Халықтық педагогикағы ән-жырлар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе

1. 1. Музыкалық білім беру педагогикасы

  1. Негізгі бөлімХалықтық педагогикаХалықтық педагогикағы ән-жырлар
  2. Қорытынды
  3. Пайдаланылған әдебиеттер

Музыкалық білім беру педагогикасы - қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.

Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.

Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

Қазақ халқының өте әрідегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, жанұя тәрбиесінің тәжірибелері т. б. жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру». Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл - ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой - пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығы мен қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе - бұларды бүгінгі күннің талап тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ. Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. Ғалым К. Оразбекова «Иман және инабат» (1993) деген кітабында имандылық-ұлттық тәрбиенің негізі деп көрсетіп, қазақ этнопедагогикасының бір қайнар көзін ашты. М. Оразаев, М. Смаилова сияқты педагогтар «Қазақ халқының салт-дәстүлері» деген кітап жазып, қазақ этнопедагогикасының салт-дәстүрге байланысты саласын айқындады. Профессорлар Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев «Әдеп және жантану» (1994) оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен этнопедагогикасы ғылымының негіздерін айқындады. Ғалым С. Ғаппасов «Ізгілік әліппесі» (1995) «Халық педагогикасының негіздері» (1996) деген еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының ғылыми-медициналық және танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді. Ә. Табылдиев «Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие» атты еңбегі арқылы қазақтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашып берді. Профессор С. Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының негіздері және тарихы» (1998) деген оқу құралы арқылы қазақ этнопедагогикасының қайнар-бастауы біздің заманаымыздан бұрын белгілі бола бастағандығын дәлелдеп, бұл ғылымның теориялық негіздерін айқындап берді. Зерттеушілер Ұ. Асылов пен Ж. Нұсқабаев «Әдеп» атты оқулығында (1999) қазақтың салт-дәстүрлеріндегі тәлім-тәрбиелік мақсаттарды жеткізе дәлелдеді.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату ойнату, тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек-мақсат қою өлеңмен, жырмен, әнмен, көркемсөз айшықтарымен айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасының, апа-ағаларының оқып беруі бойынша сәбилік шақтан-ақ халық ауыз әдебиетімен таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар, жан-жануарлар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер - бәріде баланы қызықтырып, оларды қуынышқа бөлейді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып бірден-бір мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек бұл емес халықтық шығармалардың ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі ән, қисын, жақсы ұйқас - бәрі де балаларға әсер беріп, ойын шыңдап отырады.

Бөбектің алғаш тыңдайтын өлеңі - «Бесік жыры» - балаға деген махаббаттан, болашақ ел азаматы болсын деген тілектен туған ойлар. Халық тәрбиесі бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеді және баладан адамгершілік қасиетті талап етті. Алақаны ашық, қолы кең береке иесі болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді баланың бойына сәби шақтан сіңіруге тырысқан. Ата-ана өз баласын халыққа жан-жақты өнерімен, біліктілігімен, игілікті ісімен қызмет етіп танылса екен деп армандап, ол ізгі ойын бесік жырына қосты, жас нәрестенің болашағына үміт артты.

Поэзия мен әуен үндестігінен туған әннің, бесік жырының тәрбиелік ролін халық ертеден-ақ бағалай білген. Өйткені ән-жыр қай заманда да халықтың асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, оны адам сезіміне дыбыстар жүйесі арқылы жеткізіп келген.

Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын жырға, әнге қосқан. Атап айтсақ: «Шілдехана», «Қырқынанан шығару», «Бесік тойы», «Тұсау кесу», «Атқа міну», т. б. тойлармен қатар қыз ұзату, келін түсіру уақиғаларының бәрі де көркемсөзбен, әнмен үндесіп отырған. Атап айтсақ: «Бөбек», «Қаз-қаз», «Тәй-тәй», «Ақ білек», «Бөпем-ай», «Әлди, бөпем», т. б. әні бар өлеңдердің әуені мейірімге, махаббатқа, жылы сезімге, жұмсақ үнге толы, бірқалыпты ырғағы бесіктің тербелуіне сай құрылған. Жалпы қазақтың халық әндерінің негізгі ерекшелігі оның әуенінің әуезділігінде, ырғағы мен формасында, терең де ашық-жарқын, жайдары, кең сарынды сазында (Б. Г. Ерзакович, А. Жұбанов) . Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, жан-жүйкені қозғайды, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Олардың қатарына отбасындағы мораль тақырыбына арналған өлеңдер, әндер, яғни ата-ананың баласына, баланың ата-анасына, іні-қарындастарына, туған туыстарына, үлкендерге деген қарым-қатынасы туралы, үй-ішіндегі ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, өзге жандарға деген қатынасы туралы шығармалар жатады. Әдетте, ата-ана балаға мейірімді де қамқор. Ата-ананың бұл мейірімінің көрінісі әр шаңырақтың балаларына жақсы ниетпен ұйымдастырған салтанатынан, тәрбие шараларынан көрініс табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы қазақ билері
Халықтық педагогикадағы ән-жырлар
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы
Қобыланды батыр жыры
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Салдық өнер
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz