«Alatau Dairy» ЖШС-ның ұйымдастырушылық құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы 17 қаңтарда «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында − «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек»- деп Қазақстандық фермерлерге аянбай еңбек етуге шақырды.

Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауыл шаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.

Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе.

Елбасы Жолдауын жүзеге асырушы компаниялардың бірі «Alatau Dairy» ЖШС болып табылады.

Бұл компания Қазақстан нарығында 2007 жылдан бері ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді қолға алған болатын. 2008 жылы компания басшылығы алатау тұқымдас ірі қара, сүтті, етті мал шаруашылығын дамытуды қолға алған болатын. «Alatau Dairy» ЖШС-ның мал шаруашылығында арабтың, американың, францияның желгіз тұрымы (жорғалары) асыл тұқымды қазақ жылқылары, етті-сүтті ірі қара, еділбай тұқымды койлары бар.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның қызметтер саласының сипаттамасы:

Сүтті ірі-қара, асыл тұқымды мал шаруашылығымен, дәнді - дақыл, көкеніс өнімдерін шығаратын агроөнеркәсіптік-кәсіпорын. Сүт, бидай, арпа, картоп, сәбіз өнімдерін шығады. Білікті басқарма және персонал.

Өндірістік тәжірибе есебі «Alatau Dairy» ЖШС-да алынған мәліметтер бойынша жүргізіледі. Өндірістік тәжірибе өту кезінде келесідей тапсырмалар шеліледі:

  • «Alatau Dairy» ЖШС-ның өндірістік деңгейімен танысу, талдау және бағалау;
  • «Alatau Dairy» ЖШС-ның бөлімшелері мен ұйымдастырушылық қызметін жоспарлаумен танысу;
  • «Alatau Dairy» ЖШС-да еңбекті ұйымдастыру тәжірибесі мен қызметкерлерді материалды ынталандыру жолдарын, ішкі шаруашылық экономикалық қарым-қатынасымен танысу;
  • «Alatau Dairy» ЖШС-ның ауыл шаруашылық өнімдерін басқа ұйымдармен бірігіп іске асыру жайлы келісімшарттық қатынастарын, материалды- техникалық қамтамасыз етулер мен өндірістік қызметімен танысу;
  • «Alatau Dairy» ЖШС-да өндірісті басқару ұйымымен, ұйымдағы персоналмен және ұйымның маркетингтік қызметімен танысу.

Өндірістік тәжірибе есебі әдістемелік нұсқауда көрсетілгендей 6 бөлімнен тұрады:

  • Бірінші бөлімде компанияның мақсаты мен міндеттерін нарықта өмір сүру жағдайымен танысу.
  • Екінші бөлімде оның ұйымдастырушылық құрылымы, оның әр бір бөлімшесінің атқаратын функцияларына тоқталып өткенмін.
  • Үшінші бөлімде қарастырылып отырған компанияның қаржылық жағдайын жан-жақты талдап, көрсетілген.
  • Төртінші бөлімде кадрлық саясатты қалыптастыру, жұмыс тәжірибесіне байланысты кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы, қызметкерлерді аттестациялау және еңбек нәтижелілігін бағалау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру қарастылылған.
  • бесінші бөлімде еңбекақы; қызмет мотивтері мен қызметкерлердің қажеттіліктері, кадрлар ағымдылығы; әлеуметтік дамудың нысандары; қызметкерлерді марапаттау жүйесі; қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға толталғанмын.
  • Алтыншы бөлім компанияның қызметін SWOT-талдаудың көмегімен әлсіз және күшті жақтарына, сыртқы орта тарапынан жағымды мүмкіндіктері мен қауіптеріне сипаттама беруге арналған.
  1. «Alatau Dairy» ЖШС-ның шаруашылық қызметіне жалпы сипаттама

Қазіргі күнде «Alatau Dairy» ЖШСжақсы жетістіктерге жетіп келе жатқан, көшбасшы кәсіпорындардың бірі. «Alatau Dairy» ЖШС-да сүт өнімдерін өндірушілер арасында жоғары мәртебеге ие. «Alatau Dairy» ЖШС-ның қызметтер саласының сипаттамасы: сүтті ірі-қара, асыл тұқымды мал шаруашылығымен, дәнді - дақыл, көкөніс өнімдерін шығаратын агроөнеркәсіптік-кәсіпорын.

«Alatau Dairy» ЖШС-да асыл тұқымды жылқы, қой шаруашылығын, алатау тұқымдас сүтті ірі қарамал және картоп пен дәнді-дақыл өндіретін завод. «Alatau Dairy» ЖШС 2007 жылдың басында ең алғашқы фермалары Кербұлақ ауданында Бостан ауылында ірге тасы қаланған болатын. «Alatau Dairy» ЖШС ең алғаш өз кәсібін еділбай тұқымдас 5000 бас қой Ақтөбеден әкеліп өз кәсіптерін бастаған болатын. 2008 жылы «Alatau Dairy» ЖШС Алматы облысында 12 сүт фермаларынан тұратын жобаны іске асырған болатын. 2009 жылдан бастап өз өнімдерін өндіре бастады. Әрбір мегаферма 700 бас сиырға есептелген. Бұл ұйым бүкіл бір ауылды жұмыспен қамтып, 120 дай ауыл тұрғынын тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар сақман, егіндік, шабындық кездерінде жұмысшылар саны 200-350 адамға дейін жетеді. Осы ферманың арқасында Алматы қаласының сүтті өнім шығаратын компаниялары сүтпен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл заманауй техника-технологияларды пайдалануға қолайлы көлемдегі үйлесімді сүт өнімдерін шығаратын ферма болып табылады. Сүтті сиырларды компания Голландиядан, ал құрал-жабдықтарды Германиядан сатып алынған болатын. Бұл ферма өнімділігі күніне 25 тонна сүт өнімін шығарады. «Alatau Dairy» ЖШС-ның орналасқан жері, табиғаты, климаты егін, мал шаруашылығына қолайлы болып келеді. Сонымен қатар таулы аймақта болғандықтан жауын шашын көп түскендіктен егістік пен шөп жақсы өседі, топырағы құнарлы қара топырақ, малды жайылымға табындап бағуға да қолайлы жер болып отыр.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның мақсаты:

  • Алматы қаласы маңында «сүтті белбеуді» қалпына келтіру және Қазақстан нарығын табиғи сүт және сүтті өнімдерімен қамтамасыз ету.
  • Алматы қаласы аудандарындағы сауда орындарын картоп, сәбіз, бидай астығымен толықтай қамтамасыз ету.
  • Асыл тұқымды жылқыларды көбейтіп атты туризмды дамыту.

Алғашқыда фермада 150 ірі қара, 50 араб жылқылары мен 25 пони, 800 ұсақ мал болды. «Alatau Dairy» ЖШС-ның барлық сүт фермалары Іле Алатауының таулы алқабында, Кербұлақ ауданында орналасқан. Фермада сауынды сиыр жылына 7500 кг сүт береді, бұл қала және Алматы облысы бойынша орташа көрсеткіштен үш есеге артық көп сүт өнімін шығару мүмкіндігі болып табылады. «Alatau Dairy» ЖШС Алматыдағы тауарлы-сүт фермаларының екінші жобасы. Ферма «ҚазАгроҚаржы» желісінің қаржыландыруымен асыл тұқымды мал өсіру жобасын қолға алды. Осыған дейін «ҚазАгорҚаржы» АҚ қолдауымен жылына 5200 тонна сүт өнімдерін шығаратын «Айс» ЖШС іске қосылған болатын.

Иелігінде 9100 га. жер көлемі, 500 бас асыл тұқымды жылқа, 300 бас Шведтік асыл тұқымды ірі қара мал, 200 бас алатау тұқымдас ірі қара, 5000 бас еділбай тұқымды қой, барлық инфроқұрылымды және ауыл шаруашылық техникамен жабдықталған кәсіпорын. Сүт, бидай, арпа, картоп, сәбіз өнімдерін шығады. Білікті басқарма және персонал. Аудан бойынша ең үздік шаруашылық болып отыр.

Негізгі бағыты жоғары сапалы сүт өндіру. 2012 жылдың шілдесінен бастап, АҚШ-тың Айдахо штатынан «глоштинофриз» тұқымынан 270 бас ірі қара мал алынды. Бұл тұқым дүние жүзінде сүт өндіру жөнінде қарқыны өте жоғары. Болашақта сауын сиырлардың басын мың басқа дейін өсіру жоспарда бар. Асыл тұқымды бір сиырдың бағасы 4 500 АҚШ долларына шыққан.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның «глоштинофриз» атты асыл тұқымды сиырлары Бостан ауылындағы фермаға 12 шілдеде жеткізілді. 2011 жылы Шетелден жеткізілетін сиырлар үшін арнайы жобалық қуаттылығы 500 бас ірі қара мал сыйатын ферма салынған болатын.

Ұйымда өндірілген сүтті екі мезгіл ертенгі және кешкі сауыннан кейін «ФудМастер-Трэйд» компаниясы алып кетеді.

Сонымен қатар «Alatau Dairy» ЖШС-да асыл тұқымды жылқыларды баптайды. Оның мақсаты жоғарыда айтылып кеткендей атты туризмді дамыту болып отыр. Бұл шаруашылықта жалпы алғанда 500 бас жылқылары бар олардың ішінда 200 бас арабтың ақалтеке жылқысы, 50 бас американың жылқысы, 100 францияның желгіз тұқымды жылқысы (жорғалары), 100 бас асыл тұқымды қазақ жылқылары, 50 бас ауыр жүк таситын ауыр салмақты першерон жылқысы бар.

Әр жылқы түріне байланысты өзіндік ерекше баптаулары болады, соған байланысты ұйым басшылығы әрбір жалқы тұқымын өз ерекшелігіне қарай баптау әдісін кең меңгерген жылқышыларын жалдаған болатын.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның атынан келісім шартқа «Alatau Dairy» ЖШС-ның басшысы қол қояды. Заңгер келісім шартттың шарттарының заңнамаға сай келуін қадағалайды, керек уақытта келісім шартты ойластыруға және талқылауға немесе қарама-қайшылықтар туындағанда іске қатыса алады. Заңгер келісім шарттық қарым - қатынас орнату кезіндегі әр кезеңге бақылау жасай алады. Келісім шарт жобасын Төрағаға қол қоюға апармас бұрын оны қызмет басшыларымен келісіледі, келісім шарт жобасының басқа да осы іске қызығушылығы бар ұйымдармен дайындайды.

Келісім шарт жасасқанда осыған қатысты басшылар жобаны мына қызметтегі басшылармен келісуі керек:

  • Осы қызметтегі бөлімге сай басқарушымен.
  • Бас экономистпен.
  • Директордың орынбасарымен.

Ең соңғы келісім шарт жобасына директордың орынбасары қол қояды. Содан кейін келісім шарт директордың қол қоюына жіберіледі. Келісім шартқа қол қойылып болғансоң оның барлық көшірмелері заңгерге тіркелуге жіберіледі. Заңгер келісім шарты тіркеп, номерлеп, тіркелді деген белгіні қояды.

Ұйымның мөрімен қолдана алатын қызметкерлер мөрді тек тіркелді деген белгісі бар келісім шартқа ғана қоя алады.

Қол қойылған және мөр басылған келісім шарт көшірмелері контрагенттерге беріледі, ал бір данасы «Alatau Dairy» ЖШС-ның бухгалтериясына жіберіледі.

Келісім шарттың аяқталу мерзімі, келісім шартта жауап беру мерзімінің қойылуына байланысты. Жауаптың жазбаша ұсынысы қалыпты, қажетті уақыт көлемінде берілуі тиіс. Егер келісім шартта жауап беру уақыты белгіленсе сол уақыт аралығында жауап келуі тиіс. Жалпы келісім шарттық ұсынысқа жауап беру уақыты 10 күнен 30 күн аралығын құрайды.

Әрбір нақты келісімшартта екі жақтың бірі міндеттерді орындамағаны үшін штрафтық санкцияларды төлеу көрсетіледі.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның жалпы шаруашылық қазметі нарықта өз орнын тапқан, жақсы жетістіктер көрсетіп сүт өндірудегі көшбасшы кәсіпорындардың бірі болып табылады.

2. «Alatau Dairy» ЖШС-ның ұйымдастырушылық құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары

Сүтті ірі-қара, асыл тұқымды мал шаруашылығымен, дәнді - дақыл, көкеніс өнімдерін өндіретін агроөнеркәсіптік-кәсіпорын. Осыған байланысты бұл ұйымның құрылымы өндірістік учаскесінен, биригада, ферма, бөлімдер ремонттық шеберхана, энергетикалық шаруашылық, құрастыру цехы, қойма және дәнді-дақылдарды тазалап сақтайтын, тұрғынүйлермен қамтылған шаруашылық болып табылады.

«Alatau Dairy» ЖШС-да жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығы салалы бригадалардың ауысымдық және маусымдық жұмыстық басым бөлігін атқаратын, бір жұмысшыға қажетті жүктемелер және бір бригада мүшесінің атқарған ең көп жұмыс көлемін үйлестіру басқарушының міндеті болып табылады. Тәжирибеде көрсеткендей, тиімді қызмет атқарады өндірістік процесстегі фирмалар, ұйымдар келесідей принциптерге негізделген:

  • Ұжымның түпкілікті құрылымы, кадр ағымы ұжымға қарсы әсер етеді;
  • Жұмысшығы ұзақ мерзімге техниканы бекітіп беру:трактор, комбайн, т. б. өндіріс құралдары;
  • Өнім өндіруге байланысты жұмыстар комплексін сапалы және өз уақытында орындау.
  • Алынған пайда мен өнім өндіруге кеткен шығындарды салыстыру.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның басқармасының құрылымы бас директор, директор орынбасары, қаржылық-бухгалтерлік, жалпы бөлім басқарушысы, егін шаруашылығын басқарушысы, мал шаруашылығын басқарушысынан тұрады. Төмендегі суреттен ұйымның басқарушылық құрылымының толық сызбасы көрсетілген.

1-сурет - «Alatau Dairy» ЖШС-ның ұйымдастырушылық құрылымы

«Alatau Dairy» ЖШС екі бөлемшеден тұрады, олар мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Егін шаруашылығы бөлімінде тракторлар мен жер жыртып, өңдейтін техникамен бригадалардан тұрады. Мал шаруашылығы бөлімі сүтті сиырлар табының сауатын және малды баптап семіртетін өндірістік бригадалардан тұрады. Сонымен қатар шаруашылықта бухгалтерлік бөлім, жоспарлы-экономикалық, мал ауруханасы (ветеринарная), зоотехникалық қызметттері бар. Қызмет көрсету және қосалқы бөлімшелерінен бұл шаруашылықта - автогараж, ремонттық шеберхана, диірмен, дәнді-дақыл цехы бар.

Егін шаруашылығындағы бригадалар мен бөлімшелер көлемі техникалық картарал негізінде жүргізіледі, олардың көмегімен кезең бойынша механизацияланған жұмыс көлемі орнатылады, тракторлар мен ауыл шаруашылыққа қажетті машиналар анықталады (әр жұмыс көлемін агрегаттардың күндізгі өнімділігіне бөледі, бұлай нормакүндер санын анықтайды, нормакүндер санына жоспарлы жөндеу жұмыс күндерін, қолайсыз ауа райын, техникалық қамдестіктерді қосады) . Жұмысты орындаудың агротехникалық мерзімінен шыға отрып тракторларға деген бір күндік қажеттілікті анықтайды. Таркторлар саны графикалық жолмен анықталады. Механизаторлар саны тракторлар санының графигі негізінде анықталады, сонымен қатар ауысымды жұмыста есептелінеді. Мал шаруашылығының бөлімшелерінің көлемінің негізгі көрсеткіші өндірілген өнім көлемі, мал басының саны және жұмысшылар саны болып табылады. Бөлімшенің көлемі салалық ерекшелікке, шаруашылықтағы қолданылатын өндірістік технологияларға, өндірімдік жабдығының бөлмегесиымдылығы және жануарларды бір жұмысшының қарай алу шамасына тәуелді болады.

«Alatau Dairy» ЖШС-да егін шаруашылығы саласында 3800 га жер айдалып өңделеді, ұйымда жер өңдейтін, шөп оратын, шөп турайтын, трактор, комбайн және тағы басқа техникалардың жалпы саны 35 дана. «Alatau Dairy» ЖШС-да егін шаруашылығымен айналысытын қызметкерлер саны 36 жұмысшы, олардан 26 адам жүргізуші, ал 10 адам орын-жайды жинаушылар. Орын-жайды жинаушылар міндеті мал азығына арналған дәнді-дақылдар мен шөп маяларын жинап қысқа сақталуын қадағалау.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның мал шаруашылығының саласында барлығы 72 адам жұмыс істейді, олар 30 сауыншы, 2 зоотехник, 2 ма дәрігері, 10 ат баптаушы, 20 малшы, 8 қасапшы.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның жөндеу шеберханасында ауыл шаруашылық техникаға қазмет көрсету, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде 1 механник, 1 электрик және 1 слесарь қызметіндегі жұмысшылар бар.

«Alatau Dairy» ЖШС-да персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім - кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.

Ауыл шаруашылық өндірісті басқару тиімділігі, ақырғы көрінісін өнім өндірудің тиімділігінен табады, сондықтан осылардың ішінен ең бастысы жалпы және тауарлы өнімнің, жалпы және таза пайданың, өндірістің рентабельділігінің көрсеткіштері еңбекті пайдаланудың тиімділігі, негізгі және айналыстағы қорлар және тағы басқалардың өсуі болып табылады.

Басқару тиімділігінің маңызды мінездемесі болып сапалы өнім, басқа да ұйымдар мен фирмалармен келісім шарттық қарым-қатынасты орындауының ептілігі мен біліктілігі табылады. Басқару аппаратының оптималды санын бағалау үшін, ұйым жұмысшыларының жалпы саны есептелінеді. Жалпы қордан еңбекақы төлеуге кеткен шығындар және өнім өндіруге кеткен шығындар есептелінеді.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның персоналын басқару өзара байланысқан іс - әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:

  • кәсіпорын іс - әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;
  • еңбек нарығын талдау және жұмысбастылықты басқару;
  • персоналды іріктеу және бейімдеу;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;
  • еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қаматасыз ету, соның ішінде әрбір адам үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;
  • өндірістік процестерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен нәтижелерін талдау, құрал - жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту;
  • еңбек өнімділігін басқару;
  • тиімді іс - әрекетті мотивациялау жүйесін жасау;
  • еңбекақы төлеу жүйесін жобалау;
  • кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;
  • дау-жанжалдан сақтау және болдырмау.

Жалпы айтқанда «Alatau Dairy» ЖШС-ның ұйымдастырушылық құрыдымы жақсы қалыптасқан. Персоналды басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады.

3. «Alatau Dairy» ЖШС-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау және бағалау

Ауыл шаруашылығындағы өндірістің тиімділігінің көрсеткіштер жүйесінде өнімнің өзіндік құны маңызды орын алады. Өнімді өндіру мен сатуға кеткен барлық ақшалай формадағы шығындар өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау кезінде мынадай көрсеткіштер есептелінеді: жалпы өзіндік құн, өнім бірлігінің өзіндік құны және бір өнім бірлігінің 1 теңгеге шаққандағы шығына.

Өнімнің өзіндік құнын есептеу келесідей реттілікте орындалады:

  • Негізгі құралдар құрамы бойынша мақсатты шығындар үлестіріледі;
  • Өнімнің, қызмет көрсетуші және қосалқы өндірістердің өзіндік құны есептелінеді;
  • Жерді кептіруге және суландыруға қажетті шығындар үйлестіріледі;
  • Жалы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар үйлестіріледі;
  • Өндірістік шығындардың жалпы сомасы анықталады;
  • Әр өнім түріне байланысты өндірістік шығындардың сомасы есептелінеді.

Дәнді-дақылдың өзіндік құнын анықтау үшін, технологиялық карталарда есептелген негізгі шығындарға тұкымдыққа кеткен шығындарды санамай тек негізгі шығындар сомасына пропорционалды шығындар көлеміндегі, өндірісті ұйымдастыруға және басқаруға кеткен шығындарды қосады. Сонымен қатар өзіндік құнның ішіне ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарды сақтандыруға кеткен шығындар кіреді.

Сүтті табында калькуляция обьектісі сүт пен төл болып табылады. Бұл жерде өнімнің өзіндік құны сүтті сиырлар мен өндіруші өгіздерді асырауға кеткен шығындар есебінен ұсталады, басқа да өнімдерге кеткен шығындар есептелмегенде. Сүтті мал шаруашылығының жалпы сомадан шығындарды алып тастаған сон қосымша өнімдер құны ауыспалы жем-шөптің шығындарына үлестіріледі, мысалға: 90-% сүтке, 10-% төлге.

Жалпы алғанда, әрбір өндіріс өзінің қызмет етуі барысында тиісті шығын жұмсайды және ұтымды баға қалыптастыру арқылы табыс табады. Шығындылықтың төмен болуы, оның тиімді жұмсалуы баға саясатына ықпал етеді.

«Alatau Dairy» ЖШС-ның барлық шығындарын үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындар;
  • Өндірісті кеңейтуге және жаңартуға жұмсалған шығындар;
  • Әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық және басқа да өндірістен тыс мақсаттарға жұмсалған шығындар.

1-кесте - «Alatau Dairy» ЖШС-ның 2011-2013 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылық өнім өндіру көлемі

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
2011жыл:

2011

жыл

2012жыл:

2012

жыл

2013жыл:

2013

жыл

2013-2011 жыл аралығы %: 2013-2011 жыл аралығы %
Көрсеткіштер: Жалпы сатылған өнімдердің жүзеге асыратын бағасы
Өлшем бірлігі: млн. тг.
2011жыл: 613, 7
2012жыл: 701, 12
2013жыл: 767, 68
2013-2011 жыл аралығы %: 125
Көрсеткіштер: Аудан алқаптары
Өлшем бірлігі: га
2011жыл: 9100
2012жыл: 9100
2013жыл: 9100
2013-2011 жыл аралығы %: 100
Көрсеткіштер: Онын ішінде егістік жер
Өлшем бірлігі: га
2011жыл: 3800
2012жыл: 3800
2013жыл: 3800
2013-2011 жыл аралығы %: 100
Көрсеткіштер: Жұмысшылар саны
Өлшем бірлігі: адам
2011жыл: 120
2012жыл: 120
2013жыл: 120
2013-2011 жыл аралығы %: 100
Көрсеткіштер: Негізгі өндірістік қордың құны
Өлшем бірлігі: млн. тг.
2011жыл: 685905
2012жыл: 688910
2013жыл: 714705
2013-2011 жыл аралығы %: 104, 2
Көрсеткіштер: Жалпы мал басы
Өлшем бірлігі: бас
2011жыл: 6000
2012жыл: 6370
2013жыл: 6400
2013-2011 жыл аралығы %: 106
Көрсеткіштер: Онын ішінде: ірі қара
Өлшем бірлігі: бас
2011жыл: 500
2012жыл: 770
2013жыл: 870
2013-2011 жыл аралығы %: 174
Көрсеткіштер: Жалқы
Өлшем бірлігі: бас
2011жыл: 500
2012жыл: 500
2013жыл: 500
2013-2011 жыл аралығы %: 100
Көрсеткіштер: Қой
Өлшем бірлігі: бас
2011жыл: 5000
2012жыл: 5000
2013жыл: 5000
2013-2011 жыл аралығы %: 100
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
Тәуекел жағдайында сүт өндіру мен өткізу стратегиясын оңтайландыру (ақмола облысының мысалында)
Сиырлардың жасырын эндометритін диагностикалаудың заманауи әдістері
Сарысу негізіндегі жұмсақ ірімшік технологиясының экономикалық тиімділігі
Өткір ішек инфекциясының таралу динамикасының математикалық моделін құру
Ұйымның капитал және резервтер есебі
Түйе сүтінің иммуноглобулиндері
Құрылыс компанияларындағы шығындар есебі мен аудитін ұйымдастыру
Сиыр уыз сүтінің биологиялық құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz