Халықтық педагогикадағы ән-жырлар



Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Музыкалық білім беру педагогикасы
1.2. Халық педагогикасындағы тәрбиелiк iс.әрекеттер
1.3. Халықтық ырымдар, жол.жоралар
II. Негізгі бөлім
2.1. Әннің жеке тұлғаға ықпалы
2.2. Бесік жыры
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
1.1. Музыкалық білім беру педагогикасы
Музыкалық білім беру педагогикасы – қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2. Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6. Қалиев С. “Халық педагогикасының ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi. – Алматы: “Мектеп” 1987 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
0.1. Музыкалық білім беру педагогикасы
0.2. Халық педагогикасындағы тәрбиелiк iс-әрекеттер
0.3. Халықтық ырымдар, жол-жоралар
I. Негізгі бөлім
0.1. Әннің жеке тұлғаға ықпалы
0.2. Бесік жыры
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
0.1. Музыкалық білім беру педагогикасы
Музыкалық білім беру педагогикасы - қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
0.2. Халық педагогикасындағы тәрбиелiк iс-әрекеттер
Халық педагогикасындағы тәрбиелiк iс-әрекеттер баланың туған күнiнен бастап, азамат болып, отбасын құрып, ел басқару iсiне араласқан кездерiнде, қала бердi адамды о дүниеге шығарып салуға дейiнгi салт-дәстүрлерде (құда түсу, үйлену, шiлдехан, бесiкке салу, қарын шәшiн алу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу, тiл ашар, бастаңғы, мал бағу, көшiп-қону, жауға аттану, естiрту, жоқтау, жаназалау, жетiсi, қырқы, бейiт тұрғызу, жылын беру т.б.) кездесетiн ырымдар мен жол-жораларда марапатталатын халықтық ритуалды арқылы iске асырылады. Яғни адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ол халық тәрбиесiнiң өмiршеңдiгiн, үздiксiз жүргiзiлетiн процесс енкенiн көрсетедi. Сондықтан да адам баласы дүниеге алғаш келген күннен о дүниеге аттанып кеткенше (пәниден бақиға дейiн) халықтық тәрбиенiң құшағында өмiр сүредi.
0.3. Халықтық ырымдар, жол-жоралар
Халықтық ырымдар, жол-жоралар жиналып келiп ұлттық салт-дәстүр рәсiмдерiнiң бәрi белгiлi бiр мақсатты көздей iске асырылып, ол ойлар өлең-жырмен өрнектеледi. Мысалы: бала туғандағы шiлдехан, бесiкке салу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу тойлары өлең-жырсыз өтпейдi. Осы өлең-жыр, тақпақтарда айтылатын ой, көзделер мақсат өлең-жырлардың мазмұнынан өзектi орын алады. Мәселен бесiк жырында айтылатын:
Құйрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жiгiт болар ма екенсiң?!
Айыр қалпақ киiсiп,
Ақырып жауға тиiсiп
Батыр болар ма екенсiң?
Бармақтарың майысып,
Түрлi ою ойысып
Ұста болар ма екенсiң ... дегендерде айтылар ой, көздер мақсат нәрестенiң келешекте ел қорғайтын батыр, сөз бастайтын шешен, он саусағы өнерлi ұста болып өсуiн армандау.
Немесе тұсау кесу жырында балаға арналып айтылатын "Тұсау кесер" жырында:
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам...
Балтырыңды түре ғой
Тай-құлын боп шаба ғой.
Озып бәйге ала ғой...
Құтты болсын қадамың
Өмiрге аяқ баса бер
Асулардан аса бер - деп өлеңдете олтырып, ала жiптi қайшымен қиюда астары ой жатыр. Ол баланың өмiрде жолы болсын, "бiреудiң ала жiбiн аттамасын", адал еңбек етсiн, әдiл, шыншыл азамат болсын дегендi бiлдiру.
Жаңа түскен жас келiнге айтылар "Айт келiн", "Беташар", "Тойбастар" сияқты тұрмыс-салт өлдеңдерiнде де үлкендi, ата-ананы сыйла, ерiнбей еңбек ет, өсек айтпа, дөрекi мiнез көрсетпе, сыпайы бол дейтiн өсиет-өнегелер айтылады. Қонақ күтудiң рәсiмдерi мен отбасы мүшелерiнiң бiр-бiрiн сыйлауы да салт-дәстүрлiк өлең-жырларда марапатталады.
Өлiктi естiрту, жоқтау, жөнелту рәсiмдерiмен байланысты туған өлең-жырларда да тәлiмдiк мақсат көзделедi. Ұлттық ойындарда да жастарды төзiмдiлiкке, шыдамдылыққа, ерлiкке, тапқырлыққа тәрбиелеу басты мақсат етiп қойылады.
Төрт түлiк малды өсiрумен байланысты туындаған өлең-жыр, тақпақ, ертегi, жұмбақ, мақал-мәтелдерде де тәрбие мәселесi басты мақсат ретiнде ұсынылады.
Дiни мейрамдар мен байланысты айтылатын өлең-жырлар мен бақсылық арбау жырларында да айтылмақ ой жауыздықты сөз құдiретi арқылы жеңiп, адамға жақсы қайырым жасау, табиғатқа, жан-жануарларға сөз құдiретiмен оң ықпал ету көзделедi.
Батырлар жырлары мен лиро-эпостық жырларда, ертегiнiң түрлерiнде де көзделетiн мақсат келер ұрпақты батыр, қырағы, алғыр азамат етiп тәрбиелеу.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Әннің жеке тұлғаға ықпалы
Бұл күндері Қазақстанның саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістер жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тікелей әсер етуде. Республикамыздың егемендік алып, ұлттық сана- сезіміміздің оянуы, тіліміз бен дініміздің, мәдениетіміздің қайта жаңаруы, өзінің жаңа даму дәурін басынан кешіп отырған орта мектеп оқушыларының адамгершілікті-эстетикалық тәрбиелілігіне деген обьективті қажеттілігін артырып отыр. Қазақ әндерінің халықтың өмірімен, тарихымен тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
ТӘЛІМ - ТӘРБИЕНІҢ ТҮП - ТӨРКІНІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
«Жетілген тұлға» халық педагогикасының мақсаты
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер