Құқық. Оның түсінігі және қағидалары



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Құқықтың түсінігі, белгілері және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Құқықтың әлеуметтік рөлі, функциясы және теориясы ... ... ... ... ... ... ... 8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы – жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық – әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі санаттары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет пен құқық теориясы – қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі бір мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір – бірімен қарым - қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс, оған экономикалық және одан шығатын таптық қатынастар, саясат, идеологиялық орныққан пікірлер, философия, мораль және басқа да мәдениет аялары жатады. Олардың барлығы да әр түрлі деңгейде мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және екінші жағынан, өздері де сол ықпалды сынақтан өтеді. Жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әр түрлі (көпжақты) болады.
Өз кезегінде құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Т.А.Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева. Мемлекет және құқық теориясы. Түркістан: 2012 ж. - 208 б.
2. Т.А.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: 2003 ж. - 328 б.
3. Д. А.Булгакова. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы: 2006 ж. - 106 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Құқықтың түсінігі, белгілері және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..4
2 Құқықтың әлеуметтік рөлі, функциясы және теориясы ... ... ... ... ... ... ... .8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..13

КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы - жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық - әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі санаттары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет пен құқық теориясы - қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі бір мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір - бірімен қарым - қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс, оған экономикалық және одан шығатын таптық қатынастар, саясат, идеологиялық орныққан пікірлер, философия, мораль және басқа да мәдениет аялары жатады. Олардың барлығы да әр түрлі деңгейде мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және екінші жағынан, өздері де сол ықпалды сынақтан өтеді. Жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әр түрлі (көпжақты) болады.
Өз кезегінде құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы - бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.

1 Құқықтың түсінігі, белгілері және қағидалары
Құқық ең қиын қоғамдық құбылыстардың біріне жатады. Оның әрекеті қоғам өмірінің барлық аясына жайылады. Ол меншіктік қатынасты бекітеді; еңбекті және оның өнімін реттеуші ретінде көрінеді; мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен әрекетін жариялайды; бар қоғамдық қатынастар мен оны іс жүзіне асыруға, қол сұққандарға, шаралар мөлшері мен күрес нысанын белгілейді; жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белсенді ықпал етеді; арнайыланған көріну нысаны бар - заң шығаруда, т.б.
Құқық адамдардың мүддесін, жақсылық және жамандық туралы, міндеттілікті және нақты шындықты көрсетеді. Қазіргі кездегі консруктивтік қарсылықта, құқыққа екі көзқарасты (әдісті) байқаймыз: нормативтік және табиғи-құқықтық, сонымен бірге, оларды этатикалық (этатический) ретінде қарауға болады (құқық мемлекеттен шығады және оның универсалды құралы) және либералды (құқықты өзіндің бағалылығына қарай мемлекетті жоғарылау ретінде қарайды). Осындай ерекшеліктеріне байланысты, құқықтың қазіргі көп таралған анықтамасы пайда болды.
Құқық адам баласының адалдығы мен бостандығына сүйеніп, соған сай, қоғамдағы билік іске асырылады, мемлекеттік институттар құрылады және әрекеттенеді; әлеуметтік тұрақтылық қолдау тауып, адамның жөнді өмір сүруі қамтамасыз етіледі.
Құқық бұл заңда көрсетілген, жалпыға бірдей нормалардың жиынтығы (қағидалардың және алдын-ала ұйғарымдардың) әр түрлі топтағы адамдардың жалпы еркін, жекелеген адамның адамдық артықшылығы мен бағалылығын көрсетеді, қоғамдағы бостандық пен жауапкершіліктің (реттеуші) өлшемі ретінде көрінеді.
Құқық (нормативтік концепция) мемлекетпен рұқсат етілген не белгіленген тәртіп нормаларының жүйесі, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті және олардың әрекеттері мемлекетпен кепілденеді.
Құқық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде, басқа адамдық қатынастарды реттеушілерден айырмашылығы бар, яғни діннен, саясаттан, экономикадан, этикадан, т.б.
Құқықтың негізгі белгілеріне, мыналар жатады:
* Құқық қоғамның еркі. Өз анықтамасында, құқық барлық қоғам мүшелерінің мүдделеріне негізделген, олардың келісіміне және жалпылама еркіне;
* Құқық адамның бостандығы мен тәртібінің өлшемі. Ол мүмкіндік өлшемін көрсетеді, яғни, жеке адамның құқығы мен бостандығының шындығын және оған мүмкін болатын, құқықтық тежеушіліктің мөлшерін анықтайды;
* Құқық - бұл жалпыға бірдей міндетті тәртіп нормаларының жүйесі. Жалпыға бірдейлік, формалды белгілілік және құқықтың жүйелілігі, оның маз-мұнына сияқты, құрылымы, көріну нысаны (формы), сипаты құқықты басқадай әлеуметтік нормалардан өзгешелендіреді (моральдан, діннен, т.б.);
* Құқық - бұл әлеуметтік нормалар, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген. Мемлекет - әр уақытта құқықтың артына тұрып, оның талабын қамтамасыз ететін және бұзылудан қорғайтын күш;
* Құқық заңмен бірдей емес. Заң шығару (позитивтік құқық) құқық көрсету нысанының бірі. Заң, құқық та-биғатына, оның қағидаларына жекелеген адамдардың бағалылығына жауап бермейді, дұрыс еместігі мойындалады, сондықтан, құқық болып есептелмейді.
Қоғамдық қатынастардың универсалды және оптималды реттеушісі ретінде құқыққа тән, сай келетін саласы болады, оған мыналарды жатқызуға болады:
* Нормативтік, оның бәріне бірдейлігін, міндеттілігін, тоқтаусыздығын (тіпті белгіленген процедуралық - процесуалдық тәртіпті жоюға дейін) және бар құқықтық белгілеудегі ұйғарымның аумақтық жалпылылығын көрсетеді;
* Жүйелілік, оның нормаларының бір-бірімен сондай қарым-қатынасы, яғни ол оның тұтастығын қамтамасыз етіп, дербес заңды құрылым ретінде көрсетеді;
* Динамизм, қоғамдық қатынастардың даму ерек-шеліктеріне байланысты, құқықтың мазмұны жағынан өзгеру қабілеттілігін сипаттайды. Оның жаңалыққа сай көңіл аударып, әр түрлі қоғам өмірінің аясында, бұрынғы қоғамдық қатынастарды өзгертуге не тоқтатуға қабілеттілігі;
* Сабақтастық (преемественность) - құқықпен, сол не басқа мемлекеттің, өткен жылдардағы жағдайларын не қазіргі кездегілердің құқықтық жүйесін ауыстырып алуы;
* Тұрақтылық, құқықтың реттеушілік негізінің өзгер-мейтіндігі, оның негізгі қағидаларының, салыс-тырмалы созылған уақыт кезіндегі, ұйғарымдары мен белгілеулерді іс жүзіне асырудағы, мазмұндары мен нысандарының беріктігі.
Құқықтың барлық табиғаты, қоғамдағы қатынастарды тәртіпке келтіріп, гармонизациялауға бағытталған. Құқық реттеумен, татуластырумен, орнын толтырумен, көтерме-леумен, ал қажетті кезде жазалаумен, тек адамның, адамзат бірлестіктері үшін әрекет етеді. Атап айтсақ, тек сондай идеялар, оны анықтауда құқықтың негізіне берілген.
Құқықтың қағидалары (принциптері) - бұл құқықтың негізгі шығу жағдайы. Яғни, қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығын заң жүзінде бекітушілер.
Құқықтың қағидалары жалпы заң нормаларында арнайы бекітілуге мүмкіндігі бар (нормаларда - қағидаларда), сонда ғана, олар құқықтық қағидалар болып аталады (бұл заңдылық қағидалар, теңдік, кінә, адалдық және қылмыстық құқық гуманизмі (ст. 2-7 УК РФ); заң алдындағы теңдік қағидалары және азаматтық жауапкершіліктегі кінәлі еместік презумциясы (ст. 14-15 КоАП РФ); не құқық нормаларының ішкі мазмұнында өз негізімен құқықтың барлық материясын жарып өтіп, жанама түрінде көрінеді - құқықтық таным қағидалары (мысалы, қайтарылмайтын идеялар және қылмыстық жауапкершілікті жекешелендіру).
Құқықтық қағидалар ішкі және сыртқы функцияларды орындайды. Сыртқы көрініс мынадан тұрады, яғни құқық қағидалары заң нормаларының жүйесіне ықпал етіп, оның қарама-қайшы еместігін және бір-бірімен келісімділігін қамтамасыз етеді; барлық нормативтік ұйғарымдар логикалық жолмен құқықтық қағидалардың мазмұнынан шығуы және толығымен соған сай болуы керек, сонда ғана бірлігімен заң шығарудың максимальді тиімділігі қамтамасыз етіледі. Құқықтық қағидалардың ішкі бағыты, олардың қоғамдық қатынастарға тікелей реттеушілігімен және құқықты қолдануға, заң шығарудағы жетімсіздікті толтыруға ықпал жасауымен көрінеді.
Құқық қағидалары құқық нормаларына олардың таралуына байланысты түрлерге бөлінеді. Сол негіздерге байланысты, төмендегідей қағидалар тобын бөлу көзделген:
* Жалпылама (жалпықұқықтық) қағидалар барлық құқықтық құбылыстардың негізінде жатыр: адалдық, гуманизм, заңдылық, барлығының заң алдында және сот алдында теңдігі;
* Салалық (не арнайы құқықтық) қағидалар қандай болмасын нақтылы құқық саласына тән болады. Мысалы, қылмыстық мәжбүрлеу шарасын азайту идеясын және істегені үшін жекелеген адамдардың жауапкершілігін айтуға болады, себебі жеке адамның жуапкершілік қағидасы қылмыстық құқыққа тән және сол қатынастар қалпындағы жазалау, қатаң түрде жеке адамға тән сипат, ал әкімшілік және азаматтық құқықтарда жауапкершілікке тек заңды тұлға ғана жауапқа тартылмайды, солай аталатын үшінші адамдарда тартылады. Бостандық қағидаларына, азаматтық-құқықтық келісімдер мен некелесу бостандығы жатады.
* Салааралық қағидалар бірнеше жақын салалардың негізі (мысалы, жариялық, бәсекелестік және екі жақтың теңдігі процессуалдық құқық саласына тән);
* Құқықтың жекелеген институттарының қағидалары (мысалы, жазаны белгілеу, келісім жасау қағидалары және бостандық, құпиялық мұрагерлік институты бойынша мұраның жабықтығы қағидалары, т.б.).
Құқықтық қағидалармен қатар, құқықты іс жүзіне асыруда маңызды рөлді құқықтық аксиомалар ойнайды - көп рет тәжірибеде тексерілген, өзінің көрінісімен және шынды-ғымен белгілі, сондықтан ерекше дәлелдеусіз қабылданатын жағдай (положения). Бұл адам баласының өмір сүргендігі негізделген қағидалар, сонымен бірге, құқықтық сезімнің маңызды қондырғысы, жалғыз ғана құқыққа мүмкіндік береді. Олардың көбісі көне римдік юрис-пруденцияда өңделген, бірақ осы уақытқа дейін өзінің актуальдығын жоғалтқан жоқ.
Ғасырлар бойы тәжірибеде тексерілген мызғымас жағ-дайлардың қатарына мынадай түзеткіштер жатады: субъек-тивтік құқыққа әр уақытта заңды міндеттілік сай келеді; әрекеттің нәтижесін заңсыз белгілеуге болмайды және сол мезгілдегі әрекеттегі заңмен шешіледі; құқық тек нормативтік актімен, құқықтық қатынастарда және құқықтық сезімде іс жүзіне асырылады. Құқық нормаларымен тыйым салынбаған және оның қағидаларына қарсы келтірмейтіндерге рұқсат етілген. Еш адам өз ісінде сот бола алмайды. Алдымен басқа жақ тыңдалуы керек; жеке табыс қоғамдықтың алдында шегінеді; әр адам өзін кінәлауға міндетті емес. Соттың шешімі іске қатынаспағандарға тиіспеуі керек; адамдар бостандықта туады және өз құқықтарында басқалармен тең; бір қылмыс үшін, екі рет соттауға болмайды; ызақорлық қылмысты ақтамайды; егер кінә дәлелденбесе - кінәлі ақталады; кінәліні аяғандар, кінәлі еместі жазалайды; заңмен тыйым сал-мағандарға - рұқсат берілген; жауапкершілікті белгілеуші заң не заңмен белгіленген кінәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқық қағидалары.
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Халықаралық құқықтың қағидалары
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Пәндер