Банктік тәуекел



Кіріспе
1. Несиелік тәуекел
2. Банктік несиелеуді сақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
1. Қр Ұлттық банкі.Статистикалық бюллетень №1(110) қаңтар 2004.
2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Алматы; Экономика 2006 – 328бет
3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2004 – 246бет
4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары . Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2007 – 246бет
5. Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2005 – 165бет
6. Ақша. Несие. Банктер: Оқклық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Сғ Сейітқасымов. Алматы; Экономика, 2004 – 466бет
7. Шаяхметова К:О: Банктік тәуекелдер; Оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2007 ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Несиелік тәуекел
2. Банктік несиелеуді сақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және
тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің
дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын
жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру
жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет
реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас
бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие
қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік
береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте
маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде
бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра
түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер
несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық
несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын
көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді
жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның
басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және
Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық
қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және
саяси жағару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.

1. Несиелік тәуекел
Банк тәуекелін басқаруда елеулі роль атқаратын басқару
түрі - несиелік тәуекел болып табылады.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген
несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне
тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян
шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді
басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел— қарыз алушының банктен алған несиесі
бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз
уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін
сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне
жататындар:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• лимиттер белгілеу;
• несиелік ұсынысты бағалау және қарызалушының несиелік
қабілетін бағалау;
• несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою
және белгіленген лимиттермен салыстыру;
• несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып,
сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
• несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу— несиелерді
авторизациялау;
• несиелік мониторинг;
• проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кезкелген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде беріледі.
Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе
отырып, материалдық қорладың құралуы қажеттілігін зеттеу
негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін,
ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да
шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі
жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға
берілетін несие шамасы қарыз алушыныңжасаған өтінішіне
байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені
қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты
есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға
байланысты, соның ішінде:
– қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
– несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар
қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
– маржа деңгейіне;
– несиелік тйуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген
сенім дәрежесіне;
– банкте бар ресурс көлеміне және т. б.
Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету
мақсатыннда жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін
білдіреді.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындайқалған
жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін
қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфелді басқару — бұл банк қабылдауға дайын
болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және
олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін
жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфелді басқаруды іске асырудың ортақ
алғышарттарына жататындар:
• нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің
ішкі банктік лимитін белгілеу;
• несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз
алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау
формасын жасау;
• әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
• төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
• жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік
саясатты қатаңдату;
• несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

2. Банктік несиелеуді сақтандыру
Несиені сақтандыру - сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Мұнда
сақтанушының контрагенттері берілген несиені қайтару немесе сақтандыру
шартында ескертілген себептер бойынша несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу
жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда сақтандырушының сақтандыру
өтемін төлеуі көзделеді. Несиені сақтандырудың мақсаты - сақтанушылар үшін
несие тәуекелін азайту немесе жою, борышқор төлем төлеуге қабілетсіз болған
немесе өзге себептермен борышты өтемеген жағдайда несиегерлерге несиенің
уағдаласылған уақытта қайтарылуына сақтандыру кепілдігін беру. Бірнеше
түрге бөлінеді: объектілер бойынша — жеткізушінің сатып алушыға беретін
коммерциялық несиені сақтандыруы және банк несиесін сақтандыру; сақтандыру
тәуекелінің сипатына қарай — экономикалық (коммерциялық) қатерден және
саяси қатерден сақтандыру; сақтандырылған несиенің сипатына қарай несиені
сақтандыру сақтанушының резиденттеріне берілген несиеге қатысты жасасылған
шарт және бейрезиденттерге берілген несиеге қатысты жасасылған шарт.
Белгілі экономист В.Леонтьевтің айтуынша мемлекеттік реттеудің жеке
кәсіпкерлікке бірігуі нарықтық экономикаға әсер етеді. Сонымен қатар, бұлар
толықтай сақтандырумен байланысты.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен қолдау
және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлымын қалыптастыру;
2) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;
3) сақтандыру негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін
халықарарлық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу
принциптерін белгілеу;
4) сақтандырушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік реттеу белгілі-бір нысанға байланысты
дәйекті саясат жүргізу үшін және отандық сақтандыру бизнесін шетелдік
капитал көлемімен қатыстыруға қажет. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыруды, сақтандыру нарығындағы істің жайына мемлекеттік
бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті мемлекеттік орган және
мемлекеттің өзге де органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан
Республикасының сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеудің уәкілетті
органы болып табылады.
Уәкілетті мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау
жөніндегі функциялар мен өкіметтікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Жарлық бойынша, Ұлттық банк сақтандыру ісін қадағалап және оның
жұмыс істеуінің реттелуін несиелер арқылы көрсетеді.
- Қазақстан Республикасында ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлысын
қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелдің деңгейі
Банк тәуекелдері туралы
Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Банктік тәуекелдер
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Пәндер