе ғимараттың нақты мөлшері
негізге алына отырып айқындалады.
Үйді немесе ғимаратты беру
Жалға берушінің үйді немесе ғимаратты беруі және оны жалға алушының
қабылдауы өткізу актісі немесе тараптар қол қоятын өткізу туралы өзге де
құжат бойынша жүзеге асырылады. Үйді немесе ғимаратты беру туралы құжатқа
тараптардың бірінің шартта көзделген талаптар бойынша қол қоюдан бас
тартуы, тиісінше жалға берушінің мүлікті беру жөніндегі міндетін
орындаудан, ал жалға алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп қаралады.
Жалданған үйді немесе ғимаратты жалдау шарты тоқтатылған жағдайда жалға
алынған үй немесе ғимарат осы баптың 1 және 2- тармақтарында көзделген
ережелер сақтала отырып, жалға берушіге қайтарылуға тиіс.
Көлік құралын экипажымен жалдау шарты
Көлік құралын басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет
көрсетуімен жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға ақы төлетіп
көлік құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшімен оны
басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге міндетті. Осы
тараудың жалға алушының жалдау шартын жаңарту бойынша және жалдау шартын
белгісіз мерзімге жаңарту бойынша басым құқығы туралы ережелері көлік
құралын экипажымен жалдау шартына қолданылмайды.
Жалға берушінің көлік құралын басқару мен техникалық пайдалану жөніндегі
міндеттері
1. Жалға алушыға жалға беруші берген көлік құралын басқару мен техникалық
пайдалану бойынша көрсететін қызметінің көлемі шартта атлған жалдау
мақсатына сәйкес оның қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге
тиіс. Көлік құралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетілетін
қызметтің неғұрлым кең ауқымы көзделуі мүмкін.
2. Көлік құралы экипажының құрамы және оның біліктілігі тараптар үшін
міндетті ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшін міндетті
ережелер мен мұндай талаптар белгіленбесе, - көлік құралының осы түрін
пайдаланудың әдеттегі практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай
келуге тиіс.
3. Экипаж мүшелері жалға берушімен еңбек қатынастарын сақтап қалады. Олар
жалға берушінің басқару мен техникалық пайдалануға қатысы үкімдеріне және
жалға алушының көлік құралын коммерциялық пайдалануға қатысы өкімдеріне
бағынады.
4.Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе экипаж мүшелерінің көрсеткен
қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, сондай- ақ оларды ұстау жөніндегі
шығындарды жалға беруші көтереді.
Көлік құралына келтірілген зиян үшін жауапкершілік
Жалға алынған көлік құралы жойылған немесе бүлінген жағдайда, егер жалға
беруші көлік құралының жойылуы немесе бүлінуі
Жалға алушы заң актілеріне немесе шартқа сәйкес жауап беретін мән- жайлар
бойынша болғанын дәлелдесе, жалға жалға алушы жалға берушіге келтірілген
залалды өтеуге міндетті.
Прокат шарты
Прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын
мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті
ақы төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Прокат
шарты бойынша берілген мүлік, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе
міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.
Прокат шарты жазбаша түрде жасалады. Прокат шарты бір жылға дейінгі
мерзімге жасалады. Прокат шартын жасаақан жалға беруші жалға алушының
қатысуымен жалға берілетін мүліктің дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жалға
алушыны мүлікті пайдалану ережелерімен таныстыруға не оған осы мүлікті
пайдалану туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге міндетті.
Жалға берілген мүліктің кемшіліктерін жою
Жалға алушы жалға берілген мүліктің оны пайдалануға толық немесе ішінара
кедергі келтіретін кемшіліктерін тапқан жағдайда, жалға алушы кемшіліктер
туралы мәлімдеген күннен бастап он күн мерзімде жалға беруші, егер шартта
одан неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, мүліктің кемшіліктерін ақысыз жоюға
не осы мүлікті соған ұқсас тиісті күндегі басқа мүлікпен айырбастап беруге
міндетті. Егер жалға берілген мүліктің кемшіліктері жалға алушының мүлікті
пайдалану және ұстсп-тұту ережелерін бұзуы салдарынан болса, жалға алушы
жалға берушіге мүлікті жөндеу және тасымалдау құнын төлейді.
Жалға алынған мүлікті пайдалану
Прокат шарты бойынша жалға берілген мүлікті күрделі және ағымдағы жөндеу
жалға берушінің міндеті болып табылады. Прокат шарты бойынша жалға алушыға
берілген мүлікті қосымша жалға беруге, жалға алушының прокат шарты бойынша
өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруіне, осы мүлікті тегін
пайдалануға беруге, жалға алушының құқықтарын кепілге салуға және оларды
шаруашылық серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдарға мүлік салымы,
өндірістік кооперативтерге жарна ретінде енгізуге жол берілмейд.
Жалгерліктің негізгі түрлері болып қаржыландырылған және операциондық
болып табылады.
Қаржыландырылған жал- мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға
берушінің олжасымен қоса, сонымен байланысты тәуекелдіктің де үлкен бір
бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.Бұл кезде жалға алушы алынған
мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезендегі құқықтың өзі
беріліуі немесе берілмеуі мүмкін. Қаржыландырылған жал өз мәні бойынша
жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып
табылады.
Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайыттар айқын көрсетілуі тиіс:
қаржыландырылатын жалгерлікке аылынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға
алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер; қаржыландырылғын
жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері қайтарымсыз)
операциондық жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің
жүзеге асырылу мерзімі мен сомалар қысқаша формада көрсетілуі тиіс) бойынша
міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын ұзартуды таңдау
құқығы, клісім шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік төлемдер және басқа
да күтпеген жағдайлар.
Жалға берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс:
қаржыландырылған жалгерлікте жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау);
жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің құны,
сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердің түрлері
бойынша жинақталып қалған амартизациялық аударымдар.
Жалгерлікті қаржыландырылған деп санайды егер келесі талаптар сақталса:
жалгерлік мерзімінің соңында жал берушіге активтің меншік құқығы жалгерік
арқылы ауысады; нарықтық құннан төмен баға бойынша активтерді сатып алуға
жалгерлік мүмкіншілік береді; активтің пайдалы жұмыс істеу мерзімінің
көптеген бөлігі жалгерліктің мерзімін құрастырады (75% не одан жоғары);
жалгерліктің басталу датасындағы жалға алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалгерлік есеп
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
Жалға алушы есебі
Ілгерімелі қаржылық есеп
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму перспективалары
Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің мазмұны
Пәндер