Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдарфакультеті

Есеп және аудит кафедрасы

Статистика пәні

СӨЖ

Тақырыбы : Статистиалық мәліметтерді жинақтау және топтау

ОРЫНДАҒАН : Қасенова Ә. Е.

ТОП : ФН-305

ТЕКСЕРГЕН : Сарсембаева А. А.

Семей қаласы

2014 жыл

ЖОСПАР

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы түсінік
  1. Статистикалық топтау түрлері
  2. Статистикалық топтаулар мен жіктемелерді құру қағидалары
  3. Таратпалы қатарлар
  4. Статистикалық кестелер

6. Қолданылған әдебиеттер

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы түсінік

Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтер жүздеген, мыңдаған бірліктерді қамтиды. Бірақ олар тиісті түрде өңделмесе ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да құнсыз болып қалады. Сондықтан статистиканың ендігі кезектегі, яғни стаистикалық мәліметерді жинақтау кезеңіндегі міндеті - бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру, әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың мәнін, статистиалық заңдылықтарды айқындайтын қорытындылаушы көрсеткіштерді есептеу және сол көрсеткіштер арқылы зерттелетін жиынтықты сипаттау.

Зерттелетін құбылысты сипаттау үшін статистикалық бақылау мәліметтерін ғылыми түрде өңдеп, бір жүйеге келтіруді жинақтау дейді.

Мәліметтерді жинақтау жұмыстары 3 кезеңнен тұрады:

  • мәліметтерді алдын ала тексеру;
  • мәліметтерді берілген белгілер бойынша топтау;
  • жинақтау нәтижесін статистикалық кесте түрінде рәсімдеу.

Жинақтаудың 1-кезеңінде өңделетін материал бақылау бірліктерін қамту толықтығы тұрғысынан тексеріледі. Сонымен қатар жиналған мәліметтердің қаншалықты сапалы екендігі анықталады.

Мәліметтерді берілген берілген бойынша топтау бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Мұндай топтаулар жинақталған ақпаратты пайдалануға қолайлы, түсінуге жеңіл түрге келтіру үшін қажет. Топтау нәтижесін әдетте статистиалық кестелер арқылы көрсетеді.

Мәліметтерді жинақтау зерттелетін құбылыстар мен үрдістерді теориялық талдау нешгізінде жүргізіледі. Теориялық талдауды алдын ала жүргізу мәліметтерді жинақтау барысында зерттелетін құбылыстардың негізгі ерекшеліктерін жоғалтпас үшін қажет.

Статистикалық жинақтау көптеген күрделі есептеулерді талап етеді. Сондықтан оның жоспары жасалуы керек. Жоспарда жинақтау жұмыстарының реттілігі, уақыты, жұмысқа жауапты адамдар, жинақтау нәтижесін қандай түрде беру керектігі көрсетіледі. Статистикалық жинақтаудың екі түрі бар:

  • жай жинақтау;
  • күрделі жинақтауЖай жинақтауқолданылғанда алынған мәліметтерді топтарға бөлмейді. Мұндай жағдайда зерттеу белгісі бойынша барлық бақылау бірліктерінің мәндерін қосып, жиынтықтың қорытынды көрсеткішін анықтайды. Мысалы, Қазақстандағы студенттер санын анықтау үшін еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының осы көрсеткіш туралы берген мәліметтері есепке алынады.

Статистикалық топтастыру қолданылған жинақтау күрделі жинақтау деп аталады. Күрделі жинақтауға мысал ретінде кәсіпорындарды меншік түрі бойынша топтауды келтіруге болады.

2. Статистикалық топтау түрлері

Бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты біртекті топтарға біріктіруді топтау дейді.

Топтау - статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі әдісі. Бұл әдісті қолдану түрлі топтардың қорытындылаушы көрсеткіштерін есептеуге, оларды салыстыруға, топтар арасында өзгешеліктердің болу себебін талдауға, белгілердің өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Егер қорытындылаушы көрсеткіштерді топтарға бөлінбеген жиынтық үшін есептесе, онда сол жиынтықтың құрылымы байқалмайды, топтардың ерекшеліктерін, олардың рөлін анықтау мүмкін болмайды.

Топтау әдісі қоғамдық құбылыстарды талдаудың сапасын арттырады. Мәліметерді топтаудағы негізгі мақсат - алғашқы статистиалық материалды ретке келтіру, оны вариациялық белгілер бойынша топтарға бөлу. Топтаудың әр алуан міндеттерінің ішінен мынадай 3 міндетті атап көрсетуге болады:

  • жалпы жиынтықты сапалық жағынан біртекті топтарға немесе әлеуметтік-экономикалық типтерге бөлу;
  • жиынтықтың құрамын әр түрлі белгілер бойынша зерттеу;
  • 09былыстар немесе вариациялық белгілер арасында байланысты анықтау.

Бұл міндеттер типологиялық, құрылымдық, талдамалық (аналитикалық) топтаулар арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірдегі үдерістер сан қырлы, күрделі болғандықтан, топтауларды іс жүзінде кешенді түрде қолдана береді.

Типологиялық топтау экономикалық, әлеуметтік зерттеулерде көп қолданылады. Топтаудың бұл түрін пайдаланғанда топтау белгісін таңдаудың маңызы зор. Егер топтау сапалық белгі бойынша жүргізілсе, онда топ саны және олардың аты топтау белгісі бойынша анықталады. Мысалы, кәсіпорындарды меншік түрі бойынша топтау (1 кесте), халықты жыныс белгісіне қарай бөлу. Кәсіпорындарды меншік нысандары бойынша топтау

(2010 жылдың 1 қаңтары)

Меншік нысаны:

Меншік нысаны

Кәсіпорын саны:

Кәсіпорын саны

Меншік нысаны:

Мемлекеттік меншік

Жеке меншік

соның ішінде

мемлекеттің қатысуымен ( шетелдің қатысуынсыз)

бурлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)

Шетелдік меншік

Кәсіпорын саны:

27995

254161

764

9116

15872

Типтерді сандық белгі бойынша анықтайды. Мұндай жағдайда жиынтықты зерттеу белгісінің сандық мәнінің мөлшеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Мысалы, кәсіпорындарды қызметкерлерінің саны бойынша шағын, орта, ірі деп бөледі. Типтердің сандық белгі негізінде анықтағанда сандық белгінің жаңа сапаға, құбылыстың жаңа типке көшу шекарасын дәл көрсетудің, яғни топтау интервалын дұрыс белгілеудің маңызы зор.

Типологиялық топтау мынадай реттілікпен іске асырылады :

1. топтаудың негізгі белгілері анықталады;

2. топтау белгілері бойынша топтарды анықтайды;

3. берілген мәліметтерді белгіленген топтарға бөледі.

Топтау жұмыстарының мұндай реттілігі типологиялық топтастырудың ерекшеліктерін айқындайды.

Құрылымдық топтау өзгермелі белгілер бойынша зерттелетін жиынтықтың құрылымын анықтау үшін қолданылады. Кәсіпорындарды жұмысшы саны, халықтың табыс деңгейі, қызметкерлердің еңбек өтілі, жұмыссыздарды жастары бойынша әртүрлі топтарға бөлу құрылымдық топтаудың мысалы болады.

Жұмыссыздарды жас белгісі бойынша топтау

Жұмыссыздардың жасы,жас:

Жұмыссыздардың жасы,

жас

Жұмыссыздар саны,мың адам:

Жұмыссыздар саны,

мың адам

Әр топтағы жұмыссыздарүлесі, %:

Әр топтағы жұмыссыздар

үлесі, %

Жұмыссыздардың жасы,жас:

15-24

25-54

55-64

65 және одан асқандар

Жұмыссыздар саны,мың адам:

87, 2

421, 8

45, 5

-

Әр топтағы жұмыссыздарүлесі, %:

15, 7

76, 1

8, 2

-

Жұмыссыздардың жасы,жас:

Барлығы

Жұмыссыздар саны,мың адам:

554, 5

Әр топтағы жұмыссыздарүлесі, %:

100, 0

Құрылымдық топтауды жүргізудің реттілігі төмендегідей болады:

1) топтаудың негізгі белгілері анықталады;

2) топтау белгілері бойынша интервалды анықтайды;

3) берілген мәліметтерді топтарға бөледі.

Аналитикалық топтау зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Аналитикалық топтауды жасамас бұрын факторлық және нәтижелік белгілерді айқындап алады. Содан кейін топтау мынадай реттілікпен жүргізіледі:

1) факторлық белгілер бойынша топтар құрылады;

2) әр топты сипаттайтын факторлық, нәтижелік белгілердің орташа шамалары есептелінеді;

3) факторлық және нәтижелік белгілер арасында байланыс анықталады.

Статистикада факторлық белгі деп басқа белгілерге әсер ететін белгіні айтады. Ал нәтижелік белгі деп факторлық белгілердің ықпал етуіне байланысты өзгеретін белгіні айтады. Мысалы тауар айналымына тауардың бағасы, сатылған өнім көлемі әсер етеді. Зерттеу мақсатына, объективті шарттарға байланысты факторлық және нәтежиелік белгілердің рөлдерінің ауысуы да мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның пайдасы оның экономикалық әрекетінің нәтижесіне байланысты болатыны белгілі. Ал екінші жағынан, кәсіпорынның одан әрі дамуы пайда мөлшеріне тікелей тәуелді болады. Егер факторлық ьелгі өскенде немесе кемігенде нәтижелік белгі де өссе немесе кемісе, онда осы екі белгінің арасында тура байланыс болады. Ал факторлық белгінің өсуі немесе кемуі нәтижелік белгінің кемуіне немесе өсуіне әсер етсе, онда аталған белгілер

арасында кері байланыс болады.

Аналитикалық топтау жасағанда топтау белгісі ретінде факторлық белгіні алады.

Кәсіпорындарды жарнама шығындары бойынша топтау

Жарнама шығыны, млн. тг:

Жарнама шығыны, млн. тг

Кәсіпорын саны:

Кәсіпорын саны

Әр кәсіпорынның тауарайналымы, млн. тг:

Әр кәсіпорынның тауар

айналымы, млн. тг

Жарнама шығыны, млн. тг:

2-ге дейін

2-4

4-6

6 және одан жоғары

Кәсіпорын саны:

5

15

7

3

Әр кәсіпорынның тауарайналымы, млн. тг:

200

300

350

370

Құбылыстың қаншалықты күрделі болуына байланысты топтау бір немесе бірнеше белгі бойынша жүргізіледі. Егер топтау бір белгі бойынша жүргізілсе, ондай топтауды жай топтау дейді. Мысалы, халықты жас белгісі бойынша, отбасыларын табысы ойынша топтау күрделі топтау деп аталады. Мысалы, жұмыссыз халықты жасы, жынысы бойынша топтау.

Мәліметтерді топтастыру үшін қандай ақпарат қолданылғанына байланысты топтау алғашқы топтау және қайта топтау болып екіге бөлінеді. Алғашқы топтау статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған ақпарат негізінде жүргізіледі.

Қайта топтау деп белгілі топтарды жаңа топтарға топтауды айтады. Қайта топтау ұсақ топтардан ірі топтарды құру үшін немесе әртүрлі өңделген материалдарды бір жүйеге келтіру қажет болғанда қолданылады.

Мәліметтерді қайта топтау мынадай екі түрлі тәсіл арқылы жүзеге асырылады:

1) егер жаңа топпен ескі топтың шекаралары сәйкес келсе, онда бастапқы интервалдарды біріктіреді;

2) жаңа топпен ескі топтың шекаралары сәйкес келмеген жағдайда, үлестік топтау жүргізудің.

Бастапқы интервалдарды біріктіру тәсілі қалай қолданылатының мысалмен көрсетейік. Есептеуге қажетті алғашқы мәліметтер 3, 5-кестедегідей берілген.

Сыйақы мөлшері, теңге:

Сыйақы мөлшері, теңге

Қызметкерлер саны, адам:

Қызметкерлер саны, адам

Сыйақы мөлшері, теңге:

5000-ға дейін

5000-7000

7000-9000

9000-11000

11000 және одан жоғары

Қызметкерлер саны, адам:

5

10

20

8

7

Сыйақы мөлшері, теңге:

Барлығы

Қызметкерлер саны, адам:

50

Топтау интервалдарын өзгертіп, берілген мәліметтерді қызметкерлерге төленген сыйақы мөлшері бойынша мынадай топтарға қайта топтаймыз: «7000-ға дейін», «7000-11000», «11000 және одан жоғары». Жаңа және ескі интервалдардың шекаралары дәл келгендіктен, жаңадан белгіленген “7000-ға дейін” интервалына 3, 5-кестедегі бірінші және екінші топтар біріктіріледі, Ал екінші жаңа топ бастапқы топаудың үшінші және төртінші топтарың қамтиды. Үшінші жаңа топтың шегі мен алғашқы топтаудың бесінші тобының шегі бірдей болғандықтан, бұл топта өзгеріс болмайды. Енді осы қайта топтаудың нәтижесін кестеде көрсетейік.

Қызметкерлердің сыйақы мөлшері бойынша бөлінуі

(қайта топтау)

Сыйақы мөлшері, теңге:

Сыйақы мөлшері, теңге

Қызметкерлер саны, адам:

Қызметкерлер саны, адам

Сыйақы мөлшері, теңге:

7000-ға дейін

7000-11000

11000 және одан жоғары

Қызметкерлер саны, адам:

15

28

7

Сыйақы мөлшері, теңге:

Барлығы

Қызметкерлер саны, адам:

50

Үлестік топтау тәсілі интервалды топтар ішінде бірліктердің бірқалыпты таралу принципіне негізделген. Мұндай топтауды жүргізгенде ескі интервалды топтың қандай бөлігі жаңа топқа көшетіні анықталады.

Мысал. Қызметкерлерге төленген сыйақы мөлшері туралы мынадай мәліметтер берілген:

Қызметкерлердің айлық жалақы мөлшері бойынша бөлінуі

1-бөлімше:

1-бөлімше

2-бөлімше:

2-бөлімше

Топ%:

Топ

%

Айлық жалақымөлшері, теңге:

Айлық жалақы

мөлшері, теңге

Қызметкерлерүлесі, %:

Қызметкерлер

үлесі, %

Топ%:

Топ

%

Айлық жалақымөлшері, теңге:

Айлық жалақы

мөлшері, теңге

Қызметкерлерүлесі, %:

Қызметкерлер

үлесі, %

Топ%:

1

2

3

4

5

Айлық жалақымөлшері, теңге:

4-45000

45000-5

5-6

6-7

7 және одан

жоғары

Қызметкерлерүлесі, %:

10

16

24

32

18

Топ%:

1

2

3

4

Айлық жалақымөлшері, теңге:

4-5

5-7

7-9

9 және одан

жоғары

Қызметкерлерүлесі, %:

10

20

60

10

Топ%:
Айлық жалақымөлшері, теңге:

Барлығы

Қызметкерлерүлесі, %:

100

Топ%:
Айлық жалақымөлшері, теңге:

Барлығы

Қызметкерлерүлесі, %:

100

Бастапқы топтастыру әр түрлі интервалды қолдану арқылы жүргізілгендіктен, берілген мәліметтер бойынша екі бөлімшедегі қызметкерлердің айлық жалақы мөлшеріне қарай бөлінуін тікелей салыстыруға болмайды. Сондықтан мәліметтерді қайта топтаймыз. Ол үшін екі топастырудың біреуін яғни, 1-бөлімшені өзгеріссіз қалдырамыз, ал 2-бөлімше мәліметтерін 1-бөлімшеде қолданылған интервалдарды пайдаланып, мынадай түрде қайта топтаймыз:

1) 4-5 интервалдың 4-нан 45000-ға дейін және 45000-нан 5-ға дейін болатындай етіп, екі бірдей интервалға бөлеміз. Соның нәтижесінде жаңадан құрылған бұл топтардың әрқайсысындағы қызметкерлердің үлесі 5%-ға (10:2=5) тең болады.

2) 5-7 интервалын 5-нан 6-ға дейін және 6-нан 7-ға дейін болатындай етіп, екі бірдей интервалға бөлеміз. Бөлу нәтижесінде пайда болған үшінші және төртінші топтардағы қызметкерлердің үлнсі 10%-ға (20:2=10) тең.

3) соңғы екі топты бір топқа біріктіреміз. Бұл топтағы қызметкерлердің үлесі 70%-ға (60+10=70) тең.

Мысалда берілген мәліметтерді қайта топтаудың нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Қызметкерлердің айлық жалақы мөлшері бойынша бөлінуі

(қайта топтау)

ТОП №:

ТОП №

Айлық жалақы мөлшері, теңге:

Айлық жалақы мөлшері, теңге

1-бөлімше:

1-бөлімше

2-бөлімше:

2-бөлімше

ТОП №:

Қызметкерлер үлесі,

%

Айлық жалақы мөлшері, теңге:

Қызметкерлер үлесі,

%

ТОП №:
Айлық жалақы мөлшері, теңге:

4-45000

1-бөлімше:

10

2-бөлімше:

5

ТОП №:
Айлық жалақы мөлшері, теңге:

45000-5

1-бөлімше:

16

2-бөлімше:

5

ТОП №:
Айлық жалақы мөлшері, теңге:

5-6

1-бөлімше:

24

2-бөлімше:

10

ТОП №:
Айлық жалақы мөлшері, теңге:

6-7

1-бөлімше:

32

2-бөлімше:

10

ТОП №:
Айлық жалақы мөлшері, теңге:

7 және одан жоғары

1-бөлімше:

18

2-бөлімше:

70

ТОП №:
Айлық жалақы мөлшері, теңге:

барлығы

1-бөлімше:

100

2-бөлімше:

100

Бұл мысалда әр түрлі өңделген мәліметтерді бір жүйеге келтіру үшін үлестік қайта топтау тәсілі қолданылады.

Топтау түрлері :

мәліметерді жүйелеу міндетіне байланысты: типологиялық, құрылымдық, талдамалы ;

топтау белгілерінің санына байланысты: жай, күрделі ;

қолданылатын ақпаратқа байланысты: алғашқы топтау, қайта топтау .

3. Статистикалық топтаулар мен жіктемелерді құру қағидалары

Статистикалық топтауды құру топтау белгісін анықтаудан басталады. Топтау жиынтықтың сандық және сапалық белгілері бойынша жүргізіледі. Сапалық белгілер зерттелетін құбылыстың өзіне тән қасиетін білдіреді. Топтау сандық белгі бойынша жүргізгенде топтау интервалы ұғымы қолданылады.

Интервал деп белгінің әр топтағы жоғарғы және төменгі мәндерінің айырмасын айтады. Интервал бірдей және әр түрлі болады. Экономикалық практикада әр түрлі интервал (біртіндеп өсетін немесе ьіртіндеп кемитін) жиі қолданылады. Әдетте әр түрлі интервалды вариация ауқымы үлкен болған жағдайда және белгі мәні біркелкі өзгермегенде қолданылады.

Интервлдар ашық және тұйық түрде болады. Тұйық интервалдарда интервалдың төменгі шегі де, жоғарғы шегі де көрсетіледі. Ал ашық интервалдарда интервалдың не төменгі, не жоғарғы шегі ғана көрсетіледі.

Экономикалық - статистиалық талдауларда аталған топтаулармен қатар әр түрлі жіктемелерді де қолданады. Статисткада жіктеме деп құбылыстар мен объектілерді олардың ұқсастықтарына, айырмашылықтарына байланысты белгілі бір топтарға, кластарға, разрядтарға жүйелеп бөлуд айтады. Мысалы, экономикалық әрекет түрлерінің жіктемесі, активтер жіктемесі, ұлттық байлық жіктемесі, т. б. Жіктемелердің айрықша белгілері :

  • қағида бойынша жіктеме негізі болып сапалық белгі алынады ;
  • жіктемелер стандартты болады, оларды халықаралық және мемлекеттік статистиалық органдар белгілейді ;
  • жіктемелер ұзақ уақыт өзгермейтіндіктен тұрақты деп саналады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистикалық жинақтау, топтау
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz