Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқыту


«Нормативтік сілтемелер»
- «Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 111 қазандағы№ 1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
- ҚРМЖБС 3. 09. 2006. Кәсіби жоғары білім. Бакалавриат. 050112-Химия мамандығы. -Астана, 2006ж
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектеп деңгейіндегі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер 29. 11. 08ж.
- Ағартудың қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практикаға дейінгі жетістіктері, ҚР Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы «15» қыркүйектегі, № 518 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы;
«Анықтамалар»
- «Инновациялық процесс» латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан «жаңарту, өзгерту» мағынасында, Инновация дегеніміз - білім беру мен тәрбиелеу жұмысын жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдер мен амалдарды қолдану болып табылады.
- «Интерактивті» (interaction) деген ұғым латын тілінен аударғанда - өзара байланыс деген сөзден шыққан, жеке дара тұлғаның өзіндік идеясын өзге адамдардың ой-тұжырымымен байланыстыру.
- SMART қамтамасыз етілген арнайы бағдарлама, ол бағдарламамен қолдан жазылған жазбаны, терілген жазба мәтінге айналдыруға немесе экран клавиатурасының көмегімен жазбаны қосуға, аудио-видеожазбалармен, мәтіндер мен объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
- SMART Board 600 тікелей проекциялы интерактивті тақта.
«Белгілеулер мен қысқартулар»
DVIT - Digital Vision Touch
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К. Д. Ушинский
I К І Р І С П Е
Елімізде қазіргі кезеңде білім берудің жаңа ұлттық жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жұмыстар іске асырылуда. Бұл оқыту теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі жаңашылдыққа байланысты болып отыр: білім беру парадигмасын өзгертіп, білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеріп, заман талабына сай қолдана білу.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі-конструкциялық технология арқылы оқыту әдісі. Конструкциялық технология нәтижесінде сабаққа қатысушылар тірек-сызбалар, көрнекілік, көмек-нұсқаулар арқылы ұжым болып бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді.
Жұмыстың мақсаты: Орта мектептің химия курсын оқытуда конструкциялық технологияны қолданып, оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
- Орта мектептің химия курсында «Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- конструкциялық технологияны пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- конструкциялық технологияны пайдалану арқылы мұғалімнің уақытын үдемдеу және химияны оқытуда тиімді пайдалану.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тапсырманың дұрыс және сапалы орындалуы оның мазмұнына тікелей байланысты болады. Сондықтан, ақыл-ойдың кезең-кезеңмен қалыптасу теориясына сүйене отырып әрбір тақырыпқа сәйкес, оқытудың психологиялық және педагогикалық талаптары мен дидактикалық принциптеріне сай тапсырмалар жүйесін жасау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы. Орта мектептің химия курсында «Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқытудың әдістемесі жасалды;
Зерттеу жұмысының мақсаты. химия пәнiн оқытуда оқушылардың химиялық білімдерін, ғылыми ұғымдарын, практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда әр түрлі әдіс-тәсілдердің мүмкiндiгiн айқындау. Оқушылардың Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі туралы ілімді игере отырып негізгі ұғымдарды қалыптастыруда озық әдістемелерді пайдаланудың тиiмдi жолдары мен әдiстерiн анықтау.
Зерттеу жұмысының әдiстерi - педагогикалық әдебиеттерге, ғылыми зерттеулерге, оқулықтар мен бағдарламалаларға, әдiстемелiк құралдарға шолу жасау; химия пәнiнiң оқыту үрдiсiн бақылау; оқушылардың химиялық бiлiмi мен бiлiгiн саралайтын диагностикалық сауалнамалар жүргiзу, алынған нәтижелердi қорытындылау, талдау жасау; педагогикалық эксперимент жүргiзу және оның нәтижесiн сандық және сапалық талдау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - жүйелі және нақты жасалған тапсырмаларды орындау оқушының белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін арттырады.
Зерттеудің маңыздылығы: жас ерекшеліктеріне сәйкес, педагогикалық, психологиялық және дидактикалық талаптарға сай оқыту әдістемесі оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытады.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кез-келген мемлекеттің негізгі даму тірегі бұл - білімді де білікті, іскер де, де белсенді адамдар болып табылады. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фирмалар, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады»[1] .
Қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді [2] .
Білім беру саласындағы мұғалімге біліктілігін үнемі арттыру қажет, ол өз кезегінде педагоаг маманның артта қалушылығын еңсерудің факторына айналады[3] .
Кез-келген салада өз ісінің мықтылары қашанда сұранысқа ие, сондықтан жас маманның толық игеруі қажет әдіс-тәсілдерді зерделеу, олардың тиімділерін оқу үдерісне енгізу, анықтау- заман талабы[4] .
Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы ақпараттық технологиялар мен білім беру үдерістерін жаппай ендіру болуы тиіс. Бұл кезеңде негізгі назарды оқытушыларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру қажеттігіне аударған жөн. Бұған қоса оқу бағдарламаларын олардың халықарарлық стандарттар мен осы заманғы әлемнің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қайта қарастыру керек.
Бәсекеге қабілеттілік мәселесі - бұл, ең алдымен, сапа мәселесі.
Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы егер оқушының өзі білімге ұмытылмаса, егер оқушының өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды. [5] .
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени - ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, творчествалық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді [6] .
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. б. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принцптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми - техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген [3] .
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан - дүниесінің байуына, саяси көзқарасының, творчествалық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой - өрісі кең, жан - дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез - келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. ¤йткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет [4] .
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баий түсуде. Атап айтқанда:
- Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл - ой дамытатын оқуға көшу;
- Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл - ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу [5] .
Кез - келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқанды дамуының екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның жаңа технологиясын игеру міндетіміз [6] .
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі - дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек» делінген. Танымал француз педагогы дұрыс атап көрсеткеніндей: "Оқыту, дегеніміз - екі есе оқу". Шын мәнінде, мұғалімдердің үздіксіз оқу және дайындалуынсыз жақсы нәтиже күтуге болмайды. Данышпан ұстаз Ыбырай Алтынсарин бұдан ғасырдан астам уақыт бұрын "Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық" деген екен. Бұл сөзді бүгін қайталаушы біздер жас бүлдіршіндерге: "мемлекет сендердің жақсы білім алуларыңа қолайлы жағдай туғызды, енді сіздер сол қамқорлыққа жақсы оқуларыңызбен жауап беріңіздер" демекпіз. ¤йткені білімділер ғана бар мақсатына жетеді [7] .
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні - Л. С. Выготскийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым - қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.
Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде.
Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым « ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі - қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер оқушыға өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді.
"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" - педагогикалық технолгияның бір саласы болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбегі. Бұл технологияны жүйеге келтірушілер: Джинни Стил, Курт Мередит, Чарлз Темпл.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- «Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқыту
Қазақстан Республикасыныңң “Білім туралы” заңыныңң 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасыныңң “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Тәуелсіздік алуымызға байланысты, өз ұлтымыздың кәсіби шебер, ұлттық мамандар даярлау ісі-өкіметіміздің алдындағы үлкен міндет. Сондықтан да соңғы жылдар білім реформасын жүргізу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр[33] .
Ұстаз міндеті - оқушыға кез келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету. «Сабақ - мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын. Пән мұғалімі оқулық көлемінде ғана шектелмей, тың жаңалықтарды қолдана білсе, сабақтың қызықты да тартымды болуы сөзсіз. Сабақта әр түрлі карточкалар, көрнекіліктерді тиімді пайдалану, газет-журнал жаңалықтарын, теледидар көріністерін дұрыс қолдану арқылы оқушыларға көп нәрсені үйретіп, талдай білуге тәрбиелей аламыз. Уақыт өткен сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Соның ішінде менің тоқталып кететінім «Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқыту». Конструкциялық технология арқылы сабақтарды өткізуді дәстүрге айналдыру қажет. Интерактивті тақта арқылы пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады. [34] .
Ұлы ойшыл Плутарих кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Әр педагог мектептегі моральдік-психологиялық ахуалға жауапты екенін түсіну керек, одан көбінесе алдында отырған жасөспірім қалай өсіп шығатыны байланысты. Бүгін ол- бала, ертең- біздің еліміздің азаматы.
Мұғалімнің қызметі ең қайырымды мамандықтардың бірі. Өзінің күнделікті көп еңбегінің арқасында адамгершілік негіздегі жеке тұлғаны қалыптастырады, оған біздің ертеңіміз тәуелді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта конструкциялық технологияларды, суреттерді, схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаландым. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды.
Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер байланыстырады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсаты-оқушыларға жаңа білім қабалдауға және игеруге белсенділендіру. оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «не білемін?», «не білгім келеді?», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. [35] .
Қазіргі кезде педагогика саласында тың үрдіс белең алып, сабақ жүргізу түрлері әр қилы болып өткізілуде. Соның бір түрі конструкциялық технология арқылы оқыту.
• конструкциялық технологияны пайдалана отырып, оқушыларға бағыт -
бағдар беру;
• адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі екенін
мойындау;
• барлық оқушыға тең мүмкіндік жасау;
• әлеуметтік - психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топтың даяр болуы;
• топпен жұмыс істей білу;
• оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға
талпындыру;
• белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін
ұйымдастыру.
Осы әдіспен өткізілген сабақтың үлгілері төмендегідей:.
«Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны және олардың электрондық құрылысы» тақырыбында өткізілді.
Тапсырма:
1. Оқушылар периодтық жүйедегі элементтердің орны, құрылысы туралы білімдерін жүйелейді, элементтердің жеке дара ерекшеліктерін анықтайды.
2. Ең негізін анықтап, талдау жасайды, топтастырады, салыстыруды үйренеді.
3. Табиғатқа деген сүіспеншіліктерін арттырады, бір - бірін сыйлауға
тәрбиеленеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.
Бағалау: Мәтінді талдау арқылы элементтер туралы білімдерін пайдаланып, кестедегі тор көздерді толтырады, топтастырады, Венн диаграммасын толтыру кезеңін жасайды. Топпен, жұппен жұмыс істегенде қолданған стратегиялар - ой қозғау, Венн диаграммасы, «СТО» стратегисы INSERT, химиялық лото ойыны т. б. әдістері қолданылады.
Сабақтың барысы .
I кезең . Ой қозғау.
Кесте 3 - «Кім тез, кім жылдам»
II кезең. INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ .
Бұл кезеңде оқушылар бейметалдар жайлы білгендерін өз беттерінше жеке-жеке толтырады. Берілген мәтінді түсініп, негізгі ойын жазады. Алғашқы қатарға бұрыннан білгендерін жазады, жаңа ақпаратқа өз түсінгендерін толтырады. «Білгім келеді» қатарын толтырғанда оқушылар бір-бірінен білмегендерін сұрайды, кейін ол қатарды мұғалімімен толықтырады.
Кесте 4- INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ
“Бұрыннан білемін ”
Мұнда оқушылар сабақта кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді келтіреді.
“Жаңа ақпарат”
Бұл жерде оқушылар осы сабақта жаңадан білгенін жазады.
“Менің ойлағаныма қайшы”
Мұнда оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы сабақта келтірілген мәліметтерді келтіреді.
“Білгім келеді”
Бұл бағанда оқушылар өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәліметтің тұстарын жазады.
- Парларын тап? Бос торкөздерге әрбір реакция теңдеуі дұрыс құрылатындай берілген карточкалардағы (үлестірме) химиялық қосылыстарды дұрыс орналастыру.
Жауаптары: CaC 2 N 2 CaCN 2 C
2NaCl 2H 2 O Cl 2 2NaOH H 2
SO 2 2C 2CO S
- Бос торкөздердегі сұрақ белгісінің орнына тиісті реактивтерді жазу. Бейметалдарды алу қасиеттеріне құрастырылған [36] .
III кезең . Рефлексия. Текшенің 2-қырына оттегі мен күкіртті жазылып, периодтық жүйенің үлгілесі ілініп, «салыстырыңдар» деген тапсырма ұсынылады. Бұл жерде Венн диаграммасы толтырылады.
Сурет 2 - Венн диаграммасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz